Тамыр ішіне дәрі енгізуге арналған жүйені жинау және қолдану
Асқазанды жуу
Қандағы қантты анықтаудың жедел тәсілдері және оларды талдау
Жоғары тыныс жолдарын тазалау және олардың өткізгіштігін ұстап тұру тәсілдері.
Ауаөткізгіш, бет маскасын және тыныс беру қапшығын қолдана отырып «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беру
тәсілдері.
Жүрекке тікелей емес массажы. Жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы.
Қан тоқтату жгутын салу және қан тоқтатудың басқа тәсілдері.
Жарақаттанған аяқ-қолдың иммобилизациясы және таңу салу.
Қуық катетеризациясы.
Күні
Саны
Тәжірибелік дағдыға баға
Жетекші қолы
Кәсіптік тәжірибелік дағдыларды бағалау критериилері
Студентке тапсырма: емтихан алушыға әрбір әрекетіңді айта отырып, электрокардиограмманы жазу әдісін жүргіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төмендегі әрбір пунктер бойынша бағалаңыз
№
Тәжірибелік дағдылар, бағалау критериилері
Қадамдық бағасы балл бойынша
1. ЭКГ түсіру және талдау
4,0
Науқасты кушеткаға жатқызамыз, кеуде клеткасын, білек пен балтырдың төменгі 1/3 бөлігін ашамыз. Электрод қойылатын тері бетін спиртпен өңдейміз, арнайы гель жағамыз. Электродтарды мынадай кезекпен орналастырамыз: сары- сол білек, жасыл - сол балтыр, қара-оң балтыр, қызыл-оң қол. Кеуде электродтары мынадай кезектілікпен: І-төстің оң қыры бойынша IV қабырғааралықта; ІІ-төстің сол қыры бойынша IV қабырғааралықта; III- екінші және төртінші позиция аралығына; IV - сол бұғана ортаңғы сызық бойынша V қабырғааралықта; V - сол горизальды сызық бойымен IV тәрізді, сол жақтық алдыңғы қолтықасты сызық бойымен; VI - сол жақтық қолтықасты сызық бойымен IV-V деңгейінде. Жазу жылдамдығын таңдайды (дәстүрлі 10мм. Және 50мм/сек. таңдалады).
0,5
Барлық электрокардиограммаларға талдау жасалады, ЭКГ барлық әкетулері қарастырылады. R-R интервалдарының ұзындығы бойынша жүрек ырғағы және жүрек жиырылу жиілігі анықталады.
0,5
ЭКГ ІІ стандартты әкетуінде мына интервалдарды өлшейді: P-Q, QRS. PQ интервалын Р тісшесінің басталуынан қарыншалық комплекс басталғанға дейін (Q) өлшенеді, PQ интервалын жыпылықтаушы аритмия кезінде өлшемейді. Алынған нәтижелерді бағалау кезінде қалыпты мөлшерлермен салыстырады (0,12-0,2 сек). P-Q интервалының 0,2 сек жоғарылауын атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылысымен салыстырады.
0,5
QRS интервалын QRS комплексінің басталуынан аяқталуына дейінгі аралықты өлшейді, алынған нәтижелерін бағалауда дені сау адамның көрсеткіштерімен салыстырады (0,06-0,1 сек). QRS комплексінің 0,1 сек ұзаруын қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылысымен байланыстырады. Мүмкін болатын себептерін көрсетеді (қарыншалардың ұлғаюы, Гисс шоғыры аяқшаларының блокадасы, эктопиялық қозу).
0,5
ЭКГ тісшелеріне талдау жүргізеді. Р тісшесіне талдау жүргізуде оның қалыпты мінездемесіне қарайды: дөңгелек, тегіс, изосызықтан жоғары орналасқан, биіктігі 0,1-0,3 mV, ұзақтығы – 0,07-0,11 сек. Мүмкін болатын зақымдану себептері ұзаруы, жоғарылауы, екі өркештілігі немесе Р тісшесінің сүйірленуі (жүрекшелер зақымдануы)
0,5
QRS комплексін талдау (қарыншалық комплекс): 3 тісшеден құралған - Q тісшесі, төмен қараған, R тісшесі, жоғары қараған, және S тісшесі, төмен қараған. QRS комплексінің бастапқы бөлімінің вольтажын бағалау үшін вертикалдық жағдайда R тісшесінің шыңы мен ең терең тісше аралығын өлшейді. Кеуде әкетуіндегі QRS комплексінің максимальды мөлшеріне қарай QRS комплексі тісшелерінің вольтаж деңгейлеріне талдау жасауға болады, қалыпты мөлшерлері 0,33-0.1 mV, Q тісшесінің максимальды ұзақтығы - 0,04 сек. Q тісшесінің осы мөлшерден кеңеюі немесе тереңдеуі миокардтағы ошақты өзгерістердің бар екендігін көрсетеді. R және S тісшелерінің арақатынасы оң кеуде әкетулерінде 1-ден төмен, аралық аймақта 1-ге жақын, ал сол жақ кеуде әкетулерінде 1-ден жоғары.
0,5
S-T сегментін талдау: QRS аяқталуынан Т тісшесі басталғанға дейінгі ЭКГ кесіндісі, Т тісшесінің өрлеуші тізесіне баяу өтеді. ST сегментінің төмен немесе жоғары жылжуы миокард қоректенуінің ошақты немесе диффузды бұзылысын, немесе оның улануын көрсетеді.
Т тісшесін I әкетуде талдайды (қалыптыда әрқашан оң), II-әкетуде екі фазалы болуы мүмкін. Теріс Т2 + теріс Т1 немесе Т3 патологиялық өзгерістермен байланыстырады, тең қабырғалы сүйірленген Т тісшесі – коронарлы жетіспеушілікті көрсетеді.
0,5
Талданған ЭКГ бойынша қорытынды жасалады. Қорытындысында белгіленеді:
1) негізгі ырғақ көзі: синустық немесе синустық емес ырғақ;
2) жүрек ырғағының реттілігі: дұрыс немес дұрыс емес ырғақ;
3) жүрек жиырылуы жиілігінің саны (ЖЖС);
4) жүрек электрлік осінің орналасуы;
5)ЭКГ-синдромының бар болуы: ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары, қарыншалар миокардының гипертрофиясы немесе/және жүрекшелердің, сонымен қатар миокард зақымданулары (ишемиялар, дистрофиялар, некроздар, тыртықтанулар және т.б.).
0,5
2. Тамыр ішілік дәрі-дәрмек енгізуге арналған жүйені жинау және қолдану
4,0
Қолын жуады және спиртпен өңдейді. Қай қолды пункциялауына байланысты – оң немесе сол. Науқастың қолы жастықшада орналасуы қажет немесе қолы шынтақ буынында толық жазылған болуы тиіс.
1,0
Бір реттік қолдануға арналған жүйені қолданар алдында қораб герметикалығын және инелер бүтіндігін тексеріп, пакетін ашады. Дәрілік зат флаконының металл дискісін ашып, тығынын спиртпен өңдейді, жүйенің пластмасса инесінен қалпағын шешеді, инені тығынға кигізеді. Флаконды төмен қаратып, төсектен 1 метр биіктікте орналасқан штативке бекітеді және жүйені дәрілік затпен толтырады, барлық ауа көпіршіктерінің жойылуын бақылайды. Тамшылатқышты алғашында жартылай толтырады, фильтрін түтіктен жоғары көтеріп тұрады, кейін тамшылатқышты жібереді, қалпағын шешеді, төменгі түтіктен ауасын шығарады, инеден сұйықтық үздіксіз аққанға дейін.
1,0
Науқас иығының төменгі 1/3 бөлігіне жгут байлайды. Науқасқа қол басымен бірнеше рет бүгу қимылдарын жасауды сұрайды (жұдырығын жұму). Егер науқас істей алмаса – білекті баса отырып қанды шыбық көктамыры арқылы жоғары қарай қуады. Көктамырды пальпациялайды. Пункция орнын спиртпен сүртеді. Бос қолмен білектің терісін тартып, көктамырды фиксациялайды. Инені сүйір бұрыш жасай отырып көктамыр бойымен енгізеді, бір қимылмен теріні және көктамыр қабырғасын тесу қажет. Көктамыр қуысына түскендігін тексереді, инедегі қан – сәтті венепункция белгісі. Жгутты шешеді.
1,0
Тамшылатқышты көктамырда орналасқан инемен жалғастырады, қысқыш арқылы енгізу жылдамдығын бекітеді (минутына енгізілетін тамшы саны бойынша). Көктамырда орналасқан инені жапсырмамен бекітеді. Дәрі енгізу кезінде жүйенің қалыптылығын бақылайды: сұйықтық сыртқа ағып кетпеуі тиіс, жүйе ауа сормауы тиіс, енгізу аймағында инфильтрация және ісіну болмауы тиіс. Ине тромбирленгенде және дәрі енуі тоқтағанда басқа көктамыр немесе сол көктамырдың басқа жерінен венепункция жасайды, жүйені қайтадан іске қосады. Егер флаконда сұйықтық бітсе, сұйықтық тамшылатқышқа ағуы тоқтаса енгізуді тоқтатады. Көктамырдан инені алады. Енгізу орнын спиртке батырылған мақта шаригімен басып, таңып қояды.
1,0
3. Зонд көмегімен асқазанды жуу
4,0
Асқазанды жуудың қарсы көрсеткіштерін анықтайды (зондтық тәсілмен): ірі дивертикулдар және өңештің айтарлықтай тарылуы, ауыр қышқылдар және сілтілермен уланудың кеш кезеңдері (6-8 сағаттан жоғары), (өңеш қабырғасының жыртылуы мүмкін). Салыстырмалы қарсы көрсеткіштері: жедел миокард инфаркті, инсульттің жедел кезеңі, эпилепсия жиі тырысу ұстамаларымен (зондты тістеп қалу қаупінің болуына байланысты).
Ұзындығы 1—1,5 м жуан асқазан зондын, көлемі 0,5—1 л воронка, суы бар құмыра, 1%сода ерітіндісі немесе калий перманганат әлсіз ерітіндісі, шелек және науқасқа арналған клеенкалы алжапқыш дайындалады.
1,0
Науқас ауыз қуысынан салынбалы протездерін алып тастау қажет. Пациентті орындыққа отырғызып алдына алжапқышты екі аяғының аралығына орналастырып кигізеді. Науқасты тыныштандырады, құсу шақыртулары пайда болса мұрын арқылы терең тыныс алу керек екендігін түсіндіреді. Комада жатқан науқастарда асқазан жууын ішіне жатқызып өткізу тиіс. Науқастың оң жағына тұрады.
Зондты тез қимылмен тіл түбірінен асырып енгізеді, бұл кезде науқас аузын жауып бірнеше жұтыну қимылдарын жасауы тиіс. Зонд көмейге кетсе (науқас жөтеледі, тұншығады, көгереді) зондты тез шығарып алып, оны қайтадан енгізе бастайды. Зондты кіндіктен жоғары тістер аралығы ұзындығынан 5-10 см ұзынырақ еіп енгізеді. Зонд асқазанға енгеннен кейін оның ұшына воронканы кигізеді, бірінші воронканы асқазан деңгейінде ұстап тұрып су құяды, воронканы жаймен науқастың аузынан жоғарырақ деңгейге дейін көтереді. Бірінші енгізуге арналған су көлемі 1л шамасында. Су көлемі воронканың мойын деңгейіне жеткенде оны төмен түсіреді, асқазанның шайынды суын шелекке төгеді.
1,0
Шайынды су тазарғанша процедураны бірнеше рет қайталайды. Ересек адамның асқазанын жууға 8-10л су қажет, балаға 1л су жасына. Жедел уланулардың кейбір түрлерінде (мысалы, фосфорорганикалық қосылыстармен) 30-60л дейін су қажет. Шайынды судың бірінші және соңғы порциясы зертханаға зерттелуге жіберіледі. Процедура аяқталғаннан кейін воронканы шешіп, зондты тез қимылмен алып тастайды.
1,0
Массивті улануларда немесе науқас зондты жұта алмайтын жағдайда болса асқазанды жууду төмендегідей жасайды: науқасқа 5-6 стакан жылы су немесе натрий гидрокарбонат ерітіндісінің әлсіз ерітіндісін ішкіземіз, тілдің түбірін саусақпен тітіркендіріп құсық шақырамыз. Бұл процедураны бірнеше рет қайталағаннан соң тұзды іш айдаушы заттар береміз. Кейбір жағдайларда асқазанды жуу үшін мұрын арқылы енгізілетін жіңішке полихлорвинильді зонд қолданылады.
1,0
4. Қандағы қантты анықтаудың жедел тәсілдері және оларды талдау
4,0
Сол қолдың IV саусағының терісін алдын ала спиртпен өңдегеннен кейін қан аламыз. Тесуді ине – скарификатормен бірінші фаланг бүйірінен 2,5-3 мм тереңдікпен жасайды.
1,0
Тесуден кейін қан оңай ағуы тиіс, егер саусақтан жақсы қан ағу үшін қысатын болса тіндік қан шығып, араласып кетеді, ол зерттеудің нақтылығына әсер етеді. Бірінші қан тамшысын құрғақ мақтамен сүрту керек.
1,0
Қан тамшысын арнайы тест-сызықшаға тамызады және 1 минуттан кейін глюкометр құралының немесе арнайы түрлі-түсті шкаланың көмегімен нәтижесін анықтайды.
1,0
Қандағы қант мөлшеріне дұрыс талдау жасау қажет. Қалыпты қандағы глюкоза мөлшері 3,3-6,1 ммоль/л.
1,0
5. Жоғары тыныс жолдарын тазалау және олардың өткізгіштігін ұстап тұру тәсілдері.
4,0
Науқасты арқасымен қатты және тегіс жерге жатқызады. Кеуде клеткасының киімін ағытады.
1,0
Жоғары тыныс жолдарының белсенді тазалауын өткізеді (саусақпен, катетермен, кез-келген сорғыш құралдармен). Сәтсіз болғанда – коникотомия жасайды.
1,0
Жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыптастырады. (Сафардың S-тәрізді ауа өткізгіш түтігі және т.б. қолданады).
1,0
Тілі түсіп кеткенде Сафардың үштік әдісін қолданады: а) науқастың басын шалқайтады б) науқастың аузын ашады в) төменгі жақ сүйегін жоғары және алдыға қарай төменгі тістері жоғары тістерінен биік болатындай етіп орналастырады.
1,0
6. Ауаөткізгіш, бет маскасын және тыныс беру қапшығын қолдана отырып «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беру тәсілдері.
4,0
Науқастың аузына (немесе мұрнына) дәкелік салфетка қояды. Үрлеуді мұрынынан қысып тұрып жасайды. Амбу қапшығын мұрынына және аузына тығыздап қояды.
1,0
Әр үрлеу 1—2 секундқа созылады (ауаны ұзағырақ форсирленуші түрде үрлесе ауа асқазанға кетуі мүмкін. Үрлеуді тез және пациенттің кеуде клеткасы көтерілгенше жасайды. Нәрестелерде үрленетін ауа көлемі ауыз қуысының көлеміне тең, ерте жастағы балаларда – жасына сай.
1,0
Жарақаттанушыда дем шығаруы енжар, өкпедегі жоғары қысымның дамуына, олардың эластикалығына және кеуде клеткасының массасына байланысты. Енжар дем шығару толық көлемде болуы тиіс.
1,0
Тыныс алу қимылының жиілігі 12-16 рет минутына. Жасанды тыныс алудың адекваттылығы кеуде клеткасының кезеңдік кеңеюіне және ауаны енжар үрлеуіне байланысты бағаланады.
1,0
7. Жүрекке тікелей емес массажы. Жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы.
4,0
Науқасты арқасымен қатты және тегіс жерге жатқызады, кеуде клеткасының киімін ағытады. Төстің төменгі шетін саусақпен анықтап және семсер тәрізді өсіндіден қолдарымызды 2 саусақ жоғары орналастырамыз (төстің төменгі 1/3 бөлігі).
0,5
Бір қолбасы негізімен төске орналастырылады, екіншісі оның үстіне орналастырылады. Төс және дәрігердің иық буыны аралығындағы бұрыш – 900 градусқа тең болуы тиіс. Қолдары шынтақ буынында толық жазылған. Қолданылатын қолдың күші емес, дене мен арқа бұлшық еттерінің күші болып табылады. Кеуде клеткасын бірінші басу жаймен, яғни көкірек эластикалығын анықтап алу мақсатында.
0,5
Басу тереңдігі 4-5см аспауы тиіс, ұзақтығы 0,5с, жиілігі минутына 80-100 жоғары болмауы тиіс (бір дегенде бір басу). Төстің төменгі 1/3 бөлігіне күшпен басамыз, қолдары осы қалыпта сақталады және тез жіберіледі. Басу және жіберу уақыты 1 с аспайды, компрессия аралығындағы интервал – 0,5-1,0 с. Тікелей емес массаж өткізуде алақандарын пациенттің кеудесінен алуға болмайды. ЖӨЖ және жүректің тікелей емес жабық массажын бір уақытта жасау кезіндегі ең оптимальды арақатынасы 2:15 (2:30)
0,5
Жасөспірімдерде ЖЖМ бір қолдың білезік негізімен минутына 100 жиілікпен төс басылуының амплитудасы 3см-де жасалады. Нәрестелерде және 1 жасқа дейінгі сәбилерде ЖЖМ 2-3 саусақтардың ұшымен төстің ортаңғы 1/3 бөлігінде минутына 100-120 жиілікте төс басылуының амплитудасы 1,5-2 см-де өткізіледі.
0,5
Дефибрилляторды тоқ көзіне қосып керекті разряд қуаттылығын бекітеді (200, 300, 360 ДЖ). Дефибриллятор электродтарына арнайы гель жағады немесе пациент терісіне ылғалдандырылған дәке қаптамаларын қояды.
0,5
Дефибриллятор электродтарын пациенттің терісіне қояды (біреуін жүрек ұшы аймағына, екіншісін оң жақ бұғана астына). Дефибриллятор экранында жүрек ырғағын бақылайды.
0,5
Дефибриллятор электродындағы «заряд» кнопкасын басады және айналасындағы адамдарға науқастан алшақ тұруларын ескертеді. Заряд алынғаны жайлы дыбыстық сигналдан кейін электродтарды науқастың терісіне тығыз ұстап тұрып бір уақытта дефибриллятор электродтарындағы «разряд» кнопкаларын басады.
0,5
Дефибриллятор экранынан жүрек ырғағын бақылап отырады.
0,5
8. Қан тоқтату жгутын салу және қан тоқтатудың басқа тәсілдері.
4,0
Тері қысылып қалмауының алдын алу мақсатында жгут астына орамал, киім және т.б. салады. Аяқты немесе қолды жоғары көтеріп жгутты астына өткізеді, жгутты созып тұрып қан тоқтағанша бірнеше рет орайды. Жгут турларын бірінің қасына бірін орналастырып тері қысылып қалмайтындай етіп орайды. Ең қатты оралатын бірінші туры, екіншісі – азырақ тартумен, қалғандары – минимальды тартумен байланады. Жгут ұштарын барлық турлар үстінен ілмек көмегімен бекітеміз. Жгут дұрыс салынған болса артериальды қан тез тоқтайды, аяқ немесе қолы бозарады, салынған жгуттан төмен орналасқан қан тамырларының пульсациясы тоқтайды.
1,0
Аяқ-қолда жгут 1,5-2 сағаттан артық болмауы тиіс. Егер соңғы қан тоқтауы түрлі себептерге байланысты ұзаратын болса жгутты 15-20 минутқа босатады (бұл кезде қан тоқтатудың алдын алу үшін артерияны саусақпен баса тұрады) және жгутты төменірек немесе жоғарырақ қайтадан салады.
1,0
Арнайы жгут болмаған жағдайда немесе оны қолдана алмаған жағдайда қан тоқтатудың басқа әдістерін қолданады:
1) зақымдалған дене бөлігін кеудеге қарағанда жоғарырақ көтеру;
2) баспа таңу арқылы зақымдалған аймақтағы қан тамырын қысу;
3) артерияны бойымен қысу;
4) аяқты, қолды буынында максимальды бүгу немесе жазу қалпын жасай отырып қан тоқтату;
5) аяқ-қолды жгутпен шеңберлі орау;
6) жарадағы қан кетуші қантамырына қысқыш салу арқылы қан тоқтату.
1,0
Мұрыннан қан кеткенде науқасты отырғызады, тыныштандырады, мұрын негізі аймағына мұзды қапшық қояды немесе мұрынның екі жартысын мұрынаралығына басамыз, сутек асқын тотығына малынған мақта жастықшаларымен мұрын жолдарының алдыңғы тампонадасын жасаймыз. Мұрын жолдарына мақта жастықшаларын науқастың басын алдына қарай еңкейтіп тұрып енгіземіз.
Кеуде, құрсақ қуысына қан кеткенде науқасты жатқызады, ішіне мұз қапшығын басады, тамақ және су ішуге тыйым салынады.
1,0
9. Жарақаттанған аяқ-қолдың иммобилизациясы және таңу салу.
4,0
Ашық сынық кезінде аяқ-қолдың иммобилизациясынан бұрын асептикалық таңғыш салады, қан кетуді тоқтатады. Жараны дезинфицирленген қолдарымен өңдейді. Асептикалық таңғыш салады (дәке, жеке пакет, орамал), жараға тікелей қатынасып тұрған дәке қабатына қол тигізуге болмайды.
1,0
Аяқтың иммобилизациясын Дитерихс тасымалдау шинасының, жоғарғы-сатылы Крамер шинасы немесе пневматикалық шиналар көмегімен жасайды, егер олар болмаса кез-келген қолда бар импровизирлеуші шиналармен немесе зақымданған мүшені сау мүшеге таңу арқылы тасымалдайды.
1,0
Шиналарды жақсылап бекітеді және сыну аймағын сенімді бекітеді. Жалаңаш аяқ-қолды алдын-ала мақтамен немесе матамен жауып қояды. Сынған аймақтан жоғары және төмен буындарды қамти отырып сынған аймақтың қозғалғыштығын шектейді (мысалы, балтыр сынығында тілерсек және тізе буыны қамтылады) және науқасты тасымалдау кезінде қолайлы болып табылады. Жамбас сүйектері сынуында аяқтың барлық буындары бекітіледі (тізе, тілерсек, жамбас).
1,0
Аяқ-қолдың иммобилизациясын жасауда тасымалдау шиналары немесе оқиға болған жердегі кез-келген қол астындағы қатты материалдардан шина жасап, содан кейін ғана науқасты тасымалдайды.
1,0
10. Қуық катетеризациясы.
4,0
Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін фурациллин ерітіндісімен өңдейді. Науқас арқасымен жатады, аяқтары тізе буынында жартылай бүгілген және екі жаққа алшақтау орналастырылған. Аяқтарының арасына зәр жинауға арналған ыдыс қойылған.
1,0
Жұмсақ катетерді пинцетпен алады, оның соқыр ұшын стерильді вазелинмен майлайды және зәр шығару каналына әйелдерде 4-6 см, ерлерде 22-25 см енгізіледі.
1,0
Катетерде зәрдің пайда болуы, катетер қуықта орналасқандығын дәлелдейді.
1,0
Катетерді барлық зәр шығып кетпестен бұрын шығарып алады, зәрдің соңғы мөлшері зәр шығару каналын жуып өтуі тиіс.
1,0
Поиск по сайту:
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг(0.004 сек.)