|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе. Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсеттың қоры бойынша – төртінші орын алады. Өнеркәсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облысында шоғырланған. Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90%-ы шоғырланған. Атап айтсақ осы аймақта: Теңіз, Қарашығанық, Өзен, Жаңажол сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн. тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған. Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол). Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.
Жаңажол кен орны қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Жаңажол кен орны «CNPC Ақтөбемұнайгаз» ашық акционерлік қоғамына қарайды. Тәулігіне 11мың тонна мұнай беретін Жаңажол кен орнының еліміз үшін маңызы экономикалық зор. Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында қытай инвесторлары жұмыс жасайды. Сонымен қатар Жаңажол кен орнының басқа кен орындарынан игерудегі басты айырмашылығы компрессорлы газлифт тәсілінің жақсы нәтиже беруі. Жаңажол кен орнындағы газсыздандырылған тауарлы мұнайдың құрамы мен қасиеті мынадай: тығыздығы – 825кг/м3, тұтқырлығы – 28мПа*с, күкірт – 1,62%, парафин – 3,15%, шайыр, асфальтендер -14,18% болып келеді.Жаңажол кен орнында барлық мұнай қоры 121,1 млн.тонна болған,осы күнде оның 50 млн. тоннасы игеріліп тасталған.
1.1 Кен орынның геологиялық-географиялық сипаттамасы 1.1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат
Жаңажол кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғалжар тауы мен Жем өзенінің арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданына қарайды. Жергілікті жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және +125-тен +270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минимальды белгісі Жем өзеніне қарай, яғни кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Жем өзені Жаңажол кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Жем өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді. Аудан климаты құрғақ кенеттен өзгермелі. Сондықтан ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура -400С қа дейін жетеді. Ең суық айларға қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жылына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айларына шілде, тамыз айлары жатады. Аудан аз қоныстанған. Ең жақын елді мекендеріне кен орынның солтүстікшығыс бағытында орналасқан 15 шақырымдық Жаңажол совхозының орталығы және солтүстік-батыс бағытында орналасқан 35 шақырымдық Кеңкияқ мұнай-газ өндіру басқармасының поселогы жатады және кен орынның солтүстік-батысында Шұбарши ауылы орналасқан. Атырау-Орск мұнай құбыры 100 шақырым жерден өтеді. Жақын темір жол станциясы Мәскеу-Орта Азия магистралының бойында орналасқан 100 шақырым жердегі Жем станциясы. «СNРС Ақтөбемұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының базылық орталығы Жаңажол кен орнының солтүстік бағытынан 130 шақырымдық жерде орналасқан Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш (Октябрск) қаласы. Қазіргі кезде Жаңажол кен орны мен Қандыағаш (Октябрск) қаласының расына тас жол салынған. Пайдалану ұңғымаларын бұрғылау үшін және Жаңажол кен орнының вахталы поселогын жарықтандыру үшін электр желісі тартылған. Бұрғылаушылармен рация және ұялы байланыс арқылы байланысады. Ақтөбе қаласы мен Шұбарши, Жаңажол ауылдары арасында почта, телеграф және телефондық байланыс та бар. Ақтөбе облысының орталығы Ақтөбе қаласынан Жаңажол кен орнына дейін шамамен 240 шақырым. Ақтөбе қаласында Жаңажол және Кеңкияқ кен орындарының мұнай-газын игеру, өндіру жұмыстарын жүргізетін «СNРС Ақтөбемұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының орталық ғимараты орналасқан.
Кесте 1- Ембі метеостанциясы бойынша ауаның айлық және жылдық орташа температурасы
Сыртқы ауаның абсолютті минималды температурасы - 420С Сыртқы ауаның абсолютті максималды температурасы +430С
Кесте 2 - Желдің қайталануы, бағыты, жылдамдығы туралы мәлімет.
13 сағаттағы ауаның айлық орташа шартты ылғалдығы: Салқын айда айда – 77% Ыстық айда – 29% Қыстағы қар жамылғысының қалыңдығы -20см. Өсімдік жамылғысы шөлейтке тән.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.) |