АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Syllabus. Мамандық5В090100-КПЖҚТҰ, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В01200-Кәсіптік білім

Читайте также:
  1. Syllabus

СИЛЛАБУС

Пән Философия (3 кредит)

Мамандық 5В090100-КПЖҚТҰ, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В01200-Кәсіптік білім, 5В011600-География, 5В011400-Тарих, 5В020300-Тарих, 5В010500-Дефектология, 5В010300-ПжП, 5В010200-БОПмӘ, 5В012300-ӘПжӨ, 5В010100-МДОжТ.

Курс 2

Аға оқытушы _ __Жолдас А. А.______

2014 -2015 оқу жылы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Философия (3 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны   Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша Жолдас А.А. 8-702-6696887 Zholdas1975@mail.ru

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу, логикалық тұрғыдан жүйелі ойлауға үйрету.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Студенттерді философиялық білімнің тарихи-философиялық процесімен, философияның негізгі теориялық мәселелерімен таныстыруға, әр түрлі танымдық стратегиялардың негізінде студенттердің бойында ғылыми дүниетанымды, өзіндік көзқарастық азаматтық позицияны және патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс:

· философияның пәні, мақсаты мен міндеттері;

· философия мәселелерінің негізгі шеңбері;

· философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсері;

· философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;

· негізгі философиялық тұғырнамаларды;

· мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін.

Істей білу:

· философияның даму тарихындағы даналықтың қызметін жан-жақты талдау;

· философиялық білімдердің, адамзат баласының рухани қызметінің мәдени аспектілерін, философия мен ғылымның байланысын, қазіргі адамзат қоғамы алдында тұрған философиялық өзекті мәселелерді талдау;

Дағдысының болуы:

· адам өмірінің мәні жайында;

· адам және оны қоршаған табиғи және әлеуметтік әлемнің, олардың арасындағы жаттану және үйлесімділік кезеңдерінің өзара қатынастарының мәнін түсінуі;

· адамзат білімінің алуан түрлі формалары жайында, ақиқат пен адамшылықтың, білім мен сенімнің, идеалдар мен нормалардың, бағыттар мен құндылықтардың қатынастары жайында түсінігі;

· жеке тұлғаның дүниеге көзқарасының, рухани дүниесінің, бостандығының және жауапкершілігінің, борышының және қоғам алдындағы міндеттерінің қалыптасуының себептерін білуі;

· адам және қоғам өміріндегі даналықтың ролін түсінуі керек, оған ұмтылып, оны танып басшылыққа алуы;

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Қоғамтану, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, тарих, логика пәндерінен алған теориялық білімдерін практикалық сабақтарда ой елегінен өткізіп, ұштастыра білуі.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: философияның негізгі даму кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін білу, философиялық білімнің фундаментальдық теориясын игеру;

гуманитарлық пәндер жүйесіндегі философияның орнын, философияның объектісі мен пәнінің спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;

ғылым және ғылыми таным туралы, оның құрылымы, формалары мен әдістері туралы, ғылым, техника және технология жетістіктерін пайдалану және дамуымен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалар туралы түсінік болу;

адамдағы биологиялық және әлеуметтік, тәндік және рухани бастаулар туралы, сананың мәні туралы, адамның жүріс-тұрысындағы саналылық пен бейсаналылық туралы түсінікке ие болу;

философиялық білімнің теоретикалық, қолданбалы, құндылықтық аспкетілерін айқындай білу, күнделікті өмірде және кәсіби өмірге қатысты практикалық шешімдерді негіздеу үшін оларды қолдану;

тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;

қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;

ғылыми талдауға, дербес және сыни ойлауға, оқу пәндерін игеру үшін белгілі бір методологиялық базасы болуы тиіс;

интеллектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке қызығушылық тудыру.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

 

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с   Модульдің атауы дәріс (сағ) семинар (сағ)   СӨЖ МӨЖ (сағ)
  І модуль      
  Философия, оның пәні мен функциялары. Мәдени-тарихи контекстегі философия      
  Шығыс мәдениетіндегі философия феномені      
  Антикалық мәдениеттегі философия      
  ІІ модуль      
  Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені      
  Исламдық ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені      
  ІІІ модуль      
  Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия      
  Жаңа заман және ағартушылық дәуір мәдениетіндегі Батысеуропалық философия      
  ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия      
  ІV модуль      
  Қазақ және ресей мәдениеті өрісіндегі философия      
  V модуль      
  ХІХ-ХХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия      
  VI модуль.      
  Онтология және таным теориясы      
  VII модуль      
  Д иалектика      
  VIII модуль      
  Әлеуметтік философия      
         

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   сағаты
  Модуль 1  
  Философия, оның пәні мен функциялары. Мәдени-тарихи контекстегі философия  
  Шығыс мәдениетіндегі философия феномені  
  Антикалық мәдениеттегі философия  
  Модуль 2  
  Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені  
  Исламдық ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені  
  Модуль 3  
  Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия  
  Жаңа заман және ағартушылық дәуір мәдениетіндегі Батысеуропалық философия  
  ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия  
  Модуль 4  
  Қазақ және ресей мәдениеті өрісіндегі философия  
  Модуль 5  
  ХІХ-ХХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия  
  Модуль 6  
11,12 Онтология және таным теориясы  
  Модуль 7  
  Д иалектика  
  Модуль 8  
14,15 Әлеуметтік философия  

Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары

Апта Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары сағаты
  Модуль 1  
  Философия, оның пәні мен функциялары. Мәдени-тарихи контекстегі философия  
  Шығыс мәдениетіндегі философия феномені  
  Антикалық мәдениеттегі философия  
  Модуль 2  
  Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені  
  Исламдық ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені  
  Модуль 3  
  Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия  
  Жаңа заман және ағартушылық дәуір мәдениетіндегі Батысеуропалық философия    
  ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия  
  Модуль 4  
  Қазақ және ресей мәдениеті өрісіндегі философия  
  Модуль 5  
  ХІХ-ХХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия  
  Модуль 6  
11,12 Онтология және таным теориясы  
  Модуль 7  
  Д иалектика  
  Модуль 8  
14,15 Әлеуметтік философия  

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

1. Философия дегеніміз не?

2. 2.Философияның мәдениеттегі орны мен ролін анықтаңыз?.

3. Буддизм – адамгешілік – этикалық ілім ретінде.

4. Тянь діні және көне Қытай философиясы.

5. Легистердің саяси – этикалық ілімі.

6. Дүниенің қозғаушы күштері: Махаббат және Өштесу.

7. Клазомендік Анаксагор.

8. Элей мектебі.

9. Ф.Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу.

10. 10.Қайта Өрлеу Дәуіріндегі утопиялық идеялар.

11. 11.Қайта Өрлеу Дәуіріндегі эстетика.

12. 12.Готфрид В.Лейбниц. Монадалар туралы ілім.

  1. Ф.Бэкон: «Жаңа Органон».
  2. И.Канттың антиномиялары.
  3. И.Фихте философиясындағы субъект белсенділігі мәселесі.
  4. Гегельдің философиясы.

2-нұсқа


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)