|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Метрология негіздері
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Метрологияның мақсаттары мен міндеттері. 2.2 Метрологияның тарихы 2.3 “Өлшем” деген терминді қалай түсінесіңдер? 2.4 Физикалық шаманың шкаласы деген не? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады? ІІІ. Қорытынды бөлім
Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрологияның негізгі мәселелеріне: · өлшеудің жалпы теориясы; · физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру; · өлшеудің әдістері мен құралдары; · өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы); · өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология); · эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау; · эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады. Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты. Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету. Метрология – өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым. Өлшеу – тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады. Өлшем бірегейлігі – өлшем нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады. Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады. Заңдық метрология – метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі. Физикалық шама – сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сан жағынан әр объект үшін әртүрлі мәні бар қасиетті айтады. Мерологияның тарихы Метрология ғылымы практикалық түрде бұрынғы заманда пайда болған.Әр өлшем жүйесінің өз ерекшеліктері бар. Ол тек қана заманымен ғана емес, менталитетімен де ерекшеленді.Метрологияның күрт дамуына 1875 ж. Метрикалық конвенцияның (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі Метрология физика, химия, т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 ж. Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 ж. Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 ж. палата Алматыға көшірілді. 1974 ж. Алматы қаланда арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Қазақстанның эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков, М.Басаров, А.Садықов, В.М. Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев, И.Ермекбаева, т.б. Республиканың метрологиялы0 қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, темп-ра, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 ж. Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді (Б.Елубаев). “Өлшем” деген терминді қалай түсінесіңдер? Өлшеу – тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады. Өлшем бірегейлігі – өлшем нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады. Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады. Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету. Физикалық шаманың размері және размерлігі – білгілі бір объектідегі физикалық шаманың сандық мөлшерін көрсету қажет болса, онда размер дейтін термин қолданылады, ал физикалық шаманың мәні деп шаманың бірлік бойынша есептелінген сандық мәнін айтады. Сандық мәні ол дерексіз сан, ал размері деректі объективті мөлшері. Метрологияның негізгі постулаты деп: Q = q [Q] ФШ өлшем бірлігі ФШ сандық мәні размері Мысалы: m = 15 кг Өлшем бірлігі (шама бірлігі) – 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген, белгіленген мөлшердің физикалық шамасы. Өлшеу – физикалық шаманың мәні оның өлшем бірлігімен салыстыру әрекеті. ФШ сапа жағынан сипаттау үшін размерлік деген терминді пайдаланады. Физикалық шаманың шкаласы деген не? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады? Метрологияда қандай шкалаларды қолданады? ФШ шкаласы – өсу не кему бағытында орналасқан физикалық шамалардың мәндерінің реттелген қатарлары. Түрлері: Реттік Аралық (интервал) Қатнастық 1)Реттік шкала – өлшем бірлігі жоқ, келісім бойынша алынған қатар бар. Бұл шкала артықпа, кембе деген сұраққа жауап бере алады, бірақ қаншаға артық, қаншаға кем деген сұраққа жауап бере алмайды. 2) Аралық шкала – өлшем бірлігі бар, келісім бойынша алынған 0-де бар шкала. 100 (Q02 – Q01)/n 0 Фарангейд шкаласы 212Ғ Q = Q01 + q1[Q1] 180 Q = Q02 + q2[Q2] 32Ғ q1 = [q2 – ] tc = (tF – 32) *5/9 tc = (tF – 32)*5/9 = 40*5/9 = 200/9 = 22,2 c 3) Қатынастық шкала – 0-де бар, өлшем бірлік те бар Кельвин шкаласы 273,16 К 0 К Өлшем құралдары – өлшеу жұмыстары үшін қолданылатын нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдарды айтады. Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамалары барлық барлық өлшем құралдарына тән қасиеттер. Ол өлшем құралдардың өлшем нәтижесіне, дәлдігіне әсер ететін өлшем құралдардың қасиеттері. Өлшем құралдары түрлері: Мерлер (меры) Өлшеуіш приборлар Өлшеуіш түрленгіштер Өлшеуіш қондырғылар Өлшеуіш жүйелер Мерлер – физикалық шамасы белгілі размерін сақтайтын және қайталайтын өлшем құралдары. Олар: Бір мәнді (гир) Көп мәнді (сызғыш) Өлшеуіш түрленгіштер – ол өлшем информациясын сигналды, одан әрі беруге, түрлендіруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы түрде арналған өлшем құралы. (трансформатор) Өлшеуіш приборлар – физикалық шамасы туралы информацияны байқауға ыңғайлы түрге келтіретін өлшеу құралдары. (вольтметр, амперметр) Өлшеуіш қондырғылар – ол өлшеуіш құралдардың және көмекші құралдардың бір функция атқаратын құралдардың жиындығы. Өлшеуіш қондырғылары бір жерде орналасады. Өлшеуіш жүйелер – олда құралдардың жиындығы, бірақ олар әр жерде орналасқан.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |