АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

айналым. Тест тапсырмалары

Читайте также:
  1. Айналым. Тест тапсырмалары.
  2. Айналым. Тест тапсырмалары.
  3. Айналым. Тест тапсырмалары.

(Тест тапсырмаларына берілген єрбір д±рыс жауап бір балмен баѓаланады)

 

1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қашан қол қойылды:

А) 1990 ж. 25 қазанда.

Б) 1991 ж. 10 желтоқсанда.

В) 1991 ж. 16 желтоқсанда.

 

2. «Тоқырау жылдары» әлемнің қара топырақты жерінің 2/3 бөлігін иеленген, дүниежүзінде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі жағынан бірінші орын және мал бас жөнінен жетекші орындардың бірін алатын Қазақстанда -

А) азық-түлікті экспорттауды күшейту тенденциясы байқалды.

Б) азық-түлікті импортқа шығаруды күшейту тенденциясы байқалды.

В) Қазақстанды КСРО-ның басты азық-түлік жеткізушісіне айналдыру тенденциясы байқалды.

 

3. Адам төзгісіз өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға байланысты әкімшілік-басқару жүйесіне қарсы Қазақстан жұмысшыларының алғашқы ба көтерулерінің бірі қайда болды?

А) Целиноград.

Б) Жаңа өзен.

В) Теміртау.

 

4. Жердің алғашқы жасанды серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан

А) 1949 жылы ұшырылды.

Б) 1953 жылы ұшырылды.

В) 1959 жылы ұшырылды.

 

5. 1959-1965 ж.ж. жетіжылдық жоспарға сай Қазақстанға қандай басты міндет қойылды?

А) Тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игере беру.

Б) Тың жерлерді игеру практикасынан бас тартып, өнеркәсіп мәселелерін шешуге көшу.

В) Мұнай мен газ өндірудің күрт өсуі.

 

6. Даму, өзгеру процесі, сол сияқты қоғамдағы даму мен қозғалыстың біртіндеп сандық өзгеруге байланысты нысандарының бірі –

А) Эволюция.

Б) Прогресс.

В) Деградация.

 

7. КСРО-да жалпыға бірдей орта білім беру жүйесіне көшу 1970 ж. ортасына қарай аяқталды. Бұл процесс қашан басталған еді?

А) 1960 жж. ортасы.

Б) 1950 жж. ортасы.

В) 1940 жж. аяғы мен 1950 жж. басы.

 

8. Халықтарды жаппай қоныс аударудың мақсаты режимге қарсы біріккен қарсылықтарды болдырмау үшін түрлі этникалық топтарды бүкіл Қазақстан территориясына шашыратып орналастыру болды. Егер олар соғыс жылдарында климаты қатал, адам тұрмаған алыс аймақтарға қоныстандырылса, 1950 жж. басына қарай-

А) тек ауыр индустрия объектілері салынып жатқан аудандарға қоныстанды.

Б) ауылдық жерлерге ғана қоныстанды.

В) қалалар мен ауылдарға қоныстанды, бірақ арнайы қонысаударушыларға ірі қалаларда тұруға тыйым салынды.

 

9. Аталған композиторлардың ішінен 1945 ж. Е.Г. Брусиловский, Л. Хамидимен бірге Қазақ ССР, кейіннен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің авторы болды?

А) Мұқан Төлебаев.

Б) Ахмет Жұбанов.

В) Еркеғали Рахмадиев.

 

10. Өнеркәсіптегі «Косыгин реформасының» негізгі бағыттары қандай? (дұрыс емес жауапты көрсетіңіз).

А) кәсіпорындарға табыстың бір бөлігін жұмысшыларды ынталандыруға арналған қор құру үшін беру.

Б) кеңес халық шаруаашылығы жүйесінен бас тартып, өнеркәсіпті басқарудың салалық принципін қалпына келтіру.

В) шет елдерден жеке капиталды тарту арқылы біріккен кәсіпорындар құру мүмкіндігі.

 

11. Республикадағы қазақ халқының 1959 жылғы 30%-тен 1979 жылы 36%-ке сандық өсуінің себебі қандай?

А) қазақ отбасыларында бала туудың артуы.

Б) әкімшілік шекаралардың өзгеру мен республика құрамына қазақ халқы басым аудандардың кіруі.

В) нәрестелер өлімінің төмендеуі.

 

12. КОКП ОК Пленумының «Елдегі астық өндірісін көлемін кеңейту мен тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысына сәйкес қай жерлерде дәнді дақылдарды себудің көлемін ұлғайту жоспарланды?

А) Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Алтайда және Солтүстік Қавказда.

Б) Қазақстанда, Сібірде, Алтайда, қаратопырақты емес аймақта, Алтайда, Оралда.

В) Қазақстан мен Сібірда ғана.

 

13. Кеңестік Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы қай жылы басталды?

А) 1949 ж.

Б) 1950 ж.

В) 1955 ж.

 

14. Кеңес дәуіріндегі қазақстандық экономикаға тән сипат (дұрыс емес жауабын көрсетіңіз).

А) Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты.

Б) Қазақстан экономикасы экстенсивтік негізде дамыды.

В) республика өндіріс өнімінің жылдық өсу қарқыны күшейе түсті.

 

15. 1974 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығымен бағаланған еңбек:

А) І.Есенбрлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.

Б) Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы.

В) Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы.

 

16. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан мәдениеті мен ғылымының өкілдеріне не үшін айып тағылды? (дұрыс емес жауапты көрсетіңіз).

А) ұлтшылдық сипаттағы теріс қылықтар.

Б) И.Сталиннің еңбегін асыра айту.

В) таптық ұғымның бомауы.

 

17. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 29 қаңтардағы «Оңтүстік Қазақстан өлкесінің бір бөлігін Өзбек КСР-ның құрамына беру туралы» Жарлығына байланысты біздің республикамыз өз территориясының қанша жерінен айырылды?

А) 1,5 млн. га.

Б) 2,5 млн. га.

В) 3,5 млн. га.

 

18. «Өзін-өзі қаржыландыру» термині нені білдіреді?

А) Өндірістің кеңеюін алынған пайданың есебінен қаржыландыру.

Б) Шаруашылықты ұйымдастыруда шығындарды өндіретін өнім немесе көрсететін қызмет түрлерінен түскен табыстармен толық жабуға бағытталған принцип.

В) Өндірісті кеңеюін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру.

 

19. Л.И.Брежневтің Н.С.Хрущевті биліктен аластатқаннан кейін реформаға қарсы бірінші әрекеттерінің бірі –

А) ауылшаруашылығының барлық негізгі өнімдерінің бағасын төмендету.

Б) мемлекеттік және партиялық қызметтерді бөлу.

В) жұмысшылардың жеке шаруашылықтарына қолдау жасау.

 

20. 1940 жылдарың соңында – 1950 жылдардың басында саяси репрессияға ұшыраған Е. Бекмахановтан басқа да қазақстандық белгілі тарихшы-ғалымдар: (дұрыс емес жауабын көрсетіңіз).

А) Ә. Марғұлан.

Б) Б. Сүлейменов.

В) О. Исмағұлов.

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)