|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Айналым. Тест тапсырмалары. (Тест тапсырмаларына берілген єрбір д±рыс жауап бір балмен баѓаланады)
(Тест тапсырмаларына берілген єрбір д±рыс жауап бір балмен баѓаланады)
1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекараларын бөлу бойынша бекітілген келіссөздер негізінде Қытай мен Ресей империясы арасында сегіз келіссөз бен хаттамалар қай ғасырда алынды: А) XVII ғ. Б) XVIII ғ. В) XIX ғ.
2. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы – А) Жамбыл Жабаев. Б) Шәкәрім Құдайбердіұлы. В) Абай Құнанбаев.
3. Старшындар – көшпелі қауымдардың барлық топтарындағы әлеуметтік-реттеуші функцияларды жүзеге асырушы қазақ элитасының өкілдері. Бұл атақты кімдер иелене алған? А) жоғары интеллектуалды күш-қуаты, жан-жақты білімі бар және қазақтардың әлеуметтік өмірінен, әсіресе, малшаруашылығынан тәжірибесі мол адамдар. Б) жоғары интеллектуалды күш-қуаты, жан-жақты білімі және қазақтардың әлеуметтік өмірінен, әсіресе, дәстүрлі құқық – әдеттен мол тәжірибесі бар адамдар. В) жоғары интеллектуалды күш-қуаты, жан-жақты білімі және қазақтардың әлеуметтік өмірінен мол тәжірибесі бар және «ақ сүйектер» өкілі болып табылатын адамдар.
4. Генеологиялық деректердегі халық дәстүрі қазақтың үш жүзінің – Үйсін - Ұлы жүздің, Арғын - Орта жүздің, Алшын – Кіші жүздің негізін салушы деп көрсектен. Олар кімнің ұлдары болған? А) Алаштың. Б) Тәңірдің. В) Қорқыттың.
5. Орыс өкіметі мен Қытай императоры Абылай ханды ресми түрде жалпы қазақ ханы деп мойындады ма? А) екі жақ та мойындады. Б) Орыс өкіметі тек Орта жүздің ханы деп мойындады. В) Орыс тарабынан –Орта жүз ханы, Қытай тарапынан – жалпы қазақ ханы.
6. Қазақтардың 18 ғ.аяғында Іле жазығы мен Монғол Алтайына қоныс аударып, қытайдың қол астына кіруінің нәтижесінде А) Синьцзян-Ұйғыр мекені пайда болды. Б) Қазақ этносын Қытай мен Ресей бөліске салды. В) осы аймақтың қазақ халқы мен Қытай әскерлері қақтығысып қалды.
7. Патша өкіметі Қазақ өлкесінде не үшін метептегі білім беруді дамытты? А) Импери көлеміндегі түрлі халықтардың сауаттылық көрсеткішін салыстыру үшін. Б) Қазақтары дүниежүзілік мәдениетке қосу үшін. В) оны қазақтарды орыстандырудың негізгі құралдарының бірі деп санады.
8. Қазақтарда жұт сөзі нені білдірген? А) Қалың қарлы қысқы аяз. Б) Малдың аштықтан және қыс кезіндегі климаттың қолайсыздығынан (жылылықтан, аяздан, жаңбырдан) малдың жаппай қырылуы. В) Жапқыш материал ретінде пайдаланылатын қалың мата.
9. Қара сиыр жерінде жоңғарлармен біріккен қазақ әскерлерінің қандай шайқасы болды? А) Бұланты шайқасы. Б) Аңырақай шайқасы. В) Өрбұлақ шайқасы.
10. 90 жастағы Жанқожа Нұрмұхамедовтың шекті руының қазақтарының арасында ғана емес, патша әкімшілігінің алдында да зор беделге ие болуының себебі неде? А) 1845 жылы 2000 адамнан құралған Хиуа жасағын құртуы. Б) Нұрмұхамедовтың Жаңақала атты Хиуа бекінісін басып алуы. В) 1847 және 1848 жж. орыс әскерлеріне Хиуа әскерлерін Раим қамалынан ығыстыруға көмектесті.
11. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы қашан аяқталды? А) 19 ғ. бірінші жартысында. Б) 19 ғ. 50 жж. қарай. В) 19 ғ. 60 жж. қарай.
12. Қазақ қоғамының әскери ұйымына тән сипаттама – А) тұрақты әскер жоқ, бірақ қажеттілк бойынша жиналатын рула мен тайпалардың халық жасақтары бар. Б) үш жүздің жақсы жасақталған біріккен тұрақты армиясының болуы. В) тұрақты ұйымы, жабдықтаудың, қызме өтеу мен оқытудың қатаң жүйесі жоқ әскердің болуы.
13. «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Сырымбет», т.б. әндер кімнің композиторлық талантының нәтижесі? а) Біржан сал Қожағұлұлы. б) Ақан сері Қорамсаұлы. в) Ықылас Дүкенұлы.
14. Жоңғар хандығы өзінің өмір сүруін қашан тоқтатты? а) в 1758 ж. б) в 1755 ж. в) в 1753 ж.
15. «Құлтөбенің басыда күнде кеңес» деген сипаттамадағы қазақ дәстүрі қай ханның тұсында айтылған? А) Тәуке. Б) Әбілмәмбет. В) Әбілқайыр.
16. Қазақтардың малға қатысты қандай меншік нысаны болған? А) кооперативтік. Б) қауымдық. В) жекеменшік
17. Әбілқайыр хан қайтыс болып, Кіші жүздің ханы болып Нұралы сайланғаннан кейін Неплюев қандай іс-әрекет ұйымдастырды? А) Кіші жүзде хандықты тарату. Б) Әбілқайыр ханның ұлы Нұралыны орыс патшайымы хан етіп бекітіп, оған патент беру. В) хан тағына орыс патшайымы Батыр сұлтанды тағайындау.
18. Қазақтардың негізгі тұрғын үйі ағаш сүйектерінен және киіз жапқыштардын тұратын киіз үй болып табылады. Ағаш сүйектері неше бөліктен тұрады? А) екі. Б) үш. В) төрт.
19. П.П.Семенов-Тянь-Шанский қазақтың осы бір көрнекті ұлын ұлылығы мен асқан қабілеті, батылдығы мен өткірлігі үшін «Қазақ даласының Митридаты» деп атаған. Халықтың айтуы бойынша 1847 ж. қырғыздарға жасаған соңғы сапарында, жаулары қазақ ханын қоршап алып, найзамен шаншып көтергенде ол мақтанышпен: «Мен сендерден найза бойы бикпін!» деген екен. Ол кім? А) Кенесары хан. Б) Абылай хан. В) Жолбарыс хан.
20. 1726 ж. атақты Ордабасы кеңесінде жалпықазақ әскерінің әскери қолбасшысы болып кім сайланды? А) Қанжығалы Бөгенбай. Б) Әбылқайыр хан. В) Тәуке хан.
Класс Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |