|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жалпы ережелер. 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік
Астана каласы, 2011 жыл 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық – құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1154 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта құру туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Ақ Берен», «Құтқарушы», «Көмір» Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі», «Кен» Әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын біріктіру жолы арқылы құрылды. 3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады. 4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын республикалық меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады. 5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады. 6. Кәсіпорынның атауы: мемлекеттік тілде: толық – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; қысқа - «КӘАҚҚ ОШ» РМҚК; орыс тілінде: толық - Республиканское государственное казенное предприятие «Центральный штаб профессиональных военизированных аварийно-спасательных служб» Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан; қысқа – РГКП «ЦШ ПВАСС». 7. Кәсіпорынның орналасқан жері: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 81. 2. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі 8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады. 9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады. 10. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады. 11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні төтенше және авариялық жағдайлар кезінде тауда құтқару және өзге де арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да дәлей зілзалалардан қорғау болып табылады. 13. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты төтенше және авариялық жағдайларда кенқұтқару, атқыламаға қарсы, газқұтқару, сонымен қатар өрт сөндіру мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты және тағы басқа арнайы жұмыстарды, сонымен қатар апаттың алдын алу жұмыстарын атқару болып табылады. 14. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасы аумағында теңіздерде және ішкі су қоймаларында теңіз операцияларын жүргізу кезінде ашық газ және мұнай атқыламаларының пайда болуының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардың су асты бөлігінде алдын-алу жұмыстарды жүргізу; 2) теңіздер мен ішкі су қоймаларында теңіз операцияларын жүргізу кезінде құрлықта шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын атқару; 3) ашық газ және мұнай атқыламаларын, газмұнай лақтырыстарын жоюға қатысу кезінде авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; 4) мұнай барлау, мұнай өндіру мекемелерінің жұмысшылары мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерін ашық газ және мұнай атқыламаларының алдын алу мен жою бойынша нұсқаулықтар беру және практикалық әдістер мен тәсілдерге үйрету. 5) атқыламаға қарсы қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау; 6) құтқару жұмыстарын жүргізу саласында шетелдік мекемелермен ынтымақтасу; 7) төтенше жағдайларды болдырмау және жою бойынша алдын - алу жұмыстарын жүргізу; 8) ашық мұнай және газ атқыламаларына жақын орналасқан елді мекендерге төнетін қауіптердің алдын алу мен жою бойынша шаралар қолдану; 9) ашық мұнай және газ атқыламаларының пайда болуын болдырмау бойынша іс-шараларды дайындау және тәжірибеде қолдану мақсатында, қол қойылған шарттардың негізінде, қызмет көрсетілетін кәсіпорындарды, техниканы, технология мен атқыламаға қарсы қауіпсіздік деңгейін тексерістен өткізу; 10) ашық газ және мұнай атқыламаларының пайда болуы мен олармен байланысты қайғылы оқиғалардың, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен қайғылы оқиғалардың шығу себептерін тексеру, пайдалануға тапсырылатын және тау-кен құтқару қызметіне кіретін жаңа және қайта құрылған шахталарды, деңгейжиектерді, учаскілерді, карьерлерді, бөліктерді қолдануға қабылдау бойынша комиссия жұмысына қатысу; 11) қызмет көрсетілетін кәсіпорындарда болған газ және мұнай атқыламаларын, техногендік аварияларды есепке алу мен талдау және оларды болдырмау бойынша іс-шаралар дайындау; 12) Кәсіпорынның жеке құрамын құтқарушы мамандығы бойынша даярлау, мұнайгаз барлау, мұнайгаз өндіруші, кен өндіруші, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу кәсіпорындардың, жер қойнауын пайдаланушылардың инженер-техникалық қызметкерлеріне, ерікті объектілік құтқару құрылымдардың мүшелерінің жеке құрамына Кәсіпорынның оқу орталығында курстық оқу жүйесінде, авариялық-құтқару жұмыстарды, соның ішінде газ-мұнай көріністері кезінде ұңғыларды басқару бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша әдістер мен тәсілдерді үйрету; 13) зиянды заттардың сыртқа таралуына қарсы құрал-жабдықтарды монтаждаудан кейін, өнімдік деңгейжиекті ашқаннан кейін авариялық жұмыстарға, скважиналардың перфорациялауына, скважиналарды консервациялау және консервациядан шығару кезінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға келісім; 14) алдын ала қарауға келісілген шарттардың негізінде су астылық-гидротехникалық құрылыстардың, мұнай-газ құбырлары мен газ ұңғыларының жағдайына бақылау жүргізу; 15) төтенше жағдайлар кезінде газдан құтқару және тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу, қоршаған ауаға талдау жұмыстарын, прекурсорларды қолданумен газталдағыш зертханалық жұмыстар жүргізу, ауа-қысымдық түсірме жұмыстарын орындау, құрыш арқандарын сынақтан өткізу, адамның ағзасына зиян келтіретін химиялық, мұнайхимиялық, мұнайгаз барлау, мұнайгаз өндіру, мұнайды қайта өңдеу, кен өндіру, көмір өндірістерінде, қатты әсерлі улы заттарды тасушы теміржол және автокөліктерінде, сонымен бірге адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерде газданудан, газ жарылысынан және шаңнан, өрттен, су басудан кен қазбаларының опырылыстарынан қорғау; 16) кен, бикен, көмір, металлургиялық, химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өндіру, мұнайгазды қайта өңдеу және өндірістің басқада кәсіпорындарында, пайдалы қазбаларды өндірумен айналыспайтын құрылыс объектілерде және жерасты, суасты құрылымдық кешендерін пайдалануда, құрлықта, теңіздерде, су қоймаларында, ашық мұнай және газ атқыламалары кезінде, адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерде болған авария кезінде адамдарды құтқару және көшіру, сонымен қатар аварияны оқшаулау және оның салдарын жою; 17) зардап шеккендерге тікелей жұмыс орындарында және көшіру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету; 18) Кәсіпорын жұмысшыларына медициналық көмек көрсету; 19) жедел көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер сатып алу, сақтау мен пайдалану және зертханалык жане газталдау жұмыстарын жүргізу үшін прекурсорлар сатып алу жане сақтау; 20) қызмет көрсетілетін объектілерде төтенше және авариялық жағдайлар кезінде өрт сөндіру, газ бен шаң жарылыстарының, тау соққысының, опырылудың, газдану мен су басудың зардабын жою және басқа да арнайы жұмыстарды жүргізу; 21) құтқару ісі мен кәсіпорының аварияға қарсы қорғанысы мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, өндірістік кәсіпорындардың жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне арналған оқу бағдарламасын дайындау, 22) жер қойнауын пайдаланушы объектілердің өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындауға, желдету жүйесін тексеруге, ұнтақтардың өрт сөндіру қасиеттерін анықтауға тиісті дайындық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізу; 23) пайдаланылатын материалдардың жанғыштығына бастапқы бақылауды жүргізу, куәландыру мен сынақ жұмыстарын жүргізу, жөндеу, өрт сөндіру жабдықтарына, құтқарушылардың қорғаныс жабдықтарының жеке және топтық бақылау аспаптарына, қысымда істейтін ыдыстарға, хромотографтарға, медициналық көмек көрсету жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және баптау, өрт сөндіру құралдарының сапасын қалпына келтіру; 24) қызмет көрсетілетін кәсіпорындарда аварияны жою жоспарын қарау және сол жоспарлармен келісімге қол қою, жоғары қауіптілігі бар кен және арнайы басқа да жұмыстардың жүргізуінің нақты жағдайына сәйкестігін анықтау; 25) газды-химиялық талдағыштарды, ауатазартқыштарды, кен құтқару жабдықтарын тексеретін және бақылайтын құралдарды, оқшаулау тұмылдырықтарды, шұраларын, ауа-тыныс алу аппараттарын, құтқарушы зембілдерін, басқа арнайы жабдықтарды, құралдарды, қосалқы құралдарды шығару және тексеру, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың авариялық-құтқару жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу; 26) қызмет көрсетілетін объектілерде тыныс алу органдарын қорғау және арнайы құрал-жабдықтарды қолдануды талап ететін авариялық емес техникалық жұмыстарды орындау. 27) өндірістік кәсіпорындардың жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері үшін еңбек қорғау мәселелері бойынша оқу бағдарламаларын дайындау, кейіннен Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органында бекіту. 15. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ. 16. Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарымен айқындалған қызметтiң мақсаттарына қарама-қайшылықта немесе басшының жарғылық құзырын бұзушылықта кәсiпорынмен жасалған мәмiле не болмаса құрылтай құжаты тиісті саланың уәкiлеттi органының немесе мемлекеттiк мүлiк бойынша уәкiлеттi органының не прокурордың талаптары бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. 17. Кәсіпорын жарғысынан тыс қызметтi жүзеге асыруға бағытталған басшының іс әрекеті еңбек міндеттерін бұзған болып табылады және тәртіптік шара қолдану мен материалдық жауапкершілікке тартуға әкеледі.
4. Кәсіпорынды басқару
18. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады; 2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; 3) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорын түрін айқындайды және Кәсіпорынның Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді; 4) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады; 5) Кәсіпорын мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 6) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады; 7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді; 8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді; 9) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді; 10) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді; 11) Кәсіпорынға жұмыс істеуі мен оған басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Тиісті саланың уәкілетті органы: 1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды; 2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді; 4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады; 5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын берген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді; 6) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады; 7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді; 8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады; 9) Кәсіпорынның таза табыстың бір бөлігін республикалық бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады; 10) Кәсіпорын бастығының ұсынымы бойынша оның орынбасарларын және Кәсіпорнының бас бухгалтерін қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады; 11) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді; 12) Кәсіпорын бастығының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн белгілейді; 13) Кәсіпорын бастығының ұсынымы бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді. 20. Кәсіпорынның бастығы оның органы болып. 21. Бастықты тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 22. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның бастығымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын бастығының жауапкершілігі айқындалады. 23. Кәсіпорынның бастығы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады. 24. Кәсіпорынның бастығы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады. 25. Бастық дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді. 26. Бастық: 1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді; 3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды; 4) сенімхаттар береді; 5) банктік шоттар ашады; 6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады; 8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді; 9) өзінің орынбасарларын және Кәсіпорнының бас бухгалтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады; 10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді; 11) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынның мүлкі 27. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды. 28. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. 29. Кәсіпорынның мүлкі: 1) оған меншік иесі берген мүліктің; 2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда); 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады. 30. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін. 31. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады. 32. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі. 33. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды. 34. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ. 35. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 36-тармағында көзделген жағдайда тоқтатылады. 36. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы. 37. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Кәсіпорынға оны тұлғаға бергенге дейін алынған мүлікті ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілеуге құқылы. 38. Осы Жарғының 34-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана, беруге және есептен шығаруға құқылы. 39. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру 40. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады. Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 41. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс. Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. 42. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады. 43. Кәсіпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi. 44. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады. 7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
45. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады. 8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі 46. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша қаржылық есептіліктің ұлттық стандартарттарына сәйкес Кәсіпорынның бастығы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады. 47. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
9. Кәсіпорынның жауапкершілігі
48. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы республикалық бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
10. Еңбек ұжымымен өзара қатынас 49. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. 50. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
11. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
51. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді. 52. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды. 53. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.
12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату 54. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін. 55. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады. 56. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, республикалық бюджеттің табысына есептеледі. 13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 57. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.
Бастық С.Б. Әжібеков ______________ Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.027 сек.) |