АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе 8 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

«Қайта жаңғырту» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің «Жизнеопесания наиболее знаменитых живописцев, воятелей и задчих» (ХVІ ғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, ХVІІІ ғ. бастап Италиялық жаңғырту дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. ХІV ХVғғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғат, «адамгершілік» деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы – ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады.

Қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.

Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуіріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат.

Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (ХІІІғ. Дученто, ХІVғ. Треченто д.а.) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі – Данте Алигьери (1265-1321) ұлы дарынды ол қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атаған. Данте, Франческо, Петрарка және Джованни Бокаччо (1313-1375ж). Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүние жүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған санеттері өзінің тірі кезінде – ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі «Декамерон» авторы атақты Бокаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары – дүние жүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.

Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең –ХVғ яғни «Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі» (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын – «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір ХVІғ қамтиды.

Қайта жаңғыру дәуірінің әдебиетінде тек тақырыптық өзгеріс қана емес, сонымен бірге поэтиканың мәнерлілігі де жаңара түсті және жаңа поэтика жасалды. Бұл дәуірдің жазушыларының шығармашылығында орта ғасырлық аллегоризмнен арылған таза шындыққа бетбұрыс болды.

Шындық, ескі символдық көркемдеулер бірден өзгеріп кеткен жоқ. Ерте Ренессанс жазушыларының шығармаларында әлі Орта ғасырлық символдық белгілер көрініс табады. Мысалы, Дантенің «Божественная комедия» еңбегінде де басты рольге ие болған.

Әдебиеттегі негізгі заттық бейне адам болып қалыптасты және оның әр түрлі өзгерістері мен қозғалшыстары бейнеленді. Ренессанс дәуірінің барлық жазушылары өз шығармаларында барынша адамдық сенімді, жеке тұлғаны, жан – жақты толысқан адам бейнесін жасауға ұмтылды. Бұл кейіпкерлер қоғамнан және қоғамдық қақтығыстардан алыста, яғни еркін өмір сүрді.

Ренессанс әдебиетіндегі жаңа элемент табиғаттың бейнеленуі болып табылады. Мұнда табиғат бейнесі ақынның рухани күйзелісі немесе құдайдың құдіреті ретінде емес, керісінше ақындық шындық әсемдігімен тартымды бейнеленеді. Осындай өзгеріске себеп болған антикалық дүниенің жазушыларының табиғатты жоғарғы білімділікпен түсініп және одан (табиғаттан) ләззат ала алғандығы болды. Қайта жаңғыру дәуірінің Ұлы жазушылары ұнамды бейнелердің толық көрмесін жасады. Олар халықтың өнімдері (мысалы, Лопе де Веганың және Роберт Гриннің драммасында) немесе өзінің өмірінде халықтың трагедиялық өмірін бейнелеуі, қарама-қайшылықты дәуірден шығу жалпы іздеуші (мысалы, Шекспирдің трагедияларында) ретіндегі кейіпкерлер болды. Ұнамды кейіпкерлер трагедиялық жағдайларда да өзінің жеңіп шығатынына сенеді. Мұндай оптимистік көзқарастар ренесанстық шындықтың ерекшелік белгілерінің бірі. Бірақ осыған қарап ренессанс әдебиетінде ұнамсыз кейіпкерлер мүлдем болмады деген ой тумауға тиіс. Себебі бұл деуірдегі әдеби кейіпкерлердің ішінде де жауыз тұлғалар, өзінің дегеніне қалай болса да жететін кейіпкерлер суреттеледі. Мұндай кейіпкерлер өзіне пайда келтіру үшін және қоғамдық қарсылықтарға ие болған эгоистер мен алдамшылар түрінде бейнеленеді.

Оған мысалы ХVІғ Маклавелидің «Мандрагар» комедиясын атауға болады.

Жалпы Ренессанс деп аталатын бірнеше кезеңдерге бөлінген дәуір өз әдебиетінің реалистік бейнесімен, тарихи жаңаруымен, мәдени толысуымен психологиялық әсерімен ерекше болды. Бұл дәуіде адамгершілік, әсемділік, шындық, алға қарай ұмтылушының басым рольге ие болды. Ол сонысымен де қайта жаңғыру немесе қайта өрлеу деген атқа ие болды.

Франческо Петрарка (1304-1374) -италияндық жазушы, Ареццода туып, Падуя маңындағы Аркуа деген жерде дүниеден өтті.Әкесі флоренциялық натариус,"ақ" гвельфтер партиясына кірді,ол 1302 жылы жеңіліс тапқан соң Флоренсиядан Дантемен бірге қуылады. Бұл әулет 1312 жылға дейін Тосканада тұрады, сосын Авиньон маңындағы Карпантраға көшіп келді, ал сол кезде папа куриясының резиденциясы болатын.

1316 - жылы Петрарка Монпелье университетінде құқықты үйренеді, 1320 жылы Болонияда оқуын жалғады.

Ол 1326 жылы ата-анасы қайтыс болған соң Авиньонға (Францияның оңт. қаласы, 1309 ж папалардың резиденциясы) оралып діни атақ қабылдайды. Петрарка ұзақ жылдар Колоннадан епископ пен оның інісімен байланыста болады.

1332-1333 жж. Францияға,Фландриюға және Германияға саяхат жасайды, осы саяхаты кезінде (Люттихте) сол кездері белгісіз болған Цицеронның сөздерін ашты.

1333-1337 ж.ж. Солтүстік Германияға саяхаттайды, Римге барды. Ренессанс, яғни "Қайта өрлеу дәуірі" десек, бұл терминді әдебиетте алғаш қолданған адам италияндық әйгілі мүсінші өмірбаянын жазған Дж.Вазари болатын, негізінде бейнелеу өнерінің тарихындағы жаңа фазаны әйгілетін термин.

Қайта өрлеу дәуірінің гуманистік мәдениетінің көшбасшысы Петрарка, ол солай бола тұра орта ғасырлардан толығымен арылған жоқ. Бірақ оның сана сезімі мен шығармашылығында схоластиканы сыни тұрғыдан қайта бағалау мен адамның жеке бас бостандығы, жеке даралығына сенімі туды.

Петрарканың латын тіліндегі полемикалық шығармаларында өз басынан кешірген діни дағдарысы бинеленді. Автордың ойдан шығарған сұхбаттасы Августин Диуана оны тақуалық моральдан айнығаны үшін, даңққа және әйелге деген махаббаты үшін айыптайды.

Петрарка өкінеді, алайда сүйіспеншілік пен атақ даңқтан толық бас тартуға оның әл дәрмені жоқ. Ал соңғы бір трактатында Петрарка дінге сүйеніп, бақта да, сорда да рухы жасымай, сабыр сақтау керектігі туралы толғайды, бірақ адамның жер бетіндегі өміріне және оның рухани әлеміне қызығушылық танытады.

Ақын Платонға, Цицеронға, Горацийге, Сенекаға сүйене отырып, Аристотельдің "Этикасының" абстрактілі үлгісінен бас тартады, мұнан адамды толығымен зерттеумен тәжірибедегі моральды артық санайды.

Ақынның қысқаша өмірбаяны "Ұрпақтарға хат" (1374) атты еңбегінде бар. Петрарка-антика көне өркениет дүниесінен идеал жасап, қас үлгі тұтқан ең алғашқы еуропалық гуманистердің бірі. Ол латын ақындарының қолжазбаларын жинайды және түсініктеме береді, өз шығармаларында классикалық латынды қайта тудырып,жаңғыртуға тырысты. Петрарканың, Вергилийдің "Энейда" поэмасының стилімен латынша жазылған, аяқталмаған эпикалық дастаны "Африка " пуниялық соғыс туралы һәм Ежелгі Римнің даңқын әспеттейді. Бірақ бұл әлсіз шығарма болды. Оның "Буколиктер" атты дүниесі анағұрылым сәтті шықты (1346 - 1357), бұл аллегориялық мазмұндағы бахташылардың жыры, әдебиетте эклогтар деп аталынды.

Петрарканың итальян тіліндедегі лирикасында саяси және махаббат тақырыбы басым түседі. Сондықтан оның сонеттерінде саяси оқиғалар да көрініс табады. Ол Итальяның батыраңқы, ұсақталып, анархия үстемдік құрып, өзара қырқусуларынан құсаланып "Менің Италиям" атты өлең жазады. Жаралы сұлу әйел бейнесіндегі Отанына қарап атын құдайдан оның бақсыз тағдырына аяушылық қылуды жалбарынады, Италияндық билеушілерді өзара бейбітшілікке келуге, бірігуге, жатжерліктерді қууға шақырады.

Петрарка - әлем әдебиетіндегі лириканың бастауында тұр. Оның шығармашылығында ерекше манызы зор Лаураға араналған махаббат лирикасы. Лаураны ол 1327 жылы Авиньонда бір шіркеуде кездестірген еді. Канцоньера екі бөлімнен тұрады, ол "Мадонна Лаураның өміріне" және "Мадонна Лаураның өліміне" деп аталады, жиыны 317 сонеттен, 29 канцон, 9 секстин, 7 баллада, 4 мадригалдан тұрады. Жер бетінде дәл өзге аруға осыншалық көп жыр легі арналды ма деніз. Бұл өзінше поэтикалық күнделік тәрізді, мұнда орта ғасырлардың такуалық санасы мен әлемге жаңашы көзқарастың нығаюының арасындағы қарама-қайшылық көрініді: өмірдің әурешілігі мен тез өтуі табиғатқа деген әйел сұлулығына деген махаббатпен үйлеседі.

Өзінін алдындағы поэзиясымен салыстырғанда Петраркада сүйікті әйелін бейнелеуі анағұрлым нақты және өмірілік болып шықты. Ақынның өзінің жеке бас сезім шырғалаңын берген өлеңдері сол кездегі поэзия үшін тың үгідес, жаңалықты дүние еді. Петрарканың Лаураға деген махаббаты - күрделі де айнымалы сезім, ол біресе сүйеді, біресе күйеді, біресе махаббатан бас сауғалап қашып кеткісі бар, оның кереғар сезім патшалығында адасады. Жинақтың екінші бөлімінде сүйгенін жоғалтқан ақынның қасіреті мен оны қоршаған, үйлесімге тола таңғажайып дүние арасындағы алшақтық қарама-қарсы көрінер еді.

Петрарканың адам жанының кереғар, қым-қиғаш қарама-қайшылығына ерекше үңілуінде жаңа дәуірдің белгілері айқын білінеді. Сонымен алғаш рет Еуропа поэзиясында адам баласының жекедара негізі өз бейнесін тапты. Петрарка поэзиясының мазмұның өзгертіп қана қойған жоқ, ол кемеліне келген өлең түрін жазады, оның өлеңі әуенділігімен, образдары әсемдігімен ерекшеленеді, стилистикалық әдістерінде (антитеза мен риторикалық сауал) оның жан дүниесінің күй-қалпы бейнеленген, сонеттерінде драматизм тәң, бұл тағы өлең ырғағын бұзбайды.

Данте, Баккачомен бірге Петрарка итальян әдеби тілінің жасаушысы болып саналады. Петрарканың лирикасы Еуропа поэзиясының дамуына зор ықпалын тигізді. Ренессанс поэзиясында сондай-ақ петраркизм бағыты да бар. Бұл құбылыс Петрарканың лирикасына еліктеген ақындар шоғырын айғақтайды (XY ғасырдың екінші жартсындағы А. Тебальдо, С. Чиминелли, Ф. Галиота және т.б. ақындар).

Итальяның ұлы гуманист жазушысы Джованни Боккаччо 1313 жылы Парижде дүниеге келді. Ол флоренттік саудагердің француз әйелден туған некесіз баласы еді. Ол әкесінің қалауымен 1330 жылы Неаполь қаласына заң ғылымын меңгеру үшін оқуға түскенімен, бірақ Боккаччо бұл жолды қаламайды. Бокаччоны он төрт жасында, әкесі Неаполь қаласына жіберіп, ол онда жастық шағының ең қызық күндерін өткізеді.Неаполь қаласы бұл тұста Петрарканы қолдаушысы сән -салтанатқа толы сарайы орналасқан ірі феодалдық қала еді. Роберт өзінің сарайына жаңадан туындап келе жатқан гуманистерді ақындар мен ғалымдарды жинақтады. Жас Бокаччо неополитандық гуманистермен таныстығы арқасында Роберт Анжуйскийдің сарайына қабылданады. Мұнда Бокаччо Роберт Анжуйскийдің өкіл қызы Мария д,Аквинамен танысып, оған ғашық болады. Кейін Бокаччоның өзі Фьяметта деп атаған Мария д, Аквина Дантенің Беатричесі, Петрарканың Лаурасы секілді шабыт шақырушы жүрек патшайымы болды. Дегенмен Бокаччоның Фьяметтаға жыр арнауы Данте мен Петраркаға қарағанда сәл өзгешелеу. Себебі Бокаччо қиялдағы ғашығын емес, өзі көріп шын сүйген әйелдің бейнесін сомдады. Бокаччо шығармашылығының Данте мен Петраркадан айырмашылығы мұнда платнизм мен экзальтация жоқ. Бокаччоның Мария-Фьяметтаға деген ғашықтығы ол тек әдеби тұлға ғана емес, тарихи факты. Бокаччо Марияны алғаш рет 1336 жылы Сан-Лоренцо шіркеуінде кездестіріп ес-түссіз ғашық болады. Жас плебей жігіт король қызын өзінің жазушылық талантымен ғана табындырады. Дегенмен араларындағы әлеуметтік қайшылықтардан бұл махаббат ұзаққа созылмайды.Корольдың ерке қызының ыстық суығы тез басылады. Алайда Бокаччо осы махаббаттың мұңымен өмір сүріп, өзінің өлмес шығармаларының тууына басты себепкер Мария д,Аквинаны жырлап өтеді.

Д. Бокаччо Петрарка секілді сөз гуманисттер үйірмесіне барып, грек тілін және антикалық әдебиетті үйренеді. Ол достары арқылы Роберта Анжуйский король сарайына тап болды. Онда ол жасырын түрде өнер және ғылыммен айналысты. Онда ол Мария Аквинаны, яғни әкесі баласының өзіне ұқсап саудагер болғанын қалады. Бірақ оған Боккаччо көне қойған жоқ. Өйткені Боккаччо әдебиет пен ғылымға Фьямет атанған және де Фьяметтаға деген сезімі шығармашылығына әсер етті.

"Филострато" (1338) атты поэмасын А.Н.Веселовский былай дейді "Новеллой и форме рыцарского романа" және осы еңбегі оны атақты етті.

1340-1341 жылы Боккаччо Флоренцияға келеді.1347 жылы дипломаттық жұмыстарды атқарды.ол осы жұмыстарының арқасында көптеген атақты Итальяндық ғалымдармен танысты.Ол достарының ішіндегі ең жақын араласатын Петрарка еді.Ол "Филоколо" атты романын Неопальде бастап,Флоренцияда аяқтайды. "Филоколо" романы византия повесінің сюжетіне құралған. Ол "Тезеида","Амето","Любовное ведение" атты поэмасын 1342 жылдары жазып шықты. Ол осы еңбектерінің арқасында психологиялық "Фьяметта"( 1343) атты повесі оның білімін шыңдай түсті. Және ол трагедиялық "Фьезоланттық нимфтар"( 1345-1346) жылы жазды. Ал 1350-1353 жылы "Декамерон" кітабын жазып шықты. Жазушыны шыңға көтерген және бүкіл Еуропаның Қайта өрлеу дәуірінде үлкен үлес қосқан жазушының асқан шеберлігімен жазылған осы еңбегі болатын.

Боккаччоның "Декамероны" тарихи сан ғасырлық осындай "Кәмила мен Димнә","Мың бір түн"секілді жәдігерлердің қатарынан ойып орын алған туындыларының бірі.

"Декамерон" атты ең үздік туындысы Батыстың ең алғашқы жазба әдебиет үлгілерінің бірінен саналатын осы "Декамерон" Шығыс халықтарының асында,оның ішінде Орта Азияда да кеңінен таралған хикая және афсаналардың негізінде жазылған. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, Боккаччо кітабында жүз хикаяның сексен жетісінің сюжеті Шығыс әдебиеті үлгілері мен фольклорынан алынған. " Декамеронның" фабуласы мен композициялық түзілісі де шығыстық. Онда да "Мың бір түн","Кәмила мен Димнә", "Тотымаларындағы " секілді қалыптаушы сюжет (хикая ішінде хикая айту) тәсілі пайдаланылған.

"Декамеронның" қалыптасушы сюжетіне келер болсақ, 1348 жылы Флоренцияда оба ауруы тарап, халық қырыла бастайды. Жандарын аман алып қалу үшін әркім әржаққа бас сауғалап қашады. Солар секілді жеті әйел мен үш еркек те өзара ақылдаса келіп, оба жойылғанша шеткі ауылдардың бірінде, өзара әңгіме дүкен, қызықшылық жасап оңашалана тұруға келіседі. Олар он көлемінде өзара әртүрлі хикаялар айтысады. Кітапты грекшеден аударғанда он күн деген мағына береді. Жазушы осы амал арқылы түрлі. «Декамеронның» он тараудан тұратыны мәлім. Әр тараудағы хикаялар мазмұны және айтпақ тәсілі жағынан және эекелеген тараушаларға бөлінеді. Мысалы, жиналғандар брінші күні "әркімнің өзі үшін көбірек әсер ықпалы болған жайттары" жайлы әңгімелесе, екінші күні "әртүрлі кіріптар жайттарға душар болғандар жайлы әңгімелесе", үшінші күні "мақсатына қулық-сұмдық, айла шарғымен жетуге тырысатындар турасындағы "хикаялар баяндалады.Т өртінші күні "бейопа және бейдауа махаббат жайындағы хикаялар" келтіріледі. Сондай-ақ, ақыры мұрат -мақсатына жеткен ғашықтардың басынан кешкендері, сәтін күтіп жүріп жауларынан өш алған әлдекімдердің іс-әрекеттері, парасатты еркек пен ақылды әйелдердің тапқырлықтары жайлы әңгімеленетін күндері де бар. Ішкі хикаялардың бұлай тараушаларға бөлінуі "1001 түнге" де тән. Онда әуелі еріне қиянат қылып жазаланған әйелдер, сиқыршылар, диюалбастылар, саудагерлер мен зергер ұсталардың істері, теңіз саяхатшылары, ақылды және адал әйелдер, махаббат әлегіне түсіп, басынан сан түрлі оқиғаларды өткізген адамдар жайлы хикаялар келтірілген.

Шығыс әдебиеті Батыс Еуропа жазба әдбиетінің қалыптасуына аз әсер еткен жоқ. Батыс топырағында жаңаша мазмұнда, тың ою-өрнектерді қамти отырып дамыған шығыс әдебиеті үлгілері әуелі Испания, кейінірек Италия, Франция, Англияда көптеген әдеби туындылардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Міне, осындай шығармалардың арасында Боккачо "Декамеронның"алар орны ерекше.

Сюжеті жағынан Шығыс хикаяларымен ұқсас келетін новеллалар "Декамеронда" біршама. А.Веселовский, В.Шкловский, Н.Гринцер және басқада шығыстанушы ғалымдар өз зерттеулерінде осындай пікір айтады.

Бокачоның ең тамаша ғашықтық сарында жазылған романының бірі "Фьяметта". Бір күні Фьияметта шіркеуге келіп өзінің махаббатын жолықтырады. Ол сұлу жас жігіт Памфило болатын. Фьяметта бірақ күйеуге шыққан еді.Бірақ жас жігіт Памфилоға деген махаббаты ұлан ғасыр еді. Олар кездесіп жүрді, бірақ күндердің күнінде екеуінің айрылысатын уақытта таяп қалып еді. Өйткені Памфило өз еліндегі қартайған әкесінің сөзін жерге тастамады. Себебі, әкесі оны шақыртып алады. Памфило Фьяметке кешікпей келетінін және оны сүйетінін айтып ант етеді. Фьяметта оны күтумен болады күндер өеді бірақ Памфилодан хабар келмейді. Ол қайғырумен күн өткізеді. Себебі оны қызғаныш билей бастайды, көңіл-күйі болмай, күлуден қалады. Сағынышпен оны күтеді. Бір күні Памфило үйленді деген сыбыз естейді.Оны естіп Фьяметтаның қайғысына қайғы қосылады. Сонда да ол үмітін үзбейді. Бір күні Фьяметта тосынан естіген сыбыздың жалған екенін естиді. Бірақ, Памфило өз елінде бір қызға ғашық болады. Сонымен сүйгеніне қосыла алмаған Фьяметта өмірге деген қызығушылығы жоғалады. Өмір ол үшін мәнсіз сияқты болды. Фьяметта өзін көп әйелдермен салыстырып, олардан көп жапа шеккен айтып шағымданады. Бұл шығарма осылай аяқталады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу дәуірінің әдебиетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары қандай болды?

2. Қайта өрлеу қозғалысы алғаш қайда пайда болды?

3. Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы қандай болды?

4. Қайта өрлеу терминінінң шығу төркіні.

5. Қайта өрлеу дәуірі қандай кезеңдерден өтті?

6. Ф. Петрарканың өмірі мен шығармашылығы жайлы баянда.

7. «Ұрпаққа хат» кімнің шығармасы, қандай шығарма?.

8. Дж. Боккачоның өмірі, шығармашылығы жайлы баянда.

9. Новелла жанрының бастау көзі кім?

10.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу

11.ХYІ ғ. Бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері (орта ғасырлық аңыздар, христиандық әпсаналар, қалалық фольклор, рыцарлық роман)

«Тиль Эйленшпигель» - авангатюралық халықтық роман.

12.Доктор Фаус туралы «Халық кітабындағы» мифтік-поэтикалық және натурпәлсапалық көріністер.

13.Бюргерлік әдебиет. Оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлермен байланысы.

14.Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін қалай дәуірлейміз?

ХYІ ғ. Бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет дегеніміз не?

15.«Тиль Эйленшпигель» - авангатюралық халықтық романның басты ерекшелігін ата..

16.Доктор Фаус туралы «Халық кітабындағы» мифтік-поэтикалық және натурпәлсапалық көріністерге сипаттама жаса..

17.Бюргерлік әдебиет дегеніміз не? Оның ерекшеліктерін атап көрсет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.История всемирной литературы в 9 томах. М., Наука, 1983

2.Пурышев В.И. Литература эпохи Возрождение. Курс лекция. М., 1998

3.Боккаччо Дж. Декамерон. Фьяметто. Фьезоланские нимфы. М., 1968

4.Петрарка Ф. Избранное. Автобиографическая проза. Сонеты. М., Художественная литература, 1974

5.Рабле Ф. Гаргантюа и пантагрюэль. М., Художественная литература, 1973

6.Поэзия Пляеды. М., 1984

7.Зарубежная литература средних веков /немецкая, итальянская, английская, чехская, польская, сербская, болгарская литература/ хрестоматия 2 издания. М., 1975


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)