|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Стратиграфия
Жаңажол кен орнындағы барлау жұмыстары арқылы төменгі тас көмір және жоғарғы бор жасындағы жыныс жиынтығы анықталған. Стратиграфиялық бөлшектеуде мұнай-газ қоры анықталғаннан кейінгі уақыттың ішінде игерудің технологиялық сұлбасы жасалғаннан кейін қарастырылып отырған кен орнында 149 өндіру ұңғылары бұрғыланды. Сол ұңғылар бойынша талданған материалдар кеніштің геологиялық ұүрылымын, таралу шекарасын анықтауға мүмкіндік берді және өнімділік қабаттар параметрлерінің есептеулері келтірілді. Бірақ бұдан кейін флюидтердің анықталған қорына байланысты ешқандай өзгерулер болмады. Жаңажол кен орнының геологиялық қималары, шөгінді қалыңдығына тән тау жынысымен көрсетіледі. Тау жынысының жоғарғы қабатында әксаз бен құмтас тастамаларының саздықтары, құм, әксазды саз, құмтас, құмайттас кездеседі. Қиманың орталық бөлігі тығыз әкті сазбен, ұсақ әкті құммен, жұқа қабатты құмайттаспен, тасты тұзбен сипатталады. Әрі қарай орын ауыстыратын тау жыныстары: сазтас құмайттас, құм және гравелит қатшаларымен. Құм және гравелит қатшаларымен құмайттастар, ірі құмайттастар. Ірі кристалды сазтас: әктас, әртүрлі жарықшақты және қуысты доломит. Жаңажол кен орнының шөгінді қалыңдығының қимасы таскөмір жүйесі (төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөліктері), пермь жүйесі (ортаңғы және жоғарғы бөліктері), триас, юра және бор жүйесі түзілімдерімен, сонымен қатар антропогендік жүйесінің төртінші түзілімімен көрсетіледі. Жаңажол алаңында ашылған кен орнының орташа, қалыпты, литологиялық, стратиграфиялық қимасы орта визей жасындағы терригенді шөгінділер болып табылады. Жаңажолға шектес орналасқан Қожасай аумағында, шығыс Түгіскенде, шығыс Төрткөлде орташа төменгі визей және турнейлік жік қабатының ашық терригендік қалыңдығы 1000 метрден асады. Қима 109 метрге дейінгі қалыңдықта гравелиттен, құмайттан, саздан тұратын доломит пен әктастармен қатталған. Касимов жік қабатының қуаты 50- 97м. Қарастырылып отырған кен орынның анықталған қимасы жыныстардың төрттік, төменгі бор, юра, триас, перм және таскөмір т.с.с. жастарымен сипатталады. Қазақстандағы Каспий маңы ойпатының аймағынан табылған тұзасты шөгінділеріндегі соңғы түзілімдерде мұнай-газ кеніштерінің үлекн бөлігі бар екендігі анықталды. Ол кеніштер касимовтік, жоғарғы мәскеулік ярустарында және KT-II қабатының төменгі мәскеулік (каширлік, верейлік), башқұрттық, серпуховтық (протвиндік, стешевтік және тарустық горизонттары) және визе (вешевтік горизонт) ярустары интервалдарында жатыр. Төменде кен орынды құрастыратын бөлімдердің және жүйелердің анықтамалары келтірілген. Рz - тобы C - Таскөмір жүйесі C1 -Төменгі бөлім Жаңажол кен орны көлемінде анықталған барынша ерте шөгінді жыныс болып орта визе жасындағы терригенді шөгінділер табылады. Осы жыныстар №1-С ұңғының 4190-4200 метр ралығында кездесті. Терригенді шөгінділер қимасының жоғарғы бөлігі карбонатты қабатпен ауысады. Олардың жасы жоғарғы визе және серпуховтық жастармен белгіленіп, құрамы қара-сұр аргиллит аралас әктастар мен доломиттерден тұрады. Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталған қалыңдығы 308 метр. C2 - Ортаңғы бөлім Ортаңғы карбон жыныстары башқұрттық және мәскеулік ярус құрамында ашылды. C2в - Башқұрттық ярус Бұл жастағы жыныстар №1 -C ұңғысының3892-3668 метр аралығында толық және 23 ұңғымен жиі–жиі қамтылды. Олардың толық қалыңдығы 224 метрге жетеді. Құрамында сұр және ақшыл-сұр әктастар органогенді түйірлі, аргиллит аралас массивті доломиттерден тұрады. C2m1 – Мәскеулік ярус Мұның құрамы екі ярусқа бөлінеді. Төменгі Мәскеулік ярусының №1– C ұңғысында 3668-3560 метр және №23 ұңғысында 3807-3647 метр аралықтарында верейлік және каширлік горизонттары кездескен. Жыныс қалыңдығы 106 метрден 156 метрге дейін жетеді. Бұл қабаттар карбонаттар және аргиллит аралас шөгінділерден тұрады. Жоғарғы визе-төменгі мәскеулік ярусының карбонатты жыныс кешендерінің қалыңдығы №1-C ұңғысында 530 метрге жетіп, төменгі карбонатты қабатын құрайды да өз алдына KT-II индексімен белгіленеді. C2т2 - Жоғарғы Мәскеулік ярусы Бұл ярус мячковтық және подольдық горизонттарымен сипатталады. Подольдық горизонтының төменгі бөлігі көбіне көп терригенді қалыңдықты қабаттар, яғни аргилиттер, қиыршық топырақ, гравилиттер және266-366 метрлі қалыңдықта жиі кездесетін әктастардан тұрады. Подольды карбонатты түзілімдердің қалыңдықтары 144-220 метр аралыңында өзгеріп тұрады. Мячковтық горизонт ұіңылардың барлығында анықталған және органогенді, органогенді–үгілгіш, ұсақ түйіршікті әктас және доломиттерден құралған. Оның қалыңдығы 115 метрден 164 метрге дейінгі аралықта өзгермелі болып келеді. C3 - Жоғарғы бөлім Жоғарғы карбонатты қабаттың ортаңғы карбонатты қабатымен шекарасы геологиялық каротаж сызбасындағы өзгеруінен көрінеді. Жоғарғы карбонның көптеген микрофауналарымен флоралардың табылуына байланысты касимовтік және гжельдік ярустарына бөлінген. Cэк - Касимовтік ярус Жыныс жасы ұңғылардағы фораминиферлердің кешенінен, яғни5 (2832-2824), (2824-2819), 1 (2900-2896), 6 (2909-2906), (2899-2897), (2894-2888), (2884-2897), 19 (3013-3001) және 5-і ұңғыдағы, яғни 5 (2832-2824), (2819-2816) конодонттар кешенінен анықталды. Литологиялық қатынаста ол ауданның көптеген бөлігінде әктастар және доломиттерден құралған. Касимов ярусының қалыңдығы 50 метрден 97 метрге дейінгі аралықтарда өзгеріп тұрады. С3g – Гжельдік ярус Бұл ярус екі бөлімнен тұрады. Төменгі қалыңдығы 53 метрден 136 метрге дейін өзгереді. Жыныс ішінде сульфатты және карбонатты қабаттар бар. Оның басқа қабаттарға қарағанда айтарлықтай айырмашылығы құрамының 65-85%-і фауналар мен су өсімдіктерінің қалдығынан тұратын әктастар болып табылады. Қарастырылып отырған гжель ярусы бөлігінің жасы №12-і ұңғыда аралығы 2964,2-2890 метр және 2336,3 -2930 метр болатын фораминифердің анықталуымен дәлелденген. Жоғарғы КТ–І карбонатты қабатында негізінен газоконденсатты қор сақталған. Карбонатты қабаттың жалпылама қалыңдығы 427-573 метр аралығында. Қиманың карбонат үсті бөлігі жиі кездеседі, яғни гравелит, сазбалшық, алевролит қабаттарынан құралған терригенді гжельдік ярусының қабатынан түзілген. Оның қалыңдығы 24-109 метрге дейін жетеді. Р – Пермь жүйесі Пермь шөгінділері төменгі және жоғарғы бөлімдерде берілген. Р1 – Төменгі бөлім Төменгі пермь бөлімі ассельдік, сакмардық, артиндік және кунгурлік ярус шөгінділерінен тұрады.
Р1а+s – Ассельдік-сакмарлық ярус Ассельдік-сакмарлық терригенді қабат қалыңдығы гжель терригенді карбон қабатымен бірге Жаңажол кен орнында регионалды флюидті, кедергілі қабат туғызады. Бұл қабыршақта қабат қалыңдығы белгілі дәрежеде құрылымды саз балшықтың болумен және кең ауқымды яғни, 16-598 метр аралығында өзгеріп, солтүстіктен оңтүстікке қарай тенденциялы өзгеріп отырады. Литологиялық байланыста бұл аргилиттер, қиыршық топырақтар, алевролиттер, жиі–жиі гравелит және саз балшықты әктастардан тұрады. Ассельдік ярусының қалыңдығының жасы 1-ші ұңғының 2647-2645 және 2498-2495 метр аралықтарында және 10-шы ұңғыда 2648-2458 метр аралықтарында алынған фораминифер фауналармен қуатталып (93-ші) 9 метрден (8-ші ұңғыда) 359 метрге дейін өзгеріп отырады. Сакмарлық ярусында қалыңдыққа байланысты сақталмаған, яғни 5-ші ұңғыда кездескен. Р1k – Құңғыр ярусы Құңғырлық ярусынан гидрохимиялық шөгінділері жоғары карбонат үсті терригенді қабатымен бірге құңғыр қималарының мұнай мен газға қаныққан бөліктерінде өте зор флюидті, кедергілі қабат туғызады. Құңғырлық ярусының шөгіндісінің төменгі бөлігі сульфатты терригенді –галогенді аргиллит араласқан қабаттарымен кездескен. Оның қалыңдығы 10-60 метр аралығында өзгереді. Жоғарырақта галогенді аргиллит аралас, жиі қиыршық топырақ пен алевролит және ангидрит қабатшалары орналасқан. Галогенді қабатының максималды қалыңдығы (12-ші ұңғы) 996 метрден, минималды қалыңдығы (3-ші ұңғы) 7метр аралығында. Кен орынның құңғырлық ярусының жоғарғы бөлігінде терригенді-сульфатты қабаттар жатыр. Оның негізгі бөлігі 4 метрден 48 метр қалыңдықта кездескен ангидриттерден жинақталған. P2 - Жоғарғы бөлімі Жоғарғы пермь шөгінділері шұбар түсті, қоңыр түсті, құрамында жеке ангидрит (3-0,5 метрлі және 10-15 метрлі) қабатшалары кездесетін терригенді қабаттардан тұрады. Жоғарғы пермь бөлігінің қалыңдығы солтүстік төбешіктермен ұштасқан жерде 633 метрге дейін өзгереді.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.) |