АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

VII. ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ __________________________________

Читайте также:
  1. A (частота встречаемости 50), B (частота встречаемости 39), C (частота встречаемости 18), D (частотавстречаемости 49), E (частота встречаемости 35), F (частота встречаемости 24).
  2. A CLOSE SHAVE: где Громит и Шон спасают всех
  3. A formula - formulae (formulas), a crisis - crises, a criterion - criteria, an index - indices, a bacterium — bacteria, an axis — axes
  4. A global effort to keep food prices from soaring higher
  5. A LIST OF LITERATURE USED AND RECOMMENDED
  6. A radioactive disintegration. Kinds of radioactive radiation
  7. A REVIEW OF THE FOOD AND BEVERAGE MARKET IN KAZAKHSTAN
  8. A) Listen to the recording of Text Five and mark the stresses and tunes, b) Repeat the text in the intervals after the model.
  9. A) Listen to the recording of Text Four and mark the stresses and tunes, b) Repeat the text in the intervals after the model.
  10. A) Listen to the recording of Text One and mark the stresses and tunes, b) Repeat the text in the intervals after the model.
  11. A) Listen to the recording of Text Six and mark the stresses and tunes, b) Repeat the text in the intervals after the model.
  12. A) Listen to the recording of Text Two and mark the stresses and tunes, b) Repeat the text in the intervals after the model.

Орындаушы (лар)

Филология ғылымдарының кандидаты,

АқӨМУ доценті _________ М.Т.Күштаева

(қолы)

 

«_____» _______________2015 ж.

 

 

Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі

Филология ғылымдарының докторы,,

профессор _______ К.К.Садирова

 

«_____» _______________2015 ж.

 

 

ІІ. КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

_____ хаттама «____» ___________________ 2015 ж.

ІІІ. РЕЦЕНЗЕНТ

 

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент ______ М.Балтымова

(қолы)

ІҮ. ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА

БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

№ ______ хаттама «___» _____________________2015 ж.

 

V. Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНДА БЕКІТІЛДІ

№ ______ хаттама «___» _____________________2015 ж.

 

ҮІ. АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2015__ жыл

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл

VII. ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ __________________________________

АЛҒЫ СӨЗ

«Қазақ диалектологиясы» - курсы филологиялық білім жүйесінде кәсіби дейгейдегі тіл маманын даяплауда маңызды рөл атқаратын лингвистикалық пәндердің бірі.

Белгілі бір диалектілік ортасы бар және өз облысы маман даярлайтын жоғарғы оқу орындары қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін оқу әдістемесіне мақсатты түрде көп назар аударғаны абзал.Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды. Диалектілердің өздері де уақыт өте өзгереді, говордан тыс өзара ықпалдың әсері болады. Ондай өзгерісті тіл тарихының арнайы саласы – тарихи диалектология зерттейді.Диалектологиясыз әдеби тіл тарихы да жасалмайды, себебі әдеби тілдің өзі де жергілікті диалектінің,

говордың негізінде дамиды.

Пәннің мақсаты – Қазіргі қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері мен говорларын, яғни негізгі тілдік матералдарын білдіру, таныстыру.

Пәннің міндеттері:

- Қазақстанның шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік елдімекендеріндегі сөздердің өзара айырмашылықтарын түсіндіру;

- жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру;

диалектологияның негізгі салалары олардың ерекшеліктерін көрсету;

- диалектологияғатән терминдерді игерту;

- диалектология мен олардың мағыналық түрлерін анықтау;

- диалектологияның даму заңдылықтарын көрсету;

- диалектологияның тәсілдерін анықтау және олардың жасалу жолдарын көрсету;

1-дәріс. Тақырып: Диалектология туралы жалпы түсінік. Қалыптастыру тарихы, негізгі мәселелері

Жоспар:

  1. Диалектология пәнінің мақсат-міндеттері.
  2. Қазақтың халықтық тілінің қалыптасу тарихы, негізгі мәсеелері
  3. Диалект, говор, наречие терминдері.

Қазақтың халықтық тілінің қалыптасу тарихы туралы мәселе қазақ халқының өзінің қалыптасу мәселесімен байланысты екендігі. Қазақ халқының шығу тегі, рулары мен тайпаларының құрамы, Орта Азия мен, Сібір және Қазақстан жерінде ежелгі тайпалық мемлекеттердің құрылуында жеке тайпалардың тарихи рөлі. Халықтық тілдің қалыптасу жолындағы екінші саты болып табылатын кейбір ежелгі тайпалық диалектілердің белгілерін анықтау. Сонымен қатар қазақтың халықтық тілінің қалыптасуы жолындағы үшінші немесе соңғы саты «халыққа аса ұқсас» тайпалық одақтардың тілдері немесе диалектілері.

Қазақ тілінің тура жолмен қалыптаспағанын қазақ тілінің өзінде және оның ерекшеліктерінде сақталып қалған дыбыстық элементтер мен грамматикалық тұлғалар.

Қазақ халқының этникалық құрамы жайындағы материалдар мен зерттеулер.

Қазақ халқының этникалық, яғни ру-тайпалық құрамы туралы, неғұрлым ірі көне қазақ тайпаларының этникалық құрамға кіретіні туралы, кейбір көне тайпалардың тілі туралы, қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы, халықтың қалыптасуымен байланысты қазақтың халық тілінің қалыптасу жайын түсіндіру туралы мәселелер. Қазақ тайпалары және олардың генетикалық туыстығы туралы жалпы мәліметтер. Қазақтың халықтық негізін құраған басты тайпалар мен тайпалық одақтардың тарихы. Үйсіндер. Дулаттар. Арғындар. Алшындар. Жалайырлар. Керейлер мен керейттер. Наймандар мен қытайлар. Қоңыраттар. Меркіттер, бекиндер, бекулдер және бекделдер. Қаңлылар. Қыпшақтар.

Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы – диалектология (герк. Dialektos – сөйлеу, лебіз, logos – ілім) деп аталады. Диалектологияның міндеті – қазiргi қазақ тiлiнiң жергiлiктi тіл ерекшелiктерi мен говорларын, яғни негiзгi тiлдiк материалдарын танып-білу. Сондай-ақ жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ білгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект – тығыз территориялық, әлеуметтік не профессионалдық қатынаста болатын адамдар қолданылатын тілдің бір түрі.

Диалектизмдер - әдеби тілге енбейтін, территориялық диалектілерге тән тіл ерекшеліктері. Диалектизмдердің түрлері: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық.

Говор – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін.

Наречие – негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай болып келген говорлардың жиынтығы.

Қазақ тіліндегі диалектілерді зерттеу мәселесі профессор С.Аманжоловтың есімімен байланысты. Ол «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» деген докторлық диссертациясын 1948 жылыдың басында қорғады. Бұл еңбекте қазақ тілі дара қалпында алынбай, басқа да көптеген түркі тілдерімен салыстыра зерттелген. Сонымен қатар қазақ халқының ертедегі және кейінгі тарихы, этнографиясы, мәдени мұрасы терең, кең көлемде қамтылды. С.Аманжолов «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты еңбегін 1957 жылы баспаға дайындап берді.

«Қазақ диалектологиясы» оқулығының алғашқы басылымы 1967 жылы жарық көрді. Бұл оқулыққа С.Аманжолов, Ж.Досқараев және тағы басқа зерттеушілердің осы саладағы еңбектері көп жеңілдік келтірген. Кейін оқулықтың екінші басылымына оқыту тәжірбиесінің кейінгі жылдардағы талабына сай кейбір түзетулер, қосымшалар енгізілсе, үшінші рет 1991 жылы

Ғ.Қараев, Ш.Сарыбаевтардың өңдеуімен қайта басылған.

Әдістемелік нұсқауы: Диалектология ғылымы жөніндегі көлемді еңбектермен танысу. Ғылым жөнінде жүйелі ой қалыптастыру және мән-мағынасын түсіну. Қазақ диалектологиясының зеттелу тарихын қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

1 Диалектология ғылымының міндеттерін атаңыз.

2 Диалектология ғылымының зерттелу қажеттілігі неде?

3 Диалект, говор, наречие терминдеріне түсінік беріңіз.

4 Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихын баяндаңыз.

5 Қазақ диалектологиясы сөздігіне тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, І. А.,1959.

2 Қазақ тiлi тарихы мен диалектологиясының мәселелерi. А.,1958-1963, I-V шығуы.

3 Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. А.,1991.

 

2-дәріс. Тақырып Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы. Түркітанушылар қазақ тіліндегі диалектілер туралы.

Жоспар:

  1. Түркітанушылар қазақ тіліндегі диалектілер туралы.
  2. Н.И.Ильминский, В.В.Радлов,М.Терентьевтің қазақ диалектілері туралы зерттеулері.
  3. Қазақ тіліндегі диалектілерді зерттеу мәселесі профессор С.Аманжоловтың есімімен байланыстылығы

 

Ұлы Қазан төңкерісіне дейін түркітанушылар мен миссионер-ғалымдар қазақ тілінің құрлысын зерттеуі. Н.И.Ильминскийдің қазақ диалектілері туралы зерттеулері. Оның пікірінің қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың көзқарастарымен үндес келуі.

В.В.Радловтың зерттеулері. В.В.Радловтың негізінен шығыс облыстардан жиналған материалдары. Оның қазақ тілінде диалектілер жоқ деген пікірінің шындыққа жанаспауы.

М.Терентьевтің грамматикасы. Н.И.Ильминский материалдары бойынша құрастырылған аталған грамматиканың сөйлеу тілімен салыстырылуы.

П.М.Мелиоранскийдің зерттеулері. Ы.Алтынсариннің зерттеулері және оның өзектілігі.

Оңтүстік сөйленістер тобы.

О.Нақысбеков классификация бойынша бұл топқа 6 сөйленіс кіреді.

Олар: 1 Жетісу сөйленісі – Алматы (Талдығрғанмен қоса) обылысының жерін қамтиды. 2) Шу сөйленісі - Жамбыл облысының жерінқамтиды. 3.Шымкент сөйленісі – Шымкент облысының жерін қамтиды. 4. Қызылорда сөйленісі – Қызылорда облысынан күн шығысынан бастап Түркістанға дейін Сыр бойын қамтиды. 5. Ташкент сөйленісі - Өзбекстан Республикасының Ташкент, Бұқара облысын қамтиды. 6. Тәжік сөйленісі – оған Тәжіксатан республикасындағы қазақтар мекендеген аудандар жатады.

Батыс сөйленістер тобы.

Ә. Нұрмағанбетовтың классификациясы бойынш бұл топқа 5 сөйленіс кіреді. Олар: 1 Орталық сөйленіс – Атырау, Орал облыстарын,Ақтөбе облысының Шалқар мен Ырғыздан басқа аудандарын, Қостанай облысының жетіқара ауданы, Рессейдің еділ бойындағы (Астархан, Волганрад, Сартов облыстар мен қалмақ автономиялы республикасындағы) қазақ аудандарын қамтиды. 2) Маңғыстау сөйленісі – Маңғыстауц облфысының жерін қамтиды. 3) Арал сөйленісі - Ақтөбе облысының Шалқар,Ырғыз аудандарын Қызылорда облысының Арал мен Қазалы, Қармақшы аудандарын қамтиды. 4) Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі – Қарақалпақстанның оңтүстік аудандарын қамтиды. 5) Түркіменстандағы қазақ сөйленісі – Түркіменстандағы қазақтар мекен деген аудандары қамтиды.

Шығыс сөйленістер тобы.

Ж. Болатовтың классификацмиясы бойынша 5 сөйленіс кіреді. Олар: Аягөз сөйленісі. Оған Семей облысының бірқатар оңтүстік-шығыс аудандары (Аягөз, Ұржар, Мақаншы, Ақсуат, Көкпекті) және шығыс қазақстан облысынң кейбір аудандары (Зайсан, Тарбағатай) жатады. 2) Өскемен сөйленісі: Оған: Шығыс Қазақстан облысының Большенарым, Марқакөл күрішім, Қатон қарағай т.б аудандары жатады. 3) Қошаған сөйленісі. Оған: Ресидің таулы-Алтай автономиялы облысындағы қазақтардың тілі жатады. 4) Баян-Өлгий сөйленісі оған. Монғолияның Баян - Өлгий, Хобда аймақтарында тұратын қазақтардың тілі жатады. 5) Шыңжан сөйленісі. Оған Қытай халық республикасындағы Шыңжан өлкесінен келген қазақтардың тілі жатады.

ОрталықҚазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін жинап зерттеу жұмысының басталғанына жартығасырдан артық уақыт өтсе де, ортолық-солтүстік сөйленістер тобын жасайтын Арқа (солтүстік қазақстан, Көкшетау, Павладар, Қарағанды обылыстары және Қостанай мен Семей облыстарының кейбір аудандары өңір) қазақтарының тілі осы күнге дейін толық зерттелмей келеді. Оған: 1) Алғашқы кезде зерттеуші кадрлардың жеткіліксіздігі, 2) Солтүстік-шығыс диалектісі әдеби тілдің негізі деп есептеу себеп болды.

Қазан ревалюциясына дейінгі зерттеулер. Қазақ диалектологиясы – Қазан ревалюциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары 70 жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнәнде диалектология шұғылдану 1930 жылдардан аяқ-шенінен басталады. Содан бері республика аудандарында жылма-жыл ғылыми экспидетциялар шығарылып қазақ тілінде диалектілік ерекшелікер білдірерліктей көлемде материал жиналды. Диалектілік,ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәсеолелерін көтеріп кейбір қортындылар мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары өқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.

Кеңес дәуіріндегі зерттелуі.

Қазақ тіліндегі жергілікті диалектіліердің арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.

Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы – ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді. Оның «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылы 9-наурызындағы санында «Тіл туралы» деген көлемді мақаласы жарияланған». Автор: «Газет журнал бетінде кейбіреуле «Кітап сыны» джеп сөз жазады. Өзі білмейтін өз жерінде жоқ бір сөз тауып алса, «Мынау әлде кімнің тілі» деп жатырқайды. Бұл дұрыс емес, себебін айтайық. Қазақтың әр елінде, әр губерниясында өздері ғана қолданатын өзге елдер білмейтін сөздер бар. Мұны ілім тілінде «Жергілікті тіл» деп атайды» дей келі, бір жерде киіз, әдейі, түндік, аула, терте // жетек, ершік, көпене// көмеле//мая, құдағй, енді біржерде осы сөздер кигіз, әтейі, түңлік, қора,әғлөп, сүтөлке, скрт, құдағай, болып айтылатын сөз етеді.

Қазақ тіліндегі диалектілерді зерттеу мәселесі профессор С.Аманжоловтың есімімен байланыстылығы.

С.Аманжолов, Ж.Досқараев және тағы басқа зерттеушілердің осы саладағы еңбектері.

Проф. С.Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуымен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтар мен, жүздермен байланыстырып қарайды. Маркс пен Энгльс тиайпалар одағы халыққа ең таяу басқыш болып табылады деген белгілі қағидасына сүйене отырып, қазақ жеріндегі үш жүз үш тайпалық одақ ретінде қазақ біртұтас халық болып құрылғаннан көп бұрын, 7-9 ғарасындың арасында қалыптастьы деп қортынды жасайды.

Ж. Досқараев Қазақ тіліндегі диалектілер туралы.

Ж. Досқараев екі үлкен сөйленістер тобы бар деп көрсетеді. 1) Оңтүстік-шығыс сөйленістер 1 Жетісу сөйленісі – Алматы (Талдығрғанмен қоса) обылысының жерін қамтиды. 2) Шу сөйленісі - Жамбыл облысының жерінқамтиды. 3.Шымкент сөйленісі – Шымкент облысының жерін қамтиды. 4. Қызылорда сөйленісі – Қызылорда облысынан күн шығысынан бастап Түркістанға дейін Сыр бойын қамтиды. 2) Солтүстік-батыс сөйленістер тобы. Оған Батыс Қазақстан,Гурев, Ақтөбе, Қостанай,Қарағанды, Цилиноград,Павладар, Солтүстік Қазақстан облыстарымен Қызылорда облысының батыс аудандарындағы (Қазалы, Аралт.б) және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызады

Әдістемелік нұсқауы: Әр ғалымның айтқан пікірлерінің дұрыс-бұрыстығын саралай білу. Олардың диалектілерді қалай жіктегендіктерін түсіне оқу. Өзіндік пікір қосу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 2006.

2. Досқараев Ж. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. 2-бөлім. Лексика. Алматы: Ғылым, 2004.

3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал). Алматы, 2005.

4. Қалиев Ғ. Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Оқулық. Алматы, 2002.

 

3-дәріс. Тақырып: Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы

Жоспар:

1.Диалектілерді жан-жақты зерттеудің маңыздылығы

2. Диалектілерді зерттеу мәселесі әдеби тілдің жетілуімен байланыстылығы

3. Қазақ диалектологиясының зерттелуі мен қалыптасуына өз үлесін қосқан ғалымдар еңбектері

4. Қазіргі кезеңде қазақ тілі диалектілерінің зерттелуі

Төңкерістен бұрынғы кезде қазақ тілі қолданбалы тар мақсат үшін зерттелген, зерттеу нәтижесін тек шығыс тілдерінің жекелеген әуесқойлары пайдаланғаны туралы. Қазақ тілінің туысқан республикалардың біреуінің мемлекеттік тілі болуы және осы мақсатта зерттелуі туралы. Қазақ тілінің практикалық тұрғыдан ғана емес, теориялық тұрғыдан да зерттелуі қажеттігінің тууы.

Диалектілерді жан-жақты зерттеудің маңыздылығы әдеби тілді нормаландыру талабынан, газет-журнал, көркем және ғылыми әдебиет беттерінде сөз қолданудағы әр түрлі бұрмалаушылықпен күресу қажеттілігі.

Диалектілерді зерттеу мәселесі қай жағынан да әдеби тілдің дұрыс дамып жетілуімен байланысты екендігі.

С.Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілер туралы. Профессор С.Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырып қарайды. Қазақ жеріндегі тайпалардың қоныстанған жері, шаруашылық ыңғайы, шығу тегінің жақындығына қарай ерте замандардан-ақ өзара жіктеле бастағаны тарихтан белгілі. Осылайша тайпалардың одағы болып табылатын жүздер келіп шыққан. Мұның өзі тілге әсер етіп, әр жүздің өз ішінде тілдің де бірыңғайлылығы қалыптаса бастады. Сөйтіп, үш жүздің қалыптасуымен үш жергілікті диалект пайда болды. Бұл үш тайпалық одақтың тілі даму барысында кейін бір-біріне жақындап, біртұтас қазақ тілінің қалыптасуына негіз, ұйтқы болды деген тоқтамға келеді. Автор жергілікті халық өміріне тән өзгерістер (шаруашылық, әдет-ғұрып т.б) мен көрші тілдердің әсерінен де тіл ерекшеліктері туғанын ескертеді.

Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиет үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С.Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар мыналар: а) оңтүстік диалектісі – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды; ә) батыс диалектісі – Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды; б) солтүстік-шығыс диалектісі – Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

Ж.Досқараев қазақ тіліндегі говорлар туралы. Ж.Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді: 1 Оңтүстік-шығыс говорлар тобы. Бұған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары, сондай-ақ Талдықорған облысының оңтүстік-батыс аудандарындағы (Талдықорған, Киров, Қаратал т.б.) және Қызылорданың оңтүстік-шығыс аудандарындағы халық тілін жатқызады. 2 Солтүстік-батыс говорлар тобы. Бұған Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Целиноград, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Қызылорда облысының батыс аудандарындағы (Қазалы, Арал т.б.) және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызады.

Бұл говорлық топтардың өзара айырмасын білдіретін фонетика, лексика, грамматика салаларындағы тілдік белгілерге тоқталады.

Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілер туралы диалектілер турал ы. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелірне көңіл бөлген ғалымның бірі – проф. Н.Т. Сауранбаев. Н.Т Сауранбаев өз еңбектерінде тіл тарихына байланыстыра отырып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің пайда болуы, жалпы сипаты жайында бірсыпыра пікір айтты. Ол пікірлер мынаған тіреледі. Қазақ тіліндегі қазіргі диалектілік ерекшеліктер ХҮ ғасырдан кейін, яғни қазақтың біртұтас халық тілі қалыптаса бастаған кезде, пайда болған. Бұл ерекшеліктер өзінің сипаты, тараған көлемі жағынан ерте кезде қазақ жерінде болған ру-тайпалар жігіне сай келмейді. Әрине, бұған қарап Қазақстан жерінде көне замандарда болған, қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпа тілдерімен қазіргі қазақ тілінің тарихи байланысын біржола жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, халық тарихындағы, тілдегі кейінгі замандарда болған өзгерістердің нәтижесінде бұл байланыс қазіргі күнде байқалмайтындай дәрежеге жеткен.

Диалектілер мен говорлардың сипаты және өзара қатынасы тіл дамуы тарихының барлық кезеңдерінде бір қалыпты болуы мүмкін емес. Қоғамдық-экономикалық жағдайларға және басқа халықтармен қарым-қатынас сипатына байланысты тілдегі диалектілік белгілер өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ тіліндегі осы күнгі диалектілік ерекшеліктер – Қазақстанның әр түрлі аудандарындағы жергілікті халықтың қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өміріндегі өзгерістерге байланысты кейіннен қалыптасқан құбылыстар. Міне, проф. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, пайда болуы туралы пікірі негізінен алғанда осындай.

Проф. Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілерді фонетикалық өзгешелікке – ш орнына ч, д орнына л айтылуына – қарап екі үлкен топқа бөледі: а) Қазақстанның солтүстігі мен батыс облыстарындағы ш, д диалектілер тобы; ә) Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ч, л диалектілер тобы.

Бұл екі негізгі дыбыстық алмасудан басқа тараған белгілі территориясы жоқ, жалпылама айтыла беретін алмасулар бар екенін көрсетеді. Оған с/ш, т/д, м/б, п/б сияқты алмасуларды жатқызады. Дегенмен, бұл алмасулардың бәрі бірдей қазақ тілінде жалпылама айтыла бермейтінін, кейбіреуінің тараған территориясы белгілі екенін ескерткен жөн, мысалы, с/ш алмасуы оңтүстік-батыс аудандарда айтылады.

Бұдан әрі Н.Сауранбаев тараған территориясы белгілі дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерге тоқталады. Бірақ бастапқы екі дыбыстық алмасудай емес, олардың неғұрлым шағын көлемді қамтитынын ескертеді.

Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі говорлар туралы. Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді говорлық сипатта деп қарап, оның екі түрін көрсетеді: ауыспалы говор және жергілікті говор.

1) Ауыспалы говор. Оған «басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлегіне ауысып, басқаларына тарамаған тіл ерекшелігін» жатқызады.

Автор қазақ тілінде ауыспалы говорлар бар екендігін дұрыс көрсеткенмен, олардың пайда болуын бір жақты түсіндіреді.

Біріншіден, тілдегі говорлардың, оның ішінде ауыспалы говорлардың пайда болуында басқа тіл элементтері бірден-бір басты белгі бола алмайды. Олар көбінесе жеке сөз түрінде кездесіп, говордың өзіндік ерекшелігін лексика саласында ғана білдіре алады. Қай говордың болсын негізгі ерекшеліктері жергілікті жердің өзінде қалыптасады және олар тек лексикадан тұрмайды, белгілі мөлшерде дыбыстық, грамматикалық құрылысты да қамтиды.

Екіншіден, ауыспалы говор басқа тілдің әсері тиген жерде ғана пайда болады деу дұрыс емес. Ауыспалы говор бір тілдің өз ішінде де пайда бола алады.

2. Жергілікті говор. Автор жергілікті говорды жасайтын арна ретінде бұрынғы ру, тайпа тілдерінің қалдығы мен белгілі территорияда ғана қолданылатын дублетті сөздерді көрсетеді. Алғашқысы бұрынғы «тайпа диалектісінің қалдығымен», кейінгісі «жергілікті экономикалық жағдаймен» байланыстырылады. Оған түрліше географиялық, жан-жануар, өсімдік атаулары мен кәсіптік сөздердің әдеби тілге енбейтін дублеттері жататыны айтылған.

Қазіргі кезеңде қазақ тілі диалектілерінің зерттелуі.

Қазақ тілінің диалектілерінің зерттелуі 1934 жылға дейін дұрыс қолға алынбауы. Қазақ тілінің диалектілерін зерттеудің маңыздылығы жөнінде С.Е.Маловтың және Н.К.Дмитриевтің көзқарастары. Алматы қаласының маңынан жиналған материалдар. Оңтүстік Қазақстан облысының маңынан жиналған материалдар. Қостанай облысынан жиналған материалдар. Қызылорда облысынан жиналған материалдар. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданынан жиналған материалдар. Аталған материалдар негізінде зерттеулер жүргізудің маңыздылығы.

Әдістемелік нұсқауы: Әр ғалымның айтқан пікірлерінің дұрыс-бұрыстығын саралай білу. Олардың диалектілерді қалай жіктегендіктерін түсіне оқу. Өзіндік пікір қосу.

Бақылау сұрақтары:

1 С.Аманжоловтың қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болуы жөніндегі пікірі қандай?

2 С.Аманжоловтың қазақ тіліндегі диалектілерін қанша топқа бөледі?

3 Ол диалектілердің қандай ерекшеліктерін атайды?

4 Ж.Досқараев говорлық топтардың айырмасын білдіретін қандай тілдік белгілерді көрсеткен?

5 Т.Сауранбаевтың диалектілік ерекшеліктер туралы пікірі қандай?

6 Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі говорлар туралы не дейді?

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, І. А.,1959.

2 Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. А.,1991ж.

3 Қазақ тiлi тарихы мен диалектологиясының мәселелерi. А.,1958-1963ж, I-V шығуы.

4-дәріс Тақырып: Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл.

Жоспар:

1. Диалектілік ерекшеліктер, түрлері

2. Қазақтың ұлт тілі қазақ халқының ұлт болумен байланысты тіл білімінде ұлттық тілдердің үш түрлі негізден туындайтыны:

3. Қазақ тілінің ұлттық сипатта дамуының негізгі тармақтары

4. Тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен говорлардың алатын орны.

Диалектілік ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде көп мөлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрлыс кезінде тайпаның сөйлеу тілі болған. Демек диалекті дегеніміз жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс емес. Ф Энгльс тайпа мен диалект жөнінде: «Тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалектісі болды. Шындығында тайпа мен диалект бір-біріне сай келеді», - дейді. Тайпа өз ішіндегі адамдардың көмегіне байланысты бөлшектеніп одан енді бірнеше жаңа тайпа бөлініп шығады. Бөлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі территория жағынан қашықтап олардың әр қайсынысның тұрмысында содай-ақ тілінде өзіндік ерекшеліктер пайда болады. Осылайша бастапқы бір тұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпа тілі (диалектілер) жасалды.Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі бір тарихи жағдайларға, қоғамдық экономикалық фармацияның ауысуына байланысты. Кейбір тарихи жағдайлар қоғамдық экономикалық формациялар жергілікті диалектілердің дамуына, тілдегі диалектілік ерекшеліктердің молайуына қолайлы болды. Кей тарихи жағдайлар диалектологияның дамуына кері әсер етті. Ұлттық әдеби тілдің дамып қалыптасуы диалектілк ерекшеліктердің азайуына, диалектілердің қызмет ету аясының таралуына ерекше әсер етті. Халық ағарту ісінің мәдениеттің алға басуы, баспа сөздің телерадио хабарлардың кең тарауы жергілікті диалектілерге әдеби тілдің әсерін арттыратын бірден-бір фактор болып табылады.

Қазақтың ұлт тілі қазақ халқының ұлт болу мен байланысты тіл білімінде ұлттық тілдердің үш түрлі негізден туындайтыны көрсетілген: 1) тілдік белгілері бірыңғай, құрылымында айрмашылық жоқ бір диалект негізінде; 2) бірнеше диалектінің шоғырланып бірігу негізінде; 3) диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлану негізінде. Қазақтың ұлттық тілі тегінде осы айтылғандардың екінші түрі яғни қазақ жеріндегі өз ара туыс бірнеше диалектінің шоғырланып бірігу жатқан тәрізді. Шоғырланған диалектілерді бірнеше ғасыр бойы дамуы нәтижесінде қазақтың ұлт тілі қалыптасқан.

Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі ұлттық сипатта дамуы үш негізгі тармақтан тұратынын көрсетеді. Олар: 1) әр түрлі стилдік салада қолданылатын жазба және ауызша түрлері бар әдеби тіл. 2) жергілікті және әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен сөйленістер. 3) жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі. Ұлт тілінің бұл айтылған үштармағын тек кейінгі заманда пайда болған деп қарауға болмайды. Оның негізі халық тілі негізінде қалыптасқан. 15-16 ғасырлармен 19 ғасыр бірінші жартысндағы дамыған қазақтың халақ тіліде үш тармақтан: А) аызша әдеби тілден Ә) жергілікті диалектілер мен сөйленістерде Б) аузекі сөйлеу тілінен құралған. Бірақ халықтық және ұлттық тілдер дәрежесінен қарағанда бұл тармақтардың мәні, көлемі мен қызметі бірдей болмайды. Халық я ұлт тілінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғаи сипатта болған емес. Олар пайда болу жағынанда, жалпы халықтық әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылу жағынан да әр түрлі болып келеді. Олар тіл білімінде жергілікті және әлеуметтік диалектілер немесе говорлар болып екіге бөлінеді. Жергілікті диалекті дегеніміз белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің бөлігі, тармағы.

Жергілікті диалектілерді зерттеу маңызы деп белгілі бір қоғамдық топтағы адамдардың я арнаулы кәсіппен шұғылданушылар тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз. Тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуы, тіл тарихында алатын орны ұлттық әдеби тілге қатысы тұрғысынан алғанда, олардың біраз айырмашылықтары бар:

1)Белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлар сол тілге тән жалпы белгілерді сақтай отырып, бір-бірінен фонетикалық, марфологиялық, синтаксистік және лексикалық жағынан түрліше ерекшеліктерге ие болады. Ал әлеуметтік диалектілер негізінен алғанда әдеби тілдегі немесе жергілікті халық тіліндегі жалпыға бірдей дыбыстық, грамматикалық құрылысты және сөздік құрамды пайдаланады. Олардың ерекшелігі арнаулы сөздер мен ерекше тіркестерді және кейбір синтаксистік тәсілдерді жиі қолданылатын көрінеді.

2) Жергілікті диалектілермен говорлардың территориясын таралған көлемі мен шегін белгілеуге болады. Ал диалектілерді қамтитын тұрақты территориясы жоқ. Себебі бір жердің өзінде әртүрлі кәсіп адамдары әлеуметтік топтар болуы мүмкін

3) Тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен говорлардың алатын орны зор. Шындығында жергілікті диалектілермен говорларды зерттемейінше халық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдер мен қалыптасу тарихын толық білу мүмкін емес. Ұлттық тілде кейде әдеби тілде жергілікті диалектіні говорлардың негізінде дамиды. Мысалы, орыстың ұлттық әдеби тілі Масква говорының, ағылшынның ұлттық әдеби тілі Лондон диалектісінің, Италияның ұлттық әдеби тілі Тоскан говорларынң негізінде жасалғаны белгілі.

Тілдегі диалектілер мен говорлар диалектология мәселелерін шешу үшін ғана зерттелмейді. Диалектілерді, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білудің тіл тарихын зерттеуде, халық тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық та, практикалық та мәні зор.

Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілдің даму заңдылықтарын жете түсіну үшін, қазіргі тілдегі жеке котегориялардың тарихын зерттеу керек. Бұған қажетті материалдар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ерекшеліктерде, көне нұсқаларда, туыстас түрік тілдер және осы күнгі халық тіліндегі өзінде, оның жергілікті диалектілері мен говорлары нда жатыр.

Мектепте тілден, әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдер үшін диалектология ны білудің практикалық мәні бар. Бірінші кластан бастап мектепте тәрбиеленетініне, оқу құралдарының әдеби тілі үлгісінде жазылатынына қарамастан, мектеп оқушыларының, қазіргі жастардың кейбіреулерінің тілінде жергілікті халық тілі әсерінен туған қарапайым сөздер, диалектизмдер, тіпті жаргондық сипаты бар элементтер де кездеседі. Сондай-ақ шығарма, мазмұндама, диктант т.б. жазу жұмыстарындағы кейбір қателер де жергілікті диалектілердің ықпалынан туады.

Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ тілі сөздіктерін, оның диалектологиялық картасын, атыласын жасауға, тіл байлығын жинап пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Қазір халық шаруашылығының жеке салаларында әдеби тілді байыта түсетін жергілікті кәсіби сөздер аз емес. Қазақ әдеби тіліндегі өндіріс-шаруашылық лексикасының әлі де қалыптасып болмаған процесс екенін ескерсек, халық тілі говорларын түбегейлі, жан-жақты зерттеу аса қажет екені өзінен-өзі түсінікті.

Бақылау сұрақтары

1 Диалектологияның зерттелу тарихын түсіндіріңіз?

2. Әлеуметтік диалект дегеніміз не?

3 Жергілікті диалектілерді зерттеу маңызы қандай?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 2006.

2 Досқараев Ж. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. 2-бөлім. Лексика. Алматы: Ғылым, 2004.

3 Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал). Алматы, 2005.

4 Қалиев Ғ. Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Оқулық. Алматы, 2002.

 

5-6-дәріс Тақырып: Әлеуметтік диалектілер

Жоспар:

1.Әлеуметтік диалектілер мен ұлттық тіл

2. Кәсіби сөздер

3. Жаргондық сипаты бар сөздер

4. Арготизм

Қазақ тілі сөздік құрамының аясы өте кең. Ол қазіргі әдеби тілде қолданылып жүрген сөздер, сөйлеу тіліндегі лексикамен диалектілік лексиканы қоса қоғамдағы әр түрлі топтардың тіліндегі арнаулы сөздерді де қаимтиды. Ол әлеуметтік диалектілер деп аталады.

Әлеуметтік диалектілер жергілікті халық тілінде болғандықтан, көп жағдайда жергілікті говорлық, диалектілік ерекшеліктермен ұштасып жатады. Говорлардағы лексикалық өзгешеліктерінің қалыптасу себептерінің бірі жергілікті жердегі шаруашылық, кәсіп түрлерімен байланысты.

Біз әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипаты бар сөздерге ғана тоқталамыз.

1. Кәсіби (профессионалдық) сөздер. Бұлар жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, өндіріс еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кәсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе олардың өздеріне ғана түсінікті болады. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің түрі мол. Оларды кәсіптік, өндірістік сипатына, қолдану жайына қарай екі үлкен салаға бөлуге болады: 1) Шағын кәсіпке, ұсақ мамандыққа (балықшылық, өрімшілік, зергерлік, тоқымашылық т.б.) байланысты кәсіби сөздер. 2) Ірі кәсіпшілік, өндірістік сипаттағы кәсіби сөздер. Олардың молырақ кездесетін түрлері: егіншілік, диқаншылық (астық, бау-бақша, мақта, темекі, т.б.) балық кәсібі, тау-кен өндірісі, мал және аңшылық шаруашылықтарына байланысты.

2. Жаргондық сипаты бар сөздер. Тілде жергілікті диалектілер мен кәсіби сөздерден басқа жаргондық сипаты бар сөздер де болады. Жаргон, арго (фр. сөзі) – шағын ғана әлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздері мен сөйлемшелері. Оны кейде таптық диалект деп те атайды. Жаргондардың өз алдына сөздік қоры, грамматикалық құрылыс болмайды.

3. Арготизм. Аргода жаргон сияқты жалпыхалықтық сөздер шартты түрде әдейі бұрмаланып айтылады. Бірақ арго жасырын әрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған сөздер.

Кәсіби сөздер ұлттық әдеби тіл лексикасының дамып жетілуіне, толығып отыруына үлес қосады. Мәселен, тек ауыл шаруашылығы саласына қазіргі кезде әдеби тілге еніп, бүкілхалықтық сипат алып кеткен кәсіби сөздер аз емес. Мысалы: дақыл, қозапая, шиіт, жүйек, құлпынай, шөгінді, күнбағыс, көшет, бағбан.

Қазақ тілінің өз сөздерінен термин жасауда да кәсіби сөздердің зор мәні бар. Бұлар терминдік лексиканы қалыптастыруда негізгі арналардың бірі болып табылады. Әрине, кәсіби сөздердің барлығы дерлік ғылыми термин болап қалыптаса бермейді. Олардың ішінен тек баспасөз арқылы әдеби тілге еніп, ғылыми ұғымдарды білдіру талабына сай келетіндері ғана термин бола алады.

Әдістемелік нұсқауы: Ұлттық тіліміздегі әлеуметтік диалектілердің рөлі, әлеуметтік диалектілер, кәсіби сөздер, жаргондар, арготизмдер туралы түсінік қалыптастыру. Жаргондар мен арготизм сөздерінің айырмашылығын білу. Кәсіби сөздердің термин сөздерге тигізер әсерін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1 Ұлттық тіліміздегі әлеуметтік диалектілердің рөлі қандай?

2 Кәсіби сөздер қалай қалыптасады?

3 Жаргондық сипаты бар сөздер дегеніміз қандай сөздер?

4 Жаргондар мен арготизм сөздерінің айырмашылығы неде?

5 Кәсіби сөздердің термин сөздерге әсері қандай?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993.

2 Досқараев Ж. Қазақ тiлiнiң жергiлiктi ерекшелiктерi. А., 1956.

3 Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. А.,1991.

4 Қазақ тiлi тарихы мен диалектологиясының мәселелерi. А.,1958-1963, I-V шығуы.

7-дәріс Тақырып: Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл

Жоспар:

1.Әдеби тіл мен диалектілердің қарым- қатынасы

2. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің диалектілік негізі бар екені туралы пайымдаулар.

3. Әдеби тілдің диалектілік негізі туралы

Тіл дамуының қазіргі сатысында ұлт тілінің жоғарғы және төменгі формалар бар. Жоғарғы формасы-қалыптасқан не қалыптасып келе жатқан әдеби тілде, төменгі формасы-халық тіліндегі диалектілер мен говорлар.Дүниедегі тілдердің бәрінде де бірінде аз, бірінде көп мөлшерде диалектілік ерекшеліктер әлі де сақталып келеді. Тіл дамуы осындай кезеңде тұрғанда, диалектілік құрлыстағы өзгерістерді есепке алмай, әдеби тілдің дамуы, қалыптасуы мәселелерін жан-жақты шешу мүмкін емес. ССРО халықтары әдеби тілдерінің совет дәуірінде даму заңдылықтарына арналып, 1962 жылы Алматыда өткен бүкілодақтық конференциядағы акад. В.В.Винаградовтың Баяндамасында бұл мәселеге ерекше мән берілді. Акад. В.В.Винаградов ССРО халықтарының әдеби (жазба) тілдерінің даму, қалыптасу процестері терең зерттеуді керек ететіндігіне баса назар аудара келіп, бұл ретте шешілуге тиісті мәселелердің бірі ретінде әдеби тілдің, жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен диалектілердің өзара байланысы, бір-біріне әсері туралы мәселелерді атап көрсетті.

Әдеби тіл мен диалектілердің қарым қатынасы жайында сөз болғанда, негізінен, екі мәселе ескеріледі бірінші, әдеби тіл мен диалектілердің бір-біріне тигізетін әсері, әдеби тілде диалектизмдерді пайдалану жайы; екінші, диалектінің әдеби тілге негіз болу жайы; екінші, диалектінің әдеби тілге негіз болу жайы. Бұл мәселелерге тоқтамас бұрын алдын ала бір ескеретін нәрсе – осылардың қай-қайсысы да қазақ тіл білімінде толық бірыңғай пікірге келіп, ғылыми негізінде түбегейлі шешілгенмәселелер емес. Бірсыпыра уақыттан бері айтылып, көңіл бөлініп жүргенімен, әлі де пікір талас аясынан аса алмай жүр.

Әдеби тілдің негізінде сөз шеберлері творчествалық жолмен дамытқан жалпыхалық тіл жатыр. әдеби тіл мен жалпыхалықтық тіл бір-біріне бүтіндей қарама-қарсы құбылыс емес. Бұл екуінің арасында тығыз байланыс бар. Сөйлеу тілінің зор табысы ретінде әдеби тіл, бір жағынан,халық тіліне, жергілікті диалектілерге өз ықпалын арттырып, қарапайым тұрпайы сөздер мен диалектизмдерді ығыстырып отырса, екінші жағынан, сол халық тілінің есебінен өзі де байып, толдыға түседі. Әдеби тіл бүкілұлттық тілдің байлығын түгелдей қамтымайтыны белгілі. Ұлттық тілдің жоғарғы формасы әдеби тілге халық тіліндегі неғұрлым дәл, айқын сөздер мен сөз тіркестер, тұрақтаған морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құрлымдар ғана кіреді.

Осы тұрғыдан қарағанда тіліміздегі сан алуан сөздің әдеби әдеби тілде жататыны да, тек сөйлеу тілінде ғана жұмсалатындары да бар Бірақ әдеби тілге кірмейтіннің бәрі бірдей диалектиз емес. Мәселен әдеби тілдегі түрлер анықталса да, сөйлеу тілінде жарыса айтыла беретін сөздер аз емес: төрт-дөрт, тізе-дізе, және жана, мағына-манаға, доп-топ т.б. Сонымен бірге әдеби нормасы айқындалмаған сөздер де бар: зәбір-жәбір, әшейін-әншейін, балуан-палуан, бәле-пәле, тілмар-ділмар,, бірдеме- бірдеңе, пенде-бенде, сопаю-сопию т.б. Бұл сияқты сөздерді тіл байытатын синонимдер деуге болмайды, себебі олар - -айтылудағы азғана өзгерісі болмаса, негізгі бір сөздер. Сондай-ақ бұларда диалектизм деуге де болмайды, өйткені белгілі бір облыста, аймақ көлемінде ғана емес, барлық жерде жаппай айтыла береді, жалпыхалықтық сипаты бар. Дегенмен, сөздердің айтылуындағы мұндай тиянақсыздық әдеби тілдің нормалауына нұсқан келтіреді, сол себептен оларды бір ізге түсіру керек.

Қазақ говорларында кәдеге жарайтын, тіліміздің, лексикамыздың баюына қажетті, ал әдеби тілде баламасы жоқ сөздер кездеседі. Мысалы, мал егіз тапса, егіз дейміз, үшеу, төртеу тапса, оны бір сөзбен атайтын әдеби сөз жоқ. Ал Ақтөбе, тағы басқа облыстарда мұны үшен (үшем), төртен дейді. Еркектің көйлегін де, әйелдің көйлегін де көйлек дейміз, АлЖетісу тұрғындары әйелдердің көйлегін көйлек дейді де, еркектердің көйлегін жейде деп екеуін екі атаумен атайды. Сол сияқты зембіл (носилка), арасан (минералды бұлақ) деген сияқты говорлық атаулар бар. Әдеби тілімізді байытатын осындай сөздерді орнықтыруға, қалыптастыруға тиістіміз.

Қазақтың ұлт тілі мен ұлттық әдеби тілінің диалектілік негізі бар екенін кейбір тіл мамандары қолдаса да, зерттеушілердің бірқатары қазақтың ұлттық әдеби тілі диалектілік негізде емес, жалпыхалықтық тіл негізінде қалыптасты деп есептейді. ХІХ ғ 2-жартысында жаңа бағыттағы қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай мен Ыбырай өз шамаларын белгілі бір аймақта тән диалектінің негізінде жазған жоқ, қазақтың жалпыхалықтық тілі негізінде жазды. Абай мен Ыбырай сөйлеу тілі мен ауызекі әдебиетіндегі құнарлы сөз асылдарын шебер пайдалана отырып халық тілін жазба нормаға келтірудің нақты үлгісін жасады. Абай мен Ыбырай өз шығармаларын сол өздері туып өскен жердің тілінде – солтүстік шығыс я солтүстік батыс диалектісінде – жазып шығарады деген пікірлер дәлелсіз. Тіпті ондай диалектілердің болған-болмағаны әлі толық дәлелдеген жоқ. Міне, қазақтың ұлттық әдеби тілі жалпыхалықтық негізінде жасалды дейтін пікірдің мәні осындай.

Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халы өмірінен, халық тілінен алнатыны, оны өздерінің творчистволық едегінен өткізе отырып пайдаланатыны белгілі. Халық тілінің табиғи мүмкіншілігін ежелден қалыптасқан тілдік дәстүр негізінде меңгерген ақын-жазушылар ғана оны бұрынғысынан әрі дамыта, жаңарта, қолдану аясынган кеңейте алады. Мұның өзі тілдің сымбаттылық қасиетін, икемділігін арттыру мен бірге, дамыту процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сол себепті әдеби тіл нормаларын қалыптастыруда сөз шеберлігінің оны ерекше бағаланады.

Қазіргі қазақ тілі бүкіл қазақ халқына ортақ біртұтас қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл ортақтық, біртұтастық сөздік құрам (тек негізгі сөздік қор ғана емес) мен грамматикалық құрылыстың негізі жалпыхалықты, барлық қазақ тілінде сөйлеушілер үшін ортақ екендігіне байланысты. Бірақ тілдің біртұтастығы деген ұғым қашанда оның барлық элементтері сол тілде сөйлейтін жердің бәріне бірдей деген ұғымды білдірмейді. Тілде жалпыға бірдей ортақ элементтер және барлық аймақтарға тарамай, шағын территорияда қолданылатын бүкіл халыққа ортақ емес жеке элементтер бар. Жалпыға бірдей ортақ элементтер басым және тілдің негізін қамтитындықтан, керісінше, ортақ емес, жеке элементтер одан аз және тілдің негізін қамти алмайтындықтан, әр аймақтың тұрғындары бір-бірімен еркін түсініседі. Бұл диалектілер мен говорлардың дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктері мен лексикалық өзгешеліктері молдығына қарамастан өзара жақын екендігін байқатады.

Қазақ диалектілері мен говорларындағы ерекшеліктер құрамы, сипаты жағынан біркелкі емес. Сондықтан диалектілік ерекшеліктер тарихы, шығу төркіні жағынан екі топқа бөлініп қарастырылады:

а) Қазақ тілі мен оның говорларына тән өзіндік тума элементтер;

ә) Қазақ говорларына басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер.

Тіл білімінде диалектілер мен говорлар жергілікті және әлеуметтік диалектілер болып екіге бөлінеді.

Жергілікті диалектілер – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің бөлігі, тармағы.

Әлеуметтік диалектілер – белгілі бір қоғамдық топтағы адамдардың я арнаулы кәсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктер.

Тілдегі диалектілер мен говорлар диалектология мәселелерін шешу үшін ғана зерттелмейді. Диалектілерді, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білудің тіл тарихын зерттеуде, халық тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық та, практикалық та маңызы зор.

Әдістемелік нұсқауы: Әдеби тіл мен диалектілер жөнінде мағұлмат жинақтау. Жергілікті және әлеуметтік диалектілерге түсінік бере білу. Жергілікті диалектілерді зерттеу маңызын түсіну.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әдеби тіл мен диалектлердің қарым-қатынасы
  2. Әдеби тіл мен жалпы халықтық тіл
  3. Әдеби тіл нормалары

Пайдаланатын әдебиеттер:

5 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993.

6 Досқараев Ж. Қазақ тiлiнiң жергiлiктi ерекшелiктерi. А., 1956.

7 Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. А.,1991.

8 Қазақ тiлi тарихы мен диалектологиясының мәселелерi. А.,1958-1963, I-V шығуы.

8-дәріс. Тақырып: Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап зерттеу жолдары

Жоспар:

1.Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап зерттеудің маңыздылығы.

2.Тікелей байқау әдісі.

3.Сұрақ қою әдісі.

4.Ауыл-село жайында мәлімет жинау.

5.Диалектологиялық материалды паспорттандыру.

6. Фонетикалық транскрипция

Диалектологиялық ерекшеліктерді жинау, зерттеу жолдары әр түрлі. Олардың қайсысын қандай жағдайда қолдану зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты.

Байқау тәсілі. Халық тілінен материал жиюда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Солардың бірі – байқау тәсілі. Байқау тәсілі екі кезеңге бөлінеді: алдын ала жалпы байқау және негізгі объекті бойынша байқау.

Сұрақ қою тәсілі. Бұл тәсіл көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т.б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Сұрақ қою үстінде білгісі келіп отырған тұлғаны, не зат атауын зерттеушінің өзі айтып қоюдан сақтану керек.

Ауыл-село жайында мәлімет жинау. Материал жиюшы өзі зерттеп отырған ауыл-селоға да көңіл бөлуі керек. Оның қай облысқа, ауданға қарайтыны, дәл аты (ресми атынан басқа жергілікті аты), өзінде не маңында қандай өндіріс, кәсіп орны бар, темір жолға, қалаға, аудан орталығына алыс-жақындығы, қандай мәдениет орындары бар, олар қашаннан бері жұмыс істейді т.б. жөнінде толық мәлімет берілуі керек.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.046 сек.)