АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Силлабус

Читайте также:
  1. Программа обучения (силлабус) одобрена учебно-методическим советом университета
  2. СИЛЛАБУС
  3. Силлабус

Пән Экономикалық теория негіздері (2 кредит)

Мамандық: _ Барлық экономикалық емес мамандықтар үшін ____

Курс _ 1,2,3_

Оқытушы: Жиенбаев Ұ.Б.

2013-2014 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Экономикалық теория негіздері (2 кредит)

сабақ өткізілетін орын ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны оқытушы байл. Тел email
Ағайынды Жұбановтар көшесі Сабақ кестесі бойынша Жиенбаев Ұ.Б. 22-15-03 Ulan-adil@mail.ru

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:

“Экономикалық теория негіздері” пәні барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық тұғырнамасы болып табылады. Сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік пәндер қатарындағы маңызды пәндердің бірі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы студенттерге логикалық ұғымдарды игеріп, олардың экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға және қоғамдағы экономикалық құбылыстарды толық түсуге негізделген.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

Экономикалық дамудың заңдылықтарын нақты игере отырып, нарықтық қатынас жағдайында жұмыс жасай алатын, жоғары сұранысқа ие мамандарды дайындау курсты оқытудың негізгі мақсаттарына жатады. Сондықтан да курстың негізгі міндеттері студенттерді теориялық экономикада қалыптасқан негізгі түсініктермен, категориялармен, батыстық және отандық атақты ғалым-экономистердің теорияларымен, тұжырымдамаларымен таныстыру және студенттердің экономикалық ойлау дағдысын қалыптастыру болып табылады. Теориялық экономика негіздерін білмей, қоғамдағы экономикалық жағдайды түсініп, оған байланысты экономикалық тұжырым жасау мүмкін емес.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Философия, әлеуметтану, саясаттану, информатика, экономикалық матиматика,

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Ақша, несие, банк, экономикалық ілімдер тарихы, салық және салық салу, микроэкономика, макроэкономика

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.

Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, презентация, мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындалады және уақытында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде үш рет 6, 11 және 14 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Дәріс (сағ) Практикалық сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (сағ)
  Экономиканың қалыптасу негізгі     -  
  Нарықтық экономика     -  
  Жалпы экономикалық тенденциялар     -  

 

ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апталар Тақырыптар сағаты
  І модуль Экономиканың қалыптасу негізгі  
  01 Экономикалық теорияның пәні және әдістері.  
  02 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы  
  03 Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік  
  04 Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары  
  05 Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша  
  ІІ модуль Нарықтық экономика  
  01 Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.  
  02 Сұраныс және ұсыныс
  03 Бәсеке және монополия  
  04 Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым  
  05 Өндіріс шығындары.  
  06 Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
  ІІІ модуль жалпы экономикалық тенденциялар  
  01 Жүйе ретіндегі ұлттық экономика  
  02 Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу  
  03 Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық  
  04 Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары  
  05 Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты  
  06 Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу  

Практикалық сабақ тақырыптары

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары сағаты
  І модуль Экономиканың қалыптасу негізгі  
  01 Экономикалық теорияның пәні және әдістері.  
  02 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы  
  03 Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік  
  04 Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары  
  05 Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша  
  ІІ модуль Нарықтық экономика  
  01 Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері.  
  02 Сұраныс және ұсыныс  
  03 Бәсеке және монополия  
  04 Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым  
  05 Өндіріс шығындары.  
  06 Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
  ІІІ модуль жалпы экономикалық тенденциялар  
  01 Жүйе ретіндегі ұлттық экономика  
  02 Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу
  03 Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық  
  04 Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары  
  05 Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты  
  06 Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу  

1-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жүйелі ғылым ретінде қалыптасқан экономикалық теория қандай негізгі кезеңдерден тұрады?

2. Меркантилистік мектептің кемшілігі неде?

3. Физиократтардың негізін қалаушы кім және олардың алға қойған мәселесінің мәні неде?

4. Экономикалықтеорияныңзерттеу пәніне не жатады?

5. Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы қандай?

6. Экономикадағы шектеулі мүмкіншіліктер қалай шешіледі?

7. Экономикалық теория неліктен гуманитарлық ғылымдар қатары на жатады?

8. Экономика ғылымының әдістемесі дегеніміз не?

9. П.Самуэльсон бойынша экономикалық теория пәніне не жатады?

10. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылықтары қандай?

11.Экономикалық категория дегеніміз не?

12. Экономикалық заңдар ұғымын қалай түсінесіз?

13. Экономикалық заңдардың қандай түрлерін білесіз?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1.Маржиналистік бағыттағы экономистер қолданбайтынтермин:

A)құндылықтың шегі;

B) пайдалылық;

C)экономикалық игілік;

D)шекті шығындар;

E)шекті өнімділік.

2. Саяси экономия терминің ең алғаш өз еңбегінің атауы ретінде ғылыми қолданысқа енгізген:

A)Адам Смит;

B) Аристөтель;

C) Антуан де Монкретьен;

D)Карл Маркс;

E) Альфред Маршалл.

3.Берілген теориялардың қайсысы К. Маркс іліміне тән:

A)шекті пайдалылық теориясы;

B) қосымша құн теориясы;

C) экономикалықөсу теориясы;

D) монетаристік теория;

E) субьективті құндылықтар теориясы.

4.Экономия атауын алғашқы болып ұсынған:

A)В.И.Ленин;

B) Аристөтель;

C) К.Маркс;

D)Ксенофонт;

E)Ф.Энгельс.

5. Төмендегі экономистердің қайсысы алғаш рет экономикалықкестені жасады:

A)А.Смит;

B) К.Маркс;

C)Д.Рикардо;

D)Ф.Кенэ;

E) А.Тюрго.

6. Экономикалық теория пәнін ең толық ашатын анықтаманы таңдаңыз:

A)экономика қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын зерттейді;

B) экономика тауарлардың өндірісі мен бөлінісін камтитын іс-шараларды зерттейді;

C) экономика халық шаруашылығына әсер ететін экономика өлшемдерін (баға, өндіріс, жұмыссыздық және т.б.) зерттейді;

D)экономика ақша, банк жүйесін, капиталды зерттейді.

E)экономика қоғам мүшелеріне қажетті тауарлар менқызметтерді өндіруде қолданылатын шектеулі ресурстардың тиімді пайдаланылуын зерттейді.

7.Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені

A)оның, әртүрлі қорлары болады;

B)оның элементтері өзара байланысты жүйеде болады;

C)оларды экономикалық қатынастардың бір үлгісіне келтіруге болмайды;

D)олар экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады;

E) дұрыс жауабы жоқ

8.Экономикалық теория нені зерттейді?

A) өндірістің технологиясын;

B) ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды;

C) қоғамның өндіргіш күштерін;

D) адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін;

E) өндірістік қатынастарды.

9.Индукция дегеніміз -.......

A)жалпы қағиданың негізінде жекеліктерді түсіндіру;

B) жекеліктердің негізінде жалпылама қағиданы дәлелдеу;

C) тәжірибені ғылыми негіздеу;

D)экономика-математикалық үлгілерді жасау;

E)экономикалық құбылысты тарихи көзқараспен қарастыру.

10.Жинақтау әдісі қалай сипатталады?

A)жеке элементтерді біртұтастық ретінде қосу, олардың өзара байланыстарын зерттеу;

B) жекені жалпылама негізде дәлелдеу;

C) тәжірибе жүргізу;

D)экономикалық процестердің үлгісін жасау;

E)статистикалық мәліметтер келтіру.

Нұсқа 2

1.Дедукция деген не?

A)жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру;

B)жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару;

C)қарапайымдалған пікір;

D)экономикалық үдерістердің үлгісін жасау;

E)экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу.

2. Экономикалық теория:

A)барша экономикалық жүйелерді оқып-білу үшін қолданылады;

B) тек қана капиталистік шаруашылық жүйесін зерттеп-білу үшін қажет;

C) социализмге сипатты экономикалық қатынастарды зерттеуде пайдалы болуы мүмкін емес;

D)коммунизмге тән сипатты ерекшеліктерді қарастыру;

E)индустриядан бұрынғы жүйелерді танып-білуге арналған.

3.Қоғам жәнә табиғат заңдарының бірлігі неденкөрінеді?

A) объективті сипатынан;

B) адамдардыңіс-әрекетінің тәуелсіздігінен;

C)адамдардың экономикалық іс-әрекетінен;

D) тарихи өтпелі сипатынан;

E) мәңгі болуынан.

4.Микроэкономика аталған зандардыңқайсысын зерттейді:

A)құн заңын;

B) сұраныс заңын;

C) қорлану заңын;

D)ұсыныс заңын;

E) ақша айналысы заңын.

5.Экономикалық ресурстар категориясын қалай түсінесіз?

A) табиғи ресурстар (жер, қазбалы кендер, су және орманалқабы);

B) адамдар жасаған өндіріс құрал жабдықтары;

C) кәсіпкерлік қабілеттілік;

D)капитал;

E)жоғарғы аталғандардың барлығы жатады.

6.Экономикалық заңдар дегеніміз:

A) қоғамдық дамуды ғылыми болжамдармен бағдарлау;

B)экономикалық өмірдегі құбылыстар мен процестердітүсіндіреді;

C)мемлекеттік заңдардың жиынтығы;

D) адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу нысапы;

E) жеке тұлғанын пайымдау заңы.

7.Қоғамдықдаму заңы мен табиғат заңы арасындағыайырмашылық:

A) экономикалық заңдарадам қызметініңзаңы болып табылады. Табиғат заңдары адам қоғамынан тыс та әрекет ете береді;

B) экономикалық заңдардың, ашылуы менқолданылуы белгілі бір күшті қажететеді;

C) табиғат заңдары мәңгілік, экономикалық заңдар тарихи өтпелі;

D) жоғарыдағы жауаптардың барлығы орынды;

E) дұрыс жауап жоқ.

8.Ерекше экономикалық заңдар дегеніміз:

A) өндірістік қатынастардың дамуын білдіреді;

B) қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты;

C)шаруашылықтыжүргізугебайланысты туындайтынзаңдар;

D) шаруашылық жүргізудің нақты-тарихи нысандарының заңы;

E) дұрыс жауабы жоқ.

9.Жалпы экономикалық заңдар — ол:

A)құқықтық заңдар;

B) табиғи заңдар;

C)барлық тарихи кезендерге тән зандар;

D)шаруашылықтың негізгі жалпылама заңы;

E)мемлекеттік реттеу заңы.

10.Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені

A)оның, әртүрлі қорлары болады;

B)оның элементтері өзара байланысты жүйеде болады;

C)оларды экономикалық қатынастардың бір үлгісіне келтіруге болмайды;

D)олар экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады;

E) дұрыс жауабы жоқ

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1.Мерқантилизм идеяларыныңдамуы географиялықжаңалықтар мен Еуропа және Азия арасындағы сауда қатынастарының жедел өсуімен сәйкес келді. Бұл оқиғалар арасында себеп-салдарлы өзара байланыс бар ма әлде олар бір-бірінен тәуелсіз бе?

2.Төмендегі бағыттардың негізгі өкілдерін жазыңыз:

Экономикалық теорияның негізгі бағыттары Өкілдері
Мерқантилизм  
Физиократия  
Классикалық саяси экономия  
Маркстік саяси экономия  
Маржинализм  
Неоклассикалық бағыт  

 

3. Ф.Кенэніңжасаған «экономикалық кестесінің» мәнін ашып талданыз.

4. Келесі экономикалық мектептерді пайда болуының тарихи кезеңдеріне қарай орналастырыңыз:

а) кейнстік бағыт;

в) физиократтар;

с) мерқантилистер;

д) классикалық бағыт;

5. А.Смиттің «көрінбейтін қол» тұжырымдамасының мәнін ашып талдаңыз.

Нұсқа 2

1. Төмендегі кестені экономиканың зерттеу әдістеріне мысалдар келтіру арқылы толтырыңыз:

Экономиканың зерттеу әдістері Мысалдар
Индукция  
Дедукция  
Талдау  
Жинақтау  
Ғылыми абстракция  

2. Төмендегі тұжырымдамаларды дұрыстаңыз:

Экономиканың зерттеу әдістерінің сипаттамасы
Индукция зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастың қажетті, құрамдасбөлігі ретінде зерттейді
Дедукция зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді. Дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашады
Талдау бұл экономикалық құбылыстардыңжекеэлементтерінбіріктіру арқылы ортақ қорытынды жасау
Жинақтау жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау
Ғылымиабстракция жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар шығарады

 

8.Экономикалық заңдарға мысалдар келтіріңіз.

9.Төмендегі анықтамалардың қайсысы дұрыс?

Экономикалық зандар адам қоғамы дамуыныңтүрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдықигіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтайды.
Экономикалық зандар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық түрғыдан сипаттайтын логикалық тусініктер
Экономикалық зандар ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім

5. Қазіргі «Экономикс» - пайда табу туралы ғылым, яғни ақша жасау өнері. Айтылған пайымдау дұрыс па? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

2-апта. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Адамның әлеуметтік-экономикалық дамуын қалай сипаттауға болады?

2. Адам капиталы дегенді қалай түсінесіз және ол қандай элементтерден тұрады?

3. Өндірістік қатынастар қандай сатылардан тұрады?

4. Өндірістік қатынастардың мақсаттары қандай?

5. Өндіріс факторларына не жатады?

6. Маркстік теория мен маржиналистік теория бойынша өндірістік факторларға неліктен әртүрлі сипаттама берілген?

7. А.Смит пен Д.Рикардо өндіріс факторларын қалай жіктейді?

8. Өндіріс факторларының ішіндегі кәсіпкерлік қабілеттің рөлі қандай?

9. Экономиканың басты үш сұрағы қандай, олар қалай шешіледі?

10. Өндірістік функция дегеніміз не?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Адам еңбегі...... бағытталған:

A) жиынтық табыс дәрежесін жетілдіруге;

B) еңбек заттарына;

C) басшылармен түсінбестікті азайтуға;

D) ресурстардың сиректігін қысқартуға;

E) тұтыну дәрежесін тұрақтандыруға.

2.Еңбектің анықтамасы:

A) адамдардың көп жақты қызметі;

B) бірнеше ұйымның бірігіп өнім шығаруы;

C) адамның материалды игіліктерді өндіру мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі;

D) адамның нақты міндеттеме алуына байланысты келісім-шарттық жұмысының нәтижесі;

E) нақты және күрделі еңбектің жиынтығы.

3.Өндіргіш күштердің элементтері:

A) еңбек заттары;

B) өндіріс-құрал жабдықтары мен жұмыс күші;

C) басқару және ақпараттық жүйелер;

D) табиғи және қорланған материалдық игіліктер;

E) еңбек құралдары, шикізаттар.

4.Экономикалық қатынастар жүйесі:

A) өндіру;

B) белу;

C)айырбас;

D) тұтыну;

E) барлығының жиынтығында.

5.Өндірістік қатынастар жүйесіне кіретіндер:

A)өнімді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастары;

B) өндірістік ресурстарды пайдалану;

C) техникалық -экономикалық қатынастар;

D)әлеуметтік-құқықтыққатынастар;

E) меншіктік қатынастар.

6.Материалдық өндіріске жатады:

A)денсаулық сақтау;

B) білім беру;

C) ауыл шаруашылығы;

D) спортпен шұғылдану;

E) балет енері.

7. Материалдық емес өндіріске жататын сала:

A)білім беру;

B) ғимарат тұрғызу;

C) өнеркәсіп тауарларын өндіру;

D)пайдалы қазбаларды игеру;

E) агроөнеркәсіптік кешен.

8. Капитал - еңбекпен қатар, өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің қоры деп санайтын ғалым:

A)А. Маршалл;

B)Кларк;

C)А. Смит;

D)Д. Рикардо.

E) Курно

9.Кемімелі өнімділік заңыныңмәні неде:

A)өндіріс факторлары өзгеше сипатталады;

B) материалдықөндіріс аясында заттықигіліктер өндіріледі;

C)басқа ресурстар және технологияныңөзгеріссіз жағдайында бір ресурс шығыныңың ұлғаюы аз шекті өнім әкеледі;

D)бастапқы иелену түрімен әдіс бірлігі;

E)өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас дамиды.

10.Экономикалық теорияда ресурстар шектеулігін қалай бөледі:

A) нақты және абстрактілі;

B) ұдайы және ұлғаймалы;

C) рухани және материалдық;

D) индукция және дедукция;

E) абстрактілі және салыстырмалы.

Нұсқа 2

1. Табиғи ресурстар дегеніміз не?

A)өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғи компоненттер;

B) адамдар жасаған ресурстар;

C) өнім өндірудің технологиясы;

D)еңбек құралдары;

E) еңбек заттары.

2.Еңбекқұралдары:

A)жылу-отын;

B) табиғизаттар;

C) өңдеуші,техникалыққұрал-саймандар;

D)энергетикакөздері;

E) материалдар.

3. Нақтыеңбекдегеніміз:

A)күрделі еңбек;

B) дене еңбегі;

C) жай еңбек;

D)тұтыну құнын жасаушы еңбек;

E)басқарушылар еңбегі.

4. Абстрактылы еңбек дегеніміз:

A)жай еңбек;

B) басқарушылар еңбегі;

C) адам еңбегінің жалпы жұмсалу сипаты;

D)адам еңбегінің айырбастағы өлшемі;

E)күрделі еңбек.

5.Белгілі бір білімді, дағдыңы қажет ететін еңбек:

A)күрделі еңбек;

B) жұмысшы еңбегі;

C) тек жай еңбектің түрі;

D)нақты еңбек;

E)физикалық-күш қуат.

6.Технологиялықдаму теориясына қатысы жоқ кезең:

A)қола дәуірі;

B) тас дәуірі;

C) ірі машиналы индустрия;

D)биөтехнология;

E)өндірістің қоғамдасуы.

7.Тұрақты капитал:

A)тек еңбек құралдарын сатып алуға кеткен капитал;

B) еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен капитал;

C) жұмыс күшіне жұмсалған капитал;

D)құрылыс жүргізу үшін кеткен капитал;

E)банкте жинақталған қор.

8.Капиталдың айналым уақытықұрылады:

A)айналыс уақытынан;

B) өндіріс уақытынан;

C) жұмыс кезеңінен;

D) өндіріс және айналыс уакытының сомасынан:

E) жұмыс кезеңі мен сату уақытының сомасынан.

9.Тауардың шекті пайдалылығы қалай анықталады?

A) адамның қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыруқабілетімен;

B) белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бірлігім тұтынудағы тұтынушының әсерімен;

C) пайдалылықтағы барлық өзгерістермен;

D) тұтынылған көлемдегі өзгерістер қорытындысымен;

E) сандық өлшем ретінде.

10.Технологиялық жүйе элементтері:

A) энергия көздері және тасымал құралдары;

B)энергия түрлендіруші механизмдер;

C)өңдеуші құралдар жүйесі;

D)бақылау-өлшеу құралдары;

E) жауаптардың барлығы.

 

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. «Экономикалық адам» моделінін төмендегі белгілері бойынша модельді жасаған экономикалық мектептерді атаңыз:

Модельдер Сипаттамасы Мектептер
Бірінші бағыт Материалдық (ақшалай)қызығушылық  
Екінші бағыт Психологиялық сипат алған  
Үшінші бағыт Жай тауар өндірушіден, капиталистікке ауысу  
Төртінші бағыт Рухани қажеттілік  

2. Қажеттіліктердіңтүрінажыратыңыз:

өндіріс құралдары мен жұмыс күшін тұтыну Жеке (тамаққа, киімге, демалысқа, қызметтерге және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру) және қоғамдық қажеттіліктер (ғылым, білім, мәдениет, қорганыс және т.б.)

3.Ғылыми тұрғыдан осы пайымдаулардың барлығы дерлік орынды деп ойлайсыз ба?

- жалақы мөлшерінің артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі;

- жер рентасының (жалдамалық төлемнің) артуы жер ұсынысының өсуіне әкеледі;

- пайыз қойылымының артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі.

4. Нарықтық шаруашылықта инвестициялық қорлардың маңызды жабдықтаушылары – үй шаруашылығы. Капиталды бизнеске сала отырып үй шаруашылығы қандай құрбандыққа барады (яғни неден бас тартады)?

5. Сіз «қарызғаөмір сүруді» жақтамайтын адамсыз. Осы аптадакөлік сатып алу үшін сізге досыңыз ұсынған ақшаны алмадыңыз. Несиелік қатынастар беріп отырған тандау еркінен бас тарта отырып сіз нені жоғалттыңыз? Не ұттыңыз?

Нұсқа 2

1. Мына қатынаста берілген экономикалық категория қалай аталады?

Капиталдың физикалық шекті өнімі / салынған капиталдың мөлшері *100%;

2. Жаңа технологиялардың, тұтыну тауарларының жаңа рыногының пайда болуы капиталға деген сұраныс қисығының жылжуына қалай әсер етеді? Бұл пайыз қойылымының деңгейінде қалай көрінеді?

8.Тропикалық климатты аралда жеті адам тұрады. Олар кокос, банан және тасбақаның жұмыртқаларын жинаумен шұғылданады. Әрбір құні 40 кокос, немесе 60 банан, немесе 15 тасбақаның жұмыртқасын жинайды.Осы аралдың экономикасының өндірістік мүмкіндіктер сызығын сызыңыз?

9.Қолда бар технология арқылы 2 орындықты 1 адам / сағатта, 3 орындықты 2 адам / сағатта өндіруге болады.

Анықтау керек:

а) аптасына 40 сағат жұмыс істейтін 5 адамнан тұратын бриғаданың өндірістік мүмкіншіліктер қисығы қандай болады?

б) егер өндірістегі еңбек шығындары 2 есе, жұмыс аптасының ұзақтығы ¼-ке қысқарған кезде өндірістік мүмкіншіліктер қисығы қалай өзгереді?

в) 1-ші және 2-ші жағдайда 1 орындықты өңдіруге кететін балама шығындар қанша?

5. «Өндірістік мүмкіндіктер қисығы ресурстардың сиректігін, балама шығындардың балама тандауын көрсетеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.

Суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы берілген.

Анықтау керек:

а) С нүктесі, Н нүктесі, М нүктесі нені білдіреді?

ә) Қайсы нүктеде болашақ тауарларға артықшылық беріледі? Қайсы нүкте қазіргі тауарларды көрсетеді?

б) болашақ экономикалық өсу қайсы игіліктен бас Тартуарқылы мүмкін?

в) Қазақстан экономикасы қай нүктеде болуы мүмкін?Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.

3-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Меншік пен меншік қатынастарының мәні неде?

2. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны қандай?

3. Меншік объектілеріне не жатады?

4. Меншікті иемденудіңтиптері мен нысандары қандай?

5. Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

6. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?

7. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің мақсаттарықандай?

8. Қазақстандағы жекешелендірудің нәтижелері мен салдары туралы не білесіз?

9. Кәсіпкерліктің мәні мен атқаратын қызметтері қандай?

10. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы қандай кезеңдердсн тұрады?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйедегі ең басты қатынастардың бірі:

A)нарықтық қатынастар;

B) саяси қатынастар;

C) меншік қатынастары;

D) ұйымдастыру қатынастары;

E) әлеуметтік қатынастар.

2.Меншіктің анықтамасы қандай?

A)қоғамның барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы;

B) рухани игіліктерді пайдаланумен байланысты қатынастар;

C)өндіріс жағдайлары мен нәтижелеріне байланысты қатынастар;

D)адамдар мен кез-келген зат арасындағы құкықтық қатынастар;

E) материалдық игіліктерді тұтынумен байланысты қатынастар.

3.Меншіктің ерекшеліктері:

A)меншік нысандарының өзгергіштігі мен көптүрлілігі;

B) меншік нысандарының қайшылығы мен күрделілігі;

C)меншікті иемдену мен пайдаланудыңтұтастылығы;

D)тиімділікті анықтауы және ресурстарды әділетті бөлуі;

E) табыс әкелуі және міндеттемелерді бекітуі.

4. Меншіктің қандай нысандары бар?

A) жеке, аралас;

B)қоғамдық, дербес;

C)мемлекеттік, жеке;

D)ұжымдық, жеке;

E) мемлекеттік, акционерлік;

5. Жеке меншіктің қайшылығы неде?

A)жеке мүдделік қоғам мүддесіне қарсы әрекет етуі;

B) қоғам мүддесінің жеке мүдделерге қарағанда ескерусіз қалуы;

C) жеке мүдделер арасындағы бәсекенің күшеюі;

D)меншік кұқықтарын сақтау қиындықтарының болуы;

E)жалдамалы еңбек етушілердің мүдделеріне қайшы болуы.

6. Төмендегілердің қайсысы кәсіпкерліктің ең маңызды мақсаты болып табылады:

A)пайда табу;

B) сату көлемін ұлғайту;

C) өнім сапасын жақсарту;

Д) қызметкерлердің жалақысын көбейту;

Е) өткізу рыногын ұлғайту.

7. Кәсіпорын жарнамасы қай кезеңге тән:

A) қызмет ету кезеңінің басында;

B) кәсіпорынды құрылымдық қайта құру кезінде;

C) кәсіпорынды үлғайту сатысында;

Д) жоғарыда аталған кезеңдердің барлығында;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

8. Кәсіпкерлік - бұл:

A) табыс табу мақсатында негізгі өндіріс факторларын бірікті-ру, өндірісті белсенді түрде ұйымдастыру;

B) меншіктен ажырату мүмкін емес қызмет;

C) болжамға келмейтін іс-әрекет;

Д) кез-келген экономикалық іс-әрекет;

Е) сүраныс пен үсынысқа байланысты қызмет түрі.

9. Келтірілген кәсіпорын үлгілерінің қайсысы экономиканың қоғамдық саласынажатады:

A) мемлекеттік кәсіпорын;

B) кооператив;

C) жеке акционерлік кәсіпорын;

D) Д) жеке меншік қожалық;

Е) жауапкершілігі шектеулі серіктстік.

10. Кәсіпкерлік фирманы экономикалық субъект ретінде сипаттайтын негізгі белгі:

A) меншік нысаны;

B) қызмет ету еркіндігі;

C) мүліктік жауапкершілігі;

Д) фирманың көлемі;

Е) жоғарыдағы белгілердің барлығы.

Нұсқа 2

1. Жеке иемденудің қанша түрі бар?

A)екі;

B) үш;

C)төрт;

D)бір;

E)бес.

2.ҚР меншіктің қандай түрлері заңмен қорғалады?

A)жеке;

B)мемлекттік;

C)акционерлік;

D)муниципалды;

E) барлық меншік түрі.

3.Ұжымдық меншік дегеніміз не?

A) жеке меншіктің мемлекет меншігіне өтуі;

B)еңбек ұжымының өндіріс факторлары мен нәтижелерінортақтасып иемденуі;

C)мемлекет меншігінің жеке меншікке айналуы;

D) меншікті жеке адамның басқаруы, билік етуі;

E) өндіріс нәтижелеріне тендей құқық беретін меншік.

4.Экономикалық еркіндігі жақсы дамыған меншік түрі:

A)мемлекеттік;

B) акционерлік;

C)ұжымдық;

D)индивидуалды (дербес бір адамның меншігі);

E)біріккен.

5.Әртүрлі меншік нысандарының қажеттігі немен түсіндіріледі?

A)олардың барлығы тиімді;

B)нарықты тауарлармен толықтыруға мүмкіндік береді;

C)оларды өзара алмастыру мүмкін емес;

D)дамыған елдердің тәжірибесінен өткен;

E) олар өзара бір-біріне тәуелді.

6. Қазіргі экономикалық жүйедегі ең тиімді меншік:

A)жеке;

B)мемлекеттік;

C)ұжымдық;

D)акционерлік;

E)аралас;

7. Жеке меншіктің артықшылығы неде?

A)басқа меншікпен салыстырғанда әлеуметтік әсері жоғары;

B) басқа меншікпен салыстырғанда әлеуметтік- экономикалық әсері жоғары;

C) басқа меншікпен салыстырғанда құқықтары басым;

D)басқа меншікпен салыстырғанда қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандырады;

E) басқа меншікпен салыстырғанда оның кемшіліктері жоқ.

8. Кәсіпкерлік қызметтің қандай нысаныңда күрделі тех­ника өндіру оңай болады:

A) жеке кәсіпорын;

B) шаруашылық серіктестік;

C) шаруашылық қоғам;

Д) ашық акционерлік қоғам;

Е) мемлекеттік кәсіпорын.

9. Серіктестіктің артықшылықтарының бірі:

A)серіктестердің бірігуі қосымша қаражат келтіруге мүмкіндік береді;

B) серіктестердің оркайсысы толық мүліктік жауапкершілікте болады;

C) серіктестер біріге отырып, көп пайда табады;

Д) бір серіктес шығып кетсе де, оның қызметі жалғаса береді;

Е) серіктестікті ұйымдастыру жеңіл болып табылады.

10. Акционерлік қоғамда:

A)басқару акционердердің қолында болады;

B) директорлар кеңесі жалғыз меншік иесі болады;

C) басқару мен иелену бөлінген;

Д) шаруашылық қызметінің нәтижесін жариялау міндетті емес;

Е) қоғамды бір адам құруы мүмкін.

 

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Қазақстан экономикасы қазіргі реформалар нәтижесінде жаңаруда және нарықтық жүйенің белгілері толық қалыптасқан деуге болады. Оның тиімді қызмет етуінің бір шарты ретінде өндіріс факторларына жеке меншік болып табылады. Сіз осыған келісесіз бе? Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің басқа шарттарын атаңыз.

2. Экономиканы рыноктық ұйымдастыру жеке меншіктің, қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауарлар айырбасының болуымен сипатталады.Нарықтық экономикалық жүйенің бұл сипаттамалары жоғары технологиялы өндірістің, жоғары сапалы өнімнің, тауарлар сұрыптамаларының көп болуымен қандай байланысы бар?

3. ҚР Азаматтық кодексі бойынша меншік құқықтары мен қатынастарын анықтаңыз.

4. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары Артықшылықтары Кемшіліктері
Толық серіктестік    
Сенім серіктестігі    
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік    
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік    
Акционерлік қоғам    
Жеке кәсіпкерлік    

5. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық нысаны салық жүйесінің әрекет етуі тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады? Неліктен?

Нұсқа 2

1. Экономиканы нарық арқылы ұйымдастыру шаруашылық жүргізу қағидалары мен ерекше ынталандыруларды туындата­ды. Мысалы, оларға: кәсіпкерлер, тұтынушылар тандауының еркіндігі, кез-келген бизнес сферасындағы жеке экономикалық мүдделердін болуы және т.б. жатады. Көптеген бұрынғы әкімшілік-әміршілдік мұндай ынталандырулар мен қағидаларға тыйым салынды. Неліктен? Түсіндіріңіз.

2. Меншік нысаны - меншік субъектісі - меншік объектісі араларындағы өзара байланысты талдаңыз.

3. Меншіктің қай нысаны өндірістін аса тиімділігін қамтамасыз етеді? Салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.

4. Акционерлердің жеке және ұжымдық сипаттағы қандай кұкықтары бар?

5. Толықсеріктестікпен сенім серіктсстігі арасындағы айыр-машылықты атаңыз.

6. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет? Сіз қандай ұсыныс жасайсыз?

 

4-апта. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Экономикалық жүйе туралы кімдердің көзқарастарын білесіз? Олардың зерттеу ерекшеліктерін анықтаңыз.

2. Экономикалық жүйенің қасиеттерін атаңыз? Олар барлық жүйеге тән бе?

3. Экономикалық жүйеніңэлементтері қандай?

4. Аралас экономикалық жүйенің басқа модельдерден артықшылықтары қандай?

5. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалықжүйенің күйреуінің факторлары туралы не айтасыз?

6. Мемлект пен нарықтық қатынасы туралы экономистердің көзқарастары қандай?

7. Барлық нарықтық экономика модельдеріне тән ортақ белгілер қандай?

8. ҚР нарықтық экономика моделінің қандай ерекшеліктері бар?

 

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйенің басты міндеті:

A) ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу;

B) нарықты тауарлармен қамтамасыз ету;

C) өндірушілердің максималды табыс алуын қамтамасыз ету;

D) ресурстардың шектеулілігін жою;

E) халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру.

2.Экономикалықжүйсніңтиімділігіанықталады:

A)алынатын пайда мөлшерімен;

B)өндірілетін тауарлар көлемімен;

C)сатылған тауарлар көлемімен;

D)қойылған мақсаттарға жету деңгейімен;

E)жаңа экономикалық жүйеге ауысумен.

3. Экономикалық жүйенің қасиеттері:

A) тұрақтылық, біртұтастылық, көзғалғыштық;

B) ашықтық, қарама-қайшылық, өзгергіштік;

C) күрделілік, тәуелсіздік, орнықтылық;

D) нақтылық, либералдық, ашықтық;

E) қарапайымдылық, мақсаттылық, жалпылық.

4.Экономикалық жүйе сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты болінеді:

A) либералды және дәстүрлі;

B) аралас және рыноктық;

C) ашық және жабық;

D) жоспарлы және аралас;

E) аралас және либералды.

Нұсқа 2

1.Нарықтық экономика моделінің белгісі:

A)нарықта әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді;

B)ақпараттар ашық, ресурстар қозғалысы икемді;

C) экономикада жоспарлаудың рөлі басым;

D)макроэкономикалық көрсеткіштерді мемлекег қатаң бакылайды;

E) мемлекеттік инвестициялардың үлесі жоғары.

2. Аралас экономикалық жүйедегі мемлекет рөлінің артуын қалай түсіндіруге болады:

A) экологиялық мәселелерді шешу;

B)экономикалық тиімділік пен әлеуметтік мобилділікті қамтамасыз ету;

C)көлеңкелі экономиканы заңдастыру;

D) макроэкономикалық өсу және тепе-теңдік;

E) барлық жауап дұрыс.

3. Жоспарлы экономикалық жүйенің белгілері:

A) мемлекеттік меншік пен жоспарлаудың үстемдігі;

B) жеке меншік және еркін бәсеке;

C) меншіктің көптүрлілігі және еркін кәсіпкерлік;

D)стратегиялық және индикативті жоспарлау;

E) инвестициялық ресурстарға жеке меншік және әлеуметтік әділеттілік.

4.Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканыңмақсаттары:

A) шығындарды минималдау және пайданы максималдау;

B) экономикалық қауіпсіздік және экономикалық өсу;

C) әлеуметтік үйлесімділік және әлеуметтік тұрақтылық;

D)экономикалық тиімділік және экология;

E) көлеңкелі экономиканы шектеу және экономикалық тұрактылық.

5.Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша өндірістің көлемі шектеледі:

A) шығындардың үздіксіз өсуімен;

B)ҒТП даму шегімен;

C)экологиялық дағдарыспен;

D) қажеттіліктердіңтолық қанағаттануымен;

E) ғаламдану мен халықаралық бәсекенін күшеюімен.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйедегі субъектілердің ақпараталу тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетініз.

Табиғи тәртіп Сатылы тәртіп
артыкшылықтары: кемшіліктері: артықшылықтары: кемшіліктері:
       

2. Кестені толтырыңыз.

Экономикалық жүйенің модельдері Сипатты белгілері
Жоспарлы экономика  
Нарықтық экономика  
Аралас экономика  

3. Өтпелі экономика мен аралас экономикалық жүйенің мағыналары бірдей ме? Қазақстанда өтпелі экономика мен аралас экономика кезеңдерінің тұспа-тұс келуін қалай түсіндіресіз.

4. Кестені толтырыңыз.

Экономиканы реттеудін нарықтық тетіктері Экономиканы реттеудін мемлекеттік тетіктері
   

5. Жоспарлы, нарықтық, аралас экономикадағы мемлекет пен нарық қатынастарын модельдер арқылы сызып көрсетіңіз.

Нұсқа 2

1. Нарықтық экономика модельдерінің барлығына ортақ белгілер мен өзіндік ерекшеліктерін кестеге толтырыңыз.

Нарықтық экономика модельдері Өзіндік ерекшеліктері Ортақ белгілері
Америқандық модель    
Жапондық модель  
Неміс моделі  
Швед моделі  
Француз моделі  
Оңтүстік Кореялық модель  
Қытай моделі  

2. Қазақстанның экономикалық моделінің ерекшеліктері мен экономикалық өсу факторларын табыңыз.

 

 
 

 


3. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдылықтарын, мақсаттарын және кұралдарын анықтаңыз.

Қазақстан-2030 даму стратегиясы
Басымдықтары: Мақсаттары: Құралдары:

4. Қоғам дамуын сипаттайтын формациялық және өркениеттік теорияның негізгі жағдайларын жазып, олардың басты қайшылықтарын анықтаңыз.

5. Қазіргі Қазақстандағы техногендік сипаттағы өндірістің сал-дарын анықтай-тын мәліметтер тауып, оларды кесте, график немесе модельдеу арқылы көрсетіңіз.

Жазбаша сұрақ

1. Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі мен құқықтық қатынастар жүйесін бірге қараңыз. Осы жүйелер өздерінің мағыналары бойынша қалай бір бірімен ұқсас. Неліктен меншік иегерінің бекітілген өкілеттілігі меншіктің экономикалық қатынастарын мекемелер мен жекелеген тұлғалардың жағымсыз іс-әрекеттерінен қорғайды?

2. Қазіргі экономикада ақысыз-пұлсыз ірімшік тек қана қақпанда болады деген мақал-мәтел шындық па?

3. Қазақстан Республикасында меншікті жешелендіруден болатын экономикалық ұтысты қандай жолмен арттыруға болады?

4. Қазақстан Республикасы материалдық өндірісінің құрылымы Кеңес Одағы кезеңінде қандай сипатта бол


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.147 сек.)