АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз 1 страница

Читайте также:
  1. e) Сауда экспорты
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Тариф туралы Смит – Хоули заңы – АҚШ – тың тарихындағы ең жоғарғы кедендік баж салығын өнімдерге орнатты, импортты қысқарту және ішкі экономиканың өсуін ынталандыру мақсатымен қарастырылды.

Тауар балансы - экспорт пен импорттың арақатынасы.

Тауар нарығы – үй шаруашылығына қажетті заттарды сатып алатын нарық.

Тауар өндіру факторы- экономикалық ресурстар: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеті.

Тафта – Харли заңы – мемлекет профсоюзды қолдаудан олардың қызметін мемлекеттік реттеуге өту.

Тәуекелді сақтандыру - бұл жағдай үлкен шығындарға әкелуі мүмкін, бірақ, бұл шығындарды сақтандыру көлемін сатып алу арқылы айналып өтуге болады.

Тепе –теңдік баға - жиынды сұраныс қисығы жиынды ұсыныс қисығын қиятын жеріндегі бағалар денгейі.

Тиімді күту концепциясы – экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады, оның ішінде қазіргі кездегі мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясаты туралы ақпараттар да қолданылады.

Төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық іс-әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді.

Төлем балансы - белгілі бір уақыт аралығында елдің сыртқы экономикалық байланыстарының жағдайы туралы статистикалық есеп.

Тұтыну бағалар индексі - өндірістік емес тұтыну үшін халықтың сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы денгейінің уақыт бойы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

Тұтыну себебі - минималды жеткілікті калориялықты бір жылда қамтамасыз ететін азық-түлік жиыны.

Тұтыну тауарлары- адам қажеттілігін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер.

Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) - тек тұтыну тауарларына есептелген баға индексі. Ол есепті жылғы «тұтыну қоржыны» бағасының базалық жылғы «тұтыну қаржыны» бағасына қатынасы арқылы анықталады

Тікелей салықтар - салық төлеушінің табысына немесе мүлігіне салынатын салық.

Ұзақ мерзімді тауар- тауарды пайдалану уақыты 3 жылдан артық.

Ұлттық табыс - таза ұлттық өнімнің, жанама салық мөлшерін алып тастағаннан қалған бөлігі

Ұлттық табыс - бір жылда елде жаңадан жасалынған құн.

Ұлттық шот дайындау – Елде өндірістің жалпы кірістерін есептеп, статистикалық мәліметтерге жүгіну.

Ұсыныс- белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір баға бойынша өндірушінің сатуға дайын тауарлар саны.

Ұсыныс факторы- ресурстардың артуы, техникалық білімдердің немесе тауар сапасының артуына байланысты ұсыныстың артуы.

Ұсыныс экономикасы - макроэкономиканың бөлігі

Үнемділік қайшылығы - белгілі жағдайларда халықтың көбірек сақтауға ұмытылуынан азырақ көлемде қор жиналуы.

Филлипс қисығы – жұмыссыздық деңгейі мен баға деңгейі (инфляция) арасындағы кері байланысты көрсететін қисық.

Фискалды салық- үкіметтің кірістерін толықтыру үшін енгізіледі.

Фискалдық (бюджет-салық) саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жургізіледі.

Фишер индексі – Ласпейрес пен Пааше индекстерінің орташа геометриялық шамасы.

Фишер теңдеуі - ақшаның сандық теориясына сәйкес ақша көлемі мен баға деңгейін анықтау үшін қолданылады - MV = PY.

Фрикциондық жұмыссыздық - адамдардың өз еркі бойынша бір жұмыстан басқа жұмысқа орын ауыстыру кезіндегі жұмыссыздық.

Фритредерлік (еркін сауда) саясат - ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау.

Халқаралық даму және қайта құру банкі - әлемдік банк

Халықаралық алтын стандарты – 19 ғ. аяғы – 20 ғ. басы аралығында жүзеге асқан халықаралық валюталық система, осы системаға байланысты әр ел өзінің ақша бірлектерінің құның белгілі бір мөлшердегі алтын көлемімен айқындайды.

Халықаралық валюта нарығы– бұл нарықта бір ел валютасы екінші ел валютасына айырбасталады

Халықаралық валюта резервтері – шетел валютасы, немесе басқа да активтері, мысалы: алтын, оларды әр ел өзінің төлем балансындағы дефицитін жабуға қолданады.

Халықаралық валюталық қор – уақытша төлем балансының тапшылығы орнаған елдерге қарыз беруге және валюта бағамын қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған

Циклдық бюджеттік тапшылық - салықтық түсімдердің кемуінен пайда болған бюджет тапшылығы, нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық тапшылық арасындағы айырма.

Шектелген кәсіподақтар – жаңа мүшелердің кіруіне шектеу қойылған, кейбір жұмыс күштерінің болмауына байланысты шектеу жүргізу.

Шерман заңы - монополияның қылмыстық әрекеттері айтылады, егер фирмалардың бір –бағаны көтеру және сауданы қысқарту мақсатында бір бірімен келісіп монополия орнатуға әрекет етсе, үкіметке немесе зиян шегуші жаққа істеген қылмыстарына соттың іс қозғауға құқық берілуі.

Шығындар инфляциясы - өндіріс шығындарының өсуіне байланысты бағаның өсуі

Ішкі баға – мемлекет ішінде қалыптасқан тауар мен қызметтің бағасы. Ұсыныс пен сұраныстың байланысы арқылы анықталады.

Ішкі мемлекеттік қарыз – Осы мемлекет ішіндегі фирмаларға, мекемелерге қарыз болуы.

Экзогенді (сыртқы) өзгермелілер - үлгілерге сырттан беріледі. Бұл бастапқы ақпараттар. Оларға үкіметтің қазыналық саясаты мен ұлттық банктің монетарлық саясатының негізгі құралдары салық мөлшерлемесі, ақша жиынын өзгерту және мемлекеттік шығындар жатады.

Экономикалық болжау - шығыстар мен кірістерді есептеу арқылы алдағы өзгерістерді болжап, соған сай шешім қабылдау.

Экономикалық интеграция - мемлекеттердің шаруашылықтарының арасындағы байланыстар, олардың қосылуы немесе жартылай қосылуы.

Экономикалық өсім (өрлеу) - ұлттық өнімнің сан жағынан көбейуі мен сапа жағынан жетілдірілуі.

Экономикалық рента - жерді немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдалану үшін төленетін төлем.

Экономикалық ресурстар - жер, еңбек, капитал, тауар мен қызмет көрсету үшін кәсіпкерлік қабілеттілікті пайдалану.

Экономикалық саясат - белгілі бір мақсаттарға жету үшін немесе экономикалық мәселелерді шешу үшін үкіметтің бағытталған әрекеттер жиынтығы.

Экономикалық табыс - фирманың жалпы кірісінен жалпы шығыстарын алғанда қалатын қаражат.

Экономикалық цикл - экономика активтілігінің көтерілуі немесе түсуінің жылдар сайын қайталануы немесе экономика деңгейінің құлдырауы мен көтерілуінің бірнеше жылдар аралығында қайталануы.

7. СЕМИНАР (ТӘЖІРИБЕЛІК) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Тәжірибелік сабақта студенттер дәріс сабақғында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, студенттер санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.

 

Бөлімдер (тақырыптар) атауы, сағ. Көрнекті құралдарды пайдалану Білімді бақылау формасы
Макроэкономика пәні және оның әдістері Макроэкономиканеың қоғам дамуындағы орны мен рөлі Дәріс конспектілері Косымша материалдар Схемалар Ауызша сұрау
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер «Формулалар сайысы» Көрнекі құралдар Слайдтар Ауызша сұрау
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, инфляция және жұмыссыздық   Жұмыссыздық және инфляция Дәріс конспектілері Логикалық схемалар Ауызша сұрау, Реферат
Қысқа және ұзақ мерзімдердегі экономикалық дамудағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс «Графиктер сөйлейді»   Косымша материалдар Көрнекі құралдар Пікірталас
Тұтыну және қор жинау функциялары   «Функциялар» Слайдтар Хабарлама
Ақша нарығы: ақшаға деген сұраныс және ақша ұсынысы   «Дөңгелек үстел» Қоғамдағы ақша рөлі Косымша материалдар Қысқаша конспект Есептер шығару
IS-LM үлгісі. Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік «Үлгілерді салыстыру» Дәріс конспектілері Косымша материалдар Сұрақ-жауап
Фискалдық саясат және оның құралдары   «Дөңгелек үстел» Фискалдық саясаттың артықшылықтары Косымша материалдар Схемалар Баяндама Категориялар бойынша сұрау
Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу үлгісі   Барлығы капитал туралы..... Дәріс конспектілері Косымша материалдар Категориялар бойынша сұрау
Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Мемлекет қарызын басқару   «Кестелер сөйлейді» Косымша материалдар Слайдтар Қысқаша конспект  
Төлем балансы және оның құрылымы. Валюта жүйесі   Валютаның айтары бар....... Слайдтар Көрнекі құралдар Ауызша сұрау
Табыс пен айырбас бағамына фискалдық және ақша саясатының әсерлері.   «Саясаттар сайысы» Слайдтар Косымша материалдар Сұрақ –жауап Реферат
Халықаралық сауда қатынастары және мемлекеттік тариф-сауда саясаты.   «Дөңгелек үстел» Халықаралық деңгейде   Схемалар Косымша материалдар Ауызша сұрау Баяндама

 

 

«Қаржы академиясы» Акционерлік қоғамы Сапа менеджмент жүйесі Құжатталған процедура Пәннің оқу-әдістемелік кешені СМЖ ҚА ПП 21-10-2014 Күні 11.08.2014 ж. 173 беттен 109 беті

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Кафедра «Экономика және менеджмент»

(кафедра атауы)

 

 

САБАҚТАР (ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ,

ЗЕРТХАНАЛЫҚ) ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Тақырып № 1-13

Сағаттар саны: 15

Курс: 1-2

Мамандық: 5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 - Қаржы

Құрастырған: Абдикаримова Қ.

 

 

Астана-2014 ж.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. «_ 28 _»_____ тамыз _________2014ж Хаттама №1 Жоғары білім беру факультетінің ОӘК мақұлданды. «__ 02 __»_____ қыркүйек ___2014 ж Хаттама №1
«Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісі _________________ ____ Темирова А.Б. (қолы) (аты-жөні)   Жоғары білім беру факультетінің ОӘК төрайымы _____________ Рахимова Г.А _______ (қолы) (аты-жөні)

 

 


8.1 пӘН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУлар

 

Қазіргі заманда экономикалық өзгерістер байлансты, нарықтық экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Сондықтан, «Макроэкономика» курсы оқу маңызды болып саналады.

"Макроэкономика" өздігінен ғылымды білдіріп, жалпы елдің экономикалық жүйесіндегі қызметтердің мәселелерді, сонымен қатар, жиынтық шаманың қызметін зерттейді. Макроэкономикалық ғылымның негізін Мейнард Кейнс 1930-шы жылдары Ұлы депрессия кезеңі жүргізілгеннен кейін экономикалық механизмді зерттей отырып, қалады.

Макроэкономиканың мақсаты мемлекеттегі экономикалық құбылыстарды меңгеру: шығарым, жұмысбастылық және еркін нарықтағы баға деңгейінің тұрақтылығы.

Макроэкономикалық мәселелерді бір ғана тұтынушы, фирма, сала тұрғысынан шешуге болмайды. Макроэкономика тек қана елдің экономикасын сипаттамайды, ол оның даму заңдылығын анықтап, экономикадағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттейді.

"Макроэкономика" курсын меңгеру студенттерге экономикалық жағдайларды дұрыс бағалауға, сонымен қатар, осы және басқадай экономикалық мәселелерді сауатты шешуге мүмкіндік береді «Макроэкономика» курсының мақсаты мен міндеттеріне- студенттерді жаңаша ойлауға, олардың нарықтық көзқарасын, психологиясын қалыптастыруға тиiстi. Мұндай мамандарды дайындауда аталған курстың орыны ерекше, өйткенi бiздiң пән, танымдық және практикалық қызметтердi атқарумен қатар, басқа қолданбалы экономикалық пәндер үшiн әдіснамалық рөлi ерекше, әсіресе экономикалық саясаттың теориялық негізі ретінде. Студенттердің білімдерін тестілік бақылау формасын тексеру, есептеу шығару, логикалық жаттығулардың және әр түрлі мәселелерді шешу, экономикалық негізгі түсініктер және категорияларға арналған тренигтар өткізу. Бұл студенттердің ойлау процессін және экономикалық теория пәніне деген қызығушылығын туғызады.

Макроэкономиканы оқитын студенттердің алған білімі мен дағдылары келесілерді қамтуы тиіс:

- макроэкономиканың әдіснамалық мүмкіндіктерін мен тәсiлдерін игеру арқылы оның негiзгi түсiнiктерi мен ұғымдарын түсiнiп, оларды пәннiң негiзгi мәселерiн қарастырғанда қолдана бiлу;

- макроэкономика арқылы жалпы теориялық бiлiм алып, оның қызметтiк тетiктерiн пайдаланудын тиiмдi жолдарын көрсете бiлу. Әсіресе фискальдық және ақша-несие саясаттарының тетіктерін әртүрлі үлгілердегі ерекшеліктерін ажырата білу арқылы, олардың тиімді үйлестірудің мүмкіндіктерін экономикадағы нақты жағдайды ескере отырып шешім қабылдауға даяр болуға міндетті;

- нарықтық экономиканың Қазақстанда қалыптасуы мен даму ерекшелiктерiн терең түсiну арқылы оның жетiлдiру жолдарын қарастыра бiлу;

- макроэкономикадан алған бiлiмдерiн басқа нақты экономикалық пәндерде, күнделiктi тiршiлiкте қолдана бiлу;

- экономикалық бiлiмдi өз бетiмен терең игерiге үйрету және дайындау.

Бұл оқу-әдістемелік кешен 15 тақырыптан тұрады. Оқу-әдістемелік кешенде берілген тестілік, тапсырмалар, дискуссия тақырыптары студенттердің білімін семинарлық сабақтарда және студент пен оқытушы арасындағы өзіндік жұмыста тексеру болып саналады.

Оқу-әдістемелік кешенде студенттің курс бойынша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан студенттер сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушылық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақылауды және қорытынды емтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттің білімі практикалық және СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында бағаланады.

8.2 СӨЖ және СОӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

СӨЖ тапсырмалары студенттің өз бетімен орындайтын келесідей тапсырмаларды қамтиды: өз бетімен қосымша ізденуге мүмкіндік беретін сұрақтар тізімі, практикалық немесе СОӨЖ сабақтарында орындалатын әр тақырып бойынша қысқаша тест тапсырмалары, аралық бақылау тапсырмалары (коллоквиум сұрақтары, тест тапсырмалары) және емтихан сұрақтары.

Тест тапсырмалары практикалық немесе СОӨЖ сабақтары барысында студенттің тақырыпты меңгергендігін бағалау үшін қажет. Мұндай тест тапсырмалары уй тапсырмасын сұрауда уақыттың шектеулігіне қарамастан студенттердің барлығын бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттің білімін бағалау мақсатында екі аралық бақылау ұйымдастырылады. 1-шісі 7 аптада, 2-шісі 15 аптада. Курс бойынша аралық бақылау аясында студент ауызша нысанда коллоквиум немесе жазбаша нысанда тест сұрақтарына жауап беруі қажет.

Коллоквиум тапсыру студенттердің ауызша жауап беруге және пәннің негізгі ұғымдарын терең түсінуге дағдыландырады және семестр бойына 2 рет жүргізіледі. Коллоквиумға дайындалғанда сұрақтың мазмұнына байланысты дәріс материалдарын, сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиетті пайдалануы керек.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:

1) Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;

2) Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

3) Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;

4) Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:

- кіріспеден;

- негізгі мәтіннен;

- қорытындыдан;

- пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:

- тақырып таңдау;

- әдебиет таңдау және оқу;

- мәнжазба жоспарын құру;

- нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;

- мәнжазба жазу;

- мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.

Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:

1) титулдық бет;

2) жұмыс жоспары мен атауы;

3) кіріспе;

4) негізгі мәтін;

5) қорытынды;

6) әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.

Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.

Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.

 

«Қаржы академиясы» Акционерлік қоғамы Сапа менеджмент жүйесі Құжатталған процедура Пәннің оқу-әдістемелік кешені СМЖ ҚА ПП 21-10-2014 Күні 11.08.2014 ж. 173 беттен 114 беті

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Кафедра «Экономика және менеджмент»

(кафедра атауы)

КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.038 сек.)