АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 4 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Экзогенді және эндогенді айнымалылар Экзогендi айнымалылар – алғашқы ақпараттар, сырттан ендiрледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.

Қорлар мен ағындар Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар мен қорлар. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Ағындар көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс, тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі. Қор – уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына). Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б.Ваннадағы судың көлемi – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзiмiмен өлшенедi, кран арқылы құйылатын су көлемi – бұл ағын, ол әдетте бiрлiк уақыт көлемiмен өлшенедi. Кран арқылы келетiн су – ағын, ваннаға уақыт бiрлiгiнде келетiн су көлемi. Сондықтан, қор мен ағында өлшеу үшiн әр түрлi бiрлiктер қолданылады. Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбiр айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте бiз қор мен ағын арасындағы тәуелдiлiктi жиi кездестiремiз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегi тәуелдiлiк. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесiнде ванна толады. Қордың өзгеру үрдiсi ағында көрсетiлген. Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу кезiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелдiлiк бар ма? Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын. Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын. Мемлекеттiк қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.



Айналым ағындарының үлгісі Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының ең таралған сипаттарын табу, бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар нарығынан тұрады. (1 сурет).

«Ағу» және «инъекция (құю)» Құйылу дегенге шығындар ағынын, демек, табыстар ағынын да көбейтетіндердің бәрі жатады (тұтыну шығындарын санамағанда, олар не құйылуға, не алуға (алып тастауға) жатпайды). Ағу (алып тастау) – ол шығындардың, демек, табыстардың да ағынын қысқартатындардың бәрі жатады

‡агрузка...

Макроэкономикалық тепе-теңдіктердің жалпы шарттары Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

· сұраным мен ұсыным;

· тауар және ақша массасы;

· жинақақша мен инвестициялар;

· инфляция және жұмыссыздық;

· еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;

· қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

· мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

· бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;

· төлем балансының активі мен пассиві.

Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық. Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.

Макроэкономикалық саясат Макроэкономикалық саясат— экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

ТАҚЫРЫП 2: МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

Мақсаты: макроэкономикалық талдаудағы негізгі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, ұлттық – есеп шоттар жүйесін мән мағынасын түсіну, ұлттық экономика деңгейіндегі негізгі секторларды қарастыру және негізгі субъектілердің әрекеттеріне баға беру, ұлттық экономика шеңберіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымын және оның модельдерін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай сұрақтарды талқылау қажет.

Дәріс жоспары:

1. Жалпы ішкі өнім: мәні, мағнасы, есептеу тәсілдері және дефляторы

2. Ұлттық санақ жүйесіндегі басқа да еөрсеткіштер

3. Кірістер мен шығыстардың шеңберлік айналымы

Тақырыптың мазмұны.

Жалпы ішкі өнім: мәні мен мағынасы Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ, Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының табысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді. ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:

· мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шәкіртақылар, жәрдемақылар, сақтандыру төлемдері;

· қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;

· ұсталған тауарларды сату (sekond-hand).

ЖІӨ есептеу әдістері: қосымша құн бойынша, шығындар және табыстар бойынша. ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мәселесі қалай орын алады. Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өндіріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрамдас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді болдырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады.

Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім.

Аралық өнім – өңдеуге және қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.

Тәжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді: Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез-келген тауардың құны шикізат бағасы, басқару, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.

ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай үш әдіс қолданылады:

1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);

2. табыстар бойынша (бөлу әдісі);

3. қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс).

Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.). Инвестицияны жалпы және таза деп бөледі. Егер жалпы инвестициядан өндіріс үрдісінде ескірген машиналар мен станоктарды жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, онда таза инвестицияны табамыз. Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация

G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза экспорт оң болады, керісінше болса, таза экспорт теріс мәнді болады.

Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W + R + r + T + A мұндағы,

W – бұл халықтың жалақы түріндегі жұмсайтын табыстары.

R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар.

r – жинақтаудан түсетін пайыз.

T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі.

A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады.

Қосылған құн бойынша Тек қана әр фирманың қосылған бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға). ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

Атаулы және нақты ЖІӨ. Атаулы ЖІӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖІӨ көлемі. Нақты ЖІӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖІӨ көлемі. Бұл базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.

ЖІӨ дефляторы. Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.

Тұтыну бағасының индексі Тұтыну бағаларының — халық жеке тұтынуы үшін сатып алатын белгіленген тауарлар мен қызметтер тізбесіне (тұтыну қоржыны) бағалардың орташа деңгейінің сол уақытта өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш. Жалпы қабылданған инфляция көрсеткіші ретінде ТБИ әлеуметтік-экономикалық көріністердің, экономикадағы баға үдерістерін талдау және болжау, мемлекеттің әлеуметтік, бюджеттік, салықтық, қаржылық саясатында ұлттық валютаның нақты бағамдарын реттеу серпінін зерттеу барысында қолданылады. Тұтыну рыногындағы тауарларға және қызметтерге бағалар мен тарифтер деңгейiн тiркеу іріктеме статистикалық байқау қағидаларына негізделеді және сауда орындарының, тауарлар мен қызметтердің, олардың әртүрінің тек бір бөлігін қамтиды. Баға ақпараттарын жинау тауарларды (қызметтерді) тікелей өткізетін орындарда жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні төленген бағалар, салықты қоса бақыланады.

Тұтынушылық қоржыны. Тұтынушы қоржыны – адамның орташа статистикалық қалыпты қажеттерін қанағаттандыру үшін қажет тұтынушылық материалдық және рухани игіліктер мен қызметтердің толық жиынтығы. Тұтынушы қоржыны елде (мемлекетте) қалыптасқан нақты жағдайлар мен ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, белгілі бір уақыт бөлігінде адамның нақты атқарымдық қажеттерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтердің ғылыми тұрғыда негізделіп, теңдестіріледі. Бұл әдіс тұрмыс құнын және ұлттық валютаның жылдық құнсыздану деңгейін есептеу үшін қолданылады. Тұтынушы қоржыны адамның немесе отбасының тамаққа: нан мен нан тағамдарына, ет пен ет тағамдарына, сүт пен сүт тағамдарына, жұмыртқаға, балық пен балық тағамдарына, картопқа, көкөніске, жеміс пен жидекке, өсімдік майы мен маргаринге, қант пен кондитер тағамдарына, басқа да азық-түлікке; киім-кешекке, ішкиімге, аяқ киімге; дәрі-дәрмекке, санитария мен тазалық заттарына; жиһазға, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық заттарына; тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге; тұрмыстық қызметтерге, көлікке, байланысқа; балаларды мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбиелеуге жұмсайтын шығынының негізгі баптары бойынша қалыптасады. Оның құрылымы мен құрамы әлеуметтік-экономика дамуды, тұтыну нормасындағы өзгерістерді ескере отырып, кем дегенде бес жылда бір рет қайта қаралып отырады.

Ұлттық санақ жүйесінгдегі басқада көрсеткіштер. Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт – ол ұлттық санақ жүйесі (ҰСЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп-шот нысанындағы кестелер кешені. ҰСЖ-нің негізгі мақсаты болып ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді, әрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру және болжау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыру табылады. Қазіргі ҰСЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығын құрайды. ҰСЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға голланд экономисі Ван Клифф енгізген болатын және де ол халық шаруашылығының шеңберлі айналымы моделіне негізделеді. ҰСЖ шет мемлекеттерде қолданыс тапқан және осы уақытқа дейін тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰСЖ-н құрудың алғашқы талпыныстары мен тәжірибелері Ұлыбританияда 1946 жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. Ал қазіргі заманғы ҰСЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, Нобель сыйлығының иегері Ричард Стоун жасады және осы жаңа стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық санақ жүйесі арқылы көрсетіледі.

Ұлттық санақ жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін:

1. жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ);

2. жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ);

3. таза ұлттық өнімді (ТҰӨ)

және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін:

1. ұлттық табысты (ҰТ);

2. жеке табысты (ЖТ);

3. қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.

1. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.

2. Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол ЖҰӨ-нен амортизацияны шегеру арқылы анықталады: ТҰӨ = ЖҰӨ – А. ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін әртүрлі салықтар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз:

3. Ұлттық табыс (ҰТ) – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента және пайда. Бірақ, осындай табыстардың барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар

4. Жеке табысты(ЖТ) табу үшін ҰТ-тан азаматтардың әлеуметтік сақтандыруғажарналарын, корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз. ЖТ = ҰТ – әлеуметтік сақтандыру жарналары – бөлінбеген пайда – корпорациялық табыс салығы + трансферттік төлемдер

5.Қолда бар табыс (ҚБТ) - жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс салығын, мұраға салықты, мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады. ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы

Кірістер мен шығыстардың шеңберлік айналымы. Ұлттық экономикада табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісі қарастырылады. Бұл үлгі макроэкономикадағы негізгі субъектілердің өзара әрекеттерін сипаттайды және осы үлгінің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

· жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз сипатталатын табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісі;

· жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен сипатталатын табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісі;

ашық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен сипатталатын табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісі.

Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсететеді: Y = C + I + G + NX (1)

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-тендігін төменгідей көрсетуге болады. Талдауды жеңілдету үшін жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салык та жоқ болады. Онда шығын бойынша: ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция (2)

Табыс бойынша: ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну (3)

Жалпы өнімді өндіруге кететін шығындар мен табыс бір-біріне тең болғандықтан, (2) және (3) формулаларды теңестіре отырып, төмендегі тендеуді аламыз: С + I = S + С немесе I = S (4)

Бұл қарапайым тепе-теңдік мемлекет пен шет мемлекетті енгізгеннен соң күрделілене түседі.

Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан түрады: Sp=Sp+Sg+Sr (5)

Жеке қор жинағы Sp төмендегідей бейнеленген: Sp = (Ү + TR + N - Т) - С (6)

Мұндағы: Ү — табыс сомасы, TR — трансферттер

N — мемлекеттік қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесі,

Т — салық және С — түтыну.

Мемлекеттің қор жинағы Sg төмендегідей бейнеленген: Sg = (Т - TR - N) - G (7)

Sg>0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg<0 болса, онда бюджет тапшылығы болады. BD = - Sg (8) Sr = IM - X немесе Sr = -NX

S = Sp + Sg + Sr = (Y + TR + N-T)-C + (T- TR - N) - G + (-NX) = Y - С - G - NX; S = I

 

ТАҚЫРЫП 3: МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, ИНФЛЯЦИЯ

Мақсаты:Экономикалық айналым және көрсеткіштер динамикасын: жұмыссыздық пен инфляцияны қарастыру. Ол үшін мына сұрақтар қарастырылып талқылану қажет.

Дәріс жоспары:

1. Экономикалық айналым және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы

2. Жұмыссыздықтың түрі және оның табиғи деңгейі

3. АDИнфляция мәні және оның түрлері

Тақырыптың мазмұны.

Экономикалық айналым (цикл) және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтығы.Экономикалық дамудың циклділігі (кезеңділігі) – өндірістің өсуі құлдырауымен, іскерлік белсенділіктің артуы кемуімен алмасып отыратын нарықтық экономиканың үздіксіз толқулары. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық құлдыраудың басталуынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең (Сурет-1-де t1t6 аралығы 1 экономикалық циклді құрайды). Яғни, ол өндіріс, инфляция, жұмысбастылық деңгейінің қандай да бір уақыт аралығындағы өзгеруі.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.025 сек.)