АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. 1. Салық Басқармасы және оның қызметі

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. Кіріспе
  11. КІРІСПЕ

Алматы 2014 жыл

Мазмұны

І. Кіріспе

1. Салық Басқармасы және оның қызметі

2.Салық Басқармасындағы қызметтердің ұйымдастырылуы және Құрылымы

3.Ұйымның жалпы әкімшілік жағдайы

4. Салық қызметкерлерінің міндеттері, қызметі және этикасы

 

ІІ. Негізгі бөлім

Алмалы ауданының Салық Басқармасы туралы тарихи мәлімет

Алмалы ауданының негізгі бөлімдері

1.Кеңсе бөлімі

2.«Заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы». Қызметкерлердің функционалдық міндеттері, атқаратын негізгі жұмыстары,бөлімі

3.«Жеке тұлғалардың ақпараттырын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі. Қызметкерлердің функционалдық міндеттері, атқаратын негізгі жұмыстары

4. Мәжбүрлі түрде өңдеп алу бөлімі. Қызметкерлердің функционалдық міндеттері, атқаратын негізгі жұмыстары

5.Акцизді әкімшілік ұйымдастыру бөлімі. Қызметкерлердің функционалдық міндеттері, атқаратын негізгі жұмыстары

6. Ақпараттық технологиялар бөлімі

7. Есеп және жиынтық талдау бөлімі

8. Жанама салықтар бөлімі

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

 

Мен, Нурпеисов Арнур Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық Басқармасында өндірістік іс тәжірибемді өткіздім. 20 қаңтар мен 17 сәуір аралығында өндірістік іс тәжірибемде көптеген жұмыстармен таныстым. Мен осы 3 ай аралығында өндірістік іс тәжірибе арқылы сүйікті мамандығымның жаңа белестеріне көтерілдім. Осы өндірістік іс тәжірибе арқылы мен өз жинаған білімімінді толыққанды ой пікір қалыптастыруға өз септігін тигізді.

Мені Алмалы ауданының Салық Басқармасының кадр бөлімінің бастығы мені ішкі тәртіп жүйесімен, құрылымы және мәртебесімен, салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерімен таныстырды.

Менің алғашқы барған бөлімім кеңсе. Ол бөлімде негізгі жасалатын жұмыстар келген хаттарды қабылдау тіркеу нөмірін беру,қала бойынша облыс бойынша хаттар жіберу,қайтып келген хаттарды әр бөлімдерге бөліп,тарату. Сонымен қатар Алмалы ауданынан басқа басқа аудандарға аударылатын хаттарды жіберу. Егерде салық төлеушілердің төлемдері қателікпен басқа төлемдердің орнына төленсе онда ол қайтадан тіркеліп төленеді. Келген хаттардың барлығы екі түрге бөлінеді,ол заңды және жеке тұлғалардың есеп қисабы. Осы хаттардың барлығына құжат айналымы бойынша кіріс номері,күні және мөрі қойылады.

Екінші барған бөлімім «Заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі. Бұл бөлімде мен көптеген жұмыстарды өзімнің жетекшіммен біріге жұмыс істей отырып таныстым. Ең бірінші күні салық төлеушілерге есеп – қисабы жайлы толық мәліметтерді ИНИС программасы арқылы шығарып бердім. Салық төлеушілердің яғни ЖШС, АО кәсіпкерлерінің жұмыстарын уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға қатысты жазылған өтініштерін қабылдап тіркедім. Тағы сол сияқты салық төлеушілерге толық қарызы жоқ екендігін дәлелдейтін анықтамаларды қарастыруды үйрендім. 2009 жылдың төртінші кварталға байланысты салық төлеушілердің толық есеп – қисаптарын қабылдап, оған кіріс тіркеу нөмері және мөр қойып, тіркеу журналына енгізуге көмектестім. Салық төлеушілер өздерінің есеп- қисаптарын әр түрлі жолдармен жіберуге мүмкіндіктері бар: интернет арқылы, почта жүйесі арқылы, СГДС(Система Гарантированного Доставка Сообщение), қағаз бланкісінде тапсыра алады. Есеп – қисап түрлері әр түрлі формаларға: 200.00, 210.00, 300.00, 870.00, 910.00 болып бөлінеді, әр форманың қосымшасы болады. Салық төлеушілердің уақытын үнемдеу үшін арнайы программа СОНО программасы бар. Осы программамен қалай жұмыс істеу керектігін үйрендім.

Келесі барған бөлімім «Жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі. Бұл бөлім негізінен арнаулы салық режимімен жұмыс істейді. Яғни, бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлер, патент негізінде қызмет атқаратын кәсіпкерлер және оңайлатылған декларация негізінде қызмет атқаратын кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысып, әр түрлі қызметтер атқаруға көмектестім. Мен осы бөлімде жүрген уақытта жеке кәсіпкер болып мемлекеттік тіркелуден бастап, мемлекеттік тіркеуден шығу арасындағы процестермен жеке таныса отырып, өзімде ат салыстым. Жеке кәсіпкерлердің жұмыстарын тоқтату және уақытша тоқтату немесе қайта бастауға арналған өтініштерімен таныстым. Жеке кәсіпкерлердің өткізген есеп – қисаптарын мұрағатқа барып жеке – жеке мұқабаларға тіктім.

Келесі барған бөлімім «Акцизді әкімшілік ұйымдастыру» бөлімі. Бұл бөлімде жүргенде көптеген қызықты жұмыстармен қызмет еттім.

Бұл бөлімнің ең көп атқаратын қызметі ол жанар - жағармай, мазут, дизильді топливадан салық алу болып табылады. Осындай өнімдермен айналысатын ұйымдарға хронометраждық, рейдтік тексеріс, камералдық бақылау жүргізіп, нәтижесін шығарып,анализ жасадым. Олардың табыс ететін декларацияларын қабылдап, тіркедім.

Келесі бөлімім «Ақпараттық технологиялық» бөлім. Бұл бөлімде негізгі атқаратын жұмыстар салық төлеушілердің жеке кілттері арқылы салық есеп – қисаптарын енгізуге көмектесу. Бұл бөлімде салық төлеушілер өздері ЭФНО, СОНО, НДС программалары арқылы жұмыс істей алады.

Сондай-ақ келесі бөлім «Заңды тұлғалардың аудит бөлімі» егер де кәсіпорындар тексерілетін құжаттарды толығымен ұсынбаса, тексеруге қарсы болған жағдайда қаржы полициясына хабарлайды. Бөлімге негізгі топтар бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктелген: шаруашылық субъектілердің камералды тексерулерін жүзеге асырады; 2- формасындағы есептілікке қажетті мәліметтерді талдау. әкімшілік жазаға тартылатын салық төлеушілердің хаттамаларын құқықтық бөлімге беру; акт-сверкалар бойынша жеке есеп айырысу шоттарындағы төленбеген салықтардың толық төленуін тексеру; құқық бөліміне заңға қайшы келген құжаттарды беру болып табылады.

Тағы бір айта кететін бөлімнің бірі – «Есеп және жинақтық талдау бөлімі». Негізінен бөлім бюджетке түсетін түсімдердің есебін жүргізеді.Төлемдер есебі бойынша функционалдық міндеттерін төменде келтіреміз: бюджетке қаржының түсуінің есебі; салық төлеушілердің жеке шоттарының уақытысында ашылуы және толығымен жүргізілуі; басшылықты қажетті ақпарататтармен қамтамасыз ету; салық төлемдерінің түсуі жайлы 1-Н есеп беруін және 1-Н төленбеген салық жайлы есеп берулерді жедел жасау; айналым қоры 500000 мың теңгеден жоғары қоры бар кәсіпорындардың есептіліктерін қабылдайды.

 

Ен соңғы бөлімім «салықтар бөлімі» Негізгі міндеттері ол салық комитеттінің ұсынылған декларациялардың, есептеулердің дұрыстығын, салықтың дұрыс есептелуін жеке және заңды тұлғаларға салынатын жанама салықтардың уақытысында төленуін қадағалайды. Жанама салықтар бөліміне келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:

-қосылған құнға салық және акциз бойынша қабылданған декларацияларды жинақтап, тіркелген салық төлеушілерді тексеру;

-тұрақты дебет сальдосы бар кәсіпорындардың жай-күйін бақылау;

-жабдықтаушылардың есеп-фактураларын электронды мәліметтер базасын қолдана отырып тексеру;

-акциз бойынша тематикалық тексерулерді жүзеге асыру;

-рейд тексерулерін жүзеге асыру;

-көлік жанармай құю станцияларын хронометражды тексеруін ұйымдастыру;

-№558 шешімге сәйкес кедендік құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қосымша құн салығының төленбеуін бақылау болып табылады.

 

САЛЬІҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЬІ ЖӘНЕ МӘРТЕБЕСІ.

Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Салық Басқармасынан және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен турады. Салық қызметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқармасының салық полициясы басқармасынан, облыстардағы, Алматы және Байқоңыр қалаларындағы салық полицияларынан тұратын салық полициясы органы жұмыс істейді. Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық басқарманың төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті,ал оның орынбасарлары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды.

Облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық комитеті басқармасы және бөлімдері бастығын және мемлекеттік салық комитетінің басқарма бастықтарын Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы тағайындайды,

Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органдары орталык, және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақиарат алмасады Мемлекеттік өкімет органдар Қазақстан Республикасьшың салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөшндегі

 

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

— салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;

— заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

— салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:

1) салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төленуіне бақылау жасау;

2) салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін уақтылы алу;

3) салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;

4) салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сөйкес шаралар қолдану;

5) салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салык, полициясының бөлімшелерімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;

б) мәліметтер құпиясын сақтау.

Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын, декларция мен бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;

2) ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктеме алуға;

3) салық полициясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;

4} өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе турған жеріне қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланылатын кез келген өндірістік, қойма, сауда, және басқа да үй-жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;

5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;

6) салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде, салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданың бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге;

8) қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындаш ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға.

Алмалы аудандық салық басқармасының барлық бөлімдері өз жұмыстарын Президентінің Заңдық күші бар “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер” жарлығы бойынша қызмет атқарады. Барлық бөлімдер қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық күші бар жарлықтарды, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімдерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министірлігінің басқа да нормативті актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.

Аудандық салық төлеушілер бөлімі. Салық төлеушілерге кеңес береді (декларацияны толтыру, тіркеу формалары және т.б.) декларацияларды қабылдайды, жобаланатын табыс туралы анықтамаларды және есеп айырысуларды жүзеге асырады. Визуалды бақылауды (барлық граффалардың дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың, мөрдің және т.б) бірінші математикалық логикалық,яғни айқын қателерді тексереді мысалы: салықтың табыстан көп болуы сияқты қателерді тексереді және дұрыс толтырылған құжаттарды ақпараттық жабдықтау бөліміне береді.

Ақпараттық жабдықтау бөлімі. Ақпараттық жабдықтау бөлімін бөлім бастығы басқарады, ол жұмысты ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттерді және сол бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін белгілейді. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:

• Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

• ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ орнату;

- Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесімен сонымен қатар ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ көмекші ақпартаттық жүйелерімен жұмыс жасауға үйрету;

• Аудандық әкімшіліктендіру деңгейінде ақпараттық жүйелер туралы арнайы анықтамалық оқулықтар беруді ұйымдастыру, бақылау қажет;

• Салық комитетінің техникалық және ақпараттық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау;

• Ағымдағы есептердің орындалуын: сальдоны есептеу, өсімдердің өсуін, қажетті ақпараттарды құруға, көмекші программалардың файлдарын жүктеуге міндетті;

• Қазақстан республикасының Кіріс министрлігінің тапсырмасы бойынша тапсырылатын бір рет орындалатын ақпараттардың уақытысында орындалуын қамтамасыз ету;

• Техникалық оқуларды өткізу;

• Бюджетке уақытысында төленбеген 1-ші есеп беру бойынша айлық есеп берудің орындалуын қамтамасыз ету;

• Бюджетке төленетін міндетті төлемдердің соммасы жайлы есеп беру кәсіпорынның түріне байланысты, жеке тұлғалардың экономикалық іс-әрекетіне байланысты дайындалады;

• “Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасысының ережесін” және “Жемқорлықпен күрес” жайлы Қазақстан Республикасының заңының орындауға міндетті.

Аудандық салық комитеттердің қолданатын программасы, ол Қазақстан Республикасының интерленген салық ақпараттық жүйесі(ИСАЖ). Ол Қазақстан Республикасының салық органдары мен салық төлеушілері арасында қолданатын біріккен ақпараттық ортасы. Қазақстан Республикасының ИСАЖ жүйесінің негізінен ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігімен, Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін байланыстыру ортасы болып табылады. ИСАЖ ең бірінші тапсырушысы Қазақстан Республикасының Кіріс Министрлігінің салық комитеті болған, ал бұл программаны өңдеген Қарағанды қаласындағы «фирма Плюс микро» Жеке шаруашылық серіктестігі болған. Тапсырушының негізгі мақсаты ол: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін арттыру және салық комитеті қызметкерлерінің жұмыс орындарын автоматтандыру. ИСАЖ негізгі басылымдылықтары болып мыналар табылады: салық төлеушілердің мемелекеттік реестрлерін бір орталықтан жүргізу, яғни салық төлеушілерді тіркеу, есептен шығару, салық төлеушілер жайлы қосымша мәліметтер енгізу, автоматты түрде жеке есеп айырысу шоттарын ашу. ИСАЖ бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: салық төлеушілерді тіркеу қажетті құжаттарды қабылдау, алынған мәліметтерді сақтау, салық төлеушілерге регистрациялық нөмір беру және тіркелгені жайлы растау құжатын береді.Аудандық деңгейде тіркелу жайлы өтініш қабылданып республикалық деңгейге жіберіледі, республикалық деңгейде жеке шоттарды жүргізу декларациялардың өңделуін штрафтардың есептелуін, салық төлеушілердің артық төлеген төлемдерін қайтарады. Салық төлеушілердің жеке шоттары туралы мәліметтер Астана, Алматы қалаларында облыстық деңгейдегі мәліметтер, мәліметтерді тіркеудің соңғы қорытындылары жүзеге асады, содан кейін салық төлеушілерге регистрациялық нөмер(РНН) беріліп мәліметтер базасында сақталады.Салықтық әкімшілік етудің негізгі есебі ол: салық операцияларын жоспарлау, орындалуын бақылау, генерациялау болып табылады. Негізгі атқаратын функциясы құжаттар айналысын автоматтандыру, тексеру қорытындыларын өңдеу, хабарламалар генерациясын автоматтандыру.

 

Құқытық жабдықтау бөлімі. Аудандық салық комитетінің экономикалық-бақылау жоспарын жасауға қатысады және оның кезекпен орындалуын қамтамасыз етеді;

• белгіленген заңдарға сәйкес аудандық салық комитетінің құқық қорғау және басқа мемлекеттік мекемелерде ұсыну міндеті жүктеледі;

• аудандық салық комитетінің талап ету жұмыстарын ұйымдастыруға жүргізуін міндетті;

• салық төлеушілермен салық комитетінің арасында болатын түсінбеушіліктерде шешімдерін табуға міндетті;

• мемлекет мұра ретінде берген мүліктерді бағалауға, сақтауға, есеп беруді жүзеге асырады;

• аудандық салық комитетінің басқа бөлімдерін қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі орындаулуын бақылайды, басқа мекемелерге жіберілетін түсініктеме түріндегі хаттардың, шешімдердің дұрыстығын тексереді.

 

Іс-құжаттардың айналысы және кадрлар жұмысын ұйымдастыру. Бұл бөлім өз жұмысын басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, басқа бөлімдерге жүктелетін функционалдық міндеттерді қызметкерлерінің қызметтерін белгілейді.

Бөлімге ұйымдастыру жұмыстары бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:

- Тоқсандық, жылдық жоспарлардың өнделуін және экономикалық-бақылау жұмыстарының өз уақытысында орындалуын бақылау;

• Салық комитетінің жұмыстарын жақсарту- әр бөлім бойынша олардың функционалдық міндеттер шеңберін анықтау;

• Аудандық салық комитетінің басқармасына салық комитетінің жұмысын жақсарту жайлы ұсыныстар жасау.

• Басқарманың ағымдағы және қорытынды ақпараттарды уақытысында алуын бақылау;

• Жоғарғы органдардың сұранымдарына уақытылы жауап қайтарылуын бақылау;

• Қалалық салық комитетінің жоспарлы кеңестерінің хаттамаларын құрастыру;

• Салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіретін семинарлар,кеңестер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;

Кадрлар жұмысы бойынша:

• Барлық қызметкерлердің дербес ісін жүргізуге, яғни дербес кітапшаларын толтырады;

• Жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кезекті демалыс және т.б бұйрықтар шығарады;

• Комиссиялар кеңесін өткізуді ұйымдастыру мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясын өткізу;

• Қызметкерлердің істеген жылына байланысты еңбек стажын белгілеу;

• Қызметкерлер бойынша статистикалық есеп беруді дайындау;

Архив жұмыстары бойынша:

• Салық төлеушілердің құқытық істері жөніндегі құжаттардың уақытылы жиналуына;

• Салық төлеушілердің сұранысы бойынша басқа аудандық салық комитетіне ауысуына байланысты қосымша құжаттарды тағайындау;

Іс-қағаздары бойынша:

- бөлім басқармаларына хаттардың уақытысында тапсырылуын орындау.

Өндіріп алу бөлімі. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:

- салық төлеушілердің бюджетке берешек қарыздары және қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерін талдау;

• салық төлеушілердің және оның дебиторларының есеп айырысу шотына уақытылы төлемдердің түсуін бақылау;

• салық төлеушілердің дебиторлары жайлы мәліметтердің жүйелі болуы, сонымен қатар жазбаша түрдегі хабардың жеткізілуін қамтамасыз ету;

• кәсіпорындар иелігіндегі мүліктердің тізімін ұйымдастыру;

• аукционға қатысқан мүліктің табысының бюджетке түсуін қадағалау;

• бюджетке қарызы бар салық төлеушілердің ақшаларының өздерінің банктегі есеп шотарына түсуін бақылау;

• 2-Н формасын жасауға қатысу, мәліметтер ұсыну

• ГАИ, қалалық жер комитеті, БТИ басқа да мекемелерімен бірлесе отырып жұмыс жасау;

• қарыздары бар кәсіпорындарды заң бойынша жауапқа тарту үшін қажетті құжаттарды жинап құқықтық бөлімге беру;

• өз уақытысында салық есептілігін тапсырмағаны үшін жеке есеп айырысу шоттарын жабу;

• салық төлеушілердің мезгілінде төленбеген салықтары туралы жазбаша хат хабар беру.

 

Жанама салықтар бөлімі. Негізгі міндеттері ол салық комитеттінің ұсынылған декларациялардың, есептеулердің дұрыстығын, салықтың дұрыс есептелуін жеке және заңды тұлғаларға салынатын жанама салықтардың уақытысында төленуін қадағалайды. Жанама салықтар бөліміне келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:

-қосылған құнға салық және акциз бойынша қабылданған декларацияларды жинақтап, тіркелген салық төлеушілерді тексеру;

-тұрақты дебет сальдосы бар кәсіпорындардың жай-күйін бақылау;

-жабдықтаушылардың есеп-фактураларын электронды мәліметтер базасын қолдана отырып тексеру;

-акциз бойынша тематикалық тексерулерді жүзеге асыру;

-рейд тексерулерін жүзеге асыру;

-көлік жанармай құю станцияларын хронометражды тексеруін ұйымдастыру;

-№558 шешімге сәйкес кедендік құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қосымша құн салығының төленбеуін бақылау

 

Заңды тұлғалардың аудит бөлімі. Егер де кәсіпорындар тексерілетін құжаттарды толығымен ұсынбаса, тексеруге қарсы болған жағдайда қаржы полициясына хабарлайды. Бөлімге негізгі топтар бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктелген:

-шаруашылық субъектілердің камералды тексерулерін жүзеге асырады;

-2-Н формасындағы есептілікке қажетті мәліметтерді талдау.

-әкімшілік жазаға тартылатын салық төлеушілердің хаттамаларын құқықтық бөлімге беру;

-акт-сверкалар бойынша жеке есеп айырысу шоттарындағы төленбеген салықтардың толық төленуін тексеру;

-құқық бөліміне заңға қайшы келген құжаттарды беру;

-Салық Кодексіне сәйкес келмейтін инспекторлардың іс-әрекеттері жайлы заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап оны тексеру;

Техникалқ тексеруді қамтамасыз ету тобы бойынша орындалатын іс-әрекеттер:

• бұрын болған тексерулер жайлы мәліметтер ұсыну;

• жеңілдіктер берілген кәсіпорындар жайлы мәліметтер ұсыну;

• тексерілетін кәсіпорынның активі,банктегі есеп айырысу шоты, сауда нүктелері жайлы ақпарат дайындау;

• Алматы қаласының кедендік басқармасына, қалалық жер ресурстар комитетіне, жылжымайтын мүлікті бағалау басқармасына және де басқа да мекемелерде лицезияларының бар болуы жайлы сұраныс жіберу;

• Кәсіпорындардың кассалық аппаратары бар ма? бар болса, салық комитетінде тіркелген бе? тіркелсе оның тұрақты есеп беруін және кассалық тәртібін тексереді.

 

Есеп және жинақтық талдау бөлімі. Негізінен бөлім бюджетке түсетін түсімдердің есебін жүргізеді.Төлемдер есебі бойынша функционалдық міндеттерін төменде келтіреміз:

• бюджетке қаржының түсуінің есебі;

• салық төлеушілердің жеке шоттарының

уақытысында ашылуы және толығымен жүргізілуі;

• басшылықты қажетті ақпарататтармен қамтамасыз ету;

• салық төлемдерінің түсуі жайлы 1-Н есеп беруін және 1-Н төленбеген салық жайлы есеп берулерді жедел жасау;

• бюджетке түсетін түсімдердің уақытылы және толықымен түсуін бақылау;

• түбіртектердегі(квитанция) мәндерді мәліметтер базасына енгізу және дұрыс емес төлемдермен жұмыс жасау;

• салықты есептеу үшін жаңа мөлшерлемені есептеу;

• “Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы” Салық кодексінің 39-бабына сәйкес салық төлеушілердің мерзімінде төлемеген төлемдері үшін заң бойынша жауапқа тартылатын салық төлеушілердің тізімін қүқықтық бөлімге тапсыру;

Жинақтық талдау бойынша орындалатын міндеттер:

• Кәсіпорындардың жай-күйі туралы айқын, мерзімінде ақпарат ұсыну;

• ірі кәсіпорындардың салық және басқа да міндетті төлемдерінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету;

• Алматы қаласы бойынша салық комитетінің №218 бұйрығы бойынша жобалық көрсеткіштердің айлық талдаудың орындалуын қамтамасыз ету;

• барлық салық бойынша айлық түсімдердің динамикасын жасау;

• барлық салықтардың болжамының орындалуын факторлық талдауды жүзеге асырады;

• бекітілген салықтар бойынша жобалық көрсеткіштерді талдап ұсыну;

• айналым қоры 500000 мың теңгеден жоғары қоры бар кәсіпорындардың есептіліктерін қабылдайды.

 

Жеке тұлғалардың аудит бөлімі. Жеке тұлғалардың салық комитетіне ұсынған декларациялардың айқындығын тексереді, 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, шетел азаматтары болса немесе шетелде табыс тапқан жеке тұлғалардың салық төлемдерінің дұрыс есептелуін қадағалайды. Сонымен қатар жеке тұлғаларға салынатын салықтардың мезгілінде бюджетке түсіп отыруын қамтамасыз ету. Инспекторлар өздеріне белгіленген аумағы бойынша салық жинауды жүзеге асырады.

Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім. Негізгі атқаратын қызметтері заңды тұлғалардың есептіліктерін қабылдау, арнайы салық режимі бойынша тіркеу карточкаларын беру, қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған салық төлеушілерді есепке алу немесе есептен шығарып тастау, белгіленген мерзім бойынша қағаз түрінде, почта арқылы салық есептілігін қабылдау, әр салық есептілігін мәліметтер базасында тіркеу екі рет тіркеу нөмерінің берілмеуін жібермеу.Тоқсандық есептілік бойынша салық төлеушілердің жеке есеп айырысу шоттарын түгендеу белгіленген мерзімі бойынша есептілік тапсырмаған кәсіпорындардың есеп айырысу шоттарын жабу және бұндай мәліметтерді өндіріп алу бөліміне береді. Заңды тұлғалар бөлімі басқа бөлімдер сияқты өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша жүзеге асырады.

 

Жеке кәсіпкерлердің салықтық есеп-қисаптарын қабылдау және өңдеу

бөлімі қызметкерлерінің қызметтік міндеттері

 

Бөлім жұмысы Қазакстан Республикасының «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша» Кодекспен, Қаржы министірлігі салық департаментінің нормативтік актілерімен, салықтық есеп-қисапты өңдеу бөлімі жұмысының жағдайымен басқарылады.

Бөлім бастығы міндеттері

• Бөлім жұмысын жалпы басқару, ұйымдастыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

• Салық басқармасы Төрағасының хаттамалық тапсырмаларын, Салық басқарма Төрағасының орынбасарларының тапсырмаларын уақтылы және лайықты орындалуын қамтамасыз ету;

• Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;

• Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;

• Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;

• Салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын жүргізу;

• Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға қатысу;

• Басқарма басшылығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да құжаттарды дайындау;

• Бөлім қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына және қызметтік тәртіпті сақтауына бақылау;

• Бөлімнің Жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды лайықты және дер кезінде орындауына ұдайы бақылау;

• Бөлім қызметкерлерін дайындау және кәсіби деңгейін арттыру;

• Мемлекеттік қызметтер көрсету;

• Алмастыратын инспектор-бас салық инспектор

 

Бас маман-бас салық инспекторының міндеттері

• Бөлім бастығының тапсырмаларын уақтылы және тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету;

• Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;

• Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;

• Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;

• Мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің салған сұрауына жауап беру;

• Мемлекеттік органдар және салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын жүргізу;

• Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға қатысу;

• Бөлім бастығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да құжаттарды дайындау;

• Бюджет түсімінің болжамының орындалуы туралы апта сайынғы есептілікті құрастыру;

• Камералдық бақылау, ЖК әңгімелесу және консультация беру;

• Дербес есепшоттарды жүргізуге бақылау жүргізу;

• 911.00 формалы өтініштерді қабылдау мен өңдеу және патенттерді беру;

• Салық есептілігі формаларын қабылдау, тіркеу және енгізу. Қабылданған және ҚСЕ-ке енгізілген саны бойынша мәліметтерді ұсыну;

• Табыстары туралы анықтамаларды беру;

• Салық басқарманың басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

• Болжаулы деректердің орындалуы туралы мерзімді есептілікті құрастыру;

• Бөлім бастығы болмаған кезде оның міндеттерін атқару;

• Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және құқық бұзушылық табылған сәттен бастап заңнамада белгіленген мерзімде іс бойынша барлық материалдармен қоса қаулыны ресімдеу үшін заң бөліміне жіберу.

• Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау және 103101 БЖК орындалуы бойынша талдау жасау;

• Мемлекеттік қызметтер көрсету;

• Алмастыратын инспектор- бас салық инспектор

Салық Комитетінің сипаттамасы

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып, соның негізінде жұмыс ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық инспекциясының да өзіне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда, ережелерде аталмыш ұйымның қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.

Әрбір салық комитетінің басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:

• Талдау және болжау бөлімі.

• Төлемдерді есепке алу.

• Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:

• Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.

• Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және қалалық, аудандық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.

• Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.

Басқарма болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқу динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады. Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады. Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.

1-кесте Қазақстан Республикасының мемлекетінің бюджетінің құрылымы

  1995 ж 1996 ж 1997 ж 1998 ж 1999 ж 2000 ж 2001 ж ІІ жарты-на дейін
Салықтан түсім              
Соның ішінде заңды тұлғалар дың табысына              
Қосылған құн салығынан              
Акциз              
Жеке тұлғалардың табысынан              
Мүлік салығы              
Жер салығы              
Әлеуметтік салық - - - -      
Салықтан басқа да түсімдер     - - - - - -

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ

Тарихи мәліметтер

 

Қазақ КСР Қаржы Министрлігінің №112 қаулысы бойынша 16 наурыздын 1990 жылдарында “Қалалылық Мемлекеттік Салық Инспекциясы” құрылды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің басты мемлекеттік инспекциясы негізінде жұмыс жасады. 1991 жылы қаңтардың 9-да КазақКСР-дың министрлігінің №520 қаулысы бойынша Салық Инспекциясы Қаржы Министрлігінің құрамынан шығып тәуелсіздік мемлекеттік басқару органы мәртебесіне ие болды. Ал 1992 жылдың 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің №963 жарғысы бойынша және осы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №59 бұйрығымен бас Салық Инспекциясы 1992 жылы қарашаның 11-де Қаржы Министрлігінің №151 бұйрығы бойынша қайтадан Қаржы Министрлігінің құрлымыны енді. 1996 жылы 27 қаңтардан бастап 12 желтоқсан аралығында Алматы қаласының Мемлекеттік Салық Инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Басты Мемлекеттік Салық Инспекция атауына өзгертілді. Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы Алмалы ауданының салық инспекциясы 12 желтоқсан 1996 жылдан 1997 жылдың 18 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Салық комитеті және 18 желтоқсан 1997 жылдан бастап 12 қазан 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі негізінде “Алматы қаласының салық басқармасының мемлекеттік мекемесі” болып табылады. 1998 жылыдн 12 қазанынан келесі жылдың 24 наурыз 2000 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер министрлігнің Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті болып табылады. Ал 27 наурыздын 2000 жылынан бастап қайтадан Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті болып табылады. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық комитеті 1 шілде де 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Алматы қаласы Алмалы ауданының Салық департаментіне өзгертіледі. Тарихи мәліметтер мен кіріспе тізімдемелері 1990-2003 ж.ж. №1 бойынша Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынып жасалынған.

Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық құжаты бойынша статистикалық мәліметтер мен 2011, 2012, 2013 ж. бюджетке түскен жылдық есеп берулер

 

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011 ж. 2012 ж.
  АУДАННЫҢ АУМАҒЫ шаршы км    
  ТҰРҒЫНДАР САНЫ, соның ішінде: а) экономикалы белсенді тұрғындар б) экономикалы белсенді еместер     мың адам   мың адам   167,3 85,5   44,7   168,6 88,6   34,5
  НЕГІЗГІ КАПИТАЛДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ млн. теңге 25688,8 28765,6

 

ӨНЕРКӘСІП

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011 ж. 2012ж.
  Бар өнеркәсіптегі өнеркәсіп өнімінің көлемі, соның ішінде млн. теңге 46441,1 76030,2
  50 адамнан көп адам саны бар кәсіпорындар бойынша млн. теңге 30171,0 50996,5
  Барлық өнеркәсіп бойынша көлем индексі сонымен қоса 50-ден аса адамымен бірге %   % 121,5   118,7 130,2   128,8

 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011 ж. 2012 ж.
  Салық комитетінің мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің барлық субъектісі, қызмет ететіні қатысушы адамдар саны     бір.   бір. адам            
  Бюджетке түсетіні млрд. теңге 10,2 14,0
  Салықтардан түсетін үлес салмағы %    

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕКЕМЕНШІК

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011 ж. 2012 ж.
  Мемлекет жекеменшігіндегі нысандар саны, соның ішінде: а) коммуналды жекеменшік б) республикалық жекеменшік бір.     бір. бір.        
  БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ САНЫ бір.    

 

ИЕЛІК ЕТУШІ НЫСАНДАР

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011ж. 2012 ж.
  Иелік етуші нысандар саны, сонын ішінде заңды тұлға ұйымының пішінінде: - МК, соның ішінде қазыналық: - АҚ - Шаруашылық серіктестігі - БК бір.     бір. бір. бір. бір. бір.        

 

БЮДЖЕТ

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011 ж. 2012 ж.
  Мемлекеттік қазынаға жиналғаны – барлығы, соның ішінде: - жергілікті - республикалық млн. теңге     млн. теңге млн. теңге        
  Болжамның орындалғаны % 113,6 111,7
  Бюджетке салымдар бойынша түспегені (01 қаңтарға) млн. теңге 305,5 279,2
  Барлық шығын млн. теңге 2081,8 3285,4

 

ӨЗАРА ЕСЕП

№ р/с Көрсеткіштер атауы өлшем бірліктері 2011 ж. 2012 ж.
  Дебиторлық қарыз соның ішінде мерзімі өткені млрд. теңге млрд. теңге 89,2 0,5 135,6 2,2
  Міндетті қарыздар соның ішінде мерзімі өткені млрд. теңге млрд. теңге 194,6 1,9 265,1 0,9
  Жалақы қарызы соның ішінде мерзімі өткені млн. теңге млн. теңге   66,0

 

 

Акциздерді Әкімшіліктендіру бөлімі

Бөлімнің негізгі мақсаты. Уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Салық басқармасына ұсынылған декларациялар мен есептеулердің нақтылығын деректі (тақырыптық), дұрыс саналынғанын, толықтылығын дер кезінде төленгенін және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің акцизін тексерулерді жүзеге асыру. Салық төлеуші жасаған операцияда салықтық есептікте дұрыс көрсетілуі туралы салықтық тексеру кезінде аталған тұлғаларға байланысты қосымша акпарат алу қажеттілігі туындаса үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру жүргізу. Басқа салық басқармасының сұрауы бойынша карсы тексерулер жүргізу. Акциз төлеушілерге қатысты карсы тексерулер жүргізу. Түскен арыздар мен шағымдар және көрсетулер бойынша жанама салық саласында салық заңнамасын орындау мәселелері бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді зерттеу және тексеру. Бөлім қызметкерлері салық төлеушілердің құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғауға міндетті.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік міндеттері

Штаттық кестеге сәйкес бөлім қызметкерлерінің саны - 9 адам:

• бөлім бастығы-1

• бас салық инспекторы-5

• жетекші салық инспекторы-1

Бөлім қызметкерлері Министрліктің салық органдарының лауазымды тұлғалары болып табылады, Кодексте көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттер оларға қатысты.

Бөлім өз жұмысын басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып ағымдағы және перспективтік жоспар негізінде ұйымдастырады.

Бөлім қызметкері Комитетке, Министрлікке және Әкім аппаратына ұсыну үшін баяндамалар, анықтамалар және ақпарат әзірлеуге атсалысады;

Салық заңнамасын және есептік түрлерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге атсалысады;

Кодекске сәйкес, салық төлеушілерді тексеру кезінде іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық белгілері анықталған заң бұзу фактілері бойынша материалдарын қаржы полиция органдарына жолдау;

Бөлім құзыры шеңберіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат-хабар алмасу;

Оларға берілген құқық шеңберінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес құзырын жүргізу, қызметтік және орындау тәртібін сақтау, заңнамамен белгіленген құпияны сақтау, сонымен қатар Кодесте және «мелекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңында белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Бөлімді Басқарма төрағасы тағайындаған бөлім бастығы жетекшілік етеді, жұмыстан босататын да ол. Басқа бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және орнынан алу туралы шешімдерді бөлім бастығы ұсынады. Бөлім бастығы лауазымына жоғары экономикалық білімі бар және мамандығы бойынша практикалық тәжірибесі бар тұлға тағайындалады. Бөлім бастығы жоқ кезде (іс сапар, демалыс, ауырып қалғанда) оның міндеттерін Басқарма бастығы тағайындаған бөлім қызметкері атқарады. Бөлім бастығы тікелей бөлім бастығының құзырына ғана жататын құқықтардан басқа кейбір құқықтарды қол астындағы лауазымды тұлғаларға жұктеуге құқылы.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.053 сек.)