АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 7 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Сурет-6 – Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы

Орташа шығындардың өсуі фирма пайдасын азайтады, ол өз кезегінде фирманың өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде, берілген баға деңгейінде жиынтық ұсыныс азаяды. Жиынтық сұраныстың өзгеріссіз көлемінде (Сурет-6-те АD) жиынтық ұсыныстың қысқаруы (АS1-ден АS2-ге) баға деңгейін көтереді (Рд1-ден Рд2-ге), яғни инфляция қарқынын үдетеді.

Егер, инфляция атаулы еңбек ақының теңгерімсіз өсуі, шикізаттарға бағалардың көтерілуі, салықтың артуы және т.б. себептермен байланысты орташа шығындардың өсуі салдарынан туындаса, мұндай инфляцияны шығындар инфляциясы деп атайды. Шығындар инфляциясы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі шектеуші сипатта болады. Нақтырақ айтсақ, орташа шығындардың өсуі салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруы, өндірістің қосымша шығындарының өсуін тежейді. Өйткені, жұмыссыздықтың көбеюі кезінде атаулы еңбек ақының мөлшері азаяды, сәйкесінше фирманың жалақылық шығындары қысқарады. Шығындардың қысқаруы және үй шаруашылығының табыстарының азаюы инфляцияның өсуін тежейді.

Шығындар инфляциясы- өндіріс шығындардың артуынан бағаның артуы.

Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі.

''ІІІығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар: а) атаулы толемақының осуі; ә) энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның осуі.

Төлемақының өсуінен паілда болган инфляция. Шығын инфляциясының теориясы бойынша кейбір жағдайларда бүл инфляцияның шығу себебі кәсіподақтан болуы мүмкін. Бүл былай түсіндіріледі: үйымдық келісімдер комегімен кәсіподақтың атаулы толемақылар молшер-лемесін (ставка) қадағалауға мүмкіншіліктері бар. Ірі кә-сіподақтар толемақыны үлғайтты жэне мүндай деңгей-дегі толемақыны кәсіподақ қатарына кірмейтін жүмыс-шыларға тағайындады делік. Егер барлық мемлекет ау-мағында толемақының осуі, қандай болса да факторлар-ға байланысты теңессе (мысалы, сағат бойынша жүмыс істеудің үлгісі), орташа шығындар осіп кетеді. Бүған фирмалар ондірісті жөне тауар мен қызметті қыс-қартуымен жауап береді. Осы жағдайда атаулы толем-ақының осуі байқалады; бүл инфляцияның түрін толем-ақының осуінен пайда болған инфляция деп атайды, бүл шығын инфляциясының бір түрі.



Ұсыныс механизмінің бузылуынан пайда болган инфляция. Шығын инфляциясын үсыныс механизмінің бүзылуы-мен түсіндіретін теория ондіріс шығындарының осу ее-бептерін және онімге пайдаланылатын шикізат пен энергияға ойламаған шығынның кобеюін қарастырады. Мысалы: 1973-1974 жылдары және 1979-1980 жылдары мүнай бағасы қатты котерілді. Осы мезгідде энергияның бағасы осіп жатты жэне ондіріс шығындары да ості. Бүл шығын инфляциясының жылдам осуіне әкелді.

Сұраныс инфляциясы.

 

AS
Pд
AD1
AD2
AD3
AD4
Pд1
Pд2
Pд3
Pд4
Y
Y2
Y*
Y1

‡агрузка...

Сурет-5 – Сұраныс инфляциясы

Сұраныс инфляциясы – бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлуетіне жақындаған және жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені, экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай, қалыптасқан артық жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарлауы мәселесін, яғни сұраныс инфляциясын туындатады.

Бұл жағдай сызбалық түрде Сурет-5-те бейнеленген. Ұлттық өндіріс өзінің әлуетіне (Ү*) жақындаған кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD1-ден AD2-ге) өндіріс көлемінің өсуіне (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етуімен қатар, баға деңгейінің де көтерілуіне (Рд1-ден Рд2-ге) алып келеді. Ал, экономикалық әлуетке қол жеткен кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD3-тен AD4-ке) өндіріс көлеміне (Ү*-не) ықпал ете алмағанымен, баға деңгейінің көтерілуін (Рд3-тен Рд4-ке) болдырады.

Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады.

Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады. 3-суретте жиынтық ұсыныс қарастырылған.

3-сурет. Нақты ішкі өнім жөне жұмыспен толық қамтылғандар

Баға деңгейі және жұмыспен қамтылғандар. Жиынтық шығындар көбейген кездегі баға деңгейі жұмыспен толық қамтамасыз етілгенше өсе бастайды. Белгілі бір кезеңде қосымша шығындар таза инфляциялық болады.

1-кескін. Бүл кескінде жиынтық шығын корсетілген, яғни тутыну бағасының шығындары, инвестициялар, мемлекеттік шығындар жоне таза экспорт өте аз, өйткені жалпы ішкі өнім өзінің ең жоғары деңгейінен төмен. Жүмыссыздық деңгейі өте жоғары, ал өндіріс жумыс істемейді. Жиынтық сүраныс жоғарылады делік, онда өндіріс көлемі үлкейеді, жүмыссыздық деңгейі төмендейді, ал баға деңгейі аз ғана өседі немесе мүлде өспейді. Бүл жағдай еңбек және материалдық ресурстар-дың қамтьшмаған белігінің барын білдіреді.

2-кескін. Сүраныс көбейген кезде экономика 2-кес-кінге жылжиды. Толық жүмыспен қамтамасыз етілу деңгейіне келеді, содан кейін одан да асып кетеді. Сол кезде жүмыспен толық қамтамасыз етіліп болғанша баға деңгейі осуі мүмкін. Өндіріс үлғайған сайын материал-дық ресурстар кобейеді. Салалардың кейбіреулерінде "тар жерлер" пайда бола бастайды. Кейбір салалар онді-рістік күштерін түгел жүмсайды, сондықтан олар бола-шақта оздерінің тауарларына сүраныс котерілген кезде, ондірісті арттырумен жауап бере алмайды: сондықтан оларда баға котеріледі. Болашақта жалданған жүмысшы-лардың саны кобейген сайын, әр жүмысшының орташа ондіріс колеміне қосатын үлесі азая түседі. Нәтижесінде жүмысшыларға байланысты шығындар кобейеді, соған орай баға оседі. Ал жүмыспен толық қамтамасыз еті-луге жақындаған кезде, фирмаларға біліктілігі азырақ жүмысшыны жалдауға тура келеді. Бүл шығын мен ба-ғаның котерілуіне ықпал тигізеді. Екінші кескіндегі инфляцияны кейде оз уақытынан бүрынғы инфляция деп атайды, ойткені экономика ресурстармен қамтама-сыз етілгенге дейін басталады.

Экономика ресурстармен толық қамтамасыз етілген кезде, 2-кескіндегі қосымша шығындар және болашақ-тағы бағалардың осуі кейбір фирмаларды ресурстарға сүраныс үсынуға әкеледі, ал кейбір үй шаруашылықта-ры оған үсыныспен жауап береді. Өндірістің колемі үл­ғаюы үшін кейде фирмалар қосымша жүмысшылар жал-дайды және әдеттегіден кобірек жүмыс істейді. Үй ша-руашылықтары жүмыс істемейтін жастардың және әйел-дердің арқасында қосымша жүмысшыларды қамтамасыз ете алады. 2-кескіннің бүл кезеңінде жүмыссыздық дең-гейі томендейді, ал жалпы ЖІӨ өлуеттік ЖІӨ-нен коте-ріңкі болады. Мүңцай жағдайда инфляция азаяды.

3-кескін. 3-кескінде экономика қосымша ресурстар-ды қамтамасыз ете алмайды. Фирмалар сүраныстың ко-беюіне ондіріс колемін арттырумен жауап бере алмайды. Ішкі онімнің шынайы келемі озінің ең жоғары деңгейі-не жетеді, алдағы сүраныстың үлғаюы тек қана бағаның осуіне алып келеді. Инфляция оте жылдам осе бастауы мүмкін, ойткені жиынтык сүраныс ортаның тауар оңці-ретін және қызмет корсету абсолюттік мүмкіндігінен жоғары. 2-кескіндегі сүраныс инфляциясы 3-кескінде сү-раныстың таза инфляциясына айналады. Шынайы он-діріс үлғаймайды, сондықтан осу үстіндегі шығындарды азайта алмайды.

Қорыта айтқанда, атаулы және нақты ЖЮ-ның ара-сында қандай айырмашылық бар екенін есімізге түсір-геніміз жон. Түрақты баға деңгейі кезінде (1-кескін) атаулы және нақты ЖІӨ бірқалыпты қарқынмен үлғай-ды, бірақ оз уақытынан бүрын болған инфляция кезінде (2-кескін) атаулы ЖІӨ нақты ЖЮ-нен тезірек оседі, сондықтан ондіріс колемі қалай озгеретінен анықтау үшін ЖЮ-ні дефляциялау керек. 3-кескіңде атаулы ЖЮ ості. Жоғары инфляцияның күшімен атаулы ЖЮ оте жылдам осе алатын еді, бірақ нақты ЖЮ озгер-мейді. Қысқаша айтқанда, 2-кескін мен 3-кескінде пайда болған сүраныс инфляциясы атаулы және нақты ЖЮ-нің арасындағы байланысты бүзады.

Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы өзара байланыс және Филипс қисығы.1958-жылы ағылшын экономисті Олбан Филлипс Ұлыбританиядағы жүз жылға жуық мерзім ішіндегі (1861-1957 жылдар аралығындағы) жұмыссыздық деңгейі мен еңбек ақы мөлшерлемесі арасындағы өзара байланысты зерттей отырып, еңбек ақы деңгейі тұрақты болып келетін жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейін (5-7%) анықтайды. Ол жұмыссыздық деңгейі бұл деңгейден төмен болса, еңбек ақының тез өсетінін, ал кері жағдайда, яғни жұмыссыздық деңгейі «табиғи» деңгейден жоғары болса, еңбек ақының өсу қарқынының төмендейтінін айқындайды. Бұл байланыс келесі түрде өрнектелді:

(wt – wt-1)

———— = const – b × U(14)

wt-1

Мұндағы, wt – t-інші кезеңдегі атаулы еңбек ақы, ш.а.б.;

wt-1 – (t-1)-інші кезеңдегі атаулы еңбек ақы, ш.а.б.;

b – жұмыссыздық деңгейінің өзгеруіне атаулы еңбек

ақының бейімін сипаттайтын шама;

U – жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі, %.

Кейіннен Филлипс концепциясы әрі қарай П. Самуэльсон, Р. Солоу; М. Фридмен; Э. Фелпстердің толықтыруларымен өзгертілді. Дәлірек айтқанда, атаулы еңбек ақының өсу қарқыны инфляция көрсеткішімен және инфляциялық күтіліс гипотезасымен толықтырылды. Нәтижесінде, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы байланыс қысқа мерзімді Филлипс теңдеуімен келесі түрде бейнеленді:

Wt+1 = πе – b × (Ut - Un)(15)

π = πе – b × (Ut - Un) + ε(16)

Мұндағы, Wt+1 – алдағы кезеңдегі нақты еңбек ақының өсімі, %;

πе – алдағы кезеңнен күтілетін баға деңгейінің (инфляцияның) өсу қарқыны, %;

b – нақты еңбек ақы (инфляция) деңгейінің жұмыссыздықтың нақты деңгейінің өзгеруіне бейімін сипаттайтын шама;

Ut – ағымдағы жұмыссыздық деңгейі, %;

Un – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (NAIRU – Non-Accelerating-Inflation Rate of Unemployment), %;

π – ағымдағы инфляция деңгейі, %;

ε – жиынтық ұсыныстың талдырмасы (шогы) коэффиценті.

LrPh
•  
U
Un
π2
π1
π
U1
U2

Сурет-8 – Қысқа мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығы

Инфляция мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы байланыс қысқа мерзімді Филлипс қисығы (Phillips curve) көмегімен бейнеленеді (Сурет-8).

Филлипс қисығы ҚМК-де инфляция мен жұмыссыздықтың кері тәуелділігін көрсетеді: егер, π1 инфляция қарқыны кезінде жұмыссыздық деңгейі U1 болса, инфляцияның π2 деңгейіне төмендеуі жұмыссыздықтың U2-ге өсуімен қатар жүреді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (Un) кезінде инфляция қарқыны өзгеріссіз қалады, яғни π = 0. Ал, жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінен неғұрлым үлкен болған сайын (U > Un), инфляция деңгейі соғұрлым өте жоғары қарқынмен өседі.

Экономикалық құлдырау кей кездерде инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері байланысты, Филлипс қағидасын жоққа шығарады. Мұндай жағдайда стагфляция деп аталады. Яғни, стагфляция – бұл инфляцияның өсуімен қатар жұмыссыздық деңгейінің де ұлғаюы үрдісі. Стагфляция кезінде қысқа мерзімді Филлипс қисығы оң жаққа қарай ығысу (Ph1 » Ph1 » Ph1) арқылы бейнеленеді (Сурет-9).

А3
А2
А1
π3
Ph3
Ph2
U
U3
π2
π1
π
U1
U2
Ph1

Сурет-9 – Стагфляция

ҚМК-де фирмаларға әлде қайда көп жұмысшылар жалдау тиімді болатындай етіп, нақты жалақыны инфляция көмегімен төмендету арқылы жұмыссыздық деңгейін жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен түсіруге болады. Қысқа мерзімде уақыт аралығында жұмысшылардың бағалық күтілісі инфляцияға нақты еңбек ақыны төмендетуге мүмкіндік бере отырып, инфляцияның нақты қарқыннан қалыс қалып отыруы әбден мүмкін. Алайда, ҰМК-де бұлай болмайды. Өйткені, белгілі бір сәттен бастап жұмысшылар бағалардың олар күткеннен әлде қайда жылдам қарқынмен өскенін түсінеді. Бұл кезде жұмысшылардың талап ету нәтижесінде жалақы өседі. Тұрақты өндіріс көлеміне шығындары өскен фирмалар жұмысшыларының санын қысқартады. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейіне жоғары инфляциялық қарқынмен қайтып оралады (Сурет-10).

 

 

π
C
D
F
LrPh
А
SrPh2
U
Un
SrPh1
B

Сурет-10 – Ұзақ мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығы

Бұдан байқағанымыздай, ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляцияның өсу қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді емес, яғни ҰМК-дегі Филлипс қисығы (LrPh) жұмыссыздықтың табиғи деңгейіндегі (Un) тік сызық болады.

Қорыта айтқанда, ҚМК-де инфляция мен жұмыссыздық қарсы бағытта өрбісе, ҰМК-де инфляцияның өсуінен жұмыссыздықтың азаюы әркез өзінің табиғи деңгейіне қайтып орала береді.

ТАҚЫРЫП 4: . ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. AD-AS ҮЛГІСІ

Мақсаты:. Жиынтық сұраныс және оның құрамы. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Жиынтық ұсыныс сілкіністері. AD-AS үлгісіндегі макроэкономикалық саясат ұғымдарына түсінік беру және оны практика жүзінде қолдана білуге баулу. Осы мақсаттарға жету үшін төмендегі сұрақтарды алға тартамыз.

Дәріс жоспары:

1. Жиынтық сұраныс және оның құрамы

2. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.

3. AD-AS үлгісіндегі макроэкономикалық саясат

Тақырыптың мазмұны:

Жиынтық сұраныс және оның құрамы. Жиынтық сұраныс (AD) – экономикадағы барлық экономикалық субъектілердің тауарлар мен қызметтерге сұранысы.

Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс әрбір берілген баға деңгейінде сатып алынатын тауарлар мен қызметтер көлемін білдіреді. Жабық экономикада сыртқы ортамен байланыс болмайды. Сондықтан жиынтық сұраныс көлеміұлттық сатып алушылардың (экономикалық субъектілердің) берілген баға деңгейінде сатып алуға мүмкіндіктері бар тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі: YD = C + I + G,мұнда:

YD – жиынтық сұраныс (ұлттық табыс)

C – тұтыну шығындары;

I – инвестициялық шығындар;

G – мемлекеттік шығындар.

G – мемлекеттік шығындар.

Сатып алынған өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы тәуелділікті жиынтық сұраныс қисығы бейнелейді. (1-сурет.)

Жиынтық сұраныс қисығының төменге бағытталуы немесе теріс көлбеу орналасуы негізгі үш әсерге байланысты:

1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері)

2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері)

3. Импорттық тауарларды сатып алу әсері.

Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары.Жоғарыда берілген бағалық факторлардан басқа AD қисығына бағалық емес факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына әкеледі. Бағалық емес факторлар дегеніміз – бұл тұтыну шығындарына, инвестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға, таза экспортқа әсер ететін факторлар. Тұтынушылық шығындарға тұтынушылардың табысы, болашақты күтуі, табыс салығының өзгерісі әсер етеді. Инвестициялық шығындарға пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, несие жеңілдіктері, өндірушілердің болашақты күтуі, бизнеске салық, субсидиялар әсер етеді.

Мемлекеттік шығындардың өсуі. Таза экспортқа валюта бағамының өзгерісі, сыртқы нарықтағы жағдайлар. Сондай-ақ бағалық емес факторларға ақшаның сандық теориясына сәйкес ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығы жатады.

Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.AD мен AS қиылысқан жағдайда барлық өндірілген өнім берілген баға деңгейінде сатып алынады, яғни макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды. Ұзақ және қысқа мерзім кезеңдеріндегі макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастырсақ. Мысалы, ақша массасы көбейген жағдайда жиынтық сұраныс көбейеді (AD1 > AD2), қысқа мерзімдегі тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады, ал баға деңгейі өзгермейді, өнім көлемі Y1-ден Y2-ге көбейді

Сұраныс өте жоғары болғандықтан тауарлар ескі бағамен сатыла береді. Бірақ біртіндеп шығындар өсе бастайды, өйткені өндіріс ресурстары (жұмысшылар) аз. Ал ресурстарға сұраныс өскендіктен (мысалы: жалақы өседі) дайын өнімге де баға өседі. Сөйтіп сұраныс қисығы кеми бастайды да В нүктесінен С нүктесіне ауысады. Нәтижесінде экономика бұрынғы қалпына қайта келеді, бірақ жоғары баға деңгейінде. (Р1)Ұзақ мерзім кезеңіндегі тепе-теңдік С нүктесінде орнайды. Біз жоғарыда жиынтық сұраныс көбейген жағдайда экономикада қандай өзгерістер болатынын қарастырдық. Енді жиынтық сұраныс қысқарғанда экономикада не болуы мүмкін. Бұл жағдайда «храпавик әсері (эффектісі)» пайда болады

Алғашқы жиынтық сұраныс жағдайында тепе-теңдік көлемі Ү мен баға Р деңгейінде қалыптасқан. Жиынтық сұраныс AD-дан AD1-ге дейін төмендегенде, тепе-теңдік нүктесі Е нүктесінен Е1 нүктесіне дейін жылжуы тиіс, яғни ұлттық өндірістің нақты көлемі Ү-дан Ү1-ге дейін, ал баға деңгейі Р-дан Р1-ге дейін төмендеуі қажет. Алайда нақты өмірде баға төмендемеуі мүмкін. Сондықтан жаңа тепе-теңдік Е2 нүктесінде орнайдыБұл жағдайда баға деңгейі сақталады (Р), өндіріс көлемі алғашқы көлемнен аз болады (Q2 < Q1). Храповик әсері (эффектісі) нәтижесінде AS қисығы жоғары көтеріледі де PЕ2Е жағдайына ығысады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.031 сек.)