|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тарау. Жалпы ережелер 4 страница5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) қала маңындағы аймақтардың шекараларын осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бекіту; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу; 6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады: 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара ) 1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органының бекітуiне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 2) тармақша редакцияда жазылды (бұр. ред .қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара ); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара ) 2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін магистральдық құбыржолдар салу, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару; 3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру; 4) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру; 5) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара ) 6) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 7) осы Кодекстiң 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара ) 8) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 9) орман қоры жерiн қоспағанда, осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 10) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды үйлестiру, оған басшылық ету және бақылау жасау; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну; 11) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады: 1) осы Кодекстiң 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру; 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) осы Кодекстiң 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару; 2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды 2-2) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара ) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара ) 3) тиiстi өкiлдi органның бекітуi үшiн оларға әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету. 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ 5) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 5) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды 5-3) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады: 1) осы Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) осы Кодекстiң 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою; 3) басқа да табиғат қорғау шараларының кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекітуiне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара ) 4) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекітуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру; 5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру; 6) арнайы жер қорын құру; 7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қала шекарасының (шегi) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады: 1) осы Кодекстiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару; 3) басқа да табиғат қорғау шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі қалалық бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекітуiне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара ) 4) тиiстi өкiлдi органның бекітуi үшiн өзiне әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру; 5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру; 6) арнайы жер қорын құру; 7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 9) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретi Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне: 1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша өзгертілді 2) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізу кіреді. 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара ) 3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2007.06.07. № 275-III ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 19-1-бап өзгертілді ( бұр.ред.қара ) 19-1-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара ) 2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар 3-тарау. Жерге меншік құқығы 20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi 1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. 2. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. 21-бап. Меншiк құқығының мазмұны 1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. 2. Жердiң меншiк иесi ретіндегі мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады. 22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы 1. Жер учаскесiне меншiк құқығы: 1) меншiк құқығын табыстау; 2) меншiк құқығын беру; 3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. 2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.029 сек.) |