АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ХРОНОМЕТРАЖЫ

Сабақтың этаптары Үлесі Ұзақтығы
Тәжірибелік сабақ
1. Ұйымдастыру 2% 5 мин (8.00-8.05)
2. Білімнің бастапқы деңгейін бағалау (тесттілеу, жазбаша жауап беруге арналған сұрақтар және т.б.) 8% 15 мин (8.05-8.20)
3. Тәжірибелік сабақтың негізгі бөлігі (тақырыпты интерактивті әдістерді қолданып талдау: кіші топтармен жұмыс істеу, ролдік ойындар, жұптасып жұмыс істеу, Т-кестелерді құру және т.б.) 45% 90 мин (8.20-9.50)      
4. Студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі (тәжірибелік дағдыларды игеру: анализдерді интерпретациялау, эпидемиологиялық анамнезді жинау, нормативті документтермен жұмыс істеу және науқастарды курациялау) 25% 50 мин (9.50-10.40)
5. Білім нәтижелерін бағалау (есептерді шығару) 15% 30 мин. (10.40-11.10)
6. Сабақтың қорытындысын шығарып, бағаларды ашық түрде қою 2,5% 5 мин. (11.10-11.15)
7. Келесі сабаққа арналған құралдармен танысу 2,5% 5 мин. (11.15-11.20)
  Барлығы: 100 % 200 мин. (үзіліссіз)
  Үзіліс   30 минут (11.20 – 11.50)
ОСӨЖ
1. ОСӨЖ дің негізгі бөлігі (кіші топтармен жұмыс істеу, тақырыпқа байланысты науқастарды курациялау және талдау, сырқатнамалардың көшірмелерін талдау) 85% 130 мин. (11.50-14.00)
2. ОСӨЖ бағасын қою арқылы сабақты қорытындылау. 10% 15 мин. (14.00-14.15)
3. Келесі ОСӨЖ сабағына арналған әдістемелік нұсқаулармен танысу 5% 5 мин. (14.15-14.20)
  Барлығы: 100 % 150 мин.
  Барлығы   350 мин. (үзіліссіз)

 

№2 сабақтың тақырыбы: Грипп және басқа жедел респираторлы вирусты инфекциялардың этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары.

Энтералды механизмен жұғатын вирусты гепатиттер.

2. Мақсаты: Студенттерді грипп және басқа жедел вирусты респираторлы инфекцияларын ерте анықтауға, науқастарды дер кезінде емдеуге және алдын алу шараларды ұйымдастыруға үйрету.

Энтералды жолмен жұғатын вирусты гепатиттердің этиологиясы мен эпидемиологиясын анықтауды, клиникалық көріністерін ажыратып, зерттеу әдістерін дұрыс тағайындауды, емдеуді үйрету.

Сабақты өткізу түрі: тесттік тапсырмалар, рольдік ойындар, ситуациялық есептер.

Құзыреттілік бағасы- 12.01.2012 г Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен №33 «Жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған санитарлық˗эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыуға қойылатын санитарлық˗эпидемияға қарсы талаптар» - деген үкімді білу. ЖІИ ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу, ауруханадан шығару, диспансерлік бақылауға алу. (сұрақ-жауап), тестке жауап.

3. Оқыту мәні: Грипп және басқа жедел вирусты респираторлы инфекциялардың, этиологиясымен, эпидемиологиясымен, патогенезімен, клиникасымен, диагностика, емдеу және алдын алу принциптерімен таныстыру.

Студенттерді негізгі клиникалық синдромдарды анықтауға, эпидемиологиялық анамнез жинауға, клиникалық диагнозды негіздеуге үйрету.

Студенттерді грипп және басқа жедел вирусты респираторлы инфекцияларың, анықтау, салыстырмалы диагностика жүргізу, емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру дағдыларын үйрету.

Студенттерді анамнез жинау барысында диагностикалық (эпидемиологиялық, клиникалық, лабораторлық) маңызы бар ақпараттарды таба білуді, лабораторлық зерттеу, емдеу және басқа инфекциялармен салыстырмалы диагностика жүргізуді үйрету

Науқасты зерттегенде инфекциялық ауруларға тән ерекшеліктерді қалыптастыруды бекіту.

Студенттерді анамнез жинау барысында (эпидемиологиялық, клиникалық, лабораторлық), маңызды ақпаратты жинауды, зерттеу әдістерін және емдеу принциптеріне, басқа жұқпалы аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізуге үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Грипп, ЖРВИ, қоздырғыштарының негізгі қасиеттері.

2. Грипп, ЖРВИ эпидемиологиялық ерекшеліктері. Маусымдылық және пандемиялық грипп.

3. Грипп, ЖРВИ, ауруларының патогенезінің негізі.

4. Грипп, ЖРВИ негізгі клиникалық синдромдары, салыстырмалы диагностикасы.

5. Грипп, ЖРВИ, асқынулары

6. Грипп, ЖРВИ, емдеу принциптері.

7. Грипп, ЖРВИ алдын алу шаралары.

8. Вирусты гепатиттердің (А, Е) эпидемиологиясы. Эпидемиологиялық ерекшліктер: әр түрлі тағамдардың эпидемиологиялық ролі. Қауіп топтары. Қазақстандағы және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай.

9. Вирусты гепатиттердің (А, Е) патогенезі.

10. Вирусты гепатиттердің (А, Е) негізгі клиникалық синдромдары, ерте клиникалық көріністері, клиникасының ерекшеліктері.

11. Вирусты гепатиттердің (А, Е) асқынулары. ЖБЭ, клиникалық көріністері, шұғыл жәрдем.

12. Вирусты гепатиттердің (А, Е) диагностика әдістері.

13. Вирусты гепатиттердің (А, Е) емдеу және шұғыл жағдайлар кезіндегі көмек көрсету принциптері.

14. Вирусты гепатиттердің (А, Е) салдары (исходы).

15. Вирусты гепатиттерді (А, Е) алдын алу шаралары. Тұрғындарға санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің маңызы.

 

5. 5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Тестік тапсырмаларды шешу, тақырыпқа сай науқастарды клиникалық талдау, кіші топтарда жұмыс істеу, презентацияларды көрсету.

6. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Жұқпалы аурулар. А.Қ.Дүйсенова. Алматы, 2009 жыл.

2. Инфекционные болезни: Учеб.пос. для вузов/Под ред. Е.П. Шуваловой.-

Москва;Медицина, 2005.-165-195 бб.

4. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/ В.И.Покровский,

С.Г.Пак, Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2007.-826 б

5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/ В.И.Покровский,

С.Г.Пак, Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2008.-756 б

6. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П. Шуваловой.- Ростов- н/

Д. Феникс, 2001.-960б.

7. Қуттықожанова Ғ.Ғ. Балалардын жұқпалы аурулары.-2001.

қосымша:

1. Дүйсенова А.Қ. Зоонозды инфекциялар. Оқу құралы. – Алматы, 2009 ж.

2. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях: Практическое руководство /С.А.Амиреев, Т.А. Муминов, Б.Л.Черкасский, К.С.Оспанов.-Алматы. Т.1.-2007.-596б.

3. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях: Практическое руководство/С.А.Амиреев, Т.А. Муминов, Б.Л.Черкасский, К.С.Оспанов.- Алматы. Т.2.-2007.-845б.

4. Инфекционные болезни и эпидемиология под редакцией В.И.Покровского,2007 ж.

5. Белозеров Е.С. Бактериальная дизентерия, 1993.

6. Котова А.Л. Сальмонеллезы, 1992.

7. Дуйсенова А.Қ., Ермұқанова Н.Т. Жұқпалы және тропикалық аурулар бойынша ситуациялық есептер және тесттік тапсырмалар, Алматы,2009 ж.

 

7. Бақылау: тесттік тапсырмалар, ситуациялық есептер.

 

 

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс бакалавриат студенттеріне арналған тәжірибелік сабақ және ОСӨЖ 2- ші күн


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)