АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Архивті ашу

Читайте также:
  1. Архиваторлар
  2. Архивация
  3. Магниттік дискілер
  4. ПГК информатика
  5. Файлдарды архивтеу

1. Архивтелген буманы таңдап, жанама мәзірді ашу.

2. Мәзірден Extract to ПГК-МИН\ пунктін таңдау.

3. Архивтелген буманың аты өзгерместен бейархивтеліп түріне енеді де, таңдалған архивтелген буманың маңына орналасады.


6 Дәріс. ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР

 

Құрылғыларды бір-бірімен байланыстыратын жүйелер мен сигналдарды, пайдаланушы адам мен компьютердің қарым-қатынасын, техникалық, программалық құралдар жиынтығын және техникалық өзара келісімдерді интерфейс деп атайды. (inter- өзара, face-бет).

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалық жабдықтардың көмегімен шешіледі.

Программалық жабдықтар - ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі, олар сервистік программалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер т.б.) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді (2-сурет), олар:

1) жүйелік программалық жабдықтар;

2) қолданбалы программалар пакеті.

 

 

 

 


2-сурет. Программалық жабдықтар тобы

 

Жүйелік программалар - ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады.

Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны.

 

3.1. Жүйелік программалық жабдықтар

Жүйелік программалық жабдықтарды бірнеше топқа жіктеугеболады:

1) операциялық жүйелер, ОЖ-нің қоршаулары;

2) драйверлер, утилиттер, антивирустық программалар;

3) сервистік программалар;

4) диагностика және бақылау программалары;

5) Жүйелік программистердің аспаптық жабдықтары.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программамен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге: МS DОS, WINDОWS 98, WINDОWS 2000, WINDОWS NT, WINDОWS XP, ОS/2, UNІХ, LINUX, т.б. жатады. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін, иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады.

Драйверлер. Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларының арасында мәліметтерді алмастыру драйверлер деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады (driver-жүргізуші, басқарушы). Әр сыртқы құрылғының өз жұмысын басқаратын арнайы программасы (драйвері) бар.

Утилиттер. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық (вирустарға қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (сығу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

 

3.2. Қолданбалы программалар пакеті

 

Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мақсатта пайдаланатын программалық жабдық және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдық әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Әмбебап программалық жабдық тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды, немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алады. Әртүрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:

- мәтін редакторлары;

- графикалық редакторлар;

- электрондық кестелер;

- оқыту және ойнау программалары;

- ақпараттық жүйелер және т.б.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місrosoft Word, РаgеМаkег, Word Реrfect т.б. жатады.

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады.

Графиктік редакторлар графиктік ақпаратты дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.

Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Ms Раіnt, СоrеlDrаw, Grаf-іn-thе-Вох, PhotoShop, AutoCad, РС Illustrator т.б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuреrСаlс, QuatroРго, Ехсеl сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дeрдeгі қызықты кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі ақпараттық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады.

Әмбебап программалық жабдықтың дамуының арқасында күрделі шоғырландырылған (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Еureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

Қолданбалы программалар арасындағы ерекше топқа қолданбалы программаларды даярлаудың аспаптық жабдықтары (инструментальные средства) жатады.

Аспаптық жабдықтар - басқа программалар мен автоматтандырылған жүйелерді даярлау үшін программалаушылар пайдаланатын программалар мен программалық кешендер.

Дербес компьютерде кең тараған аспаптық жабдықтарға VISUAL ВАSІС, TURBO РАSСАL, DELPHI, С++ және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір мәселелер тобын шешуге өте қолайлы.

Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату - өндірісті жүргізу заңдылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Дербес компьютердің архитектурасы деп нені айтамыз?

2) Дербес компьютер неше бөлімнен тұрады?

3) Жүйелік блок қандай элементтерден тұрады?

4) Аналық тақшаға қандай жабдықтар орналастырылған?

5) Компьютердің шеткері құрылғыларының қандай түрлері бар?

6) Процессор дегеніміз не?

7) Қазіргі заман процессорының жұмыс жылдамдығы немен өлшенеді?

8) Компьютердің ішкі жады қандай еске сақтау құрылғыларынан тұрады?

9) Жедел жадтың қызметі қандай?

10) Тұрақты есте сақтау құрылғысының көлемі қандай?

11) Дебес компьютерде жадтың қандай түрлері пайдаланылады?

12) BIOS программасы қандай есте сақтау құрылғысында орналасқан?

13) BIOS программасының атқаратын қызметі қандай?

14) BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі қайда орналасқан?

15) Модем құрылғысы не үшін қажет?

16) Басқаруға арналған манипулятор деп нені айтамыз?

17) Қандай құрылғы мәліметті шығару үшін қолданылады?

18) СD-RОМ құрылғысының атқаратын қызметі қандай?

19) Стримердің атқаратын қызметі қандай?

20) Бейнеадаптердің атқаратын қызметі қандай?

21) Енгізу/шығару порттары не үшін қажет?

22) Компьютердің сыртқы жады деп нені айтамыз?

23) Компакт-дискілердің қандай ерекшеліктері бар?

24) Магниттік диск түрлері қандай?

25) Интерфейс дегеніміз не?

26) Компьютерлер қай операциялық жүйеде жұмыс істейді?

27) Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?

28) Электрондық кестелер қандай қызмет атқарады?

29) Драйвер дегеніміз не?

30) Утилиттер дегеніміз не?

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)