|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Діни мерекелер мен культтер
Әр діннің өз тарихына тән атап өтетін мерекелі бар. Көбінесе діни мерекелер сол діннің тарихында немесе пайғамбарларымен болған белгілі бір оқиғамен байланысты болады. Ал діни культтер деп ерекше тылсым күшқе сену бағытында жасалатын қимыл, әдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығын атайды. Мысалы, мұсылмандар мәулітті Мұхаммед Пайғамбардың с.а.у. туылған күнін, адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымызды еске алу үшін атап өтеді. Ал культ ретінде Мұхаммед сүресі оқылып, көптеген салауат айтылып тағы да басқа ғибадаттар жасалады. Дін әлеуметтік стабилизатор: дүниетанымдық көзқарастар бойынша. Стабилизатор дегеніміз қандай да бір параметрлердің өзгеруін алдын алу қызметін атқарады. Ал дін әлеуметтік стабилизатор, яғни қоғамның дүниетанымдық көзқарастарының жаман жаққа өзгеруінің алдын алып отырады. Әрбір діннің белгілі бір жинақталған ережелері бар. Мысалы қарапайым ережелер өтірік айтпау, ұрлық жасамау, жалған куәгерлік жасамау, адам өлтірмеу деген сияқтылар жатады. Яғни осындай қағидалар арқылы қоғамның дүниетанымдық көзқарастарын тура жолда сақтап отырады. Діннің әлеуметтік өзгерістеріндегі факторлар. Діннің әлеуметтік рөлі. Діннің негізгі рөлі қоғамды тура жолда сақтау. Алайда, көптеген патшалар дінді халықты қол астында ұстаудың құралы санаған. Сол үшін көптеген патшалар діни кітаптарын өзгертіп жаңа заңдар қосып отырған. Бұған мысал ретінде Інжілді айтуға болады. Бірақ қоғамның пайдасы үшін де діни өзгерістер болған. Мысалы, Қасиетті Құранның кітап ретінде топтастырылып жиналуы. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің түсінігі. Үнді халықтарының діндері. Дәстүрлі діндерге Будда, Ислам, Христиан, Иудаизм діндері жатады. Дәстүрлі емес діни көзқарас дегеніміз, ислам, християн, будда діндерінен басқа, дін сымақ сенімдерді айтады.Мысалы Белое Братство, Ақсұңқар, Ата жолы тағы да басқа. Бұлар тура жолға түсірмек болып, адамдардың санасын улайды. Үнді халықтарының діндері: IV-VII ғасырларда Үндістанда будда діні дамыды. Діннің негізгі қағидасы мистикалық негізде құрылған. Буддизм бойынша, адам өлгеннен кейін жаны басқа адамға - жануар, жәндік, өсімдікке ауысады, о дүниеде өмір бар, күнәһар адам құдай алдында жауапты. Буддизм Үндістаннан Азияның көптеген елдеріне тараған. Қазіргі кезде Қытай, Жапония, Монғолия және Бурят, Сахаелдерінде жалғасуда.VIII ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғол империясы ислам дінін енгізеді. Ислам діні кең тарап, шаруалар, қолөнершілер жаңа дінді кабылдайды. Қазіргі заманда да Үндістанда буддизм, христиан және ислам діндері кеңінен тараған.
Діни психология және саясат. Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы ХЫХ ғасырдың аяғында — ХХ ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі: 1) Дін психологиясының жалпы теориясы діни сананың мазмұны мен құрылымын, діни сезімдерге тән сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани өміріндегі діннің психологиялық функцияларын зерттейді; 2) дифференциалдық психология нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұстанатымдардың діни сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады; 3) діни топтардың психологиясы діни қауымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын зерттейді; 4) діни табынушылық психологиясы діни ғұрыптардың адам психикасына әсер-ықпалын зерделейді; 5) атеистік тәрбиенің педагогикалық психологиясы атеистік дүниетанымды қалыптастырудьгң принциптерін талдап-белгілейді Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді: Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру; Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру; Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі: 1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде; 2) мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы.
Діннің қоғамдағы ролі мен функциясы.. Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.[Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің дін саласының дамуына жүргізген талдау жұмыстары еліміздің қоғамдық саяси өмірінде дін рөлінің ерекше артып отырғандығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда елімізде дінге сенушілердің қатары айтарлықтай артуда. Бұл туралы бүгін аталмыш комитет төрағасының орынбасары Аманбек Мұқашев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты. Оның айтуынша, қазір Қазақстан тұрғандарының 70 пайызға жуығы - мұсылмандар. Ал республикадағы Ислам дінін ұстанған бірлестіктер саны 46-дан 2 мың 334-ке дейін өскен. Сондай-ақ орыс праваславтық шіркеуі өкілдерінің саны 3 есеге өссе, рим-католик шіркеуіне табынушылар 2 есеге, ал Евангелия христиан-баптистік көзқарастағылар 4 есеге жуық артқан.А.Мұқашевтің мәліметтеріне қарағанда, бүгінде елімізде 16 жоғары және орта деңгейде білім беретін діни оқу медреселері жұмыс істейді.
«Діннің құрылымдық жүйесі.. Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларынжаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пэні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық түрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс қүбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен түсіндіруге болатын қүбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, эсіресе қандай да бір гылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы. Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі іс жэне осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды. Діннің Теологиялық анықтамасы. Теология (грек theos - қүдай және log - ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады. Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, олҚұдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол -Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Қүдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді. Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мүндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің максаты. Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Қүдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді. Қүдай туралы Кант былай дейді:... Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады..Гегель (1770-1831): Қүдайді абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып, соларға қайта оралады», - деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді. Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Qларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз: - дін дегеніміз - жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы; - дін дегеніміз - әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру; - дін - рухани өндіріс аймағы; - дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы. Дәстүрлі емес діндер. Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық діндерден бөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі діндерді айтамыз. Олардың шығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениеттің жаңаруына байланысты, әлеуметтік-саяси өздгерістермен, демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырылады. Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына қарай жаңа христиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңа пұтшылдык болып бөлінеді. Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де ерекшеленеді. Үшінші ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген кағидаларын ұстанушылығымен дамиды. Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді (әсіресе жастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп, адамгершілік жолдары мен даналык ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынады Діни экстремизм. Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес! Токйодағы метрода улы газ шашып көптеген адамдардың өлуіне себеп болған Жапониядағы бұддист «Аум Синрике» сектасы туралы «Буддист террористтер» деп ешкім айтқан емес. Сондықтан, мұның негізінде Исламды көре алмаушылық және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айта кетуіміз керек. Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз керек. Діннің әлеуметтік функциясы. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына келгенде мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның өзегін сақтап қалуға тырысады.
Дәстүрлі діндер. дәстүрлі діндердің ішіндегі біршама көнесі – Буддизм. Бұл дін өзінен көп бұрын пайда болған хиндуизмнің тамырынан нәр алған. Ежелгі үндістандықтардың тарихымен үндесіп, дамыған хиндуизмнен салт-дәстүр, аңыз, символизмнен бастап философиялық ойлар мен пайымдарға дейінгі көп ілімдерді мұра етіп қабылдады. Будда адам баласының дүниеге келуі мен қайтуының циклін түсіндірді. Онда пенде өзінің жасаған әр ісінің нәтижесі мен салдарын көреді деген философиялық тұжырым жасалады. Дәл бүгін тірі организм болып жүрген тәніңіз бұрынғы тірлікте жасаған ісіңіздің нәтижесі деп танытты. Өмір дегеніміздің өзі өлімнің тікелей жалғасы. Аталмыш цикл үзілмейді. Әр жан иесі қиналады, осы ауырпалықтың бәрі оның бұрынғы тірлікте жасаған «иттіктерінің» салдары. Ал, қиналмау үшін бейнеттің өзімен емес, соны тудырған себеппен күресу қажеттігін уағыздады. Себептің өзі бұрынғы тірлікте өтіп кететіндіктен уақытты кері қайтара алмайсың. Сондықтан, тек қана кейін қиналмау үшін алдағы бейнеттің салдарын бүгін тудырмауың керек. Будданың адал өмір сүру жайындағы қағидасы осы тұстан туған. Оны қазақы ұғымға салсақ, «не ексең соны орасың» дегенге келіп саяды. Ғылыми түрде істің нәтижесінен туатын жауапкершілік ретінде түсінуге негіз бар. Осы дүниедегі тірлікте жақсылық жасасаң кейінгі өміріңде жемісін көресің, ал, жамандық істесең азабын тартасың дегеніне қарап адамның қалай болуы тек өзіне байланысты екендігін аңғаруға болады. Будда қайтыс болғаннан кейін шәкірттері оның қағидаларының басын құрап Трипитика атты ғибратнамасын жарыққа шығарған. Тағы бір туындысы бар, ол Дармапад аталады. Будда шәкірттерінің «Нама будаяа, нама дармаяа, нама сангаяа», яғни, «буддаға табынайық, будданың қағидасына табынайық, оның ғибратнамасын таратушыларға тағы бас иейік» деген мағынаны білдіретін сөзі кейін «үш асыл» аталып кеткен. «Тэрэвада» деп аталатын шәкірттері Будданың өзін қастерлеп табынса, махаяаналықтар көп будда бар деген бағытты ұстанады және болашақта оны дүниеге қайта оралып адамзатты құтқарады деп сенеді. Тарни яғни, тибеттік буддистер өздерін махаяаналықтарға жатқызғандарымен дінтанушылар оны жоққа шығарады және мүлдем басқа бағыт екендігін дәлелдейді. Тибет буддизмі ловон Бадамжунайдан бастау алады. Әр кімнің ағартушылыққа қатысы бар дейтін махаяаналық көзқарасқа сүйенгенімен кейін өзгерістерге ұшырап бөлінген. Махаяана Боддармадан басталып алдымен чань деген атаумен дамып, кейін Жапонияға зэнь деген атпен еніп жетілдірілген. Осылайша нирван болу технологияны жүзеге асыру барысында у-шү, кун-фү, каратэ, жижицү сынды философия, өнер, спорт түрлерін өмірге әкелген. Діннің био-психологиялық анықтау..Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы ХЫХ ғасырдың аяғында — ХХ ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі: 1) Дін психологиясының жалпы теориясы діни сананың мазмұны мен құрылымын, діни сезімдерге тән сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани өміріндегі діннің психологиялық функцияларын зерттейді; 2) дифференциалдық психология нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұстанатымдардың діни сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады; 3) діни топтардың психологиясы діни қауымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын зерттейді; 4) діни табынушылық психологиясы діни ғұрыптардың адам психикасына әсер-ықпалын зерделейді; 5) атеистік тәрбиенің педагогикалық психологиясы атеистік дүниетанымды қалыптастырудьгң принциптерін талдап-белгілейді Діннің негізгі элементтері мен функциялары. Діннің негізін түсіну үшін діни адамдардың өмір сүру қағидаларына тоқталайық. Адамның өмір сүру қағидасы, моралі еркін ойшылдар тілімен айтқанда әуелден-ақ тылсым күш арқылы анықталып қойған. Онда адамға адамдардың бойындағы кейбір қасиеттерін жақсы қабылдауды немесе енді бір қасиеттерін жек көруді берген. Әрбір адамның жақсы да, жаман да қасиеттері бар. Адамзат өмірінде шыншылдық, әдептілік, адамгершілік, уәдеге беріктілік қасиеттер жоғары бағаланады. Өткен кезенде адамзат өтірікті, дінсіздікті, тәкаппарлықты және опасыздықты қолдамаған, адамзаттың шынайы болмысына жат деп білген. Сол сияқты мейірімділік, қайырымдылық, кешірімділік, сабырлық, жанашырлық туралы айтуға болады. Адамзат бұл қасиеттерді бағалап келген. Ал оған қарама-қарсы қызғаншақтық, көре алмаушылық, жауыздық, сараңдық, надандық сияқты қасиеттерді жат деп білген. Әуелден адамзат даму тарихында адамдардың бойында жақсы немесе жаман қасиеттері болғаны белгілі. Адам баласының жақсылығы мен жамандығын ешқандай теориялық, әдістемелік зерттеусіз-ақ түсінікті. жақсылық мен жамандықты түсіну қабілетін Алла берген. Мұны Құранда жақсылықты белгілі деп, жамандықты белгісіз деп түсіндірген. Ислам дінінің саясатқа, азаматтық қоғамға, ғылымға жақындылығы. Орта ғасырда Ислам мәдениеті Еуропаға Испания арқылы алғаш қадам басты. Экономикалық және мәдени өркендеудің арқасында қысқа уақыттың ішінде бұл ілім Еуропаның өміріне де өз әсерін тигізді. Мұсылмандар өнермен және ғылыммен Еуропаны қамтамасыз етіп отырды. Ғылым саласында түрік әлемінің Батысқа әсер етуі ХІІ ғ. басталғандығын айтуға болады. Мысалы, Ғазали, Ибн Сина және Фарабиден басқа дәрігер Разидің әр түрлі ауруларға қарсы қолданған дәрілері медицина тарихында белгілі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби, Әбуәли ибн Сина, Әл-Хорезми. Біздің заманға әл-Фарабидің негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз.Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «категориялар», «метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні мен маңызын жоғалтқан жоқ. Әбуәли ибн Сина — ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Мұсылман дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет кайта басылып шыққан. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина бірінші болып оба, тырысқақ, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Дінтану пәні, құрылымы және анықтамасы. Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.
Дінді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады. Дәстүрлі діндерге сипаттама беріңіз Дәстүрлі діндер деп- бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет- ғұрыптары, қоғамық қатынас нормалары мен отбасылық қарым- қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. Бірақ, дәстүрлі діндерге деген әр қоғамда әртүрлі көзқарастар туындауы мүмкін, оған мысал Ресейде дәстүрлі дін саналатын православия Жапонияда да дәстүрлі саналмауы мүмкін немесе керісіншеде болуы да ықтимал. Діни және діни емес дүниетанымдық жүйелерге тоқталып өтіңіз Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Дін және ғылым ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күшАлланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышыАллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтаншықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Ғылым (араб.: علم (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелікбілім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Дін және мораль туралы түсінік және оның қоғамдағы рөлі Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр. Дін және философиялық дүниетанымға сипаттама беріңіз Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күшАлланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышыАллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтаншықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Философияның басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Дін және діни емес дүниетанымға тоқталып өтіңіз Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Жапонның ұлттық дінінің ерекшелігіне сипаттама беріңіз Синтоизм - «синто қүдай жолы», б.д.д.УІ-УП ғғ. шығыс Кюсю аралында Жапонияда пайда болды.
Шығыс елдердің исламдық философиясы Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құрандатұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді: Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар); кейінгі (15 – 19 ғасырлар) қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).
Жапонның ұлттық діні: синтоизм Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда
Жапонның ұлттық дінінің ерекшелігіне сипаттама беріңіз Синтоизм - «синто қүдай жолы», б.д.д.УІ-УП ғғ. шығыс Кюсю аралында Жапонияда пайда болды.
Шығыс елдердің исламдық философиясы Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құрандатұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді: Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар); кейінгі (15 – 19 ғасырлар) Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.026 сек.) |