АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жоспары. 1.ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеті

Читайте также:
  1. Жоспары
  2. Жоспары
  3. Жоспары
  4. Жоспары
  5. Жоспары
  6. Жоспары
  7. Жоспары

1.ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеті.

2.Түрік әдебиеті.

3. ХІХ ғ. соңындағы Иран әдебиеті мен үнді әдебиеті.

Азия елдерінің әдебиеті. XIX ғ. соңы мен XX ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеттеріндегі ағартушылық ерекшеліктері. Түркия, Иран, Кытай, Үнді, Корея, Жапония, Араб елдері әдебиеттерінің әлемдік әдеби жаңа байланыстар ауқымында жаңара қалыптасуы, дамуы. Азия-Африка елдері жазушыларының конференциялары /Ташкент, 1958/. Алматы /1973/ т. б. Шығыс елдері әдебиеттеріндегі ұлттык, халықтық шығармашылық дөстурлердің сақталуы. Әлемдік әдеби-шығармашылық байланыстар аясында прозалык, поэзиялык, драмалық жанрлардың дамуы.

Түрік әдебиеті. XIX ғ. соңындағы түрік әдебиетіндегі серпілістер, әлемдік әдебиеттегі озық дәстүрлермен байланысы. 90-жылдарындағы "Сервети-Фюнун"/"Білім қазынасы"/ журналы төңірегіндегі шығармашылық ортаның табиғат, романтикалық махаббат, пәлсапалык, мистикальқ лирикалық өлеңдер жазуы. "Сервети-Фюнун" журналының көрнекті ақыны Тевфак Фикрет /1867-1915/. Оның "Бұзылған Лютия" /1890/ лотия — ескі замандық шекті музыка аспабы/ кітабы.

XIX г. 70-80 жж. Романтизм. Жаңа түрік прозасының қалыптасуы. Халид Зия /1866-1945/. Халид Зияныц романдарындағы /"Ферди және К"', Көгілдір және қара", "Тыйым салынған махаббат /романтикалык, портреттер, сентименталъды-мелодрамалық суреттемелер, зиялылар /интеллигенция/ ортасындағы әлеуметік-тұрмыстық мәселелер. Халид Зияның психологиялық новеллистикасының негізін салушы.

Халық шығармашылығы байлығы негізінде қалыптасқан талаптты жас ақындар тобы: Фарук Нафыз, Орхан Сейфи, Юсуф Зия.

"Хедже" — түрік фольклорында сақталған буындық өлшем. Хеджистердің өлеңмен жазылған пъесаларында халық ертегілерінің әуендері. Халықтық өн-күйлік фольклор әсерімен көркем образдардағы өлеңде тармақтық, ырғақтық, лексикалық жаңғырулар.

Яхья Кемалъ /1884-1859/ - аруз өлшемінің көрнекті өкілі. Ахмед Хашим /1885-1933/ - түрік поэзиясындағы символизмнің негізін салушы. Түрік поэзиясына енгізген қысқа, ұзын тармақты өлшемдік жаңалықтары.

Омер Сейфиддин /1884-1920/ - түрік сатирасын, жаңа реалистік түрік новелласын қалыптастырушы. Шығармаларындағы реализм, пәлсапа, сатира, гротеск, памфлеттік өуен,

Еазым Хикмет Ран /1902-1963/ жазушы, қоғам қайраткері. Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы. Түрік поэзиясына жаңа ырғақтар, еркін өлең түрін енгізуші. Өлеңдер жинақтары: "Күннің жыры" /1828/, "835 қатар жол",

/1929/, "Үнін жоғалтқан қала", "Адамдық панорама" /1945-1961; түрік тілінде 1966-67 ж.ж. жарияланған/ эпопеясы — XX г. поэтикалық тарихы. Пьесалары: "Бәрі де ұмытылған" /1935/, "Дарақы" /1955/ - қоғамдғы жеке адам тағдыры туралы шығармалар.

Әзиз Несин /шын аты-жөні — Махмуд Нүсрет/ /1915 ж. туған, түрік жазушысы, сатирик жөне юморист, драматург, көптеген әңгімелер жинақтарының авторы. Мысалы: "Хамди атты піл" /1955/, "Ер азамат" /1959/, "Отанымыз жасасын" /1975/. Сатиралык, романдары: "Футбол королі" /1957/, "Зюбюк" /1916/. Түрік әдебиетіндегі щаіргі заманЬык, көркемЫк әдіс шеберліктерін игеру жұмыстары.

Иран әдебиеті XIX г. соңынан бастап Ирандағы мәдениеттің өрлеуі. Парсы газетінің шыға бастауы, ондағы прозалық жанр, ұлттық фолъклорлық және әдеби жанрлардың бай дәстүрлерін жаңғырта қолдану /ертегілер, монозаре-екі не одан да көп кісілердің дауласуы не әңгімелесуі; Сафар — наме-жолжазба, шығстық юмор мен сатира/. Парсы прозасының дамуы. Батыс еуропалық /әсіресе, франиуздық/ көркем шығармаларды парсы тіліне аудару.

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілдері: Мирза Мальком хан /1833-1903/. Зейн оль-Абедин Мараген /1937-1910/, Абдоррахиш Әбу Талеб Надджаб Табризи — Талибов /1837-1910/.

Зейн оль-Абедин Марагенніц көсемсөздік /публистикалык/ романы "Ибрагим — бектің саяхаты немесе оны азапқа салған бақытсыздық". Романдағы халық өкілдері: жүкшілер, шаруалар.

Абдоррахим Талибовтың үш көркем шығармасы.

Біріншісі — "Білімдер жинағы және Ахмедтің кітабы" - ағартушылық

мазмұндағы еңбек.

Екіншісі — "Өмірдің мәселелері" – қайырымдылық пен қараңғылық мемлекеттің артта қалушылығы туралы кітап. Үшіншісі — "Тақуалардың жолы" кітабының қоғамдық әлеуметтік теңсіздікті сынауы.

Парсы әдебиетіндегі касыда, газел жанрларының жаңғыра колданылуы. Халықтық лирикалық жыр — теснифтің /әртүрлі өлшемді тармақтары, қайталамайтын қайырмасы қысқа жыр/ саяси-әлеуметтік мазмұнда кең қолданылуы. Ареф Казвини /1882-1926/ - теснифтерінің көркемдік куаты.

Сатиралық прозаның дамуы. Сатиралык, прозаның көрнекті өкілі — Мирза Өли Акбар-хан Дехход /1880-1956/ - жазушы, ақын, ғалым, қоғамдық қайраткер. Сұрақ-жауап түріндегі әңгімелеріндегі халықтық тіл қолданыстары. Дехход шығармаларының журналдарда "Чарандпараннд" /Әртүрлі өр нәрселер/ рубрикасымен жариялануының парсы әдебиетіндегі жаңа прозалық жанрлардың қалыптасуына әсері.

Әбілқасым Лахути /1887-1957/ - парсы әдебиетінің ірі тұлғасы, ақын. ІПығармалары: "Ираным менің жұтады" /1909/ өлеңінің классикалық газел тілінде жазылуы, халық тағдырының анық суреттелуі.

Күрделі редиф пен екі тармақтың қайырмаға құрылған "Халық айқайы" өлеңінің дәстүрлі пішінінің қуаттылығы. "Иран халқына үндеу" /1910/ өлеңіндегі иран елін қанаушылардан азат ету ойлары.

Әбілқасым Лахутидың 1905-1911 ж. Ирандағы революцияға қатысуы. 1922 жылдан бастап Тәжікстанда болуы. Тәжік ССР-інің әнұранының мәтінін жазуы.

Үнді әдебиеті Үнді халкының ағылшын отаршылдығына қарсы күресі. Үнді әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыптарды жаңғырту. Аңыздық және мифологиялық кейіпкерлерді қазіргі адам бейнесімен ұштастыра бейнелеу. Жаңа үнді прозасындағы романтизм, ағартушылық сыншыл реализм сипаттары. Бенгалия мен басқа да аудандар әдебиетіндегі реалистік бағыттар. ХІХ-ХХ ғғ. көрнекті өкілдері. Бон кимчондры Чоттападхайн /1838-1894/ - бенгал әдебиетіндегі тарихи романның негізін салушы. /"Куаныш тұрағы", "Деби Чоудхурани" және тағы басқа романдары/.

Бхаратенду Харшичандра /1850-1885/ - хинди реалистік драмасының негізін салушы /"Индияның бақытсыздығы"/. Хари Нараян Апте /1864-1919/ - қазіргі Маратх прозасының негізін салушы.

Майтхилишаран Гупты /1886-1964/ - үнді поэзиясындағы патриоттық тақырыптың шебері. Ақынның "Индия дауысы"/1912/ поэмасы.

Урду әдебиетіндегі патриоттык, поэзияның көрнекті өкілі — Мұхаммед Икбал /1853-1938/, "Біздің Индия" өлеңінің - бүкіл елге кең тарауы, халықтық өлеңге айналуы.

Рабиндранат Тагор /1816-1941/ - үнді әдебиетінің ірі тулғасы, ақын, прозашы, драматург, көсемсөзші, философ, педагог, атартушы, филолог, суретші, композитор, музыкант, актер, режиссер. Тагор — бенгал әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салушы. Тагор шығармашылығындағы реалистік және романтикалық сипаттардың тығыз байланыстылығы.

Лирикадағы азаматтық әуен мен романтикалық асқақтық "Гитанждали" /1912 ж. ағылшын тілінде жарияланған/. Романдары: "Гәуірмаһан" /1907-1910/, "Күйреу",' "Үй жәпе әлем" /1915-1916/ Индия республикасының әнұранын жазуы. "Менің алтын Бенгалиям" жырының Бангладеш Халық Республикасының әнұраны болуы.

Тагор — Халықаралық Нобель сыйлығының лауреаты.

Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдағы Азия елдерінің әдебиеті қандай бағытта дамыды?

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдағы Түрік әдебиетінде қандай жаңа серпілістер байқалды?

3. ХІХ ғ. соңындағы Иран әдебиеті мен үнді әдебиеті қалай дамыды? Өкілдері кімдер болды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. История зарубежной литературы ср.века Возраждение. М., 1987

2. Андреев М.Л. Рыцарский роман в эпохи Возраждение. М., 1992

3. История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1985

4.Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975

 

 

Дайындаған:

Гаухар Серкебаева

 

Шетел әдебиетінің тарихы лекциялар курсы.

 

 

Баспаға қол қойылды: ___ ________ 2012 ж.

Қағаз форматы ______________

Тифографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі ___б.т.

Тираж.......дана. Тапсырыс №.....

 

 

@ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасы

 

 

М.Әуезов атындағыОҚМУ баспа орталығы, Шымкент.Тәуке хан даңғылы,5

 

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)