|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жедел аппендицит
1. Жедел гинекологиялық аурулар мен жедел аппендициттің дифференциалды-диагностикасын өткізу үшін маңызды мәліметтер: 1) Ровзинг симптомын анықтау 2) қанның клиникалық анализі 3) қынаптық тексеру 4) қынаптың артқы күмбезінің пункциясы 5) гинекологиялық анамнезі
2. Аппендикуллярлы инфильтратты (тығыз кезінде) емдеу шаралары: 1) шұғыл операция 2) антибиотиктерді қолдану 3) стационарлық ем 4) наркотиктерді қолдану 5) жағымды диета
3. Аппендикулярлы инфильтраттың белгісіне жатпайды: 1) субфебрильді дене қызуы 2) аурудың ұзақтығы 4-5 күн 3) сарғаю 4) лейкоцитоз 5) оң жақ мықын аймағында ісік тәрізді құрылымның анықталуы
4. Жедел аппендициттіңқай түрінде пилефлебиттің дамуықаупі жоғары: 1) аппендикулярлы инфильтратпен асқынса 2) катаралды аппендицитте 3) аппендикулярлы абсцеспен асқынса 4)флегмонозды аппендицит кезінде құрт тәрізді өсіндінің шажырқайыныңқабынуы байқалса 5) гангренозды-перфоративті аппендицит
5. Жедел аппендицит кезіндегі аппендэктомияға қарсы дәлел болып саналады: 1) миокард инфарктісі 2) 36-40 апталық жүктілік 3) новокаинға аллергия 4) тығыз аппендикулярлы инфильтрат 5) қан ұйғыштығының бұзылуы
6. Аппендикулярлы инфильтраттың белгілері: 1) субфебрильді дене қызуы 2) ауру мерзімі 3-4 күн 3) профузды іш өту 4) анемия 5) пальпацияда –оң жақ мықын аймағында түзіліс табылады
7. Жедел аппендицит күдігі болған жағдайда аталған шаралардың қайсысы ең қауіпті болып саналады? 1) ішке суық басу 2) антибиотиктер 3) асқазанды жуу 4) іш жүргізетін препараттар беріп, клизма қою 5) шұғыл лапаротомия
8. Жедел аппендицит пен оң жақ бүйрек шаншу арасында дифференциалды диагноз жүргізу үшін қолданатын шаралар: 1) спазмолитиктерді енгізу 2) наркотиктерді енгізу 3) зәр анализі 4) хромоцистоскопия 5) бүйрек артерияларының ангиографиясы
9. Перфоративті аппендицитке келесі белгілер тән: 1) құрсақ қуысында бос газдың болуы 2) жалпы қан айналымының көлемінің төмендеуі 3) құрсақта кенеттен ауру сезімінің күшеюі 4) құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы 5) Щеткин-Блюмберг симптомының оң болуы
10. Жедел аппендицитке келесі белгілер тән: 1) Ортнер 2) Бартомье-Михельсон 3) Кохер-Волкович 4) Ровзинг 5) Мерфи
11. Жедел аппендицитте қабыну үрдісі қай жерден басталады: 1) сірлі қабатынан 2) шырышты қабатынан 3) бұлшық ет қабатынан 4) бүйен ішектен 5) мықын ішектен
12. Аппендэктомиядан кейін 6-ші тәулікте науқаста дене қызуы көтеріліп, ентігу, қалтырау пайда болды. Бұл жағдай қандай асқынулармен түсіндіріледі: 1) оң жақтық пневмония 2) миокард инфаркт ісі 3) диафрагма асты абсцессі 4) ішек аралық абсцессі 5) іш қуысына қан кету
13. Аппендэктомиядан кейін Дуглас кеңістігінің абсцессі келесі белгілермен сипатталады: 1) гектикалық дене температурасы 2) тік ішекте ауыру сезімі 3) дифрагма қозғалысының шектелуі 4) қынаптың артқы қабырғасы немесе тік ішектің алдыңғы қабырғасының ілініп тұруы 5) іш бұлшық еттерінің қатаюы
14. Аппендэктомиядан 5 күн өткен соң науқаста кенеттен жағдайының нашарлауы байқалды: дене қызуының гектикалық түрде көтерілеуі, лейкоцитоз, ішкі жамбас қуысында ауыру сезімі пайда болды, құбылмалы дизуриялық белгілер мен тенезмдер айқындалды. Аталған көріністі анықтау үшін қандай қосымша зерттеу шараларын бастайсыз? 1) хромоцистоскопия 2) зәр және қан анализдерін қайта тексеру 3) тік ішекті саусақпен тексеру 4) ректороманоскопия 5) контрастты ирригоскопия
15. Аппендэктомиядан кейін дамыған диафрагма асты абсцесінің белгілері: 1) дем алған кезде іштің жоғарғы бөліктерінің ауырсынуы 2) қан қақыру 3) үлкен дәретінің түсінің қараюы 4) іш қуысының шемені (асцит) 5) дене қызуының гектикалық түрде көтерілуі
16. Жедел аппендициттің асқынулары: 1) аппендикулярлы инфильтрат 2) кіші шарбымай қалтасының абсцессі 3) пилефлебит 4) перитонит 5) пиелонефрит
17. Жедел аппендицитке тән емес: 1) ауру сезімі эпигастрийден басталып оң жақ мықын аймағында шоғырлануы 2) 1-2 рет құсу 3) іш кебуі 4) ауыру сезімі кенеттен «семсер» сұққандай болуы 5) субфебрильді дене температурасы
18. Аппендэктомияға қарсы көрсеткіш: 1) егде жастағы науқаста аппендициттің жасырын клиникасы 2) стенокардия 3) ангина 4) іріңдеу белгілері жоқ тығыз аппендикулярлы инфильтрат 5) жүктілік
19. Жедел аппендицитке тән емес: 1) жиі құсу 2) эпигастрий тұсында ауыру сезімі 3) оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі 4) мелена (қара май тәрізді нәжіс) 5) есінен тану
20. Жедел аппендицит диагнозына күмәнданғанда ең тиімді қосымша зерттеу тәсілі: 1) хромоцистоскопия 2) құрсақ қуысының УДЗ 3) лапароскопия 4) рентгенологиялық зерттеу 5) экскреторлы урография
21. Жедел аппендицитті оң жақтық бүйрек шаншуымен дифференциалды диагностикасында қолданылатын зерттеу әдістері: 1) диагностикалық лапароскопия 2) хромоцистоскопия 3) экскреторлы урография 4) ректороманоскопия 5) ирригоскопия
22. Жедел аппендицитте пальпация жасағандаанықталатын маңызды белгі: 1) оң жақ мықын аймағының бұлшық еттерінің тітіркенуі 2) оң қабырға асты бұлшық еттерінің тітіркенуі 3) оң жақ мықын аймағында жергілікті Щеткин-Блюмберг белгісі оң болуы 4) оң жақ мықын аймағында қолға білінетін түзіліс 5) бел аймағындағы бұлшық еттерінің тітіркенуі
23. Жедел аппендициттің асқынулары: 1) аппендикулярлы инфильтрат 2) перитонит 3) пиелонефрит 4) панкреатит 5) пилефлебит
24. Жедел аппендицитке күмәнді 28 жастағы науқас әйелде гинекологтың тексеруінен өткен соң диагнозы анықталған жоқ. Тактикаңыз: 1) құрсақ қуысының шолымалы рентгенографиясы 2) лапароскопия 3) фиброгастроскопия 4) қабылдау бөлімшеде науқасты бақылау 5) диагностикалық лапаротомия
25. Бүйрек шаншу клиникасы құрт тәрізді өсіндінің қандай анатомиялық орналасуы түріне байланысты көрінуі мүмкін? 1) бауыр астылық 2) бүйен ішектің артында 3) кіші жамбас қуысында 4) ретроперитонеалды 5) сол жақ мықын аймағында
26. Құрт тәрізді өсінді кіші жамбас қуысында орналасқанда жедел аппендициттің клиникалық белгілері: 1) дизурия 2) іш кебу 3) іш өту 4) дефекация кезінде ауыру сезімі 5) есінен тану
27. Жедел аппендициттің асқынулары: 1) перитонит 2) периаппендикулярлық абсцесс 3) Крон ауруы 4) аппендикулярлық инфильтрат 5) жедел аднексит
28. Аппендицитке диагноз қою үшін төменде аталғандардың қайсысы қажет емес: 1) пальпация 2) қанның клиникалық анализі 3) тік ішекті саусақпен тексеру 4) ирригоскопия 5) гинекологиялық зерттеу
29. Жедел аппендицитті аналық бездің апоплексиясынан ажырату үшін келесі белгілер керек немесе ескеру тиіс: 1) Кохер-Волкович 2) Промптов 3) Бас айналу немесе есінен талу жағдайы 4) Бартомье –Михельсон 5) Ауыру сезімінің сегізкөзге және шап аралығына жайылуы
30. Жедел аппендицитті жатырдан тыс жүктіліктен ажырату үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады: 1) лейкоцитоз динамикасы 2) іштің шолымалы рентгеноскопиясы 3) термометрия 4) қынаптың артқы күмбезінің пункциясы 5) ирригоскопия
31. Аппендэктомиядан кейін 1-ші тәулікте науқастың беті бозарып, әлсіреу, тахикардия және оң жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Қандай асқыну дамыған: 1) аппендикулярлы абсцесс 2) пневмония 3) миокард инфарктісі 4) құрсақ қуысына қан кетуі 5) ішектің жедел түйілуі
32. Жедел аппендициттің симптомдары қандай? 1) Ровзинг 2) Ситковский 3) Раздольский 4) Ортнер 5) Мерфи
33. Жедел аппендициттің клиникалық белгілері? 1) оң мықын аймағындағы ауру сезімі 2) 1-2 рет құсу 3) жиі іш өту 4) субфебрильді дене қызуы 5) тәбеттің болмауы
Жедел ішек түйілуі
34. Странгуляциялық ішек түйілуінінің дамуына әкелетін факторлар: 1) ұзын және жіңішке шажырқай 2) жабысулардың болуы 3) құрсақ жарықтардың болуы 4) алкогольді қабылдау 5) майлы тағамдарды қабылдау
35. Ішектің жедел түйілуінде организмде пайда болатын бастапқы өзгерістер: 1) гиперкалиемия 2) дегидратация 3) гематокриттің төмендеуі 4) гематокриттің жоғарлауы 5) гипокалиемия
36. Обтурациялық ішек түйілуіне қандай белгілер тән? 1) құрсақта тұрақты ауру сезімі 2) құрсақта толғақ тәрізді ауру сезімі 3) «кофе тәрізді» құсық 4) іштің кебуі 5) «шылпыл шуылы» белгісінің оң болуы
37. Көрсетілген ішек түйілулерінің қайсысы странгуляциялық түріне жатады: 1) ішектің бұралуы 2) ішектің өт тасымен бітелуі 3) ішектің түйінделуі 4) сырт жағынан ісікпен басылу 5) ішектің жарық қақпасында қысылуы
38. Жедел ішек түйілу кезіндегі консервативті емнің нәтижесін бағалау: 1) ауру сезімі ұстамасы арасының ұзаруы 2) нәжіспен газдың көлемді мөлшерде шығуы 3) іштің кебуінің жойылуы 4) перистальтиканың әлсіреуі 5) ауру сезімінің басылуы
39. Ішектің жедел түйілуінде консервативті ем қандай жағдайда қолданылады: 1) ішектің бұралуы 2) ішектің түйінделуі 3) спастикалық түйілуі 4) паралитикалық түйілуі 5) копростаз
40. Ішектің жедел түйілуі диагнозын қоюда маңызды зерттеу тәсілін атаңыз: 1) құрсақ қуысының шолымалы рентгеноскопиясы 2) барий арқылы ішек пассажын жасау 3) лапароскопия 4) эзофагогастродуоденоскопия 5) ирригоскопия
41. Обтурациялық ішек түйілуінің бастапқы сатысында қолданатын тактика: 1) тек консервативті ем 2) шұғыл оперативті ем 3) жоспарлы операция 4) 2 сағат ішінде консервативті шаралардың әсері болмағанда - оперативті ем жүргізу 5) назоинтестиналды интубация
42. Механикалық ішек түйілуінің жіктелуі: 1) обтурациялық 2) спастикалық 3) жарақаттанулық 4) странгуляциялық 5) аралас
43. Ішек түйілуінде қолданылатын зерттеу әдістері: 1) фиброгастроскопия 2) құрсақ қуысының шолулық рентгенологиялық зерттеу 3) ирригоскопия 4) УДЗ 5) асқазан-ішек жолдарын рентген контрасттық зерттеу
44. Ішектің механикалық түйілуінің клиникалық симптомдары: 1) іштің кебуі 2) Валь симптомының оң болуы 3) Ситковский симптомының оң болуы 4) Обухов ауруханасының симптомының оң болуы 5) Мерфи симптомының оң болуы
45. Жедел ішек түйілуінің клиникасы: 1) іште толғақ тәрізді ауыру сезімі 2) газ бен нәжістің шықпауы 3) қайталап құсу 4) іш өту 5) іш қуысының қатты қысып ауыруы
46. Жедел ішек түйілуінде рентгендегі өзгерістер? 1) іш қуысында бос ауа жиналу 2) жел кернеу 3) ішек бөліктерінің керілуі 4) Клойбер табақшасы 5) Керкринг қатпарларының анықталуы
47. Ішек түйілуінің жіктелуі: 1) динамикалық 2) механикалық 3) паралитикалық 4) спастикалық 5) бітелу салдарынан
Өт тас ауруы
48. Өт қабында тастың түзілу себебі: 1) өт қабындағы инфекция 2) өт қабында өттің іркілуі 3) өсімдік тағамын жиі қабылдау 4) науқастың жасы 5) холестерин алмасуы тепе-теңдігінің бұзылуы
49. Асқынбаған өт тас ауруында диагноз қою үшін инвазивті емес қолайлы әдістер: 1) ретроградты холангиопанкреатография 2) лапароскопия 3) УДЗ 4) бауыр арқылы холангиография 5) компьютерлік томография
50. Жедел холециститтің асқынулары: 1) механикалық сарғаю 2) өңеш веналарының варикозды кеңеюі 3) холангит 4) перитонит 5) Меллори-Вейс синдромы
51. Өт тас ауруының асқынулары: 1) холангит 2) механикалық сарғаю 3) дуоденостаз 4) жедел панкреатит 5) жедел аппендицит
52. Өт тас ауруының клиникалық белгілерін көрсетіңіз: 1) бауыр тұсында ұстамалы шаншып ауруы 2) оң жақ мықын аймағының түйіліп ауруы 3) пальпация кезінде оң қабырға астында қатты ауру сезімі 4) оң қабырға доғасын қолмен соққылағанда ауру сезімінің оң болуы 5) бел аймағының ауру сезімі
53. Жедел холециститтің клиникалық белгілері: 1) іштің кебуі 2) оң қабырға астында қатты ауру сезімі 3) Ортнер симптомының оң болуы 4) Воскресенский симптомының оң болуы 5) Мерфи симптомының оң болуы
54. Жедел панкреатит диагнозын дәлелдеу үшін қолданылатын зерттеу әдісі: 1) ирригоскопия 2) УДЗ 3) лапароскопия 4) компьютерлік томография 5) фиброгастроскопия
55. Өт өзегінде тас жиналуының себептері: 1) өт қабының аномалиясы 2) өт қабының қан айналымының бұзылуы 3) өттің литогендігінің төмендеуі 4) холато-холестерин алмасуының бұзылуы 5) липидтер алмасуының бұзылуы
56. Жедел холециститтің пальпациялық белгілері: 1) сол жақ қабырға астының ауруы 2) өт қабының үлкеюі 3) Ортнер белгісі оң 4) оң жақ қабырға астында ауру сезімі 5) оң жақ мықында ауру сезімі
57. Жедел холециститтің клиникасы: 1) оң жақ қабырға астының ауруы 2) жүрек айну, құсу 3) іштің толғақ тәрізді ауруы 4) іштің қатты қысып ауруы 5) ауру сезімі дененің оң жағына тарайды
58. Калькулезді холециститке тән белгілер? 1) Мерфи 2) Мюсси-Георгиевский 3) Ортнер 4) Щеткин-Блюмберг 5) Образцов
59. Жедел холециститті анықтауға қандай тексеріс жүргізіледі? 1) УДЗ 2) компьютерлік томография 3) холангиография 4) экскреторлы урография 5) ЭФГДС
60. Өкпе артериясының кең көлемдегі тромбоэмболиясының негізгі клиникалық белгілерін атаңыз: 1) төс артындағы ауру сезімі 2) коллапс және тұншығу 3) дененің жоғарғы жартысы мен беттің көгеруі (цианозы) 4) терінің бозаруы 5) брадикардия
61. Пневмоторакстың клиникасы: 1) ентігу 2) кеудедегі ауру сезімі 3) дене қызуы 4) лоқсу, құсу 5) цианоз
Жарықтар
62. Іштің ақ сызығының жарығы кезінде асқазан рентгеноскопиясы қандай мақсатпен жасалады: 1) жарық қапшығында қандай ағза орналасқанын анықтау үшін 2) жарық қақпасының көлемін анықтау үшін 3) іш перде алды липомасымен ажырату үшін 4) асқазанның қосымша ауруларының бар жоғын анықтау үшін 5) рентгеноскопия керек емес
63. Құрсақ жарықтардың пайда болу себебі: 1) егде жас 2) асқазанның ойық жарасы 3) алдыңғы іш қабырғасының жарықтардың шығатын орындарының анатомиялық ерекшеліктері 4) құрсақ қуысы қысымын жоғарлататын серіктес аурулар 5) миокард инфарктісі
64. Рихтер қысылуы дегеніміз не: 1) дуоденалды-ащы ішек аймағында ішектің қысылуы 2) сигма тәрізді ішектің қысылуы 3) асқазанның диафрагмалды жарықта қысылуы 4) ішектің қабырғалық қысылуы 5) Меккель дивертикулының қысылуы
65. 2 сағат бойы қысылған жарық өздігінен орнына салынған (түзілген) кезде хирургтың тактикасы: 1) лапаротомия, құрсақ қуысы ағзаларын ревизиялау 2) науқасты үйіне жіберу 3) тазалағыш клизманы қою 4) стационар жағдайында науқасты тиянақты бақылау 5) берілген ұсыныстардың ешқайсысы дұрыс емес
66. Жылжымалы жарықтың белгісі болып қайсысы саналады: 1) жарық қабына экстраперитонеалды орналасқан ағзаның қатысуы 2) жарық сұйығының болмауы 3) жарық қабына интраперитонеалды орналасқан ағзаның қатысуы 4) жарық қабына мезоперитонеалды орналасқан ағзаның қатысуы 5) жарық сұйығының болуы
67. Жедел миокард инфарктісімен ауырған науқаста қысылған жарық анықталды. Сіздің тактикаңыз: 1) ішке суық басу, бақылау 2) жарықты орнына салу 3) интенсивті кардиалды терапия қоса жүргізіп, шұғыл операция жасау 4) бандаж кигізу 5) бұлшық етке спазмолитиктерді енгізу
68. Қысылған жарықта шұғыл операцияға көрсеткіш: 1) қатты ауыру сезімі 2) жарық ішіндегі ағзалардың жарық қапшығына жабысуы 3) қысылған ағзаның некрозы дамуы мүмкіншілігі 4) перитониттің дамуы 5) ішектің жедел түйілуі дамуы
69. Қысылған жарық кезінде ішектің өмір сүру қабілетіне баға беру үшін келесі белгілерге сүйену қажет: 1) ішек түсіне 2) перистальтикасының болуына 3) ішек тамырларының пульсациясына 4) жарық қапшығындағы сұйықтыққа 5) қысылған ішектің кебуіне
70. Жарық элементтері: 1) жарық қабы ішіндегі құрсақ ағзалары 2) іштің қабырғасы 3) тері астының май қабаты 4) жарық қақпасы 5) жарық қапшығы
71. Көп сағат қысылған шап жарығында тиімді алғаш қолданылатын шараларға жатады: 1) жылы ванна 2) жарықты орнына салу 3) шұғыл операция 4) жарықты орнына салуын жеңілдететін спазмолитиктер енгізу 5) жарықты орнына салар алдында анальгетиктер енгізу
72. Қысылған жарыққа операция жасалған кезде қапшық ішінде ащы ішектің екі ілмегі табылды. Бұл қысылудың қандай түрі: 1) ретроградты 2) қабырғалық 3) жарық қапшығында құрт тәрізді өсіндінің қысылуы 4) нәжістік қысылу 5) эластикалық
Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы
73. Ұлтабардың тесілген ойық жарасына тән белгілер: 1) «кофе» тәрізді құсық 2) бауырдың тұйықталудың жоғалуы 3) іштің тік бұлшық еттерінің ” тақтайдай” қатаюы 4) іштегі ”семсер сұққандай” ауру сезімі 5) «шылпыл шуылы» симптомы
74. Ұлтабар ойық жарасынан қан кеткенде байқалатын тән белгілер: 1) іштегі ауру сезімінің күшеюі 2) «кофе» тәрізді құсу 3) ауру синдромының басылуы 4) Щеткин-Блюмберг белгісінің оң болуы 5) мелена
75. Клиникаға асқазанның ойық жарасынан қан кетумен келіп түскен науқасқа шұғыл түрде диагноз қою үшін келесі шаралар көрсетіледі: 1) асқазан сөлінің тұрақты аспирациясы 2) асқазан рентгеноскопиясы 3) гастродуоденоскопия 4) лапароскопия 5) жалпы қан айналымдағы эритроциттер мен гематокриттің көлемін анықтау
76. Науқаста асқазан-ішек жолдарынан қан кетуінің тоқтағанын немесе тоқтамағанын қалай анықтауға болады: 1) асқазанның шолымалы рентгеноскопиясын жасау 2) лапароскопия 3) назогастралды зонд қою 4) динамикада қан анализін толық анықтау 5) гастродуоденоскопия жасау
77. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасының асқынулары: 1) қан ағу 2) асқазанның бұралуы 3) ойық жараның тесілуі 4) асқазанның шығар бөлігінің тарылуы 5) механикалық сарғаю
78. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасынан қан ағудың классикалық белгілері: 1) кофе түсті құсық 2) қан қысымының төмендеуі 3) қан қысымының жоғарлауы 4) нәжіс қара май түсті 5) асқазанның тұсында қатты ауру сезімі
79. Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасының тесілуінің клиникасы: 1) іш қуысындағы толғақ тәрізді ауру сезімі 2) іште пышақ сұққандай ауру сезімі 3) іштің тік бұлшық еттерінің қатаюы 4) жел мен нәжістің тоқтауы 5) жүрек айну, құсу
80. Ойық жара тесілгенде рентгенологиялық белгілер: 1) метеоризм-іштің кебуі 2) Клойбер табақшасы 3) ішек бөліктерінің керілуі 4) іш қуысында сұйықтықтың жиналуы 5) диафрагма астында орақ тәріздес ауаның жиналуы
81. Ұлтабар ойық жарасының тесілуі кезіндегі оң жақ мықын аймағының бұлшық етінің қатаю себебін түсіндіріңіз: 1) жұлын арқылы рефлекторлы байланысы 2) құрсақ қуысында ауаның жиналуы 3) оң жақ каналына асқазан қышқыл сөлінің жиналуы 4) бүйен ішектің кебуі 5) құрт тәрізді өсіндінің висцеро-висцералды байланысы
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.066 сек.) |