АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Дауысты дыбыстар

Читайте также:
  1. Дауыссыз дыбыстар.

Фонетика.

Дауысты дыбыстар.

1- нұсқа.

1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы В) а С) о Д) у Е) ә

2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.

А) І, Ы,Е, И. В) Е,И,У,О. С) А,О,Ұ,Ы. Д) А,Ғ,Ө,Ұ. Е) О,Ө,Ұ,Ү.

3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Күшті, үлкен. В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, ерен. Д) Тәтті, дәмді. Е) Тұзды, қатты.

4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан

5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң

6. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а, ұ,ү В) у, и, і С) у, і, ы Д) а, о, е Е) е, ө, й

7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Жазғ.... В) Кәр.... С) Бөр...к. Д) М...нез. Е) Д...мді.

8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.

А) Қиық. В) Береке. С) Сынып. Д) Қиғызу. Е) Кітап.

9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) сынып, парта В) дәптер, қалам С) мереке, білім Д) қыркүйек, қоңырау Е) кітап, оқушы

10. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.

А) Үнді, қатаң В) Езулік, еріндік С) Жуан, жіңішке Д) Қатаң, ұяң Е) Ашық, қысаң

11. Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз.

А) ы, ұ, и В) а, ү, о С) ұ, е, ө Д) ө, і, е Е) о, э, у

12. Жуан дауысты сөзді табыңыз.

А) Кезең. В) Куәлік. С) Көне. Д) Ғұлама. Е) Билік.

13. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) у В) о С) а Д) ө Е) ұ

14. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а, ы, і В) э, ә, и С) о, ө, ұ Д) у, ұ, ө Е) ә, ү, у

15 Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.

А) мемлекет В) отан С) саудагер Д) көзілдірік Е) достар

16. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.

А) е В) и С) о Д) а Е) ү

17. Жуан да жіңішке де болатын дыбысты табыңыз.

А) О. В) Е. С) У. Д) А. Е) Ө.

18. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Кінәлі, дүдәмәл. В) Ботагөз, Өмірзақ. С) Ақтөбе, тарихи. Д) Су, бауырмал. Е) Ушығу, қабілет

19. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.

А) Базар В) Қора С) Қауырсын Д) Кілем Е) Сауысқан

20. Жіңішке әрі ашық дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) О, И. В) Ү,І. С) Ә, Е. Д) А,Ұ Е) Е, Ы.

21. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Кенесары, өнерпаз. В) Ұлытау, қуғыншы. С) Емхана, арбакеш. Д) Игілік, ержүрек.

Е) Қыстыгүні, кітаптар.

22. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

А) Кеңес. В) Күндіз. С) Сабыр. Д) Екеуі. Е) Келуші.

23. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарын белгілеңіз.

А) о, е. В) а, и. С) и, у. Д) ө, ү. Е) ы, э.

24. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

А) О, ө, у. В) А, ә, е. С) Ы, і, и. Д) Ә, ө, і. Е) Э, о, ү.

25. Дыбыстар неше топқа бөлінетінін көрсетіңіз.

А) 5. В) 2. С) 3. Д) 6. Е) 4.

 

 

Дауысты дыбыстар.

2-нұсқа.

1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.

А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.

Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.

2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.

А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.

3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ы,И,Ү,У... В) О,У,Е,І... С) Ә,І,Е,Ө... Д) Ә,А,О,Ү... Е) И,Е,А,Ө...

4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:

А) ә, и. В) ү, і. С) а, о. Д) ө, ә. Е) у, і.

5. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы В) ү С) ұ Д) о Е) у

6. Жуан дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

А) Е, і, о. В) И, ө, ы. С) Ұ, о, а. Д) Я, ә, е. Е) Ү, е, у.

7. «О» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

А) Жуан. В) Қысаң. С) Езулік. Д) Дауыссыз. Е) Жіңішке.

8. Жуан әрі еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) е, а В) ә, а С) о, ұ Д) и, ө Е) ү, і

9. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.

А) 8. В) 6. С) 10. Д) 7. Е) 12.

10. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Кету. В) Жүру. С) Жету. Д) Секіру. Е) Қайту.

11. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз: Ы, і, у, ү, ұ,...

А) А. В) И. С) О. Д) Ә. Е) Е.

12. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.

А)Жіңішке дауысты. В) Ұяң дауыссыз. С) Үнді дауыссыз. Д) Жуан дауысты. Е) Қатаң дауыссыз.

13. Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді табыңыз.

А) Арбакеш. В) Өнерпаз. С) Екілік. Д) Аққу. Е) Биыл.

14. Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.

А) А. В) І. С) О. Д) Е. Е) Ы.

15. «а» дыбысы жақтың ашылуына қарай қай дауыстыға жататынын белгілеңіз.

А) Қысаң. В) Ашық. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Жіңішке.

16. Бірыңғай қысаң дауыстыдан болған сөзді көрсетіңіз.

А) Іні. В) Немере. С) Ана. Д) Бала. Е) Шөпшек.

17. Бірыңғай езулік жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.

А) Жоңышқа. В) Еріншек. С) Мүсәпір. Д) Бүлдіршін. Е) Бүлдірген.

18. «У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.

А) Жауласу. В) Таулық. С) Қауышу. Д) Татуласу. Е) Баулық.

19. Қысаң дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.

А) 7. В) 10. С) 4. Д) 6. Е) 8.

20. Тек қана жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

А) Оқушы. В) Сынақ. С) Кітап. Д) Күнтізбе. Е) Сынып.

21.Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.

А) Баста. В) Қонақ. С) Іңір. Д) Тағалы. Е) Қаза.

22. Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.

А) и. В) у. С) ө. Д) а. Е) о.

23. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін белгілеңіз.

А) 13. В) 16. С) 15. Д) 42. Е) 20.

24. Бірыңғай еріндік дыбысты сөзді ажыратыңыз.

А) Метр. В) Әңгіме. С) Көну. Д) Білімді. Е) Жеміс.

25. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық, әрі еріндік болатынын белгілеңіз.

А) и. В) у. С) а. Д) о. Е) ы.

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)