АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Х І V т а р а у

 

«Толқын перісі» жиекке сұғына кірген кең бір қолтыққа жақындай берді. О жақтан толассыз гуіл естіледі. Гез, Бутлер мен Синкрайт кеме бортында тұр. Команда бір діңгектен екінші діңгекке ауысып, фал мен брасты тартып жатты.

Жағалаудың көз жетер жерінің бәрі фабрика трубаларынан көрінбейді, аспанды қара түтін торлап тастапты. Тұнжыраған үйлер мен акведуктер, көпірлер мен крандар, цистерналар мен қоймалар теміржолдардың ара-арасына тығылысып әзер сыйып тұр, сырттан қарағанда со бір садақша иілген жиек әшекей-суреттің нобайын еске түсіреді, осының бәрі көмір тозаңы мен ыстан қарайып кетіпті; солқылдата соғылған темір даусы жан-жақтан жамырай естіліп жатыр; бұл балғалардың гүрсілі, шағын балғалардың тықылы, аралардың миды шағар шыңылы, арбалардың шақылдап сықырлауы – осының бәрін дыбыс-дыбысқа бөлмей-жіктемей тыңдасаң сұмдық бір айқай сияқты болып естіледі. Металдардың қым-қуыт шуы арасынан жүздеген әр алуан трубалар дүрсілдеп, ысылдап-пысылдап, сасық буды будақтата лақтырып жатыр. Қоймалар мен сыртқы көрінісі азаптау аспаптарынан айнымайтын (өйткені Эйфель мұнарасы сияқты осы бір зіңгіттердің ілмектері мен шынжырлары қисапсыз көп еді) қондырғылар қаптаған жағажай маңынан бұрқыратып көмір түсіріп жатқан баржалар мен пароходтар көрінеді.

«Толқын перісі» зәкір тастады. Желкендер жығылып, көрінбей кетті. Бутлермен бір кездесіп қалғанда мен одан

«Дагонда ұзақ тұрамыз ба?» деп сұрадым. «Көп ұзамай жүкті тиеуі керек», – деді ол, расында да, жарты сағаттан


 

 

 


 

 

кейін бір буксир төрт бұрышты ауыр баркасты сүйреп әкелді де, оның трюмінен жүкшілер берік ағаш жәшіктерді траппен әкеп біздің кемеге тией бастады. «Толқын перісінің» тап- таза палубасын кір мен шаң басты. Мен өз каютама кіріп, көпке дейін бір сарынды: жалаң аяқтардың дүрсілін, текшеге лақтырған жәшіктің тарсылын, қарлыққан дауыстарды тыңдап отыра бердім. Бұл екі сағатқа созылды. Ақырында, абыр- сабыр басылып, тыныштық орнады. Иллюминатордан жұмысшылардың баркасқа отырғанын, сосын оны буксирдің портқа сүйреп әкеткенін көрдім.

Көп ұзамай кеменің менің каютам орналасқан жағынан трап түсірілді, жалдамалы қайықшы ескен бір қайық трапқа кеп жанаса берді. Қайық иллюминатордың тап түбінен өтті, мен ондағы жолаушыларды үстірт бір шолып шықтым. Бұл үш әйел еді: оның біріншісі, ернін жымқырып, көзін сығырайта қысып алған арық жирен де, екіншісі, кекірейіп қалған кесек денелі ақ сары әйел еді; ал, үшіншісі, мойыл қара шашты, аппақ шөлмектей, шайпау мінезді, ебедейсіз әйел сияқты болып көрінді. Олар қолдарын сермеп орындарынан тұрды да, жоғарыға қарап, бірдеңе деп дуылдаса сәлемдесіп жатты. Иықтарына шілтер шарқат орай салыпты. Белгілі бір жерлерде жұрт назарын аударуға қолданылатын әдіспен шаштарын қобыратып, қоқырайта тарапты; бет-аузын опа-далаптап тастаған жібек көйлекті, сақина-білезікті, алқа-моншақты әйелдер сахнадағыдай мықынын таянып, кеңістіктің иллюминатордан көрінетін дөңгелек экранынан сырғып өте шықты. Мен құтылар мен шамадандарды байқап қалдым. Гездің қонақтары келіп еді.

Палубаға шықпай-ақ, мен әйелдерді қалай қарсы алғанын ап-айқын көз алдыма елестеттім. Бұл үшін әдет-ғұрыпты арнайы зерттеп жатудың қажеті жоқ. Әзірге мен ойша олардың нашар ойынын, жақсы мәнерін, жасанды сыпайлығын көргендей болдым, әріректен олардың бір үйір боп төмен түсіп бара жатқанын есіттім. Менің есігімнің алдынан аяғын тез-тез басып әйелдер, маң-маң басып еркектер өтті, біреуінің күңкілдей айтқан сөзіне бәрі мәз болып бір күлісіп алды.


 

 

Гездің каютасында бейтаныс қыздың суреті тұр. «Қыз ойнаққа» келетіндер тегіс жиналды. Мен өткені көмескі, капитаны күмәнді кеме үстінде жүзіп келем; неге екенін өзім де білмеймін, әйтеуір, болар іс тезірек болса екен деген бір сезім күйі өн бойымды жайлап барады және осындай кезде тым ерсі көрінетін, көрші каютадағылар не деп сыбырласып жатыр екен деген қызғанышты бір ой көкейімнен кетпей қойды.

Осының бәрі кісі көңіліне секем салатын қатал тағдырдың тәлкегі болып шықпаса неғылсын. Гез өзінің беймаза берекесіз тірлігінде тым болмаса сыпайы сырбаз қалпын сақтар деп күткен едім, оның мінез-құлқының кейбір белгілеріне қарап осылай ойлағам; бірақ Гездің күллі мінез-құлқына қарап, ол шіркіннен не пәле болса да шығар деп сезіктенгем, сол себепті де әуелден-ақ іргені аулақ салмақ болғам. Мұның бәрінен бетер менің жанымды жегідей жеген бір нәрсе: күндіз палубаға шыққанда еркімнен тыс осылардың у-дуының арасына түсіп кетпесем деп қауіптенгем. Енді менің үлесіме қалғаны – қалғып-мүлгіген таңғы шақ пен мылқау түн еді.

Мен осылай ойға шомып отырғанда кеш батып, ымырт үйірілді. Енді жағаның гуілі бұрынғыдай емес, талып қана жетеді. Мен Бутлердің әмірімен желкен көтеріліп, жолға шығуға әзірлік жасалып жатқанын есіттім. Брашпиль зәкірді тарта бастады, зәкір шынжырының тарсылы біраз уақытқа дейін кеме үстінен анық естіліп тұрды. Ақырында, кеме жайымен бұрыла берді. Мен оттары шүпірлеген қараңғы жағаның жылжып барып, сол қанатта қалғанын мұхит үстінен батқан күннің қызыл шапағына малынған алыс көкжиекті көрдім. Иллюминатордан сыртқа қарап тұрып, мен өзіме қарай дөңбекшіп жылжып келіп, терезені жанай бортта қуалап қалып жатқан толқынға қарап кеменің жедел жүріп келе жатқанын байқадым.

Асханадан масайраған бір әйел даусы естілді. Оның ізінше Синкрайт шықылықтап ұзақ күлді. Ыдыс-аяғын шылдыратып, дәлізбен Гораций жүгіріп өтті. Сосын оның жер-жебіріне жетіп кейіп жатқанын есіттім. Бұған іле-шала күтпеген жерден


 

 

менің есігімнің алдына тықырлап біреу келіп есік қақты. Мен дереу есікті аша қойдым.

Бұл үсті-басы әтір сасып, бір түрлі батылданып кеткен Синкрайт екен, ол қызып көңілденіп алыпты. Есік ашылған кезде салондағы дабыр-дұбыр арасынан тыңқылдаған гитара үнін есіттім.

Менің көзқарасымнан жасқанған Синкрайт есікті жауып, сыпайы ғана сызылып сәлем берді.

– Капитан Гез сізді ізетпен дастарқанға шақырады, – деді ол.

– Капитанға менің шын жүректен айтқан алғысымды жеткізіңіз, – дедім мен шытынап, – бұған қоса менің онда барудан бас тартатынымды да айта барыңыз.

– Мен сізді әлі де болса көндіруге болады ғой деп сенем,

– деді Синкрайт сөзін жалғап, – оның үстіне келмесеңіз бәріміз бірдей өкпелейміз ғой.

– Сіз мені көндіре алар ма екенсіз. Осы кешті оңаша өткізбекпін.

– Жарайды ендеше, – деді ол аң-таң қалып. Сосын: – Қайтейін, өкінішті, өкінішті-ақ! – деген сөзді үсті-үстіне қайталап шығып кетті.

Бұ қастандықтың аяғы мұнымен бітпейтінін сезген мен қалам-қағаз алып, үстелге отырдым. Ең бірінші аялдамада жібермекші болып, Лерхке хат жаза бастадым. Маған көп ақша қажет болып қалып еді.

Хаттың екінші бетін жазып жатқан кезде есік тағы да қатты-қатты қағылды, рұқсат күтпестен каютаға кимелеп Гез кіріп келді.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)