АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тест тапсырмалары

Читайте также:
  1. Айналым. Тест тапсырмалары.
  2. Айналым. Тест тапсырмалары.
  3. Айналым. Тест тапсырмалары.
  4. айналым. Тест тапсырмалары.
  5. Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Философия сөзінің этимологиялық мәні:

А) өмірге құштарлық; Б) ғылымға құштарлық; В) даналыққа құштарлық; Г) әділеттікке құштарлық; Д) ізгілікке құштарлық.

2. Философия қай кезде пайда болды?

А) б.д.д. ҮІ-Ү ғ. ғ; Б) б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ; В) б.д.д. ІҮ-ІІІ ғғ; Г) б.д.д. ІХ-ҮІ ғғ; Д)б.д.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.

3. Философия пайда болды және қалыптасты:

А) Көне Римде Б) Вавилонда; В) Көне Мысырда; Г)Көне Иранда; Д) Көне Грекияда;

4. «Философ» сөзін алғаш қолданған:

А) Пифагор; Б) Гераклит; В) Демокрит; Г) Платон; Д) Фалес;

5. Философияны сипаттайтын тұжырым:

А) философия – “адам-әлем” қарым-қатынасын анықтайтын дүниетаным;

Б) философия әлемді образды эмоциялық бейнелеу;

В) философия – практикадан бөлінген білім;

Г) философия ғылым туралы ғылым;

Д) философия қарапайым практикалық тәжірибеге негізделген дүниетаным;

6. Философияның негізгі мәселесінің дәл мағынасын көрсетіңіз:

А) Дүниені тану қажет пе?

Б) Философиялық бағыттардың, өз көзқарастарын насихаттау күресі;

В) Материя және сана ұғымдарын қарсы қою;

Г) Материяның бастапқы екендігі және рухтың одан тәуелділігі;

Д) Ойлаудың болмысқа қатысы;

7.Философияның негізгі мәселесі (Ф. Энгельсше)

А) ойлаудың болмысқа қатынасы; Б) бостандық пен өмір; В) әлемдегі кеңістік қандай; Г) жасанды интеллект деген не? Д) адам дегеніміз не?

8. Философияның пәні мен объектісін анықтаңыз:

А) Адам және оның әлемдегі орны; Б) Дүние – біртұтас әлем; В) Қоғамдық-тарихи процестер; Г) Әмбебап заңдар мен принциптер; Д) Табиғат және оның заңдары;

9. Философия анықтамаларының бірі

А) қоғам туралы ғылым;

Б) жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;

В) табиғатты тану;

Г) табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;

Д) аспан денелері қозғалысының теориясы;

10. Мифологиялық көзқарасқа тән емес:

А) Социоморфизм – қоғамның ерекшеліктерін табиғатқа беру;

Б) Анимизм – табиғаттың жаны бар деп түсіну;

В) Антропоморфизм – адамның қасиеттерін табиғатқа беру;

Г) Тотемизм – жалпыға бірдей арғы атаға табыну;

Д) Теоцентризм – құдайды дүниенің жаратушысы деп түсіну;

Нұсқа 2

1. Ежелгі үнді философиясына тән ерекшелік:

А) қарапайым, күнделікті дүниетаныммен тығыз байланыстылығы;

Б) діни-мифологиялық дүниетаныммен тығыз байланыстылығы;

В) ғылыми дүниетаныммен тығыз байланыстылығы;

Г) теориялық таныммен тығыз байланыстылығы;

Д) сезімдік таныммен тығыз байланыстылығы;

2. Ежелгі Үнді философиясына тән негізгі сипат:

А) Адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару;

Б) «Иоганы» денені машықтандыру мағынасында түсіндіру;

В) Салт-санаға (дәстүрлік) мән беру;

Г) Ұстаздың бет-бейнесін қайта жасауды талап ету;

Д) О дүние мәселесі, жанның көшуі.

3. Көне Үнділік қазір әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілім:

А) жайнизм; Б) йога; В) брахманизм; Г) буддизм; Д) чарвака-локоята.

4. Ежелгі Үнді еліндегі варналарды көрсетіңіз:

А) брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар;

Б) брахмандар, кшатрийлер, чарвактар, локаяттар;

В) вайшьялар, шудралар, санкхья, брахмандар;

Г) кшатрийлер, йога, миманса, вайшьялар;

Д) шудралар, брахмандар, локаяттар.

5. Нирвана дегеніміз:

А) адамның бәрі бәрінен аулақтану күйі, сананың сөнуі; Б) ақиқатқа жету; В) демалу тәртібі; Г) тірі жандардың түрлену тізбегі; Д) әлемдік ой.

6. Антикалық философия:

А) орта ғасырлар философиясы; Б) көне Үнді философиясы; В) ертегі гректер мен римляндықтардың философиясы; Г) ертедегі мысырлықтардың ілімі; Д) көнешығыстық даналық.

7. Ежелгі грек философиясының басты ерекшелігі:

А) ғарыштық орталықтық; Б) діни орталықтық; В) антропологиялық орталықтық;

Г) әлеуметтік орталықтық; Д) ғылыми орталықтық.

8. Антика философиясындағы Милет мектебінің басты мәселесі:

А) алғашқы бастауды іздестіру; Б) таным жолын іздестіру; В) өмірдің мәнін іздестіру; Г) таным өлшемдерін іздестіру; Д) құдіретті бастауды іздестіру.

9. Софистер мектебіне тән пікір:

А) субъективті ақиқат жоқ; Б) барлығына бір ғана ақиқат тән; В) ақиқат әрі объективтік, әрі субъективті болады; Г) әркімнің өз ақиқаты бар; Д) ақиқат әрқашанда нақты.

10. "Бәрі ағып, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет кіруге болмайды" - деген қағида кімдікі?

А) Гераклиттікі; Б) Фалестікі; В) Парменидтікі; Г) Зенондікі; Д) Пифагордікі.

Нұсқа 3

1. Қандай орта ғасырлық философтың айтуынша философия аяқталған жерде теология болады деп санады?

А) Бонавентура; Б) Р.Бэкон; В) Ф.Бэкон; Г) Скотт; Д) Авенариус

2. «Соңғы Римдік және бірінші схоласт» атағына ие болған ойшыл:

А) Боэций; Б) Аквинский; В) Тертуллиан; Г) Августин; Д) Эпикур

3. Тациан Грек философиясынан тысқары қандай идеяны уағыздады?

А) Дүниеге қайта келу; Б) Политеизм; В) Жалпы ой; Г) Циклдік; Д) Жалпы жан.

4. Магиялық – мистика философиясының өкілі, дәрігер:

А) Парацельс; Б) Телезио; В) Патрицин; Г) Декарт; Д) Кузанский

5. Орта ғасырлық философиясының мінездемесін көрсетіңіз:

А) Гедонистік; Б) Дінге қарсылық; В) Теоцентристік; Г) Сциентистік; Д) Антропологиялық.

6. Орта Азия философтары:

А) Омар Хайям, Оккам. Б) Скотт, Әл-хорезми; В) Р.Бэкон, Оразмский; Г) Авиценна, Әл-фараби, Оккам; Д) Әл-Кинди, Әл-Фараби;

7. «Айығу кітабы» араб-мұсылман философтарының қайсысына жатады?

А) Әл-Киндиге; Б) Әл-Фарабиге; В) Ибн-Синаға; Г)Әл-Ғазалиге; Д) Ибн-Рушдқа

8. Қазақстанда суфия философиясы қандай ойшылдың есімімен байланысты?

А) Қожа Ахмет Яссауи; Б) Мухаммед Хайдар Дулати; В) Махмуд Қашғари; Г) Ибн-Сина;

Д) Әл-Фараби

9. Бақырғанидің ұстазы:

А) Яссауи; Б)Әл-Фараби; В) Баласағұн; Г) Қашғари; Д) Бируни

10. Ғылыми медицина мен философияны тұтас қарастырған философ:

А) Иассауи; Б) Әл-Кинди; В) Ибн-Сина; Г) Әл-Фараби; Д) Аверроэс

 

Нұсқа 4

1. Қайта Өрлеу заманы философиясының атақты бір өкілі:

А) Бердяев.

В) Фома Аквинский.

С) Авиценна.

D) Аристотель.

Е) Николай Кузанский.

2. Қайта өрлеу заманы философиясының өкілдері:

А) Н.Кузанский, Дж. Бруно, Н.Коперник.

В) Ф.Аквинский, П.Абеляр, Д.Скот.

С) Гераклит, Демокрит, Зенон.

D) Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж. Локк.

Е) Вольтер, Руссо, Дидро.

3. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы, Қайта өрлеу заманы философиясының өкілі:

А) Архимед.

В) Птоломей.

С) Коперник.

Д) Лаплас.

Е) Галилей.

4. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлемнің шексіздігі жөніндегі философиялық қағиданың авторы кім?

А) Ньютон.

В) Бруно.

С) Кеплер.

D) Галилей.

Е) Коперник.

5. Шіркеу тарапынан еркін ойлары үшін "еретик" аталып, өртеліп жіберілген Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілі:

А) Т.Кампанелла.

В) Н. Кузанский.

С) Л. Валла.

D) Дж.Бруно.

Е) Л. Да Винчи.

6. Қайта өрлеу дәуіріне сай келетін адам түсінігі:

А) адам - жасампаз суреткер.

В) адам - ойлай білетін жан иесі.

С) адам - құдайдың жан бітіріп берген жасамысы.

D) адам - қоғами жан иесі.

Е) адам - микрокосм.

7. Қайта Өрлеу дәуірі философиясының басты ерекшелігі:

А) теоцентризм.

В) технократизм.

С) сциентизм.

D) антропоцентризм.

Е) космоцентризм.

8. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының қайсысы "Государь" атты кітаптың авторы болып табылады:

А) Никколо Макиавелли.

В) Мишель де Монтень.

С) Эразм Роттердамский.

D) Леонардо да Винчи.

Е) Томас Мор.

9. Қайта өрлеу дәуірінде бастапқы әлеуметтік утопияға философиялық көзқараспен ден қойған:

А) Данте.

В) Т.Мор.

С) Э.Роттердамский.

D) Ф.Петрарка.

Е) Л.Валло.

10. "Тарих саясатты жасайды",-деп тұжырымдаған:

А) Ж.Руссо.

В) Н.Макиавелли.

С) В.Ленин.

D) Т.Кампанелла.

Е) Т.Гоббс.

Нұсқа 5

1. Жаңа уақыт (ХҮІІ ғ.) философиясының ерекше тән белгісі:

А) теоцентризм;

В) пантеизм;

С) космоцентризм;

D) ғылыми центризм

Е) антропоцентризм;

2. Эмпиризмнің негізгі қағидасы:

А) зерде дүниені танып-білудің негізгі қайнар көзі болып табылады.

В) құдай ашылу танымның қайнар көзі болып табылады.

С) танымның ең жоғары түрі – интуиция.

D) дүниені танып-білуге болмайды.

Е) адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді.

3. Рационализмнің негізгі қағидасы:

А) дүниені принципті түрде танып-білуге болмайды.

В) адамның танымдық іс-әрекетінде алдыңғы роль зердеге жатады.

С) ғылымда басты ролді тәжірибе, эксперимент атқарады.

Д) таным Құдай ашылу арқылы ғана мүмкін болады.

Е) дүниені танып-білу екі талай, күдік туғызады.

4. Ф.Бэкон қай философиялық бағыттың негізін салушы?

А) агностицизмнің

В) плюрализмнің

С) эмпиризмнің

D) монизмнің

Е) дуализмнің

5. Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы кім?

А) Б.Спиноза.

В) Р.Декарт.

С) Дж. Локк.

D) Ф.Бэкон.

Е) Т.Гоббс.

6. "Білім - күш деген афоризмнің" авторы кім?

А) Ф. Бэкон.

В) Дж. Беркли.

С) Дж. Локк.

D) Г.Лейбниц.

Е) Д.Юм.

7. Барлық адамдардың табиғи теңдігі жөніндегі тұжырымды құрған:

А) Ф.Бэкон.

В) И.Кант.

С) Л.Фейербах.

D) Т.Гоббс.

Е) Дж. Локк.

8. Төменде келтірілген философтардың қайсысы дуализмнің өкілі болып табылады?

А) Д.Юм.

В) Р. Декарт.

С) Т.Гоббс.

D) П. Гольбах.

Е) Ф. Бэкон.

9. Р.Декарт ойлаудың қай методына сүйенген?

А) софистикалық.

В) схоластикалық.

С) дедуктивтік методқа.

D) индуктивтік.

Е) аксиоматикалық.

10. "Мен ойлаймын, демек өмір сүремін" дейтін қанатты сөздердің авторы?

А) И.Кант.

В) Гоббс.

С) Ф.Бэкон.

D) Декарт.

Е) Спиноза.

Нұсқа-6

1. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы:

А) Кант.

В) Гегель.

С) Фейербах.

D) Шеллинг.

Е) Фихте.

2. Сыни кезеңге дейін Кант негізінен

А) ғалым.

В) философ.

С) ағартушы.

D) жазушы.

Е) ұстаз.

3. Философтар есімдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз: Кант-Фихте - Шеллинг….Фейербах:

А) Гегель.

В) Гердер.

С) Гете.

Д) Маркс.

Е) Лейбниц.

4. И.Кант ілімін сипаттаңыз:

А) таным табиғатын ашқан, философияда төңкеріс жасаған ілім.

В) объективтік идеализм.

С) панлогизм.

D) антропологиялық материализм.

Е) гносеологиялық оптимизм.

5. И.Кант бойынша дүниені бірегей тұтастығында ойлауға, сөйтіп өзіндік заттар дүниесін тануға бет алған ақыл-ой кезігетін шешілмейтін қайшылық қалай аталады?

А) антиномия.

В) апория.

С) дилемма.

D) антитезис.

Е) триада.

6. Таным белсенділігі жөніндегі идеяны алғаш ұсынған:

А) Кант

В) Фихте

С) Гегель

D) Фейербах

Е) Маркс

7. Пайымның категориялары тәжірибеге дейін берілген және өзіндік заттар дүниесіне ешқандай қатынасы жоқ дейтін И.Кант:

А) априоризм.

В) монизм.

С) реализм.

D) гилозоизм.

Е) пантеизм.

8. Категориялық императив ұғымын ұсынған:

А) Кант.

В) Спиноза.

С) Фихте.

D) Гегель.

Е) Маркс.

9. "Өзіндік зат":

А) танылмаған нәрсе

В) утопиялық ұғым

С) ешқандай мәні жоқ атау

D) сыртқы дүниедегі нәрсе

Е) идеалистік ұғым

10. И.Фихтенің негізгі шығармасын көрсетіңіз?

А) "Ғылым-ілім".

В) "Логика ұғымы".

С) "Христиандықтың мәні".

D) "Таза ақылды сынау"

Е) "Табиғат философиясының идеялар".

Нұсқа-7

1. Тарихтың материалистік түсінігін тарихта алғаш жасап берген кім?

А) Г.В.Плеханов

В) Л.Фейербах

С) К.Маркс

D) Вольтер

Е) Ж.Ж.Руссо

2. К.Маркстің негізгі еңбегі қалай аталады?

А) "Табиғат диалектикасы"

В) "Этика"

С) "Тарих философиясы"

D) "Капитал"

Е) "Логика ғылымы"

3. К.Маркс ілімі бойынша қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы қандай?

А) қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды.

В) қоғамдық сана қоғамдық болмысты анықтайды.

С) олар бір-бірімен аабсолютті түрде байланысты емес.

Д) олар өзара антогонистік қатынааста.

Е) олар бір-бірімен толық.

4. Марксизм философияның негізін қалаушыларды көрсетіңіз:

А) Левкипп пен Демокрит.

В) К.Маркс пен Ф.Энгельс.

С) Ф.Бэкон мен Р.Декарт.

D) Г.В.Плеханов пен В.И.Ленин.

Е) П.Гольбах пен К.гельвеций.

5. Ф.Энгельстің өз заманы тұсында жаратылыстанудың жаңалықтарын философиялық тұрғыдан топшылаған шығармасының аты:

А) "Табиғат философиясы"

В) "Анти-Дюринг"

С) "Философиялық дәптерлер"

D) "Табиғат диалектикасы"

Е) "Математикалық қолжазбалар".

 

6. Марксизм философиясының басты ұғымы

А) сана.

В) ойлау.

С) идея.

D) материя.

Е) құдай

7. Ленин басты, негізгі деп санаған диалектика заңы

А) сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы.

В) қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы.

С) Терістеуді терістеу заңы.

D) мән және құбылыс заңы.

Е) жеткілікті негіз заңы.

8. "Материализм мен эмприокритицизм" еңбегінің авторы кім?

А) В.И.Ленин.

В) К.Маркс.

С) Н.Г. Чернышевский.

D) Н.Федоров.

Е) Н.Бердяев.

9. Тарихи процесті жіктеудің формациялық концепциясының авторы кім?

А) К.Ясперс.

В) К.Маркс.

С) О.Шпенглер.

D) П.Сорокин.

Е) Гегель.

10. Марксизм философиясында дүниенің бірлігі қалай түсіндіріледі?

А) дүниенің бірлігі оның бар болуында.

В) дүниенің бірлігі оның біртұтастығында.

С) дүниенің бірлігі оның материалдылығында.

D) дүниенің бірлігі құдайдың жасампаз қызметінің нәтижесі екенінде.

Е) дүниенің бірлігі абсолюттік рухта.

Нұсқа-8

1. " Философиялық хат " трактатының авторы, Ресейдің кейін қалуын сынаушы, белгілі орыс ойшылы:

А) Грибоедев.

В) Бакунин.

С) Герцен.

D) Огарев.

Е) Чаадаев.

2. Орыс консерватизмінің философиялық идеясын анықтаңыз:

А) дамудың органикалық теориясы.

В) дамудың революциялық теориясы.

С) деспотизм.

D) материализм.

Е) Республиканизм.

3. Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың, Д. И. Писаревтің әлеуметтік - саяси позициясы қандай?

А) революциялық демократия.

В) консерватизм.

С) славяншылдық.

Д) монархизм.

Е) республиканизм.

4. Төменде аты көрсетілген философтардың қайсысын орыс космизміне жатқызуға болады?

А) Чижевский.

В) Чернышевский.

С) Бердяев.

D) Чаадаев.

Е) Белинский.

5. 1922 ж. Советтік Ресейден қудаланған көрнекті орыс философы, ХХғ. басындағы орыс діни философиясының бір өкілі, "Еркіндік философиясы", "Шығармашылық мәні", "Тарих мәнісі" және т.б. шығармалардың авторы:

А) Н.А. Бердяев.

В) В.И. Вернадский.

С) П.А. Флоренский.

D) Л.Н. Толстой.

Е) В.С.Соловьев.

6. Белгілі орыс жазушысы, публицист әрі ойшыл, Ш.Уәлихановтың досы, "Қылмыс пен жаза" романының авторы:

А) Ф.М. Достоевский.

В) Н.А. Добролюбов.

С) Н.Г. Чернышевский.

D) Л.Н. Толстой.

Е) В.С. Соловьев.

7. Славяндар мен батысшылдар арасында тартыс тудырған мәселені анықтаңыз:

А) ресейдің және орыс халқының тарихи тағдыры.

В) қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы.

С) жалпы ұғымдар табиғаты.

D) дүниені танып-білу мәселесі.

Е) экологиялық мәселе.

8. Төменде аталған ойшылдардың қайсысы ХІХ-ХХ ғғ. орыс діни философиясының өкілі болып табылады?

А) В.С. Соловьев

В) Н.П. Огарев

С) М.А. Бакунин

D) А.И. Герцен

Е) В.Г. Белинский.

9. Ресей тарихының кеңестік кезеңінде философиялық ойдың қай бағыты үстем болды?

А) маркстік-лениндік.

В) неопозитивистік.

С) неотомистік.

D) орыс космизмі.

Е) эмпириокритикалық.

10. "Ноосфера" термині нені сипаттайтынын көрсетіңіз:

А) зерде саласын.

В) еңбек саласын.

С) космостық өркениет саласын.

D) микробөлшектердің өзара әсерлесу саласын.

Е) геосфераны.

Нұсқа -9

1. Қазақ философиясын сипаттаңыз:

А) бұл даналық және экзистенциалдық философия

В) бұл онтология

С) бұл ғылым

D) бұл әдіснама

Е) бұл логика

2. Ежелгі түрік тайпаларының IX – X ғ. Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, жырауы, қобызшысы:

А) Асан Қайғы

В) Қорқыт

С) Ықылас

D) Доспамбет

Е) Қазтуған

3. “Көшпенділер философы” (Ш. Уәлиханов) атанған қазақ ойшылы:

А) Шалкиіз

В) Бұқар

С) Асан Қайғы

Д) Абай

Е) Шәкәрім

4. “Диуани Хикмет” атты философиялық – теологиялық поэманың авторын көрсетіңіз:

А) Әл – Фараби

В) Әл – Ғазали

С) А. Иассауи

D) Х. Дулати

Е) Ж.Баласағұн

5. “Төрт тұғырық” өлшемдік қағида (әділет, дәулет, ақыл, қанағат) қай шығарманың құрылымдық арқауы болды?

А) “Ақиқат сыйы”

В) ”Даналық кітабы”

С) ”Хакім ата”

D) ”Құтты білік”

Е) ”Түркі тілдерінің жинағы”

6. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі, XV – XVI ғ. өмір сүрген новатор - жырау:

А) Қорқыт

В) Бұқар

С) Ақтамберді

D) Шалкиіз

Е) Дулат

7. “Зар заман” ақындары атанып кеткен қазақ ойшылдары:

А) Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет

В) Шортанбай, Дулат,Мұрат

С) Ақтамберді, Бұқар, Шалкиіз

D) Абай, Шәкәрім, Мағауия

Е) Махамбет, Шалкиіз, Шал ақын

8. “Зар заман” философиялық толғауының авторы:

А) Дулат

В) Шортанбай

С) Асан Қайғы

D) Қазтуған

Е) Махамбет

9. Біздің заманымызға дейінгі VII ғ. өмір сүрген, сақтан шыққан ойшыл, “жеті ғүламаның” бірі:

А) Майқы би

В) Қорқыт

С) Тоныкөк

D) Анарыс

Е) Геродот

10. Абылай ханның жәрдемші серігі, ойшыл ақын, жырау өнерінің көрнекті өкілі:

А) Бұқар жырау

В) Асан Қайғы

С) Махамбет

D) Қазыбек би

Е) Шортанбай

Нұсқа-10

1. Ғылыми танымның негізгі принциптерінің бірі ретінде позитивизм нені есептейді?

А) интенционалдық (бағыттанғандық)

В) инструменталдық (аспаптық)

С) верификация (растау)

D) детерминация (себептеу)

Е) интерпретация

2. Мәтіндерді және сөйлемдерді пайымдауға негізделген философиялық бағыт қалай аталады?

А) экзистенциализм.

В) позитивизм.

С) аналитикалық философия.

D) прагматизм.

Е) герменевтика.

3. Қандай философиялық бағыт адам өмірін сандырақ деп санайды:

А) экзистенциализм.

В) постпозитивизм.

С) неотомизм.

Д) эмпириокритицизм.

Е) философиялық антропология.

4. "Болмыс пен және уақыт" атты философиялық шығарма авторы кім?

А) Ж.-П. Сартр.

В) М.Хайдеггер.

С) А.Камю.

D) Л.Витгенштейн.

Е) Б.Рассел.

5. Қандай философиялық бағыт жеке тұлғаны жоғары құндылық деп санайды:

А) неотомизм.

В) персонализм.

С) лингвистикалық философия.

D) махизм.

Е) феноменология.

6. Төмендегі ұғымдардың қайсысы маркстік әлеуметтік философияның орталық ұғымдарына жатады:

А) деконструкция.

В) шекаралық жағдай.

С) қоғамдық-экономикалық формация.

D) "өзі-үшін-болмыс".

Е) "билікке ерік".

7. "Экзистенциализм" термині қалай аударылады?

А) мән философиясы.

В) болмыс философиясы.

С) өмір сүру философиясы.

D) сүйіспеншілік философиясы.

Е) ғылым философиясы.

8. Қазіргі діни философияға қай бағыт жатады?

А) экзистенциализм.

В) феноменология.

С) структурализм.

D) герменевтика.

Е) неотомизм.

9. Позитивизмнің үшінші түрі болып қай бағыт саналады:

А) неопозитивизм.

В) феноменология.

С) постпозитивизм.

D) эмпириокритицизм.

Е) постпозитивизм.

10. "Болмыс пен ештеме" атты шығарманың авторы кім?

А) Ж-П.Сартр.

В) М.Хайдеггер.

С) К.Маркс.

D) А.Камю.

Е) Б.Рассел.

Ситуациялық тапсырмалар

Нұсқа 1

Неміс ағартушысы Г.Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне шақырып: «Бір қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде ақиқатқа деген іңкэр бар. Қайсысын таңдап аласың?» - десе, мен: «О, Жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай түсінесіз?

«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын.... философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде?

Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?

«Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан қарағанмен, қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан қарайды» деген ойды француз жазушысы Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің қазіргі өтпелі заманымызды бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады?

«Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар, я болмаса Құдай болу керек» - дейді Аристотель. Бірақ үшінші бар, ол - философ», - дейді Ф.Ницше. Бұл пікірді қалай түсінуге болады?

«Қайғы таныммен бірге басталады», - дейді француз ойшылы А.Камю. Сіз бұл пікірді қалай түсінесіз?

«Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам философияга тәуелді болуы керек», - деген екен орыс философы Н.Бердяев. Бұл тұжырым қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін?

«Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?» - дейді неміс философы А.Шопенгауэр. Оған қалай қарайсыз?

Нұсқа 2

Қытай философы Конфуцийдің мына пікірлеріне ұқсас қазақтың ғибрат сөздері, мақалдары туралы ойланыңыз.

1. Жастар үй – ішінде ата – ананы ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне іңкәрлікпен, инабаттылықпен қарауға, халқын шексіз сүюге, адамдарды бір – бірімен жақындастыруға міндетті. Егер де осы міндеттерді орындаудан уақыт қаласа, оны кітап оқуға жұмсау керек.

2. Адалдық пен әділділікке ұмтыл, қателескен кездеріңде қателерінді түзетуден қорықпа.

3. Оқығанды ойға тоқымау – жетесіздік. Ойлағанды оқымау – көрсоқырлық.

4.Ақылды жанды көрсең, соған ұқсауға ұмтыл.

Ақылсызды көрсең, өзіңнің қандай екеніңді онымен бір сәт салыстырып, іштей ойлан.

Нұсқа 3

«Дхаммападаның» мына қағидаларымен қазақтың даналық сөздерін салыстырып, талдау жасаңыз:

1. Дхаммааның арқауы ақыл, оның үздік бөлігі де ақылдан жаратылған.

2. Бұл дүниеде күншілдік арқылы күншілдік тиылмайды, біреуге біреудің күншілдігі болмаса ғана күншілдік тиылады.

3. Денсаулық ұлы жеңіс, қанағат – ұлы байлық, сенім – ең жақсы туыс, нирвана – ұлы игілік.

4. Парасатты адамның жүзіне қараудың өзі бір ләззатты сәт қой, олармен бірге болу – рахат. Надандардан аулақ болудың өзі бақыт.

 

Жаттығулар:

 

1. Гегельдің мына сөздерінде диалектиканың қандай заңы көрініс тапқан:

«Әрбір философиялық жүйе қажетті түрде өмір сүрді және қазір де қажетті түрде өмір сүруді жалғастырып келеді: олардың ешқайсысы жоғалып кеткен жоқ, олардың бәрі біртұтастың сәттері ретінде философияда сақталды... Принциптер сақталады, жаңа философия осыған дейінгі принциптердің нәтижесі, осылайша философиялық жүйелердің бір де бірі жоққа шығарылған жоқ, жоққа шығарылған осы принцип соңғы абсолюттік анықтама деген болжам ғана...

Мұндай жоққа шығару дамудың барлық процестерінде кездеседі. Ағаштың дамуы – дәнді жоққа шығару, гүлдер жапырақтарды жоққа шығарады және жапырақтар ағаштың ең жоғарғы, ақиқат өмір сүруі емес екендігін көрсетеді;ең соңында гүлді жеміс жоққа шығарады. Бірақ соңғысы оған дейінгі сатылар болмаған жағдайда өмір сүру мүмкіндігін ала алмайды».

2. Бір бала мына өмірде неліктен қарттар өмір сүретінігін түсіне алмады. Ол былайша пайымдады: адам бүгін әлі қарт емес, соңдықтан ертең де қарт бола алмайды және осылайша жалғаса береді. Баланың қателігі неде? Ол диалектиканың қандай заңын ескермеді?

3. «Өте көп нәрсе жақсы емес» деген неміс мақалын түсіңдіріңіз.

4. Ортағасырлық неміс дәрігері Парацельстің сөздерін талқылаңыз: «Бәрі у және бәрі дәрі, уға немесе дәріге айналдыратын мөлшер ғана».

5. Мына сапаларды кішкене көбейтіңіз: сақтық, даңққа ұмтылу, жеңілтектік, сөзқұмарлық, дәлдік, жұмсақтық, принципшілдік, қаталдық Нәтижесі қандай болады?

6. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мысалдарын адам және қоғам өмірінен келтіріңіз.

Жазбаша сұрақ:

1. Философияның негізгі мәселелері

2. Философияның функциялары (қызметі)

3. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері.

4. Адам Ежелгі Қытай философиясы мен мәдениетінің орталық мәселесі ретінде.

5. Антикалық философия. Ежелгі грек философиясының космоцентристік сипаты.

6. Орта ғасыр философиясы, оның теоцентристік сипаты.

7. Орта ғасырдағы Шығыс мұсылман философиясы және оның әлеуметтік-мәдени алғышарттары.

8. Әл-Фарабидің діни философиялық, әлеуметтік-этикалық және эстетикалық көзқарастары.

9. Қайта өрлеу заманы философиясы, оның пайда болуы мен өркендеуінің әлеуметтік-тарихи жағдайлары.

10. Жаңа заман философиясы.

11. XVII ғасырдағы француз материализмі.

12. Классикалық неміс философиясы, оның пайда болуы мен дамуының әлеуметтік-діни жағдайлары.

13. К.Маркстің философиялық ойларының қалыптасуы мен дамуы.

14. Орыс философиясының дәстүрлері мен ерекшеліктері.

15. Орыс діни философиясы /Ф.Достоевский, Вл.Соловьев/

16. Орыс космизмі /Н.Федоров, В.Вернадский, К.Э.Циолковский/

17. К.Маркстің философиялық ойларын талдау мен көпшілікке таратудағы В.Плеханов пен В.И.Лениннің ролі.

18. Қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының негізгі сатылары және оның ерекшеліктері.

19. Қорқыт атаның философиялық көзқарастары.

20. Қожа Ахмет Яссауидің философиялық көзқарастары.

21. Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарастары.

22. XVI- XVII ғасырдағы ақындар мен жыраулардың дүниеге көзқарасы.

23. Ш.Уәлихановтың философиялық саяси-қоғамдық көзқарастары.

24. Ы.Алтынсаринның ағарту философиясы және оның шығармашылығының гуманистік мәні.

25. Абайдың философиялық көзқарастары және оның гуманизмі.

26. Ш.Құдайбердиевтің шығармашылық және қоғамдық қайраткерлігі мен философиялық және саяси көзқарастары.

27. М.Дулаттың философиялық және саяси көзқарастары.

28. С.Торайғыровтың философиялық және саяси көзқарастары.

29. А.Байтұрсыновтың философиялық және саяси көзқарастары.

30. Дүниеге көзқарас және оның тарихи типтері.

31. Суфизм философиялық ағым ретінде.

32. "Алаш" партиясының және Алаш Орда қозғалысының әлеуметтік және идеалогиялық-саяси негіздірі.

33. Философиядағы болмыс мәселесі.

34. Қазақстанда философияның кеңес заманында және одан кейінгі уақытта дамуы.

35. Материя философиялық категория ретінде.

36. Философиядағы сана мәселесі.

37. Кеңістік және уақыт.

38. Философиялық әдістің ерекшеліктері. Ғылыми танымның әдістері мен философиялық әдістеме.

39. Диалектика философиялық әдіс ретінде.

40. Философиядағы адам мәселесі.

 

Аралық бақылау

1- аралық бақылау

1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не? Дүниеге көзқарастың өзіне тән ерекшеліктері.

2. Философиялық ойлаудың өзіне тән ерекшелігі неде?

3. Философиялық проблеманың табиғаты қандай?

4. Ертедегі Қытай философиясының ерекшеліктері және ежелгі Қытайдағы негізгі философиялық мектептер.

5. Ежелгі Үнді философиясындағы негізгі мектептер.

6. Милет мектебінің өкілдері және бастама (субстанция) проблемасы.

7. Антика диалектикасының негізін салған кім?

8. Аристотель философиясының мәні және өзіндік ерекшелігі.

9. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері мен сипаттаы белгілері.

10. Қайта Өрлеу философиясындағы антропоцентризм және гуманизм.

11. Арабтілді мұсылман философиясындағы негізгі ағымдар.

12. Мұсылмандық Шығыстың ең ерекше сипатты белгілері.

13. Жаңа заман философиясының ерекшелігі және оның жаңалығы неде?

14. Ағартудың негізгі идеялары.

15. Р.Декарттың дуализмі және ғылыми әдіс проблемалары.

16. Неміс классикалық философиясының басты проблемалары мен міндеттері.

17. 19 ғасыр бас кезіндегі постклассикалық философиясының негізгі бағыттары.

18. Орыс философиясының негізгі проблемалары мен өкілдері.

19. Вл. Соловьевтың "орыс идеясын" түсіндіріңіз.

20. 19 ғасыр философиясының негізгі тенденциялары мен проблемалары.

2-аралық бақылау

1. Қазақ философиясының өзіне тән ерекшелігі мен оның дамуының негізгі кезеңдері.

  1. 19 ғасыр қоғамдық ойының дамуы.
  2. 19 ғасыр соңы мен 20 ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ойлар.
  3. Философияда қашан және недіктен болмыс проблемасы пайда болды?
  4. Жаңа замандағы дүниеге көзқарас болмыс проблемасымен қандай байланыста?
  5. 20 ғасыр философиясындағы болмыс проблемасының тағдыры қандай?
  6. Жаңа заман философиясындағы сананың түсіндірілуі.
  7. Қоғамдық сана дегеніміз не?
  8. Фрейдтің санасыздық туралы ілімі.
  9. 20 ғасыр соңғы кезінде сананы түсіндіруде қандай тенденциялар пайда болды?
  10. Антропосоциологиялық проблематикаға қызығушылықтың себептері неде?
  11. Антропосоциогенез ұғымының мағынасы қандай?
  12. Индивид, тұлға дегеніміз не?
  13. Тұлғаның негізгі қандай типтері бар?
  14. Адамның құндылығы дегеніміз не?
  15. Өмір және өлім қатынастарының мәні неде?
  16. Қазіргі кезеңдегі адам мен табиғаттың арақатынасының мәні неде?
  17. Не себептен көптеген философтар адамды құпия деп есептейді?

Тақырыптар (мәнжазба, эссе т.с.с)

1. Философия туралы түсінік.

2. Философиядағы даналық мәселесі.

3. Түсінік табиғаты.

4. Философия - ғылым.

5. Философиялық көзқарас және оның ерекшеліктері.

6. Көзқарастың табиғи түрлері.

7. Адам - Дүние - философияның да, көзқарастың да басты мәселесі.

8. Философияның негізгі бағыттары және олардың мәні.

9. Философия - методология.

10. Философияның функциялары.

11. Мәдениет жүйесіндегі философияның орны.

12. Мифологиялық көзқарастың ерекшеліктері.

13. Діни көзқарастың ерекшеліктері.

14. Ведалар философиялық ойдың бастауы ретінде.

15. Көне Үнді философиялық ойларының ведалардан кейінгі даму кезеңдері.

16. Буддизм философиясы.

17. Ежелгі Үндідегі философиялық мектептер.

18. Индуизм философиясы.

19. Конфуций іліміндегі ұғым және тұлға мәселелері.

20. Даосизмдегі адам және космос.

21. Көне Қытайдың философиялық мектептері.

22. Даосизм және Конфуцийлік іліміндегі адам мәселесі.

23. Конфуцийдің кемелденген мемлекет жайлы ілімі.

24. Милет мектебі: материализмді негіздеу.

25. Ксенофанның философиялық ойлары.

26. Протагордың философиялық көзқарастарының ерекшелігі.

27. Эмпедоклдің философиялық қағидалары.

28. Анаксагордың философиялық ойлары.

29. Гераклиттің диалектикасы.

30. Демокриттің атомизмі.

31. Пифагор және сандар ілімі.

32. Зенон апориялары және қозғалыстың мүмкіндігін негіздеу мәселесі.

33. Киниктер философиясының ерекшеліктері.

34. Гедонистік философия.

35. Стоиктер философиясы.

36. Софистика философиялық құбылыс ретінде.

37. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

38. Сократтың моральдық философиясы.

39. Платонның идеалды мемлекетіндегі өнердің ролі мен орны.

40. Платонның мемлекет туралы ілімі.

41. Платонның жан туралы ілімі.

42. Платонның диалогтарындағы аңыздар.

43. Платон және Сократ.

44. Аристотель метафизикасы. Материя мен форма жайлы ілім.

45. Аристотель этикасы.

46. Аристотельдің әлеуметтік-саяси көзқарастары.

47. Аристотель логикасы.

48. Аристотель психологиясы.

49. Эллинизм философиясы.

50. Эпикур эвдомонизмі.

51. Неоплатонизмдегі бірлік мәселесі.

52. Стоицизм этикасы.

53. Эллинистика философиясындағы бақыт мәселесі.

54. Библиядағы философиялық және этикалық идеялар.

55. Ортағасырлық христиан философиясындағы тұлға мәселесі.

56. Ортағасырлық христиан ойшылдарының философиялық жаңалықтары.

57. Ортағасырлық христиан ойшылдары тарихтың және адам өмірінің мәні туралы.

58. Ортағасырлық христиандық философиядағы адам және табиғат.

59. Құрандаға философиялық және этикалық ойлар.

60. Ислам, оның негізгі бағыттары.

61. Ортағасырлық мұсылман философиясындағы кемелденген адам мәселесі.

62. Ибн-Синаның ғылыми-философиялық мұрасы.

63. Ибн-Рушдтың діни философиясы.

64. Италия гуманистері Данте және Ф.Петрарканың адам әлем құрылымын жаңаша түсіну туралы.

65. Н.Макиавеллидің "Государь" атты еңбегінің негізгі идеялары.

66. Л.Винчи шығармашылығы.

67. Қайта Өрлеу дәуірі философиясындағы тұлға мәселесі.

68. Ренессанс дәуіріндегі өнер және философияның өзара байланысы.

69. Ф.Бэконның эмпиризмі. Индуктивтік әдіс.

70. Б.Спиноза және оның "Этикасы".

71. Лейбництің "Монадологиясы".

72. Д.Берклидің философиясы.

73. Д.Юм философиясындағы мораль концепциясы.

74. Ф.М.А.Вольтер дін туралы.

75. Ж.Ж.Руссоның өмірі мен шығармашылығы.

76. Т.Гоббс, Дж Локк, Ж.Ж.Руссоның "қоғамдық келісім" концепциялары (салыстырмалы сараптау).

77. Монтескьенің әлеуметтік-саяси ілімі.

78. Ағарту философиясындағы "ақылды эгоизм" концепциясы.

79. И.Канттың практикалық философиясы.

80. Адам және адамзат еркіндігіне жетудің мүмкіндіктері (И.Фихте)

81. Ф.Шеллингтің дүниетанымындағы өзіндік даму принципі.

82. И.Канттың этикасы.

83. И.Канттың космологиясы.

84. Гегель логикасы және абсолюттік идея туралы ілім.

85. Гегель диалектикасы.

86. Гегельдің дін философиясы.

87. Гегельдің тарих философиясы.

88. Гегельдің "Рух феноменологиясы".

89. Гегель диалектикасының тарихи маңызы.

90. Гегель және Маркс: олардың ілімдерінің бірлігі мен қарама-қарсылығы.

91. Неміс классикалық философиясының тарихи маңызы.

92. Ф.В.И.Шеллингтің натурфилософиясы.

93. Л.Фейербахтың тарих философиясы.

94. Л.Фейербахтың этикасы.

95. Л.Фейербахтың махаббат философисы.

96. Л.Фейербах бақыт туралы.

97. Л.Фейербах құдай идеясының пайда болуы және мәні туралы.

98. К.Маркстің жаттану концепциясы және оның әлеуметтік мәні.

99. Марксизм философиясындағы универсальдық адам.

100. К.Маркс "Капиталдың" негізгі тұжырымдары.

101. Марксизм философиясындағы дүниенің материалдық бірлігі.

102. Маркссизмдегі семья және мемлекет.

103. Қазақ философиясының қалыптасу және дамуының ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.

104. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.

105. Қорқыт Атаның философиялық көзқарастары.

106. Махмут Қашқаридің философиялық көзқарастары.

107. Қожа Ахмет Яссауидің философиялық көзқарастары.

108. Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарастары.

109. Асан Қайғының философиялық көзқарастары.

110. ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың дүниетанымы.

111. Қазақ ағартушылығының шығуы мен ерекшелігі.

112. Ш.Уәлихановтың философиялық және қоғамдық-саяси көзқарастары.

113. Ы.Алтынсариннің философиялық идеялары.

114. Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары және гуманизмі.

115. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі.

116. Ш.Құдайбердиевтің дін философиясы.

117. П.Чаадаевтың "Философиялық хаттары" және қазіргі заман.

118. Орыс космизмі философиясындағы Адам және Әлем.

119. В.Соловьевтің махаббат философиясы.

120. Ф.Достоевский шығармашлығындағы философиялық мазмұн.

121. Н.Бердяевтің персоналистік философиясы.

122. К.Поппердің еңбектеріндегі "ашық қоғам" ұғымы.

123. Э.Гуссерльдің феноменологиясы.

124. Прагматизм философиясындағы ақиқат мәселесі.

125. Экзистенциализм философиясындағы еркіндік мәселесі.

126. Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі.

127. Философия тарихындағы болмыс мәселесі.

128. Рухани болмыс.

129. Адам болмысының қайталанбас ерекшелігі.

130. Философия дүниенің бірлігі мен көптүрлілігі туралы.

131. Көзқарас және дүниенің ғылыми картинасы.

132. Материя қозғалысының әлеуметтік формасы: ерекшелігі және мәні.

133. Салыстырмалық теориясының дүние, кеңістік және уақыт туралы философиялық түсініктердің дамуындағы маңызы.

134. Кеңістік пен уақыт - материя болмысының формалары.

135. Ойлау және тіл.

136. Қоғамдық идеалдылық мәселесі.

137. Шығармашылық және еңбек.

138. Сана және тіл.

139. Идеология және билік.

140. Таным және шығармашылық.

141. Қазіргі мәдениеттегі ғылым бейнесі.

142. Ғылымның философиялық негіздері.

143. Әлемнің ғылыми бейнесі.

144. Гипотезаның ғылыми білімнің дамуындағы ролі.

145. Ойлау мәнері және зерттеу методтары.

146. Ғылыми танымның дамуындағы әлеуметтік факторлар.

147. Философия және ғылым.

148. Ғылымдағы түсіну проблемасы.

149. ХІХ ғ. ХХ ғ. басындағы құндылықтардың философиялық теориясы.

150. Қоғам дамуындағы білім берудің ролі. Қазақстанда әлеуметтік-гуманитарлық және этномәдениеттік білім беру мәселесі.

Коллоквиум сұрақтарының тізімі:

1. Дүниетаным ұғымы мен құрылымы.

2. Дүниетанымның тарихи түрлері.

3. Философияның зерттеу пәні және атқаратын қызметі.

4. Философияның негізгі сұрағы.

5. Философияның даналық табиғаты

6. Философия және ғылым

7. Көне грек өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері Антикалық ойшылдар философиясындағы негізгі категориялар: космос, табиғат, логос, эйдос, жан және т.б.

8. Софистика философия мен мәдениеттің құбылысы ретінде. Сократ философиясы.

9. Платонның философиялық жүйесі.

10. Аристотель философиясы.

11. Эллиндік философиядағы мектептер. Неоплатонизм.

12. Ортағасырлық философиядағы номинализм мен реализм күресі

13. А.Августин және Ф.Аквински іліміндегі сенім мен зерде мәселесі.

14. Араб философиясындағы негізгі философиялық ағымдар

15. Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық және эстетикалық көзқарастары.

16. Ортағасырлық шығыс исламдық философияның Европа философиясының дамуына тигізген ықпалы.

17. И.Кант – классикалық неміс философиясының негізін қалаушы. И.Канттың дуализмімен агностицизмі.

18. Гегельдің философиялық жүйесі. Гегель диалектикасы.

19. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.

20. К.Маркс пен Ф.Энгельстің тарихи диалектикалық материализмі.

Емтихан бағдарламасы:


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.153 сек.)