|
|||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Хаттама
Сынақ сабақтарын талдау: Негізгі мәліметтер: Өткізу уақыты: 6.12.2014. 1135 – 1510 Өткізу орны: ҚазҰУ,Химия және химиялық технологияфакультеті Сабақтың формасы: семинар Аудитория,курс,топ: 414 ауд, 2 курс, ХТНВ – 201Р Сабақтың тақырыбы: «Скорость химической реакции, влияние различных факторов на скорость гомогенных и гетерогенных реакций в замкнутой системе. Основной постулат химической кинетики. Константа скорости химической реакции, ее физический смысл, размерность. Кинетические уравнения формально простых гомогенных односторонних реакций 0, 1, 2, 3, n-го порядков в закрытых системах».
1. Магистранттың есеп беруі Магистранттың есеп беруінің қысқаша мазмұны: сабақтың барысы теориялық білімді практикалық есептерде қолдану тұрғысында өтті. Тақырыпқа байланысты анықтамалар беріліп, осы анықтамаларға байланысты мысалдар келтірілді. Семинардың материалы жеткілікті деңгейде, логикалық түрде және бірізділікпен мазмұндалған. 2. Комиссияның бағалауы А) Жағымды жақтарын бекіту: Ерденбекова Айдана семинар сабағын тиісті деңгейде өткізді, сабағының мақсаты толығымен қамтылды. Магистрант өзінің ісіне деген қабілеттігін, жауапкершілігін жақсы жағымен көрсете білді. Түсіндірген материалдарын жақсы меңгерген. Тақырып өте жақсы мазмұндалып, семинардың барлық сұрақтары толығымен ашылды. Б) Негізгі ескертпелер 1. Мақсатқа сүйену, жоспар, мативация: Өткізілген сабақтың алдыңғы дәрістермен тығыз байланыста екенін атап өту қажет. 2. Негізгі мазмұны: Мұнда семинардың жүйелігі, логикалығы сабақты түсіндіру барысында ерекшеленді, ал мақсаты мен жоспары сабақтың барысында айтылды. 3. Семинар жургізудің техникасы (жургізуі, мәтінге байланыстылығы, танымдық іс-әрекеттерге белсенділігі, аудиторияның қызығушылығы және т.б.): Мұнда жалпы сабақтың ашық түсіндіру түрінде жеткізілгендігі ескерілді. 4. Студенттердің іс-әрекеттері (белсенділігі, кері байланыс және т.б.): Негізінен студенттермен байланыс сабақтың басында орын алуы тиіс. Сонымен қатар, олардың қойған сұрақтары да басты мәселе болып табылды. Осындай сұрақтарға нақты, іргелі, тиянақты және түсінікті тілде жауап беру өте маңызды. 3. Комиссия қорытындысы: Семинар сабағы жақсы деңгейде өткізілді. Магистрант-практикант өзінің білімділігін жақсы жағынан көрсете білді. Дәріс сабағын студенттерге тиімді, логикалық және оңай тілмен түсіндіре алды. Осыған байланысты, оның жұмысын ____________бағалауға болады.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультеті Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы Химия мамандықтарының 2-курс магистранттары педагогикалық практика барысында өткізген ашық тәрбие сағатының жоспары «Тәрбиесіз алған білім -адамзаттың қас жауы» Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерді үлкен адамдарды сыйлауға, көпшілік ортада өзін – өзі ұстау мәдениетімен, ұстаз – студент арасындағы қарым – қатынас мәселелерімен таныстыру. Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы» тақырыбына арналған презентациясы. Тәрбие сағатының өткізілетін орны: химия және химиялық технология кафедрасы 415 аудитория. Тәрбиелік: жастардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Дамытушылық: ұрпақтың зияткерлік сапасын көтеру арқылы мемлекеттің жалпы қуатын алдыға сүйреу.
Жүргізуші: - Сәлеметсіздер қадірменді ұстаздар, замандастар!!! Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!!! Мағжан армандаған жастарымыз осында болар!!! Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп данышпан әл – Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып - түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Құрбы – құрдастар, қалай ойлайсыздар, Абай, Мағжан, кешегі Қайраттар армандаған жастар 21 ғасыр жастары ма? (Студенттер пікірлерін тыңдау). Жүргізуші: - Ал, ендеше сіздер көшеде, қоғамдық автокөлікте күнделікті кездесетін оқиғаға назар аударсақ. 1 – көрініс: (Көше дауысы. Әрлі – берлі өткен халық. Бір қарт шал келе жатады, бір студент (құлағында наушнигі бар, музыканы қатты тыңдап келе жатады) қағып кетеді. Ақсақал құлап қалады, студент жігіт назар аудармайды да): Ақсақал (орнынан тұра алмай жатыр): - Балам, көмектесіп жібере аласың ба? (студент жігіт назар аудармайды да). Ақсақалдың құлағанын көрген 50 – лер шамасындағы әйел адам орнынан тұрғызады: Ақсақал: - Рахмет, айналайын!!! Қосағыңмен қоса ағар!!! Мына түлкі заманда жастарымыз не болып бара жатыр? Тәрбиелеуде қай жерінен келте кетіп жатырмыз? Шыңғыс Айтыматовтың мәңгүрт кейіпкері – 21 – ғасырдың жастары секілді ғой... Онда кейіпкерді мәңгүрт қылған түйе жүнінен жасалған бас киім болса, біздің жастарды маймылға айналдырып жатқан шетелдің даңғырлақ, мағынасыз әншілері, үстілеріндегі киімдерін көрсеңіз, дәл мата жетпей қалған сияқты.... Ұрпағым рухани азу үшін бе, ата – бабаларымыз қасық қаны қалғанша мұншалықты ұлан – ғайыр өлкені сақтап қалу үшін шайқасқаны... Жүргізуші: - Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны – технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, «саңылауын» батыстың «батпағы» бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Еуропа, Еуропа деп, бөгде елдің мәдениетіне ауыз салмас бұрын, өзіміздің мәдениетімізді терең түсінуге тырысқан дұрыс болар. Қалай ойлайсыздар?! Қазақ салтында атаға қарсы келген бе? «Ата тұрып, бала сөйлегеннен без» демей ме?! Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар!!! Студенттермен сұхбат. Жүргізуші: - Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады, Шытырма көйлек етінде, Нұр сәулесі бетінде, Бұралып кетіп барады, Перінің қызы секілді Орта бойлы дембемеше, Алтын шыны кеседей, Екі көздің шарасы Бейіште жанған шамшырақ Көзінің гауһар қарасы Туған айдай иілген. Екі қастың арасы Сымға тартқан күмістей Он саусақтың сондай – ақ боп туар – ау, Адамзаттың баласы, - деп, сұлулықтың этоланына айналған қазақтың Қыз Жібегін осылай суреттейді. 21 ғасыр Қыз Жібектері қандай? Ақылына көркі сай, көркем сөз, әсем, әуезді күлкі иелері ме, біздің қыздар? Ойларынызды ортаға салмас бұрын, бір көрініске назар аударсақ...
2 – көрініс: Аудитория. Студенттер кіріп келеді. Орындарына жайғаса бастайды. Мұғалім кіріп келеді. Бәрі орнынан тұрып амандасады. Мұғалім амандасып болғаннан кейін, сабақ бастайды. - Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Электродтар классификациясы». Жалпы электродтар дегеніміз – өткізгіштер, яғни электр тогының бір ортадан екінші ортаға көшуі. (Осы кезде артта боянып отырған бір қызға көзі түсіп кетеді). - Айналайын, қызым!!! Дәрісті түсініп алуға тырыс. Әлі жап – жассың ғой, бояудың да қажеті жоқ. Онсызда әдемісің ғой!!! (Студент қыз мұғалімнің айтқан сөзіне мән де бермейді). Қазір үзілісте боянасың, дәрісті жазып отыра ғой!!! Студент қыз ашулана: - Зачем мне слушать вашу лекцию!!! Могу и в интернете еще круче найти... Боянғым келеді, боянамын!!! Сейчас на дворе 21 век, а не Советский союз... (Аудиториядан шығып кетеді). Студенттердің ойы. Слайд көрсету. Жүргізуші: - Тәрбие мен білім егіз ұғым. Германия, Малайзия, жаңа ғана көрсетілген Жапония секілді мемлекеттер ұрпақтың зияткерлік сапасын көтеру арқылы мемлекеттің жалпы қуатын алдыға сүйреген. Аталған елдердің қай – қайсысы болмасын жер байлығы Қазақ елінің шалымынада келмейді. Әйткенімен де, білім сапасы мен адам капиталына инвестиция салу арқылы ғажайып жетістіктерге жетуде. Ғылым мен мәдениеттің жілігін шағып, майын ішті. Аталмыш мемлекеттермен Қазақ елінің терезесі тең болуы үшін біз тәуелсіз ел ұрпақтары «Қараңғы Қазақ көгіне, өрмелеп шығып, Күн болатын!!!» ұлт мақтанышына айналуымыз қажет деп білеміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!!!
Тәрбиелік сабақты талдау хаттамасы
Негізгі мәліметтер:
Магистрант – Ерденбекова Айдана Несипбековна, «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасы, 2 курс магистранты. Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Факультеті: Химия және химиялық технология Аудитория: 415 Өткізілген күні: 28.11.14. Өткізілген уақыты: 1430–1600 Топ: «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» (қ/б), «Химия-исследовательская» (о/б). Курс: 3 Тақырыбы: «Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы» тақырыбына арналған ашық тәрбиелік сабақ. Өзіндік талдау: Тәрбие сабағы сәтті өтті. Тақырыпқа сай бірнеше қойылымдар көрсетілді. Топ студенттері белсенді қатысып, өз ойларын ашық айтып, әр түрлі сұрақтар қойып, пікірталас туындатып отырды.
Сабақтың артықшылықтары: 1. Аудиториямен кері байланыс орын алды. 2. Күнделікті өмірмен тығыз байланыс орнатылды. 3. Студенттер өз ойларын ашық жеткізе алды.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Химия және химиялық технология факультетінің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2 курсының БЗХТ-201р тобына Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.) |