АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Макроэкономика. Код: Mak 2204. Кредиттер саны – 2, 3

Читайте также:
  1. Предмет макроэкономика. Особенности макроэкономического анализа

Силлабус

«Макроэкономика» пәні бойынша бакалавр үшін силлабус, мамандықтар:

5В050506 – Экономика, 5В050507 - Менеджмент, 5В050507 – Есеп және аудит,

5B050510 - Қаржы

1) Досмағанбетов Нұрлан Серікұлы, аға оқытушы, магистр.

E-mail: Dosmnurlan@yandex.ru

Ғылыми бағыты мен қызығушылығы: Кластерлік экономиканы қалыптастыру және дамыту (құрылыс материалдары өндірісінің негізінде). Қазақстан экономикасының қазіргі макроэкономикалық мәселелері.

Ғылыми мектебі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Макроэкономика. Код: Mak 2204. Кредиттер саны – 2, 3.

3) Оқу пәнінің өткізілу уақыты мен орны: 3-семестр; сабақ кестесіне сәйкес.

4) Оқу пәнінің пререквизиттері: Философия, Экономикалық теория, Микроэкономика, Экономикалық ілімдер тарихы, Қазақстанның экономикалық тарихы, Жоғары математика, т.б.

Оқу пәнінің постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат, Мемлекет және бизнес, Ақпараттық экономика, Экономикалық-математикалық әдістер, Кәсіпорын экономикасы, т.б.

5) Оқу пәнiнiң сипаттамасы.

5.1 Оқу пәнiнiң бағыты: «Макроэкономика» жоғары оқу орындарының экономика факультетінің барлық мамандықтары үшін оқытылатын міндетті пән. Индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру үшін қазiргi кезеңде Қазақстан экономикасы үшiн бiлiктi мамандар қажет. Макроэкономика пәнiн оқытудағы ең басты бағыты ол студентердiң кәсiби деңгейi жоғары болуын камтамасыз ету, нарықтық экономиканың тетiктерiн терең түсiндiру, оны iс жүзiнде қолдана бiлуге үйрету. Сол себептi, әсiресе, экономика саласында жұмыс атқаратын болашақ жас мамандарға ерекше жаңа талаптар қойылады.

5.2 Оқу пәнiнiң мақсаты: Макроэкономика пәнiн оқыту арқылы студенттерді жаңаша ойлауға септігін тигізу, олардың нарықтық көзқарасын, психологиясын қалыптастыру. Мұндай мамандарды дайындауда аталған курстың орыны ерекше, өйткенi бiздiң пән, танымдық және практикалық қызметтердi атқарумен қатар, басқа қолданбалы экономикалық пәндер үшiн әдіснамалық рөлi ерекше, әсіресе экономикалық саясаттың теориялық негізі ретінде.

5.3 Оқу пәнiнiң мiндеттерi:

- макроэкономиканың әдіснамалық мүмкіндіктерін мен тәсiлдерін игеру арқылы оның негiзгi түсiнiктерi мен ұғымдарын түсiнiп, оларды пәннiң негiзгi мәселерiн қарастырғанда қолдана бiлу;

- макроэкономика арқылы жалпы теориялық бiлiм алып, оның қызметтiк тетiктерiн пайдаланудын тиiмдi жолдарын көрсете бiлу. Әсіресе фискальдық және ақша-несие саясаттарының тетіктерін әртүрлі үлгілердегі ерекшеліктерін ажырата білу арқылы, олардың тиімді үйлестірудің мүмкіндіктерін экономикадағы нақты жағдайды ескере отырып шешім қабылдауға даяр болуға міндетті;

- нарықтық экономиканың Қазақстанда қалыптасуы мен даму ерекшелiктерiн терең түсiну арқылы оның жетiлдiру жолдарын қарастыра бiлу;

- макроэкономикадан алған бiлiмдерiн басқа нақты экономикалық пәндерде, күнделiктi тiршiлiкте қолдана бiлу;

- экономикалық бiлiмдi өз бетiмен терең игерiге үйрету және дайындау.

Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн макроэкономикалық теория курсының мазмұнын озық iлiмдерге сәйкес өзгерту және оларды оқыту үшiн жаңа оқу технологияларын пайдалануды көздеуге, оларды оқу үдерісіне енгiзуге тырысамыз.

5.4 Оқу пәнiнiң мазмұны.

Макроэкономика пәнiне байланысты нарықтық экономиканың негiзгi принциптерi, заңдары, оның қызмет етуiнiң негiзгi құрылымдары, макроэкономикалық тұрғыдағы негiзгi мәселелер, оның iшiнде жалпы тепе-теңдiк, экономиканың өсуi, инфляция және жұмыссыздық мәселелеріне басты назар аударылады. Сонымен қатар, барлық тақырыптарды Қазақстан экономикасының тәжiрибесiне, деректерiне сүйене отырып қарастыру және оқыту көзделген. Оқу пәнiнің соңғы тақырыбы «Қазақстан экономикасыныңжаңа кезеңдегі макроэкономикалық мәселелері » коллоквиум түрінде өткізу жоспарланған.

5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары

Апта № Тақырыптар атауы Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастыру формалары СӨЖ үшін тапсырмалар
  Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні және әдісі Кіріспе дәріс – 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық мәселелер. Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және құралдары.
  Ұлттық есеп-шоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Талдамалы дәріс 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Ұлттық-есеп шоттар жүйесі және оның пайда болуы. Негізгі макроэкономика-лық көрсеткіштер және олардың түрлері. Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері. Баға индекстері.
  Экономикадағы жалпы тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың базалық үлгісі Жалпы шолу дәрісі – 1/2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Жиынтық сұраныс және оған әсер етуші факторлар. Жиынтық ұсыныс, оның кейнстік және классикалық үлгілері. АD-АS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
  Игіліктер нарығы. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі Мәселелі дәріс –2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Классикалық үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнстік төңкеріс. Кейнсшілдік макроэкономикалық тепе-теңдік. Тұтыну мен жинақтау функциясы. Инвестициялар және олардың түрлері. Нақты және жоспарланған шығындар. «Кейнс кресі» үлгісі. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер. Үнемділік оғаштылығы.
  Бюджет-салық саясаты Мәселелі дәріс – 2 сағат, семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Бюджет-салық (фискалдық) саясатының мақсаттары, құралдары және түрлері. Бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы. Салық мультипли-каторы. Баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы. Бюджет тапшылығы, оның түрлері және қаржыландыру әдістері. Мемлекеттік қарыз мәселесі және оны жабу жолдары.
  Ақша нарығы   Жалпы шолу дәрісі – 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Ақшаның макроэкономикалық мәні, қызметтері, агрегаттары. Ақшаға деген сұраныс және оның теориялары. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
  Банк жүйесі. Ақша-несие саясаты Мәселелі дәріс – 2 сағат, семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Банк жүйесі: Орталық банк және коммерциялық банктер. Ақша-несие саясатының мақсаттары мен құралдары. Ақша-несие саясатының түрлері мен типтері.
  Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе-теңдігі. IS-LM үлгісі Жалпы шолу дәрісі – 2 сағат, семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Біріктірілген тепе-теңдіктің мәні. IS қисығын құру. LM қисығын құру. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. Икемді баға деңгейіндегі IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие және фискалдық саясат.
  Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мәселесі Мәселелі дәріс – 2 сағат, семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Еңбек нарығының мәні, қызметтері. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Оукен заңы. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
  Инфляция және оның теориялары Мәселелі дәріс –2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы. Инфляцияға қарсы саясат.
  Экономикалық цикл және оның теориялары   Мәселелі дәріс – 1/2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Экономикалық цикл: мәні, көрсеткіштері, түрлері, себептері, факторлары. Іскерлік цикл туралы экономикалық теориялар.
  Экономикалық өсу және оның үлгілері Талдамалы дәріс – 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Экономикалық өсудің алғышарттары мен оған тән белгілер. Экономикалық өсудің үлгілері. Экономикалық өсудің негізгі көзі мен бағыттары.
  Ашық экономикадағы тепе-теңдік. Манделл-Флеминг үлгісі Жалпы шолу дәрісі – 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Ашық экономика: түсінігі, түрлері. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы тепе-теңдік. Манделл-Флеминг үлгісі.  
  Халықаралық сауда теориялары. Сауда саясаты   Жалпы шолу дәрісі – 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Халықаралық сауда: мәні, факторлары, теориялары. Мемлекеттің сауда саясаты: протекционизм және еркін сауда. Сауда саясатындағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер. Халықаралық сауда жүйесіндегі Қазақстанның алатын орны.
  Төлем балансы. Валюта бағамы Кеңес беру дәрісі – 2 сағат, белсенді семинар – 1 сағат, БӨЖ – 4/6 сағат Төлем балансы: мәні, құрылымы, баптарының өзара байланысы. Валюта нарығы. Валютаның әртүрлі бағамдары.  

6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

6.1 Негізгі әдебиет

1. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. – 355 б.

2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003. - 432 бет.

3. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. А.А. Абишева, К.А. Хубиева. – Алматы: «Экономика», 2007. – 666 с.

4. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008. – 544 с.: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).

5. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. д.э.н., проф. А.Ф. Сидоровича; МГУ им. М.В. Ломоносова. – 8 - е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2007. - 496 с. – («Учебники МГУ им. М.В. Ломоносова»).

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с. (Раздел 3: Макроэкономика; Раздел 4: Международные аспекты экономической теории).

7. Микро-, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.

8. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012 ж. 14 желтоқсан.

9. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

10. Н. Назарбаев. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласы. Астана, 2012.

11. Н. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

6.2 Қосымша әдебиет

1. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. «Макроэкономика» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау (экономикалық мамандықтар үшін) – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. 20 б.

2. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: Учебник / под ред. Тарасевича Л.С. 5-е изд.- М.: ЮРАИТ, 2004. – 656с.

3. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. Тесты: Уч. пос., 2-е изд. – М.:ДиС, 2005. – 96с.

4. Базылев Н. И. и др. Макроэкономика. Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 2003. – 190 с.

5. Введение в макроэкономику: Учебное пособие./ Под ред. М. Е. Дорошенко - М.: ЮНИТИ, 2000. – 175 с.

6. Н. Грегори Мэнкью. Макроэкономика. Пер. с англ.- М., Изд-во МГУ, 1994.-736 с.

7. Бункина М.К., Семенов В.А. Макроэкономика (Осн. эк. политики): Учебник. – Изд-во «ДИС», 1997.-320 с.

12. Кейнс Д. М. Общая теория занятости, процента и денег. (оқытушыда, электрондық нұсқа).

 

7) Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау жүргізу жоспарланады. Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) тапсырмаларының орындалу сапасына бақылау, коллоквиум және кешенді тестілеу нысанында екі аралық бақылау жүргізу жоспарланады. Қорытынды бақылау емтихан (компьютерлік тестілеу) түрінде жүргізіледі.

Ағымдық бақылау – 15%

БӨЖ тапсырмаларын орындау – 15%

Аралық бақылау:

коллоквиум – 15%

кешенді тестілеу – 15%

Ағымдық және аралық бақылаулардың жиынтығы 60%-дан аспауы тиіс.

Қорытынды бақылау – 40%

 

8) Оқу пәнінің талаптары

«Макроэкономика» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2,3 кредитті құрайды, оның ішінде 30 сағат – дәрістер, 15 сағат – практикалық сабақтар, 60/90 сағат – БӨЖ.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелік сұрақтарды талқылауға белсенді түрде араласу, негізгі әдебиет пен оқу-әдістемелік құралдар бойынша дәріс, практикалық және лабороториялық сабақтарға алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және өз уақытында орындау, бақылаудың (ағымдық бақылау, БӨЖ-ді бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау) барлық түрлеріне қатысу.

 

«Макроэкономика» пәні бойынша СОӨЖ (СРСП) тапсырмалары

 

Тақырыптар Тапсырмалар Әдебиет  
 
  Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні және әдісі Макроэкономикалық үлгілер және оларды құрудағы функционалдық байланыстар. Макроэкономикадағы уақыт факторы және күтімдер теориясы. Негізгі макроэкономикалық мектептердің постулаттары. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,5  
  Ұлттық есеп-шоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикадағы шеңбер айналым үлгісі және оның түрлері. «Жылыстау» (утечки) және «қуат беру» (иньекции). Макроэкономикалық теңдестіктер және олардың түрлері. ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі. Халықтың әл-ауқатын бағалау мәселелері. Ұлттық байлық және таза экономикалық әл-ауқат. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Экономикадағы жалпы тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың базалық үлгісі Сұраныс және ұсыныс сілкіністері, олардың пайда болу себептері. Тұрақтандыру саясаты. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Игіліктер нарығы. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. Фишердің уақытаралық таңдау теориясы. Модильянидің «Өмірлік цикл» теориясы. Фридменнің перманенттік табыс теориясы. Тұтынудың неоклассикалық теориясы. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Бюджет-салық саясаты Салықтар, олардың түрлері. Салық салу принциптері мен қызметтері. Рикардо-Барро бойынша эквиваленттілік теоремасы. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Ақша нарығы   Ақшаға деген сұраныстың монетаристік тұжырымдамасы. Бағалы қағаздар (облигациялар) нарығындағы тепе-теңдік. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Банк жүйесі. Ақша-несие саясаты Несие, оның формалары, қызметтері, принциптері. Ақша-несие саясатының беріліс (трансмиссиялық) механизмі. Ақша-несие саясатының нәтижелілігі туралы кейнстік және монетаристік көзқарастар. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе-теңдігі. IS-LM үлгісі Инвестициялық тұзақ және өтімділік тұзағы. IS-LM үлгісіндегі кейнстік, монетаристік және аралық жағдайлар. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,4,5  
  Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мәселесі Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнстік тұжырымдамалары. Фридменннің табиғи жұмыссыздық теориясы. Беверидж қисықтары. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Инфляция және оның теориялары «70 ережесі шамасы» теориясы. Инфляциялық салық. Оливер-Танзи әсері. Оукен заңы және Филлипс қисығының формуласы. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Экономикалық цикл және оның теориялары   Циклдік толқулардың таралу механизмі: мультипликатор-акселератор әсері. Мемлекеттің антициклдік макроэкономикалық саясаты. Монетаристік бағыт. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Экономикалық өсу және оның үлгілері «Жаңа экономика» және экономикалық өсу мәселелері. Э. Фелпстің «қорланудың алтын ережесі» теориясы. Экономикалық өсудің қазіргі заманғы үлгілері. НӘ: 1,2,3,4,5,6,8   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Ашық экономикадағы тепе-теңдік. Манделл-Флеминг үлгісі Макроэкономикалық тепе-теңдіктің формалары мен шарттары. Ішкі және сыртқы тепе-теңдік. НӘ: 1,2,4,5,6   ҚӘ: 1,2,5  
  Халықаралық сауда теориялары. Сауда саясаты   Меркантилистер мен физиократтардың халықаралық сауда туралы тұжырымдамалары. Джон Стюарт Милльдің халықаралық сауда теориясы. М. Портердің «ұлттық бәсекеге қабілеттілік ромбы» үлгісі және кластерлер. Бәсекеге қабілеттілік индекстері. НӘ: 1,2,3,4,5,6   ҚӘ: 1,2,3,4,5  
  Төлем балансы. Валюта бағамы Төлем балансының тапшылығы мен дағдарысы. Төлем балансын мемлекеттік реттеу. Фискалдық және монетаристік саясат нәтижелері. НӘ: 1,2,4,5,6   ҚӘ: 2,4,5  

 

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. – 355 б.

2. Макроэкономика: оқу құралы / жалпы ред.басқ. Ә.Ә.Әбішев, К.А.Хубиев.-Алматы: Экономика, 2008.- 368 б.

3. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: оқу құралы / М.Ә. Тілеужанова.- Алматы: Экономика, 2008.- 512 б.

4. Курс экономической теории: учебник – 6-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2012 – 880 с. (Раздел 3: Макроэкономика; Раздел 4: Международные аспекты экономической теории).

5. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. д.э.н., проф. А.Ф. Сидоровича; МГУ им. М.В. Ломоносова. – 8 - е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2007. - 496 с. – («Учебники МГУ им. М.В. Ломоносова»).

6. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008. – 544 с.: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).

7. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. А.А. Абишева, К.А. Хубиева. – Алматы: «Экономика», 2007. – 666 с.

8. Селищев, А.С. Макроэкономика: открытая экономика. Причины экономического роста. Динамика рынков: учебник / А.С. Селищев.- 3-е изд.- СПб.: Питер, 2005.- 464с.

 

Қосымша әдебиет

8. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. «Макроэкономика» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау (экономикалық мамандықтар үшін) – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. - 20 б.

9. Киселева, Е.А. Макроэкономика.Экспресс-курс: учебное пособие / Е.А. Киселева.- М.: Эксмо, 2008.- 384с.

10. Микро-, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.

11. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. Тесты: Уч. пос., 2-е изд. – М.:ДиС, 2005. – 96с.

12. Мэнкью Н.Г. Принципы макроэкономики: учебник для вузов / Н.Г. Мэнкью; пер. с англ.- 2-е изд.- СПб: Питер, 2006.- 576 с.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)