АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Алтын Орда

Читайте также:
  1. Наука и просвещение в Казахстане в XIX в. Жизнь и творчество Шокана Уалиханова и Ыбрая Алтынсарина.

Билет

1) Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері,кезеңдері

Тарих (араб сөзі – «зертттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме») адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен еліңді оқып үйренуден басталады.

Қаз.тарихы курсының мақсаты мен міндеттері:

1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін білу.

2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету.

3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу.

4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.

5. Қазақ халқы мемлекетінің дамуы мен құрылуы туралы нақты тарихи білім береді.

Қаз.тарихының 4 кезеңі:

-Ежелгі дүние тарихы

-Орта ғасырлар тарихы

-Жаңа заман тарихы

-Қазіргі заман тарихы

Кезеңдері:

1. алғашқы қауымдық құрылыс

2. құл иеленушілік құрылыс

3. феодалдық құрылыс

4. капиталстік құрылыс

5. социалистік құрылыс

6. нарықтық заман

 

2) Ноғай Ордасы

Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі – Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы алтын Ордадан XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Ноғай Ордасындағы басты тайпа маңғыттар болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста – Қазанға, оңтүстік шығыста – Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді. Оның орталығы – Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы. Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесіне өшпес із қалдырды. Ол 1399 жыл Литва-польша әскері мен Тевтон ордені рыцарларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре-жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады. Едіге Тоқтамыспен де егесіп соғысқан. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай ұлысын нығайтуға тырысқан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге өлгеннен кейін де ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай шын мәнінде оның ұрпағы – манғыт әмірлерінің қолында болды. Ноғай Ордасы құрамына манғыттармен қатар қоңырат, найман, арғын, алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаша, тама және басқа ру тайпалары кірді. Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар үнемі орын алды. Себебі Ноғай Ордасы саяси құрылым негізінде ұйымдасқан хандық еді. Орда бірнеше ұлыстарға бөлінген. Ш.Уәлиханов алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қарым-қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атады. Қазақстан аумағындағы біршама ұзақ уақыт өмір сүрген ноғай Ордасының ыдырауы Ресейдің Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алуынан кейін едәуір тездей түседі. Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетеді де, оның Қазақстан аумағындағы жерлері қазақ хандығының Кіші жүз құрамына енеді.

3) Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерілістер.

1868 жылы желтоқсанда Торғай және Орал облыстарныда отаршылдарға қарсы көтеріліс басталып, 1869 жылдың қазан айына дейін созылады. 1869 жылдың көктемінде көтерілісшілердің қаруланған отрядтары құрылады және олар басқару комиссиясына шабуыл жасап қарулы әскерлерге қарсылық көрсетеді. Көтерілісті Сейіл Түркебаев, Беркін Оспанов басқарып, олар Ембі өзенінің аумағын бақылауға алады. Көтерілісті басу үшін Мәскеу, Петербург, Харьков, Қазан әскери округінен, бекініс гарнизондарын қоспағанда 20 зеңбірегі бар 5300 адам жіберіледі. Жазалаушылар келгенде көтерілісшілер Сағыз, Ембі өзендерінің бойына шоғырланады. Штемпельдің 200 адамынан тұратын әскеріне шабуыл жасап, 20 мың көтерілісші 7 күндей оларды қоршауда ұстайды. Соңынан бұл отряд Калмыков бекінісіне шегінеді. Осындай шайқас Ащыбұлақ өзенінің бойында майор Тероговтың отрядымен де болады. 1869 жылдың наурызынан маусым айына дейін сұлтан, би, болыс басқарушыларының ауылдарына 3000 адам қатысқан 41 шабуыл жасалды. Көтерілістің қарқын алуынан қауіптенген патша өкіметі көтерілісті басуға мұқият дайындалды. Жазалау экспедициясын Орал облысының әскери губернаторы Н.А. Веревкин басқарады. Әскери отрядтың құрамында 1700-ден аса адам болады. Әскери қимылдар барысында көтеріліс басылып, оған қатысқандар ауыр жазаланды.

1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегінде көтеріліс басталды. Оған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің әскерлері мен казактардың көмегімен адай тайпасының қазақтарына «уақытша ережені» қабылдауына мәжбүр еткен Ембі өзенінің бойына дәстүрлі маусымдық көшпелілікпен айналысуларына тыйым салуы себепші болады. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжиев пен Иса Тіленбаев басқарады. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукиннің және казактардың отряды адайлықтарды жайлауға бара жатқан жерінен тоқтату үшін Құрыш шатқалына барады. 22 наурызда көтерілісшілер бұл отрядты қоршауға алады. Көтерілісшілер мен патша жазалау отрядтары арасында болған шайқаста патша әскерлері жеңіліске ұшырайды. Жарақаттанған Рукин өзін-өзі атып тастайды. Көтерілісшілерді балықшылар қолдайды. Көтерілісшілер саны бұл кезде 10 мыңға дейін жетеді. 5 сәуірде көтерілісшілер Николаевск станциясына шабуыл жасап Александровск форпостын өртеп жібереді және әскери гарнизондардың құрал-жабдықтары сақталған қоймасы бар Нижнее бекінісін талқандайды.

9 сәуірде аймаққа Кавказдан граф Кутаисов бастаған әскер келеді. Мамырда Кавказдан тағы да жаңа күштер жіберіледі. Олар Атемаранск полкінің батальоны, екі атқыш ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, 200 казак әскері және т.б. еді. Көтерілісшілер табандылықпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан жеңіліске ұшырайды. Көтерілістің басшылары И. Тіленбаев пен Д. Тәжиевтерді жазалаушылар отряды қудалайды. 1870 жыл ыолар өздерінің жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетеді. Патша өкіметі көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалап, соғыс шығыны ретінде адайлықтарға 90 мың қой көлемінде салық салады.

 

Билет

1) Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы

Тарихи дерек өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан. Негізінен деректердің бірнеше тобын атауға болады: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокиноқұжаттар. Мұндай жіктеу дерекке тән ерекше белгілерін (пайда болу, мазмұны, формасы) ескереді, дегенмен бұл шартты жіктеу.

Қазақстанның өткенін жазу, оны қайыра жаңғыртып қалпына келтіру үшін ғылымда тарихи деректемелер деп аталатын материалдардың мол ауқымы пайдаланылады.

n Заттай немесе археологиялық деректемелер.

n Этнографиялық деректемелер.

n Лингвистикалық деректер. Осы заманғы қазақ тілі қоғамының дамуына орай қалыптасты.

Ауызша және жазбаша деректеме көздері.

n Ежелгі және ортағасырлық кезеңдер бойынша қытай, грек, парсы, латын және түркі тілдеріндегі жазбаша-кітаби деректер бар.

n Көне жазбаша деректер Ахеменидтер заманында пайда болды (б.з.д.І м.ж. ортасы). Онда сақ этномәдени қауымдастығына кіретін, Қазақстанның көшпелі тайпалары туралы айтылады. Парсы тілінде б.з.д. ІІ м.ж.- арийлік көне кезеңдердегі оқиғалар туралы мәліметттер бар зороастризм кітабы «Авеста» жазылған.

Ежелгі түркі жазба деректері ежелгі түрік көшпелілерінің әлеміндегі этникалық, әлеуметтік және мәдени құбылыстар туралы неғұрлым анық түсініктер береді. Олар б.з. І м.ж. басында Орталық Азияда пайда болды. Олардың қатарына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк т.б. қағандардың рухына арналған ескерткіштер жатады.

Қазақстан тарихын ғылыми-зерттеу ісі ресейлік тарихшылардың қызметімен байланысты. Революцияға дейінгі кезеңде П.И.Рычков, А.И.Левшин, В.В.Бартольд, И.А.Аристов және т.б. зерттеушілер қомақты еңбектер жазды.

n Батыс Европалық саяхатшылар П.Карпини, В.Рубрук, М.Полоның шығармалары ХІІ – ХІІІ ғғ түркі – монғол ұлыстары мен тайпалары тарихы бойынша үлкен еңбек болып табылады. ХVІ ғ. шығармаларын парсы тілінде жазған, түркі текті тарихшылар М.Х.Дулати, («Тарихи Рашиди»), Бабыр («Бабыр – наме»), т.б. өз еңбектерінде Әбілхайыр хандығы, Орыс хан ұрпақтары, қазақ хандығының қалай құрылғандығы, алғашқы қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым) олардың саяси - әскери қызметтері жөнінде мәлімет береді. 15 – 17 ғғ. қазақ халқы, билеушілері, батырлары мен билері жөніндегі деректер ауыз әдебиетінде де кездеседі.

n Еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш – тарихшы ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш.Ш.Уалиханов қазақ, қырғыз. ұйғыр басқа да түркі тектес халықтарының тарихын зерттеді.

n ХІХ ғ. ІІ жарт. Қазақстан тарихымен орыс ғалымдары Л.Мейер, М.Красовский, М.И.Венюков, т.б. этнографиясымен Радлов, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, Н.А.Аристов және т.б. шұғылданды.

2) Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары

Әмір Темір – монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336 жылы туған. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған. Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады. Ақсақ Темір өзі билік құрған жылдары Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға қарсы бірнеше жорықтар ұйымдастырды. Ақсақ Темірдің алғашқы басқыншылық жорықтары Ақ Ордадан басталады. Оған сылтау болған оқиға төмендегідей еді: Ақ Орда ханы Ұрыс хан Алтын Орда астанасы Сарай қаласына қарсы жорығы кезінде өзіне көмектеспеген Жошы ұрпағы Түй Қожаны жазалайды. Түй Қожаның ұлы Тоқтамыс Мәуереннахрға Ақсақ Темірге қашып барады. Ақсақ Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қарсы аттандырды. Бірақ Тоқтамыс 1374-1375 жылдардағы ұрыс барысында жеңіліске ұшырады. Темір Тоқтамысқа әскер беріп қайта аттандырды. Бұл жолғы жорығы да сәтсіз аяқталды. 1375 жылы Ұрыс хан Әмір Темірге Тоқтамысты қайтаруды талап еткен елші жіберді. Сонымен қатар ол өз әскерінің Түркістан жеріне жақындап қалғанын хабарлайды. Мұны естіген Әмір Темір Тоқтамысты ертіп үшінші жорыққа аттанды. Ұрыс хан өз әскерімен Сығанақта тоқтаса, Темір өз әскерімен Отырар маңына орналасады. Үш ай өткенде Ұрыс хан кейін қайтып кетеді, ал әмір Темір Ұрыс ханның ұлы Мәлік оғланның 10 мың әскерін талқандайды. 1376 жылы Ұрыс хан қайтыс болады. Артынша оның үлкен ұлы Тоқтақия да қаза болады. Бұл Ақ Орданың жеңілуіне әкеліп соқты. Әмір Темір Тоқтамысты Сауран қаласында таққа отырғызып, өзі кейін Мәуереннахрға қайтады. 1377 жылы Ұрыс ханның ұлы Темір-Мәлік Сауран түбінде болған шайқаста Тоқтамыс жеңіліс табады. Бұл жолы да Әмір Темір Тоқтамысқа өз әскербасыларын жібереді. Нәтижесінде Тоқтамыс Ақ Орда астанасы Сығанақты басып алады. Тоқтамыс өзін Ақ Орда мемлекетінің билеушісімін деп жариялайды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар ұйымдастырып, Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алады. Осындай табысқа мастанған Тоқтамыс Әмір Темірге бағынудан бас тартады. Енді Алтын Орда үшін Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында соғыс басталды. 1391 жылғы ұрыста Әмір Темір әскері Тоқтамыс әскерін талқандайды. Әмір Темір 1395 жылғы Тоқтамысқа қарсы екінші жорығы нәтижесінде Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзені бойындағы шайқаста Тоқтамысты күйрете жеңеді. Бұл жолы ол Алтын Орданың астанасы Сарай Беркеге басып кіріп, қаланы тонап, халқын құлдыққа айдайды. Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. 1371 -1390 жылдар аралығында ол Моғолстанға қарсы бірнеше жорық ұйымдастырады. 1377 жылы Моғолстан билеушісі Қамар ад-дин екі рет Темір әскерінен талқандалды. Моғол әскеріне қарсы мұндай соққы 1383 жылы тағы қайталанды. Ақсақ Темірдің 1389 жылғы Моғолстанның жаңа билеушісі Қызыр Қожаның тұсындағы жорығы тіпті жойқын болды. Шығыс деректері «Қызыр Қожада патшалық та, мүлік те қалмады», - деп жазды. Бұл Мәуереннахр билеушісінің соңғы жорықтары болатын және ол Қызыр Қожаның вассалдық қатынастарды мойындауымен аяқталды. Темір билік биігіне өрлегенде мұсылман дініне сүйенді. Түркістанда Қожа Ахмет Йасауидың мазарын салдырған да соның өзі. Ақсақ Темір өзі әмірші болған 35 жыл ішінде (1370-1405 жж.) басқыншылық, тонаушылық соғыстары нәтижесінде Моғолстан, Ақ Орда, Хорезм, Каспий өңірі аймақтары, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Ауғанстан, Үндістан, Египет, Бағдад, Сирия енген орасан зор империя құрды. XIV ғасырдың соңына қарай Азия мен Еуропа құрылығының едәуір бөлігін жаулап алған Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, ол өлгеннен кейін біржола күйреді.

3) XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Әлеуметтік-жағдай

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.

Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

Билет

1) Қазақстан территориясындағы тас дәуірі

Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.

Тас дәуірінің кезеңдері:

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

А. Ерте палеолит

Ә. Орта палеолит

Б. Кейінгі палеолит

2. Мезолит (орта тас ғасыры)

3. Неолит (жаңа тас ғасыры)

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.

Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);

Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);

Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.

Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған.

Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.

Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.

Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Орта палеолит. ( б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).

Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.

Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады.

Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды.

Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.

Адамдар және олардың тіршілігі.

Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.

Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.

Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.

Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.

Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.

Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.

Соңғы палеолит.

Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.

Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.

Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.

Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).

Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.

Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.

Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

2) Қазақ халқының қалыптасуы

Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.

Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.

Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:

· 1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;

· 2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

· 3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

· 4. халықтың тілінің қалыптасуы;

· 5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

· 6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде, оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екінші мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыс бұзылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы- адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.

3) Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.

І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.

ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.028 сек.)