АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 30 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Антарктида құрлықтардың ішіндегі адамзатқа ең кеш белгілі болған құрлық. Бірақ ол туралы деректер орта ғасырдан бері географтар мен теңіз жүзушілерге белгілі болған. Ф.Ф. Беллинсгаузен және М.П. Лазарев бастаған арнайы құрылған экспедиция арқасында 1819-1821 жылдары орыс теңіз жүзушілері Антарктида және оған жататын аралдар жағалауында болған.

Соңғы он жылдықта Антарктидаға деген қызығушылық туғызды. Әр елдердің зерттеушілері мен теңіз саяхатшылары оның су бассейндерінің байлығы мен ғылыми зерттелмеген мәселелеріне назар аударды.

Дегенмен де, құпия құрлықтың жүйелік зерттелуі екінші Дүние жүзілік соғыстан кейін басталып осы күнге дейін жалғасуда.

40-50-ші жылдары көптеген мемлекеттер Антарктида құрлығында ғылыми-зерттеу станцияларын құрды. 1957 жылы 3-ші халықаралық геофизикалық жылына орай бірлескен халықаралық зерттеу бағдарламасы жасалды.

Осы бағдарлама бойынша 1955 ж. басталған жұмыстар құрамына: ғылыми-зерттеу станцияларының, ішкі континенттік экспедициялар мен теңіз экспедицияларының мәліметтері кіреді.

1958 ж. кеңестік экспедиция алғаш рет геометриялық құрлық ортасына жетті. Кеңес Одағының ғалымдары, АҚШ және басқа елдердің ғалымдары құрлық түкпіріне ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізді. Құрлықты бірнеше рет Оңтүстік полюс арқылы зерттеушілер жүріп өтті. Қазіргі кезде Антарктидада бірнеше ғылыми-зерттеу станциялары жұмыс істейді. Жаңа әдіс қолдану арқылы Оңтүстік поляр облысының табиғат жағдайларын зерттеумен айналысады. Соңғы жылдары Антарктида зерттеуінде авиация ерекше орын алады.



Антарктида оның оңтүстік полюске жақын орнымен, сондай-ақ жоғарғы оңтүстік ендіктердегі құрлық пен теңіздің ара қатынасымен анықталатын табиғат жағдайларының айрықша өзіне тән қаталдығымен ерекшеленеді. Тіпті Арктика жағдайларының кейбір ұқсастығы бола тұрса да Антарктида аймағы жағдайынан шұғыл ерекшеленеді.

Антарктидаға тән жағдай құрлық пен су бассейндерінің кең байтақ кеңістігін қамтиды. Антарктида құрлығы Антарктида құрлығынан басқа аралдық архипелагтар мен жекелеген аралдарды: І Александр жерін, Оңтүстік Шетланд аралдарын, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичев, Оңтүстік Георгия, Баллени және басқа аралдарды біріктіреді. Олардың кейбіреулері құрлыққа тікелей жақын жатыр және одан табиғат жағдайлары бойынша мүлдем ерекшеленбейді, қалған аралдар құрлықтан және бір-бірінен үлкен қашықтықта шашырап орналасқан.

Антарктида жағасын Оңтүстік Мұзды мұхит сулары шаяды. Мұхит құрлық жағалауына сұғына түсіп, Уэнделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Содружество, Космонавтар теңіздерін құрайды. Антарктида су бассейндеріне оларды басқа ендіктердің су бассейндерінен айырып, Жердің бұл бөлігінің табиғатына үлкен ықпал көрсететін режимнің флорасы мен фаунасының көптеген ерекшеліктері тән.

Антарктида полюс маңында орналасқандықтан оның солтүстік шекарасы біреу-ақ, яғни барлық жағынан тек мұхиттар арқылы өтеді. Сондықтан оның шекарасын анықтау қиынға соғады. Антарктида шекарасы туралы мәселе ұзақ уақыт бойы даулы болды және әр түрлі зерттеушілер түрліше шешті. Бұл шекараны қоңыржай ендіктің атмосфералық циркуляциясы арктикалық ендіктердің ауа массаларымен ауысатын аралықта жүргізген дұрыс; яғни қоңыржай және арктикалық ауа массаларын бөліп тұратын фронттың солтүстік шекарасы арқылы жүргізген дұрыс. Шамамен осы зонамен суық антарктида сулары қоңыржай ендіктің біршама жылы суларымен тоғысатын антарктидалық конвергенция деп аталатын зона сәйкес келеді.

‡агрузка...

Антарктиданың солтүстік шекарасында мұхиттың бүкіл су режимінің шұғыл өзгерісін барлық зерттеушілер атап көрсетті. Оның үлкендігі соншалық, Дүние жүзілік мұхитта Антарктида аймағында табиғи зоналық шекараның болуы күмән туғызбайды. Антарктида Жердің оңтүстік, антарктидалық белдеуіне сай келеді.

Антарктиданың әр түрлі секторларындағы антарктидалық конвергенция зонасы әр алуан ендіктерде, алайда жыл ішінде оның орны аз өзгереді. Атлантика секторына және Үнді секторының батыс аудандарында ол 48-500 оңтүстік ендіктердің арасымен өтіп, оңтүстікке ауытқиды да Тынық мұхит секторында 600 оңтүстік ендікке жақындайды. Бұл зона айсбергтер мен теңіз мұзының жиегі олардың барынша таралуы байқалатын солтүстік шекара аралығында орташа алғанда 53005¢ оңтүстік ендікке жақын жатыр. Антарктида ауданы бұл аралықта Антарктида материгін қоса есептегенде, 52 млн. км2 құрайды. Антарктида аймағының солтүстік бөлігі Антарктиданың басқа бөліктеріне қарағанда табиғат жағдайларының онша қатал еместігімен ерекшеленеді. Осыған байланысты Антарктида аймағының шегінде солтүстік жарты шармен ұқсастығы бойынша субантарктидалық белдеу– Субантарктиданы бөліп алып, оған жазда қоңыржай ендіктердің батыс айналымының ықпалы байқалатын оңтүстік мұхиттардың аралдарымен бірге едәуір бөлігін жатқызады.

Антарктида сулары.Антарктида маңайындағы құрлықтық қайраң жер шарының басқа бөліктеріне қарағанда едәуір тереңге (орташа 500 м) батып тұр. Бұл терең бату сондай-ақ құрлықтың шетін қамтитын мұхит түбінің кейінгі кездегі төмен түсуімен түсіндірілуі мүмкін. Құрлықтық қайраң бетінде оның ең көп даму кезеңіндегі құрлықтық мұз басу әрекетінің іздері бар. Құрлықтық қайраң көлемінде Антарктиданың шеткі теңіздері жатыр.

Құрлықтық қайраңның тіп-тік беткейі бір–бірінен су асты жоталары мен түбінің көтерілулерімен қашықталған тереңдігі 4000-5000 м, солтүстігірек жатқан қазан-шұңқырларға апарады. Негұрлым ірі қазан-шұңқырлар–Африка-Антарктида, Австралия, Антарктида, Беллинсгаузен қазан-шұңқырлары. Оларды Африка Антарктида жотасы, Австралия-Антарктида көтерілуі, Оңтүстік Тынық мұхит көтерулуі бөліп тұр.

Су асты жоталарының шыңдары су бетіне аралдар түрінде шығып тұр. Олар әр түрлі жастағы жанартаулық құрылыстар болып табылады.

Оңтүстік поляр суларының беткі қабаты шектен тыс төменгі температуралы және тұзды болуымен ерекшеленеді. Қыста Антарктиданың оңтүстік бөліктерінде судың бетіндегі температурасы шамамен–20С, ал солтүстігінде +10С- қа жуық немесе біршама жоғары. Жазда судың ең беткі қабаты кейбір жерлерде тек +2, +30С-қа дейін қызады. Біршама суық судың беткі қабатының қалыңдығы бірнеше ондаған метрден бірнеше жүздеген метрге дейін ауытқиды.

Антарктида суларының тұздылығы айсбергтің тұшыту әсерінен ешбір жерде 35 промильге жетпейді, ал бет жағы 34 промильге–ге тең Жоғары ендіктегі батыс ауа ағыстарының басым болуына байланысты Антарктидада батыстан шығысқа қарай су үнемі жылжиды. Жердің айналуынан ауытқу әсерімен бұл беткі ағыстарды да алады, сондықтан судың бір бөлігінің үнемі солтүстікке қайтуы пайда болады. Осыған байланысты кейбір тереңдікте Антарктидаға біршама жылы су әкелетін компенсациялық ағыстар түзіледі. Бұл сулар тұрақты температурасы +1, +20С-қа жуық мұхиттық антарктида суларының орташа қабатын түзейді. Бұл қабаттан төмен ең тұбіне 00С-қа дейін температурадағы, тіпті біршама төмен суық су таралады.

Антарктида суларына жаз уақытында жүзуді қиындататын, ал қыста мүлдем мүмкін емес ететін биік толқындар (10-15 м), теңіз дауылы, қар басқыны тән. Оңтүстік мұхит–Дүние жүзілік мұхиттың толқыны күшті бөлігі.

Антарктида суларында кеме қатынасына жүзіп жүрген мұздар үлкен қауіп туғызады. Олар теңізден және континенттен пайда болады. Теңіз мұздары қысқы уақытта күшті теңіз дауылы мен қар басу жағдайында, әсіресе беті тегіс мұз түрінде қалыптасады. Теңіз мұзы оның жиегі 500 оңтүстік ендікке жеткен кезде, қыркүйек пен қазанда неғұрлым алыс солтүстікке таралады. Жазда теңіз мұздары ериді, оның жиегі құрлыққа дейін шегінеді.

Құрлықтық мұздықтардың немесе шельефті мұздардың (айсбергтердің) Антарктидада екі түрі төрткіл және пирамидалы түрі кездеседі. Төрткүл айсбергтегі үлкен ауданды алып жатыр (ұзындығы 120 немесе 167 км). Пирамидалы айсбергтер биік және сызықты көлемде келеді (биіктігі 400-500 м). Жеке дара антарктидалық мұз тауы, яғни айсбергтер болуы 10 жылға «өмір» сүреді. Бұлардың саны көп, және тұман мен қарлы боранда кеме жүзуіне қауыпті.

Антарктида оңтүстік жарты шардың басқа құрлықтарынан мыңдаған километр алыста жатыр. Оның бірден-бір түбегі–Антарктиданың шеткі нүктесінен Оңтүстік Америкаға дейінгі ең жақын аралығы 1000 километрден асып кетеді. Бүкіл құрлық Оңтүстік поляр шеңберінің ішінде жатыр. Құрлықтың поляр ар жағындағы жағдайы мен оның құрлықтың басқа бөліктерінен оңашалығы Антарктиданы өзгеше, сондықтан табиғи жағдайы қаталдығымен ерекшеленеді.

Антарктиданың негізгі ерекшелігі, жорамалдап, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп, біресе ұлғайып тұратын құрлықтық мұздың қалың жамылғысы болып табылады. Құрлықтың мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оның астында жатқан құрлықты–Тасты Антарктида деп атайды.

Бүкіл құрлық мұз сауытын жамылған. Тек құрлықтың шет жақтарынан мұз жамылғысының астынан мұздан босаған жекелеген тау шыңдары шығып тұрады.

Құрлықтық мұз сол құрлықтың өзінің бетін ғана емес, сонымен бірге оған жанасып жатқан көптеген аралдарды, сондай-ақ шельефті мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де жауып тұр. Кей жерлерде мұздар теңіз деңгейінен едәуір төмен жатыр (-2555 м). Құрлықтық мұздардың, шельефті мұздардың жамылғысы астындағы құрлықпен жанасып жатқан аралдар ауданы 13,978 млн.км2 болады. Шамамен 10%-ы шельефті мұздарға келеді. Мұздан бос жатқан аудан 2500 км2, яғни құрлықтың бүкіл бетінің шамамен 0,2 %-ын құрайды. Құрлықтың ауданы мұзды шельефі мен аралдарынсыз 12238 мың. км2.

Мұзды Антарктида. Антарктиданың мұз жамылғысының орташа қалыңдығы 2000 м, шығыс Антарктидада ол 4500 м жетеді. Мұздың осы қалыңдығының есебінен құрлықтың. орташа биіктігінен 3 есе асып түседі.

Құрлықтық мұздың жалпы көлемі кейбір мәліметтер бойынша 24 млн. км3, яғни жердегі қазіргі мұз бастаудың 90%-ы , кейбір мәліметтер бойынша едәуір көбірек.

Құрлықтық мұз қалқанының бетін қалың қар жапқан, оның астында фирн, ал үлкен тереңдікте мұздықты мұз жатыр. Мұзды енді және терең жарықтар кесіп өтіп, әдетте тығыздалған қардан «көпірлер» жамылған. Мұндай «көпір» жарықты жасырып қалады және сондықтан үлкен салмақты көтере алмайтындықтан айрықша қауіпті, кейде тіпті адамның салмағымен де сынып кетеді.

Мұз ішінде температура өте төмен ол ондаған 00-С-тан төмен градуспен есептеледі. Бірақ кейбір жерлерде мұз қабатын бұрғылау кезінде 0 градусты су анықталған. Бұл құбылысқа әлі де түсіндіріе алмаған.

Антарктиданың мұздық жамылғысы көлденең кесіндісінде ғана әртүрлі емес. Оның беткі қабаты да әртүрлі: мұздық жазықтар арасында биіктігі 10-20 км-ге жететін күмбездер кездеседі.

Антарктидалық мұздықтар немесе тегіс мұздықтар теңізге түседі немесе кейбір жерлерде биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тіп-тік құлама– тосқауылдар түзеді. Мұндай құлама шельефті немесе құрлықтық мұздар көп жерлерде оларға теңіз жақтан келе алмайтындай етіп, Антарктида жағалауын бойлай жүздеген километрге созылады. Ең үлкен шельефті мұздық Росс теңізінің оңтүстік жартысын жауып тұр. Оның тіп-тік солтүстік шетінің ұзындығы 950 километрге жетеді, ал Росс тосқауылы деп аталатын тіп-тік мұзды кертпеш биіктігі кей жерлерде 70 метрден асып кетеді.

Мұз астындағы рельефтің төмендеуімен мұз ішкі аудандардан мұхитқа сырғып түседі. Бұл су «шығарушы» мұздықтар мұзының қозғалыс жылдамдығы жылына 500-1200 метрге жетеді.

Мұз қорларының үздіксіз толығуы атмосфералық жауын-шашын есебінен жүреді. Еру әсерінен мұз шығыны мардымсыз. Зерттеулер көрсеткендей, Антарктида мұз жамылғысы 20 млн. жылдан бері бар, қазіргі уақытта ол жорамалдағандай азайған жоқ, тепе-тең күйде тұр. Тіпті құрлықтың ішкі бөліктерінде мұз массаларының ұлғаюы жүруі мүмкін.

Мұз басудың шеткі алқаптарында антарктидалық оазистер деп аталатын мұздан бос аудандар бар. Кейде жерлері жүздеген шаршы километр аудандарды алып жатқан бұл оазистерді барлық жағынан мұз қоршап жатыр. Олардың бетінде жаз уақытында қар жоқ және тіпті мұз баспаған еріген қар суының көлдері кездеседі. Жердің нағыз бетіндегі ауа температурасы жағымды болады, ал бірнеше метр биіктікке шұғыл төмендейді. Құрлықтың жекелеген көтеріңкі аймақтарын мұздың орағыта ағуы оазистердің пайда болуына себеп болады деп жорамалдайды, құрлықтық мұз басудың шеткі алқаптарының кейбір аудандарында оазистердің жан-жақты дамуы мынаған байланысты, онда мұз басу құрлық орталығынан мұз массасының механикалық кемуіне байланысты ғана болады.

Тасты Антарктида. Рельеф құрылымының негізгі белгілері. Оазистердің, мұз баспаған тіп-тік тау беткейлері мен құламаларын зерттеу, сондай–ақ гравиметрикалық, сейсмикалық және магниттік зерттеулер Тасты Антарктиданың геологиялық құрылыстары мен рельефін бағалауға және оның оңтүстік жарты шардың құрлықтарының басқа бөліктерімен байланысы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Құрлықтың батыс шетін Антарктида Андысы–құрылымдық және геоморфологиялық қатынасы жағынан Оңтүстік Америка Андысының жалғасы болып саналатын тау жүйесі алып жатыр. Ол Антарктида түбегі мен Мэри Бэрд Жеріне жанасып жатқан аралдар арқылы созылып, VІІ Эдуард түбегінде аяқталады. Бұл тау жүйесінің үлкен бөлігін құрлықтық мұз жапқан, алайда 3000-4000 метр биіктікке жететін оның ең биік шыңдары мұз жамылғысының үстінде көтеріліп тұр және қалың мұз басуға ұшыраған. Элсуэрт Жері таулары бүкіл Антарктидадағы ең биік шың Винсон (5140 м) массивімен үлкен биіктікке жетеді. Таулар мезозой жасындағы метаморфтанған шөгінділер мен жанартаулық жыныстарынан қалыптасқан. Олардың құрылысында неоген соңында жарықтар сызығының бойымен ақтарылған лава үлкен рөл атқарады. Шығыстан оған ерте мезозойлық шеткі майысу жанасып жатыр.

Тынық мұхит суларының астында Антарктида Андысы Жаңа Зеландиялық су асты шоңғалы түрінде жалғасады және кейіннен Жаңа Зеландия тауларымен қосылады. Екінші жағынан, бұл тау жүйесі құрылымының жалғасы аралдық Оңтүстік-Антиль иіні болады, бұл иін аралдары (Оңтүстік Георгия, Оңтүстік Сандвичев, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Шетланд) су асты тау жоталарының жанартаулық шыңдарына саналады.

Плитаның батыс шегінде Батыс Антарктида шекарасынан бүкіл континентті кесіп өтіп және Уэдделл теңізінің шығыс жағалауынан Росса Теңізінің шығыс жағалауына қарай трансшекаралық таулар орналасқан. Олар континентті кесіп өткен жанартаулы күрделі опырындалар жүйесі бойымен көтерілген. Кайнозойдың екінші жартысында пайда болған сөнбеген жанартаулар Росса теңіз аралдарында 3000 м биіктікке жетеді.

Оның батыс бөлігі платформасының кембрийге дейінгі кристалды фундаментінің шегінде Гондван құрамына енетін басқа құрлықтардың континеннті түзілісіне ұқсас палеозой және мезозой континентті шөгінділері жауып, кембрийлік теңіз шөгінділерінің қабаты жатқан плита болып табылады. Тас көмір қорлары осы шөгінділермен байланысты. Тегіс жерлер биіктігі 3000-4000 м жетеді (Гамбурц, Вернадский таулы массивтермен алмасады).

Антарктиданың шығыс шетін неоген-антропоген уақытында жарық сызықтары кесіп берік криссталды жақпарлар алып жатыр.

Антарктида платформасының ежелгі кристалл жыныстарында кейбір металл рудаларының кен орындары: мыс, молибден, қорғасын және т.б. тараған.

 

 

Мұхиттық аралдар - Меланезия, Микронезия, Полинезия және Жаңа Зеландия. Дүние жүзінің мұхиттарына жалпы шолу.

 

Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік - батыс бөлігінде құрлықтық, маржандық және жанартау текті көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.

Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. км2. Әдетте, Мұиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Австралияға ең таяу жатқан Жаңа Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвинея, Соломон аралдары , Жаңа Каледония т.б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезиядан солтүстіктегі және 1770 ш.б. батысқа таман жатқан ұсақ аралдарды (Мариян, Каролин, Маршалл т.б.) Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлігінде 1770 ш.б. шығысқа қарай жатқан қалған барлық аралдар Полинезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам аралдар т.б. Бұл тарихы және этнографиялық жағынан осылай бөлінген, бірақ ол Мұхиттық аралдарды генетикалық және физгеографиялық белгілеріне қарай бөлуге сәйкес келмейді.

Жаңа Гвинеядан, шығыста Фиджи аралдарын қоса, Жаңа Зеландияға дейінгі аралдар доғасы аралдарды және құрлықты бөліп жататын су бассейндерімен бірге Тынық мұхит геосинклинальды белдеуінің жалғасы болып табылады. Климаттың құрылуы және органикалық дүниенің түзілуі жөнінен ол Австралиямен тығыз байланысты, Шығыс Азия аралдары Еуразияға қандай қатынаста болса, ол да Австралияға сондай қатынаста. Шетелдік әдебиетте оны кейде Неоавстралия деп те атайды. Бұл аралдық доғаны Австралиямен бірге қарастыруға болады. Тынық мұхиттың ашық бөлігінің аралдары пайда болуы жөнінін Тынық мұхит платформасымен (талассократонмен) байланысты және оларға өмір бойы құрлықтың ірі алаптарының әсері тимеген. Олардың табиғатының өзіндік өзгешелігі жеткілікті және Австралия құрлығының табиғатымен ешқандай байланысы жоқ.

Мұхиттық аралдар материк құрлықтарынан ұзақ уақыт бөліне отырып өзінің ландшафтық құрылымы, геологиялық құрылысы мен жер бедері және шығыс аралдарының флора мен фаунасынң түрлік құрамының аздығымен ерекшеленетін аумақ. Мұхиттық аралдардың геологиялық құрылысы Тынық мұхит түбінің құрылымымен тығыз байланысты. Себебі барлық аралдар маржанды және вулкандық сипатқа ие. Мұхиттық аралдардың орталық бөлігі «полинезия мен шығыс микронезия» неогеннің аяғы мен төрттік дәуірдегі Тынық мұхит түбінің мұхиттық платформасының жарықтық сызығымен сәйкес келеді. Мұхиттық аралдардың батыс бөлігі геосинклинальды құрылым түзе отырып жерасты биік таулы қыраттар белдеуінен тұрады. Мұхиттық аралдардың батыс бөлігі ең ірі де таулы аймаққа жатады. Олардың ішінде өзінің мөлшері мен биік таулы жер бедерімен сипатталатын өңір Жаңа Зеландия және Жаңа Гвинея аралдары. Яғни жалпы мұхиттық аралдардың 80%-ын құрайды. Жылы айлардың орташа температурасы оңтүстігінде 16ᵒ солтүстігінде 25° аралығында өзгеріп ең суық «ақпан мен тамыз» аралығы 16-5ᵒаралығы болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері орографияға байланысты әртүрлі мөлшерде таралған. Жылдық жауын̵ шашын мөлшері биік таулы аймақтарда 900мм жауады. Осы көрсеткіштер тау беткейлерінің экспозициясында климаттық және ландшафтық ауыспалықты тудырады. Жел жақ беткейлерінде ылғалды мәңгі жасыл ормандар мен суы мол өзендер торабын құрай отыра тау жыныстарының химиялық үгілуі мен эрозия процесі жақсы дамып топырақтың күлгінді латеритті түрі таралған. Ал желге қарсы беткейлерінде аралас ормандар мен сирек бұталы қылқан жапырақты саванналар және кокосты пальмалар таралған.

Аймақтық ландшафтар ерекшеліктеріне байланысты мұхиттық аралдарды төрт физикогеографиялық аймақтарға бөлеміз: Меланезия, Микронезия, Жаңа Зеландия және Полинезия.

Меланезия

Меланезия грек сөзінен аударғанда қара аралдар деген мағына береді. Бұл аймаққа Жаңа Гвинея, Бисмарк архиппелагы, Луизияда аралдары , Соломонов аралдар, Санта ̵ Крус, Жаңа Гибрид, Жаңа Колдония Фиджи және т.б ұсақ аралдар тобы жатады. Меланезия аралдары неоген мен төрттік дәуірдің басындағы тау түзілу процестері нәтижесінде және Альпі геосинклинальдық белдеу бойында жатыр. Оларды негізінен кристалды интрузивтер мен қатпарлы шөгінді жыныстар төсеніші алып жатыр. Кристалды жыныстардың рудалы қазба байлықтар кристалды жыныстар кешенінде жаңа Коледонияда никель, алтын, темір және хромиттер түзілсе, Жаңа Гвинеяның шөгінді жыныстарында мұнайлы бассеиндер шоғырланған. Вулкандық әрекеттер қазіргі уақытқа дейін тау түзілу процесін дамытады. Жер қырытысындағы қозғалыстардың әрекет етуі күшті жер сілкіністері мен олардың жиілеуіне әкеліп соғады. Көптеген аралдар маржанды рифтар мен қоршалып түзілген. Мысалы, Жаңа Коледонияның батыс жағалауының 658км-ін тосқауыл рифі жауып жатыр. Ол ұзындығы жөнінен Австралиядағы Үлкен Тосқауыл рифінен кейінгі орында. Аралдардың жер бедері геологиялық құрылысы жағынан таулы болып келген. Тек қана маржанды және вулканды аралдар ғана өзінің аласа таулы үстірттерімен ерекшеленеді. Меланезияның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі Австралия Малай түрлерін қамтиды. Әсіресе, фауналық құрамы жағынан Жаңа Гвинея, Бисмарк архиппелагы және Соломон аралдары Австралия облысының Папуас зоогеографиялық кіші облысын қамтиды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.013 сек.)