АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

гипервентиляция

Читайте также:
  1. Михаил Бушма, Кирилл Бушма
  2. РЕЦЕПТОРЫ И АНАЛИЗАТОРЫ.
  3. Система кровообращения
  4. Частная патофизиология.

Курсы: 3, V семестр

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо-

гипервентиляция.

 

Құрастырушы:

 

аға оқытушы ________ М.М.Канафина

 

Семей – 2009 г.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР № 1

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

1. Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлері. Альвеолярлық гипо- гипервентиляция.

2. Мақсаты: Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің түрлерін оқу, тыныс алу жүйесінің патофизиология білімін меңгеру

3.Оқытумақсаты:

Студент білуі қажет:

· Жасына байланысты аспектін патологиялық тыныс алу жүйесінің негізгі синдромдарының пайда болу және даму тетігінін себептері

· бронхтар өткізгіштігі бұзылысының синдромы

· жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілік синдромдары

Студент үйрену қажет:

Сыртқы тыныс алу бұзылыстарын өзгешелік түрлерін тәжірибеде үлгілеу

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тыныс алу жүйесінің бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі.

2. Тыныс алу жетіспеушілік туралы тұсініктер, сыртқы тыныс жетіспеушігінің түрлері.

3. Тыныс алу жетіспеушіліктің спирометриялық белгілері.

4. Өкпе вентиляциясының бұзылыстары: гипервентиляция, гиповентиляция,біркелкі

емес вентиляция.

5. Альвеолярлық гиповентиляция, негізгі себептері, және көріністері.

6. Альвеолярлық гиповентиляция, обструкциялық және рестрикциялық түрлері.

7. Өкпеішілік және өкпе сырттай ықпалдар әсер ету нәтижесінде өкпе керілуінің шектелінуы, өкпе ұлпасының серпімділік қасиеттерінің, тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің бұзылыстары.

8. Өкпе вентиляциясын сипаттайтын көрсеткіштерінің өзгерістері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, пікір- талас

Машықтық жұмыс

1. Тәжірибе: Ауыртып тiтiркендiрген кездегi егеуқуйрықтын тыныс алуынын

рефлекторлық бұзылысы.

Тәжiрибе арнайы жасалған столге байланған егеуқуйрыққа жасалады.

Тыныс алуы бiр қалыпты болғаннан кейiн, егеуқуйрықтын құйрығының ұшын қысқышпен 5 секунд қысып тұрып, тыныс алу өзгерiстерiн бақылау.

Нәтижесi:

Қорытындысы:

Тәжiрибе № 2. Жоғары тыныс алу жолдарының кiлегей қабатының рецепторларын

тiтiркендiрген кездегi рефлекторлық апноэ.

Тәжiрибелiк жануардың кеуде клеткасының тыныс алу қозғалысын санайды. Сосын мүсәтiр спиртiне батырылған мақтаны жануардың мұрнына апарып тыныс алу өзгерiстерiн бақылайды.

Нәтижесi

Қорытындысы

Тәжiрибе № 3. Гидроторакстың тыныс алуға әсері.

Тәжірибені стөлшеге ішімен жоғары қаратып байланған егеуқұйырыққа жасайды. Алдымен бастапқы тыныс алуды, сосын оң жағынан ортаңғы қолтық сызығы арқылы тесе отырып, шприцпен өкпеге 0,5 мл ыстық суды жібереді (70-800 С).

Нәтижесi

Қорытындысы

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Қосымша:

1. Вопросы патофизиологии дыхания. / Под редакцией В. Низовцева. Куйбышев., 1985 г.

2. Абросимов В.Н. Нарушение регуляции дыхания, М., Медицина, 1990 г.

3. Врожденные и наследственные заболевания легких у детей – Под.редакц. Вельтищева

Ю.Е. и др.-М.,Медицина, 1986.-303 с.

4. Болезни органов дыхания у детей: Руководство для врачей- Под редакц. Рачинского

С.В.-М., Медицина, 1987.-493 с.

5. Тараканов И.А., Сафонов В.А. Гамкергические механизмы нарушений дыхательного

ритма (Обзор) //Ж.Патофизиология, 1998, №2, -С.48-54.

6. Пузырева Н.И. и др. Синдром дыхательных расстройств и сурфактант легких у новорожденных.-М: Медицина, 1987.-142 с.

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

1. Парин рефлексi неден турады:

1. өкпе артерияларының спазымында альвеолярлы гипоксия кезiнде

2. кiшi қан айналымның венасында қысым жоғарылағанда өкпе артериолаларының спазмы болған кезде

3. үлкен қан айналымда тамырлы дистония дамиды, яғни өкпе артериялық жүйесiнде қысым жоғарылаған кезде

4. өкпе артериясы жүйесiнде қысым жоғарылаған кезде жүрек жиырылу ритмi баяулайды

5. жөтелу ұстамасы кезiнде өкпе артериясының спазмы болады

 

2. Өкпенiң рестриктивтi вентиляциясының бұзылу себебiн ата:

1. пневмония, пневмоторакс

2. бронхтың iсiкпен басылуы

3. трахеядағы бөгде дене

4. бронхылардың деформациясы

5. бронхоспазм

 

3. Гиповентиляция дамитын кез:

1. өлi кеңiстiктiң көлемiнiң азаюы

2. тыныс көлемiнiң азаюы

3. тыныс көлемiнiң жоғарылауы

4. өлi кеңiстiктiң көлемiнiң өзгермеуi

5. өкпеде қандық көлемнің азаюы

 

4. Сыртқы тыныс жетiспеушiлiгiнiң себебi не:

1. тыныс алу жолдарының бітелуі, тыныс алу орталығының қозғыштығының төмендеуi

2. вентиляция қан ағымы қатынасын жоғарылататын процестер

3. тыныс алатын ауадағы көмiр қышқыл газының мөлшерiнiң төмендеуi

4. тыныс алу орталығының қозғыштығының жоғарылауы

5. терең жиі тыныс алу

 

5. Жалпы альвеола гиповентиляциясының салдарын көрсет:

1. газдық алкалоз

2. гипероксия

3. минуттық көлемнің жоғарылауы

4. газдық ацидоз, гиперкапния

5. метаболитикалық ацидоз

 

6. Сыртқы тыныстың обструктивті жетіспеушілігінің себебі қандай:

1. пневмония, пневмосклероз

2. өкпе фиброзы, эмфизема

3. бронхоспазм, бронхтар мен көмейдің ісінуі

4. өкпенің ісінуі, пневмоканиоз

5. тыныс бұлшық еттерінің бүлінуі

 

7. Стенотикалық тыныстың патогенезiн және көрiнiсiн ата:

1. терең, сирек тынысалу нәтижесінде Геринг-Брейнер рефлекстiң тежегiш әсерiнiң әлсiреуi

2. терең, жиi тынысалу

3. беткей, жиi тынысалу

4. Биот типтi тынысалу

5. Геринг- Брейер рефлексінің жоғарылауы

 

8. Қандай өзгерiс ұзақ өкпе гипервентиляциясына әкеледi:

1. гипокапния, алкалоз

2. ацидоз

3. рН өзгермеген

4. тыныс алу орталығының қозуы

5. вентиляционды – перфузионды коэффициенттің жоғарылауы

 

9. Гипокапнияға әкеп соқтыратын жасанды гипервентиляциясының салдары қандай:

1. коранарлы қан ағымының жоғарылауы, оксигемоглобиннiң қисық диссоциациясының солға жылжуы

2. нервтi-бұлшық еттiң қозғыштықтың жоғарылауы

3. ми қан айналысының азаюы

4. ми қан айналысының өзгермеуі

5. өкпе венасындағы қысымның төмендеуі

 

10. Төменде көрсетiлген әсерлердiң қайсысы тыныс орталығынын тежеуiш афферентациясының көп болуына және тыныс алудың тоқтауына әкеп соғады:

1. наркоз заттарын мөлшерден тыс көп беру

2. жоғарғы тыныс алу жолдарының күйiгi

3. жасанды гипервентиляция, жоғарғы тыныс алу жолдарын интенсивтi тiтiркендiру

4. интенсивтi физикалық күш

5. альвеолалардың бүрісуі

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР № 2

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

1. Тақырыбы: Альвеолярлы-капиллярлық мембрананың диффузиялық қабілеті төмендеуінің патогенезі. Қанайналымның кіші шеңберіндегі гипертензиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

 

2. Мақсаты: Альвеолярлы-капиллярлық мембрананың диффузиялық қабілеті төмендеуінің патогенезі және қанайналымның кіші шеңберіндегі гипертензиясы білу; тыныс алу жүйесінің патофизиология білімін игеру

 

3. Оқытумақсаты:

Студент білуі қажет:

· Жасына байланысты аспектін патологиялық тыныс алу жүйесінің негізгі синдромдарының пайда болу және даму тетігінін себебі;

· Өкпе тінінің тығыздалу синдромы;

· Кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы, себептері, даму механизмдері;

Студент үйрену қажет:

қанның газдық құрамына және спирометриялық ішкі тыныс алу көрсеткіштеріне негізденіп тыныс алу бұзылыстарының түрін анықтау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстары

2. Альвеола-капиллярлық жарғақшаның диффузия қабілеті нашарлауының себептері,

альвеола-капиллярлық бөгет.

3. Өкпеде қан айналымының бұзылыстары. Кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы,

түрлері (прекапиллярлық, посткапиллярлық, аралас), себептері, даму және

компенсациясының негізгі механизмдері.

4. Перфузия-вентиляциясының бұзылыстары.

5. Шала туылған нәрестелердің және жаңа туылған нәрестелердің гиалинды мембрана

ауруы

6. Балалардағы пневмоторакс,өкпе эмфиземасының патогенезі мен этиологиясы

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, пікір- талас,жағдайлық есептерді шығару

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Дополнительная:

1. Вопросы патофизиологии дыхания. / Под редакцией В. Низовцева. Куйбышев., 1985 г.

2. Абросимов В.Н. Нарушение регуляции дыхания, М., Медицина, 1990 г.

3. Врожденные и наследственные заболевания легких у детей – Под.редакц. Вельтищева Ю.Е. и др.-М.,Медицина, 1986.-303 с.

4. Болезни органов дыхания у детей: Руководство для врачей- Под редакц. Рачинского С.В.-М., Медицина, 1987.-493 с.

5. Тараканов И.А., Сафонов В.А. Гамкергические механизмы нарушений дыхательного ритма (Обзор) //Ж.Патофизиология, 1998, №2, -С.48-54.

6. Пузырева Н.И. и др. Синдром дыхательных расстройств и сурфактант легких у новорожденных.-М: Медицина, 1987.-142 с.

 

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

1. Кiшi қан айналымның гипертензиясының посткапиллярлы формасын ата:

1. өкпе капиллярлары және артериолаларында қысымның жоғарылауы

2. өкпе венасында қысымның жоғарылауы

3. өкпе венасы, капиллярлары және артериолаларында қысымның төмендеуі

4. өкпе венасының жүйесi бойынша қан кетуiнiң азаюы

5. жүректiң оң жақ бөлiгiнде қысымның жоғарылауы

 

2. Парин рефлексі неден тұрады:

1. альвеолярлы гипоксия кезінде өкпе артерияларының спазмы дамиды

2. кіші қан айналымының венасында қысым жоғарылағында өкпе артериолаларының спазмы болған кезде

3. үлкен қан айналымда тамырлы дистония дамиды, яғни өкпе артериялық жүйесінде қысым жоғарылаған кезде

4. өкпе артериясы жүйесінде қысым жоғарылаған кезде жүрек жиырылу ритмі баяулайды

5.жөтелу ұстамасы кезінде өкпе артериясының спазмы болады

 

3. Экспираторлы ентігудің себебін ата:

1. трахеяның тарылуы, жоғарғы тыныс алу жолдарының

2. бронхиалды астма, асфиксияның 2-ші кезеңі

3. өкпе тінінің фиброзы

4. дауыс саңылауларының спазмы

5. бөгде денелер инспирациясы

 

4. Инспираторлы ентiгудiң себебiн ата:

1. өкпе тiнiнiң серпiмдiлiгiнiң төмендеуi

2. дауыс санылауларының спазмы

3. көмейдiн iсiнуi, бөгде дененiң инспирациясы

4. бронхиалды астма

5. пневмосклероз

 

5. Тыныс алуда серпiмдiлiк емес қарсыласудың жоғарылауы немен байланысты:

1. альвеоланың жазылуы және созылғыштығының бұзылуымен

2. аэродинамикалық бронхылардың қарсыласуымен, тіндік үйкеліспен

3. сурфактант өндiрiлуiнiң бұзылуымен

4. ауаға резистивтi қарсылығының жоғарылауымен

5. өкпе тінінің ауалығының жоғарылауы

 

6. Оттегiнiң диффузионды жолдарының ұзаруы байқалады:

1. мембрана азаюы кезiнде

2. трахеиобронхиалды жолдың бойымен өткiзгiштiктiң бұзылуы кезiнде

3. интерстициальды сұйықтықтың көлемi жоғарлаған кезде, альвеолярлы мембранның iсiнуi кезiнде

4. қанның плазмалық фракциясы төмендеген кезде

5. өкпе тінінің серпімділігінің төмендеуі

7. Вентиляция-қан айналым қатынасын төмендететiн себептердi ата:

1. өкпе артериясының тамырларының стенозы

2. диафрагмалды бұлшықеттiң бiржақты салдануы кезiнде пародоксалды тыныс гиповентиляциясы

3. өкпе артерия жүйесiнiң тамырларының жиырылуы

4. өкпе перфузиясының жоғарылауы

5. қан айналым жетіспеушілігі

 

8. Вентиляция-қан айналым қатынасын жоғарлататың себептi ата:

1. өкпе артерия жүесiнiң тамырларының жергiлiктi бiтелуi

2. өкпе тiнiнiң серпiмдiлiгiнiң бұзылуы

3. өкпе перфузиясының жоғары жылдамдығы

4. диафрагмалды бұлшықеттiң бiржақты салдануы кезiнде пародоксалды тыныс

5. өкпе-плевралды бiрге өсуi

 

9. Инспираторлы ентiгу келесi патологиялық жағдайда кездеседi:

1. асфиксияның 1-шi сатысында, көмейдің ісінуі

2. өкпе эмфиземасында

3. пневмосклероз

4. өңеш стенозы

5. жабық пневмоторакс кезінде

 

10. Экспираторлы ентiкпе келесi патологиялық жағдайда кездеседi:

1. асфиксияның 1-шi сатысында

2. өкпе энфиземасында

3. көмейдің ісінуі

4. өңеш стенозы

5. жабық пневмоторакс кезінде

 

 

Мәселелік есеп №1.

Науқас К., 38 жаста, соңғы 12 жыл ішіндекүніне 1,5 қораптан артық шылым шегеді. Жиі бронхит пен трахеитке, қақырығымен қоса үнемі жөтелге, күш-қуаттық жүктеме кезіндегі ентігуге шағым білдіреді. Қарау кезінде: науқастың дене бітімі астениялық типті, кеуде сарайы бөшке тәрізді, тыныс алу кезінде қосалқы бұлшықеттер қатысады. Кеуде сарайының рентгенограммасында өкпенің тамырлық суретінің әлсізденуі, диафрагманың жалпақ күнбезі, бронх қабырғаларының қалындауы.

Қан талдауының нәтижесі:

раО2 83 мм.сын.бағ.
раСО2 49 мм.сын.бағ.
Өкпенің оттектік сыйымдылығы 19,0 көлемдік %
SaO2 96,1%

Спирометрия нәтижесі (қалыпты мөлшерден %-ы):

Өкпенің қалдық сыйымдылығы (ӨҚС) 119

Өкпенің өмірлік сыйымдылығы (ӨӨС) 80

Дем алудың резервті көлемі 86

Дем шығарудың резервті көлемі 88

Өкпенің функциялық қалдығының сыйымдылығы (ФҚС) 112

Өкпе қалдығы көлемінің сыйымдылығы (ҚКС) 114

Тиффно коэффициенті 85

 

 

Өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің төмендеуі. Тыныс алу жиілігі 20.

Бронхонхолитикалық препаратты (эуфиллин) енгізу Тиффно көрсеткішінің 7%-ына жоғарылауына әкелді.

 

СҰРАҚТАР

  1. Науқаста альвеолалы вентиляция бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, қай түрі (обструкциялық па, рекстрикциялық па?). Оның себебі қандай? Жауабын негіздеңіз.
  2. Осы жағдайда өкпе перфузиясының бұзылыстары бар ма? Егер бар болса, оның мүмкін болатын себебін және даму тетіктерін атаңыз? Жауабын негіздеңіз.
  3. Науқаста ұсақ бронх пен бронхиолалардың экспираторлы компрессияның көлемі жоғарылауының белгілері бар ма? Егер бар болса, немен тудырылған? Егер жоқ болса, неге екенің дәлелдеп беріңіз.
  4. Науқастағы сыртқы тыныс алу жүйесінің жағдайы туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?

 

 

Мәселелік есеп №2.

Науқас Ч., 36 жаста, таулық-кеніштік өнеркәсіп жұмысшысы, силикоз күдіктігімен емдеу мекемесіне түсті. Жаяу жүрген кезде және күш-қуаттық жүктеме кезіндегі ентігуге, үнемі болатын құрғақ, кейде біраз қақырығы бар жөтелге, кеуде сарайының ауырсынуына шағым білдіреді.

 

Артериялық қанның газдық құрамы мен спирометрияның көрсеткіштері:

Артериялық қанның газдық құрамы
раО2 90 мм сын.бағ.
Өкпенің өз еркімен гипервентиляциясының сынамасынан кейін 92 мм сын.бағ.
раСО2 40 мм сын.бағ.
Оттектік сыйымдылық 19,2 көлемдік %
SaO2 94,3%
Спирометрия
ӨӨС 4,2 л
ӨФӨС 1 2,6 л
ӨӨС (%қалыпты мөлшерден)  
Тиффно коэффициенті ? (есептеу)
ТМК (%қалыпты мөлшерден)  
Қосымша көрсеткіштері
Тыныс алу жиілігі минөтіне 19 рет

СҰРАҚТАР

  1. Науқаста өкпенің газ алмасу қызметтері бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, қайсысы? Жауабын негіздеңіз.
  2. Науқаста альвеолалы вентиляцияның бұзылыстары бар ма? Егер бар болса, қай түрі (обструкциялық па, рекстрикциялық па?).
  3. Пневмокониоз дамуының мүмкіншілігін ескере отырып, өкпенің диффузиялық қабілеттілігін бағалауды қалай ұсынасыз?
  4. Сыртқы тыныс алу жүйесінің газ алмасу қызметінің мүмкін болатын сипаты туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?

 

Мәселелік есеп №3.

Науқас К., 56жаста, миокард инфарктын өткіргеннен кейін 4 аптадан соң ентік күшейе түсті, осы кезде біраз мөлшердегі қақырығы мен қан араласқан жөтелі пайда болған. ЭКГ-да миокард инфарктын сипаттайтын белгілерден басқа қосымша бүліністер байқалған жоқ.

 

Сыртқы тыныс алу жүйесі қызметніңі көрсеткіштері:

Тыныс алу жиілігі 26

ӨӨС (қалыпты мөлшерден %-ы) 76

ӨҚК (қалыпты мөлшерден %-ы) 70

ТМК (қалыпты мөлшерден %-ы) 140

ӨФӨС1/ӨӨС (%) 76

СҰРАҚТАР

  1. Науқаста альвеолалы вентиляцияның бұзылыстарының белгілері бар ма? Обструкциялық па, рекстрикциялық па? Жауабын негіздеңіз.
  2. Науқаста өкпе перфузиясының бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, оның мүмкін болатын себебін және даму тетіктерін атаңыз? Жауабын негіздеңіз.
  3. Осы жағдайда өкпенің альвеолдық-капиллярлық тосқауылдың диффузиялық қабілеттілігінің бұзылыстары бар ма? Егер бар болса, дәлелдеп беріңіз. Өкпедегі газ диффузиясының жағдайын қандай сынамалар арқылы бағалауға болады?
  4. Осы науқастағы сыртқы тыныс алу жүйесінің жағдайы туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?

 

Мәселелік есеп №4.

Науқас А., 65жаста, түнде болатын және күндіз ұйықтаған кезде болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен дәрігерге қаралуға келді. Ұстамалар жан тапсыру қорқыныш сезімімен, жүректің қатты соғуымен, кейде ауырусынудың сол жақ жауырынына жаңғырылуымен болатын төстің артындағы ауырсунуымен ілесін жүреді. Нитроглицеринді тұншығу ұстамасы мен жүректің ауырсынуы кезінде қолдану ешқандай әсер бермейді. Бірақ, егер науқас ояна салып, бірнеше реет белсенді терең дем алса, барлық жағымсыз сезімдер жойылады. Қан талдауында, ҚСҮ-те (қышқылдық-сілтілік үйлесімділігі), ЭКГ-да барлық көрсеткіштер жас мөлшері қалыптысымен бірдей. Сыртартқысынан: бір ай бұрын науқас полиневрит құбылысымен бірлескен вирусты жұқпаны басынан кешкен; бала кезінде полиомиелитпен ауырған.

 

СҰРАҚТАР

  1. Науқаста сыртқы тыныс алу дертінің қай түрі бар? Берілген есептерге сүйеніп жауабын дәлелдеңіз. Қажет болса, оларды толықтырыңыз.
  2. Осы дерт түрінің себебі қандай болуы мүмкін? Ол сыртқы тыныс алудың реттелу жүйесінде қандай өзгерістерді тудырады және оның қандай деңгейінде, яғни афференттік, орталық, эфференттік деңгейлерінің қайсысында?
  3. Неге осы науқастың тыныс алу бұзылыстары стенокардия ұстамаларымен ілесіп жүреді?
  4. Сергектік жағдайда тұншығу ұстамаларының болмауын қалай түсіндіре аласыз?

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР № 3

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

1. Тақырыбы: Тыныс алудың орталық реттеуші тетіктерінің бұзылуы. Жаңа туған сәбилердің және балалардың тыныс алудағы бұзылу ерекшеліктері.

 

2. Мақсаты:: Тыныс алудың орталық реттеуші тетіктерінің бұзылуы және жасына байланысты тыныс алу жүйесінің патофизиология білімін игеру

 

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

· Тыныс алу жүйесінің патологиялық бұзылыстарының негізгі синдромының себебі

және даму тетіктері.

· Нәрестелердің тыныс алу синдромының бұзылысының этиологиясы мен патогенезі

· Үзілістік және терминалдық тыныс

Студент үйрену қажет:

қанның газдық құрамына және спирометриялық ішкі тыныс алу көрсеткіштеріне негізденіп тыныс алу бұзылыстарының түрін анықтау

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тыныс алудың орталық реттеуші тетіктерінің бұзылуы. Тыныс алудың рефлекторлық

бұзылысы.

2. Тыныс алу қозғалысының ритмінің бұзылысы.Үзілістік тыныстын негізгі түрі.

3. Терминалдық тыныс

4. Ентікпенің негізгі пайда болу тетігі

5. Тұншіғу (асфиксия), даму кезеңдері

6 Ересектер мен жаңа туылған нәрестелерінің жедел респираторлық дистресс-синдромы.

7. Жаңа туған сәбилердің тыныс алу синдромының бұзылысы.Нәрестенің іштегі

асфиксия ерекшелігнің эиологиясы мен патогенезі.

8. Балаларда мұрын мен тыныс алуының маңыздылығы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда пікір талас, жағдайлық

есептерді шығару

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Қосымша:

1. Вопросы патофизиологии дыхания. / Под редакцией В. Низовцева. Куйбышев., 1985 г.

2. Абросимов В.Н. Нарушение регуляции дыхания, М., Медицина, 1990 г.

3. Врожденные и наследственные заболевания легких у детей – Под.редакц. Вельтищева

Ю.Е. и др.-М.,Медицина, 1986.-303 с.

4. Болезни органов дыхания у детей: Руководство для врачей- Под редакц. Рачинского

С.В.-М., Медицина, 1987.-493 с.

5. Тараканов И.А., Сафонов В.А. Гамкергические механизмы нарушений дыхательного

ритма (Обзор) //Ж.Патофизиология, 1998, №2, -С.48-54.

6. Пузырева Н.И. и др. Синдром дыхательных расстройств и сурфактант легких у

новорожденных.-М: Медицина, 1987.-142 с.

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

1. Асфиксияның I дәрежесiнде қандай симптомдар тән:

1. инспираторлы ентiгу

2. артериалдық қысымның төмендеуi

3. экспираторлы ентiгу

4. брадикардия

5. тыныс алудың сиреуі

 

2. Асфиксияның 2-шi кезеңiне қандай жағдайлар тән:

1. тыныс алу қозғалысының тоқтауы

2. гаспинг-тыныс алу

3. инспираторлы ентiгу

4. парасимптоматикалық нерв жүйесiнiң тонусының жоғарлауы,экспираторлы ентiгу фазасы

5. симпатикалық жүйке жүйесінің тонусының көтерілуі

 

3. Асфиксияның 3-шi кезеңiне қандай жағдайлар тән:

1. тыныс алу қозғалысының тоқтау, есiнен тану

2. инспираторлы ентiгу

3. гаспинг-тыныс алу

4. симпатикалық нерв жүйесiнiң тонусының жоғарылауы

5. экспираторлы ентікпе

 

4. Асфиксияның 4-шi кезеңiне қандай жағдайлар тән:

1. тыныс алу қозғалысының тоқтауы

2. Гаспинг-тыныс, бульбарлы тынысалу орталығының салдануы

3. инспираторлы ентiгу

4. экспираторлы ентiгу фазасы

5. тыныс алу орталық қозғыштығының төмендеуі

 

5. Куссмауля тынысына не сипаттама тән:

1. шулы, терең тыныс

2. аздаған, терең, сирек, «күрсiну«күшiмен әлсiреген

3. тыныс қозғалысымен кезектесетiң үзiлiс, яғни басында тереңдiгi бойынша күшейiп, сосын әлсiреген

4. ұзақ тырысқан күшейген тыныс алу, кейде тыныс шығарумен үзiледi

5. жиі беткей тыныс

 

6. Сыртқы тыныс жетiспеушiлiгiнiң себебi не:

1. тыныс алу жолдарының бітелуі, тыныс алу орталығының қозғыштығының төмендеуi

2. вентиляция қан ағымы қатынасын жоғарылататын процестер

3. тыныс алатын ауадағы көмiр қышқыл газының мөлшерiнiң төмендеуi

4. тыныс алу орталығының қозғыштығының жоғарылауы

5. терең жиі тыныс алу

 

7. Жалпы альвеола гиповентиляциясының салдарын көрсет:

1. газдық алкалоз

2. гипероксия

3. минуттық көлемнің жоғарылауы

4. газдық ацидоз, гиперкапния

5. метаболитикалық ацидоз

 

8. Сыртқы тыныстың обструктивті жетіспеушілігінің себебі қандай:

1. пневмония, пневмосклероз

2. өкпе фиброзы, эмфизема

3. бронхоспазм, бронхтар мен көмейдің ісінуі

4. өкпенің ісінуі, пневмоканиоз

5. тыныс бұлшық еттерінің бүлінуі

 

9. Стенотикалық тыныстың патогенезiн және көрiнiсiн ата:

1. терең, сирек тынысалу нәтижесінде Геринг-Брейнер рефлекстiң тежегiш әсерiнiң әлсiреуi

2. терең, жиi тынысалу

3. беткей, жиi тынысалу

4. Биот типтi тынысалу

5. Геринг- Брейер рефлексінің жоғарылауы

 

10. Қандай өзгерiс ұзақ өкпе гипервентиляциясына әкеледi:

1. гипокапния, алкалоз

2. ацидоз

3. рН өзгермеген

4. тыныс алу орталығының қозуы

5. вентиляционды – перфузионды коэффициенттің жоғарылауы

 

Мәселелік есеп №5.

Науқас К., 36жаста, қарқынды жүріс және күш-қуаттық жұмыс атқарған кезде болатын ентігу, үнемі болатын жөтел шағымдарымен госпитализацияланған.Науқасты қараған кезде назар аударарлық белгілер мыналар: көзге көрінетін шырышты қабықшалардың көгілдірлігі, өкпедегі құрғақ сырылдар, кеуде сарайының перкуссиясы кезінде айқын "қораптық" дыбыстың болуы.

 

Қанның газдық талдауының көрсеткіштері
раО2 84 мм.сын.бағ.
раСО2 50 мм.сын.бағ.
Оттектік сыйымдылық 19,8 көлемдік %
SaO2 94,4%
Спирометрияның көрсеткіштері  
ӨҚС Қалыпты жағдаймен салыстырғанда жоғарылаған
ӨӨС Азайған
Дем алудың резервті көлемі Төмендеген
Дем шығарудың резервті көлемі Төмендеген
ФҚС Жоғарылаған
ӨҚК Жоғарылаған
ӨФӨС1/ӨӨС (%) Азайған
Ерікті гипервентиляциямен сынаманы өткізгеннен кейін раО2 = 86 мм.сын.бағ.   Бронхтарды кеңейтетін препаратты (эуфиллин) енгізу Тиффно көрсеткішінің мағынысын жоғарлатты.    

СҰРАҚТАР

  1. Науқаста тыныс алу жолдары бұзылуының белгілері бар ма? Егер бар болса, онда оны атаңыз және олардың мағынасын сипаттап беріңіз?
  2. Науқаста өкпе тінінің серпімділігі мен созылғыштығы бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, онда атап шығыңыз?
  3. Науқаста өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің бұзылыстарын рұқсат етуінің мәні бар ма?
  4. Осы науқастағы сыртқы тыныс алу жүйесінің жағдайы туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?

 

Мәселелік есеп №6.

 

Науқас К., 58жаста, біраз күш-қуаттық жұмыс атқарған кездегі ентігу, кезеңді түрдегі біраз қақырығы бар жөтел; ысқырықтық сырылдарымен (әсіресе, дем шығарған кезде) және жөтелмен ілесіп жүретін тұншығудың эпизодттық ұстамалары шағымдарымен терапиялық емдеу мекемесіне қайта түскен кезде қарағандағы анықталған белгілері мыналар:

 

раО2 90 мм.сын.бағ.

раСО2 30 мм.сын.бағ.

ТМК (қалыпты мөлшерден %-ы) 119

ӨӨС 3,6 л

ӨӨС (қалыпты мөлшерден %-ы) 86

ӨФӨС (бір секундты) 2,1 л

Тиффно көрсеткіші? (есептеу)

ӨҚК/ӨҚС (қалыпты мөлшерден %-ы) 110

ӨМВ (қалыпты мөлшерден %-ы) 98

 

Бронхолитикалық препаратты (эуфиллин) енгізгеннен кейін Тиффно көрсеткішінің 15 %-ға жоғарлаған. Қақырық жағындысында – Куршманн бұрамасы түріндегі тығыз шырыш.

Қан талдауы: Hb 136 г/л, эритроциттер 5,5´1012/л; лейкоциттер 9´109/л, эозинофилия. Өкпе рентгенограммасында — өкпе суретінің жоғары мөлдірлігі.

СҰРАҚТАР

  1. Өкпе тіні серпімділігінің бұзылыстары (төмендеуі немесе жоғарылауы) туралы қорытынды жасаудың мәні бар ма? Берілген есептерге сүйеніп, жауабын негіздеңіз.
  2. Осы жағдайда альвеолалы вентиляцияның обструктивті түрінің бұзылысы туралы айтуға келе ме? Егер келсе, онда оның себебі мен даму тетіктері қандай? Егер жоқ болса, онда қандай белгілер оны дәлелдейді? Жауабын негіздеңіз.
  3. Науқаста "ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың экспираторлық компрессияның" феномендік белгілері бар ма? Егер бар болса, бұл феноменнің тетігі қандай? Егер жоқ болса, дәлеледеме келтіріңіз?
  4. Науқаста пайда болған жағдайды қалай көрсетуге болады?

 

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.061 сек.)