АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Syllabus

Читайте также:
  1. Syllabus

Жаратылыстану факультеті

«Экология» кафедрасы

Syllabus

Пән Экология және тұрақты даму (2 кредит)

Мамандық 050301 «Құқықтану», 5В0901 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В0813 «Көлік,көлік техникасы және технологиясы», 5В0721«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В0720 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В0703 «Ақпараттық жүйе», 5В0602 «Информатика», 5В0604 «Физика», 5В0601 «Математика», 5В0705 «Математикалық компьютерлік моделдеу», 5В0608 «Экология», 5В1340 «Дизайн», 5В0503 «Психология», 5В0607 «Биология», 5В0606«Химия», 5В0103 «Педагогика және психология», 5В0704 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», 050301 «Құқықтану», 050508 «Есеп және аудит», 050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 0505 «Менеджмент», 050509 «Қаржы», 050207 «Аударма ісі», 050205 «Ағылшын филологиясы» және филология және тарих факультеті

Курс 1 - 2

Академиялық топ экология, математика, информатика, МКМ, металлургия, дизайн, ТТТқ, мұнай – газ ісі, тау кен, тарих, қаз.фил, ҚТӘ, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, МЖБ, маркетинг, т.б.

Студент ____________________________

Оқытушы Нурмуханова Г.Е.

Койшыгулова Г.У.

Ташимова А.С.

Жаппарова Б.К.

Алмат С.К.

2014-2015 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Экология және тұрақты даму (2 кредит)

сабақ өткізілетін орын ауд. уақыты апта күндері оқытушы байл. тел email
Жаратылыстану факультеті   жұма, сейсенбі Койшыгулова Г.У.  
Техникалық факультет   сәрсенбі, жұма Ташимова А.С., Алмат С.К., Жаппарова Б.К.  
Физико-математика факультеті   сәрсенбі, жұма Алмат С.К., Койшыгулова Г.У.  
Тарих-филология факультеті   сәрсенбі, жұма Алмат С.К., Ташимова А.С.  
Экономика факультеті сейсенбі Нурмуханова Г.Е.  
Шет тілдер факультеті   сәрсенбі Жаппарова Б.К.  
Заң факультеті сейсенбі Нурмуханова Г.Е.  

ОСӨЖ уақыты Сейсенбі уақыты 1440

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ: Мазмұны мен болмысы әрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады және оның негізін «Экология және тұрақты даму» пәні құрайды.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ: Студенттерде қоршаған ортаға және өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Қазақстан тарихы,Философия, Биология, Химия,Физика, Математика,Биогеохимия

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Адам-Қоғам-Табиғат арасындағы үйлесімділік заңдылықтары, қоршаған орта, экожүйелер мен қоғамның орнықты дамуы, қоршаған орта туралы ілім, табиғатты пайдалану экономикасы, геоэкология, өнеркәсіптік экология,биоэкология, топырақтану,экологиялық білім және дүниетаным,математикалық модельдер және болжам жасау, экологиялық құқық.

Студенттер оқытылған ақпаратты бақылаушы, салыстырушы қабілетті, тәжірибеде қолдана алатын экологиялық білімді болуы керек.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.

Семинар (лаборатория) сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады..

Сонымен қатар сабақта келесідей сұрақтар қарастырылады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Ү й тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:

Мысал:

Бақылау түрлері                                 Қорытынды баллов
  Үй тапсырмасы * * * * * * * * * * * * * * *    
  Лабораториялық жұмыс * * * * * * * * * * * * * * *    
  Дәріс сабағындағы тест сұрақтары         *                 *      
  Бақылау жұмысы         *         *              
  Тест тапсырмалары           *               *      
  Жазбаша сұрақ       *                 *        
  Аралық бақылау             *               *    
  Мәнжазба, эссе…                       *          
  Презентация                         *        
  Курстық жұмыс                           *      
  Емтихан                               *  

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

баға коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,00 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
F   0-49%

СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ:

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында кіруге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар.

· Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет.

· Кейбір материалдар дәріс барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Н.М. Чернова, А.М. Былова Экология, М.: Просвещение, 1988.

2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы, Алматы: Ғылым 1997.

3. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы:Қазақ университеті, 2006.

4. Мамбетказиев Е., Сыбанбекова Қ. Табиғатты қорғау. Алматы:Қайнар, 1990.

5. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии. Алматы:Қазақ университеті, 2007.

6. Шилов и.А. Экология. М.:Высшая школа, 2001.

7. Ильин В.И. Экология. М.:Перспектива, 2007.

8. Никанаров. А.М., Хорунжая Т.А. Глобальная экология. М.;Книга сервиса, 2003.

9. Марфенин Н.Н. Концепция «устойчивого развития» в развитии/Россия в окружающем мире: 2002 (Аналитический ежегодник)/.

10. Национальные доклады о состоянии окружающей природной среды в РК в 2000-2006г.г. Алматы, 2001-2007.

11. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие. М.:УРАО, 1997.

12. Доклад конференции ООН по окружающей среде и устойчивому развитию, Рио-де-Жанейро, 1992 Том 1, Нью-Йорк, 1993.

13. Алексеев В.А. 300 вопросов и ответов по экологии/ В.А. Алексеев.- Ярославль: Академия развития, 1998

14. Акимова Т.А. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов/Т.А. Акимова, В.В.Хаскин.-2-е изд. перераб и доп..-М.. ЮНИТИ-ДАНА, 2000.

15. Бейсенова А.С., Шілдебаева Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология. Алматы: Ғылым 2001.

16. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика, 2002.

17. Ақбасова Ж.., Саинова Г. Экология. Алматы: Бастау, 2003.

18. Быков Б.А. Экологический словарь/ Б.А.Быков.-Алма-Ата: Наука, 1998.

19. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. – Алма-ата: Ана- тілі, 1991.

20. Киселев В.Н. Основы экологии: Учебное пособие/ В.Н.Киселев.-Мн: Высшая школа, 2002.

21. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учеб. пособие для вузов/Ю.В.Новиков.-М.. ФАИР-ПРЕСС, 2000.

22. Розанов С.И. Общая экология: Учебник/С.И.Розанов.-3-е., стер. –СПб.. Лань, 2003.

23. Чистякова С.Б. Охрана окружающей среды/С.М.Чистякова.-М., 1998.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Будыко М.И. Глобальная экология.-М.. Мысль, 1997.

2. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. –Алматы:Санат, 1995.

3. Саданов А.К. Сванбаева З.С. Экология.-Алматы. «Агроуниверситет», 1999.

4. Акимова Т.А..Хаскин В.В.Экология.-М.. Издательство ЮНИТИ,1998.

5. Медоуз Д.Х., Медоуз Д.Л., Рандерс Й., Беренс В.В. Пределы роста. М.:МГУ, 1991.

6. Экологический кодекс РК. Астана, 2007.

7.. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика.-Алматы:1997.

8. Концепция экологической безопасности РК. Приложение №2 к распоряжению Президента РК №2967 от 30.04.1996г./Концепцию экологической безопасности РК. 1996 №1

9. Мамбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. Алматы: Ғылым, 1998.

10. Родзевич Н.Н., Пашканг К.В. Табиғатты қорғау және көркейту. Алматы: Мектеп 1984.

11. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. Алматы: Ғылым, 1998.

ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ:

Апта Тақырып  
 
  Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе. Экология және тұрақты даму пәнінің даму тарихы, бөлімдері мен классификациясы  
  Дара организмдер экологиясы- аутэкология. Ағза және оның тіршілік ету жағдайы. Экологиялық факторлар және оларға ағзалардың реакциясы  
  Популяциялар экологиясы-демэкологиясы. Популяция құрылымдары, динамикасы, жіктелуі  
  Бірлестіктер экологиясы - синэкология. Биоценоз,биогеоценоз,экожүйе туралы түсінік. Г.Ф.Гаузе принципі. Экологиялық пирамидалар, энергия ағымы, экожүйелер динамикасы.  
  Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера функциясы. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Биогенді элементтер айналымы.  
6-7 Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптер. Рим клубы. Стокгольм конференциясы.  
8-9 Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану-тұрақты даму аспектілерінің бірі. Атмосфера, гидросфераға, литосфераға түсінік.  
  Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары. Биосфера эволюциясы және адамзат қоғамының даму сатысындағы биосфераның өзгеру сатылары.  
11-12 Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары. Жылулық эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жауын – шашындар мәселесі, шөлдену проблемасы.  
  Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары және тұрақты даму. Халық санының өсуі, урбандалу проблемасы  
  Табиғатты қорғау және тұрақты даму. ЕҚТТ, биосфералық резерваттар, Қызыл кітап.  
  ҚР тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары. Арал, Семей аймағының экологиялық мәселелері.  

Үй жұмысы

Апта

1. Экология ғылымының даму тарихын төмендегі кестеге толтырыңыз:

Жылы Авторлар Экология ғылымына енгізген жаңалығы
384-285 жж б.э.д. Аристотель  
370-285 жж б.э.д. Теофраст  
1749 ж К.Линней  
1749 ж Ж.Бюффон  
1798 ж Мальтус  
1802 ж Ж.Б. Ламарк  
1836, 1859 ж Ч.Дарвин  
1840 ж Ю.Либих  
1845 ж А.Гумбольд  
1858 ж К.Ф. Рулье  
1866 ж Э.Геккель  
1875 ж С.Зюсс  
1877 ж К.Мебиус  
1895 ж Е.Варминг  
1911 ж В. Шельфорд  
1915 ж Г.Н. Высоцкий  
1926 ж В.И. Вернадский  
1927 ж Э.Леруа  
1935 ж А.Тенсли  
1942 ж В.Н. Сукачев  
1942 ж Р.Линдеман  
1968 ж Дж.Форрестер, Д.Медоуз  
1971 ж Ю.Одум  
1971 ж Б.Коммонер  
1994 ж Н.Ф.Реймерс  

 

2. Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығын анықтаңыз.

Апта

1.Неліктен кейбір өсімдіктер қоңыржай климаттық жағдайда қалыпты вегетацияланады, бірақ гүлдемейді? Бұл құбылысты түсіндіріңіз.

2.Неліктен бөлме «гүлдері» ретінде субтропиктік және тропиктік өсімдіктерді пайдаланылады?

3. Мекен ету ортасының жағдайына қарай көк кит қандай түр?

4.Төмендегі жануарлардың қайсысының жүрегінің салмағы дене салмағының қатынасында үлкен: солтүстік бұғы (Rangifer tarandus), антилопа гну (Connochaetes sp.), піл (Loxodanta africana).

5.Толеранттылық диапазонына қарай ағзаларды топтастыруда мысал келтіре отырып, төмендегі кестені толтырыңыз:

эврибионттар   мысалы Эвригал Эвритерм Эврифаг Эврифот Эвритроф
           

 

стенобионттар   мысалы Стеногал Стенотерм Стенофаг Стенофот Стенотроф
           

Апта

1. Неліктен кейбір құс түрлерінің жұмыртқалары қаралау немесе секпіл қара (крапинка) пигментациялы, ал кейбіреулерінде бір реңді немесе ақ болып боялған?

2.Неліктен көпшілік құстардың жұмыртқасының формасы сопақша болып келеді?

3. Паразит насеком-фитофагтар иесімен бірге таралатынын белгілі, оларды су немесе жел тарата ала ма?

4. Олли принципін тұжырымдаңыз.

Апта

1.Г.Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципін тұжырымдаңыз.

2. Сандар, биомасса, энергия пирамидаларын схема, сурет түрінде көрсетіңіз.

Апта

1. Ағзаладың болжамдық қоректік тізбегіндегі жетпей тұрған звеноларды толтырыңыз?

а) бір жасушалы балдыр шаяндар→...→...→бактериялар

в) бүлдірген қоңыр аю→...→сүйіртұмсықты бақа→...→бактериялар.

2. Биогенді элементтердің айналым уақытын кестеде көрсетіңіз:

Сутегі Оттегі Көміртегі Азот Фосфор Күкірт
           

Апта

1.Экологтар екі өзенді зерттеу барысында төмендегі жағдайды анықтады: А өзені органикалық заттармен ластанған, ал Б өзені салыстырмалы таза. Балық түрлерінің құрамына анализ жасау барысында А өзенінде форель табылған, ал Б өзенінде жоқ, бұл жағдайды қалай түсіндіре аласыз? Неліктен Б өзенінде форель жоқ?

2.Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қ., Дания, 1994) туралы хабарлама дайындаңыз.

3. Тұрақты даму факторларын кесте бойынша толтырыңыз:

Тұрақты даму факторлары
Экономикалық  
Әлеуметтік  
Экологиялық  

Апта

1. ЛД50, ЛД100 нені білдіреді? Қандай жағдайда қолданылады? Мысал келтіріңіз.

2. Ландшафттың негізгі орта түзуші факторларын атаңыз?

3. Елді мекендердің, қалалық аймақтардың негізгі орта түзуші факторлары?

Апта

1. «Жеке денсаулық», «халық денсаулығы» түсініктерінің айырмашылығы неде?

2. «Адаптация» және «акклиматизация» түсініктерінің айырмашылығы?

3. Адамның әсерінен табиғаттың өзгерісін кестеге түсіріңіз:

Экологиялық компонент және оның құраушылары Өзгеру себебі
АТМОСФЕРА О2 Озон СО2 (көбеюі) Аэрозольдердің түзілуі  
ГИДРОСФЕРА Мұхит Құрлық су  
ЛИТОСФЕРА Тау жыныстары (жер қойнауынан алынуы) Топырақ жамылғысы    
ӨСІМДІК ӘЛЕМІ  
ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ  

Апта

1. Н.Ф.Реймерс бойынша табиғи ресурстарды шығу тегіне және көзіне байланысты классификациялау.

 

Ресурс атауы Түрі
  Энергетикалық а) үнемі энергия айналымына қатысатын в)жанасатын (депонированные) с) жасанды белсенді энергия көздері  
  Атмосфералық газдық  
  Су  
  Литосфера а) топырақ, жер в) геоморфологиялық с)энергетикалық емес минералды  
  Өсімдік –продуценттік  
  Консументтік  
  Редуценттік  
  Климаттық  
  Рекреациялық – антропо – экологиялық  
  Танымдық - ақпараттық  

2. ҚР бойынша минералды табиғи ресурстардың қоры және олардың иегерілуі туралы мәлімдеме беріңіз

Апта

1. Адамның тамақтану рационы жергілікті жердің климаттық жағдайы, өсімдік және жануар дүниесі ерекшелігімен байланысты ма?

2. Ауылда және қалада тұратын адамның экологиялық жағдайының айырмашылығы неде?

3. 1327 жылы оба эпедемиясынан өлім көрсеткіші жоғары болды. Дегенмен, келесі эпедемиялық аурулар тараған кезде Батыс Еуропаның материктік бөлігінде өлім көрсеткіші төмен болды, ал Лондонда әр эпедемия сайын өлім төмендеген жоқ, керісінше өсті, неліктен?

Апта

1. Тұрмыстық шудың жоғары деңгейі адам денсаулығына кері әсер ететіні белгілі. Сіз көп пәтерлі үйде шуды төмендету үшін қандай шаралар жүргізу керек деп ойлайсыз.

2. Солтүстік бұғылар тайга ормандарын өрттен қалай сақтап қалады?

3. Құлпынай популяциясын сақтау үшін сіз қандай шараны жүргізуді ұсынар едіңіз?

4. Неліктен Қызыл кітап «қызыл» деп аталады? Қызыл кітапқа түрді енгізу үшін қойылатын талаптарды атаңыз, қандай жағдайда түрді Қызыл кітаптан шығарады?

Апта

1. Сізге ұлттық паркке экскурсия ұйымдастыру жүктелді. Сіз қандай шектеулерді жүргізесіз?

2. «Табиғат күнтізбесі» дегеніміз не? Ол қайда және қандай мақсатта жүргізіледі?

3. ҚР – ның ЕҚТТ туралы хабарлама дайындаңыз және төмендегі кестені толтырыңыз.

Қорғалатын территория атаулары Құрылған жылдары Көлемі, га. Ұйымдастырудағы негізгі мақсаты
Қорықтар
  Ақсу - Жабағылы      
  Алакөл      
  Алматы      
  Барсакелмес      
  Батыс Алтай      
  Қаратау      
  Қорғалжын      
  Марқакөл      
  Наурызым      
  Үстірт      
Ұлттық парктер
  Алтынемел      
  Баянауыл      
  Бурабай      
  Іле Алатауы      
  Қарқаралы      
  Қатон Қарағай      
  Көкшетау      
  Шарын      

Апта

1.Топырақ жамылғысының дегградациялануына әкелетін әлеуметтік – экономикалық факторларды атаңыз?

2.Төмендегі «топырақ эрозиясы» кестесін толтырыңыз:

 

Эрозия түрі Түзілу себебі
  Жел (дефляция)  
  Су  
  Механикалық  
  Техногенді  

Апта

1. Құрлықтар бойынша «Үшінші әлем» елдері тізімін жазу.

2. «Үшінші әлем» елдеріндегі халық саны мен оның жастық құрылымдарын анықтау.

3.Африка континенті жағдайында халықтың тіршілігіндегі негізгі адаптациялары қандай?

4.Мешеу елдерде неліктен өлім көрсеткіші балалар арасында жоғары?

5.«Соғыстар және лаңкестік: экологиялық зардаптары» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

Апта

1. ҚР-сының экологиялық жағдайын кескін картаға бейнелеңіз?

2.Арал теңізінің ауданының тартылу процесін 1960 жылдан бастап кезеңдер бойынша кестеге түсіріңіз?

3. ҚР – сында жерасты және жерүсті ядролық сынақ жүргізілген жерлерді атап, оларды кескін картада көрсетіңіз.

4. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар түсініктеріне анықтама беріңіз.


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.027 сек.)