АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

С И Л Л А Б У С

 

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша

5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), 5В010900 – Математика, 5В011000 – Физика, 5В011100 – Информатика, 5В011200 – Химия, 5В011300 – Биология, 5В011600 – География, 5В012000 – Кәсіптік білім, 5В060200 – Информатика, 5В060800 – Экология, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандықтары үшін

 

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 1

семестр: 2

кредит саны: 2

барлық сағат саны: 90

барлық дәрісханалық сағат саны: 60, оның ішінде:

дәрістер: 15

тәжірибелік сабақтар: 15

ОСӨЖ: 30

СӨЖ: 30

Емтихан: 2 семестр

 

 

Талдықорған 2014 ж.

 

1 дәріс. Тақырыбы: Пәнге кіріспе

Жоспары:

1. Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы ұғымдар

2. ТӘҚ саласындағы Қазахстан Республикасының Заң шығару актілері

3. Адам және техносфера арасындағы байланыс

 

1. Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы ұғымдар

Тiршiлiк қауiпсiздiгi – бұл адамның өмiр сұру ортасымен қауiпсiз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайда шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне, қорғайтын инженерлік жүйелерді білуге, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың (ТЖ) салдарын жою және ескертуге бағытталған шаралар кешенi.

Қауіптілік – бұл қоршаған ортаның энергетикалық жағдайына негізделген барлық қоршаған ортаға (адамға, табиғатқа, ғимаратқа, құрылысқа және т.б.) адамның қабілетінің әсерімен белгілі жағдайда зиян келтіретін жағымсыз құбылыс.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, сонымен бірге бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін, тұрғындарын, осы заманғы зақымдау құралдарын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының жойқын әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектілері – бұлауылшаруашылығы, өндірісі мен қоғам қызметінің басқа да салалары мүдделеріне пайдаланылатын ғимарат, өнеркәсіп және басқа да құрылыстар.

Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.

Тіршілік қауіпсіздігінің ғылым ретіндегі негізгі мақсаты – техносферадағы адамдарды антропогенді, техногенді және табиғаттағы кездесетін зиянды құбылыстардан қорғау және тіршілік әрекетінде адамға ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

2. ТӘҚ саласындағы Қазахстан Республикасының Заң шығару актілері

Қазақстан Республикасында ТЖ саласы бойынша келесідей Заңдар қабылданған:

1)«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы1996 ж. 5 шілдеде қабылданған.

Заң Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен оларды жою жөніндегі қатынастарды реттейді.

2)«Өрт қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы1996ж. 22 қарашада қабылданды.

Заң мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ҚР-сы аумағыңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтың қатынастарын реттейді

3)«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңы 1997ж. 27 наурызда қабылданған.

Заң табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушылардың мәртебесін белгілейді.

4)«Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңы 1997ж. 7 мамырда қабылданған.

Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық принциптерін, ҚР-сы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ұйымдарыңың азаматтық қорғаныс саласындағы өкілеттігін, азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді

5)«Өрт қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы1996ж. 22 қарашада қабылданды.

Заң мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ҚР-сы аумағыңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтың қатынастарын реттейді

5)«Радиациялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы 1998ж. 23 сәуірде қабылданған.

Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендірудің зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді

6)«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы 2002ж. 3-ші сәуірде қабылданған.

Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қуқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, авариялардың жеке және заңды тұрғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

3.Адам және техносфера арасындағы байланыс

Техносфера –биосфераның орнына келген, XXғасырдың ұрпағы. Адамдардың қалаларда және өндіріс орталықтарында тұруы, сонымен қатар өндірістік ғимараттар мен көліктердің көбеюі, жаңа техносфераға жатады.

Адам мен оны қоршаған орта (табиғи, өндірістік, қалалық, тұрмыстық және басқа) тіршілік қауіпсіздігі үдірісінде бір-бірінен тұрақты әрекеттелді. Осымен «Тек қозғалыс үдірісіндегі тірі организм арқылы ғана заттың ағынындағы (энергия мен ақпарат) өмірдің бар екнін білуге болады» (Өмірді қорғау заңы, Ю.Н. Куражовский).

Адам мен оны қоршаған орта гармониялық әсер етеді және белгілі бір жағдайларда ғана дамиды, егер энергия ағыны заттар мен ақпаратттар табиғи ортада және адам қолайлы деп қабылдаған шегінде болады. Әдеттегі ағынның деңгейінің артуы адамға техносфераға және табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді. Табиғи жағдайларда сондай әсерлер климат пен апаттық құбылыстардың өзгеруі кезінде бақыланады. Техносфера жағдайында техносфера элементтері жағымсыз әсерлермен негізделген (машина, ғимарат және тағы да басқа) және адам әсерімен.

Қандайда бір ағынның шамасын минимальды мәнінен максимальды мүмкіндікке дейін өзгертіп, «адам – мекендеген орта» жүйесінде сипатты жағдайлар қатарына өтуге болады.

- комфортты, егер ағындар әрекеттің тиімді шартына сәйкес болса: іс-әрекет пен демалыстың тиімді жағдайын құрады; алдын-ала жоғары жұмыс қабілеттілігін жасау мен өкімділік іс-әрекеті салдары үшін; адам денсаулығын сақтауға және адам мекендеген ортаның компонентерінің түгелдігіне кепілдік береді;

- рұқсат етілген, егер ағындар адамға және қоршаған ортаға әсер етсе, онда денсаулығына жағымсыз әсер етпейді, бірақ адам іс-әрекетінің тиімділігін төмендетіп, дискомфортқа алып келеді. Рұқсат етілген әрекеттің шартын сақтау адамға және қоршаған ортада қайтымсыз жағымсыз үдірістердің дамуы мен пайда болмауына кепілдік береді;

- қауіпті, егер ағын рұқсат етілген деңгейден артып, адам денсаулығына жағымсыз әсер етсе, онда созылмалы әсердегі ауруларға алып келеді және техносфера мен табиғи орта элементтерін деградацияға алып келеді.

- өте қауіпті, егер күшті қуаты бар ағындар, адам өміріне зиян келтіреді және табиғи орта мен техносфераның қирауына әкеліп соқтырады.

Келтірілген төрт сипаттамалардың ішіндегі адам мекендеген ортаның адамдармен байланыстарын тек бастапқы екеуінен (комфортты және рұқсат етілген) көруге болады, ал басқалары (қауіпті және өте қауіпті) – адамдардың тіршілік етуі мен өміріне, сонымен қатар табиғи ортаның дамуына өте қауіпті.

Қоршаған ортадағы жағымсыз әсерлер әлем қаншалықты ұзақ болса, олар да соншалықты өмір сүріп келеді. Жағымсыз жерлердің табиғи көздері болып, климаттың өзгеруі, жер қабатының жарықтануы және апаттық құбылыстарға: найзағай, жер сілкінісі және т.б. жатады.

Адам өзінің өмір сүруі үшін тұрақты күресу арқасында қоршаған ортаның табиғи жағымсыз құбылыстарынан қорғану құралдарын іздеп тапты. Өкінішке орай үйдің пайда болуы, оттың және басқа қорғаныс құралдарын қолдану, азық-түлікті алу әдісі - осының бәрі адамдарды табиғи жағымсыз құбылыстардан қорғаған жоқ, ол қоршаған ортаға әсер етті.

2 дәріс. Тақырыбы: Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және теориялық негіздері

Жоспары:

1. Төтенше жағдай кезіндегі тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету үшін Азаматтық қорғаныстың атқаратын ролі мен міндеттері

2. АҚ құрамалары, олардың мақсаты мен құрылу тәртібі

 

1. ТЖ кезіндегі тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету үшін АҚ атқаратын ролі мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау кұралдарының қолданылуынам қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі жалпы мемлекеттік шаралардың кұрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүгізу - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарьның кұрамдас бөлігі. Азаматтык қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген. Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы закымдау құралдарының зақымдағыш (жойқын) факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

1) басқару, хабарлау және байланыс жүйелерің тұрақты даиындықта болуын ұйымдастыру, оларды дамыту және колдау;

2)төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, және оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;

3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың кызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялык) ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;

5) салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыруға байланысты кешенді шаралар жүргізу;

6) қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғаныс кұралдарының және арттық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау және әзірлікте ұстау;

7) халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген кауіп пен калыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы хабарлау;

8) іздеу-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны кауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;

9) азық-түлікті, суды, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивті, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан сақтау.

Азаматтық қорғаныс бүкіл республика аумағында аумақтық-өндірістік принципі бойынша ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жасайды, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.

ҚР ТЖА Төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтык қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және республика Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық жасайды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, ұйымдардағы Азаматтық корғанысқа олардың бірінші басшылары жетекшілік етеді. Олар лауазымы бойынша Азаматтық корғаныстың басшылары болып табылады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруда жүйеде негiзгi буын болып табылатын шаруашылық объектiлерi маңызды орын алады. Шаруашылық объектiлерiнде барлық АҚ барлық шараларының негiзi қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшiлердi қорғау, объектiлер жұмысының тұрақтылығын қамтамасыздандыру, құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге күштердi даярлау жөнiндегi негiзгi кешендi шаралар жүргiзiледi.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен оның жәй-күйі үшін ұйым басшысы жеке жауапкершілік көтереді. Ол Азаматтық корғаныстың бастығы болып табылады. Азаматтык қорғаныс өткізу жөніндегі оның бұйрықтары бүкіл қызметкерлер үшін міндетті.

Ұйымның Азаматтық корғаныс бастығының жанынан Азаматтық қорғаныс бастығы басшылық ететін, АҚ мен ТЖ мәселелерін ұйымдастыру мен бүкіл практикалық кызметін үйлестіретін орган - АҚ штабы құрылады. Ол негізгі міндеттерінен босатылмаған. Лауазымды адамдар есебінен АҚ және ТЖ штабтағы кызметкерлерінен ұйымдастыру деңгейі мен маңыздылығына байлынысты жасақталады. Штаб өз жұмысын ұйымының Азаматтық қорғаныс бастығы шешімінің негізінде ұйымдастырып жүргізеді.

АҚ штабының бастығы АҚ объектісінің бастығының орынбасары болып табылады. Оған Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша бұйрық пен үкім шығару құкығы беріледі. Шаруашылық объектілерінде де АҚ және ТЖ қызметтері құрылуы мүмкін:

Шаруашылық объектiлерiнде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инжинерлiк, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртiп сақтау және басқа қызметтерi құрылуы мүмкiн. Ауылшаруашылығы өндiрiсi объектiлерiнде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсiмдiктерiн қорғау қызметi құрылады. Қызметтердiң мақсаты – құтқару және өзгеде шұғыл шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi күш пен құралдарды даярлау және осы күштердiң аталған жұмысты орындауына басшылық ету.

2. АҚ құрамалары, олардың мақсаты мен құрылу тәртібі

АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде кұтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды (Қ жБШЖ) жүргізеді. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцип бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншікті нысанына қарамастан құрылады, олар аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ-дың аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік кұрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.

АҚ-дың объектілік кұрылымдары, әдеттегідей, ұйым мүддесі үшін құрылады. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша олар тиісті аумақтар мүддесіне орай пайдаланылуы мүмкін. Құру объектілерінің құрамына жататындар:

- барлаушы буын;

- құтқару командалары;

- инженерлік командалар;

- санитарлық дружиналар (посттар);

- қорғаныс ғимараттарда (ҚҒ) қызмет жасайтын топ;

- өте қауіпті объектілерге арнуалған арнайы командалар;

- өрт сөндіру командасы;

- байланыс командасы;

- қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;

- жанурлар мен өсімдіктерді корғау командасы.

Азаматтық қорғаныстың техникалық құрамасы (АҚТҚ) - жекешелену түріне тәуелсіз тұрғылықты аймағы бойынша құрылады және өз қажеттіліктеріне сәйкес пайдаланылады. Жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша Азаматтық қорғаныстың техникалық құрамасы (АҚТҚ) өз территорияларындағы мәселелерді шешу үшін пайдаланылады. АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбiт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттiлiктi ескере отыра алдағы авариялық құтқару жұмыстарының көлемi мен болжамдар нагiзiнде анықталады.

Жер сілкінісі болған жерлерде Азаматтық қорғаныс құралдары (АҚҚ) 10 зардап шеккен адамға 1 құтқарушы есебінен құрылса, ал өндіріс региондарында дәне территорияларда, өрт және су басқан жерлердегі зақымданғандарға - 15-20 адамға -1 құтқарушы деп есептеледі.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсiби даярлық қазiргi техникамен, қондырғымен, қару-жарақпен және басқа да құралдармен жабдықтау және оларды iс әрекетке даярлықты ұстау үшiн жауап бередi.

АҚ құрамаларының негiзгi түрлерi:

- құтқару құрылымдары - барлау, iздестiру және зардап шеккендердi үйiндiлерден шығару және оларға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн құрылады, сонымен қатар құрама, құтқару отрядынан, құтқару командасынан немесе адамдарды iздестiру және барлау тобынан тұрады;

- инженерлік құрылымдар - үйінділерді инженерлік зерттеу, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру, су қалқандары арқылы өткелдер дайындау, зақымдалу территорияларында жұмыстар жүргізу - құрамына жол-көпір командалары, жарылыс жұмыстары топтары, инженерлік зерттеу топтарынан тұрады. Құрамалар техника және құрал-жабықтармен жабдықталған болуы тиіс, және жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

- АҚ және ТЖ қызметтерiнiң құрамалары халықтың тiршiлiгiн қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың iс-әрекеттерiн жан-жақты қамтамасыздандыру үшiн құрылады және медициналық байланыс, қоғамдық тәртiп сақтау, өрттен қорғау авариялық-техникалық, материялдық қамтамасыздандыру, көлiк, өсiмдiктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлiнедi.

Облыстық және қалалық жедел-құтқару отряды - iздестiру-құтқару жұмыстарын жургiзу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшiн құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама болып табылады, тиiстi АҚ бастықтарының шешiмiмен құрылады және жергiлiктi қаржы есебiнен ұсталады. АҚ құрамларына еңбекке жарамды ерлермен әйелдер (1,2,3 топтағы мүгедектер де) жүктi әйелдер, 8 жасқа дейінгi баласы бар әйелдер жұмысқа алынады, ал соғыс уақытындағы жұмылдыруға -әскери қызметі бар адамдарды алады. Табиғи және техногенді ТЖ кезінде зардаптарды жою үшін, аталған АҚ құрамалары мен арнай құрылған топтардан басқа арнайы күшті дайындығы бар, жылдам әрекет ететін облыстық, қалалық және аудандық отрядтар құрылады.

1) облыстық –150 адамнан кем емес; 2)қалалық– 100 адамнан кем емес; 3)аудандық – 50 адамнан кем емес.

Олар АҚ құрамаларының аумақтық категорияларына жатады.

 

3 дәріс. Төтенше жағдайлардың сипаттамасы

Жоспар:

1.Төтенше жағдайлардың туралы түсінік

2.Төтенше жағдайлардың топтастырылуы

 

1.Төтенше жағдайлардың туралы түсінік

Төтенше жағдай- адам өлiмiне әкелiп соқтыратын, немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған аврия, зiлзала, немесе апат салдарынан болған, белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай. ТЖ негізінде ішкі және сыртқы себептер жатыр:

- ішкі: технологияның күрделілігі, қызметкерлер арасындағы дәрежелі мамандардың жеткіліксіздігі, құрылғылардың физикалық және моральдық тозуы, еңбек және технологиялық дисциплина және т.б.;

- ішкі: стихиялық зардаптар, электроэнергияның, газдың, судың, технологиялық заттардың келуінің кенеттен тоқтауы, терроризм, соғыс және т.б.

Қазіргі заманға ортаның тез және қарқынды дамуының әсерлерінен өндірістердің дамуынан өндірістердегі көптегне апаттардың пайда болуына және экологиялық ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады.

Әлі күнге дейін табиғи және стихиялық қауіпті апаттар жер бетіне көптеген зияндарын тигізуде. Жыл сайын жер бетіндегі апаттардан қайтыс болған адамдар саны 250 ден 300 млн. жетеді (салыстырып қарасақ - екінші дүние жүзілік соғыста 50 млн. адам қайтыс болған). Материалдық құндылықтардың жойылуы миллиардтаған американдық доллорға дейін жетеді. БҰҰ департаментінің гуманитарлық сұрақтары бойынша жүргізілген статистикалық берілулеріне жүгінсек, мұндай мемлекеттік құбылыстар проблемалары халықаралық проблемаларға айналуда (Чернобыль, Армения, Арал және т.б.).

5.07.96 ж. қабылданған «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы республика аумағында табиғи жағдайларды ескерту мен жою жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттiк саясат жүргiзуде басым салаларының бiрi екендiгi атап көрсетiледi. Табиғи және техногенді апаттар аясындағы төтенше жағдай туралы заңды бұзған тұлғалар өздеріне жауапкершілік алады. Бұл заң тағы төтенше жағдайдан басқа да сұрақтарды қамтиды.

Зiлзала - бұл кенеттен туындаған және халықтың қалыпты тiршiлiгiнiң күрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлiнуiне және жойылуына алып келетiн табиғат құбылысы.

Зiлзала салдарынан төтенше жағдай туады.

Көптеген зiлзалалар адамның еркiнен тыс жер сiлкiнiстері, тасқындар, сел, сырғымалар, қар көшкiндерi, күшті жел, бұрқасын,орман және дала өрттерi сияқты табиғат күштерiнiң әсерiнен болады.

Әрбiр зiлзаланың тек өзiне ғана тән пайда болу себебi, қозғаушы күшi дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзiндiк әсерi сияқты физикалық қасиетi бар.

Зiлзаланiң бiр-бiрiнен айырықша ерекшелiктерiне қарамастан ортақ белгiлерi бар. Олар:үлкен кеңiстiктi қамтуы,қоршыған ортағаайтарлықтайықпалы,адамға,қатты психологиялық әсер етуi.

Авария- технологиялық процесстердiң бұзылуы,механизмнiң қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық оъектiлерiнде ең көп тараған авария себептерi-агрегаттарды, механизмдердi пайдалану ережесiн бұзу. Сондай-ақ техника қауiпсiздiгi ережесiн бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түiне, көлемiне және ол пайда болған кәсiпорынның ерекшелiгiне байланысты. Аварияның негiзгi салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкiн. Бiрқатар жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнiмдерi, тұтанғыш сұықтар мен қатты әсер ететiн улы заттардың төiлуi, авария салдарын тудырады.

Катастофа - бұл адамның өзi күтпеген iс-әрекетi, злiзала немесеи әлеуметтiк қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тiршiлiгiнiң бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмiрi мен денсаулығына төнген қауiппен және айтарлықтай эканомикалық және экологиялық заламен сипатталады.

Катастрофа – аумақтық және әлемдік көлемі бойынша, төтенше жағдай тудырып барлық жерді қиратып кететін құбылыс.

Катастрофалар көлемi мен түрлерiне байланыстыррр.

Көлемi бойынша: кiшi, орташа және үлкен болып бөлінеді.

Көлемдi анықтау кезiнде өлшем үшiн екi көрсеткiш алынады: зардап шеккендердiң жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсерiне ұшырған аумақ.

Түрлерi бойынша: табиғи (табиғи және стихиялық зiлзала); жасанды (антропогендi, яғни адамдардың іс-әрекетінен пайда болады).

Табиғи:

1. Метеорологиялық (борандар, дауылдар, циклондар, құйындар, қатты ыстық, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер).

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрттер, жанартаудың атқылауы, жер сiлкiнiсi).

3. Топологиялық (селдер, сырғымалар, қар көшкiндері, тастың құлауы, су басу).

4. Космостық (метеориттердiң және басқа космостық денелердiң құлауы, олармен соқтығыс).

Жасанды:

1. Көлiктiк (космостық, авияциялық, теңіздік, өзендік, темiр жол, автомобильді).

2. Өндiрiстiк (радиацялық, механикалық, химиялық, термиялық).

3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

4. Әлеуметтiк (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртiпсiздiк, терроризм, маскүнемдiк, нашақорлық, токсикомания).

Әрбiр апат кез келген ошақтың пайда болуына алып келедi, бұлар үшiн өзiндiк бүлдiру зақымдау ерекшелiгi тән, ал әрбiр ошақ - бұл төтенше жағдай.

2.Төтенше жағдайлардың топтастырылуы

Әр түрлі сипаттағы ТЖ-ң даму кезеңі мен себептерінің талдауы, олардың – кезеңге бөлінетінін көрсетеді. Төтенше жағдайдың дамуы бес кезеңге бөлінеді:

- жағымсыз эффекттердің жиналуы (пайда болуы);

- даму кезеңі;

- экстремальді кезең (кульминация), энергияның негізгі мөлшерінің бөлініп шығуы;

- басылу кезеңі;

- төтенше жағдайдың зардаптарын жою.

Төтенше жағдайлар үш негiзгi белгiлер бойынша жiктелiнедi (кесте-2):

1. Пайда болу саласы бойынша.

2. Ведомстволық қатыстығы бойынша.

3. Таралу аймағы бойынша.

Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:

а) табиғи; б) техногендiк; в) жанжалды болып бөлiнедi.

Табиғи төтенше жағдайларға кіретіндер:

- геофизикалық қауiптi құбылыстар (жер сiлкiнiстерің, жанартаулардың атқылауы);

- геологиялық қауiптi құбылыстар (көшкiндер, селдер, сырғымалар, тастың құлауы);

- метеорлогиялық және агрометеорологиялық қауiптi құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақтық, аяз және т.б.);

- теңiздегi гидрологиялық қауiптi құбылыстар (теңiз деңгейiнiң қатты шайқалуы, мұздардың шоғырланып қалуы және т.б.);

- гидрологияылық қауiптi құбылыстар (су басу, тасқындар, сулардың арнасынан көтерiлуi);

- табиғи өрттер (ормандық, далалық, торфяндық);

- адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);

- ауылшаруашылығындағы жануарлардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);

- ауылшаруашылығындағы өсiмдiктердiң ауруға және зиянкестерге шалдығуы (эпифитотиялар) жатады.

 

Төтенше жағдайлардың жіктелуі

Кесте 2

Ведомстволық тағайындалуы бойынша Пайда болуына байланысты Таралу аумағына байланысты Қауіптің таралу жылдамдығына байланысты
- құрылыс - өндіріс - тұрғын үй - коммуналды сферасы - көлік - ауыл шаруашылығы - орман шаруашылығы - көлік коммуникациясы   - техногенді сипаттағы - табиғи сипаттағы - экологиялық сипаттағы - антропогенді сипаттағы - әлеуметтік сипаттағы - объекттік - жергілікті - аумақтық - әлемдік - кенеттен және тез таралатын - орташа жылдамдықпен таралатын - баяу жылдамдықпен таралатын

 

Техногендi төтенше жағдайларға кіретіндер:

- өндiрiстiк;

- транспорттық авариялар (темiр жол поездарының, теңiз және өзен қайықтарының апаттары, әуе апаттары, көлік апаттары, магистральдi құбырлардағы авариялар);

- өрттер (жарылыстар);

- қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ) қалдықтарынан пайда болған (тасталуы ықтимал) авариялар;

- Радиоактивтік заттардың (РЗ) қалдықтарынан пайда болған (тасталуы ықтимал) авариялар;

- биологиялық қауіпті заттар (БҚЗ) қалдықтарынан пайда болған (тасталуы ықтимал) авариялар;

- ғимараттардың кенеттен құлауы;

- электроэнергиялық жүйелердегi авариялар;

- коммуналдық тiрлiктi қамтамасыздандыру желiлердегi авариялар;

- тазартқыш құрылыстарындағы авариялар;

- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердiң бұзылуы) жатады.

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларға кіретіндер:

- қарулы шабуыл;

- кейбiр аймақтардағы толқулар;

- соғыс уақытындағы әскери әрекеттерде қазiргi заманғы зақымдау тәсiлдері.

- төтенше жағдайлар ведомстволық тағайындалуы бойынша келесідей бөлінеді:

- құрылыста;

- өндiрiсте;

- халыққа үй-жайлылық және комуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;

- көлiкте;

- ауылшаруашылығында;

- орман шаруашылығында;

- көлiктiк коммуникацияларында (газ өткiзгiштер, мұнай өткiзгiштер).

Төтенше жағдайлар аумақтық таралуы бойынша келесідей бөлінеді:

- обьектiлiк (зардаптардың таралуы қондырғыда цехта обьектiде шектеледi).

- жергiлiктi (таралуы елдi мекендерде, аймақта, обылыстарда шектеледi).

- аймақтық (таралуы бiрнеше облысқа шектеледi).

- кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттер аумағына таралады).

Қазақстан Республикасына табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, циклондардан, тайфуннан және табиғи трофяндық өрттерден басқа барлық түрлерi тән.

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды талдау фактілері мен есептеу

ТЖ-лер көбіне өндірістік апаттар мен катастрофалар, сонымен қатар стихиялық және экологиялық апаттар сияқты кенеттен және байқаусызда пайда болады, бұндай апаттар кезінде көптеген адам өлімдері мен материалдық шығындар болады және сонымен қатар эвакуациялық-құтқару жұмыстарына жұмылдыру үшін де адамдарды жинауға көптеген уақыт кетеді.

Қалалардың және облыстардың аймақтарында болған ТЖ –ды есепке алуды, қалалық және облыстық ТЖ Департаменттері жүргізеді, ал еспубликалық есепке алуды ҚР-ың төтенше жағдай Министрлігі жүргізеді.

Төтенше жағдайлар пайда болу көздеріне байланысты келесідей бөлінеді:

1) Техногенді ТЖ, сонымен қатар:

- көлік апаттары және жол-көлік оқиғалары;

- өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;

- өндірістік апаттар және қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

- адам өмірін қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттар.

2) Табиғи ТЖ, сонымен қатар:

- гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар;

- табиғи өрттер;

- қауіпті инфекциалық аурулар және адамдардың улануы;

- жануарлардың қауіпті аурулары;

- өсімдіктерге әсер ететін зиянкестердің таралуы;

- суда болатын оқиғалар, 2 балдан жоғары жер сілкіністері.

 

4 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық объектісінің жұмыс тұрақтылығы

Жоспар:

1.Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы және оларға әсер ететін факторлар

2.Азаматтық қорғаныстың инженерліқ –техникалық шараларының жобалау нормасы (АҚ ИТШ ЖН)

1.Шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы және оларға әсер ететін факторлар

Конструкциялардың есептік жүктемелері ТЖ пайда болуы мүмкін жүктемелерінен төменгі шамаларда есептелген.

Зерттеулер нәтижиесі бойынша, алдын-ала ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізу кезінде шаруашылық объекттері тұрақтылығы жоғарылайтыны анықталған.

Шаруашылық объекттерінде тұрақтылықты жоғарылату мәселелері ТЖ мемлекеттік деңгейде және барлық өндіріс бөлімшелерінде жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын оқып-үйрену – басшылар мен АҚ объектілерінің мамандары істейтін өте күрделі жұмыс

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

- өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

- негізгі өндірістік қорлардын жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;

- өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, метериалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

- шарасыз заңдық және нормативтік құқықтык бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

- мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

- әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалу), авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Төтенше жағдайларда шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрактылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ак осы заманғы зақымдау құралдарының бастапкы және қайталану факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ыкпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар саны олардың құдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздіп; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондаи-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Тізбеленген фокторлар төтенше жағдайлар ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

Қазіргі уақытта болашақта Чернобыль сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.

Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолдарындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.

Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

- ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

- төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

- авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

- азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивтік, химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

Төтенше жағдайда немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі. Ол өз алдына бұл сұрақтарды келесі (әртүрлі салалы және аумақты басқарма штабты-командалы, сондай-ақ ұйымдар, қалалар мен аудандар ішіндегі комплексті) оқуларында шешуге көмек береді. Оқулар басқарушылардың өз ісін атқаруға дайындықтың негізгі формасы болып табылады. Сонда салалы және аумақты органдарының бірлесіп жасалған жұмыстың тәсілдерімен формалары анықталады. Азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу барысында, және де төтенше жағдай мен соғыс уақыты кезінде экономика жұмысын тұрақтандыру мәселесі шешіледі.

2.Азаматтық қорғаныстың инженерліқ –техникалық шараларының жобалау нормасы (АҚ ИТШ ЖН)

Шаруашылық нысандары мен салдарына АҚ ИТЖ және орталық атқарушы органдар, Республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агеннтіктің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51.-90. ҚНжЕ (Құрылыс Нормаласы және Ережелері) талаптарына сәйкес жүргізеді. 01.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді жлбалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі. АҚ іс-шараларын қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттар (МЕСТ) және салалық инструкциялар.

АҚ ИТІШ ЖН (инженерлік-техникалық іс-шараларды жобалау нормасы) маңызы:

1) Жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Төтенше жағдай және бейбіт уақытта мүмкін болатын зақымдалу және шығын көлемін анықтау.

2) Қазіргі заман әсер ету құралдарын пайдалануда жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру.

3) Авария, катастрофа, дүлей зілзала аймақтарында Құтқару және басқада шұғыл жұмыстарын (ҚжБШЖ) жүргізу үшін қажетті шарттарды құру

Болашақта берілген материалдардың маңызын түсіну үшін негізгі анықтамаларды, терминдер және түсініктерді білу қажет:

Категориялы қалалар (КҚ) - үлкен экономикалық, стратегиялық, қорғау маңызы бар қалалар. Маңызы бойынша 4 топқа бөлінеді:

1. Ерекше топтағы қалалар

2. 1- топ (аудан орталықтары)

3. 2- топ (аудандық басқарудағы қалалар)

4. 3- топ

Ерекше топтағы қалалар - Қазақстан Республикасы астанасы және тұрғын саны 1 млн. астам қалалар. (Астана және Алматы)

Категорияланған объекттер - үлкен экономикалық және қорғаныс маңызы бар өндірістік объекттер және ұйымдар. Олар 3 категорияға бөлінеді:

1. Аса маңызды қалалар

2. 1 - категория

3. 2 - категория

Категорияланған қала – облыстарда, қалаларда болатын 10 және одан да көп категорияланған АҚ ұйымдарының (объекттердің) административтік орталықтары, және радиациалық және химиялық қауіпті объекттері бар қалалар, егер бұл қалаларда ҚӘУЗ-мен (қатты әсер ететін улағыш заттар) және РЗ-мен (радиациялық заттармен) уланған аймақтардағы қала тұрғындарының 50 және одан да жоғары пайызы зардап шегеді.

Категорияланған объекттер - үлкен экономикалық және қорғаныс маңызы бар өндірістік объекттер және ұйымдар. Олар 3 категорияға бөлінеді:

1. Аса маңызды қалалар

2. 1 - категория

3. 2 – категория

Категорияланбаған объект – барлық қалған ұйымдар (объекттер).

Категориялы қалалар мен аса маңызды объекттердің орналасуына байланысты территориялар келесідей зонаға бөлінеді:

а) Мүмкін болатын қираулар зонасы (МБҚЗ) - 10 кПа (0,1 кгс/см2) және одан да жоғары асқын қысым пайда болуы мүмкін территорияда орналасқан қалалар мен объекттер

б) Мүмкін болатын қатты қираулар зонасы (МБҚҚЗ) - (∆Рф) 30 кПа және одан да жоғары асқын қысым пайда болуы мүмкін территория

в) Мүмкін болатын аздаған қираулар зонасы (МБАҚЗ) - МБҚҚЗ және МБҚЗ арасындағы зона

г) Радиоактивті ластану мүмкіндігі бар зона (РЛМБЗ) – Радиациялық қауіпті объект (РҚО) маңайындағы 20 км кеңістіктегі зона

д) Қатты радиоактивті ластану мүмкіндігі бар зона (ҚРЛМБЗ) - Радиациялық қауіпті объекті маңайындағы, радиоактивті ластану зонасы шекарасындағы 100 км кеңістіктегі зона

е) Катастрофалық су басу мүмкіндігі бар зона (КСБМБЗ) - су басу нәтижиесінде адамдардың шығыны, құрылыстардың және қондырғылардың қирауы, материалдық құндылықтардың зақымдалуы және жойылуы мүмкіндігі бар шекті зона территориясы

ж) Химиялық зақымдалу қаупі бар зона (ХЗҚБЗ) – Химиялық қауіпті объект (ХҚО) маңайындағы ҚУӘЗ бар сыйымдылықтар орналасқан және олардың жарылысы кезінде адамдарға әсері бар концентрациямен таралуы мүмкін территория.

з) Қауіпсіз зона (ҚЗ) - мүмкін болатын қираулар аймағында орналасқан ҚР мемлекеттік шекарасындағы территория

 

5 дәріс.Адам мекендеу ортасының қауіптіліктері

1. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауіптілікті анықтау, оларды топтау және қоршаған орта эволюциясы

2. Әлеуметтік мәселелер

 

1. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауіптілікті анықтау, оларды топтау және қоршаған орта эволюциясы

Қауіптілік - бұл қоршаған ортаның энергетикалық жағдайына негізделген, барлық қоршаған ортағы (адамға, табиғатқа, ғимаратқа, құрлысқа және т.б.) адамның қабілетінің әсерімен белгілі жағдайда зиян келтіретін жағымсыз құбылыс.

Нақты іс- әрекетте қауіптілікті құру көздері болып табылатын:

- адамның өзі күрделі жүйе ретінде, организм - жекелікпен, адам организіміне қолайсыз тұқым қуалаушылық, организмнің мүмкіндіктерін шектеу мүмкіндіктері, психологиялық бұзылулар және антропометриялық адамның көрсеткіштері нақты іс-әрекет жүргізуге жарамсыз болуы мүмкін;

- әрбір іс-әрекет үшін қоршаған ортаның элементтері болып табылатын: заттар, құрал және еңбек өнімдері, қолданылған энергия, өмірдің климаттық жағдайлары немесе еңбектің микроклиматтық жағдайлары (температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы) жануарлар мен өсімдіктер әлемі, топтық адамдар;

- адамның қарым-қатнастарының үдірісі және мекендеген ортасының элементтері.

Қауіптіліктер өте күрделі болғандықтан бір-біріне өзара қабаттасқан, көп факторлы белгілері бар, онда олардың топтары мен жүйелері осы қауіптілікті тануда маңызды роль атқарады.

Күрделі құбылыстырдың, түсініктердің, объектілердің топтары мен жүйелерімен таксомания ғылымы айналысады. Қазіргі уақытта бірақ, қауіптіліктің толық жеткілікті және толық жеке таксоманиясы әлі жоқ, бірақ олардың қабылданған бір формасы 1-суретте келтірілген.

Қоршаған орта эволюциясы, биосферадан техносфераға өту

Өмір айналасында адам мен оны қоршаған мекендеген ортасы тұрақты әрекет ететін «адам - мекендеген орта» жүйесін тұрақты түзеді.

Мекендеген орта - адам мекендеген орта, ол дәл қазіргі кездегі факторлардың жиынтығына негізделген (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік) адам іс әрекетіне, оның денсаулығына және туымына бірден немесе артынан, жанама немесе тура әрекет көрсетуге қабілетті.

Осы жүйеде адам әрекет ете отырып үздіксіз екі басты шарттарды шешеді:

- өзінің ауадағы және судағы, азық-түліктегі қажетілігін қамтамасыз етеді;

- қоршаған ортадан немесе басқа да кері факторлардан өздерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортадағы жағымсыз әсерлер әлем қаншалықты ұзақ болса, олар да соншалықты өмір сүріп келеді. Жағымсыз жерлердің табиғи көздері болып, климаттың өзгеруі, жер қабатының жарықтануы және апаттық құбылыстарға: найзағай, жер сілкінісі және т.б. жатады.

Адам өзінің өмір сүруі үшін тұрақты күресу арқасында қоршаған ортаның табиғи жағымсыз құбылыстарынан қорғану құралдарын іздеп тапты. Өкінішке орай үйдің пайда болуы, оттың және басқа қорғаныс құралдарын қолдану, азық-түлікті алу әдісі - осының бәрі адамдарды табиғи жағымсыз құбылыстардан қорғаған жоқ, ол қоршаған ортаға әсер етті.

Адам мекендеген орта көп ғасырлар бойы ақырындап өзінің түрін өзгертіп және жағымсыз факторлардың деңгейі мен түрі де аз ғана өзгерді. Осылай адам мекендеген ортаға адамның әрекетінің активті өсуі басталғанға дейінгі XIX ғасырдың ортасына дейін жалғасты. XIX ғ. жер бетінде биосфераның ластану зонасы артты, ол біртіндеп кішкене, одан толық аймақтық деградацияға алып келді. Бұл жағдайлар көп нәрсеге мүмкіндік береді:

1) жер бетінде тұрғылықты халықтың санының күрт өсуі (демографиялық даму) және оның урванизациясы.

2) энергетикалық ресурстардың концентрациясы мен қажеттілігінің өсуі;

3) өндірістік және ауылшаруашылық өндірістерінің қарқынды өсуі;

4) көліктердің өте көптігі;

5) әскери мақсаттағы және басқа да үдірістердің шығынының өсуі.

2.Әлеуметтік мәселелер

Демографиялық даму. Медицинадағы жетістіктері, тұрмыс пен жұмыста жақсы жайлардың артуы, интенсификация және ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі, жер бетіндегі халықтың өсуіне және адам өмірінің ұзақтығының артуына қабілеттіліктері өсті. Бір уақытта тіршіліктің өсуімен байланысты әлемнің көптеген аймақтарында адамның өмірге келуі жоғарғы деңгейде қалды. Халықтың өсу деңгейі жоғары елдерге Африка, Орталық Америка, Жақын және Орта Шығыс, Оңтүстік - Шығыс Азия, Индия, Қытай жатады.

Жер бетіндегі адам санының артуы және әскери қажеттіліктер өнеркәсіптік өндірістердің өсуін ынталандырады, көлік құрамдарының саны, энергетикалық ресурстардың және шикізат ресурстарын тұтынуының өсуіне алып келеді. Материалдық және энергетикалық ресурстарды тұтынудың қарқындылығы артуда, халықтың өсуіне қарағанда, халықтың орташа өсуі тx


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.071 сек.)