АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Магниттік дискілер

Читайте также:
  1. Электромагниттік тербелістер

Магниттік дискілер ақпаратты тасымалдаушылардың магнитті машиналық түріне жатады. Оларда есте сақтау ортасы ретінде, магниттелінудің екі бағытын – екі магниттік күйді, тіркеуге мүмкіндік беретін, арнайы қасиетке ие магниттік материалдар қолданылады. Бұл күйлердің әрқайсысына сәйкесінше екілік цифрлар: 0 және 1 қойылады. Дискіден магниттік күйлерді оқу арнайы тетікпен (головка) жүзеге асырылады. Магниттік дискілер ДК-лерде ақпаратты сақтау қондырғыларының ішіндегі кең тараған түрі. Магниттік дискідегі ақпараттарды оқу мен жазуға арналған қондырғы дискі ендіргіш деп аталады.

Иілгіш магниттік дискілердің диск ендіргіштері

Иілгіш магниттік дискіде магниттік қабат иілгіш негізінде жасалынады. Өлшемдеріне қарай иілгіш магниттік дискілер (дискеттер) 3,5 және 5,25-ге бөлінген. Қазіргі жағдайда тек 3,5 дюймдік дискілер қолданылады. Жазба үшін қолданылатын жақтарының санына және тығыздығына байланысты дискеттер келесі маркировкалы және сыйымдылықты болады:

DS/DD-екіжақты (Double Sides), бірлік тығыздықты (Single Density), 360 КБайт.

DS/DD-екіжақты (Double Sides), екілік тығыздықты (Double Density), 720 КБайт.

DS/HD-екіжақты (Double Sides), жоғары тығыздықты (High Density), 1,44 МБайт.

DS/2HD-екіжақты (Double Sides), 2есе жоғары тығыздықты (2High Density), 2,88 МБайт.

Дискеттерде ақпараттарды сақтау үшін ол алдын-ала форматталған болуы қажет. Дискеттерді форматтау – бұл дискіде ақпараттық жазбаларды орналастыру аймақтарын және жазбаға жарамсыз бөліктерді, сол сияқты басқа да басқарушы ақпараттарды анықтауға арналған, оның бетіне арнайы белгілер түсіретін жазу үрдісі.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Қазіргі ДЭЕМ-ларда көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кезде шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650–700 Мб, яғни оған 650-700 миллион символ сияды. Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады.

Магниттік дискілер пен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер жатады.

Стример -таспа түріндегі қондырғылар. Стримерлер –мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стример картриджі кәдімгі магнитофонның кассетасына ұқсайды, бірақ ол әлдеқайда орнықты жасалған. Стримерге арналған магниттік таспалардың көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Жүйелік дискета - операциялық жүйенің файлдары сақталынатын дискета.

Магниттік дискіде мәліметтерді сақтаудың физикалық ұйымдастырылуы

Дискінің жақтары

Дискінің екі жағының болуы оның ең маңызды сипаттамасы болып табылады. Бұл жағдайда мәліметтерді оның екі жағына да жазуға және оқуға болады. Жүйеде оның бірінші жағын 0 нөмірілі, ал екінші жағын 1 нөмірлі деп қарастырады. Қатты дискілер, әдетте жазуға арналған бірнеше беттен тұрады, олар пластиналар деп аталады. Бұл пластиналар бір оське құрастырылған және қатты дискінің корпусына бекітілген; олардың әрқайсысының екі беті бар. Жақтардың белгіленуі мынандай: бірінші пластинаның бірінші бетіне 0 нөмірі, екіншісіне-1, екінші пластинаның бірінші бетіне 2 нөмірі, ары қарай солай жалғаса береді. Қатты дискінің дискеттерінің әрбір жақтары мен пластина жақтарының әрбірі үшін өзінің жазбаларды оқитын бастары болады.

Жолдар

Қатты диск пластиналарының немесе дискеттің әрбір жағы жолдар деп аталады. Ақпараттар магниттік бетке концентрлік шеңбер тәріздес жолдарға жазылады.


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)