АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Физика-математика факультеті. Информатика және есептеуіш техника кафедрасы

Читайте также:
  1. Физика-математика факультеті

Информатика және есептеуіш техника кафедрасы

 

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының

4 курс (VІII семестр)

студенті Әлжан Жансая Қонысбайқызы

Дипломалды практикасына арналған

ЕСЕБІ

 

Ақтөбе- 2015 ж.

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................3

I тарау Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер

1.1 Мәліметтер қоры модельдері және оның құрылымы.......................5

1.2 Web-қосымшаларында мәліметтер қорын құру ерекшеліктері...........11

1.3 “Қасиеттері кәдігулі емес материалдар” бойынша мәліметтер.............15

1.4 “Қасиеттері кәдігулі емес” мәліметтер қорын интернетте жариялау......20

II тарау Қосымшаны құруда қолданылатын инструменталды құралдар

2.1 HTML гипермәтіндік тілі.............................................................................23

2.2 PHР (Personal Home Page) – сценарийлерді құру серверлік тілі...............31

2.3 MySQL мәліметтер қорының сервері...........................................................35

III тарау – “Қасиеттері кәдігулі емес материалдар” қосымшасының сипаттамасы.

 

3.1. Қосымшада қолданылған компоненттер...........................................
3.2. Программа құрылымына сипаттама..................................................
3.3. Қолданушыға нұсқау..........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

 

Кіріспе

 

Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейін көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуға жағдай жасады. Табиғи кен байлықтарды өндіру, олардың сипаттамасы, қасиеті жағынан ерекшелігі, қоғамда қолданылатын орны қазіргі заманда қарқынды дамуда.

Техника немесе техникалық жүйелерді (ТЖ) жасақтау технологиясы тәжірибесінде, көп жағдайларда жоғары деңгейлі тұтыныс қасиеттері бар ТЖ, ол кей-кездерде жаңа ТЖ-лар жасалатын материалдардың ерекше қасиеттері бар болып келеді.Басқаша айтқанда олардың пайда болу механизмі, жойылуы, сақталуы, тұрақты қалпын сақтауы, өзгерістері, концентрациясы, изотропия және басқа да қасиеттері.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы – “Қасиеттері кәдігулі емес материалдар” тақырыбы бойынша мәліметтер қорын құру.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қасиеті жағынан ерекше материалдардың көбі әлі анықталмаған, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, олардың санатталуы толық емес және пайдалану технологиялары жасақталмаған. Мұндай кемшіліктер және жүйелі түрге келтірілген ақпараттық ресурстардың болмауы инновациялы техникалық шешімдер қабылдауды қиындатады. Біздің ойымызша, қазіргі заман талабына сай ерекше қасиетті материалдарды пайдалану тауар өндірісінің толық бір саласының қарқынды дамуына әсер етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – жинақталған өндіріс орындарына аса қажетті көптеген материалдардың табиғатта бар екендігін көрсету және оны өндіріс мамандарына ұсыну. Өйткені олардың өндіріс орындарындағы мамандар мен қарапайым тұтынушыларға да пайдасы зор.

Есептің қойылымы. “Қасиеттері кәдігулі емес материалдар” бойынша мәліметтер қорын құру. Ғылым мен техниканың әр түрлі салалары бойынша материалдар жинақтап, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Атап айтқанда, Нанотехнология, Химия, Биология, Физика және т.б. ғылым салаларынан қасиеттері анықталмаған кәдігулі емес материалдар тауып, олардың қасиеттерін талдау, еліміздің пайдалану мүмкіндігіне жарату жолдарын қарастыру.

Зерттеу мақсаты. Қасиеттері кәдігулі емес материалдардың қазіргі кезде өндіріс салаларында алатын орны ерекше. Осындай материалдарды зерттеп қана қоймай, олардың сипаты, қасиеттері мен өндірістерге қажеттілігін ескере отырып, ақпарат көздерінде веб-қосымшада көрсету арқылы өнеркәсіп адамдарына ұсыну.

 

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қосымшада пайдаланылған бағдарламаға қатысты кейбір мәліметтер бар.

Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, есептің қойылымы, зерттеу мақсаты көрсетілген.

Бірінші тарауда “Мәліметтер қоры туралы жалпы түсініктер” деген тақырып бойынша, мәліметтер қоры модельдері мен оның құрылымы, web-қосымшаларында мәліметтер қорын құру ерекшеліктері, “Қасиеттері кәдігулі емес материалдар” бойынша мәліметтер және “Қасиеттері кәдігулі емес” мәліметтер қорын интернетте жариялау туралы қарастырылған.

Екінші тарауда “Қосымшаны құруда қолданылатын инструменталды құралдар” тақырыбы бойынша, HTML гипермәтіндік тілі, PHР (Personal Home Page) – сценарийлерді құру серверлік тілі және MySQL мәліметтер қорының сервері туралы айтылған.

Үшінші тарауда “Қасиеттері кәдігулі емес материалдар” қосымшасы құрылымына сипаттама берілген. Содан соң қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

Қасиеттері кәдігулі емес материалдар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Яғни, Д.Н.Жедяевскийдің[1]жұмысында келтірілгендей ерекше қасиеті бар материалдарды пайдалану тауар өндірісінің толық бір саласының қарқынды дамуына әсер ету мысалдары жиі кездеседі. Осы тақырып бойынша дипломдық жұмысымды кеңінен талқыланып, жүзеге асуда. Жиналған материалдардың кейбіреулері ұсынылып отырған жұмыстың негізін құрайды. Сонымен қатар, су шаруашылығына қатысты кейбір ерекше құбылыстарды назарларыңызға ұсынғым келеді.

1. Кері қайтымды қасиеті бар материал. Жозер Фуре атындағы француз университетінің бір топ ғалымдары қыздырған кезде қатайып, ал салқындаған кезде қайтадан еритін материал құрамын тапты. Бір қызығы қыздырған кезде қатаятын сұйық бұрыннан дабелгілі болатын. Мұндай құбылыс полимерлеу кезінде өтетін. Бірақ, оған кері құбылыс ешқашан белгілі болған емес. Мұндай ерекше қасиеті бар құбылыс суға араластырылған альфациклодекстрин мен 4-метилпиридиндер ерітінділерімен өтеді.

Қалыпты жағдайда бұл гомогенді мөлдір сұйық, ал 45-75 градус Цельсийде қыздырылғанда ол сүт шақылеттес ақ түсті қатты денеге айналады. Бір күйден екінші күйге көшу температурасы құрамына байланысты.

Денені салқындатқан кезде, ол қайтадан сұйық қалпына келеді. Бұл құбылыстың өтуі екі органикалық заттар мен су молекулаларының сутектік байланыстары арқылы өтеді.

Қазіргі заманғы технология жасанды түрде судың құрылымын жасауға мүмкіндік береді. Лаборотория жағдайында суды қолданып, соя өсімдігінің өсу сәтінде фотон энергиясын қалыптағы суға қарағанда, алты есеге күшейткен.

Судың бұл қасиеттерін ерте дүние ғалымдары да байқаған және бағалаған. Ол Леонардо да Винчидің мына сөзінен анық көрінеді: «Жер бетіндегі тіршіліктің бәрі судан, тіршілік – жандандырылған су».

Судың ерекше қасиеттеріне Ресей ғалымдары да ұзақ уақыттардан бері көңіл аударып келеді. Академик В.И.Вернадский «Су жан-жақты және Жер бетінде ол құрамына енбейтін немесе құрамына әсер етпейтін дене немесе минерал жоқ» деп, судың Жер бетіндегі тіршілік үшін қаншалықты маңызы барлығын атап өткен.

 

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)