АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 6 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Облыстың көлді қазаншұңқырлары тектоникалық әрекет және карстан пайда болған. Олардың барлығы дерлік ақпайды және өте тұзды болып келеді. Ал әктастардан қалыптасқан көптеген аудандарда ағын су жоққа тән, оңтүстік түбектерде және Анатолий тау үстіртінің кейбір аудандарында мүлде су жоқтың қасы. Бұл аудандардың тұрғындары жаңбыр суын сақтау үшін бассеиндер жасап немесе жер астылық карст суларын пайдаланады.

Облыс өзендерінің суы аз және режимі біркелкі емес. Ең ірі өзен Қызыл Ирмак, ұзындығы − 950км.

Түбекбің аз бөлігін орман алып жатыр. Ормандар Понт тауларының ылғал мол және бір қалыпты түсетін солтүстік беткейлерінде өседі. Мәңгі жасыл ормандар беткейлерде 600-700 м биіктікке дейін өседі, жері қызғылт топырақты, ал таудың жоғарғы бөлігінде қоңыр топыраққа айналады. Тауларда субтропикалық өсімдіктер шамшаттан, грабтан, талшыннан, жөке ағаштарынан тұратын жалпақ жапырақты ормандарға ауысады. Түбектің ішкі бөліктерінде тау беткейлерінде орман мүлде жойылып кеткен. Бұл жерлерде егіншілік аздаған, жақсы суарылатын аудандарда тараған, тұрғын халық негізінен ешкі және қой өсірумен айналысады.

Кіші Азияның хайуанаттар әлемі Еуропалық және Азиялық элементтерді ұштастырады. Солтүстік таулы жоталар ормандарда бұғы, елік, жабайы шошқа, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, сусары кездеседі. Оңтүстік құрғақ және ішкі таулы аудандарын муфлон, жабайы ешкі, жабайы есек мекендейді. Құстардан әсіресе кемірушілер, жыртқыш құстар көп.

Армян таулы қыраты.



Тау қыраты үш мемлекеттің − Түркияның, ТМД-ның және Иранның шекарасына енеді. Армян тау қыраты негізінде Кіші Азия мен Иран тау қыраттарының солтүстік және оңтүстік тізбектерін жақындастыратын тау қатпарларының жиынтығы. Онда біртұтас массив жоқ. Тау қыратының көне негізі палеозой дәуірінің қатпарлы ғимараттарыны тұрады. Кайнозой дәуірінде жоталар мен иіндердің пайда болуына әкелген тау түзілу процесі қайтадан жүрді. Неогенде жалпы көтерілу қарқынды бұзылуға ұшырады. Неогеннің аяғында бүкіл тау қыраты жарылысты бастан кешірді және жарықшақтар жүйесімен айқыш-ұйқыш тілімделді, лавалардың оны бойлай атқылауы антропогенде де жалғасып жатты.

Бұл ұзақ вулкандық циклдың алғашқы фазалары рельефтің бұрынғы кедір-бұдырын тегістеп, тау қыратының бетін бүтіндей базальтты қабатпен жапқан негізгі лавалардың қуатты атқылауымен аяқталды. Тау қыратының қазіргі рельефіне лавалы кең-байтақ үстірт және биіктігі 1500-3000м болатын тау үстірттерінің етек алуы тән. Олардың екі аралығында және орталарында кейде 700-ден 2000м-ге дейінгі биіктікте жатқан ойыстар көлге айналған. Тау қыраты арасында айтарлықтай биік жоталар, вулкан конустарының тізбегі және ландшафтқа тән ерекшеліктердің бірі болып табылатын жеке оқшауланған сөнген вулкандар бой көтеріп тұрады. Олардың ішіндегі ең биігі ТМД шекарасының таяу жерде тұрған Түркиядағы Үлкен Арараттың алып конусы.

‡агрузка...

Армян тау қыратының климаты континентті, қатал, қысы ұзақ, әрі суық, бірақ Кіші Азияның ішкі бөліктері сияқты барлық жерде бірдей құрғақ емес. Ылғалдың басым көпшілігі Кіші Азиядағыдай тау жоталарының сырт беткейлеріне және жеке тұрған вулкандардың беткейлеріне түседі. Қазаншұңқырларда, әсіресе шығыс Ирандық бөлікте жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Батыстық ішкі аудандарда 500-750мм, шығыста 300-500мм ылғал түседі.

Бүкіл облысқа ызғарлы тұрақты қыс тән, тау қыратында антициклондық жағдай орнығады да қаңтар айының орташа температурасы -15°С-ге жетеді. Жазда тұйық қазаншұңқырларда ыстық болады +24°С, тау беткейлері мен ашық үстірттерде жаз бір қалыпты жылы немесе қоңыр салқын(орташа температура +20°С-ден аспайды, таулардың айтарлықтай биік бөліктерінде бүкіл жыл бойы теріс температура басым болып тұрады, шыңдардың төбесін қар мен мұздар жауып жатады.

Облыстың су торабы Каспий және Қара теңіз сондай-ақ Персия шығанағы бассейндеріне жатады. Ағыстары нағыз таулық, деңгейлері күрт өзгеріп отырады. Өзендердің көпшілігі таудан басталып, еріген қар және жаңбыр суымен қоректенеді, сондықтан оның молығуы негізінен көктем аяғында болады.

Армян тау қыратының көлдері айарлықтай абсолютті биіктікте жатыр. Облыстың кеме жүретін аса ірі көлі – Резайе немесе Урмия Иран жерінде 1300 м жуық биіктікте орналасқан, ол тау қыратының ең көлемді қазаншұңқыры. Мұхитқа құймайтындықтан Резайе көлінің деңгейі мен аумағы жыл бойына жауын-шашынның түсуіне байланысты өзгеріп отырады. Ол әсіресе ойпаттың қатты толысып, айналасындағы ойпаттың айтарлықтай бөлігіне су жайылады. Тау қыратының екінші ірі көл бассейні Ван көлі, ол да ақпайды. Армян тау қыратының көп бөлігі ормансыз. Құрғақ, климаты континентті, каштанды, қоңыр немесе сарғыш-қоңыр топырақты, өсімдік далалық немесе жартылай шөлейтті жазық қазаншұңқырларда орман мүлде дерлік жоқ. Армян тау қыратында ормандар тек таулардың қандыра суарылатын жел жақ беткейлерінде 2000м-ден төмен биіктікте өседі.

Иран таулы қыраты – Алдыңғы Азиядағы тау қыратының ең көлемдісі. Оның көп бөлігі Иран жерінде жатыр, шығыста ол Ауғанстан мен Пакистанға енеді, солтүстік шеті мен Түрікмен шекарасын бойлай өтеді.Бүкіл Иран таулы қыраты альпілік-гималайлық ғимараттар жүйесіне жатады. Тау түзілуі бірнеше рет қайталанған, сонымен бірге шеткі бөліктері кайнозой дәуірінде интенсивті орогенезге ұшыраған. Неогенде басталып осы кезге дейін жалғасып келе жатқан жалпы көтерілу тау қыратының қазіргі түрде пайда болуына әкелді. Каспий теңізінің оңтүстік жағалауын бойлай биіктігі 2000-4000м параллель жатқан жоталардан тұратын тік беткейлі және терең шатқалды Эльбурс тау жүйесі доға жасай бой көтереді. Эльбурстың ең биік шыңы – Демавенд(5604м) әлі де әрекетін толық тоқтатпаған вулкан болып табылады. Эльбурстан екі тау жотасынан тұратын Түрікмен-Хорасан тау жүйесі ұласады. Оның солтүстік бөлігі – Копетдаг таулары мезозой және кайназойлық қатпарлы жыныстардан қалыптасқан, биіктігі 2000-3000м болатын жоталардан тұрады. Ал оңтүстігінде Нишапур деп аталатын екінші тау жүйесі алып жатыр. Олар Копетдагқа қарағанда көнелеу және рельефі онша тұтас емес.

Паропамиз таулары Иран тау қыратының Ауғанстан жеріндегі солтүстік шеткі тізбегінің жалғасы болып табылады. Паропамизды Түрікмен-Хорасан тауларының оңтүстік-шығыс шетінен Зюльфатор шатқалы бөліп тұрады, осы шатқалмен Герируд өзені ағады.Иран тау қыратының оңтүстік жағалауын Загрос, Мекрон, Сүлеймен тау жүйелері алып жатыр. Тау етегінде, Оман мен Персия шығанақтарын бойлай Загрос пен Мекрон сілемдеріне тірелген жағалаулық ойпатты белдеу жатыр. Ені 40-50 км-ден аспайтын осы тегіс ойпаттың кей жері батпақты.

Иран тау қыратының ішкі бөлігінде биіктігі орташа тау массивтері мен Иранда лут (шөлейт) және кевир (сортаң) аталатын көлемді шөлейтті жазықтар мен қазаншұңқырлар бірінен соң бірі алмасып отырады. Иран жерінде кең байтақ шөлді жазықтар бар, олар ̶ су мен өсімдіктерден жұрдай сортаңданған Деште Кевир, биіктігі 200м-дей шағал тас не құм үйілген дөңдер немесе сортаң басып жатқан Деште Лут Ауғанстанның территориясында сазды шағал тасты шөл Дешти Марго және құмды шөл Регистан ерекше көзге түседі.

Ішкі тау массивтері арасынан Орталық Иран, Шығыс Иран және оңтүстікке Паропамизге жалғасатын Орталық Ауған таулары ерекшеленіп тұрады. Тым биік шыңдардың кейбірі сөне бастаған вулкандар болып табылады. Иран тау қыратының пайдалы кен қазбаларының қоры орасан зор, бірақ әлі нашар зерттелген және аз пайдаланылады.

Облыстың басты байлығы ̶ мұнай, оның орасан зор қоры Иранның оңтүстік батысында Загрос тауларының етегінде шоғырланған және сонда өндіріледі. Әртүрлі тұздардың қорлары мол (ас тұзы, калий тұздары, глаубер тұздары).Солтүстік шеткі таулардың қазаншұңқырларында тас көмір бар, тау қыратынығ ішкі бөлігі мен шеткі жоталарында түсті металдардың кен орындары кездеседі.

Иран тау қыраты тұтас дерлік субтропикалық климат белдеуі шегінде жатыр. Жауын ̵ шашынның негізгі массасы Иран тау қыраты шегінде атлантикалық ауа циклондармен полярлық фронт бойынша келетін көктемгі және қысқы мерзімде түседі. Ішкі аудандарда жылына 100мм тіпті 50мм-ден кем ылғал түседі, батыстағы тау беткейлері 500мм.

Каспий теңізі жағалауы мен Элбустың солтүстік беткейінде 1000-2500мл-ге дейін ылғал түседі. Территорияның басым көпшілігінде июльдің орташа температурасы +24ᵒС, ойпаттарда ол +30-32ᵒС. Облыс дерлік суға тапшы, ол үнемі жетіспейді. Мол сулы өзендер солтүстікте ғана және олар Каспий теңізіне құяды. Оларда кеме жүзбейді, алайда олар жер суландыруға кеңінен қолданылады.

Иран тау қыраты көлдердің барлығы дерлік мұхитпен ағын су арқылы жалғаспайды, су тайыз, тұзы көп болып келеді. Жауын ̶ шашын мөлшері мен олардың олардың түсу мерзімдері топырақтың, табиғи және мәдени өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтайды. Ормандар ылғалды, жел өтіндегі тау беткейлеріндегі аздаған аудандарға ғана таралған.

Алайда өсімдік жамылғысында таулық ксерофиттер, шөл және құрғақ далалық формациялар басым. Сазды шөлдерде өсімдік жамылғысының ішінен жусан басым, құмды учаскелерде сексеуіл кездеседі. Иран тау қыратының фаунасы құрамында Жерорта теңіз алқабының Африка мен Оңтүстік Азияның көрші аудандарының элементтері бірлестік тапқан. Облыстың су қоймалары әр түрлі балыққа бай.

Оңтүстік-батыс Азия аймағына кіретін Аравия түбегі, Месопотамия, Левант және олардың ландшафт құрушы факторлары: литогенез бірлігі, Жерортатеңіздік ылғалды және құрғақ тропикалық ауа массаларының климатқа әсері, биотаның біріккен жағдайы.

Оңтүстік - Батыс Азияны Үнді мұхитының солтүстік - батыс бөлігінің жас теңіздері үш жағынан шайып жатады. Олар – опырылған жерде пайда болған Қызыл теңіз, Аден мен Оман шығанақтары, тау етегіндегі иінді суға толтырған Парсы бұғазы және нағыз мұхитық тектоникалық ойыстағы – Арабия теңізі осы теңіздер дің бәрі де қатты қызатын континенттер әсерін көреді, муссондық әрекетке ұшырайды және суының температурасының жоғарылығымен, оның тұзының көптігімен ерекшелінеді. Судың беткі қабатының тым жылитын кезі мамыр айынан тамыз айына дейін: Арабия теңізінде +29, +30, Қызыл теңізде +320С-ге дейін, Парсы шығанағында +350С-ге дейін. Бұл Дүние жүзілік мұхит бетінде байқалған ең жоғары температура .Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігінде 800 метр тереңдікке дейін +120С температура сақталады.

Судың қатты булануы мен ағынының нашарлығы Үнді мұхиты теңіздерінің тым тұзды болуына жағдай жасайды. Аравия теңізінде тұздылық 36-36,50/00. Парсы шығанағында 37-390/00. Қызыл теңізде Дүние жүзілік мұхитағы аса зор тұздылық - 410/00.

Оңтүстік-Батыс Азия теңіздерінің физикалық-географиялық ерекшеліктері, бірінші кезекте Парсы шығанағымен белгілі (яғни, тұйықтық, жоғары буланушылық, тұщы сулардың нашар ағап келуі). Осы өңірде болып жатқан әлеуметтік - демографиялық үрдістер (мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мен тасымалдау, өнеркәсіптер және жағалаулық зоналарда қала халқының өсуі) су қоймаларына біршама экологиялық проблемалар туындайды. Қазіргі таңда Парсы шығанағы Жер бетіндегі ең ластанған теңіз болып саналады.

Оңтүстік-Батыс Азияның қазіргі табиғи комплекстерінің түзілуі: физианомиялық жағынан биотасы өте кедей және субтропикалық және тропикалық табиғи комплекстерінің ауысуы, осындай ауыспалы мінездеме бірлескен территорияға тән (мысалы, Тропика аралық Аравия шөлі және шөлейт пен Оман саваннасы) және климаттық белдеу (Сирияның солтүстігі). Подконтиненттегі табиғат комплекстерінің құрылуындағы палеогеографиялық жағдайлардың қазіргі генетикалық тропикалық шөлдердегі таралуы.

Евразияның қалған бөліктеріне қарағанда өзінің пайда болуы мен табиғи жағдайының бүкіл комплексі жөнінен Африкаға неғұрлым жақын Шетелдік Азияның бір бөлігі осы Оңтүстік батыс Азия.

Генетикалық жағынан Оңтүстік батыс Азия африкалық платформаның бір бөлігі болып табылады. Ол бұдан Қызыл теңіз опырығының пайда болуына байланысты неогендік ̶ төрттік дәуір кезінде біржолата бөлінген.

Пайда болу ұқсастығы, тропиктік белдеуде орналасқандығы, памоклиматтық жағдайының ұқсастығы және қазіргі климат пен органикалық дүниенің бірлігі Аравияны Сахараның нақты жалғасы етеді.

Оңтүстік батыс Азия Үнді мұхитының солтүстік батыс бөлігінің жас теңіздері үш жағынан шайып жатады. Олар ̶ опырылған жерде пайда болған Қызыл теңіз, аден мен Оман шығанақтары, шығысында Парсы шығанағы және нағыз мұхиттық тектоникалық ойыстағы ̶ Аравия теңізі. Осы теңіздердің барлығы дерлік қатты қызатын континенттер әсерін көтереді, муссондық әрекетке ұшырайды және суының температурасының жоғарылығымен рның тұзының көптігімен ерекшеленеді. Аравия теңізінде +29, +30ᵒС дейін, ал Парсы шығанағында +35ᵒС дейін.Судың қатты булануы мен ағынының нашарлығы Үнді мұхиты теңіздерінің тым тұзды болуына жағдай жасайды. Аравия теңізінде 36-36,5‰, Парсы шығанағында 37-39‰, Қызыл теңізде дүние жүзіндегі ең жоғары тұздылық 41‰.

Сөйтіп Оңтүстік батыс Азия тропиктік шөлдер мен шөлейтті ландшафттар басым келетін аридтік территориядан тұрады да дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды суларымен шайылып жатады.

Тектониакалық жағынан бүкіл облыс(Оман шығанағына жататын учаскені қоспағанда) жердің опырылуына байланысты Африка платформасынан бөлініп, Қызыл теңіз бен Аден бұғазының пайда болуына әкелген шығысқа қарай еңістей түсетін үлкен құрлық. Аравия физико географиялық жағынан азияға қарағанда Африкаға жақындау. Архей дәуірінен келе жатқан кристалдық фундамент түбектің батысында көрініп жатады. Қалған аудандарда оь құрамы әр түрлі, біршамасы мыжылып қатпарланған, ал біршамасы көлбеу жатқан юра, бор және палеоген дәуірінің теңіз шөгінділерімен жабылған. Қазіргі рельеф неогеннің екінші жартысында қуатты опырылыс және интенсивті вулкандық әрекетке ұласқан интенсивті вертикалдық қозғалыс әсерімен қалыптасты.

Аравия түбегінің батыс және солтүстік батыс шеті мен Синай түбегінің оңтүстік бөлігінде кристалды таулы массивтер жағалаулық ойпаттан жарқабақтана сатыланып тік көтеріледі.

Бұл ̶ Қызыл теңіздің рифтік зонасымен қақ бөлінген зор күмбездің шығыс бөлігі. Күмбездің батыс қанаты Африка жағалауының Қызыл теңіздік тауларын құрайды. Баб-Эль-Мандеб бұғазының жағасында тау массивтері шығысқа бұрылып, Аравия түбегінің оңтүстік шетін бойлай жалғасады. Бірақ Аравияның оңтүстігіндегі геологиялық құрылым мен рельеф сипаты батыс және оңтүстік батыс жақтық бөліктерге қарағанда мүлде басқаша. Кристалды фундамент мезозой, палеоген дәуірлерінде горизонталды қалыпта орын тепкен, әк тастары мен құм астында жасырынып жатыр.

Таулы рельеф сондай-ақ түбектің шығыс шетіне тән. Оман таулары тектоникалық жағынан Оман шығанағынан опырылыстан бөлінген Загорстың жалғасына жатады. Тауларды негізінен мезозой мен неоген дәуірлерінің әктастары құрайды. Аравияның ішкі бөлігін теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте орналасқан және геологиялық құрылымы мен рельефі әркелкі, олардың қалыптасуында шөлдік желге мүжілу процестері мен күлге айналу әрекеті үлкен роль атқарған үстірттер мен жазықтар алып жатады.

Ішкі Аравияның едәуір көтеріңкі бөлігі ̶ Орталық Аравия үстірті Хиджаз бен Эль-Асира тауларының шығысында орналасқан. Ол кей жерін ыстық лавалар жауып жатқан кристалл жыныстардан құралған. Үстірттің биіктігі 1500-2000м- ге дейін жетеді.

Үстірттің солтүстік, оңтүстік және шығыс жақтарында кристалл жыныстар әр кезеңдік және құрамы әркелкі тұнба қабаттары астында жатады. Орталық Аравия үстіртінен шығысқа қарай жоғарғы юра, бор, эоцен дәуірлерінен көлбеу жатқан әк тас қабаттары жер бетіне шығады. Тұнба жыныстардың қабаттары эрозияның салдарынан салыстырмалы биіктігі бірнеше жүз метрге жететін құмды шөгінділер мен биік дөңдене тізбектеліп жатқан құмы бар шөл учаскелерінен тұрады. Осындай депрессиялардың бірінде Кіші Нефуд немесе Дехна шөлі жатыр.

Ал Орталық Аравия үстіртінен солтүстікке қарай Үлкен Нефуд шөлі аталатын сусымалы-құмды кең-байтақ алап орналасқан. Үйілген құм дөңнің биіктігі 100м-ге дейін жетеді. Түбектің оңтүстік бөлігінде ежелгі фундаменттің синеклизінде екінші құмды шөл ̶ Руб-Эль-Хали. Оның беткі қабаты бор мен палеоген дәуірлерінде үгітілген әк тастарынан пайда болған құмдардан қалыптасқан. Ал Персия шығанағы жағасында биіктігі 700м-ден аспайтын тасты немесе құмды шөл болып келетін Эль-Хаса ойпаты жатыр.

Үлкен Нефуд шөлімен солтүстікке қарай бор және палеоген дәуірінің тұнба шөгінділерінен қалыптасқан. Солтүстік үстірті мен сирия шөлі созылып жатыр, олардың астында кристалды негіз бар. Үстірттің биіктігі 400-500м, кей жерлерде 1000м.

Аравия түбегінің қойнауы мұнайға бай. Ол бор мен әк тастарының қойнауында кездеседі, яғни Катар ауданы, Сауд Аравиясы шегінде, Бахрейн аралдарында. Аравия түбегінің үлкен территориясында бүкіл жыл бойына континентті тропиктік ауа басым. Сондықтан мұнда жауын-шашын мүлде болмайды.

Жаз айларында бүкіл облысты орталығы Инд бассейнде жатқан ауқыьды бари депрессиясы қамтиды да континентті тропиктік құрғақ ауа қалыптасады. Тек жағалауларда ғана ылғалдылық артады. Жылдың суық мезгілінде облыс субтропиктік максимум әсеріне ұшырайды, оның әсері солтүстікке Оңтүстік Сирияға дейін тарайды. Сөйтіп жыл бойы ауа массасының алмасу жағдайы ылғалдылық түсуіне қолайсыз. Тек қиыр солтүстікте ғана полярлық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр болады. Қиыр оңтүстік батыста муссондық сипаттағы желдер әкелетін жауын-шашын жазда болады. Оның жылдық мөлшері Иемен таулары беткейлерінде 750мм-ге жетеді. Бұл бүкіл Аравия облысының ең ылғалды ауданы. Оман тауларының беткейлерінде қыс кезінде 500мм-ге дейін ылғал түседі. Қар тек солтүстік аудандарда биік таулардың шыңдарында анда-санда түседі.

Аравия жер бетіндегі күн радиациясының жалпы жиынтығын ең мол қабылдайтын жер, мұнда жыл бойына температура жоғары болып тұрады. Ең суық айдың температурасы +16+20ᵒС жақын, ал жазғы орташа температура +24ᵒC, абсолюттік максимум +45+50ᵒС жетеді. Ішкі бөліктері мен солтүстікте жазда әсіресе шаң мен құмды көкке көтеретін самум желі соғады.

Қазіргі кездегі климат жағдайы өзен жүйесін дамытуға қолайлы емес, тек кеуіп қалған аңғарлар ̶ уэддтер Аравияның биік массивтерінен басталып Қызыл теңізге, Аравия мен Персия шығанақтарына немесе Тигр мен Евфрат бағыттарына қарай тарайды. Аравияны сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі ̶ жер асты сулары.

Ылғалды муссондық жел өтіндегі Иемен тауларының беткейлерінде табиғи және мәдени өсімдіктер жайқалып тұрады. Онда ағаш тәрізді сүттіген, мимоза, сикомор, алып қатты ағаштар өскен ормандарды кездестіруге болады.

Қызыл теңіз бен Персия шығанағының жағалаулық ойпаты оазистері бар шөлді территория болып табылады. Оазистерге тән ағаш: құрма пальмасы, ал жақсы суландырылған жағалаулық жерлерде кокос пальмасы кездеседі. Ішкі бөлігіне қарай оазистер азаяды да шөлді кеңістіктеркөбейе түседі, онда суккулентті өсімдіктер(алоэ, сүттіген) немесе ылғалды тереңнен алатын тамыр жүйесі жақсы жетілген астрагал, жусан, аристида шөптер алып жатады.

Фаунадан көрші Евразия мен Африка облыстарының фаунасына жақын. Ұзақ мерзім су ішпеуге бейімделген қарақұйрық, онагр жабайы есегі, нағыз африкалық фаунаның түрі даман да бар. Шөлдерде салпаң құлақ тау түлкі фенек мекендейді. Облыста аридтік ландшафт басым, Аравияда бауырымен жорғалаушылар: жылан (кобра,эб жылан, гюрза), агама, хамелеон кең тараған.

«Месопотамия» сөзі өзен аралығы деген ұғымды білдіреді.

Жазықтық рельеф, оңтүстікте тропиктик шөл климатына ауысатын құрғақ субтропиктік климат және екі үлкен транзиттік өзеннің болуы осы облыс табиғатының негізгі ерекшеліктері. Месопотамия альпілік қатпарлы белдеу мен Аравия платформасы аралығындағы шеткі иін орнында пайда болған. Иілу мезозойда басталған. Едәуір ежелгі жыныстар жер бетіне тек шеткі жақтарда ғана шығады, ал ішкі аудандар палеоген мен неоген құм және әктастарынан, Тигр мен Евфрат төрттік дәуірдегі аллювиалды шөгінділерінен жасалынған.

Месопотамияның қазіргі жағалаулық белдеуі өте жас және онда таяуда болған қозғалыстардың іздері бар. Жазда Месопотамияда Аравия шөлдерінен келетін құрғақ тропиктік ауа басым болады. Қыс мезгілінде орташа температура -33-34ᵒC.

Қыс мезгілінде жоғарғы месопотамия Атлант мұхитының циклондары енетін аудандардың бірі болып табылады. Ал оңтүстік Месопотамияға циклондық әрекет кең тарамаған, онда бүкіл жыл бойы континенттік тропиктік ауа басым. Осыған орай Месопотамияның солтүстік бөлігінде қысқы циклондарға байланысты жауын ̵ шашынды кезең болып тұрады, ал жылдың қалған уақыты құрғақ болады. Жылдық ылғал 300-700мм, ал оңтүстікке қарай 200-100мм-ге дейін төмендейді, көбіне қыс мезгілінде жауады. Жазы өте ыстық, шілденің орташа температурасы +30+45ᵒС, салқын айдың орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай +7+10ᵒC дейін өзгеріп отырады, сонымен бірге қыста солтүстіктен антициклондық енуіне байланысты температура бүкіл Месопотамияда күрт төмендейді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.012 сек.)