АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Иммуноглобулиндер

Читайте также:
  1. МІНІСТЕРСТВО ОСВІТИ І НАУКИ УКРАЇНИ

Адамның қалыпты иммуноглобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин)жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады.

Ағзаның қорғаныш қасиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары:

- Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутерококк тұндырмасы, қызғылт семізот (алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар.

- Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, α-токоферол, В және басқа тобының витаминдері –ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді.

- Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификолжәне т.б. препараттары ішектін қалыпты микрофлорасын қалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын миктобтық масса.

 

Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар)

Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегінде, ОЖЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады.Иммунодепрессанттардың әсер ету механизміантигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т-лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т-киллерге, Т-супрессорға, Т-хлеперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануын төмендетуімен байланысты.

 

Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат –иммуножепрессивті әсерінен басқа азатиопринніңісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатикалық ДНҚ-ң және РНҚ-ң бұзып, жасушаларыдың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып, АІЖ-ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршіуін тудырып, канцерогенді және тератогенді әсер көрсетеді.



Азатиоприн – Azathioprinum (А):0,05 таб. шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.

 

Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (АК-506, прогаф) –мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады (ішке және күре тамырға енгізіледі).

Циклоспориннефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимуснефро- және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарлатады.

 

Батриден– бүйректің ауыстырып қондырымында (глюкокортикоидтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1таб) қолданылады.

 

Глюкокортикоидтар – преднизолон, дексаметазонжәне т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В-лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді. Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық ауруларда қолданылады.

 

Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин-К , АТГ-Фрезениус –құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.

‡агрузка...

 

Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил) –малярияға қарсы препарат; алтын препараттары: кризанол(5% 2 мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1 рет б/е енгізіледі) ауранофин(0,003 таб); пеницилламин (купренил) –«әлсіз иммунодепрессанттар», бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасын төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң), ұзақ сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6 ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.

 

 

Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер

(Бластомаға қарсы дәрілер)

Бластомаға қарсы дәрілерқанның қатерлі ісік ауруларындағы (лейкоздар және т.б.) қатерлі ісік жасушалары (рак және т.б.) мен форменді элементтердің дамуын тоқтатуға қабілетті дәрілер. Қатерлі ісіктер үшін инфильтративті өсу мен метастаз тән. Қатерсіз ісікте бұл әсерлер байқалмайды. Қатерлі ісіктерді бластомаға қарсы дәрілермен емдеу «химиотерапия»деп аталады. Онкологиялық науқастарды емдеуде химиотерапиямен қатар хирургиялық ем және сәулелі терапиясы тағайындалады.

 

Бластомаға қарсы дәрілердің жіктелуі

Бластомаға қарсы дәрілік топтар мен оның препарттары Әсер ету механизмі Ісікке қарсы әсерінің спектрі
Цитотоксикалық дәрілер а) Алкилдеуші дәрілер: 1)Хлорэтиламиндер:циклофосфан, хлорбутин, допан, сарколизин; 2)Этилениминдер: тиофосфамид; 3)Нитрозоиочевина туындылары:ломустин, кармустин, нитрозометилмочевина; 4)Метансульфон қышқылының туындыларын: миелосан, миелобромол;   б) Антиметиболиттер: 1) Фолий қышқылының антагонистері: метотрексат; 2) Пурин антагонистері: меркаптопурин, тиогуанин; 3) Пиримидин антагонистері: фторурацил, фторафур, цитарабин (цитазар).   в) Әртүрлі синтетикалық препараттары: 1) Платина қосылыстары: цисплатин, карбоплатин.   2) Триазен және гидразин туындылады: прокарбазин (натулан), декарбазин, проспидин. г) Ісікке қарсы антибиотиктер: дактиномицин, рубомицин, адриамицин (доксорубицин), фарморубицин, карминомицин, оливомицин, блеомицин, брунеомицин, митомицин. д) Өсімдіктен алынған препараттары: 1) Алкалоидтар: колхамин демоколцин, омаин), винбластин (розевин), винкристин;   2) Подфиллотоксиндер: этопозид (вепезид), тенипозид (вумон).   ІІ. Гормондар және оның антагонистері а) Андогендер: тестостерон пропионаты, тестенат; б) Антиандрогендер: флутамид, ципротеро (андокур); в) Эстрогендер: синэстрол, фосфэстрол, этинилэстрадиол; г)Антиэстрогендер: тамоксифен; д)Гестагендер:медроксипрогестерон (провера, фарлутал); е) Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон.   ІІІ. Ферменттер   Әртүрлі жасуша элементтерімен өзінің алкилді радикалдарымен қайтымсыз ковалентті байланыс түзеді (әсіресе ДНҚ тізбігіндегі гуанинді қалдықтармен), ол рак жасушаларының бөлінуін, көбеюін тежеп, жойылуына алып келеді. Рак жасушалары дамуының әртүрлі фазаларына әсер етеді.     Табиғи метаболиттердің құрылысына ұқсас болғандықтан, ісік жасушасының жасушалық ферменттік процестерін бөгеу арқылы РНҚ және ДНҚ синтезін бұзады. Тек бөлінетін рак жасушаларына әсер етеді.   Платинді кешен ДНҚ-ға қосылып, алкилдеуші агенттер тәрізді нуклеин қышқылдарының биосинтезін бұзады. Алкилдеуші дәрілер тәрізді әсер етеді.     Циклді топтардың көмегімен ДНҚ мен РНҚ-ң жұп арасына қосылып, нуклеин қышқылдары тізбегінің бөлінуі мен ДНҚ синтезінің тежелуін тудырады. Рак жасушаларының циклінің әртүрлі фазаларына әсер етеді. Түзілуін тежеп, бөлінуін тоқтатады. Тек бөлу фазасына әсер етеді.   Жыныс гормондары рак жасушаларын жоймайды, бірақ жасушалардың бөлінуін тежеп жіктейді, сонымен қатар жасуша қызметінің гуморальды реттелуінің бұзылуын біртіндеп қалпына келтіреді.   Глюкокортикоидтар ісік процестеріне аз әсер етеді, бірақ цистотатиктердің әсерін күшейтіп, жақсартады. Жасуша мембраналарының құрылымы үшін, ісік жасушаларына қажетті аспарагинді ыдыратады. Гемобластозда (созылмалы, лейкемия, лимфагранулематоз, лимфосаркома, ретикулосаркома), кейбір топ препараттары миеломада, сүт бездерінің, аналық без рагында, семиномада, өкпе майда жасушалық рагында тоқ ішек рагында тиімді.     Метотрексат-лейкемия, лимфома, өкпе, сүт безі мен аналық без рагында қолданылады. Меркаптопурин – лейкемияда. Фторурацил – асқазанның, тоқ және тік ішектің, сүт бездерінің рагында. Цитарабин – лейкемияда. Цисплатин – ұрық без, қуыз, аналық без, бас және моыйн аймақтарының жалпақ жасушалық рагында, остеогенді саркомада. Карбоплатин – аналық без ісігінде. Прокорбазин – лимфогранулематозда. Дакарбазин – меланомада. Дактиномицин – жатырдың хорионэпителиомасында, Вильмса ісігінде, Юинга ісігінде, лимфогранулематозда және т.б. Адриамицин – жедел лейкемия, жұмсақ ұлпа саркомасында, лимфосаркомада және т.б. Колхамин – тері рагында. Винбластин – лимфогранулематозда, жатырдың хоринэпителиомасында және т.б. Винкристин – жедел лейкозда, нейробластомада, Вильмса ісігінде және т.б. Этопозид - өкпенің майда жасушалық рагында. Тенипозид – гемобластозда.   Жыныс гормондары гормонға тәуелді ісіктерде қолданылады. Андрогендер мен антиэстрогендер – сүт бездерінің рагында.   Эстрогендер мен антиандрогендер – қуық асты безінің рагында.   Гестагендер – жатыр рагында (эндометрия).   Жіті және созылмалы лейкозда.   Жіті лимфобласты лейкемияда.

 

 

Бластомаға қарсы дәрілерді қолданғанда науқастардың 100%-де жанама әсерлербайқалады. Көбінесе лоқсу және құсу, қан жасалу мен иммунитеттің тежелуі, АІЖ-ң шырышты қабықшасының зақымдалуы, цистит, гепатит, бүйректің зақымдалуы, гиперурекемия, алопеция, неврологиялық бұзылыстар, өкпе мен миокардтың зақымдануы, аллергиялық реакциялар, дене қызуының көтерілуі, инфекцияның байқалуы мен асқынуы, гормондардың қызметінің бұзылуы және т.б. байқалады.

Онкологиялық науқастарды емдеуарнайы емдеу мекемелерінде бластомаға қарсы дәрілерді белгілі бір кесте бойынша қиыстырылып тағайындалады.

 

 

Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері

Удың қанға сіңірілуін тоқтату

а) Асқазанды шаю –жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд (шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер (морфин және т.б.), спазмолитиктер (атропин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет.

б) Ішектегі уды шығару – тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір(сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін(магний сульфаты) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.

в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда –көп мөлшердегі ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен (натрий гидрокарбонат ерітіндісімен), ал сілтіні қышқылдармен (3-5% сірке қышқылы ерітіндісімен) бейтараптау қажет.

г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде –удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.

 

Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер:

а) Форсирленген диурез –1,5-2 л 0,9% натрий хлорид ерітіндісін к/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит)енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.

б) Егер заттар өкпеден бөлінетінболса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясынқамтамасыз ету қажет.

Жасанды әдістер:

а) перитонеальды диализ –іш қуысын электролитті ерітінділермен шаю;

б) гемодиализ – қанды «жасанды бүйрек» диализаторы арқылы өткізеді;

в) гемосорбция – улар сорбенттерде адсорбцияланады (мысалы, түйіршікті белсендірілген көмір);

г) қан құю.

 

Сіңірілген удың әсерін басу.Улардың әсерін басу үшін антидотқолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық-химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық-химиялық әрекеттесу) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефкроксамин;ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол;ФОҚ-мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин;синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті;гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфатыжәне т.б. қолданылады.

Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин,морфинмен уланғанда налоксонжәне т.б. қолданылады.

 

Жедел уланудың симптоматикалық терапиясы.Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симптоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек глкозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлар,қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілерқолданылады. Су-электролитті балансты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялар шараларжүргізіледі.

 

Дәрі дәрмекті қабылдау ережелері

Тамақтан алдын

1. Тәбет ашатын дәрілер (ашылар және т.б.) – 20-30 мин тамақ алдында.

2.Құсық басатын дәрілер

3.Бырыстырғыш дәрілер

4.Өт айдаушы дәрілер

5.Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер

6.Бактериялық диареяға қарсы дәрілер – 20-30 мин тамақ алдында

7.Анорексинді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде)

8.Жалпы тонусты реттейтін дәрілер

9.Витаминдер

10.Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с).

 

Тамақ үстінде

1. Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер

2. Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, «реопирин», ортофен, индометацин» кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б.)

3. Таблетка түріндегі ферментті препараттар – шайнамай жұту керек (немесе тамақтан кейін).

 

Тамақтан кейін

1. Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы; құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препарттар; индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.).

2. Темір препарттары

3. Мышьяк препараттары

4. Йод препараттар

5. Химин препараттары(жүрек гликозиттері)

6. Гипотензивті препараттар

7. Несеп айдаушы дәрілер

8. Туберкулезге қарсы дәрілер

9. Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).

 

Аш қарынға

1. Пиперазиннен басқа, құрттарға қарсы дәрілер

2. Тұзды іш айдаушы дәрілер

3. Минералды сулар

4. Майсана майы.

 

Ұйықтар алдында

1. Барлық ұйықтататын дәрілер

2. Іш қатудағы іш айдаушы дәрілер.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.019 сек.)