|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Балалар аурулары блогы
Интерн-педиатрларға арналған «Нефрология» пәні №1 Тақырып: Бүйрек аурулары кезіндегі негізгі синдромдар 1. Зәрдің үнемі сілтілі реакциясы (рН>7,5) мына диагнозды қоюға көмектеседі: а) Диабеттік команы б) Зәр жүйесінің инфекциясын в) Гломерулярлық ауруларды г) Дисталді тубулярлық ацидозды д) Тубулоинтерстициалді нефритті 2. Шумақтардың функциясын қандай әдіспен анықтайды: а) Зимницкий сынамасы бойынша б) Жалпы зәр анализі бойынша в) Зәрдің осмолярлығын тексеру г) Эндогенді креатинин клиренсі бойынша д) Зәрмен электролиттердің тәуліктік бөлінуі бойынша 3. Нәрестелік кезеңге тән зәрдің меншікті салмағы: а) 1008-1018 б) 1002-1004 в) 1010-1017 г) 1012-1020 д) 1011-1025 4. Диурез 1 литр шамасында болғанда меншікті салмақ қалыптыда қандай болуы керек? а) 1004 б) 1010 в) 1012 г) 1020 д) 1030 5. Бүйрек ауруларын анықтауға арналған ЕҢ ақпаратты анализ: а) Амбурже сынамасы б) Зимницкий сынамасы в) Нечипоренко сынамасы г) Жалпы зәр анализі д) Аддис-Каковский сынамасы 6. «Ет жуындысы» тәрізді зәрдің түсінің өзгеруі мына жағдайға тән: а) Нефролитиазға б) Қант диабетіне в) Гломерулонефритке г) Механикалық сарғаюға д) Жедел гемолитикалық анемияға 7. Дизуриялық көріністердің болуы нені көрсетеді? а) өзекшелердің зақымдалғанын б) шумақтардың зақымдалғанын в) бүйректің туа біткен патологиясын г) зәр шығару жолдарының тек органикалық патологиясын д) зәр шығарудың бұзылуымен өтетін төменгі зәр шығару жолдарының зақымдалуын 8. Олигурия (анурия) қашан дамиды: а) гиповолемия б) жедел гломерулонефрит в) жедел бүйрек жеткіліксіздігі г) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі д) барлық көрсетілген жағдайларда әр түрлі кезеңде 9. Дені сау балаларда сарысу креатининінің қалыпты деңгейі неге тәуелді? а) Бойына б) Жасына в) Дене салмағына г) Бұлшықет массасына д) Кеуде қуысының шеңберіне 10. Нефротикалық синдром кезінде ісінудің негізгі механизмі: а) Катехоламиндердің артық синтезделуі б) Белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия в) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуімен г) АДГ адекватты емес секрециялануы д) Натрийуретикалық предсердныйпептидтің түзілуінің азаюы 11. Нефротикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі: а) Гиперволемия, натрий мен судың ұстауы б) нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия в) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі г) антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы д) жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі 12. Нефротикалық синдром үшін келесідегідей симптомды кешен тән: а) макрогематурия, протеинурия б) Ісінулер, гипертензия, гиперазотемия в) Гипертония, протеинурия, гиперлипидемия г) Диспротеинемия, гиперлипидемия, гематурия д)Гиперлипидемия, протеинурия, диспротеинемия, гипоальбуминемия 13. Нефротикалық синдром кезіндегі ісінуге тән емес: а) асцит б) қамыр тәрізді в) беттің айқын ісінуі г) тығыз, шамалы ғана д) жайылған, массивті 14. Нефритикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі: а) катехоламиндер синтезінің жоғарылауы б) нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия в) антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы г) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі д) жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі 15. 12 жастағы қыз бала, шамалы ісінуі бар, протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б., ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. сіздің диагнозыңыз: а) пиелонефрит б) нефротикалық синдром в) нефритикалық синдром г) жекеленген зәрлік синдром д) тез үдемелі гломерулонефрит 16. Нефритикалық синдром түсінігіне кірмейді: а) гипертензия б) ісіну синдромы в) микро-, макрогематурия г) гипертензиямен бірге олигоанурия д) гиперлипидемия, айқын гипопротеинемия 17. Өзекшелік протеинурия немен сипатталады? а) Аралас протеинурия б) Селективті протеинурия в) Шумақшалар зақымдалуы кезіндегідей г) төмен молекулярлы массалы ақуыздар д) Жоғары молекулярлы массалы ақуыздар
а) Ig-G б) Альбуминдер в) Трансферрин г) Бета-2-микроглобулин д) Альфа-2-макроглобулин 19. Түрлі мүшелер мен тіндердің УДЗ неге негізделген? а) Қуыс мүшелердің УД сіңіруі б) Паренхиматозды мүшелердің УД сіңіруі в) Сұйық түзілістердің УД сіңіруі г) Паренхиматозды мүшелердің УД сындыруы д) Түрлі мүшелер мен тіндердің УД сіңіруінің түрлі дәрежесі 20. Туа біткен нефротикалық синдромға төменде келтірілгеннің арасында тән: а) макрогематурия б) УДЗ бүйрек өлшемдерінің кіші болуы в) 1 жасқа дейін көрініс бере бастауы г) Нейросенсорлы кереңдік д) жүректің туа біткен даму ақауымен ұштасуы 21. Жекеленген зәрлік синдромға тән: а) протеинурия және гематурия б) протеинурия және бүйрек жетіспеушілігі в) протеинурия және артериальді гипертензия г) протеинурия және жайылмаған тығыз ісіну д) протеинурия және массивті қамыр тәрізді ісіну 22. Тубуло-интерстициальды синдромға тән емес: а) полиурия, полидипсия б) ісіну мен артериалды гипертензия в) гипо-, изостенурия, тубулярлы протеинурия г) анемияның ерте дамуы, түтікшелік дисфункция д) сүйек-минералдар бұзылысыжәне физикалық дамуының тежелуі 23. Қандай патологияны іздегенде компьютерлік томографияны қолданылады: а) Рефлюкс-нефропатия б) Бүйректің поликистоздық ауруы в) Төменгі зәр жолдарының обструкциясы г) Жоғарғы зәр жолдарының обструкциясы д) Бүйрек пен паранефралды клетчатканың көлемді түзілістері 24. Магниттік-резонанстық томографияның компьютерлік томографиядан артықшылығы: а) Арзан б) Ешқандай артықшылығы жоқ в) Жоғары рұқсатты (разрешающая) қабілеттілігі г) Нефротоксикалық әсері өте төмен контраст – гадолинидің қолданылуы д) Жасанды ырғақ жүргізушісі бар пациенттерде қолдану мүмкіншілігі 25. ҚНР кезінде қандай тексеру МЕЙІЛІНШЕ ақпаратты? а) эхография б) бүйрек функциялары в) көктамыр ішілік урография г) микциялық цистография д) артериалдық қан қысымын анықтау 26. Бүйрек биопсиясын жасауға көрсеткіш: а) Зәрде көк ірің таяқшасының себілуі б) Микрогематурия және бүйректе тастың болуы в) Көлемді лейкоцитурия 2 апта бойы г) 5 ай бойы сақталған персистирлеуші протеинурия 0,5-1,0 г д) Бүйрек доплерографиясында бүйрек артериясы тарылуының анықталуы 27. Бүйрек биопсиясын жасауға абсолютті қарама қарсы көрсеткіш: а) Көлемді қансырау б) Көлемді протеинурия 2 г/тәу. в) Айқын емес артериальды гипертензия г) Өзгерген эритроциттермен макрогематурия д) Креатинин мен мочевина мөлшерінің жоғарылауымен жүретін тез үдейтін гломерулонефрит 28. Бүйрек биопсиясын жасауға салыстырмалы қарама қарсы көрсеткіш: а) Бүйрек абцессі б) Нефротикалық синдром в) Көлемді қансырау г) Айқын емес артериалды гипертензия д) Бағынбайтын артериалды гипертензия 29. Бүйрек трансплантатына биопсия жасау көрсеткіші: а) Трансплантаттағы пиелонефрит б) Трансплантаттағыгломерулонефрит в) Трансплантаттың жедел жетіспеушілігі г) Трансплантаттың созылмалы жетіспеушілігі д) Бүйрек қызметіне байланыссыз биопсия хаттамасын жүргізу ұсынылады 30. Бүйрек биоптатына морфологиялық зерттеу жасау үшін міндетті түрде жасау керек: а) Тек электронды микроскоп б) Фазалық-контрастты микроскоп в) Түсті микроскоп жеткілікті г) Иммуногистохимиялық микроскоп жеткілікті д) Түсті, иммунофлюоресцентті және кей жағдайда электронды микроскоп 31. Бүйректің өзекшелік аппаратының туа біткен зақымдануларына жатады: а) ісіну б) артериалды гипертензия в) шумақ фильтрациясының төмендеуі г) айқын гломерулярлы протеинурия д) тубулярлы протеинурия, физикалық дамуының артта қалуы 32. Ортостатикалық/постуралдық протеинурияның анықталуы мына жағдайдың белгісі: а) Нефроптоздың б) Пиелонефриттің в) Гломерулонефриттің г) Бүйрек поликистозының д) Зәр-тас ауруының 33. Зәр анализіндегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ерте индикаторы болып табылады? А) Эритроциттер к/а 5-ке дейін Б) Лейкоциттер к/а 4-6-ға дейін В) Протеинурия Г) Микроальбуминурия Д) Белоктың зәр креатининіне қатынасы 0,2 34. Зәрде өзекшелік (тубулярлы) протеинурияның болуы: а) альбумин 1 г/тәулігіне б) альбумин3 г/ тәулігіне в) альбумин 30 мг/ тәулігіне г) парапротеиндер д) В2-микроглобулин 35. Төменмолекулярлық протеинурия мына бөлімнің дисфункциясында байқалады: а) Шумақтардың б) Подоциттердің в) Дисталді өзекшелердің г) Жинақтаушы түтікшелердің д) Проксималді өзекшелердің 36. Тез үдемелі гломерулонефрит қандай морфологиялық суретке сәйкес келеді? а) фибропластикалық ГН б) минимальді өзгерістер в) мембранозды нефропатия г) мембранопролиферативті ГН д) экстракапиллярлы ГН (50 % астам шумақта – жарты ай тәрізді зақымдану) 37. Протеинурияны (мг/дл) сандық анықтаудың қазіргі кезде қолданылатын әдісі: а) Белоктың зәр калийіне қатынасы б) Белоктың зәр натрийіне қатынасы в) Белоктың зәр кальцийіне қатынасы г) Белоктың зәр фосфатына қатынасы д) Белоктың зәр креатининіне қатынасы 38. Зәрмен белоктың шығуын қандай сандық әдістер анық көрсетеді? а) Таңғы зәрдегі б) Тәулік бойы жиналған зәрдегі в) 6 сағат бойы жиналған зәрдегі г) 2 сағат бойы жиналған зәрдегі д) 12 сағат бойы жиналған зәрдегі 39. Зәр тұнбасындағы дисморфты эритроциттердің қанша пайызы гломерулярлы патологияны көрсетеді? а) >5% б) >10% в) >20% г) >30% д) >40% 40. Мына төменде көрсетілген әдістердің қайсысы реналді/гломерулярлы және экстрареналді/гломерулярлы емес гематурияларды ажырату үшін қолданылады? а) Амбурже сынамасы б) Нечипоренко сынамасы в) Протеомдық анализ г) Аддис-Каковский сынамасы д)Фазалық-контрасттық микроскопия 41. Мына төменде көрсетілген гематуриямен жүретін аурулардың қайсысы балаларда гломерулярлы гематурияға жатады? а) Цистит б) Бүйрек жарақаты в) Бүйрек туберкулезі г) Альпорт синдромы д) Зәр-тас ауруы
42. Мына төменде көрсетілген гематуриямен жүретін аурулардың қайсысы балаларда гломерулярлы емес гематурияға жатады? а) IgА-нефропатия б) Альпорт синдромы в) Жұқа мембраналар ауруы г) Зәр-тас ауруы д) Шенлейн-Генох нефриті 43. БСА бар балаларда метаболикалық ацидоз айқын әсер етеді: а) Ренин б) Альдостерон в) Өсу гормонына г) Эритропоэтин д) Антидиуретикалық гормонға 44. Төменде берілгендердің ішінде микроальбуминурияны анықтаудың мейлінше шынайы әдісі? а) Micral-тест б) Амбурже сынамасы в) Нечипоренко сынамасы г) Жалпы зәр талдауы д) Аддис-Каковский сынамасы 45. Балаларда шумақтың флиьтрация жылдамдығының төмендеуі (мл/мин/1,73м2ренальды анемия дамиды: а) 100-120 б) 90-100 в) 50-70 г) 30-15 д) 15 46. Минимальді протеинурияның себептерінің бірі болуы мүмкін: а) Кез-келген интоксикация б) Ақуыздық емдәм в) Көп мөлшерде сұйықтық қабылдау г) Вегетариандық д) Қалыпты жағдайда кездеседі 47. Қандай физикалдық белгі нефротикалық синдромды өте жақсы сипаттайды? а) Ісіну б) Гипертензия в) Макрогематурия г) Перифериялық нейропатия д) Тері мен кілегей қабықтардың боздығы 48. Бүйректері ауыратын науқастарда ісіктерді анықтаудың ЕҢ сенімді әдісін көрсетіңіз: а) Беттегі ісінулер арқылы б) Диурез азаюымен в) Іш көлемінің азаюымен г) Дененің белгілі бір жерлерінде ісіну дамуы д) Жұмсақ тіндерді басқан кезде шұңқыр түзілуі 49. Зәрдегі бірен-саран эпителий клеткалары нені көрсетеді: а) Қалыпты б) Циститті в) Пиелонефритті г) Зәр жолдарының инфекциясын д) Тубулоинтерстициалді нефритті 50. Бүйректің көптеген күрделі қызметінің ішінен екі негізгісін атаңыз: а) Плазма осмолярлығы мен сұйықтық көлемін анықтау б) Кальций, фосфор мен паратгормонның деңгейін анықтау в) Шумақтың және өзекшенің қызметін анықтау г) Гемотокрит пен эритроцит санын анықтау д) Альдостерон мен «Д» дәруменінің деңгейін анықтау 51. Артериальді гипертонияның қай түрі балаларда жиі кездеседі? а) Эссенциальді б) Реноваскулярлы в) Рено-паренхиматозды г) Эндокринді патологиямен байланысты д) Аорта мойнының коарктациясымен байланысты 52. Кристаллурия анықталғанда: а) Уролитиаз диагнозы қойылады б) Нефрокальциноз диагнозы қойылады в) Зәр-тас ауруы диагнозы қойылады г) Дисметаболиттік нефропатия диагнозы қойылады д) Зәр анализін қайталау және мол сұйықтық тағайындау 53. Бүйректің УДЗ-інде астаушалардың кеңеюі нені көрсетеді? а) Бүйректің даму ақауын б) Зәр жолдарының обструкциясын в) Бүйректің созылмалы ауруын г) Жедел бүйрек жетіспеушілігін д) Бүйрек тамырларының даму ақауын 54. Бүйрек артериясының стенозын анықтау үшін қандай диагностикалық әдіс қолданылады? а) Бүйректің УДЗ-і б) Бүйрек биопсиясы в) Бүйрек сцинтиграфиясы г) Бүйрек тамырларының УДДГ д) Бүйректің компьютерлік томографиясы 55. Балаларда гломерулярлы артериальды гипертензияны жоққа шығару мақсатында қандай зерттеуді жоққа шығару керек? а) Комплемент С3 б) Комплемент С4 в) Нефробиопсия г) Экскреторлы урография д) Аутоантидене, АНФ, ДНК –ға қарсы антидене 56. Реноваскулярлық гипертензияны анықтау үшін мына зерттеудердің қайсысы МЕЙІЛІНШЕ ақпаратты болып табылады? а) Бүйректің УДЗ б) Көктамыр ішілік урография в) Ультрадыбыстық эхография г) Компьютерлік томография д) Түсті допплерлік сканирлеу 57. Гломерулонефриттің морфологиялық диагностикасына бүйрек тінінің қандай бөлімін алу керек? а) Қыртысты қабатын б) Милы қабатын в) Астаушасынан алған маңызды г) Міндетті түрде бүйрек капсуласынан д) Ең бастысы кез-келген аймақтан бүйрек тінін алу 58. Биопсия өткізудегі бүйрек тінін алудың заманауи әдісі: а) Маңызды емес б) Операциялық биопсия в) Биопсияның жартылай ашық әдісі г) Тері арқылы жасалынатын пункциялық биопсия д) Тері арқылы жасалынатын аспирациялық биопсия 59. Мына төменде келтірілгендердің ішінен артериалдық гипертензияны анықтаудың МЕЙІЛІНШЕ шынайы әдісін көрсетіңіз: а) АҚ тұрғанда б) Түнгі уақыттағы АҚ в) Күндізгі уақыттағы АҚ г) Жүктемеден кейінгі АҚ д) АҚ-н тәулік бойы бақылау 60. Анамнезінде артериялық гипертензиясы және рецидивтеуші инфекциясы бар жасөспірімде нені жоққа шығару керек: а) созылмалы цистит б) СБЖ тез дамуы в) жедел пиелонефриттің дамуы г) қуық дисфункциясының дамуы д) НҚР рефлюкс-нефропатия дамуымен 61. Артериялық қысымның регуляциясында қай жүйе басты рөл атқарады? а) Ренин-ангиотензин-альдостерон б) Фосфатуриялық гормон в) Паратиреоидты гормон г) Эритропоэтин д) Кальцитонин 62. Бүйректе антидиуретикалық гормон мына үрдісті шақыра отырып әсер етеді: а) Судың реабсорбциясы және вазоконстрикциясы б) Вазодилятация және судың секрециясы в) Альдостерон және калий секрециясы Г Натрий және калий реабсорбциясы д) Гиперфильтрация және анемия 63. Гипонатриемия су-электролит балансының қандай жылжуын көрсетеді? а) Жасушадан тыс сұйықтықтың төмен осмолялдығын б) Жасушадан тыс сұйықтықтың жоғары осмолялдығын в) Жасуша ішілік сұйықтықтың төмен осмолялдығын г) Жасушадан тыс сұйықтықтың қалыпты осмолялдығын д) Жасуша ішілік сұйықтықтың жоғары осмолялдығын 64. Натрийді бүйрекпен жоғалту мына ауруларда болады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА: а) Гипокортицизмде б) Гипоальдостеронизмде в) Постобструктивті диурезде г) Гломерулярлық ауруларда д) Созылмалы тубулоинтерстициалдық ауруларда 65. Гипернатриемия су-электролит балансының қандай жылжуын көрсетеді? а) Жасушадан тыс сұйықтықтың төмен осмолялдығын б) Жасушадан тыс сұйықтықтың жоғары осмолялдығын в) Жасуша ішілік сұйықтықтың төмен осмолялдығын г) Жасушадан тыс сұйықтықтың қалыпты осмолялдығын д) Жасуша ішілік сұйықтықтың жоғары осмолялдығын 66. Гипернатриемия несімен қауіпті? а) ОЖЖ зақымдалуымен б) ЖҚЖ зақымдалуымен в) АІЖ (ЖКТ) зақымдалуымен г) Бауырдың зақымдалуымен д) Өкпенің зақымдалуымен 67. Аталған зерттеулердің қайсысының нефриттерде диагностикалық мәні жоғары болып табылады: а) Цитокиндерді анықтау б) Т- және В-лимфоциттерді анықтау в) С3, С4 комплементтерінің деңгейлерін зерттеу г) Жалпы белок, альбуминдердің деңгейлерін анықтау д) IgG, IgA, IgM иммуноглобулиндерін анықтау 68. Балаларда идиопатиялық нефротикалық синдром кеңінен тараған. Бұл аурудың патогенетикалық механизмі қандай теориямен түсіндіріледі? а) Вирусты б) Бактериальды в) Аутоиммунды г) Иммунокомплексті д) Т-лимфоциттердің дисфункциясы 69. Шварц формуласы бойынша шумақты фильтрация жылдамдығын есептеу есепті қажет етеді: а) Константа 72 салмақ қан сарысуындағы креатинин б) Константа 140 жасы салмақ қан сарысуындағы креатинин в) Константа 150 жасы қан сарысуындағы креатинин г) Константа 40 баланың бойы, см қан сарысуындағы креатинин д) Қан сарысуындағы креатинин деңгейі, мкмоль/л АҚ 70. Рено-паренхиматозды гипертонияға жатады: а) АГ және қосымша цистит б) Гломерулонефрит фонында АГ в) Бүйректік артерия стенозының нәтижесі г) АГ және қосымша жедел пиелонефрит д) Нефротикалық синдромның қосылуымен АГ 71. Вазо-ренальды гипертонияның себебі болып табылады а) Нефролитиаз б) Пиелонефрит в) Бүйрек дистопиясы г) Гломерулонефрит д) Бүйрек артериясының стенозы 72. Төменде аталған қандай зерттеу әдісі вазоренальды гипертонияны диагностикалауға мүмкіндік береді? а) Бүйрек УДЗ-і б) Бүйрек биопсиясы в) Экскреторлы урография г) Бүйрек қантамырларының УД-допплерографиясы д) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы 73. Мыналардың қайсысы вазоконстрикторлық фактор болып табылады? а) Простагландиндер б) Азот оксиді в) Кининдер г) Ангиотензин ІІ д) Эндотелиалді релаксирлеуші фактор 74. АГ еміндегі міндетті компонент: а) Витаминотерапия б) Аз ақуызды диета в) Ас тұзын шектеу г) Қабылдайтын сұйықтық көлемін шектеу д) Физикалық белсенділікті шектеу 75. Дәрігердің қабылдауында АҚ-н төмендету үшін жедел жәрдем препараты: а) Каптоприл, ішке б) Эуфиллин, тамыр ішіне в) Дибазол, бұлшық етке г) Атенолол, тіл астына д) Нифедипин, тіл астына 76. Балаларда АҚҚ қалай бағаланады? а) Шварц формуласы бойынша б) Систоликалық АҚҚ бойынша в) Диастолалық АҚҚ бойынша г) Ересектердегі сияқты д) Перцентильді номограммалар бойынша 77. Артериальді гипертонияның қай түрі балаларда жиі кездеседі? а) Эссенциальді б) Реноваскулярлы в) Рено-паренхиматозды г) Эндокринді патологиямен байланысты д) Аорта мойнының коарктациясымен байланысты 78. Нәрестелік кезеңдегі АҚҚ жоғарылауының жиі себебі болып табылады: а) Эссенциальді б) Катехоламиндік криз в) Бүйректің туа пайда болған аномалиялары г) Бауырдың туа пайда болған аномалиялары д) Қан тамырлардың туа пайда болған аномалиялары 79. Дәрігер қабылдауында қай жастан бастап міндетті түрде АҚҚ өлшеу қажет? а) 3 жасынан б) 10 жасынан в) ересектерде г) жасөспірім шағынан д) қажет болған кезде ғана 80. АҚҚ өлшеу ережелеріне жатады? а) Бір қолында өлшеу б) Тыныштық жағдайда в) Принципиальді ережелер жоқ г) Науқаспен сөйлескенде д) Тыныштық жағдайда, табаны жерге тиіп тұруы қажет 81. АҚҚ қатысында қайсысы дұрыс? а) Екі қолында өлшеу б) Тек қана сол қолында өлшеу в) Тек қана оң қолында өлшеу г) Ісінулер болған кезде ғана өлшеув д) Бас ауруына шағымдары болған кезде ғана өлшеу 82. Қандай анамнестикалық мәліметтер бұрыннан келе жатқан АГ-ға сілтейді? а) АГ-ның ата-анасында болуы, бас ауруы б) Жанұясында психикалық аурулардың болуы, тырысулар в) Жанұя мүшелері бойларының өспеуі, жиі сүйектердің сынғыштығы г) Әкесі жағынан еркек жыныстарында ерте өлімшілдік д) Барлық ұрпақтарында естудің төмендеуі, көру қызметінің нашарлауы 83. Қай объективті мәліметтер бұрыннан келе жатқан АГ-ға сілтейді? а) Гипернатриемия, ісінулер б) Дене массасы индексінің жоғары болуы, гипергликемия в) ОҚ гипертрофиясы, жиі пневмониялар г) Қарыншалық экстрасистолалардың болуы д) СҚ гипертрофиясы, көз түбіндегі өзгерістері 84. Қай лабораторлы өзгерістер бұрыннан келе жатқан АГ-ға сілтейді? а) Протеинурия б) Лейкоцитурия в) ЭТЖ жоғарылауы г) Гемолитикалық анемия д) Теміртапшылықты анемия 85. АГ дамуына әсерін тигізеді: а) Тұз жоғалтушы синдром б) Ұзақ мерзім ақуыздық тамақтану в) Ұзақ мерзім тұзсыз тамақтану г) Вазопрессин секрециясының жеткіліксіз болуы д) АГ генетикалық бейімділіктің болуы 86. АГ жанұялық сипаты қалай жиі кездеседі? а) 70% жағдайда б) 100% жағдайда в) Тек қана афро-американдықтарда г) Жанұялық сипаты жоқ д) Сирек жағдайларда 87. Жоғары белсенділігі бар прессорлы гормон болып табылады а) Инсулин б) Адреналин в) Пролактин г) Альдостерон д) Кальцитонин 88. Эссенциальды АГ қандай даму гипотезасы бүйректің қатыстылығын ескереді? а) Олигонефрония б) Бүйрек гипоплазиясы в) Натрийдің шығарылуының бұзылысы г) Адреналин шығарылуының бұзылысы д) Прессорлық және депрессорлық жүйенің дисбалансы 89. Олигонефрония деген түснік нені білдіреді? а) Бір бүйректің болмауы б) Туа біткен гипоплазия в) Туа біткен бүйрек дистопиясы г) Нефрондар санының аз болып бітуі д) Қызмет жасай алмайтын нефрондар санының көп болып қалануы 90. Ұрықтың бағдарламаланған даму теориясынан эссенциалды АГ дамуының қауіп факторы болып табылады? а) Шала туылу б) Ірі салмақты ұрық в) Нәрестелердің ұзаққа созылған сарғыштығы г) Туылған кезінде нәрестенің шыңғырған айғайы д) Жетіліп туылған нәрестенің туған кезде салмағының аз болуы 91. Артериалдық гипертензияның диагнозы үшін перцентилдің қандай көрсеткіші критерий болады? а) 50-ден төмен б) 50-ден жоғары в) 75-тен төмен г) 95-тен төмен д) 95-тен жоғары 92. АПФ ингибиторының әсер ететін орны болып табылады: а) ЮГА б) Әкетуші артериола в) Әкелуші артериола г) Дистальдіөзекшенің эпителиі д) Проксимальді өзекшенің эпителиі 93. АПФ ингибиторының жанама әсерінің бірін атаңыз: а) Ісінулер б) Жөтел в) Гипертрихоз г) Гипокальцемия д) Шаштың түсуі 94. АПФ ингибиторлары қандай электролитті өзгерістер шақырады? а) Гипокалемия б) Гиперкалемия в) Гипонатремия г) Гипокальцемия д) Гиперкальцемия 95. Са-каналдары антогонистерінің жанама әсерлерінің бірін атаңыз: а) Ісінулер б) Жөтел в) Гипертрихоз г) Гипокалемия д) Гиперкалиемия 96. Бета-блокаторлармен емдегенде қандай көрсеткіштерге мониторинг жасау қажет? а) АҚҚ және пульс б) Салмақ және диурез в) АЛТ және АСТ г) Калий және натрий д) Сілтілі фосфатаза 97. Қандай диуретикті АГ емінде бірінші орында тағайындау қажет? а) Диакарб б) Триампур в) Фуросемид г) Гипотиазид д) Верошпирон 98. Саңылаулы диафрагмалар аралығында орналасқан: а) Подоцит аяқшаларының б) Гломерулярлы базальді мембрана қабаттарының в) Шумақ капиллярларының эндотелиальді жасушаларының г) Шумақтың париетальді және висцеральді жасушаларының д) Шумақтың мезангиальді және эндотелиальді жасушаларының 99. Айқын ісінулермен науқасқа диурезді бақылау үшін өткізіледі, төмендегі аталғандардан көрсетіңіз: а) Зәр түсін бағалау б) Зимницкий сынамасы в) Тәуліктік протеинурияны есептеу г) Зәр шығару ритмін бағалау д) Ішілген сұйықтық пен шығарылған сұйықтықты күнделікті есептеу 100. Никтурия – бұл: а) Еріксіз түнде зәр бөлу б) Зәрді күндіз ұстай алмау в) Зәрдің тығыздығының төмендеуі г) Түнгі диурездің күндізгі диурезден басым болуы д) Аз мөлшерде ауыру сезімімен зәр бөлу Тема №2 ГН 1. Бүйрек биопсиясы – бүйрек ауруларының бірқатарында жасалатын негізгі әдістердің бірі: а)Тек балалрда б) Қолданылмайды в) Тек ересектерде г) Тек қатерлі ауруларда д) Ауру болжамы мен емдеу тактикасын анықтау үшін, диагностика үшін қажет 2. Жекелеген зәрлік синдроммен балаларда бүйрек биопсиясына көрсеткіш болып табылады: а)ЖҚЖ зәрлік синдроммен б) Қайталамалы макрогематурия в) Жекелеген зәрлік синдромның жанұялық сипаты г) Жекелеген микрогематурия (жанұялық сипаттағы емес) д) Персистирлеуші протеинурия >1 г/с гематуриямен немесе гематуриясыз 3. Гломерулярлық аурулардың қорытынды морфологиялық диагнозы есепке алады: а) Жарықтық микроскоп мәліметтерін (Г-Э, ШИК, Трихром, күміс және т.б.) б) Клиникалық мәліметтерді детальды ттүрде оқу в) ЭМ нәтижелері г) ИФ нәтижелері д) Аталғандардың барлығы 4. Мезангий интерпозициясымен ГБМ қосарлануы тән: а) ФСГС-ға б) Мембранозды ГН-ке в) Мембраналы-пролиферативті ГН-ке г) Минимальды өзгерісті ауруларға д) Диффузды пролиферативті ГН-ке 5. Стероид-сезімтал нефротикалық синдроммен балаларда шумақтардағы өзгерістердің ЭМ картинасы көрсетеді: а) Жартыайды б) Мезангий интерпозициясын в) Подоциттердің аяқшаларының жойылуын г) Мезангиальды жасушалардың пролиферациясын д) Эндотелиалды жасушалардың пролиферациясын 6. Гломерулярлы зақымдалудың созылмалы формалары әкеледі: а) Иммуносупрессорлармен емдеу барлық қабынулық өзгерістердің регрессіне алып келеді б) Иммуносупрессивті терапия склероздың азаюына алып келеді в) Шумақтарда және интерстицийде склероздың ұлғаюына г) ГН бір түрінің басқасына трансформациясы д) Толық емделуі мүмкін 7. Бүйрек биопсиясы қатысты төмендегі аталғандардың қайсысы дұрыс: а) Асқынулармен бірге жүрмейді б) Бүйректік трансплантаттармен науқастарға қарсы көрсеткіш в) Адекваттты емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік береді г) Нефротикалық синдроммен науқастардың барлығына көрсеткіш д) Ересектерде нефротикалық синдром кезінде қарсы көрсеткіш 8. Нефротикалық синдром кезінде дамитын гиперкоагуляцияның себептерін атаңыз: а) Гиперволемия, гипофибриногенемия б) Гиповолемия, гиперфибриногенемия в) Қалыпты фибринолиз, гиповолемия г) Антитромбин III жиналуы, гиповолемия д) Гипофибриногенемия, фибринолиздің басылуы е) Нефротикалық синдромда гиперлипидемияның ЕҢ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз: а) Атеросклероздың болуы б) Бауырдың майлы бұзылысы в) Бауырда липопротеиндердің синтезінің жоғарлауы г) Бауырда белок-прокоагулянттар синтезінің жоғарлауы д) Шумақ капиллярларының қабырғаларының селективтілігің өзгеруі 9. Егер науқаста нефротикалық синдромның стероидты емі толық ремиссия дамуына алып келген болса, ең мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз: а) IgA-нефропатия б) Мембранозды гломерулонефрит в) Мембрано-пролиферативті ГН г) Минимальді өзгерістер ауруы д) Фокальді-сегментарлы гломерулосклероз 10. Егер балаларда нефротикалық синдромның дебютін стероидтармен емдеу толық ремиссия дамуына алып келсе, ары қарай емдеу тактикасы қандай? а) Жалпы преднизолонотерапия 3 айдан артық емес б) Биопсия жасап, содан кейін емдеу сұрақтарын қарастыру в) Емді жалғастырмау, себебі өздігінен ремиссия дамуы мүмкін г) Стандартты емді өткізу (4-6 апта) қолдаушы емнің күнделікті курсымен бірге д) Стандартты емді жүргізу (4-6 апта) преднизолонның қолдаушы альтернирлеуші курсымен бірге 11. Стероидқа сезімтал нефротикалық синдром емінің бірінші курсының ұзақтығы (қолдаушы емді қоса) құрайды: а) 1-2 ай б) 4-6 апта в) 8-12 апта г) 4,5-5 ай д) Биопсия нәтижесіне байланысты 12. Балалардағы нефротикалық синдром дебюті емінің стандартты сызбасын көрсетіңіз: а) Зәр талдауы қалыпқа келгенше преднизолонның терапевтикалық мөлшерін беру б) Преднизолонотерапияның 4 апталық негізгі курсы (60 мг/м2) күн ара қолдаушы курс (40 мг/м2) 2 ай в) Қалыпқа келгенше преднизолонның терапевтикалық мөлшерімен негізгі курс қолдаушы мөлшерге ауысумен г) Преднизолонның 8 апталық негізгі курсы қолдаушы курс мөлшерін біртіндеп азайта отырып 6 айға дейін д) Преднизолонның терапевтикалық мөлшері күнделікті (60 мг/м2) 4-6 апта альтернирлеуші курс (күн ара 40 мг/м2) 4-6 апта біртіндеп мөлшерін азайту (10 мг/м2аптасына немесе азырақ) толық беруді тоқтатуға дейін 13. Балалардағы нефротикалық синдром стероидрезистентті деп аталады, егер протеинурия ремиссиясы болмаса: а) 8 апталық ем немесе 3 рет метилпреднизолонның пульсынан кейін б) 4-6 апталық негізгі және 4-6 апталық үзілісті (прерывистого) емнен кейін в) 2 мг/кг мөлшерінде күнделікті тағайындалған преднизолонның 4 апталық емнен кейін г) После проведения 2-х курсов 4-6 апталық емнің екі курсын алғаннан кейін д) Ем бастағаннан 2 аптадан кейін 14. Балалардағы стероидрезистентті нефротикалық синдромның жиі себебі болып табылады: а) Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит б) Фокальді-сегментарлы гломерулонефрит в) Минимальді өзгерістер г) Мембранозды гломерулонефрит д) IgA-нефропатия 15. Қызмет атқаратын паренхима азаюымен жүретін ауруларда ФСГС дамуы механизмі негізінде жатады: а) Т-жасушалық дисфункциялар б) Аутоиммунды үрдіс в) Иммунокешенді үрдіс г) Метаболикалық өзгерістер д) Шумақ ішілік гипертензия және гиперфильтрация 16. Балалардағы мембрано-пролиферативті гломерулонефриттің I типінде қандай емдеу әдісі қолданылады: а) Преднизолонның альтернирлеуші (күн ара) курсымен ұзақ емдеу б) Хлорамбуцилмен ұзақ емдеу в) Циклофосфамидпен ұзақ емдеу г) Преднизолон және хлорамбуцил 1 айдан д) Преднизолон және циклофосфамид 1 айдан 17. Жедел постинфекциялық гломерулонефритпен науқастарға қандай препараттрады тағайындаумен симптоматикалық терапия жүргізіледі: а) Ыстық түсіретін б) Ауру сезімін басатын в) Иммунитеттті ынталандыратын г) Стероиды емес қабынуға қарсы препараттарды д) Диуретиктер мен гипотензивті препараттарды 18. «Ілмекті» диуретиктердің әсер ету орны а) Проксималды өзекше б) Генле ілмегінің жуандаған өрлеуші бөлімі в) Қыртысты қабаттағы жинағыш түтіктер г) Дистальды өзекшенің бастапқы сегменті д) Қыртысты бөлімінде дистальды өзекшенің соңғы бөлімі 19. Тиазидті диуретиктердің әсер ету орны а) Проксималды өзекше б) Қыртысты қабаттағы жинағыш түтіктер в) Дистальды өзекшенің бастапқы сегменті г) Генле ілмегінің жуандаған өрлеуші бөлімі д) Қыртысты бөлімінде дистальды өзекшенің соңғы бөлімі 20. Натрий каналдарының блокаторларының әсер ету орны мен механизмі а) Проксималды өзекше б) Дистальды өзекшенің бастапқы сегменті в) Генле ілмегінің жуандаған өрлеуші бөлімі г) Дистальды өзекшенің соңы/ жинағыш түтікшелер-апикальды натрий каналдарының блокадасы д) Дистальды өзекшенің соңы/ жинағыш түтіктер-жасуша цитоплазмасындағы альдостерон рецепторларының блокадасы 21. 12 жастағы қыз бала. Шамалы ісінулер анықталады, АҚҚ 140/85 мм.с.б. Тексергенде: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 3.0 ммоль/л, ШФЖ 57 мл/мин. ЖЗА протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия. ЕҢ мүмкін болатын диагноз қандай? а) Пиелонефрит б) Нефротикалық синдром в) Нефритикалық синдром г) Жекелеген зәрлік синдром д) Тез үдемелі гломерулонефрит 22. Нефритикалық синдроммен жедел гломерулонефриттің негізгі этиологиялық факторы болып табылады: а) Микоплазма б) Стафилококк в) Ішек таяқшасы г) Көкіріңді таяқша д) b-гемолитикалық стрептококк 23. Гломерулонефриттің қандай формасына АҚҚ-ң жоғарлауы тән емес? а) Тығыз депозиттер ауруы б) Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз в) Тез үдемелі гломерулонефрит г) Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит д) Минимальды өзгерісті гломерулонефрит 24. Антинейтрофильді цитоплазматикалық антидененің сарысулық деңгейінің жоғарлауы патогномды болып табылады: а) IgA-нефропатия үшін б) Жүйелі васкулиттер үшін в) Тез үдемелі гломерулонефрит үшін г) Жедел постинфекциялық гломерулонефрит үшін д) Мембранопролиферативті гломерулонефрит үшін 25. Қай кезде персистирлеуші гематурия кезінде бүйрек биопсиясын жасауға көрсеткіш болады? а) киста анықталған кезде б) макрогематурия эпизодтарында в) протеинуриямен қосарласқанда г) лейкоцитуриямен қосарласқанда д) қант диабетімен қосарласқанда 26. Қай кезде бүйрек биопсия жасау көрсетілмеген? а) этиологиясы белгісіз ЖБЖ б) персистирлеуші микрогематурия в) ересектердегі нефротикалық синдром г) персистирлеуші протеинурия 3 г/тәу артық д) стреоид-сезімтал нефротикалық синдром 27. Нефротикалық синдромның морфологиялық негізі болып табылады: а) Подоциттердің пролиферациясы б) подоцит аяқшаларының жойылуы в) Интерстициалды инфильтрация г) мезангий жасушаларының пролиферациясы д) бүйректің қыртысты қабатының интерстицийі ісінуі 28. Тез үдемелі гломерулонефриттің морфологиялық варианты болып табылады: а) Әлсіз мезангиальді пролиферация б) Подоциттің базальді мембранадан ажырауы в) 4 типті коллаген альфа-тізбектерінің бірі болмауымен байланысты шумақтың базальді мембранасының ақауы г) Шумақтың жартысынан көбісінде жартыайдың түзілуімен шумақ капиллярларының қабырғасының жыртылуы д) эндотелиальды жасушалардың пролиферациясы және шумақ капиллярларының кеңістігінде нейтрофильді лейкоциттердің стазы 29. Жартыай түзілумен экстракапиллярлы пролиферация басталады: а) ГБМ жұқаруынан б) Мезангийдегі депозиттерден в) Мезанигиалды жасушалардың пролиферациясынан басталады г) Мезанигиалды жасушалардың пролиферациясы мен интерпозициясынан д) Капиллярлы ілмектің некрозымен және Боумен капсуласының кеңістігіне фибриннің жиналуымен басталады 30. Тікенектер» морфологиялық белгісі тән: а) Миниальды өзгерістер ауруына б) ФСГС-ға в) Мембранозды ГН-ке г) Мембраналы-пролиферативті ГН-ке д) Экссудативті-пролиферативті ГН-ке 31. «Өркештер» түрінде субэндотелиалды депозиттер тән: а) ФСГС-ға б) МПГН-ке в) Мембранозды ГН--ке г) Экстракапиллярлы ГН-ке д) Диффузды экссудативті-пролиферативті ГН-ке(Постстрептококкты ГН-ке) 32. IgA-нефропатияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: а) Гломерулосклероз б) Мезангиальді пролиферация в) Шумақта жартыайдың болуы г) Шумақ мезангийінде IgA депозиттері д) Мезангийде, шумақтың базальді мембранасында және өзекшелерде гомлгенді массалардың көптеп жиналуы 33. 10жастағы бала, диспансерлік тексеру кезінде аяқ-астынан гематурия анықталды.Анамнезінде бүйрек аурулары байқалмайды. АҚҚ 110/60мм.с.б. Сіз қандай қорытынды жасайсыз? а) Пиелонефрит б) Гломерулонефрит в) Зәр тас ауруы г) Нефритикалық синдром д) Микрогематурия этиологиясы белгісіз 34. 10жастағы бала, диспансерлік тексеру кезінде аяқ-астынан гематурия анықталды.Анамнезінде бүйрек аурулары байқалмайды. АҚҚ 110/60мм.с.б. Сіздің тактикаңыз? а) Стероидтар тағайындау б) Антибиотиктер тағайындау в) Цистоскопия тағайындау г) Бүйрек биопсиясына жіберу д) Эритроциттерді ажырату 35. 10жастағы бала, диспансерлік тексеру кезінде аяқ-астынан гематурия анықталды.Анамнезінде бүйрек аурулары байқалмайды. АҚҚ 110/60мм.с.б. Фазалы-контрасты микроскопта 15-20 эритроциттер анықталды, оның 50% -ы дисморфты. Сіздің әрекетіңіз қандай? а) Компьютерлік томография жасау б) Жанұяны гематурияға тексеру в) Бүйрек туберкулезін жоққа шығару г) Бүйрек ісігін жоққа шығару д) ҚНР жоққа шығару 36. Гломерулярлы гемтуриямен науқастарды амбулаторлы жағдайда қалай жүргізу қажет? а) Вит Д3тағайындау б) Уролог кеңесі в) Бақылауды қажет етпейді г) Бүйрек биопсиясын өткізу қажет д) АҚҚ бақылап отыру, протеинурияны қадағалап отыру 37. 13 жастағы бала. Айқын ісінуге, асцитке, аз көлемде сирек зәр шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/65 мм с.б, зәрі ашық сары.ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 46 г/л. ЖЗА: белок – 6,8 г/л, Ле – 1-2 к/а, Эр.– 0, салыстырмалы тығыздығы – 1024. Болжам диагнозын қойыңыз? а) Жедел цистит б) Жедел пиелонефрит в) Нефритикалық синдром г) Нефротикалық синдром д) Зәр шығару инфекциясы 38. Гудпасчер синдромының диагностикалық критерийі: а) криоглобулинемия б) антинуклеарлы антидененің титрі жоғары в) қанда және қанда анти-ГБМ антидене анықталуы г) ц-АНЦА титрі жоғары д) п-АНЦА титрі жоғары 39. Альпорт синдромы кезінде гематурия байланысты: а) ГБМ жыртылуымен б) Мезангиальды пролиферациямен в) Подоцит аяқшаларының тегістелуімен г) Эпимембранозды өзгерістермен д) ГБМ өзгерістерімен, соның ішінде 4 типті коллагеннің 40. Гломерулярлы базальді мембрананың қалыпты жағдайдағы құрылымы: а) Үш қабатты б) Екі қабатты в) Бір қабатты г) Тығыз гомогенді д) Қалыңдаған аймақтары бар 41. ГБМ негізгі құрылымдық бөлімі: а) Нефрин б) I тип коллагені в) II тип коллагені г) V типа колагені д) IV тип коллагені 42. Нефритикалық синдромның себебі ретінде жүйелі қызыл жегіге күдік болғанда қандай зерттеу әдісін жүргізу керек? а) АНЦА б) ВГ-ке ИФА в) Криоглобулиндер г) Онкомаркер СА-125 д) ДНҚ-ң қос спираліне антидене 43. Бала 10 жаста, массивті ісінулерге шағымданумен қаралды. Лабораторлы: протеинурия 6,0 г/тәу, гипопротеинемия 44 г/л, гиперхолестеринемия 7,5 ммоль/л, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз? а) гломерулонефриттің нефротикалық формасы б) зәр тас ауруы в) бүйректің тұқым қуалайтын аурулары г) зәр шығару жүйесінің инфекциясы д) гломерулонефриттің нефритикалық формасы 44. Фильтрациялық тосқауылдың заряды: а) Нейтральді б) және в жауабы дұрыс в) және в жауабы дұрыс г) Теріс д) Оң 45. Боумен капсуласының висцеральді қабатының эпителиальді жасушалары – бұл: а) Подоциттер б) Laminadensa в) Фибробласттар г) Laminararaexterna д) Мезангальді жасушалар 46. ГБМ үш қабаты – бұл: а) Нефрин, актин, подоцин б) Фибрин, гиалин, жартыайлар в) IV тип коллагені, ламинин, гепара-сульфат г) Тығыз дене, гранулярлы және мезангиальді жасушалар д) Тығыз пластинка, ішкі және сыртқы сиреген пластинкалар 47. Бала 10 жаста, массивті ісінулерге шағымданумен қаралды. Лабораторлы: протеинурия 6,0 г/тәу, гипопротеинемия 44 г/л, гиперхолестеринемия 7,5 ммоль/л, АҚҚ 90/60 мм.с.б.Төменде аталғандардың қайсысын тағайындамаған дұрыс? а) нестероидные противовоспалите б) постельный режим в) диета стол 7 г) антибиотики д) преднизолон 48. Бала 10 жаста, массивті ісінулерге шағымданумен қаралды. Лабораторлы: протеинурия 6,0 г/тәу, гипопротеинемия 44 г/л, гиперхолестеринемия 7,5 ммоль/л, АҚҚ 90/60 мм.с.б.Төменде аталған зерттеулердің қайсысын науқасқа тағайындамаған дұрыс? а) ОАК б) ОАМ в) Биохимический анализ крови г) Экскреторная урография д) Суточная экскреция белка 49. Циклоспориннің нефротикалық синдромның иммундық формасында әсер ету механизмі: а) Т лимфоциттерді тежей отырып, интерлейкин-1 ді басып тастайды б) Иммуннды кешендерге әсер етеді в) Антикомплементарлы әсер г) Антиденелікәсер д) Антитромботикалық 50. Біріншілік Мембранозды гломерулонефритның ағымы мен болжамына байланысты дұрыс пікір: а) Кенеттен ремиссия дамуы мүмкін немесе активті ауру болса да бүйрек қызметі белгілі уақытқа дейін бұзылмайды б) Бүйрек қызметінің тез үдемелі төмендеуі тән в) Болжамы ерте және агрессивті жасалған емге байланысты г) Жетістікке қол жеткізу стандартты ем жүргізуге байланысты д) Жедел циклды ағым тән 51. Мембранозды гломерулонефрит емінде келесі препараттарды қолданады, біреуінен басқасы? а) Циклоспорин А б) Глюкокортикоидтар в) Лейкеранпреднизолон г) Циклофосфамидпреднизолон д) Пеницилламин және алтын препараттары 52. «Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит» және «мезангио-капилляры» гломерулонефрит, бұл: а) Егде жастың патологиясы б) Бір аурудың сатылары в) IgA-нефропатияның синонимы г) Екеуі де бүйректің бір патологиясы д) Әртүрлі гломерулярлы аурулар 53. Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит кездеседі: а) Егде жаста б) Тек балаларда в) Нәрестелерде г) Тек жасөспірімдерде д) Балалар мен жас адамдарда 54. Мембрано-пролиферативті гломерулонефритке патогенетикалық тән белгі? а) Гипокомплементемия (↓С3, С4) б) IgA жоғары деңгейі в) IgM жоғары деңгейі г) ДНКға антиденелер д) P-ANCA 55. Мембрано-пролиферативті гломерулонефриттің ағымы мен нәтижесі: а) Жиі сауығумен аяқталады б) Иммуносупрессивті ем барлығының өмірін ұзартады в) Барлық жағдайда тез үдемелі ағыммен жүріп, өліммен аяқталады г) Тип II (Тығыз депозиттер ауруы микофенолатпен емге жақсы көнеді) д) Үдемелі, IIтипінде болжамы жағымсыз, эффект болуы мүмкін – балаларда Iтипінде протеинурияның төмендеуі 56. Мембрано-пролиферативті гломерулонефритпен науқастардың көпшілігіне көрсетілген: а) Иммуносупрессивті терапия циклофосфамидпен б) Иммуносупрессивті терапия хлорамбуцилмен в) Иммуносупрессивті терапия преднизолонмен г) Ұстап тұрушы ем д) Балық майы 57. Мембранопролиферативті гломерулонефритке не тән емес: а) клиникалық түрде «аралас», «созылмалы нефритикалық» б) синдроммен көрінеді в) Циклоспорином А (сандиммун) терапиясына резистентті г) «С» немесе «В» ВГ жиі ассоциация д) цитостатиктер еміне резистентті е) Болжамының қолайлылығымен ерекшеленеді 58. Жедел постинфекциялық нефритте төсектік режим тағайындалады: а) Тек клиникалық көріністері ауыр болған жағдайда (өкпе ісінуі және т.б.) б) 1 айға қатаң төсектік режим тағайындалады в) Стационарлық емнің барлық мерзімінде г) Қан және зәр анализдері қалыпқа кегенше д) 1 жылдан аз емес 59. ТҮГН емінен кейін жалғыз симптом шамалы протеинурия ғана болғанда жүргізілетін нефропротективті ем қандай? а) ААФ тежегіштері немесе АРА б) Гепаринотерапия в) Дипиридамол г) Балық майы д) Витаминдер 60. Төменде аталғандардан тез үдемелі гломерулонефритке тән басты белгі? а) Гематурия б) Протеинурия в) Айқын интоксикация г) Жоғары қан қысымы д) Қан креатининінің тез арада жоғарлауы 61. Науқаста өкпеден қан кету және анти-ГБМ антиденемен тез үдемелі гломерулонефрит. Негізгі ем: а) преднизолон peros ұзақ мерзімге б) 4 компонентті терапия плазмаферез в) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар г) аминохинолин қатарындағы препараттар – емнің негізгі таңдауы д) кортикостероидтар, цитостатиктер пульс әдісімен плазмаферезбен бірге 62. Гудпасчер синдромы кезінде көрсетілетін ем: а) өкпені сақтау үшін стероитдтармен өмірлік ем б) өкпе сақтау үшін иммуносупрессорлармен өмірлік ем в) трансплантация көрсетілмеген, транспланттата қайталануы қапі болғандықтан г) анти-ГБМ АТ өндірілуі тоқтатылғаннан кейін бүйрек қызметі қалпына келеді д) анти-ГБМ АТ өндірілуі тоқтатылғанда трансплантация жасауға болады 63. Нефрология бөлімшесіне 15 жасар қыз ісінулермен түсті, АҚҚ 145/100 мм.С.б. Зәрде белок 3,3 г/л, эритроциттер жаппай к/а. Тез үдемелі гиперкреатининемия анықталды, бүйрек биопсиясы өткізілді. Болуы мүмкін өзгерістер: а) диффузды мезангиопролиферативті гломерулонефрит б) фокально-сегментарный гломерулосклероз в) экстракапиллярлы пролиферация г) эндокапиллярлы гломерулонефрит д) минимальды өзгерістер 64. Қандай аурулар кезінде бүйрек биопсиясын жасамай-ақ IgA-нефропатия диагнозын қоюға болады? а) ЖҚЖ б) Вегенер гранулоцитозы в) Шенлейн-Генох ауруы г) Минимальды өзгерістер ауруы д) Тромботикалық микроангиопатия 65. Егер 7 жастағы балада респираторлы инфекциядан кейін макрогематурия (гломерулярлы эритроциттер) пайда болса, не жайында ойлауға болады? а) МӨНС б) Ig A нефропатия в) Мембранозды ГН г) Мембрано-пролиферативті ГН д) Эндокапиллярлы-пролиферативті ГН 66. Бала 8 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясыжәнемезангийдегі IgAдепозиттері. Әңгіме қай ауру жайында? а) Люпус-нефрит б) IgA-нефропатия в) Мембранозды ГН г) Минимальыд өзгерістер ауруы д) Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз 67. Бала 15 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясыжәнемезангийдегі IgAдепозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән? а) Жедел циклды б) Әрқашан болжамы қолайлы в) Ер адамдарда болжамы жақсы г) Тез үдемелі д) Бүйректің біртіндеп склероздануымен созылмалы ағым 68. Гломерулярлы базальды мембрананың аномалиясы себебі болып табыл Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.219 сек.) |