АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Макролидтер

Читайте также:
  1. МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
  2. МІНІСТЕРСТВО ОСВІТИ І НАУКИ УКРАЇНИ
  3. Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары.
  4. ТАПСЫРМАЛАР
  5. УРОЛОГИЯ

Әсер ету механизмі: Рибосомдық деңгейіндегі ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді. Микробқа қарсы әсер ету спектріне байланысты макролидтер 3 буынға бөлінеді.

Макролидтердің I буыны: эритомицин, оленандомицин.

Әсер ету спектрі:бензилпенициллиндерге ұқсас, бірақ бруцелла, риккетсия, хламидия, микоплазма, легионелла. коклюш қоздырғыштарына сезімталдығы жоғары.

Қолдану көрсеткіштері :бензилпенициллиннің қолдану көрсеткіштеріне ұқсас, сонымен бірге легионелле және моракселламен шақырылған хламидиальды, микоплазмалық және бөліктік (крупозды) пневманияда қолданылады. Макролидтер резевтегі антибиотиктер, оларды пенициллиндерге аллергия және тұрақсыздығында қолданылады. Көбінесе жеңіл инфекцияларда ішке, күре тамырға сирек тағайындалады, эритромицин жағылмасын жарақат, күйік, безеу, жара, терінің іріңді қабынуында жағу үшін; трахома, блефарит, конъюктивитте көз жағылмасы түрінде тағайындалады. Макролидтерге микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.

Жанама әсері: макролидтердің улылығы темен, диспепсия, аллергия, гепатотоксикалык әсер көрсетуі мүмкін.

Қарсы көрсеткіштері: жеке көтере алмаушылық, бауырдың қызметінің бұзылуының ауыр түрінде.

Эритромицин - (Б): 0,1 және 0,25 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1 сағ. бұрын белгіленеді, 1% жағылмасы бар.

Эритромицин фосфаты (Б): 0,1 және 0,2 құрғақ зат флаконда шығарылып, тәулігіне 2-3 рет к/т енгізіледі.

Олеандомицин - белсенділігі төмен, «Олететрин» таблеткасының құрамында олеандомицин мен тетрациклин бар.

Макролидтердің II буыны: спирамицин (ровамицин), рокситромицин (рулид), кларитромицин (клацид), мидекамицин (макропен), джозамицин (вильпрафен).



Әсер ету спектрі: I буын препараттарына қарағанда спектрі кеңірек. I және II буын препараттарына эндорококктар, шигеллалар, сальмонеллалар, ішек және гемофильді таяқшалар, бактероидтар. кампилобактерлер, листериялар, гарднереллалар және кейбір микробактериялар сезімтал келеді. Спирамицин мен кларитромицин жоғары белсенділік (асқазан мен ұлтабардың жараларын туғызуға жағдай жасап, асқазанның пилорикалық бөлігін зақымдайтын геликобактериялар) көрсетеді. Спирамицин мен рокситромицинге ұқсас, сонымен қатар энтерит, колит. Холецистит, асқазан мен ұлтабардың жаралары (кларитромицин, спирамицин), токсоплазмоз (спирамицин, рокситромицин). Жанама әсері мен қарсы көрссткіштері жоғарыдағыдай.

Спирамицин (Б): 3 000 000 ХБ таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 3 рет белгіленеді. Рокситромицин (Б): 0,15 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне 2 рет тамақтан бұрын белгіленеді. Макролидтердің III буыны (покаление): азитромицин (сумамед) - химиялық құрылысы жағынан азалидтерге жатады. Әсер ету спектрі: хламидий мен микоплазмаларға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді. Қолдану көрсеткіштері: ангина, отит, синусинт, бронхит, пневмания, урогенитальды инфекция (несеп жыныс жолының хламидиозы мен трихомониазы), тері мен тері асты клетчаткасы инфекциялары. Жанама әсері мен қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай. Азитромицин (Б): 0,5 таб; 0,125 және 0,25 капс; бірінші күні 0,5 тәулігіне 1 рет, 2-5 күндері 0,25 тәулігіне 1 рет тамақтан 1 сағ. бұрын немесе 2 сағ. соң белгіленеді. Ескерту: азитромициннің қаннан жартылай шығару уақыты 48 сағ. жоғары.

‡агрузка...

Линкозамидтер: линкомицин, клиндамицин (далацин С):микробқа қарсы әсер ету спектрі бойынша макролидтерге ұқсас: негізінен грамм (+) микроорганизмдерге: анаэробтарға әсіресе клиндамициннің белсенділігі жоғары; микоплазма мен бактероидтарға әсер етеді. Ауыр анаэробты инфекцияларда: сепсис, сепсистік эндокардит, сепсистік артритте, остеомиелитте, отитте, құрсақ қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің инфекцияларында, пневманияда, жұмсақ ұлпа инфекцияларында, токсоплазмада (клиндамицин) колданылады. Линкозамидтерге тұрақтылық баяу пайда болады. Бұлақ резервтегі антибиотиктер болып табылады. Оларды басқа препараттарға аллергия немесе тұрақтылық жағдайда қолданады. Жанама әсері: диспепсия және псевдомембранозды колит, аллергия, бауыр қызметі бұзылуы, лейкопения байқалуы мүмкін.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.016 сек.)