АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ЕМЕС элементі

Читайте также:
  1. НЕМЕСЕ элементі

Қарапайым Х айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы немесе инверсия деп аталады.

Белгіленуі: Х, ØХ, NOT Х, Х ЕМЕС

ЕМЕС схемасы терістеуді жүзеге асырады. Бұл схеманың Х кірісі мен

шығуының X = арасындағы байланысты қатынасымен жазуға

болады, мұндағы «х емес» немесе «х инверсиясы» деп оқылады.

Бұл схеманың кірісінде 0 болса, шығуында 1 болады.

Ал кірісінде 1 болғанда, шығуында 0 болады. Құрылымдық

схемалардындағы инвертордың шартты белгіленуі 3- суретте көрсетілген.

 

ЕМЕС схемасының ақиқаттық кестесі

Кірістік шамалар Шығуы
Х
  1
   

Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу- ақиқат.

Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу- жалған.

Бұны физикалық тұрғыдан қалыпты тұйық реленің (серіппе астылық)

көмегімен іске асырауға болады. Орамға реле ток берген кезде

(кіріс сигналы 1-ге тең), реле жұмыс істей бастайды және

байланысты ажыратады. Егер тізбекте ток болмаса, онда ол тұйықталады.

Бұлардан басқа да логикалық алгебрада көптеген басқа да логикалық амалдар кездеседі Типтік логикалық қүрылғылар. Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады..

Логикалық элементтерден триггер деп аталатын, кең таралған есептеуіш машина элементін құрастыруға болады. Ол екі тұрақты қалыпта бола алады және бір екілік ақпарат бірлігін сақтауға қабілетті. Жадының қазіргі кездегі микросхемаларында миллиондаған триггерлер бар.

Бірнеше триггерден тұратын қалыптар жүйесі және ол көпразрядты екілік кодты қысқа уақытқа сақтауға арналған болса регистр деп аталады.Регистр енгізген ақпаратты есте ұстайды және оны қажетті уақытқа дейін сақтайды.

Сумматорлар (қосындылауыш) екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық схема. Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалық- логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.

Шифратор. Бұл құрылғы өзінің кірістерінің біреуінде сигналды шығысында сәйкесінше сигналдар теріміне түрлендіреді. Ол сигналды кодқа айналдырады да және оны машинаға ыңғайлы етеді. Дешифратор шифратордың әрекеттеріне кері амалдарды орындайды, яғни әрбір кіріс сигналдарының комбинациясына тек бір ғана шығу сызығын береді. Дешифратор амалдар кодтарының шифрын ашу үшін пайдаланылады.

Бұл элементтер шала өткізгішті диодтармен, транзисторлармен құрылады.Бірақ соларды басқару үшін аргументтік мәндерді тағайындайтын тізбектер қажет.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)