АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

сурет. Жылжымалы призмалы кілтек

Читайте также:
  1. Ші сурет. Антиидиотиптік тор

 

15.2 Призмалы кілтектердың түрлері

Призмалы кілтек құрылымы бойынша сегментті және цилиндрлі болып екіге бөлінеді. Сегментті кілтектің жұмыс істеу принципі призмалы кілтекке ұқсас. Сегментті кілтекпен қосылған (8.3-сурет), қосьшыстардың бір қолайлылығы, кілтекті отырғызатын ойықтар оңай жасалады және оларды ажыратып, қайта құрастыру да оңай. Бірақ тереңірек жасалған ойық біліктің қимасы ауданының азаюынан білікті әлсіретеді. Сол себепті сегментті кілтектер көбінесе біліктің шетінде қолданылады.

 

15.3-сурет. Сегментті кілтек

 

Өйткені біліктің шетіне түсетін күш басқа жеріне қарағанда аздау болады. Сегментті кілтекті де призмалы кілтек сияқты жаншылуға есептейді.

Білік қимасын әлсірету үшін сегментті кілтектердың» формасын аздап өзгертеді немесе сегментті кілтектың доға жақ бетін кесіп, оның биіктігін азайтады.

15.3 Сына тәрізді кілтекті қосылыстар

Сына тәрізді кілтектер күшпен қойылады, сондықтан бөлшектер арасында күш кернеуі пайда болады жене оларды қолданғанда бөлшектер өзара ығысады. (15.4 сурет).

15.4-сурет. Сына тәрізді кілтек

 

Бұл қосылыстарда айналу моменті біліктен күпшекке үйкеліс күші арқылы беріледі. Кілтекті күшпен қойған кезде күпшек пен біліктің ауырлық центрлері біршама жан-жаққа ығысады, осындай ортадан ығысқан немесе жылжыған кілтекті қосылысты механизмдер өте үлкен жылдамдықпен айналатын болса, онда қосымша ортадан тебу күші пайда болады. Сына тәрізді кілтектер көбінесе бөлшектің шапыраштануына әкеліп соғады. Мұндай кілтектің күпшектегі ұясын көлбеу етіп өңдеу де қиын. Сондықтан сына тәрізді кілтекті қазіргі уақытта өндірісте аз қолданады. Сына тәрізді кілтекті қосылыстарда күш түспей тұрып-ақ кернеу пайда болады.

15.4 Фрикциялық кілтектер

Фрикциялық кілтектер сына тәрізді кілтектердың бір түрі болып табылады. Бұл қосылыстардың басқа кілтекті қосылыстардан ерекшелігі - айналу моментін үйкеліс күші арқылы береді (1.6-сурет). Сондықтан оны артық күш түсетін жерден сактау ретінде пайдалануға болады және де кілтек арқылы берілетін моменттің мөлшері үйкеліс күштер моментгерімен анықталады.

15.6-сурет. Фрикциялық кілтек

 

Фрикциялық кілтектер баска кілтектерға қарағанда білікті әлсіретпейді, себебі білікке ойма салынбайды және олар арқылы қосылған күпшекті білік бойымен кез келген жерге жылжытып қоюға мүмкіндік береді.

15.5 Кілтектер жасалатын материалдар және олардың мүмкіндік

Кернеуі

Стандартты кілтектер беріктік шегі 50МПа-ден кем болмайтьш коміртекті және легирленген болаттардан жасалады. Олардың мүмкіндік кернеу мөлшері жұмыс істеу қабілетіне және білік пен күпшектің матери&тдарының беріктігіне байланысты. Қозгалмайтын косьшыстарды мүмкіндік кернеу [ σ ]=80÷50 МПа шамасында алынады. Көбінесе шойын күпшектерді қодданғанда және күштер шүғыл өзгергенде мүмкіндік кернеу жоғарыдағыға қарағанда кем мөлшерде алынады. Ал күпшекті білікке нығыздап отырғызғанда үмкіндiк кернеу шамасын 30÷35% артық алуға болады. Жылжымалы қосылыстарда мүмкіндік кернеу жоғарыдағыға қарағанда азалынады, себебі жылудың әсерінен қосымша қажаладыжәне тозады, сондықтан [ σ ]=20÷30 МПа арасында алынады.

 

15.6 Шлицті қосылыстар

Шлицті қосылыстар деп күпшектің ішкі бетіндегі тістерінің дәл сол пішіндес етіп жасалған білік бетіндегі ойықтарына отырғызған қосылысты айтады. Басқаша айтқанда, оларды көп кілтекті қосылыс түрінде қарастыруға болады. Шлицті қосылыстардың кілтекті қосылыстарға қарағанда көптеген артықшылығы бар. Біріншіден, шлицті қосылыс кілтекті қосылыстан берік келеді, сондықтан ол ауыр жүк түсетін қосылыстарда қолданылады. Екіншіден, біліктерге отырғызылған бөлшектер ось бойымен еркін қозғала алады. Мысалы, беріліс қорабындағы тісті дөңгелектер т.б. Сонымен қатар олардың кемшіліктері де бар. Атап айтқанда:

1. Ось бойымен бағытталған күштерді қабылдай алмайды.

2. Тістердің бірдей дәлдікте жасалмауынан әсер етуші күштер Шлицтің барлығына бірдей таралмайды.

 

15.7 Шлицті қосылыстың түрлері

Қосылыстар, біріншіден, оздерінің ішіне байланысты, тік бүйірлі, үш бұрышты, эвольвента болып бірнеше түрге бөлінеді. (8.7- сурет).

а – тік бүйірлі; б – эвольвентті; в –үш бұрышты.

8.7-сурет. Шлицті қосылыстың негізгі түрлері

 

Екіншіден, білікке отырғызылған бөлшектерді центрлеу амалдарына байланысты бөлінеді. Центрлеу бүйір қырлары, тістердің ішкі және сыртқы диаметрі арқылы іске асырылады.

Шлицтердің бүйір қырлары арқылы центрлегенде, оларды тістеріне әсер етуші күштер, центрлеудің басқа түрлеріне қарағанда бірқалыпты тарайды. (15.8- сурет).

а – бүйірінен; б – сыртқы диаметрмен; в – ішкі диаметрмен; г – күпшек оймасының қимасы; д және е – білік оймаларының қимасы

15.8-сурет. Шлицті қосылыстарды центрлеу

 

Бұл амал үлкен күштер әсер еткенде және шлиц тістерінің саны оннан аспағанда, ал диаметрі 25-90 мм арасында болғанда қолданылады.

Дәлдікті қажет ететін талаптарға сай шлицті қосылысты тістердің ішкі және сырткы диаметрлері арқылы центрлеуге болады.

Егер төлке материалының Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден кем болса, сыртқы диаметрі арқылы центрлеген жөн. Бұл жағдайда тек біліктің жоғарғы беткейі ғана өңделеді. Ал егер Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден артық болса, онда центрлеу ішкі диаметрарқылы орындалады. Бұл жағдайда қосылыс беткейініңекеуі де өнделеді.

 

15.8 Эвольвентті шлицті қосылыстар

Эвольвентті шлицті қосылыстар тісті берілістерге қаншама ұқсас болса да, олардың аздаған айырмашылықтары да бар. Атап айтқанда:

1.Эвольвентті центрлеудің қадамы үлкен келеді.

2. Эвольвент рейкасының тістерін биіктігі аз: (0,9÷1) т

3. Тісті дөңгелектердің ілінісу бұрышы α = 20° болса, эвольвентті қосылыстарда ілінісу бұрышы αх = 30° градусқа тең.

Эвольвентті шлицті қосылыстың басқа шлицті қосылыстарға қарағанда артықшылықтары:

1. Эвольвентті шлицтер тістерінің табаны жалпак етіп жасалуына байланысты олардың беріктілігі жоғары келеді.

2. Білік бетіндегі эвольвент тістері қарапайым әдспен жасалады.

Жоғарыда айтылған артықшылығына байланысты эвольвентті шлицті қосылыстарда кернеу шоғарлануы төрт бұрышты шлицті қосылысқа қарағанда екі есе кем.

Сондықтан эвольвентті пішінді шлиц біліктерін дайындағанда қарапайым тіке жиекті кескішті фрезаларды қолданған жөн.

 

15.9 Шлицті қосылыстарды есептеу

Шлицтердің олшемдерін біліктердің диаметріне байланысты стандарт бойынша кестеден алуға болады. Шлицті қосылыстар жаншылуға есептеледі (8.9- сурет)


мүнда: k – күштің шлицтерге біркелкі түспейтінін есептейтін коэффициент k =0,7-0,8; z – шлицтер саны; А – шлицтің жұмыс беттерінің проекциясы.

 

8.9- сурет.Шлицті қосылыты есептеу сұлбасы

 

Тік бұрышты шлицтер үшін A =0,8 m (m- модулі).

Эвольвентті шлицтер үшін А =0,8 m (m - модулі). Үш бұрышты шлицтер үшін

r ор – орташа радиусы:

l – шлицтің жұмыс бетінің үзындығы.

 

15.10 Пішінді (кілтексіз) қосылыс

Пішінді немесе кілтексіз қосылыс деп төлке немесе күпшек отырғызылған біліктің беттері цилиндрлі болмайтын қосылысты айтады.

Мұндай қосылыстың ең қарапайымы – төрт бұрышты білікке отырғызылған қосылыс. Оның мынадай кемшіліктері бар: тістерін өндеу қиын және бұрыштарда кернеу шоғырлануы пайда болады (8.10- сурет).

Бұл қосылыстар жұмыс бүйірлерінде пайда болатын жаншылу кернеуіне мына тендеумен есептеледі:


(8.10)

8.10-сурет. Квадрат пішінді білікпен косылыс.

 

Төртбұрыштың қабырғалары шамамен a ~ 0,75 d.

Кілтекті және шлицті қосылыстарға қарағанда пішінді қосылыстардың артықшылықтары:

1.Бөлшектердің жақсы центрленуін қамтамасыз етеді;

Қосылыс беттерінде шоғырланған кернеу болмайды.

 

Негізгі әдебиеттер: 2[59-82;86-91]

Қосымша әдебиеттер: 20[27-45;70-85]

Бақылау сұрақтар:

1. Қосылыстардың классификациясы, түрі, қойлатын талаптары.

2. Винтік жұптың өздігінентепселенуі әр кезде керек пе?

3. Кілтектіқ қосылыстарының түрлері, қолдануы.


 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)