АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Шабанбай Би ауылы

Читайте также:
  1. АЛМАТЫ 2014

Ауылым –алтын бесігім.

Шабанбай Би ауылы.

 

Ә. Ермеков атындағы мектепішілік мұражай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылымыздың бүгінгі келбеті

Мәдени ошақтар.

Еліміздегі бірде-бір мұражай, бірде-бір галерея, бірде-бір театр жекешелендірілетін нысандардың тізіміне енгізілген жоқ,- деп мәлімдеді жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов. Оның айтуынша, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің жанынан құрылған комиссияның шешімімен 25 мәдени мекеме жекешелендірілетін нысандар тізімінен алынып тасталған. «Бұл мәселені құзырлы комитеттің жанынан құрылған комиссия аса ыждаһаттылықпен қарады. Өйткен себебі, бұрынғы тізімге шығармашылық және мәдениет үйлері енгізілген болатын. 31-ші қазандағы отырысында аталған комиссия осы мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, 25 нысанды жекешелендіру тізімінен сызып тастады. Демек, олар сатуға шығарылмайды деген сөз. Оларға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қандай да көмек берілуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе кейінге қалдырылды»,- деп мәлімдеді Эдуард Өтепов.Төрағаның айтуынша, Қаржы министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, мәдени нысандарды тиімді басқару саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің халықаралық тәжірибесін зерттеуге кірісіпті. Алайда, әлемдік тәжірибеде де бұл бағытта бірыңғай саясат жүргізілмейтін көрінеді. «Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мәдени мекемелер қалай жұмыс істейтінін білмек болып, көптеген шетелдік әдебиеттерді, статистикалық сандарды, ақпараттарды шолып шықтық. Бірақ аталған нысандарды басқаруға қатысты бірыңғай саясат, кеңес деген жоқ екен. Барлық елдердегі мәселе біреу ғана: қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Егер бюджеттен мұндай нысандарға жеткілікті деңгейде қаражат бөлінбесе, әрине олар жұрт ойлағандай жоғары деңгейде жұмыс істей алмайды. Мәселен, Үндістандағы Тәж-Махал мавзолейі, Берлиндегі Жеңіс бағанасы, Канададағы ұлттық мұражайды алайық. Бұлардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істейді. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрлігі қазір осы мәселенің ұңғыл-шұңғылына дейін үңіліп жатыр. Өйткені, мәдени мекемелер толыққанды жұмыс істеп, халыққа пайдасын тигізуі үшін мемлекет пен жеке меншік сектордың бірлескен іс-әрекеттері қажет екені сөзсіз»,- деп қосты Э. Өтепов. Айтпақшы, бұған дейін Алматыдағы «Қазақфильм» АҚ-ы, Мемлекеттік цирк, Республика сарайы сияқты ірі-ірі мәдени нысандардың жекешелендіруге шығарылуы туралы алып-қашпа әңгімелердің болғаны рас. Алайда, «Хабар» телеарнасынан берілген тікелей көрсетілім барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың өзі Республика сарайының Алматы әкімшілігінің коммуналдық меншігінде екенін және ол жекешелендірілетін нысандар тізіміне енбейтінін хабарлады. «Бұл жерде «Республика сарайы» ЖШС-інің 100 пайыздық акциясы бәсекелестік ортаға шығарылады. Бұл кәсіпорын Республика сарайына қызмет көрсетеді»,- деді министр.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметіндегі басқосуда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақфильм» АҚ-ның 49 пайыз акциясы жекешелендіруге шығарылғанын, бірақ жұрттың көбі жекешелендіру мен сенімді басқаруға беру дегенді шатастырып алатынын мәлім етті. «Қазақстан Үкіметі бекіткен 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, «Қазақфильмнің» 49 пайыз акциясы жекешелендіруге шығарылған болатын. Бірақ бұл мәселенің нақты шешімі 2016 жылға қалдырылды. Өйткені, бұл шараға мұқият дайындалуымыз керек. Сонымен қатар, «Қазақфильм» тәрізді мемлекет үшін маңызы аса зор нысан жекешелендірілмейді, тек сенімді басқаруға беріледі. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтеповтың өзі біздің жолдаған хатымызға осындай жауап жазды»,- деді министр журналистердің сауалына жауап қайырып.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)