|
|||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тыйым салынады
Қостанай қ. – 2015 ж. Құрметті студент!
2015 жылы «Құқық» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша қатан түрде кестедегі ретпен өткізіледі.
1. Тестілеу уақыты - 150 минут. Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары. 2. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек. 3. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек. 4. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет. 5. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға; - Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; - Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға қатаң тиым салынады! 6. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
Мемлекет және құқық теориясы 1 нұсқа 1. Жалпы теориялық және жалпы тарихи заң ғылымдары: A) саяси-құқықтық ілімдер тарихы B) азаматтық іс жүргізу C) еңбек құқығы D) шет елдердің мемлекет және құқық тарихы E) мемлекет және кұқық теориясы
2. Мемлекеттің өзіне тән белгілері: A) Үстемдік құралының болуы B) Құқықтық жүйесінің болуы С) Салық жүйесінің болуы D) Ішкі қызметінің болуы E) Көпшілік жария билігінің болуы F) Сыртқы қызметінің болуы G) Суының болуы Н) Идеологиясының болуы
3. Өркениеттер мен олардың мемлекеттілігін типке бөлу кезінде қолданылатын негіздер: A) Діни B) Феодалдық C) Социалистік D) Генетикалық E) Математикалық F) Коммунистік G) Хронологиялық Н) Дамушы
4. Саяси режиміне байланысты мемлекеттер бөлінеді: A) Тоталитарлы B) Либералды C) Дамыған D) Республикалық E) Демократиялы Ғ) Африкалық G) Федеративтік Н) Біртұтас
5. Мемлекеттің ішкі қызметтері: A) Әлеуметтік B) Әкономикалық C) Мемлекеттің шекарасын қорғау D) Бейбітшілікті қолдау E) Басқа мемлекеттермен ынтымактастық Ғ) Егемендік пен аумақты қорғау G) Идеологиялық Н) Мемлекет қорғанысын күшейту
6. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптерін көрсетіңіз: A) Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу B) Халық игілігін көздейтін әкономикалық даму C) Заңдар құқықтың үстемдігі идеясына сай болуы керек D) Бұл тұлғаларда қалыптаскан түсініктер мен идеялардың жиынтығы E) Қоғамдық татулық және саяси тұрактылық Ғ) Құқықтық сезіну G) Барлық азаматтар заңды құрметтеуі тиіс Н) Адамдардың құқықтарға қатысын білдіретін түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы
7. Құқықтық мемлекеттегі мемлекеттік билік тармақтары: A) Атқарушы B) Біртұтас C) Алқалы D) Coт Е) Ынталандырушы Ғ) Мәжбүрлеуші G) Заң шығарушы Н) Арнайы
8. Құқық функциясы: A) Қоғамның белгілі бір нақты жекелеген тобына әсер ету B) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қағидалары C) Қоғамдық қатынастарға адамдардың жүріс-тұрысына әсер етудің негізгі бағыттары D) Қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың рөлін айқындайтын құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары E) Мемлекет органдардың қызметін қамтамасыз ету механизмі F) Қоғамдық қатынастарға әсер етудің негізгі бағыттары G) Құқықтық аксиомалар Н) Нақты жеке тұлғаға әсер етудің бағыттары
9. Саяси жүйенің әлементтеріне кіреді: A) саяси әрекетсіздік B) саяси қоғам C) саясат D) құқықтық нормалар E) қоғамдық құрылыс Ғ) қоғамдық сана
10. Индус құқық жүйесіндегі елдер: A) Куба B) Италия C) Малайзия D) Тунис E) Бирма F) Йемен G) Солтүстік Корея Н) Сингапур
11. Техникалық-юридикалық нормалар: A) Тараптардың ерікті келісімі нәтижесінде пайда болған жүріс-тұрыс ережесі B) Заңнамаларда бекітілген техникалық нормалар C) Адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс ережелері D) Ақыл мен әрекеттілікке негізделген жүріс-тұрыс ережелері E) Жақсылық пен жамандық тұрғысынан адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормалар Ғ) Құрылыс нормалары мен ережелері, қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздік ережелері G) Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген техникалық нормалар Н) Әлеуметтік өмірді реттейтін нормалар
12. Маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жоғары заң күшіне ие, ерекше процессуалдық тәртіппен немесе референдум арқылы қабылданатын нормативтік құқықтық актілер: А) Қаулылар В) Заңдар C) Шешімдер D) Жарлықтар E) Конституциялық заңдар Ғ) Ережелер G) Бұйрықтар Н) Конституция
13. Көрініс табу нысаны бойынша, құқықтың тәсілдері бойынша норма диспозициялары бөлінеді: A) Құқық беруші B) Жалпы әрекет ететін нормалар C) Міндеттеуші D) Материалды және процессуалды нормалар E) Ұсынушы Ғ) Тыйым салушы G) Императивті, диспозитивті Н) Заң шығарушы нормалар және заңға сәйкес нормалар
14. Ғылымилық құқық шығармашылық қағидаларының бірі ретінде: A) БАҚ-ында ең қажетті нормативті құқықтық актілерді талқылау B) Нормативтік актілерді дайындауда әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да қоғамның дамуының объективті қажеттіліктерін зерттеу маңызды C) Қабылданған заңдардың Конституцияға сәйкестігі D) Заң жобаларын дайындау мен қабылдауда заңи сауаттылық, құзыреттілік E) Нормативтік құқықтық актілердің қабылдануының құзыреттілігі Ғ) Қоғамның дамуының объективті қажеттіліктерін зерттеу G) Құқық нормаларында халықтың еркінің көрініс табуының міндеттілігі Н) Құқық нормаларының қабылдануының әлеуметтік мәліметтерін, салдарын болжау
15. Құқық салалары: A) арнайы құқық салалары B) жер құқығы C) халықаралық құқық D) азаматтық іс жүргізу құқығы E) құқықтық институт F) тарау
16. Құқықтық сана субъектілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді: A) дағдылы құқықтық сана B) студенттік құкықтық сана C) отбасылық құқықтық сана D) ғылыми құқықтық сана E) жануарлардың құкықтың санасы
17. Құқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай бөлінуі: А) прогностикалық В) қоғамдық C) реттеушілік D) танымдылық Е) бағалаушылық F) жеке тұлға G) топтық Н) нормативтік
18. Қоғамдық қатынастар түрлерге бөлінуі: А) бөлек В) саяси C) топтық D) ұжымдық E) жеке Ғ) моральдық G) әкономикалық
19. Құқық қолдану актілерінің нысандары: A) резолюция B) қорғаушылық C) негізгі D) мемлекеттік емес E) мемлекеттік F) айыппұл салу актілері G) реттемелік
20. Құқық нормаларын талқылауға байланысты: A) ретроспективтік B) түсіндіру C) пайдалану D) ұғыну E) материалдық Ғ) сақтау
21. Құқықтық мадақтаудың субъектісі мемлекет болса: A) министрлік B) президенттік C) моральдық D) процессуалдық E) үкіметтік Ғ) кәсіби G) мемлекеттік емес
22. Әлеуметтік маңыздылығына байланысты қажетті сай жүріс-тұрыс: A) заңдарды орындау B) әкімшілік C) азаматтық D) әлеуметтік E) конституциялық Ғ) салық төлеу G) әскердегі қызмет
23. Тәртіптілік теріс қылық байланысты: A) азаматтық B) саяси C) әскери D) әлеуметтік E) қызметтік Ғ) өндірістік G) экономикалық
24. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің айырмашылықтары: A) олар әртүрлі қамтамасыз етіледі B) біреуі конституцияға сүйенеді екіншісі конституциялық заңдарға сүйенеді C) бірі әдет-ғұрыппен ал екіншісі салт-дәстүрмен жүзеге асырылады D) оларда әртүрлі нормативтік негіз бар E) біреуі адам кұқықтарын жүзеге асырады ал екіншісі шектеу қояды Ғ) бірі шет ел азаматтарының құқықтарын қорғайды ал екіншісі тек азаматтығы жоқтардың құқықтарын қорғайды G) бір бірінсіз өмір сүреді
25. Құқықтық мәртебенің түрлері: A) депутаттардың құқықтық мәртебесі B) соттардың құқықтық мәртебесі C) арнаулы құқықтық мәртебесі D) жалпылама құқықтық мәртебе E) әкімдердің құқықтық мәртебесі Ғ) ғалымдардың құқықтық мәртебесі G) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі Н) мемлекеттің құқықтық мәртебесі
ҚР Конституциялық құқығы 1 нұсқа 1. Конституциялық құқықтың қайнар көздері: A) Қазақстан Республикасының Конституциясы B) Конституциялық заңдар C) Саяси партиялардың құрылтай құжаттары D) Шет мемлекеттер Конституциялары E) Әдет-ғұрып нормалары F) Заңды тұлғалардың жарғысы G) Қазақстан Республикасының заңдары Н) Қоғамдық бірлестіктердің құрылтай құжаттары
2. Конституциялық құқықтағы ерекше заңдылық сипатқа ие қайнар көздер: A) Қоғамдық бірлестіктердің құрылтай құжаттары B) Заңды тұлғалардың жарғысы C) Әдет-ғұрып нормалары D) Қазақстан Республикасының Конституциясы E) Саяси партиялардың құрылтай құжаттары Ғ) Конституциялық заңдар G) Ратификацияланған халықаралық шарттар Н) Шет мемлекеттер Конституциялары
3. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастама құқығына келесі субъектілер ие: A) Парламент Сенаты B) Қазақстан Республикасының Парламенті C) Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы D) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі E) Қазақстан Республикасының Президенті Ғ) Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті мен Үкіметінің біріккен отырысы арқылы бастама құқығы жүзеге асырылады G) Қазақстан Республикасының Үкіметі Н) Әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен бастама жасау арқылы
4. Қоғамдық татулық пен саяси түрақтылық принципінің сабақтастығы ҚР Конституциясында бекітілген: A) Заң тек ҚР азаматтарын ғана қорғайды B) Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады C) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет еркіндігі D) Республикада мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы Президент E) Заң мен сот алдында жүрттың бәрі тең Ғ) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - үштұғырлы G) Конституцияға сәйкес бір партиялы жүйе ғана әрекет етеді Н) Қазақстан мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қатынас жасау саясатын жүргізеді
5. Мемлекеттік биліктің тармақтары: A) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуін айтамыз B) мемлекеттік билік органдарының бір-бірінің орнын басу мүмкіндіктерінің болуы C) мемлекеттік басқару механизмінің бір-біріне бағыныштылыққа негізделуі D) мемлекеттік билік органдарының бір-бірінің құзіреттері мен қызметін жүзеге асыру мүмкіндіктерінің болуы E) мемлекеттік билік органдарының бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі мен бір-бірінің қызметтеріне шектеулер қою болып саналады Ғ) мемлекеттік биліктің біртүтастығы танылмайды G) мемлекеттік баскару аппаратында тепе-теңдік, тежемелік жүйенің болуы саналады Н) мемлекеттік билікті жүзеге асыру - бір партия үстемдігіне негізделеді
6. Жеке тұлғаның құкықтық мәртебесіне байланысты конституциялық принциптері: A) жеке тұлғаның құқықтарын тек халықаралық нормалармен қорғау принципі B) мемлекет мүддесінің үстемдік принципі C) адам және азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының тікелей әрекет ету принципі D) теңдік принципі E) тек қана құқықтардың танылу принципі Ғ) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің түрақты өзгеріп отыру принципі G) тек қана міндеттер танылу принципі Н) нормативтік құқықтық актілердің адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қайшы келмеу принципі
7. Азаматтықтың нормативтік мазмұны келесі конституциялық нормаларда бекітілген: A) Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар B) Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды C) Конституцияда азаматтыққа байланысты нормалар бекітілмеген D) Конституцияға сәйкес тек ҚР азаматтарының ғана құқықтары мен бостандықтары танылады E) Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды F) Азаматтардың мемлекет алдында біржақтылы міндеттілігі G) Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар Н) Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай саяси партия ұғымы: A) Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын іске асыруда құрылатын бірлестіктер B) Құрылу мақсаты коммерциялық мүдделерді көздейтін мемлекеттік емес ұйымдар C) Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы органдарында білдіру мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Республика азаматтарының ерікті бірлестігі D) Халықаралық деңгейде экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдар E) Қазақстан Республикасының саяси партиялар ұғымы қалыптаспаған F) Мемлекеттің бастамасымен құрылатын қоғамдық ұйымдар G) Мақсаты саяси билікке жетуді көздейтін қоғамдық бірлестіктер Н) Сайлау комиссиялары
9. Учаскелік сайлау комиссиялары: A) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды үйымдастырады B) мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастырады C) саяси партия функцияларын жүзеге асырады D) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімін нақтылайды E) сайлау өтетін жері туралы сайлаушыларды хабарландырады F) сайлау туралы заңдардың атқарылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады G) сайлау учаскесінде депутаттардың және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді Н) дауыс беруге қатысқан адамдардың іс әрекетке қабілеттілігін анықтайды
10. Сайлау комиссиясы мүшесінің мәртебесі: A) Комиссиясының төрағасы, мүшелері және оның аппаратының қызметкерлері өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады B) Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады C) Сайлау комиссиясы сайлау өткізу кезеңінде өздерінің келісімінсіз жүмыс берушінің ұйғарымы бойынша жүмыстан шығарылмайды D) Өзі өкілі болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін қорғауға құқығы бар E) Қызметтік материалдармен танысуға құқығы шектелген Ғ) Учаскелік комиссияның орналасқан жерінде сайлаушыларға үгіт насихат жүмысын жүргізеді G) Сайлау комиссиясы төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдері мен нүсқауларын орындауға міндетті емес Н) Тиісті сайлау учаскесінде барлық адамдардың тізімін нақтылайды
11. Қазақстан Республикасының республикалық референдум өткізудің жариялылық және ашықтық принципі келесі тәртіппен қамтамасыз етіледі: A) референдум нәтижесі ресми жарияланбайды B) референдумға шығарылатын мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады C) халықаралық ұйымдардың бақылаушы ретінде дауыс беруге қатысулары шектелген D) референдум жөніндегі комиссия өз жұмысы туралы тұрғындарды жұмысы туралы хабардар етіп отырды E) жариялылық және ашықтық принципі заңнамада қарастырылмаған Ғ) сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізіммен танысуы шектелген G) қоғамдық бірлестіктердің бақылаушы ретінде дауыс беруге қатысулары шектелген Н) референдум өткізу барысында қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатыса алады
12. Мемлекеттік органдардың белгілері: A) құрылтай құжаттары - жарғы негізінде қызмет етеді B) өзін-өзі қаржыландырады C) мемлекеттік-билік етуші өкілеттіктерді иеленеді D) қоғамдық бірлестік болып табылады E) жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады Ғ) мемлекет белгілеген тәртіпте құрылады G) ұсынушылык; сипатта болатын шешімдер шығарады Н) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асырады
13. Республика Президентінің жарлықтары шығарылады: A) Республика заңдарының негізінде B) Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін C) Жоғарғы Соттың үкімдерін жүзеге асыру үшін D) Парламент депутаттарының еркіне сәйкес әрі олардың мүддесінде E) Республика Конституциясының негізінде Ғ) Үкіметтің қаулыларының негізінде G) Өзінің өкімдерін орындау үшін Н) Премьер - министрдің өкімінің негізінде және оны орындау үшін
14. Президентке қатысты республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын шаралар: A) Тек Президенттің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету B) Республика Президенті мен оның отбасы мүшелерін қамтамасыз ету C) Президент лауазымына үміткер азаматтарды қамтамасыз ету D) Президентке және оның кеңесшілеріне тұрмыстық қызмет көрсету E) Президент лауазымынан кетірілген тұлғаны қамтамасыз ету F) Республика Президенті мен оның отбасы мүшелерін күзету G) Тек Президентке ғана қызмет көрсету және оны күзету Н) Республика Президенті мен оның отбасы мүшелеріне қызмет көрсету
15. 21 мамыр 2007 жылғы конституциялық реформа бойынша Парламенттің қызметін жетілдіруге қатысты Конституцияға енгізілген өзгертулер: A) Парламентке заң шығару қызметін жүзеге асыру жүктелді B) Парламент екі палатадан тұратын болды C) Парламенттің тұрақты негізде жүмыс істейтіндігі анықталды D) Палаталардың отырыстарын төрағалары жүргізетіндігі белгіленді E) Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын болды Ғ) Мәжіліс депутаттарының жалпы саны жүз жеті депутат болып белгіленді G) Республика Президенті Сенаттың он бес депутатын тағайындайтын болды Н) Парламенттің таратылу мүмкіндігі бекітілді
16. Парламенттен қол қою үшін келіп түскен заңды Президент бір ай ішінде қарап: A) заңды прокурордың тексеруіне жібереді B) заңның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Жоғары Сотқа жібереді C) заңды референдумға шығарады D) заңға қол қоймай, оны бастамашылық жасаған субъектіге қайтарады E) заң бойынша бүкілхалықтық талқылау өткізеді Ғ) заңды қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады G) заңға қол қойып, оны жариялайды Н) заңға қол қояды
17. Парламент Мәжілісінің депутаты мандатынан айырылады: A) Егер ол әдеп ережелерін бұзса B) Егер ол кәсіподақ мүшесі болса C) Егер депутат мемлекеттік тілді білмесе D) Егер ол 65 жасқа толса E) Парламент таратылса Ғ) Егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған болса G) Егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса Н) Депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда
18. Жоғарғы және жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынасы: A) жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органдардың актілерінің күшін жоя алады B) жергілікті атқарушы орган жоғарғы өкілді органның құрылымдық жүйесіне енеді C) олар көлденеңінен байланыста болады D) жергілікті атқарушы органдардың заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын жоғарғы атқарушы орган бақылайды E) олар бір-бірінен толығымен дербес, тәуелсіз қызмет етеді F) жоғаргы атқарушы орган жергілікті аткарушы органның қызметіне басшылық жасайды G) олар бір-бірімен саяси партияға мүшелігі арқылы байланысады Н) олар бір-бірінің алдында жауапты болып табылады
19. Республика Үкіметі қаулылар шығарады: A) Конституцияға қайшы заңдардың күшін жою үшін B) Соттардың шешімдерінің негізінде және оларды жүзеге асыру үшін C) Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру үшін D) Президент актілерінің негізінде және оларды орындау үшін E) Халықаралық актілерді орындау үшін F) Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін G) Республика Конституциясының негізінде және оны орындау үшін Н) Конституцияга өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін
20. Конституциялық бақылауды жүзеге асырудың үлгілері: A) халықтық үлгі - халықтың жүзеге асыруы B) жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы C) саяси партиялардың жүзеге асыруы D) үкімет мүшелерінің жүзеге асыруы E) прокурорлық үлгі - прокуратураның жүзеге асыруы F) сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылган органдардың жүзеге асыруы G) арнайы құрылған сот органдарының жүзеге асыруы Н) монархиялық үлгі - монархтың жүзеге асыруы
21. Конституциялық Кеңестің қосымша шешім қабылдау жағдайлары: A) Шешімінде орын алған редакциялық сипаттағы қателерді түзету қажет болса B) Өтініште көрсетілген мәселенің конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексеріп қойған болса C) Шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктерді түзету қажет болса D) Президент Конституциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдірсе E) Өтініште көрсетілген мәселе Конституцияда шешімін таппаса F) Өтініш тиісті субъектіден туындамаса G) Конституциялығы талас тұдырып отырған акт күшін жойған болса Н) Шешімдеріне түсіндірмелер беру туралы мәселе қойылса
22. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасына, хатшысына және мүшесіне тыйым салынады: A) біліктілігін көтеруге B) саяси партиялардың басшылық қызметінде болуға C) қоғамдық бірлестіктерге кіруге D) ғылыми жұмыстармен айналысуға E) коммерциялық ұйымның басшы органының кұрамына кіруге Ғ) саяси партияның мүшесі болуға G) шығармашылық қызметпен айналысуға Н) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіруге
23. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілеттіктері: A) Судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді B) Судьяларды қызметінен босатады C) Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды D) Судьяларды қызметке тағайындайды E) Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларын тағайындайды Ғ) Республиканың Жоғарғы Сотын құрады G) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатураны қарайды Н) Судьяларды ешкімнің тиіспеушілігі құқығынан айырады
24. Мәні бойынша жергілікті өзін-өзі басқару: A) Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі қызмет B) Жергілікті жерлерде мемлекеттің саясатын жүргізу жөніндегі қызмет C) Халықтың заң шығару жөніндегі қызметі D) Жергілікті жерлерде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қызмет E) Жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет F) Халық тікелей жүзеге асыратын қызмет G) Мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын қызмет Н) Президент атынан жергілікті аумақта жүргізілетін қызмет
25. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады: A) Орталық сайлау комиссиясының төрагасы шақырады B) Сайланган депутаттар санының кемінде үштен бірінің ұсынысы бойынша C) Кезектен тыс сессияны мәслихат сессиясының төрағасы шақырады D) Парламент Сенатының ұсынысы бойынша E) Әкімнің ұсынысы бойынша F) Парламент Мәжілісінің ұсынысы бойынша G) Жергілікті ішкі істер бөлімінің басшысының ұсынысы негізінде Н) Республика Президенті шақырады ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 1 нұсқа 1. ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы бұл: A) Сот пен алдын ала тергеу қызметін реттейтін кұқықтық нормалардың жиынтығы B) Қылмыстық құқық бұзушылықты тергеуге, зерттеуге бағытталған әрекеттердің жиынтығы C) ҚР-ның қылмыстық құқығының бөлімі D) Сот пен алдын ала тергеудің қызметі E) Криминалистика ғылымының тарауы F) Қылмыстық процеске қатысушылардың арасында туатын құқықтық қатынас
2. Қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар: A) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы B) Жер туралы заңнамамен C) Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексі D) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі E) Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы F) Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі
3. ҚР ҚПК қылмыстық процесте реттелмеген қағида: A) Жарыспалылық қағидасы B) Сенімділік қағидасы C) Мәжбүрлеу шаралары D) Кінәсіздік презумпциясы E) Сот және заң алдындағы теңдік F) Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық G) Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
4. Қылмыстық процесте қылмыстық қудалау органдары болып табылады: A) Прокурор B) Алқаби C) Сот D) Тергеуші E) Айыптау тарабы Ғ) Анықтау органы G) Сарапшы Н) Мәлімдеуші
5. Қылмыстық процесте тұлға кінәсіз деп саналады: A) Айыпталған адам қайтыс болса B) Кінәсін мойындапкелсе C) Рақымшылық ету актісі шығарылса D) Сот үкімімен ақталған адам E) Жеке айыптау істері бойынша «жәбірленуші» шағымы болмаса Ғ) Жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаса
6. Қылмыстық істі шешу барысындағы соттың мақсаты: A) Айыптауды жоққа шығару B) Ақтау (реабилитация) C) Қылмыстардың алдын-алу D) Заңды шешім қабылдау E) Шындықты тану
7. Тергеу судьясының өкілеттіктері: A) Үйқамақты санкциялау B) Күзетпен ұстауды санкциялау C) Сот отырысының барысына басшылық етеді D) Үйкамақ, экстрадициялық камақ мерзімдерін ұзарту E) Мемлекеттің мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы
8. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мәселені шеіпеді: A) Сот приставы B) Қорғаушы C) Прокурор D) Анықтаушы E) Тергеуші
9. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: A) Тараптарға бет бояу, даусын өзгертетін аппарат қолдану B) Сотталушыны сот отырыс залынан шығару C) Сот талқылауына қатысатын адамдар қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді D) Заңмен мүндай жағдай реттелмеген E) Жабық сот отырысын өткізу F) Қауіпсіздік шарасы тек, сотқа дейінгі сатыда қамтамасыз етіледі G) Қауіпсіздік шарасы тек алқабиге қолданады
10. Дәлелдеу пәніне жатпайды: A) Қылмыс жасаған адамның кінәсі B) Адаммен өзінің кәсіби міндеттерін білуі C) Қылмыстың құрамы D) Оны дәлелдейтін құжат ұсынбаған адамның арнайы дайындығы немесе білімінің жоқтығы E) Қылмысты кім жасағандығы Ғ) Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән жайлар G) Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән жайлар
11. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуға болатын адамдар: A) Үлгілер азаматтық жауапкерден алынуы мүмкін B) Үлгілер барлық іске қатысы бар адамдардан міндетті түрде алынады C) Үлгілер жәбірленушіден алынуы мүмкін D) Үлгілер күдіктіден алынуы мүмкін E) Үлгілер айыпталушыдан алынуы мүмкін
12. Жақындауға тиым салуда қолданылатын шектеулер: A) Кепілді қолдануға шектеу B) Жәбірленушіні іздестіруге шектеу C) Бүлтартпау шараларын қолдануға шектеу D) Лауазымынан уақытша шеттету E) Сот ақшалай өндіріп алуды шектейді Ғ) Олармен телефон арқылы сөйлесуін шектеу
13. Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапкер деп тану: A) Ақтау үкімі B) Тікелей қылмыспен келген моральдық залалды өтеу туралы талап қойған жеке тұлға C) Қылмыстық процестік заң нормасы D) Соттың шешімі E) Тергеушінің шешімі
14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін жер: A) Айыпталушы тұратын жерде B) Соттық сараптама өткізу жері C) Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде D) Тергеу әрекеттері жүргізілетін орын E) Қылмыстық құкык бұзушылық жазаны орындау
15. Бостандықта жүрген күдіктіні жауап алуға шақырту жолдары: A) тергеуші барып, оны жауап алу үшін алып келуі тіис B) анықтаушы барып, оны жауап алу үшін алып келуі тиіс C) телефонная хабар жіберу (sms) арқылы D) хабарлама телефонограмма арқылы E) сот приставы барып, оны жауап алу үшін алып келуі тиіс Ғ) жеделхат арқылы G) телефон арқылы хабарласып, шақыртады
16. Үлгі ретінде алынады: A) Адамның интеллектісі B) Дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары C) Ар намысы D) Тергеу іс әрекеті E) Себеп - салдық байланыс Ғ) Қылмыстық оқиға
17. Басты сот талқылауының кезеңдері: A) үкім шығару B) сот отырысына қатысушылардан жауап алу C) сотталушыны залдан шығару D) процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру E) сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі
18. Сот, үкім шығару кезінде, негізгі мәселелерді шешіп, мынадай қосымша мәселелерді шешуге көшеді: A) Қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлар туралы B) Заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы C) Сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлілігі туралы D) Жеке қаулы шығару қажеттігі туралы E) Сотталушының мүлкін қорғау туралы Ғ) Жәбірленушінің кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы
19. Үкімді орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені сот қай тұлғалардың өтініш жасауы бойынша шешеді: A) Сезіктінің B) Күдіктінің C) Айыпталушының D) Азаматтық талапкердің E) Сотталушы қорғаушысының Ғ) Сотталушының G) Сотталушының заңды өкілінің Н) Прокурордың
20. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте, азаматтық талап қоюды қарауы кезінде сот құқылы: A) Таңдалған бұлтартпау шарасының күшін жою B) Сотталушыны кінәсіз деп тану C) Үкімнің азаматтық талап қою бөлігін жаңадан қарауға жіберуге D) Үкімнің азаматтық талап қою бөлігін өзгертуге E) Шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға Ғ) Үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің күшін жоюға G) Шағымды тергелуі немесе сотталуы бойынша беруге
21. Бірінші сатыдағы соттың қаулысы мына жағдайларда заңды күшіне енеді және орындалады: A) Наразылық келтірілген жағдайда істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін B) Облыс прокурорымен C) Сот приставымен D) Қадағалау сатысында қарастырылғаннан кейін E) Шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң Ғ) Жеке шағым жасалған жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін
22. Үкім шығару құпиясы: A) Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың болуына жол берілмейді B) Үкімнің жарияланатын уақаты хабарланады C) Үкімді судья қолдан жазуы мүмкін және ол қол қояды D) Үкім сот талқылауы жүргізілген тілде баяндалады E) Сот жарыссөзінің ұзақтығы шекетлмейді Ғ) Үкімдегі түзетулер судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс
23. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін: A) Ақтау үкімі B) Қадағалау тәртібімен қабылданған шешім C) Айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы D) Істі тоқтату туралы қаулы E) Айыптау үкімі Ғ) Қылмыстық істі өз өндірісіне алу туралы қаулы G) Тергеу іс әрекетінің хаттамасы Н) Мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы
24. Қылмыстық қудалаудан дипломатиялық иммунитеті бар адамдар: A) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шет мемлекеттердің үшінші елдегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары B) Егер дипломатиялық өкілдіктердің қызмет көрсету персоналының қызметкерлері C) Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамдар колданылған адамға D) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, оның отбасы E) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидаттар, олардың отбасылары F) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, бірінші орынбасарлары, олардың отбасылары G) Кәмелетке толмаған адамды бала кұқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын органдар
25. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша анықталуға жататын мән-жайлар: A) Кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары B) Зияткерлік, ерік-жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі мен темпераментінің ерекшеліктері, қажеттіліктері мен мүдделері C) Қорғаншылық органы өкілінің қатысуына жағдай жасау D) Кәмелетке толмаған күдікті, айыпталушы не оның заңды өкілдері адвокатпен келісім жасасқанын анықтау E) Кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі де, сондай-ақ екеуі де заңды өкіл болған болмағанын
ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлімі) 1 нұсқа 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша адамның жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар: A) кәмелетке толмағандар саудасы B) адам ұрлау C) адамды кепілге алу D) психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру E) заңсыз аборт жасау
2. Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: A) Бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚР ҚК 126 бап) B) Адамды саудаға салу (ҚР ҚК 128 бап) C) Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (ҚР ҚК 145 бап) D) Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (ҚР ҚК 413 бап) E) Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚР ҚК 147 бап) F) Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (ҚР ҚК 414 бап) G) Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (ҚР ҚК 127 бап)
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша адамның жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар: A) адамды клондау B) жезөкшелікпен айналысуға тарту C) психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру D) адам ұрлау E) заңсыз аборт жасау F) кәмелетке толмағандар саудасы
4. Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтірудің (ҚР ҚК 158 бабы) объектісі: A) Шытырман оқиға B) Жаңалық C) Мемлекеттік құпия D) Ақпарат E) Әдеби тіл F) Сөз бостандығы
5. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (ҚР ҚК 160-бабы) қылмысының объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер: A) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып насихаттау B) жоспарлау C) тұтандыруды насихаттау D) жүргізу E) дайындау
6. Мемлекеттік құпияларды жатқа берудің субъектісі: A) Қазақстан Республикасының тұрғыны B) Жұмыс орны ҚР аумағында орналасқан шетелдік азаматтар C) Лауазымды тұлға D) 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам E) Қазақстан Республикасының азаматы Ғ) Өзінің қызметіне байланысты мемлекеттік құпияны білетін адам
7. Парақорлық ұғымымен қамтылады: A) Паракорлыққа делдал болу B) Көлікті беру C) Парақорлықты қолдау D) Ақша алу E) Парақорлыққа куәгер болу F) Көлікті алу
8. «Заңсыз ақшылық» (ҚР ҚК 337-бабы) қылмысының негізгі құрамы үшін қылмыстық жауаптылықтың орын алуының шарттары: A) жойылу қаупі бар құстарға қатысты жасалған әрекеттер B) қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолдану C) әрекетті жануарларды атуға рұқсаты болмай тұра жасау D) әрекеттерді бірнеше рет жасау E) жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдану F) әрекетті алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамында жасау G) авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын қолдану Н) жойылу қаупі бар жануарларға қатысты жасалған әрекеттер
9. Жымқыруға жатпайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар: A) бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру B) көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу C) ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру D) ұрлық E) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру F) қарақшылық
10. Қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: A) ауырлатушы мән-жайларда жасалған тонау B) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын ұрлық C) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе ысырап ету D) алаяқтың негізгі құрамы E) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын қорқытып алу Ғ) ұрлыктың негізгі құрамы
11. «Қорқытып алу» қүрамын сипаттайтын белгілер: A) күш қолданумен немесе бөтеннің мүлкін жоюмен не бүлдірумен қорқыту B) адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан шабуыл жасау C) бөтеннің мүлкін құпия түрде талан-тараждау D) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдана отырып бөтеннің мүлкін ашық талан-тараждау E) жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді тарату қатері Ғ) меншік иесіне немесе мүліктің басқа да иеленушісіне ірі материалдық залалдың келтірілуі G) бөтеннің мүлкін талан-тараждау мақсатында шабуыл жасау Н) бөтен мүлікті беруді талап ету
12. Материалдық құрамды экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық қүқұқ бұзушылықтар: A) Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу (ҚР ҚК 232 бап) B) Заңсыз сыйақы алу (ҚР ҚК 247 бап) C) Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, алып өту немесе өткізу (ҚР ҚК 231 бап) D) Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК 219 бап) E) Экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 234 бап) F) Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚР ҚК 235 бап)
13. Жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 215 бап) үшін қылмыстық жауаптылық негізі: A) Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған мүлікпен басқа да мәмілелер жасау B) Жасалған барлық әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда C) Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін қүру D) Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз не басқа заңды тұлғалардың шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) иемдену E) Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмілелер жасау Ғ) Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатты экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану G) Меншік құқығына қарамастан жеке кәсіпкерді немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен мүделерін шектеу Н) Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден отпей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру
14. «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» (ҚР ҚК 231-бабы) құрамының заты: A) КСРО Орталық Банкінің жалған банкноталары мен монеталары B) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы жалған мемлекеттік бағалы қағаздар C) айналымнан алынған шетел валютасындағы банкноталар D) жалған шетел валютасы немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздар E) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноталары мен монеталары
15. Бланкеттік диспозициялы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқүқ бұзушылықтар: A) Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (ҚР ҚК 277 бап) B) Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (ҚР ҚК 269 бап) C) Өрт қауіпсіздігі кағидаларын бұзу (ҚР ҚК 292 бап) D) Әуе немесе су кемесі не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу (ҚР ҚК 270 бап) E) Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК 273 бап) Ғ) Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 245 бап)
16. Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін бұзатын қылмыстар: A) Сапасыз салынған құрылыс B) Атом әнергиясын пайдалану объектілерінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу C) Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды жымқыру немесе қорқытып алу D) Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу E) Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
17. Қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастан белгіленген қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы кылмыстар: A) ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу B) тағылық C) бандитизм D) террористік не әкстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру E) терроризм актісі Ғ) террористік немесе экстремистік даярлықтан өту
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.19 сек.) |