АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 2 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

Гомердің өмірі туралы ешқандай деректердің кездеспеуі оның өмірде шын болғанына да күмән келтірілді. Сондықтан «Иллиада» мен «Одиссея» Гомердің өз шығармасы ма, әлде ауызша айтылған мифологиялардың жиынтығы ма деген европа ғалымдарының арасында талас пікірлер де болған. ХVII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф «Иллиада» мен «Одиссеяның» авторы жоқ, халық туындысының жемісі деп есептеуді ұсынды. Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтар бірте-бірте шығарған, сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санайды. XVIII ғасырда неміс филологы Ф.Шиллер – бұлайша қарсы шығып түсіндіруге бұл екі поэманы да бір адам тудырғанын текстологиялық тұрғыдан ғылыми түрде дәлеледеп берген. Сөйтіп Гомердің жеке автор екенін жақтап шықты. Сөйтіп филологтар мен тарихшылардың арасында талай ғылыми айтыстарға негіз болған «Гомер мәселесі» осылайша шешімін табады. ХІХ ғасырда В.Г.Белинский де бұл Гомердің шығармасы деп дәлелдеді.

Ал осындай керемет екі поэма жазған ұлы ақын Гомердің туған жері деген атаққа кезінде жеті қала таласқан екен. 12 томдық Қазақ совет энциклопедиясында (Алматы, 1973, ІІІ том) Гомердің атын ең алғаш атаған Хорезмидің орта ғасырдағы белгілі ғалымы Әбу Райхан Бируни деп берілген. Сонымен қатар осы энциклопедияда Гомердің грек елінде туып өскенін тарихшы Ибн-әл-Кифи дәлелдеген деп көрсетілген. Гомер поэмаларын Ш.Уәлиханов «Манас» эпосымен салыстыра зерттеп, құнды пікір айтқан. Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан ауызға тарап жетті. Б.д.д. VI ғасырда ғана ол поэмалар Афинада жазылып алынған. Оларды Грецияның барлық мектептерінде кейіннен грек-македон жазушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған Эллинистік мемлекеттің мектептерінде кейін Рим империясындағы барлық мектептерде оқып үйретілген.

1. Сюжет «Иллиада» мен «Одиссея» поэмасында трояндық мифологияның кейбір тұстары ғана суреттеледі. Сондықтан «Иллиада» мен «Одиссеяның» сюжетін толығырақ түсіну үшін Троя мифологиясымен толық танысу керек.

а) Иллиадаға дейінгі оқиғалар.

Троя мифологиясында «Иллиадаға» дейінгі оқиғаларды суреттейтін орасан бай мифологиялар бар. Солардың бірі бізге жетпеген Стасин Кипрскиидің «Киприи» поэмасы. Бұл мифтерден бізге Троя соғысының шығу себептерін білеміз.

Троя Кіші Азияның солтүстік-батысында орналасқан, онда фригии тайпалары орналасқан. Гректер мен троялықтардың соғысы – бұл алдын-ала тәңірдің ойластыруымен болған оқиға. Ол жөнінде мифология да жер адамзаттың жер бетінде көбейіп кетуіне байланысты адам өсуінің дамуының тоқталуын Зевстен сұранады. Сонда Зевс гректер мен троялықтар арасындағы соғысты бастауды ойлайды. Бұл соғыстық шығуының басты себебі троялық патшаның ұлы Паристің Спарта патшалығы Еленаны алып қашуы еді. бұл ұрлықта таза мифологияға негізделеді. Онда грек патшаларының бірі Пелей теңіз патшасы Нерейдің қызы Фетидаға үйленеді. Пелей мен Фетиданың тойына ұрыс-керіс құдайы Эридадан басқаларының бәрі құрметті қонақ ретінде шақырылады. Осыған кектенген Фетида тойды шырқын бұзу үшін әйел құдайлары Гера (Зевстің әйелі), Афродита (Зевстің қызы), Афина Палада (Зевстің қызы) отырған жерге «Ең сұлуға» деген жазуы бар алтын алма түсіреді. Осы алтын алмаға таласқан үш әйел құдайы бұның төрелігін Зевстен сұрайды. Зевс бұл төрелікті трояндық патшаның ұлы Париске тапсырады. Парис алтын алманы Афродитаға беруге ұйғарады. Ал Афродита биліктің өтемі ретінде Спартандық ханша Еленаны ұрлап әкетуге көмектеседі. Мифте Парис Азияның ең сұлу жігіті де Елена Европадағы ең сұлу әйел деп көрсетіледі.

Еленаның ұрлануы оның күйеуі Меналайды ауыр қайғыға салады. Міне осы кезде «Илиада» поэмасының басты кейіпкерінің бірі Меналайдың ағасы Аргос патшасы Агамемнон тартысқа араласады. Агамемнон барлық Гректің патшалары мен батырларын жасауылдармен бірге Трояға шабуыл жасап, Еленаны қайтарып әкелуге көндіреді. Бұл әскердің құрамында ақылды айлакер Итака патшасы Одиссей, Пелей мен Фетиданың жас ұлы Ахил болды. Сөйтіп әскері флотты қаруланған гректер 9 жыл Трояға және оның одақтастарына қарсы күрес жүргізеді. Бірақ бұл тоғыз жылға созылған соғыс екі жақтан да шешімін таппайды.

б) «Илиада оқиғалары» соғыстың осы оныншы жылы «Илиада» поэмасының негізгі сюжетін құрайды. Оның өзенде осы оныншы жылдағы 51 күннің оқиғасы суреттеледі. Трояға жасаған шабуыл Илиадада суреттелмейді, дегенмен поэма сол кезеңнің соғыс өнерінен нақты мәлімет бере алады.

Поэманың негізгі желісі І, ХІ, XVI, XX өлеңдерінде Ахилдің ашу-ызасы мен ақыры оның не болғандығы жайлы айтылады. Ахил әскер басы Агамемнонның тұтқын қызы Брейсейданы тартып алғанына ашуланып, ұрыс даласынан кетіп қалады. Агамемнон бұл тұтқын қызды Аполлон құдайдың сұрауымен оны әкесіне қайтару үшін тартып алған болатын. І өлеңде Ахил мен Агамемнонның арасындағы егес, Ахилдің айқас алаңынан кетіп, анасы Фетидаға арыздануы, Фетиданың Зевстен гректерді күйретуі жайлы уәде алуы жырланады.

ХІ өлеңге дейін Зевс берген уәдесін орындамайды. Әңгіме негізгі желісінде гректер Трояндықтардан ауыр соққы алады. XVI өлеңдерде әлсірей бастаған гректер әскеріне Ахилдің сүйікті досы Патрокл көмекке келеді. сөйтіп трояндық батыр Приамның ұлы Гектордың қолынан қаза табады. Бұл Ахилдің соғыс алаңына қайта келуіне әсер етеді. XVIII өлеңде ұста құдайы Гефест Ахилге қару-жарақ дайындайды. ХІХ өлеңде Ахил мен Агамемнонның келісімге келуі, ХХ өлеңде енді соғыс даласында құдайлардың өзі қатысады. ХХІІ өлеңде Гектордың Ахилестің қолынан қаза табуы бейнеленеді. Оқиға желісінің негізгі мазмұны осылай құралады.

в) «Илиададан» кейінгі оқиғала бұл оқиғалар Троя мифологиясында басқа поэмаларда кеңірек сөз болады. «Илиаданың» жалғасы ретінде есептелетін тұтас поэмалар бізге жетпеген. Олар «Эфиопида», «Кіші Илиада», «Трояның құлауы», «Елге қайту» деп аталады. Бұл поэмаларда Ахилдің трояндықтардың одақтасы амазонка Пентесилеймен айқасы суреттеледі. Айқас Петтесилейдің өлімімен аяқталады. Ахилдің өзі Аполлон жіберген Паристің садағынан қайтыс болады. Ал Трояның құлауы жайлы мифологияға келсек, ақылды да айлакер Одиссейдің ақылымен грек әскері үлкен ағаш ат жасап оның ішіне әскерлер жасырын еніп, қалғандарға елге қайтқан сияқты көрініп, жақын аралдардың біріне жасырынып қалады. Гректер елдеріне қайтты деп түсінген трояндықтарға гректің жансызы іші әскерге толған ағаш атты Афина Палладаның троялықтарға жіберген сыйы деп түсіндіреді. Алданған трояндықтар ағаш атты Трояға кіргізеді. Ал түн ауа ағаш аттың ішінене шығып, гректер қаланы өртеп жібереді.

г) Одиссея оқиғалары. Мұнда Троя соғысынана қайтқан грек батыры Одиссейдің басынан кешкен оқиғалары суреттеледі. Одиссейдің елге оралуы 10 жылға жуық уақытты қамтиды. Алғашқы үш жылдағы саяхаты поэманың басында поэманың ІХ-ХІІ өлеңдерінде Одиссейдің бір патшалықта той-тойлауы. Біз мұнда Одиссейдің бірде қайырымды адамдар ортасында кейде қарақшылардың ортасында, жер асты патшалығындағы өмірімен танысамыз. ІХ өлеңде әйгілі эпизод жалғыз көзді циклоп Полифеммен күресі суреттеледі. Онда Полифем Одиссей мен оның серіктерін үңгірге қамап қойып, олар үлкен қиындықпен қашып шығады. Одиссей Полифемді шараппен сусындатып, оны жалғыз көзінен айырды.

Х өлеңде Одиссей сиқыршы Кирканың қолына түсіп қалады. Ал Коирка болма, оны жер асты әлеміне өзінің болашағы жайлы білуге жібереді. ХІ өлең осы жер асты әлемінің көрінісі, ХІІ өлеңде Одиссей Калипсонның аралына түсіп қалады. Калипсон оны 7 жыл бойы ұстап отырады. Мұнда құдайлардың Одиссейді отанына қайтаруды және ұлы Телемахтың әкесін іздеуі жөнінде айтылады.

V-VIII өлеңдерде Одиссейдің Калипсон аралынан кетіп бара жатып, өте үлкен дауылға тап болып, Алхиной патшаның елі феакта халықтарына кездескені жайлы бейнеленеді.

Бірінші кезекте феактар Одиссейді туған аралы Итакаға апарып тастайды. Онда ол өзінің шошқа бағушысы Евлейдің үйін паналайды. Ал, өзінің үйіне жергілікті патша сымақтар жатыр еді олар Пенелопаны көп жылдардан бері көздеп жүргендер еді. Пенелопа күйеуі Одиссейдің байлықтарын сақтап, әртүрлі айлакерлік жолмен «күйеу» сымақтардың бетін қайтарып тастайтын еді. ХVII-XX өлеңдерде Одиссей Евлейдің үйінен мүсәпір түрінде шығып, өзінің үйін барлауға барады. Ал ХХІ-ХХІV өлеңдерде сенімді қызметшілерінің арасында сарайдағы барлық күйеулерді өлтіреді. Өзін 20 - жыл бойы күткен жұбайы Пенелопамен кездеседі. Одиссейдің үйінде он жылдық оқиғалармен үзілген бақыт қайтып оралады.

Социалды тарихи негіз. Біз оқимыз мысалы: Бір адам бір істерден қанағаттанады: ол басқа-басқалардан эпоста шеберлер пал ашушылар, дәрігерлер, әншілердің өмір сүргені жайлы деректер бар.

Құлдар. Гомер тек қана қойшылар мен үй қызметін жасайтындар, яғни құлдар жайында айтады. Өте ерекше құлдар да бар. Мысалға: Евлей (шошқа бағушы) ол да өзінің үйі мен құлы бар Одиссейдің тәрбиешісі Эвриклея «Илиадада» құлдық әлі де патриархалды мінездеме береді.

Поэмадағы Гомердің тенденциясына тоқталатын болсақ, Гомер соғысты аристократтық өмірді дәріптемейді. Поэмада аристократтар өмірі суреттелгенмен олардың келеңсіз жақтарын да жете сынайды. Соғыстың мәнсіздігін, зиянын Гомер Арестің сөзімен айыптайды. Поэмада Гомер Гекторды ірі батыр ретінде отаны үшін жанын пида еткен батыр ретінде дәріптейді. «Илиада» мен «Одиссея»негізінен батырлық эпос, дегенмен бұл эпостық шығармаларда басқа да эпикалық жанрдың да элементтері де кездеседі. Мысалы: ертегі және мифтік оқиғалар және романдық элементтер. Поэмада лирикалық өлеңдер де мол кездеседі. Мысалы: Гектордың әйелі Андрамахамен қоштасуы. Поэмадағы драматизм элементтеріне тоқталатын болсақ, мұнда да трагедия да комедия да бар. Поэмадағы негізгі кейіпкерлердің өмірі трагедиямен аяқталады. Мысалы: Ахилдің өмірі мен Патрокл трагедиясы. Гектор мен Одиссея өмірі драматизмге толы. Ал жеке кейіпкерлердің бейнесіне тоқталатын болсақ, Гомердің басты кейіпкерлерінің барлығы ержүрек, қайырымды сонымен қатар, құдаймен теңдес немесе құдайдан жаралғандар.

Ахил – бұл сұсты да қаһарлы кейіпкер. Ол отаны мен халқы үшін жан алмас күрескер болғанымен кейде барынша дөрекі, кекшіл. Агамемнон болса деспот, әрі сараң сонымен қатар қорқақ сондай болса ол да өз отаны өз әскері үшін қайғыра білетін жан

Бақылау сұрақтары:

1. Грек әдебиетінің архаикалық кезеңінің басты ерекшеліктері қандай?

2.Антикалық әдебиет оның мәні, тарихы, хронологиялық сипаттары қандай?

3. Гомерлік мәселе қалай туындады және шешімін қалай тапты?

4.Неліктен ежелгі грек әдебиетінде алғашқы кейіпкерлер адамдар емес, құбыжықтар, батырлар мен құдайлар болды?

5.Тұңғыш өмірбаян қалай пайда болды?

6. Гомерлік дәстүрді игеру тарихы және оның қазіргі жағдайы қандай?

7.«Илиада» поэмасының сюжетін құрайтын екі желі – Ахилдің қайраты және Зевстің қаһары туралы не білесің?

8.Одиссеяның достары мен жаулары туралы баянда. Поэмадағы авторлық позиция қандай?

9.Өте ежелгі замандық поэзияның басқа да түрлері туралы не білесің?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М., 1989

2.Честякова Н.А., Вулих Н.В. История античной литературы. Л., 1963; М., 1971

 

 

№ 2 Лекция

Тақырыбы: Классикалық кезең б.д.д. Ү-ҮІғ. Аттикалық кезең.

Cабақты өту түрі: Активті

Жоспары:

1.Классикалық кезең б.д.д. Ү-ҮІғ. Аттикалық кезең.

2.Драма оның пайда болу тегі мен түрлері.

3.Классикалық кезеңдегі драматургияның негізгі ерекшеліктері.

4.Афина театры.

5.Эсхил – трагедия атасы. «Парсылар» трагедиясындағы тарихи тақырып.

6.Эсхил трагедияларындағы қақтығыс.

7.Софокл – шығармашылығының қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер.

8. Софокльдің мифке көзқарасы.

9.Еврипид драмалары, трагедиялары.

10.Ежелгі аттикалық комедия және оның фольклорлық негізі.

11.Комедияның пайда болуы.

12.Аристофан және оның шығармашылығының үш кезеңі.

13.Геродот: грек тарихшысы, прозашысы.

14.Шешендік өнердің негізгі түрлері.

15.Демосфен – көрнекті мемлекет қайраткері және ұлы шешен.

16 Пәлсафалық проза. Демокрит шығармаларындағы табиғаттанудан адамтануға көшу.

17.Сократ – шығармаларындағы этикалық мәселелер, моральдық ар-ұждан бағасын түсіндіру. Платон шығармаларындағы шынайы идеолоизм.

18.Аристотель еңбектерінде әдебиет пен өнер мәселесі.

Грек әдебиетіндегі екінші кезең грек әдебиетінің шарықтау шегіне жеткен тұсы болып есептелінеді. Классикалық кезең деп аталады. Жеке шығармашылық өкілдерінің көрінуіне байланысты бұл тұста лирика, драма, прозалық шығармашылық, пәлсапалық шығармалар, шешендік өнер дамыды. Бұл тұстың ірі өкілдері Эсхил, Софокл, Эврипид, Аристофан, Демосфен, Сократ, Геродоттың туындыларын атауға болады. Классикалық немесе Аттикалық кезең V-VI ғасырлардың аралығын қамтиды

Эсхил –«трагедияның атасы» атанған, алғашқы аттикалық драматург.Эсхил – 525 жылы Элевсинде ақсүйектер отбасында туылған. Ол жауынгер ретінде грек-парсы соғыстарының ең шешуші кезеңдеріне қатысқан (Мысалы, Марафонда 490 жылы, Саламинде 480, Платеиде 490 жылы). Ол драмалық сайыстарға 13 жасқа жетпей жатып-ақ қатысады. Он жылға таяу драмалық жарысқа қатысқан Эсхил тек 484 жылы ғана бірінші орынға ие болды. Осы алғашқы жеңісінен кейін Эсхил 20 жылға таяу негізгі трагик ретінде Грецияда құрметке бөленді. Драматургтің бұл кездегі шығармалары бізге түгелдей жетпеген. 472 жылдар шамасында Пиронның сарайында тұрған Эсхил Сицилиядан кетуге мәжбүр болды. Оның себебі жас Софоклден драмалық сайыста 468 жылы жеңіліс табуы. Дегенмен он жылдан кейін есейген шағында «Орестея» трагедиясын қойып, отандастарының құрметіне бөленіп, атақ-даңқын қайтарып алады. Осы биік табысынан кейін Эсхил 456 жылы Сицилияға екінші рет қайтып келгеннен кейін Геле қаласында қайтыс болады.

Антикалық әдебиетті зерттеушілер Эсхилдің 70 трагедиясы және 20 сатиралық драмасы бар деп есептейді. Олардан бізге жеткені тек 7 трагедиясы мен 400-ден астам фрагменттер. Бір деректерде Эсхил драмалық сайыста 13 рет, кейде 28 рет жеңіске жеткен деп беріледі.

Эсхилдің шығармалары Грецияның өрлеу кезеңіне сәйкес келеді. Осындай экономикалық және қоғамдық дәуірлеу кезеңінде Эсхил өмір сүріп, театр ең құрметті орынға айналды.

Театрлар мемлекет қаржысына салынып, драматургтер өздерінің трагедияларын бүкіл халық талқысына салып отырды. Ал трагедиялық қойылымдар қою беделді, әйгілі адамдарға жүктелді. Театрға баруға мүмкіндігі жоқ кедейлерге мемлекет қазынасынан қаржы бөлініп, олардың да театрға баруына жағдай жасалынды.

Театр халықты тәрбиелеп, өз халқының ерлік дәуірін, аңыз дастандарын, мифологиялық образдарын көрермендердің алдына ұсынып отырды. Драматургтер театр арқылы халқымен ой бөлісіп, өз кейіпкерлері арқылы саяси мәселелерді көтеріп, шынайы өмір оқиғаларын ортаға салды. Эсхил міне, театр осындай биік мәртебеге ие болған кезеңде өмір сүрді. Эсхил өз заманының белсенді қайраткері де болған. Эсхилдің трагедияларынан ақынның демократиялық топтар ішіндегі консервативтік топқа жатқанымен, оның демократиялық мемлекетті қолдайтындығы көрінеді. Эсхилдің бұл көзқарасын «Парсылар» трагедиясынан көруге болады.

Аристотель «Эсхил алғаш рет актерлар санын көбейтіп, хорды азайтып, диалогке үлкен мән берген ақын,»- деп баға береді. Басқаша айтқанда, трагедияны мимикалық хордан драмаға ауыстырды деп бағалайды. Эсхилге дейінгі трагедияларда хормен бірге бір актер ғана шығатын. Ол хормен әңгіме жүргізе отырып, шығарма желісіне қатысатын. Ал енді екінші актердің шығуы, хордың азаюын демек драманың негізгі элементтерінің бірі диалогты дамытты. Сонымен қатар, Эсхил бір сюжетті дамытатын трилогиялық драманы өмірге әкелді.

Эсхилдің шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

І кезең. Алғашқы шығармаларына: «Сұранушылар» мен «Парсыларды» жатқызуға болады. Бұл шығармаларда хор әлі де маңызды роль атқарады.

ІІ кезең. Бұл кезеңдегі шығармалары: «Фивке қарсы жетеу», «Бұғауланған Прометей». Бұл трагедиялардың ерекшелігі хор маңызды мәнге ие емес. Негізгі кейіпкерлер толыққанды көрініс таба отырып, эпизодтық кейіпкерлерге де мән беріледі. Сонымен қатар, диалог драмада іске асырыла бастайды.

ІІІ кезеңдегі шығармаларына «Орестеяны» жатқызуға болады. Бұл кезеңдегі шығармалар өзінің композициясының күрделілігімен ерекшеленеді.

Эсхилдің алғашқы трагедиясы «Сұранушылардың» жазылған жылы белгісіз. Дегенмен хордың және архаикалық элементтердің драмада көп көрініс табуы оны алғашқы шығармасы деуге негіз береді.

Шығарманың негізгі сюжеті мифологияға құрылған. Аргостық аңыз бойынша Инаханың қызы Ио Зевстің сүйіктісі болғаны үшін қызғаншақ Гераның қаһарына ұшырап, Египетке кетеді. Бұл драмаға негіз болған оқиға сол Ионың Зевстен өрбіген шөберелері Египта мен Даная арасында өтеді. Египтаның 50 ұлы Данаяның 50 қызымен некеге тұрмақшы болады. Даная патша 50 қызымен қашып, Аргостық патша Пеласгадан көмек сұрайды. «Сұранушылардың» негізгі идеясы неке еркіндігіне бағытталған.

Эсхилдің алғашқы трагедияларының бірі «Парсылар». Бұл трагедия алғаш рет 472 жылы қойылған. Бұл таргедияның оқиғасында мифологиялық негіз жоқ. Керісінше Эсхилдің өзі қатысқан парсы-грек соғысының оқиғалары трагедияға өзек болған. Бұл трагедиядағы сюжет Саламин соғысындағы парсы флотының жеңілісі мен Ксеркс әскерінің шегінуіне негізделген. Трагедия парсы ақсақалдары хор тобының Грецияға соғысқа кеткен Ксеркстің әскерінің кешігуіне, әскерлер тағдырына деген уайымын бейнелеумен ашылады. Бұл көңілсіз көрініс Ксеркстің анасы Атостың жаман түс көріп, оны хорға айтуымен қоюлана түседі. Міне осы тұста сахнаға хабаршы шығып, парсы флотының жеңілгендігін жеткізеді. Бұл хордың және Атостың қайғыдан жылап-сықтауына ұласады. Парсылардың жеңіліске ұшырауын Эсхил Ксеркстің құдайлардың қарғысына ұшырауынан деп ой түйеді. Себебі Ксеркс құдайлар орнатқан тәртіпті бұзбақшы болды. Ол теңізге темір шынжыр тастап, теңіз құдайы Посейдонды ренжітті. Элладаны өзіне қаратпақшы болды. Ал тәңірлік заңдар бойынша Европа және теңіз – гректерге, ал Азия өзінің шөл далаларымен, тауларымен парсылардың иелігіне берілген болатын. Ксеркс осы қалыпты жағдайларды бұзбақшы болғандықтан құдайлардың жазасына ұшырайды деп Эсхил бұл «Парсылар» трагедиясына мифтік тұжырымдар жасайды. Мұнда мифтік күш Ксеркстің әкесі Даридің көлеңкесі мен тастың түсі арқылы бейнелейді. Бұл трагедияда Эсхил екі жүйедегі мемлекеттік құрылымның әр түрлі екендігін, афиндық демократияның шығыстық монархияға қарама-қайшылығын бейнелеуге ұмтылады.

Трагедияда Эсхил қарапайым парсы жұртына қайғы әкелген Ксеркстің өзімшіл, соғысқұмар, менменшіл бейнесін айыптайды.

«Парсылар» трагедиясының жанры «Сұранушылардан» алшақ емес. Бұл трагедияда да шешендік қызыл сөзге көп мән берілген. Хор негізгі роль атқарады. Бұл трагедияның басты ерекшелігі – басқа трилогиялармен байланысы жоқ, автордың өзіндік ой толғаулары бар туынды.

Эсхилдің екінші кезеңдегі шығармаларына: «Фивке қарсы жетеу», «Бұғауланған Прометей» трагедияларын жатқызамыз. «Фивке қарсы жетеу» 467 жылы қойылған. Трагедияның сюжетіне фивандық мифологиялардың циклі негіз болған. Мұнда мифтік кейіпкерлердің өмірі негіз бола отырып, қарапайым адамдардың құдайлардың езгісіне қарсы іс әрекеттері суреттеледі.

«Бұғауланған Прометей» - Эсхил трагедияларының ішіндегі ең көркемі әрі гумманистік идеяларға толы туындысы. Эсхилдің бұл трагедиясының негізгі сюжетіне алып Прометейдің қаһарлы Зевстен от ұрлап адамдарға беруі туралы аңыз арқау болған.

Прометей адамдарға көмек бергені үшін он мыңдаған жылдар бойына жартасқа бұғауланып, ауыр азап шегеді. Ол Зевсті тақтан кім тайдыратыны туралы құпияны да біледі. Тәкаппар Прометей күндердің күнінде Зевстің өзі келіп, бітімге шақыратынын біледі. Сондықтан да ол ауыр азапқа сыр бермей бағады. Тек жалғыз қалған сәттерде ғана күнге, желге, жерге мұңын шағады. Эсхилде Прометей бейнесі қаншама қиыншылық кешкеніне қарамастан, аянышты түрде ғана емес, асқақ рухта бейнеленген. Өз ісінің әділеттілігіне деген сезім Прометейге әрдайым күш беріп отырады. Трагедия Прометейдің болашақ туралы құпияны ашуымен бірге азаттық алып, елін қуанышқа бөлейді.

Эсхилдің бұл трагедиясындағы негізгі идея – адамзат бақыты үшін күрес. Эсхил шығармашылығының соңғы кезеңіне жататын туындыларының бірі - «Орестея» трилогиясы. Олар бір сюжетке құрылған «Агамемнон», «Хоэфары», «Эвмениды» пьесаларынан тұрады. Трилогия 458 жылы жазылған. Драматург Эсхил бұл трилогиясы арқылы өзінің кемеліне келіп, талантының әбден шыңдалғанын танытады. Эсхил мұнда Микен патшасы Агамемнонның отбасындағы оқиғаларды негіз ете отырып, оған құдайлардың іс-әрекеттерін қатыстырады. Бұл трагедияны К.Маркс аналық пен әкеліктің құқықтық күресі деп атайды.

Трилогияның басты оқиғалары негізінен үлкен үш сюжетті құрайды: Агамемнон мен Кассандраның өлімі, Клитемнестра мен Эрисфаның өлімі, Орестаның ақталуы.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.021 сек.)