|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тарихи лексикология салалары. Семасиология мен этимология
2.Сөздің лексикалық жүйесіндегі орны. Лексикалық мағына. 3.Сөздің пайда болуы, қалыптасуы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігі. 4.Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс. 5.Сөз мәні. Халық дүниетанымының сөздегі көрінісі туралы. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.КеңесбаевІ, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988 2.Құрысжанов Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А.,2001 3.Тіл тарихы және сөз табиғаты. А.,1997 4.Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері А.,1988 Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат. Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретiнде жалпы лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бiр тiлдiң лексикасы және оның ерекшелiктерi жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бiр – бiрiмен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: қоғамдық құбылыс ретiндегi жалпы адам баласының тiлiн сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тiлге де тән болады. Мысалы, қоғам дамуының барысында жаңа сөздердiң жасалып, тiлдiң сөздiк құрамының толығуы, дамуы, кейбiр ескiрген сөздердiң одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тiл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай – ақ, тiлдiң даму барысында сөз мағынасының өзгеруi, көп мағыналы сөздердiң жасалуы және синонимдiк қатарлардың пайда болуы- осылардың бәрi тiлдердiң барлығында да бар. қатынас құралы, қоғамдық құбылыс ретiндегi тiл атаулыға тән жалпы құбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзiндегi тiлдердiң әрқайсысында (нақты, жеке тiлдерде) түрлiше (өзiндiк ерекшелiгiмен) көрiнуi мүмкiн. Мысалы, дүние жүзiндегi тiлдердiң бәрiнде де туынды сөздер сөз тудырудың бiр тәсiлi – сөздердi бiрiктiру тәсiлi. Сөз тудурудың бiрiктiру тәсiлi әр түрлi тiлдерде түрлiше дәрежеде көрiнуi және әрекет етуi мүмкiн. Бұл тәсiл, мысалы, басқа тiлдерге қарағанда, көбiнесе немiс тiлiне тән және немiс тiлi үшiн ең өнiмдi тәсiл болып саналады. Осыған орай, немiс тiлiнде бiрiккен сөздер өте жиi ұшырасады. Сөздердiң қосарлану тәсiлi түрлi тiлдерде бар, әсiресе ол түркi тiлдерiне өте – мөте тән. Осыған орай, басқа тiлдерге қарағанда, қос сөздер түркi тiлдерiнiң лексикасында анағұрлым мол. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерiстердiң нәтижесiнде, түбiрге омонимдес аффикстердiң жалғануы немесе сөздiң семантикалық дамуы нәтижесiнде жасалуы түрлi тiлдерде кездесе бередi. Аталған тәсiлдердiң iшiнде аффикстердiң жалғануы арқылы туынды омонимдердiң жасалуы әсiресе орыс тiлiне өте – мөте тән болып саналады. Орыс тiлiнде, осыған орай, түбiр омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиi ұшырасады. Бұл айтылғандар тiлдiң лексикасын сипаттайтын құбылыстар мен жалпы заңдылықтар нақтылы, жеке тiлдерде олардың (тiлдердiң) өзiндiк ерекшелiктерiне орайласып, түрлiше көрiнiс табатындығын аңғартады. Жалпы қатынас құралы ретiндегi тiл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тiлдердiң лексикасына икемделiп көрiнiс табуы және әрбiр тiлдiң сөздiк құрамы мен оның дамуы, өзiндiк ерекшелiктерi жалпы лексикологияда (жеке, нақтылы тiлдiң лексикологиясында) қарастырылады, әрбiр тiлдiң лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негiзделедi де, нақты бiр тiл лексикасын зерттейдi. Жеке лексикология белгiлi бiр тiлдiң сөздiк құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тiлдiң сөздiк құрамын сол тiлдiң белгiлi бiр дәуiрдегi, мысалы, қазiргi дәуiрдегi қалпы тұрғысынан қарауы мүмкiн. Осыған орай, лексикология тарихи (диахроникалық) лексикология және сипаттама (синхрониялық) лексикология болып бөлiнедi. Тарихи лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамы шығуы, замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелiнедi. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, (мысалы “қазiргi орыс тiлi, ағылшын тiлi”, “қазiргi қазақ тiлi”) атты пәндердiң лексикология бөлiмдерiнде, аталған тiлдердiң (орыс, аөылшын, қазақ тiлдерiнiң), лексикасының осы заманғы қалпы, сөздiң, мағыналық құрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қат – қатар, сөздердiң активтi және пассивтi топтары, сөздiк құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердiң қолданылу аясы, мағыналардың, қарым қатынасына қарай сөздердiң топтасуы (синонимдер, омонимдер, антонимдер) және т.б. мәселелер қарастырылады. Қазiргi тiлдiң сөздiк құрамы бiр – бiрiмен байланысты өз ара байланысты элементтердiң жүйесi ретiнде өмiр сүредi және уақыт бойында толығу, даму күйiнде болады. Демек, синхрониялық лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамы өз ара байланысты элементтердiң лексикалық жүйесi тұрғысынан ғана емес, сонымен бiрге дамуы тұрғысынан да қалуы керек. Осыған орай, сипаттама (синхрониялық) лексикологияда, қажет болған жағдайда, тарихи мәлiметтер мен түсiнiктер де берiледi. Мұндай тарихи мәлiметтер мен түсiнiктер қазiргi тiлдегi лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсiнуге көмектеседi. Историзм принципi диахрониялық лингвистика үшiн ғана емес (бұл өзiнен - өзi түсiнiктi аксиома), синхрониялық лингвистика және оның барлық салалары, соның iшiнде сипаттама (синхрониялық) лексикология үшiн де өте – мөте қажет. Сипаттама лексикология тарихи лексикологияны, әрине, ауыстыра алмайды және бұлай болуға тиiстi де емес. Бұл жерде әңгiме сипаттама лексикологияда тiлдiң сөздiк құрамының қазiргi қалпын және даму сипатын ғылыми тұрғыдан ашып айқындауда қажетiнше тарихи деректерге сүйенудiң маңызы жайында болып отыр. №3Лекция Тақырыбы: Сөз мағыналарының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері туралы. Жоспар: 1.Сөз мағынасының жіктелуіне дыбыстық, семантикалық, грамматикалық өзгерістердің әсері, ықпалы. 2.Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздік қор мен сөздік құрамды анықтау. Олардың мағыналарын ішкі семантикалық құрылымы мен этимологиясын пайымдау. 3.Көне түркілік мұралар мен М.Қашқаридің «Дивани лұғат ит түрк», Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» және «Кодекс Куманикус» т.б. тарихи ескеркіштер деректеріне сүйене отырып, қазақ тілінің негізгі лексикалық қоры мен құрамының баю, толығу сипаты мен жаңа сөз жасалуына мән беру. 4.Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.КеңесбаевІ, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988 2.Құрысжанов Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А.,2001 3.Тіл тарихы және сөз табиғаты. А.,1997 4.Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері А.,1988 Тiлдiң лексикасындағы әрбiр сөзде белгiлi бiр мағына бар. Сөздердiң мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердiң мағыналарын және ол мағыналардың өзгерiлу жолдарын семантикалық заңдарды зерттейтiн арнаулы бiр сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткенi оның (семасиологияның) зерттейтiн мәселесi – мағынаны әрбiр сөздiң “жаны” десе болады. Семасиологияның лексикографиялық жұмыста да (сөздiктер жасау жұмысы) маңызы айрықша. Сөздiктерде, әдетте, сөздiң мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердiң, топшылаулары мен қорытындылары сөздiк жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектесiп, бағыт – бағдар сiлтейдi. Лексикология сөздердi тiлдiң сөздiк құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретiнде қарастырады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздер мен ғана емес, тұрақты сөз тiркестерiмен де аталады. Тiл – тiлдiң лексикасында жеке сөздердiң айрықша синонимi ретiнде қолданылатын тұрақты сөз тiркестерi жиi ұшырасады. Олар сөздердiң тiркесi болғанмен, мағынасы жағынан жеке сөздер мен барабар келiп, бiр бүтiн лексикалық единица (сөз) тәрiздi қызмет атқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетiн фразеологиялық сөз тiркестерi де қарастырылады, мысалы, жүрегi тас төбесiне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша (лезде), қаны қайнау (ашулану), мойны жар бермеу (ерiну), тайға таңба басқандай (ашық-айқын), он саусағынан өнерi тамған немесе түйiн түйген (өте шебер), ит арқасы қиянда (алыста), үрiп ауызға салғандай (сүй-кiмдi), қой аузынан шөп алмас (момын), сақалын сипап қалу немесе санын соғып қалу (өкiну), жүрегi жарылу, төбесi көкке жету (қуану) деген фразеологиялық сөз тiркестерi әбден лексикаланған да (лексикализованные), мағынасы жағынан бiр сөз тәрiздi болып кеткен. Осылар тәрiздес сан алуан фразиологиялық сөз тiркестерiн зерттейтiн лексикологияның арнаулы бiр саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тiркестерiнiң түрлерiн, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады. Тiлдiң әр түрлi жақтары (фонетикалық, лексикалық және грамматикалық), бiр-бiрiмен өз ара қарым-қатынаста, байланыста болатыны сияқты, оларды зерттейтiн тiл бiлiмiнiң де әр түрлi салалары бiр-бiрiмен өз ара әрдайым байланыста болады. Мысалы, лексикологияның тiл бiлiмiнiң арнаулы бiр саласы ретiнде фонетика және грамматикамен мынадай байланысы бар: тiлдегi әрбiр сөз дыбыстардың белгiлi бiр тiркесiмен айтылады (жалғыз дыбыспен айтылатын сөз, әдетте, тiл-тiлде сирек ұшырайды). Дыбыс тiркестерi сөздiң сыртқы жамылғышы да, сөздiң мағынасы оның мазмұны, болып саналады. Қандай бiр сөз болсын, дыбыс тiркестерiмен айтылып, белгiлi бiр мағынаны бiлдiредi. Сөздiң дыбыстық жағын зерттейтiн фонетиканың лексикологиямен байланысы да осыдан келiп туады. Тiл-тiлде сөздiң дыбыстық құрамының өзгеруi немесе екпiнiнiң ауысып түсуi сөз мағынасына әсер етiп, оны өзгертедi. Туыстас тiлдердiң лексикасын өз ара салыстыра зерттеу немесе белгiлi бiр тiлдiң лексикасын тарихи тұрғыдан зерттеу, сондай-ақ этимологиялық зерттеулер салыстырмалы – тарихи фонетиканың деректерiне негiзделедi. Әрбiр тiлдегi сөздердiң өзiнiң фонетикалық ерекшелiктерi болады. Сөздiң басы немесе аяғы фонетикалық белгiлермен, мысалы, дыбыстардың кейбiреулерiнiң жиi немесе сирек қолданылу немесе мүлдем қолданылмау ерекшелiктерiмен сипатталады. Мысалы, қазақ тiлiнiң төл сөздерi ө дыбысынан басталмайды және бұл дыбысқа ешбiр сөз аяқталмайды. Сондай-ақ, қазақ тiлiнде г,б,д дыбыстарына бiтетiн төл сөздер кездеспейдi. Төл сөздердiң құрамындағы дауысты дыбыстар не бiрыңғай жуан дауыстылар, не бiрыңғай жiңiшке дауыстылар болып келедi. Қазiргi қазақ тiлi лексикасында құрамындағы дауыстылар жуан да, жiңiшке де болып келетiн сөздер кездесе бередi, бiрақ олардың басым көпшiлiгi-шет тiлдiк сөздер. Лексикологиялық зерттеулерде сөздiң осындай фонетикалық ерекшелiктерi еске алынады. Тарихи дамудың, өзгерудiң барысында дербес (атауыш) сөздердің (знаменательные слова) көмекшi сөздерге айналу құбылысы, соның нәтижесiнде олардың грамматикалық қызметiнiң күшеюi тiл-тiлдiң бәрiнде де кездеседi. Сондай-ақ, көмекшiлiк қызмет атқаратын сөздердiң көмекшi морфемаларға, (аффикстерге) айналуы да-тiлдердiң тарихи даму барысында кездесе беретiн құбылыс. Тiлдiң даму тарихында, бiр жағынан, лексикалық единицалардың (сөздердiң) грамматикалану (грамматикализация) процесi жүрiп жатса, екiншi жағынан, сөздердiң тiркестерiнiң бiр бүтiн лексикалық единицаға (сөзге) айналып, лексикалану (лексикализация) процесi жүрiп жатады да, лексикалық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстар астарласып, өзара қарым-қатынаста болып отырады. Мұндай екi жақты байланысты қарастырудың лексикологияға да, грамматикаға да бiрдей қатысы бар. Тіл - тілде біраз сөздердің бір емес, бірнеше мағынада қолданылатыны белгілі. Бұл түркі тілдеріне де тән құбылыс. Мысалы: «от» деген сөздің «өсімдік», өсімдіктерден жасалған «дәрі-дәрмек және «опа» деген мағыналары бар. Бірінші мағына «от» деген сөзінің, әрине, тура мағынасы да, қалған (дәрі, опа) сол бірінші мағынаның негізінде дамыған қосымша мағыналар. Сол сияқты «құрғақ, құрғаған» деген ұғым беретін құру сөзінің «құрылық» (материал) деген үстем мағынасы бар. «Авлақ» сөзінің «аң аулау» және аң аулайтын жер, аймақ» деген екі мағынасы бар. Осылайша түркі тілдерінде кейбір сөздер бір мағыналы да, көп мағыналы да болып қолданыла береді. Көп мағыналы сөздердің мағыналы өзара тығыз байланыста болып келеді. Көп мағыналы сөздерге мысалдар: 1. Иып 1- жіп; киім тігетін жіп. Иып 2 – ат байлайтын ұзын арқан; 2. Күг 1 – жырдың нәші; әуез. Күг 2 – күй, саз. 3. чап – қалдық, чап – майдалап кесілген кеспе. 4. таш – тас, таш – сырт киім, таш – тасу. 5. тан – тән, дене. Тан – таңғы салқын жел. Тан – сөзден талу, терістеу. 6. тіл – тіл, сөз. Тіл – тұтқын. 7. Пус – бұлт қаптау. Пус – көзі қарауыту. Пус – торуылға тап болу. Омоним сөздерінің жалпы саны көп емес. Төмендегі мысалдар түркі тілдерінде қолданылған омонимдерден хабардар етеді: Құру (құрғақ) – құру (безгек), қаш (қас) – қаш (асыл тас) – қаш (таудың ұшар басы), қойун (қойын) – қойун (қой), құлан (құлан) – қулан (тартпа), құр (босқа, құр) – құр (зиян, текке), құрған (қорған) – қурған (мола) – қурған (малқора), құрт (бөрі) – құрт (жәндік, құрт), сағин (ойла) – сағын (жасырын), сач (шаш) – сач (шаш, шашу), сар (сор) – сор (сұра), түгме (түйме) – тугме (қу адам), уч (үш) – уч (ұтылыс) – уч (бір нәрсенің ұшы), чақ (шағып алу) – чақ (мұңын шағу), авлақ (хауыз, әуіз) – авлақ (лақ) – авлақ (аң аулау) – авлақ (құмнан күйдіріліп істелген тостақ), иап (бүтін, тұтас) – иап – (жабығы), иін (тезек) – иін (ін), иары (берік) – иары (адамның жүзінде болатын өзгеріс), йығаш (ағаш) – иығаш (ұзындық өлшемі), иарыш (жарыс) – иарыш (үлесу), ког (босатылған, бос) – көг (сепкіл, дақ), оқиды (шақырды) – оқиды (оқиды); Антоним сөздер. Әр түрлі тұлғада тұрып, мағыналық жағынан қарама-қарсы ұғымда қолданылатын сөздер ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде өте мол кездеседі. Олар кейде өз алдына топталып, сұрыпталып та беріледі: татлы – ачы (тәтті – ащы), йарық – қаранғу (жарық - қараңғы), тақ – жифт (тақ - жұп), қаты – йымшақ (қатты - жұмсақ), или – совоқ (ыстық - суық), өлу – тірі (өлі - тірі), сейрек – сық (сирек - жиі), қам – біті (қам, піскен), чіліг – біші (ішкі, кіскен), көтүрүміш – елдүрміш (көтерілген, төмен түскен), узун – қысқа (ұзын - қысқа), йаңы – ескі (жаңа, ескі), семіз – арығ (семіз - арық), інчке – иоған (жіңішке - жуан), атқару – ілгеру (артқа - ілгері), бардың – келдің (бардың - келдің), көрдеу – көрмәдү (көрді – көрмеді), ақ – қара (ақ - қара), алтун – кумуш (алтын - күміс), аз – көп (аз – көп), ічкері – чихары (ішкері - тысқары), иоқары – ашаға (жоғары – төмен), күле – күле – иылай – иылай – иылай (күле – күле – жылай - жылай) т.б, Синоним сөздер. Біріне – бірі синоним болатын, яғни синонимдік қатар болып табылатын көптеген сөздер түркі тіліндегі ескерткіштерді көбінесе атап көрсетіліп отырған. Мысалы: шаа (шаһар) – кент (шаһар), нақт (ақша) – ақша (ақша), қалай (қалайы) – аққорғашын (қалайы), қары – аршун (қары, аршын), тең – йүк (тең, жүк), ус – ақыл – шуң (ақыл), чыхары – ташқары – (тысқары), йалғыз – тақар (жалғыз), иымыртқа, иінічке (нәзік, жұқа), йалың – ғрлан – бараһна (жалаңаш); Құрамы жағынан алып қарағанда синонимдік қатарлар екі сөзден де, одан көп сөзден де, қолтума сөзден де, кірме сөзден де құрама береді. Мысалы көк, салам, самат (шөп - шалам), көп үгіш тилін, иол (көп), ашкере, туйана сөздерінің бірі (ашкере) парсы тілінен алынған да, екеуі бірігіп, «әшкере» деген мағына беретін синонимдік қатар түзеп тұр. Мағыналық жағынан да түркі тілдеріндегі синоним сөздері әр алуан болып келеді. Басты-басты топтарға бөліп қарайтын болсақ, олар мынадай мағына беру үшін жұмсалады; а) Эмоциялық мәні бар синоним сөздер: үн, саз (үн, саз), татлы, чевук (тәтті), тоғру, кону (әділ), ыймыш, сасымыш (жидіген, сасыған), ачы, ағу (ащы). ә) әлеуметтік мәні бар синоним сөздер: йарлы, йоқшыл (жарлы - жақыбай), артул, көп (артық, көп), сатуқ, сатмақ (сатылатын нәрсе). б) логикалық мәні бар синоним сөздер: ус, ақыл (ақыл - парасат), бойа, рең (бояу, рең), йазармен, чизармен (жазармын, сызармын); №4 лекция Тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөз семантикасы туралы. 1.Көпмағыналық, синонимдік, антонимдік құбылыстардың тілді байытудағы рөлі мен маңызы. 2.Омонимнің пайда болу жолы мен тарихы. Тарихи омонимдер туралы. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.КеңесбаевІ, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988 2.Құрысжанов Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А.,2001 3.Тіл тарихы және сөз табиғаты. А.,1997 4.Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері А.,1988 Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас,бірақ іштей, яғни тілдік табиғаты жағынан,оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз,жүрек жұтқан, жүрегі тас шығу ат-тонын ала қашу, т.б тәрізді тіркестер бар.Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен дағдылы қалпын сақтайды,сыңарлар «ешкімнің еркіне көнбей», «өзінен өзі тіркесіп қойған» тәрізді болып ұғынылады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан ашық ажырата бермейді, осыған орай,оларды классификациялау (түр-түрге бөлу, топтастыру) тіл біліміде өте күрделі мәселе болып саналады.Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып,осыған сәйкес,олар түрліше топтастырылып жүр.Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық әдебиеттердің бірінде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның (тіркестің) сыңарларының мағыналарының ара қатысы жағынан топтастырылса, екіншілерінде құрылымы жағынан үшіншілерінде қызметі (функция) немесе эмоциональды-экспрессивті қасиеті жағынан топтастырылады. Академик В.В Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатысы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық(фразеологические сращение), фразеологиялық бірлік (фразеологическое единство)және фразеологиялық тізбек (фразеологическое сочетание) деп үш түрге бөледі.Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған класссификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептейді. Тіл-тілде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жолдармен жасалған.Олардың жасалуына алуан түрлі құбылыстар,ұғымдар, түсініктер негіз болған. Фразеология тіл білімінде 2 түрлі мағынада қолданылады.Біріншіден тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы болса, екіншіден бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері қарай түркі тілдерінде, соның іші қазақ тілінде фразеология мәселесі жан-ждақты зерттеле бастады.Академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеолгиялық сөздігі» атты еңбегі (1977) бүкіл түркітануға үлес болды. Ә.Қайдаров, Ә.болғанбаев, Ғ. Қалиев, Қ. Қожахметова, Г.Смағұлова, Ә.Хасенов сынды ғалымдар фразеологияның қыр-сырын танытуда көлемді әрі тұжырымды еңбектер беруде. Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын 3 түрлі басты белгісі бар. Олар:1)Даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) Мағына тұтастығы 3)Тіркес тиянақтылығы. Фразеологизмдерге тән басты белгі- оның даяр қалпында жұмсалу белгісі.Фразеолгизмдер қарым-қатынас процесінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас единица ретінде жұмсалады. Фразеологияның бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда ашық- айқын көрінеді.Мысалы:түймені қадау,қысқа жіп; Түймедейді түйедей ету, қысқа жіп күрмеуге келмейді, қой аузынан шөп алмас, қол қусыру т.б. Фразеолгизмдер мағына тұтастығымен сипатталады. Оның өзіне ғана тән, меншікті мағынасы бар және ол мағына фразеологиялық тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.Мысалы: көзді ашып жұмғанша, соқырға таяқ ұстатқандай т.б. Фразеологиялық тіркестер тұрақты қасиетімен сипатталады. Фразеологиялық тіркестер бүтіннің бөлшектері ретінде ұғынылатын, өзара тығыз байланысты сыңарлардан құралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді. Мысалы:сақлын сипап қалды-мұртын сипап қалды, мұрнын көкке көтерді-қолын көкке көтерді –мұрнын аспанға көтерді. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік фразеолгиялық тіркес деп аталады. Фразеологизмдерге тән 3 түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл ілмінде ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.Қазақ тіл білімінде фразеологизмдер туралы теориялық мәселелер мен олардың түрлерін бөлу жөніндегі пікірлер орыс тілімен сабақтас. К.Аханов, І.Кеңесбаев, Ә. Болғанбаев пікірлері академик В.Виноградов анықтамасынан, классификациясынан алыстамайды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеолгиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып 3 топқа бөлінеді. Фразеологиялық тұтастықтар – семантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының негізгі, номинативті мағынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа мағына беретін, құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен тізбектер. Мысалы: түйені түгімен жұтты, мұрнынан шаншылып жүр, жүрек жалғау, үріп ауызға салғандай, қас пен көздің арасында. Фразеологиялық бірліктер- құрамындағы кейбір сыңарлары мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасы аңғарылатын тізбектер. Фразеологиялық бірлік фразеологиялық тұтастық сияқты семантикалық жақтан бөлінбейтін біртұтас единица. Олардың айырмасы мынада фразеолгиялық бір бүтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағынасымен мүлдем жанаспайтын болса, фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарларының мағыналарының бүтіннің біртұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады, яғни фразеологиялық бірліктің мағынасы біртұтас бейнелі, туынды мағына. Мысалы:ауырдың үсті, жеңілдің асты, түймедейді түйедей ету, тайға таңба басқандай, тамырына балта шабу, ескі жараның аузын ашу, көз көрмес, құлақ естімес т.б. Фразеолгиялық тізбек- құрамындағы сыңарларының мағыналары түсінікті, бірақ тілде тек сол қалпында ғана жұп жазбастан қолданылатын тізбектер. Мысалы: ну орман, шалқар көл, ата мекен, қыпша бел, тас қараңғы, су жаңа, сүттен ақ, судан таза, т.б. Фразеологизмдер құрылым- құрылысы жағынан 2 топқа бөлінеді: 1)Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер.мысалы: ашық ауыз, саусақпен санарлықтай, тісін басты, қас қарайды, өр көкірек, кірпіәк қаққанша, езуі жиналмады, т.б. 2) Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер.Мысалы: бір қолын екі ете алмады, ел бетін көрместей болды, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты, т.б. Орыстың белгілі ғалымы Шанский фразеологизмдердің 4 түрі деп фразелогиялық сөйлемшені алады. Фразеолгиялық сөйлемшелер- семантикалық жақтан бөлуге болатын, сыртай қарағанда еркін тіркес сияқты болып келетін, бірақ тілде сол қалпында қалыптасқан тізбектер. Қазақ тілінде бұл түрді жеке алып қарастырмайды, өйткені бұл топқа жататындардың басым көпшілігі мақалдар мен мәтелдер. Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолданылуы жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Фразеологизмдер сияқты мақал - мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады. Бұлардың компоненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен өзгертуге келмейді. Дегенмен олардың мынадай айырмашылығы бар: 1)Фразеолгиялық мағыналарын астарлы бейнелеу мәнде келеді.Ал мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады.Мақал-мәтелдер қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы сөздер өзінің байырғы лексикалық мағынасынан қол үзіп, онша тасаланбайды. 2)Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдер өте шектеулі болады.Көпшілігі екі, я үш-төрт сыңарлы болады, ал мақал-мәтелдер мән –мағынасымен қатар құрылым –құрылысы жағынан да сан түрлі болады. 3)Фразеологизмдер нақтылы бір ұғымды астарлап айтып,сыртқы тұлғасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрса, мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы ойды түйіндеп айту басым болады.Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлемге ұқсайды. 4)Бұлардың жасалып қалыптасу мерзімінде декереғарлық бар. Мақал мен мәтел әр заманның өзіне лайық туып көбейе береді. Ал фразеологизмдер мақал-мәтелдер тәріздікүнбе-күн көбейіп,тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін,белгілі бір жағдай қажет.Әсіресе,идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану,лексикалану, грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты қажет етеді. 5) осындай ерекшеліктеріне байланысты фразеологизмдер идиомдар бір тілден екінші тілге сөзбе -сөз аударуға көне бермесе, мақал- мәтелдер тілден-тілге сөзбе-сөз де емін-еркін аударыла береді. Фразеологизмдерді Ісмет Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаевтар идиом мен фразаға бөледі. Идиомалық тіркес дегеніміз- бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған тіркестер. Фразалық тіркес дегеніміз- құрамындағы сөздердің біреуі немесе бірнешеуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын сақтап қалатын сөз тіркестері. Мақал дегеніміз-өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшамды сөз өрнегі. Мәтел- халық арасына көп тараған белгілі бір ойға ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы. Фразеологизмдер құрамындағы бірінші сөз ұйытқы сөз деп аталады.Мысалы: Ақ жауын, екі жүзді, өлеріне көрінді, өлгенше жақсы көрді. Екі компоненті зат есімнен болған фразеологизмдерге ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұрады.Мысалы: қасқа тіс, тіс қаққан, тіске басар, тісі батпады, тісінен шығарды. Тілдегі кез-келен сөз фразеологизмдерге ұйытқы сөз бола алмайды.Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. №5 лекция Тақырыбы Тарихи фонетиканың зерттелу нысаны,мақсаты мен міндеті. Түркітануда, қазақ тіл білімінде дыбыстардың зерттелу тарихы. Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің негізгі ерекшеліктері. Жоспар: 1.Дыбыс, әріп, фонема. Фонеманың мәні мен тарихи жіктелуі. Аллафондардың тарихи дамуы мен фонемалық түрге дейін даму сатысы. 2.Силлабофонемалық туралы ұғым. Дыбыстардың артикуляциялық сипаты. 3.Дауысты, дауыссыз фонемаларды топтастырудың тарихи принциптері. 4.Дауысты, дауыссыз фонемаларды топтастырудың тарихи принциптері. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж 2. 1.КеңесбаевІ, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988 3. Ескі түркі жазба еакерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.025 сек.) |