|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Популяция экологиясы – демэкологияПопуляция дегеніміз-бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция- бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда-халыұ, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады. 16. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық көрсеткіштері: саны, тығыздығы және биомассасы, жастық, жыныстық құрамы. Популяция – бір түрге жататын, жекеленген генетикалық жүйе құрайтын бірыңғай абиотикалық факторлары бар кеңістікте тіршілік ететін даралар жиынтығы. Мысалы, қорқау қасқырлар популяциясы. Популяция саны – берілген территориядағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны. Мысалы, Семей орман резерватында 458 дана тиіндер мекен етеді; Бұл көрсеткіш тұрақты емес, оның өзгеруіне келесілер әсер етеді: көбею, өлу және миграция интенсивтілігі. Популяция тығыздығы – популяция алған кеңістіктегі аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралардың орташа саны. Мысалы, 1 м3 суда 5млн хлорелла даралары кездеседі. Оптималды тығыздық - популяцияның территорияны тиімді пайдалануымен қатар популяцияішілік функцияларын жүзеге асыруы кезіндегі жағымды көрсеткіш. Биомасса- бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері. Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы мен жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ырғағы және мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін. Жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жаңару жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді: Ø Жаңадан туылған; Ø Жас-өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген; Ø Жартылай ересек-жыныстық жетілуге жақын; Ø Ерсек-жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар; Ø Қартайған-көбеюге қабілеті жоқ даралар. 17. Популяцияның кеңістікте орналасуы және сипаттамасы: кездейсоқ, бірқалыпты және топтық. Популяцияның кеңістіктік құрылымы уақыт бірлігінде келесі факторлар әсерінен өзгеріске ұшырап отырады: маусымдық өзгерістер, даралар саны, популяция жасы және т.б. Популяцияның кеңістікте таралуы: Бірқалыпты. Бұл таралым даралар арасындағы қатты бәсекелестік кезінде байқалады. Екі дара бір-бірімен кездесу жиілігі өте төмен. Диффузионды: Даралар біртекті ортада шашырап орналасады. Орман жамылғысында тіршілік ететін бүйлер, май қоңызы және т.б. тән. Конгреционды. Су және құрлық-ауа экожүйелеріне тән кең тараған орналасу түрі. Құстар тобыры, балықтар, қасқырлар тобы және т.б. 18. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туу, өлім, тіршілік үшін күрестің қисықтары, өсу жылдамдығы. Олли принципі: Әрбір жанурдың түрі бойынша түрдің оптималды тығыздығы болады. Туылу көрсеткіші - көбею нәтижесінде белгілі бір уақыт аралығында жаңадан дүниеге келген даралар саны. Өлім көрсеткіші -белгілі бір уақыт аралығында популяция ішінде өлген даралар саны. Өсім темпі - уақыт бірлігіне шаққандағы популяция дараларының орташа өсімі (50 жылда N қаласы халқының саны 17% -ға өсті). 19. Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция саны өсімінің реттелуі. Экспоненциалды өсім -популяция тығыздығы бір бағытта (жоғары қарай) келеңсіз фактор туындағанға дейін өсе береді. Бұл ретте популяцияның биоткалық потенциалы толығымен жүзеге асады. Бұл типтегі қисық кейбір микроағзаларға тән, мысалы, біржасушалы балдырлар. Логистикалық өсім. Популяция санының логистикалық өсуінің темпі оның тығыздығының артуы барысында азаяды. Яғни, популяция алғашқысында баяу өсіп, кейін өсуін жылдамдатады. Мұндай секірмелі даму кезінде даралар санының артуына бөгет болатын орта факторлары популяцияны тұрақтандырады. Барлық ірі ағзалар осы типпен өсетіні айқындалған. 20. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. Популяция тығыздығының белгілі бір оптимумы болады. Осы оптимумнан ауытқу пайда болғанда оны реттеудің популяция ішілік механизмдері іске қосылады. Популяция тығыздығының өсуі көптеген бунақденелілердің дараларының мөлшерінің кішіреюімен, өнімділігінің төмендеуімен, дернәсілдері мен қуыршықтардың өлімінің артуымен, даму жылдамдығының өзгеруі, жыныстық қатынасының өзгеруіне әкеледі де, популяцияның белсенді бөлігін кемітеді. Популяция тығыздығының шектен тыс артып кетуі каннибализм құбылысын туғызуы мүмкін.Каннибализм кейбір балықтарда, қосмекенділерде және жануарларда байқалады. Популяция ішілік реттеуші механизмге эмиграция жатады. Эмиграция-берілген ареалдың қолайсыздау бөліктеріне популяцияның бір бөлігінің орын ауыстыруы. Популяция тығыздығы оптималды деңгейден төмендеген жағдайда олардың көбеюі кезіндегі өнімділігі артып, ерте жыныстық жетілуге әкеледі. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |