АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Су басу

Өкпеге оттегінің кенеттен және толық тоқтауы нәтижесінде қазаға ұшырауы қалай аталады? Тұншығу

Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы бұл - Қорқыныш

Өндірістік ТЖ дегеніміз не? Нысан орналасқан аймақта

Өнекәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстарды қалай атаймыз? Қатты әсер ететін улы заттар

Өрмекші, бүйін, сколопендр шаққан кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі? Шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды

Өрт сөндіргіш құралдардың негізгі түрлерін көрсетіңіз? Сұйық, көбікті, көмірқышқылды, азрозольды, ұнтақты

Өрттің салдарынан пайда болатын уытты заттарға не жатады? Азот тотығы, көміртегі тотығы, хлорлы сутегі

Өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы - Эпифитотия

Өте қауіпті жұқпалы ауру, қатты уланумен, ыстықтың көтерілуімен, сөл түйіндері мен өкпенің қабынуымен сипатталатын ауру қалай аталады? Оба

Пайда болу салдарынан ТЖ қалай бөлінеді? Техногендік, табиғи

Панахана бөлмесінің биіктігі неше метр болуы тиіс? 2,15-1,85 м

Панахана неден сақтап қалады? қазіргі заманғы қарулардың барлық түрлерінен

Панаханада қандай бөлімдерден тұрады? негізгі және қосымша

Панаханада неше есік болуы керек? 2

Паренхиматоздық қан кетудің белгілері Ішкі мүшелер яғни, өкпе, бауыр, бүйрек зақымданғандағы қанның кетуі

Радиациядан қорғанбаған адамдар қандай ауруға шалдығады? Сәуле ауруына

Радиациялық барлауға қандай өлшемді приборлар жатады - ДП5 А(Б), ДП-5В

Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал қалай аталады?

Дозиметриялық құрал

Регионалдық ТЖ дегеніміз не? Бірнеше облыста

РҚО (радиациядан қорғайтын орын) неден сақтап қалады? радиациядан, радиоактивті зақымданудан

Саңырауқұлақпен уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі? Асқазанды сумен, әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шаю, жасанды құстыру, бірнеше рет клизма қою, содан кейін ыстық, тәтті шай, кофе ішкізу

Сона, ара шаққанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі? Терідегі ара біздерін алып тастау, жараға суық компресс қою, аяғы басынан биік болатындай етіп жатқызу, тез арада емдеу мекемесіне жеткізу

Стенокардия ауруының белгілері- Жұрек қысылады, бет ағарады, суық тер шығады, аяқ-қол суынады, жиі қатты демікпе пайда болады

Столбняк деген не? жаралық инфекцияның қанға кетуі

Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері Дезактивация, дегазация, дезинфекция

Сынықтың түрлерін атаңыз? ашық және жабық

Табиғи апаттар- Метеорологиялық, Тектоникалық, Топологиялық, Космостық

Тамақтан уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі? Жылы суды көбірек ішкізіп (1,5-2 литр) жасанды құстыру (таза су шыққанша), улы тағамды жылдам шығару мақсатында сыртқа айдағыш дәрі беру қажет

Тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерілуінен болатын қуатты ағын бұл - Сел

Тәуекелдік факторлары – бұл Авариялық жағдай-да адам өміріне қауіп төндіретін факторлар

Тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталатын ауруды қалай атаймыз? Тырысқақ

Теңіз жағдайына байланысты ТЖ атаңыз? Цунами, тайфун

Терроризмге қарсы күрес туралы ҚР Заңы қашан қабылданды? 1999 жылы 13шілде

Терроризме қарсы күресті тікелей жүзуге асыратын мелекеттік органдар мыналар болып табылады: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Қорғаныс министрлігі

Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрін қалай атаймыз? Жабық зақымдану

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 1-ші және 2-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету- Күйген жерді суық судың астында 10-15 минут ұстау, таза құрғақ матамен жабу, көпіршік үстіне суық зат қою

 

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету- Сумен шаюға болмайды, күйген жерді құрғақ таза матамен жауып, матаның үстіне міндетті түрде суық зат қою, 2-3 таблетка аналгин және жылы сусынды көп ішкізу керек

Терінің құрысуына әсер ететін улы заттар - Иприт, люизит

Технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануын қалай атаймыз? Авария

Топырақ темпиратурасы ауа темпиратурасынан төмен болса бұл: инверсия

Төмен ауадағы ядролық жарылыс қай жерде болады? Ауада, жер бетінен қашық емес

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы бұл - Үсік шалу

Травматикалық шок дегеніміз не? сырқаттың есеңгіреп, талып кетуі

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады? Хлор, фосген, хлорпикрин

Тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылысты қалай атаймыз? Дүлей зілзала

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары - Газқағарлар, респираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар

Улану түрлері - өткір және созылмалы

Ұстама кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету- Толық тыныштық, аяқ пен қолға жылытқы қою қажет, тілдің астына нитроглицерин таблеткасын қояды,

Хабарлаудың негізгі әдісі не? радио және теледидар жүйелері

Халықаралық денсаулық күні 7 сәуір

Хлор адам организміне қалай әсер етеді? Тыныс жолдары мен өкпені ісіндіреді

Хлор ауадан неше есе ауыр? 2,5 есе

Хлордың сипаттамасы- өткір иісті, жасыл-сары түсті газ

Хлорциан сипаттамасы қандай? Ерекше иісі бар бу, суда аз ериді

Шаян шаққан кезде алғашқы көмек калай көрсетіледі? Кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, аналгин, супрастин, немесе димедрол дәрі-дәрімектерін ішкізу

Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету- Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет

Іштің жабық зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету- Жараға тазартқыш таңғыш қою, мұз салынған немесе суық су құйылған ризиналы қуық қояды

Экологиялық қауіптілерге жататындар олар: Нитраттар, пестициттер, ауыр металдар,т.б.

Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар - Озон қабатының бұзылуы, қышқылды жауын, өсімдіктердің жойылуы

Электр жарақаты кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек- Электр тоғынан тез босату, шалқасынан жатқызып, тар киімдерін ағытып мүсәтір спиртін иіскету қажет, жасанды дем алдырып, жүректі сылау, жүрек дәрі-дәрімектерін беру

Электр жарақатының белгілері: Тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы

Электр тоғының немесе найзағайдың – атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз? Электр жарақаты

Ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады- Жердің радиоактивті ластануы

Ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағынын қалай атаймыз? Жарықтың сәуле шығаруы

Ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағынын қалай атаймыз? Өткіш радиация

Ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болған күйікті қалай атаймыз? Сәулелік күйік


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)