АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мінездеме

Читайте также:
  1. Мінездеме

Курс

 

Келісілген Қарағанды облыстық адвокаттар коллегиясының адвокаты   _________Дьякова С.В. «» 2013 ж.     Арнайы құқықтану Пәндік (Циклдік) комиссия отырысында қаралды Хаттама № 4 20.11.2013 ж    

 

 

Қарағанды 2014ж

Мазмұны

1. Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеттері    
2. Өндірістік тәжірибенің өту мерзімдері    
3. Тәжірибеге жетекшілік ету    
4. Тәжірибені өту барысындағы студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттері    
5. Өндірістік тәжірибенің мазмұны    
6. Күнделікті және тәжірибені өту бойынша есеп беруді рәсімдеу    
7. Есеп беруді қорғау мен тәжірибе бойынша қорытынды шығару    
8. №1 қосымша    
9. №2 қосымша    
10. №3 қосымша    
11. №4 қосымша    
12. № 5 қосымша    
13. № 6 қосымша    
14. Колледж студенттерінің түйіндемесі    

 

I.Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Студенттер тәжірибесі оқу процесінің маңызды бөлімі ретінде теориялық білімдерін жүйелендіру, нығайту мен бекітудің мақсаты болып табылады.

Тәжірибеден өтуге теориялық оқытудың оқу жоспарын толығымен орындаған студенттер жіберіледі.

Өндірістік тәжірибенің міндеттері:

· Тәжірибесімен қарастырылған барлық тапсырмаларды толық орындау;

· Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

· Студенттің өндірістік тәжірибесін өтетін кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын зерделеуі және талдауы;

· Атқарылатын жұмыс пен оның нәтижелеріне жауапты болу;

· Өндірістік тәжірибе бойынша материалды жинау және талдау.

 

II. Өндірістік тәжірибені өту мерзімдері

Күндізгі бөлімнің студенттері өндірістік тәжірибені оқу жұмысының жоспарына сәйкес теориялық материалды толық меңгергеннен кейін шығарушы курста өтеді.

Тәжірибенің ұзақтығы:

А) күндізгі бөлім студенттері үшін–8 апта,288 сағат (күніне 8 сағат);

Б) сырттай бөлім студенттері үшін–4 апта,144 сағат(күніне 8 сағат).

 

ІІІ. Тәжірибеге жетекшілік ету

Студенттердің тәжірибесін тәжірибелі студенттер мен біліктілігі жоғары тәжірибелік қызметкерлер басқарады.

Колледж тарапынан жалпы басшылығын, тәжірибені ұйымдастыруына және өтуіне бақылауын өндірістік тәжірибе жөніндегі әдіскер іске асырады.

Тәжірибе өтетін ұйым басшылары студенттерге көмек көрсетуге тиісті.

 

Оқу орны тарапынан тәжірибе жетекшісінің міндеттері:

1.тәжірибенінің өтуін тәжірибе бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру;

2.студенттерді оқу бағдарламасына сәйкес тәжірибеден өту орындарымен қамтамасыз ету;

3.студенттерді қажетті құжаттар мен ведомствалық нормативтік актілермен, әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

4.тәжірибе барысында оның өту сапасын, жұмыс күні кестесі мен тәртібін сақтауын, құжаттамаларды толтыру дұрыстығын бақылау;

5.тәжірибені өту туралы студенттердің есебін тексеру;

6.студенттін тәжірибені өту жөніндегі есебінің қорғауын өткізу.

 

Ұйым тарапынан тәжірибе жетекшілерінің міндеттері:

1. Тәжірибе бағдарламасы мен ережелеріне сәйкес тәжірибені ұйымдастыру;

2. Оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге тәжірибе орындарын белгілеп беру;

3. Студентке қажет құжаттамалармен және ведомстволық нормативтік актілермен, нұсқамалық материалдармен қамтамасыз ету;

4. Студентке ұйымның ішкі еңбек тәртіп ережелерін (соның ішінде жұмыстың басталуы мен аяқталуы) сақтауын бақылау;

5. Күнделіктердің толтыруын және тәжірибені өту жөнінде есептерін тексеру;

6. Студентке мінездеме жазып, оларды ұйым бастығына бекітуге беру, тәжірибе бойынша есептерді тексеріп, оларға қол қою.

ІV. Тәжірибені өту барысында студенттің негізгі құқықтары мен міндеттері

Студенттің құқығы бар:

· қажет ақпаратты алу үшін өндірістегі тәжірибе жетекшісінен тікелей көмек сұрауға;

· тәжірибе бойынша барлық керекті кеңестерді алуға;

· ҚКЭУ ЭБҚ колледжінде теориялық кеңестерді алуға

 

Студенттің міндеттері:

►тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға;

►тәжірибе орнына дер кезінде келуге;

►мекемедегі, ұйымдағы ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

►өз мамандығы бойынша көбірек тәжірибеліқ дағдыларға ие болу үшін бағдарламамен қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға;

►мекеме жұмысына қатысты арнайы нұсқамалық материалдарды, өкімдерді, нұсқауларды зерделеуге;

►атқарылатын жұмысқа және оның нәтижелері үшін жауапты болуға;

►белгіленген тәртіпке сәйкес күнделік-есепті жүргізіп, тәжірибенің нәтижелері бойынша оқу орнына есеп беруге;

►есеп беруде пайдалану үшін материалдарды жинауға.

 

V. Өндірістік тәжірибенің мазмұны

Студенттер өндірістік тәжірибені шаруашылық субъектілерде, банктерде өтуге құқылы. Сонымен қатар, студенттердің өндірістік тәжірибесі құқық қорғау органдарында, сотта, нотариалдық кеңселерде, адвокаттар коллегиясында, заңгерлік кеңестерде, АХАЖ органдары мен салық қызметінің органдарында ұйымдастырылады.

 

5.1. Шаруашылық субъектілерде

«Азаматтық құқық», «Еңбек құқығы», «Заң қызметін ұйымдастыру», «Кәсіпкерлік құқық» пәндері бойынша тәжірибеден өтудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары Күндер саны
Күндізгі бөлім Сырттай бөлім
1. Заңды тұлғалар    
2. Азаматтық- құқықтық шарттардың түрлері    
3. Еңбек шарты    
4. Еңбек тәртібі.    
5. Еңбек даулары.    
6. Материалдық жауапкершілік.    
7. Заң қызметін ұйымдастыру.    
8. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    

Шаруашылық субъектілерде тәжірибе өтудін мазмұны

Тақырыптар атауы Танысу керек Келесілерді орындау
  Заңды тұлғалар заңды тұлғаны тіркеу реттілігі; кәсіпорынның құрылтай құжаттарымен,штат құрамының қызметкерлерімен танысу -органның құрылымын,құрылтай құжаттарын және атқаратын қызметтерін(есеп беруде жазып көрсету) -кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымының сызбасын құрастыру
  Азаматтық- құқықтық шарттардың түрлері кәсіпорындар мен шаруашылық және банк ұйымдарының заң бөлімі,сондай-ақ кәсіпорындардың шарттық жұмыстарын ұйымдастыру; шарттағы тараптардың құқықтары мен міндеттерімен танысу -кәсіпорынның шарттарымен танысу; -кәсіпорынның заң бөлімінің қызметінің тәртібімен танысу(есеп беруде жазып көрсету) -кәсіпорынның шарттарына кесте құрастыру; -кәсіпорынның азаматтық-құқықтық шарттардың үлгілерін құрастыру
  Еңбек шарты еңбек шартын жасасу,өзгерту және толықтыру тәртібі,тоқтату мен бұзу тәртібі; кадрлық бөлімшеде еңбек шарттарының тіркеу реттілігі -кәсіпорындарда қолданылатын еңбек шарттарымен танысу; -жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушы қызметкер арасындағы еңбек шартын жасасу туралы келіссөздерге қатысу; -еңбек шартының мазмұнын талаптарымен танысу; -еңбек шартының үлгісін құрастыру
  Еңбек тәртібі. ҚР қолданылатын заңдардың ретімен танысу; Кадрлық бөлімшенің қызметімен және бұйрық шығару ретімен танысу -кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібімен танысу; -кәсіпорында ішкі еңбек тәртібін қамтамассыз ету(есеп беруде жазып көрсету); -тәртіптік жазаны қолдану туралы бұйрық жобасын құрастыру
  Еңбек даулары. кәсіпорындағы жеке және ұжымдық еңбек дауларының қарау және жұмысын ұйымдастыру -заң бөлімі қызметінің жұмысы бойынша заңгер кеңесшімен дауларды қарастыру кезінде қатысу; -дауларды қарау жөніндегі комиссия отырысына қатысу(есеп беруде жазып көрсету); -еңбек даулары жөніндегі комиссиясында қарау тәртібі туралы шешім қабылдауды құрастыру;  
  Материалдық жауапкершілік. жұмыс берушімен қызметкердің-келтірілген залал(зиян)үшін материалдық жауапкершілігі еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі -еңбек шарты тарапының залал(зиян)келтіргені үшін материалдық жауапкершілігі басталатын жағдайлармен танысу(есеп беруде жазып көрсету); -толық материалдық жауапкершілік туралы шарт құрастыру
  Заң қызметін ұйымдастыру. кәсіпорындағы заң бөлімі қызметімен танысу -заң бөлімі қызметінің жұмысымен,заңгер кеңесші маманның кәсіпорындағы жұмыскерлерге құқықтық сұрақтарына жауап беру кезінде қатысу(есеп беруде жазып көрсету); -кәсіпорынның азаматтық құқықтық шарттары бойынша талап арыз және кінәрат құрастыру
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

Сотта

«Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Құқықтық ақпаратты автоматты өндеу» пәндері бойынша тәжірибеден өтудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары Күндер саны
Күндізгі бөлім Сырттай бөлім
1. Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы мен соттылығы    
2. Сотта өкілдік ету    
3. Сот шығындары. Мемлекеттік баж бен өзге де сот шығындары    
4. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар мен үшінші тұлғалар    
5. Талап қою мен талап қою құқығы    
6. І инстанциясындағы сот өндірісі    
7. Апелляциялық өндіріс    
8. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу    
  Барлығы:    

Азаматтық істер бойынша сотта тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырыптар атауы Танысу керек Келесілерді орындау
  Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы мен соттылығы штат құрамының қызметкерлерімен танысу, -бірінші сатыдағы соттың құзыретімен танысу. - сот канцеляриясының қызметін;соттағы процессуалдық құжаттарды электрондық базада тіркелуін (есеп беруде жазып көрсету); Судьяның тұрғындармен жұмыс уақыт тізбесін(есеп беруде жазып көрсету); - талап арызды қаблдаудан бас тарту жөнінде үлгіні құрастыру;
  Сотта өкілдік ету Өкілдердің азаматтық істердің келіп түсуінің тәртібімен танысу - азаматтық істер бойынша өкілдерге сенімхат жазуды құрастыру; -заңды өкілдердің процесске қатысу тәртібіне байланысты кесте құрастыру;
  Сот шығындары. Мемлекеттік баж бен өзге де сот шығындары Мемлекеттік баж мөлшерімен,сот шығындарын бөлу тәртібімен танысу; - өкілдерге байланысты заң көмегіен тегін көрсетуге құқылы тұлғалардың кестесін құрастыру; -іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан босату сот шешімінің анықтамасын құрастыру;  
  Азаматтық іс жүргізудегі тараптар мен үшінші тұлғалар Мүделлі тұлғалардың процесске қатысу тәртібімен танысу; -даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар; -даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші тұлғалар;
  Талап қою мен талап қою құқығы -арызды беру тәртібі; -талап арыздың түсуін тіркеу тәртібі; -азаматтық істерді әзірлеу; - соттағы процессуалдық құжаттарды электрондық базада тіркелуін (есеп беруде жазып көрсету); - азаматтық істері бойынша талап арыз үлгілерін құрастыру;
  І инстанциясындағы сот өндірісі -сот отырысын өткізу тәртібімен танысу; -іске қатысушы тұлғалардың жарыссөздер тәртібі; -сот сатыларын білу; -сот отырысына қатысу; -сот шешімінің орындалуын қадағалау; -сот отырысына қатысу; -азаматтық істің макетін әзірлеу (сот отырысының хаттамасысот шешімі және прокурордың қорытындысы)
  Апелляциялық өндіріс -аппеляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне енуі және сот шешіміне наразылық келтіру; - аппеляциялық шағымдар,наразылықтар беру (келтіру) тәртібі(есеп беруде жазып көрсету); - аппеляциялық шағымның үлгісін құрастыру;
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу

«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Құқықтық ақпаратты автоматты өндеу» пәндері бойынша тәжірибеден өтудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары Күндер саны
Күндізгі бөлім Сырттай бөлім
1. І сот инстанциясындағы сот өндірісі      
2. Қылмыстық істердің соттылығы    
3. Қылмыстық істерге қатысушылар    
4. Сот отырысының хаттамасы    
5. Сот қаулысы    
6. Апелляциялық тәртіпте қарауға жататын сот актілері.    
7. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    

Қылмыстық істер бойынша сотта тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырыптар атауы Танысу керек Келесілерді орындау
  І сот инстанциясындағы сот өндірісі   -қылмыстық істің сотқа түсу тәртібі; -қылмыстық істі тіркеу тәртібі; -сот өндірісінің инструкциясымен танысу; - сотта іс қозғу сатысымен; -сот отырысына қатысу; -сот қаулысының орындалуын қамтамассыз ету (есеп беруде жазып көрсету); -қылмыстық істің макетін құрастыру(сот отырычынң хаттамасы,сот қаулысы); -істі сотта қараудың тәртібі;  
  Қылмыстық істердің соттылығы Судьялардың арасындағы міндеттерді бөлу;   -сот канцелярия қызметімен танысу; -соттың процессуалдық электрондық базада тіркекелуі(есеп беруде жазып көрсету); -сотта іс қарау тәртібі;  
  Қылмыстық істерге қатысушылар Қылмыстық процесске қатысушылардың сотқа шақырылуы;   -қылмыстық істер бойынша прокурор мен адвокат қызметінің тактикасын үйрену (бақылау жолымен) (есеп беруде жазып көрсету);  
  Сот отырысының хаттамасы Сот отырысының хаттамасын жазуды үйрену; -сот хаттамасын әзірлеу;
  Сот қаулысы Қылмыстық істер бойынша соттың шешімін жариялау тәртібі; -ақтап алу және айыптау үкімі
  Апелляциялық тәртіпте қарауға жататын сот актілері. Іс аппеляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін түскен аппеляциялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі; - аппеляциялық шағымдыр,наразылықтар беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері;  
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

 

5.3. Құқық қорғау органдарында

«Әкімшілік құқық», «Қылмыстық құқық», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндері бойынша тәжірибеден өтудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары Күндер саны
Күндізгі бөлім Сырттай бөлім
  Ішкі істер органдары    
1. Алдын ала тергеу және анықтау органдары    
2. Қылмыстық істі қозғау    
3. Тергеу әрекеттері    
4. Дәлелдеу мен дәлелдемелер    
5. Айыптау қорытындысын шығару    
6. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    
  Прокуратура органдары    
1. Прокуратура органдарының жүйесі    
2. Прокурорлық қадағалау актілері    
3. Қылмыстық істер бойынша прокурордың істі сотқа дейінгі талқылауына қатысуы    
4. Прокурордың қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот талқылауына қатысуы.    
5. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    

Ішкі істер органдарында тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырыптар атауы Танысу керек Келесілерді орындау
  Алдын ала тергеу және анықтау органдары Тергеу және анықтау органдарының құзыреты - мақсаттары, функциялары, міндеттерін құрылымын білу. (есепте көрсету); - тергеу және анықтау органдарының бөлімдерін категориялық істер бойынша кестеге әзірлеу;
  Қылмыстық істі қозғау Қылмыстық іс қозғау реттелу мен негіздері; - қылмыстық іс қозғаудың қаулысын құру;
  Тергеу әрекеттері Тергеу әрекетінің жүргізу тәртібімен, талаптарымен, көрсетілген іс-құжаттарын сақтау; - тергеу іс-әрекеттеріне қатысуы; - қылмыстық іс-бойынша әр түрлі нұсқаларды құруды үйрену; - қылмыстық іс бойынша макеттер құрастыру;  
  Дәлелдеу мен дәлелдемелер Қылмыстық істің дәлелдемелердің және дәлелдеу бойынша сақтау тәртібі - сараптама алу үшін үлгілерді алуды үйрену, сараптама тағайындау; - сараптама қорытындысыбойынша қаулы жасау;
  Айыптау қорытындысын шығару Айыптау қорытындысын етпен және мерзіммен құру. - қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын құру
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

Прокуратура органдарында тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырыптар атауы Танысу керек Келесілерді орындау
  Прокуратура органдарының жүйесі прокурор қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс; - іс жүргізуді білу; - прокурор азаматтарды қабылдау кезінде қатысу және т.б.
  Прокурорлық қадағалау актілері Прокурор қызметін реттейтін актілермен -прокурор актілерін, қаулыларын, наразылықтарын білу
  Қылмыстық істер бойынша прокурордың істі сотқа дейінгі талқылауына қатысуы Қылмыстық істер бойынша тергеу барысында құқықбұзушылықтарды анықтау әдістерімен - прокурордың жұмысын үйрену, заңның дұрыс қолданылуын, органдардың, тергеу әрекеттерінің заңдылығын тексеру (есепте жазып көрсету)
  Прокурордың қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот талқылауына қатысуы. Прокурордың құқықтары мен міндеттерін істі сотта талқылау сатысында   - сот отырысына қатысу, сот отырысында прокурордың орнын сипаттау (есепте жазып көрсету); -қылмыстық іс бойынша прокурордың айыптау туралы сөзін құрастыру.  
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу

 

5.4. Әділет Министрлігі органдарында

«Нотариат», «Адвокаттық қызмет», «Азаматтық құқық», «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәндері бойынша тәжірибеден өтудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары Күндер саны
Күндізгі бөлім Сырттай бөлім
  Нотариат    
1. Нотариустың құқықтық жағдайы. Нотариалдық қызметпен айналысуға берілетін лицензия.    
2. Нотариалдық қызмет үшін ақы.    
3. Нотариуспен жасалатын нотариалдық әрекеттер.Нотариалдық іс жүргізу.    
4. Нотариус көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері.    
5. Құжаттарды куәландыру.    
6. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    
  Адвокатура    
1. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары. Адвокаттық қызметпен айналусы лицензиясы.    
2. Адвокаттың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізуге қатысуы. Адвокат өкілеттілігін куәландыру.    
3. Адвокаттық қызметке ақы төлеу.    
4. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    
  Әділет министрлігі (жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі)    
1. Заңды тұлғаларды тіркеу.    
2. Жылжымайтын мүлікті тіркеу.    
3. Шарттық міндеттемелер (сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту, рента шарттары).    
4. Мұрагерлікке құқық туралы куәлікті тіркеу.    
5. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    
  Сот орындаушысы    
1. Сот орындаушысының құқықтық жағдайы.    
2. Орындаушылық өндірістің қатысушылары.    
3. Орындаушылық өндірістегі мерзімдер.    
4. Орындаушылық жұмыстар бойынша шағындар.    
5. Орындаушылық жұмыстарды орындау тәртібі.    
6. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    
  Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі    
1. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің құзыреттілігі.    
2. Мемлекеттік көмек көрсеткені үшін мемлекеттік баж.    
3. Аймақтық әділет органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызмет тәртібі (тууды, өлімді, ұл (қыз) асырап алуды, неке қиюды (бұзуды), әкелікті анықтауды тіркеу).    
4. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    

Нотариаттағы тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырып атаулары Танысу керек Келесілерді орындау
  Нотариустың құқықтық жағдайы. Нотариалдық қызметпен айналысуға берілетін лицензия. Нотариус құқықтары мен міндеттерімен; нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу тәртібімен -нотариалдық кеңсені ашудағы нотариус міндеттерін білу (есепте көрсету); -нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға қажетті құжаттар тізімін дайындау
  Нотариалдық қызмет үшін ақы. Нотариалдық қызмет үшін ақы төлеу ережесімен танысу -Нотариалдық қызмет алғаны үшін төлемақыларға салық заңнамасы бойынша салыстыру талдауын жасау (есепте көрсету); - тоқсан бойынша нотариуспен нотариалдық әрекеттер жасағаны үшін алынған төлемақылар бойынша есеп беру
  Нотариуспен жасалатын нотариалдық әрекеттер.Нотариалдық іс жүргізу. Нотариалдық іс жүргізу бойынша ережемен танысуға -Нотариалдық іс жүргізуге қатысты ҚР «Нотариат» туралы заңнамасымен танысуға (есепте көрсету); -Нотариалдық құжаттар әзірлеу
  Нотариус көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері. Нотариус көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілер туралы ережемен -Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілеріне қатысты ҚР «Нотариат» туралы заңнамасымен танысуға; -Нотариус көмекшісі мен тағылымдамадан өтушілерінің жұмысына салыстырмалы талдау жасау
  Құжаттарды куәландыру. Нотариалдық құжаттарды куәландыру тәртібімен танысуға   -Нотариалдық құжаттарды құрастыру тәртібінің жүйесін білуге (есепте көрсету); -Өсиет,сыйға тарту, сатып алу-сату, айырбас шарттарының үлгісін құрастыру
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

Адвокатурада тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырып атаулары Танысу керек Келесілерді орындау
  Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары. Адвокаттық қызметпен айналусы лицензиясы. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру және адвокаттық қызметпен айналысуға берілетін лицензияны алу тәртібімен танысуға -Адвокат қызметін реттейтін НҚА оқу; -Адвокат лицензиясының үлгісін түсіріп алу
  Адвокаттың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізуге қатысуы. Адвокат өкілеттілігін куәландыру. Азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерінің нормаларымен, адвокатты іске қатыстыру тәртібімен танысуға -Сот процесіне қатысушы адвокаттың құқықтары мен міндеттерін білу (есепте көрсету); -Адвокат атынан апеляциялық өндіріс бойынша шағым құрастыр; -Адвокаттың қорғау сөзін құрастыру
  Адвокаттық қызметке ақы төлеу. «ҚР адвокаттық қызмет туралы» заңы бойынша адвокатқа төленетін төлем ақы -Адвокаттарға құқықтық көмек алғаны үшін төленетін төлемақы тәртібі, гонорар, ордер, тіркеу карточкалары. -Ордер және тіркеу карточкасының үлгісін түсіру  
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

Әділет Министрлігіндегі тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

(жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі)

Тақырып атаулары Танысу керек Келесілерді орындау
  Заңды тұлғаларды тіркеу. Заңды тұлғаларды тіркеу тәртібімен -Жылжымайтын мүлік бойынша қызмет көрсету аясындағы НҚА оқу (есепте көрсету); -Мемлекеттік тіркелуге жататын құжаттарды тіркеуден өткізу тәртібін көрсету; құжаттар үлгісін есепке қосу
  Жылжымайтын мүлікті тіркеу. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқық түрлерімен -Жылжымайтын мүлік пен олармен жасалатын шарттарға қатысты бірінғай мемлекеттік реестр еңгізу(есепте көрсету); -Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеуден бас
  Шарттық міндеттемелер (сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту, рента шарттары). Мемлекеттік тіркеуге жататын шарттардың жекеленген түрлерінің жүйесін құрастыру -Мемлекеттік тіркеуге жататын құжаттарға қойылатын талаптарды оқу
  Мұрагерлікке құқық туралы куәлікті тіркеу. Мұрагерлікке құқық беру тәртібімен - нотариалдық құжаттарды құрастыру жүйесін білу (есепте жазып көрсету); - өсиет, сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас шарттарының үлгісін құру.
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

Сот орындаушысында тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырып атаулары Танысу керек Келесілерді орындау
  Сот орындаушысының құқықтық жағдайы. Сот орындаушысының құқықтары мен міндеттерімен; орындаушылық қағаздарды орындау қызметімен айналысуға лицензия алу тәртібімен -Лицензияны алуға қажетті біліктілік талаптар мен құжаттар тізімін білу (есепте көрсету); -Сот орындаушысының қаулысын құрастыру
  Орындаушылық өндірістің қатысушылары. «Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР заңы бойынша атқарушылық өндірістегі қатысушылар мәртебесімен танысуға -Борышқорлардың бірінғай реестрін білу – борышқорлар бойынша мәлемет (есепте көрсету); -Атқарушылық қағаздарын құрастыру
  Орындаушылық өндірістегі мерзімдер. Орындауға арналған құжаттар бойынша мерзімдермен -орындауға арналған құжаттар бойынша мерзімдерді білу (есепте көрсету); -атқарушылық құжат мерзімін ұзарту өтінішін құрастыру
  Орындаушылық жұмыстар бойынша шағындар. Орындаушылық жұмыстар бойынша шағындар түрлерімен. -Орындаушылық жұмыстарды жасау кезінде келтірілген шығындар бойынша сот орындаушысының қаулысын құрастыру; -Атқарған қызметі бойынша жеке сот орындаушысының қаулысын құрастыру.
  Орындаушылық жұмыстарды орындау тәртібі. «Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР заңы бойынша борышқор мүлкін тәркілеу, бағалау, мүлікті сақтау тәртібімен танысуға -Сот орындаушысымен жасалатын шараларға қатысу (борышқор мүлкінің тізімін жасау, тәркілеу, бағалау, сақтау) (есепте көрсету); -Атқарушылық өндіріс бойынша іс макетін жасау
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тәжірибе өту мазмұнының үлгісі

Тақырып атаулары Танысу керек Келесілерді орындау
  Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің құзыреттілігі. АХАТ бөлімің қызметін реттейтін НҚА -РАГС бөлімінің ережесін және сол бөлімде қызмет ететін мамандардың қызметтік ережелерін оқу (есепте көрсету); -Халықпен жұмыс істеу жұмыс тәртібін құру; -Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кеңес берулерге қатысу (есепте көрсету);  
  Мемлекеттік көмек көрсеткені үшін мемлекеттік баж. Мемлекеттік көмек көрсеткені үшін мемлекеттік баж төлеу тәртібімен -АХАТ бөлімі көрсеткен қызмет үшін төлем мөлшерін оқу (есепте көрсету); -АХАТ бөлімі көрсететін қызмет түрлерінің тізімі мен мемлекеттік баж мөлшерінің тізімін құрастыру
  Аймақтық әділет органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызмет тәртібі (тууды, өлімді, ұл (қыз) асырап алуды, неке қиюды (бұзуды), әкелікті анықтауды тіркеу). Құжаттарды тіркеу ережелерімен: туу туралы куәлік, өлуі туралы куәлік, некені қию (бұзу) туралы куәлік, әкелікті тану туралы куәлік. -туу туралы куәлік, өлуі туралы куәлік, некені қию (бұзу) туралы куәлік, әкелікті тану туралы куәлік бойынша актілік жазбалар жасау.
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.

 

5.5. Салық қызметі мен қаржы қызметінің органдарында (салық комитеті, экономикаға және жемқорлыққа байланысты қылмыстармен күресу агенттігі)

«Салық және қаржы құқығы», «Заң қызметін ұйымдастыру», «Құқықтық ақпаратты автоматты өндеу» пәндері бойынша тәжірибеден өтудің тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптар атаулары Күндер саны
Күндізгі бөлім Сырттай бөлім
1. Қаржылық құрылыс. Қаржы және салық қызметі органдарының құзыреттіліктері.    
2. Қаржылық және салықтық жоспарлау мен басқару.    
3. Қаржылық бақылау. Тексеріс актілері.    
4. Салықтық бақылау. Салықтық тексеріс актілері. Салықтық декларация.    
5. Салықтық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік.    
6. Заң бөлімдерінің халықпен жұмыс істеуі.    
7. Заң бөлімдерінің талаптық жұмыстары.    
8. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу.    
  Барлығы:    

Салық қызметі мен қаржы қызметінің органдарында (салық комитеті, экономикаға және жемқорлыққа байланысты қылмыстармен күресу агенттігі) тәжірибе мазмұнының үлгісі

Тақырып атаулары Танысу керек Келесілерді орындау
  Қаржылық құрылыс. Қаржы және салық қызметі органдарының құзыреттіліктері. Қаржы және салық органдары қызметін реттейтін НҚА -Органдардың жүйесі мен құзыреттіліктерін және де олардың қызметін реттейтін НҚА білу; -қызметтік ереже үлгісін есепке тіркеу.
  Қаржылық және салықтық жоспарлау мен басқару. Негізгі жоспарлау кезендерімен; Бюджет түрлерімен -Қаржылық жоспарларды оқу; Бюджет түрлерін; -Жеке тұлға табыстары туралы мәлеметтерді қабылдау хаттамасы.  
  Қаржылық бақылау. Тексеріс актілері. Бақылау түрлерімен; Бақылау жүргізу тәртібімен. -Бақылау жүргізу кезегін білу; -Тексеріс актісін құрастыру.  
  Салықтық бақылау. Салықтық тексеріс актілері. Салықтық декларация. Бақылау түрлерімен; Салық декларациясының түрлерімен -Салық және қаржы органдары қолданатын санкция тізімін және де оған қойылатын талаптарды білу (есепте көрсету); -Салықтық тексеріс актісін құрастыру.
  Салықтық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік. Салықтық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік түрлері; Санкция түрлері. -Бар істермен танысу; -Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын құрастыру (қаржылық және салықтық құқықбұзушылықтар үшін).
  Заң бөлімдерінің халықпен жұмыс істеуі. Заң бөлімдерінің құзыреттіліктеріментанысу; жұмыс түрлерімен. -Қызметтік ережелерін білу; -Салық декларациясының үлгісін есепке тіркеу.
  Заң бөлімдерінің талаптық жұмыстары. Жұмыс түрлерімен; Талап түрлерімен. -Салық заңнамасын бұзғандардан мәжбүрлі түрде айыппұлды өндіріп алу бойынша сотқа талап арыз құрастыру
  Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беруді ресімдеу

 

VI. Күнделікті және тәжірибені өту бойынша есеп беруді ресімдеу

6.1 Тәжірибе күнделігін студент толтырады. Күнделікті атқарған жұмысы күнделікке жазылады да, тәжірибе жетекшісі қол қояды.

6.2. Тәжірибе бойынша жазбаша қорытынды жасап, оны тәжірибе бойынша есеп беруге тіркейді.

Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасына және тәжірибе жетекшісінің қосымша нұсқауына сәйкес студентпен құрастырылады. Есеп беруде студент тәжірибе барысында атқарған жұмыстарын көрсетуі тиіс. Атқарған жұмыстарын дәлелдейтін құжаттарды есеп беруіне тіркеу керек. Бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін есеп берулер қорғалуға жіберілмейді.

Есеп беру 2 бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.

Есеп берудің көлемі (қосымшаларды санамағанда) 15-20 бет компьютермен басылған мәтіннен артық болмауы керек. Есеп берудің негізгі бөлімінде студент органның құрылымын, мақсаты мен міндеттерін көрсетеді. Тәжірибе барысында атқарған жұмысын толығымен көрсетеді.

Қосымша бөлім- тәжірибе кезінде жинаған құжаттардан, бланкілерден, статистикалық көрсеткіштерден тұрады.

6.3. Есеп беру мынадай тәртіп бойынша рәсімделеді

· Сыртқы бет (№1 қосымша)

· Жетекшінің қолы мен мөрімен куәландырылған тәжірибе күнделігі (№2 қосымша)

· Студент сауалнамасы (№4 қосымша)

· Мекемедегі тәжірибе жетекшісіне арналған анкета

· Сұрақ-жауап парағы (№5 қосымша);

· Тәжірибе бойынша есеп беру (негізгі бөлім)

· Тәжірибеге қосымша (құжаттар үлгілері)

· Мекемедегі тәжірибе жетекшісімен жазылған студентке мінездеме (№ 3 қосымша)

 

 

VII. Есеп беруді қорғау мен тәжірибе бойынша қорытынды шығару

Тәжірибе аяқталғаннан кейін жетекшілер тәжірибе бойынша есеп берулерді қорғауды ұйымдастырады.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін студент тәжірибе жетекшісіне есеп беруді тапсыруға және қорғауға міндетті.

Есеп берудің мазмұны мен рәсімделуі талаптарға сай екендігін колледж бойынша тәжірибе жетекшісі тексереді.

Тәжірибе бойынша есеп беруді қорғау жүргізілгенде тәжірибе жетекшілері мынаған көніл аударуы қажет:

1. Жиналған материалдардың тәжірибе бағдарламасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін.

2. Студент күнделіктеріндегі мөрлер мен жетекшілердің қолдарының қойылғандығына.

3. Күнделікті атқарған жұмыстары бойынша жазуларындағы қолдардың қойылғандығына.

4. Есеп берудегі көрсетілген атқарылған жұмыстарының толықтығына.

5. Тәжірибеге байланысты студент көз-қарастары мен ұсыныстарының дұрыс құрастырылуына.

Есеп беру материалдарына негізделе отырып қорытынды баға шығарылады. Ол баға теориялық білім бағаларына теңестіріледі және студенттін жалпы білімін бағалағанда ескеріледі.

 

Қосымша 1

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті

Экономика,бизнес және құқық колледжі

 

 

Мамандығы 0201000 «Құқықтану»

 

Өндірістік тәжірибе бойынша

ЕСЕП БЕРУ

 

_________________________________________________________студент

 

 

Бөлімі__________________________________________________________

 

Топ____________________________________________________________

 

 

Тәжірибе орны __________________________________________________

 

________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Тәжірибе мерзімі: басталуы________________________________

аяқталуы________________________________

 

 

Қарағанды 2014 ж.

 

 

Қосымша 2

 

Өндірістік тәжірибе бойынша күнделік

Студент

(Т.А.Ә.)

 

Күнсайынғы өндірістік тәжірибе бағдарламасына сәйкес орындалған жұмыс мазмұны Өндірістік тәжірибе бойынша орындалған жұмыс, тақырып мерзімдері. Өндірістегі тәжірибе жетекшісінің қолы мен мөрі.
   
1. Кәсіпорынмен таңысу 03.02.2014 03.02.2014  
2.        

 

 

Күнделіктің соңғы беті

 

Студент қолы ____________________

«______»____________________ 20__ж.

 

Өндірістегі тәжірибе жетекшісінің қорытындысы (кәсіпорын, мекеме).

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

«______»____________________ 20__ж.

 


Қосымша 3

 

Мінездеме

Студентке берілген________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Өндірістегі тәжірибе жетекшісінің қорытындысы (кәсіпорын, мекеме).

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Баға «______»

 

 

Тәжірибе жетекшісі:

__________________ «__» __________ 20_ж.

(Т.А.Ә.)

__________________

 

(ұйым мөрі)


Қосымша 4

Студенттің сауалнамасы________________________________

Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша

 

1.Тәжірибені өтетін орны (кәсіпорын атауы) _________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

2.Кәсіпорындағы тәжірибе басқарушысының қызметі, жұмыс еңбек өтілімі:_________________________________________________________________________________________________________________________


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.052 сек.)