|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе
Инженерия факультеті «Компьютерлік Инженерия» кафедрасы ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
Инженерия факултеті: 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (орта топ)
Студент: Махсутов Әділ
Түркістан 2015 Кіріспе Алғашқы кең қолданыс тапқан теледидарлардың өндірісі XX ғасырдың 30 жылдары басталған. Алайда, бұл ашылудың жүзеге асуы үшін ғалымдар ондаған жылдар ішінде аянбай еңбек етіп, мыңдаған тәжірибе жасаған. Теледидар тарихы фотоэффект құбылысының ашылуымен тікелей байланысты. Алғашында ішкі фотоэффект құбылысы қолданыс тапқан, оның мағынасы мынада еді: кейбір жартылай өткізгіштер жарықтандырылса, олар өз электр кедергісін күрт өзгертеді. Осындай қызық ашылуды алғаш рет ағылшын ғалымы Смит жасаған болатын. 1873 жылы ол кристалданған селенмен жасаған тәжірибесі жайлы баяндап, ғалымдармен ой бөліскен. Бұл тәжірибеде селен жолақтары платина кірістері бар түтікшелердің ішінде дәнекерленген. Түтікшелер күн сәулесі түспейтін қараңғы жерлерде сақталынатын. Қараңғы жерде селен жолақтарының кедергісі күрт өсіп, тұрақтылық көрсеткен.Күн сәулесі сәл түскен жағдайда, селеннің өткізгіштігі 15-100 %-ға жоғарлайтын. Кейін келе Смиттің жасаған ашылуы теледидар өндірісінде кең қолданыс тапты. Кез келген затты жарықтандырса немесе өзі жарық көзі болса, ол көрінеді, бұл бәрімізге мәлім. Бақылап отырған затымыз жарық немесе қараңғы бөліктері бір-бірінен шағылған немесе жарқыраған сәуле интенсивтілігімен ерекшеленеді. Теледидардың жұмыс істеу принципі де осының негізінде құрылған: кез келген бейнені жарық немесе қараңғы түктелердің жиынтығы деп қарастыруға болады.1888 жылдың ақпанында орыс ғалымы Столетов жарық көзінің тоққа әсерін айқындайтын тәжірибе жасап, бұл құбылысты сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды ашады. Қазіргі фотоэлеметтердің түп бейнесі болып табылатын құрылғыларды құрастырып, «электр көзі» деп аталатын құрылғыны ойлап табады. Кейін келе осыған ұқсас жұмыстармен Ф. Ленард, Дж. Томпсон, О. Ричардсон, П. Лукирский, С. Прилежаев деген ғалымдар айналысқан. Бірақ фотоэффект құбылысын толықтай тек Альберт Энштейн түсіндіре алды.
Механикалық теледидарлар 1884 жылы алғашқы механикалық сканерлеу құрылғысын неміс инженері Пауль Нипков құрастырған болатын. Құрылғының құрамындағы диаметрі 50 см дисктің бетіне шиыршық тесіктер жасалынған. Осылайша бейненің сканерлеу процесі жарық сәуленің көмегімен жүзеге асырылып, белгі әрі қарай арнайы түрлендіргішке таратылады. Теледидардың ішінде бұл процесс кері тәртіпте жүзеге асырылып, жарық сәуле шығарғыштың орнына неондық шам қолданылды. Бейне тармақ-тармақ ретінде көрінгенімен, адам көзі көре алатын жылдамдықпен кескінделді.Осылайша алғашқы теледидар ретінде проекционды үлгілер жарық көре бастады. Бейненің сапасы сын көтермейтін, бірақ кескіндер мен көлеңкелер анық көрінбегенімен, экран бетінен негізгі бейнені көруге болатын.Нипковтың дискісі механикалық теледидар жүйелерінің басты құраушысы ретінде пайдаланылды. Теледидар бүкіл әлемнің бүкіл адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Теледидардың шығу тарихы, Televisorium латын тілінен аударғанда алыстан көруші дегенді білдіреді. Теледидар пайда болғанша қаншама физиктер, ғалымдар еңбектеніп ізденді. 1884ж неміс өнертапқышы Пауль Нипков спираль тектес ойлап тапты. Ол теледидардың механикалық бір түрі десе де болады. Ойлап тапқан соң арада 14 жыл өткенде катодты сәулелі түтікшені шығарды. Түтікше лампалы теледидардың пайда болуына септігін тигізді. Оны ойлап тапқан Джонатан Ценнек пен Фердинанд Браун болатын.Электронды сәулелі түтікшені жасаушылардың бірі ресейлік профессор Борис Розинг 1907ж өнертабысы үшін патент алды.Нағыз электрондық теледидарды жасауды шәкірті В.Зворыкиннің үлесі тиді. 1917ж бері АҚШта білім алған ғалым 1923ж алғашқы киноскопты ойлап шығарды. 1933ж бейне сигналды қосты.Теледидардың шығуына АҚШ пен Шотландия үлесі зор. 1925ж Шотландық инженер Джон Лоджи Байрд құрылғысынан адам басын көрсетіп, зерттеді. 3 метр қашықтықтан бейнені көру ол кезде сенсация болатын. Бейне көрінгенмен, анық емес еді. Қаңылтырды, картон дискісін, бос қорапты, фонарьды қолданған. 1927ж Э.Александерсон тікелей эфирден адамның темекі тартып тұрғанын көрсетті.АҚШ әлемге ең алғашқы рет теледидарлар шығара бастайды. Алғашқы телехабарлар АҚШта 1927ж, Ұлыбританияда 1928ж, Германияда 1929ж пайда болды.КСРОда Б-2 маркалы теледидар 1932ж Ленинградта Коминтерн зауытында жасалды. Көлемі 3*4см болды. Тұрақты хабарларды 1939ж беріле бастады.1954ж алғашқы түрлі түсті теледидарлар пайда болды. Бағасы 1000 АҚШ доллары болатын. Қазыргімен есептегенде шамамен 8000 сомасы. Істеп тұру үшін тұрақты жылына 1000 доллар ақша қажет болды. 1962ж америкалық спутниктік телеарнасы алғаш рет тікелей эфирден таратты. Пульт 1975ж ойлап табылса, плазмалық теледидар 1977ж пайда болды.
1 Қауіпсіздік ережесі
1.1 Техника қауіпсіздік ережелері: Компьютерлік техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттері болып табылады. 1.2 Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегіше: -Компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штекерлерге тиісуге және жабдықтарды оқытушылардың рұқсатынсыз жылжытуға тиым салынады; -Оқытушылардың рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды; -Дербес компютерді су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды; -Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тиым салынады. -Үстелде қалам мен дәптер ғана болуға тиіс; -Клавиатураға артық зат қоюға болмайды; -Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тиым салынады.
1-сурет.Жалпы ережелер
1.3 Дербес компьютермен жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары: Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдардыңқатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек; ЭВМ – мен жұмыс кезінде көзді экраннан 60-70 смқашықтыққа ұстау керек; Сыныпқакірушілерменорнынантұрмайамандасуғаболады; Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін,өрт сөндіру құралдары жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.
2-сурет. Шартты арақашықтық 3-сурет. Шартты арақашықтық
1.4 Апаттық жағдайда техника қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын талаптар: Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса немесе күйік иісі шықса, өзгеше дыбыс пайда болса,онда машина мен жұмыс тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.жалпы; Өрт сөндіруге көмек көрсетуқажет; Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек. Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуіңқажет. Оған құм және тағы басқа өрт сөндіргіш құрал жабдықтарын пайдалануға болады; Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады. 1.5 Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар: Студент компьютермен жұмыс жасай отырып шаршаған жағдайда төмендегі келтірілген жаттығуларды пайдалану қажет. Шаршаған кездегі көздіңқарау бағытын өзгерту (ауыстыру) алысқа, жақынға, оңға, солға, жоғары, төмен қарау.Сағат тілінің бағытымен керісінше көзді айналдыру қозғалыс жасау.Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыруға болады.
4-сурет.Көз жаттығулары 1.6 Тінтуірмен жұмыс істеу кезінде жасалатын жаттығулар:
· Білек түзу болуы тиіс. Ешқашан да үстелдің үстінде білегіңізге сүйенбеңіз. Білек буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында болуы тиіс. · Тінтуірді күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық еттеріңіздің қажетсіз ширы-ғуына әкепсоғады.
6-сурет. Тышқанмен дұрыс жұмыс істеу
3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай: Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен мойныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына қараңыз.Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы орындаңыз.
2 Негізгі бөлім 2.1 Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есеп-теулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. 1946жылы АҚШ-та әскери базада сынақ ретінде қолданысқа енгізіліп,есептеуіш техника аталуы осы кезеңнен басталды.
Компьютердеқосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: - ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), джойстик,, сызбалық планшет); - ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), колонкалар); - енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық, бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш). 2.1.1 Компьютердің енгізу құрылғылары Компьютердің енгізу құрылғыларына мыналар жатады: · Пернетақта · Тышкан · Трекбол · Джойстик · Сканер · Графикалық планшет · Сәулелік қалам · Дыбыстық карта
Пернетақта —компьютерге ақпарат енгізуші құрылғы және басқарушы сигналдарды беруші. Ол стандартты пернелер жиынтығынан және қосымша пернелерден тұрады (функциональдық пернелер, курсорды басқарушы пернелер, кіші цифрлық пренелер).
Барлық пернетақтадан терілген символдар мониторда курсордың жанында бейнеленіп отырады. (курсор (бағыттауыш) —мониторда бағытауыш ретінде көрінетін белгі, ол пернетақтадан енгізілетін таңбаның орынын көрсетіп отырады.
Көп тараған пернетақталардың бірі QWERTY ("кверти" деп оқылады), онда альфавитті-цифрлік бөлімі жоғары жақта және сол жақта орналасқан. Бұндай пернетақталардың жоғары жағында орналасқан 12 функциональдық пренелері болады. Олардың әрбіреуі немесе пернелер комбинациялары арқылы қандайда бір қызмет атқарады. Мысалы: көтеген бағдарламаларды F1 пернесі анықтама шығарады, ал бағдарламадан шығу үшін F10 пернесі қолданылады. Ctrl+F4 пернелер комбинациясы бағдарламаларды немесе терезелерді жабады және компьютерді сөндіру көмектеседі. Басқару пренелері мынандай қызметтер атқарады:
· Enter — енгізу пернесі; · Esc (Escape — шығу) қандайда бір әрекетті болдырмауды орындайды, бағдарламадан шығу, мәзірден шығу т.б.; · Ctrl және Alt — бұл пернелер жеке әрекет жасай алмайды, бірақ басқару пернелерімен бірігіп қызмет атқарады; · Shift (регистр) – пернелердің регистірін өзгертуді қамтамасыз етеді (жоғарыны төменгіге немесе керісінше); · Insert (қою)-кою және өзгерту күйінорнатады (жаңа символды жазылып тұрған мәтіннің үстіне қоя алады, бұрынғы символдардың үстіне жазып өзгерте алады); · Delete (жою) —курсордың алдындағы символды жояды; · BackSpace немесе ← курсор алдындағы символды жояды; · Home және End — жолдың басына және аяғына көшуді орындайды; · PageUp және PageDown — мәтін бойынша алдыңғы бетке және артыңғы бетке көшу орындайды; · Tab — табуляция пернесі, курсорды оңға қарай бірнеше позияияға жылжытады; · CapsLock — жоғары регистірді қамтамасыз етеді,бас әріптерді жазады; · PrintScreen — экранның ағымдағы ақпаратын көшіруді қамтамасыз етеді. · Аты жазылмаған ең ұзын перне — бос орын жазуға арналған. · курсорды жоғары, төмен, солға және оңға бір позицияға жылжытуға арналған пернелер.
Кіші цифрлық пернетақта екі жағдайда жұмыс атқарады — сандар енгізуге және курсорды басқаруды. Жағдайлар арасына көшуді NumLock пернесі атқарады.
Манипуляторлар (тышқан, джойстик, трекбол) — курсорды басқаратын арнайы құрылғылар.
Тышқан — бұл манипуляторлық типті енгізу құрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда тез жылжытуға және объектілерді басқаруға арналған.Тышқан ол алақанға сиятын қорапша секілді құрылғы.Тышқан компьютер дегі арнайы блокқа (адаптер) кабель арқылы жалғанады. Ол экран бетіндегі курсорды басқарушы тетік. Жоғары бөлігінде үш перне орналасқан, олар мәзірлер шығару үшін, басын және соңын анықтау үшін, сызу үшін т.б. қолданылады.
Трекбол —бұл тышқанның функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданылатын құрылғы. Жұмыс орын аз көлемде болған кезде қолдануға ыңғайлы.Трекбол — қорапша үстінде шары бар манипулятор. Қолданушы шарды айналдыру арқылы курсорды керек жеріне апара алады. Тышқаннан айырмашылығы трекбол компьютер жанынан бос орынды қажет етпейді.
Джойстик —кішкене рычагты манипулятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы. Джойстик — ол стержіндік-қалам депте аталады, экран бетінде тік және қисайту жағдайларын қамти алатын манипуляторлық тетік.Көбінесе компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде қысымның көрсеткіші болады. Қаламның батырмасына қатырақ басатын болсақ, онда экран бетінде курсор тезірек жүретін болады.
Сканер қағаз бетінен графикалық немесе текстік ақпаратты оқып, оны компьютерге енгізе алатын құрылғы. Сканер әріптер немесе сандарды ажырата алады, бұл жұмысты тездетіп ыңғайта алады. Сканер — компьютерге мәтіндік немесе графикалық ақпаратты енгізетін құрылғы. Суреттің немесе мәтіннің цифрланған құжатын алып компьютердің жадына енгізеді. Егер принтерлер компьютерден ақпаратты қағаз бетіне шығарса, ал сканерлер қағаз бетіндегі мәтінді және бейнелерді компьютерге енгізеді. Қолдық снанерлер қолдың көмегімен құжаттың үстінен өткізеді және плпншеттік сканерлер копия жасайтын құрылғылар секілді қағаз бетіндегі ақпараттың көшімесін алып компьютерге енгізеді.
ATIZ кітапті оқитын кітаптық сканер жасап шығарды.
Графикалық планшет суреттерді, жазуларды құруға мүмкіндік береді. Арнайы қалам арқылы планшеттің бетінде сурет, жазулар енгізіледі. Бірмезгілде экранда да көрсетіледі.Дигитайзер — дайын суреттерді (сызбаларды, карта) цифрлік түрге айналдыратын құрылғы. Планшет тәрізді тегіз беттен тұрады,үстел бетінде орналасады, және арнаулы перо құрылғысы болады, сол перо арқылы планшет бетіндегі позицияны көрсетеді. Пероны планшет бетімен жылжыту кезінде оның нүктелік координаталары анықталып отырады, ол нүктелер компьютерде өлшем бірліктерге айналады.
Сәулелік қалам кәдімгі қарандашқа ұқсайды, оның ұшында арнайы құрылғысы бар. Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Дыбыстық картаға қосылған микрофонның көмегімен адам компьютерға дыбыстық ақпаратты енгізеді. Дыбыстық карта (дыбыстық адаптер, музыкалық тақша деп те аталады.) Дыбыстық карта компьютерде дыбыспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алғашқы пайда болған IBM PC дербес компьютерлері дыбыстық құралдармен жабдықталған жоқ. Дербес компьютерлер алғаш пайда болғаннан кейін он жылға жуық офистік техника ретінде қолданылып, дыбыстық құрылғылардың онша керегі де болған жоқ. Ол кезде компьютерде дыбыс шығаратын жалғыз құрылғы - компьютерде ақау туралы хабар беретін динамик болатын. Қазіргі кезде дыбыстық құралдар стандартты болып есептеледі. Ол үшін аналық тақшада дыбыстық адаптер орнатылады. Дыбыстық адаптердің аналық тақшаға жеке құрылғы ретінде қосылатын түрлері болады, оларды дыбыстық карта деп атайды. Дыбыстық картаның қосқыштары жүйелік блоктың артқы жағында орналасады. Дыбысты есту үшін осы қосқыштарға дыбыс колонкаларын немесе құлаққаптарды жалғау керек. Осы қосқыштардың біріне дыбысты жазу үшін қолданылатын микрофонды жалғауға да болады.
2.1.2 Компьютердің шығару құрылғылары Компьютердің шығару құрылғыларына құрылғыларына: · Монитор · Принтер · Колонкалар Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады. Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған. Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады. LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз. Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды. СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды. Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.
Принтер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаз түрінде шығару үшін арналған құрылғы. Принтер — баспаға басатын құрылғы. Компьютердегі ақпаратты кодтап, мәтіндік немесе графиктік түрде қағаздарға шығарады. Принтерлердің түрлері көп, бірақ негізгі үш түрі бар: матрицалық, лазерлік және сиябүріккіш (струйные). Матрицалық принтерлер өте кішкентай іштік инелер жиынтығынан тұрады, ол инелердің көмегімен боялған таспаға салған қағазды ұру арқылы символдардың ізін қағазда қалтырады. Принтерде басылған әрбір 9, 18 немесе 24 инелердің көмегімен орныдалады. Матрицалық принтерлердің қатты дыбыс шығаруы, нашар қағазға басылуы олардың кемшіліктеріне жатады. Матрицалық принтерлер– бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.
Лазерлік принтерлер олар крерокстар секілді жұмыс атқарады. Компьютер өз жадына беттің «көшірмесін» ("образ") сақтап принтерге жібереді. Ақпарат қағаз бетіне лазірлік сәулелер айналып тұрған жарықты тез сезгіш барабанға түсу арқылы проекцияланады. Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Электр тогының кернеуімен қызған барабан бетіне боялған парошокты (тонер) жабыстырады. Принтер ыстық валдың арқасында өзіне қағазды барабан астына салып тартады, сол кезде тонер қағаз бетіне түседі. Ондай притерлердің монохромды және түрлі түсті түрлері бар. Сия бүркіштік принтерлер сия құйғышы бар ыдыс арқылы өзінің бояуын бүрку арқылы қағазға басады. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады.
Порт — саңылау, ол арқылы компьтердің процессорын сыртқы құрылғымен жалғауға болады. Әрбір принтердің өзінің драйвер — программасы болады.
Колонкалар -компьютерден дыбыстық ақпаратты шығаратын құрылғы. Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғарғы сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.
2.2 Проектормен танысу
Проектор (лат. proficio — алға тастаймын) — күрделі пішінді беттері бар тетіктерді тексеруге арналған аспап. Бұл аспаптардың экрандарында тексерілетін тетіктің үлкейтілген кескіні түседі. Проекторлар өтетін немесе шағылысатын сәулелерде жұмыс істеуі мүмкін. Тетік өлшемдері арнайы есептеу құрылғылардың көрсеткіштері бойынша экранда үлкейтілген кескіндерді бірден өлшеу арқылы табылады. Проекторлардың келесі түрлері болады: үлкен проектор БП; сағаттық проектор ЧП; жалпы бақылау проекторы ПМК; орта және үстелдік проекторлар.
Егер қандай да бір бөлшек болмаса,бүлінген сияқты көрінсе, немесе құрылғы жұмыс істемесе,дереу сатушыға хабарласыңыз. Жабдықты кепілді қызмет көрсетуге қайтару қажет болатын жағдайлар үшін бастапқы қорабын сақтап қоюды ұсынамыз.
2.2.1 Проектордың бөлшектерінің көрінісі PRM-25 Алдыңғы оң жағы
1-кесте Проектордың алдыңғы оң жақ бөлігіндегі бөлшектерге сипаттама Артқы көрінісі
2-кесте.Проектордың артқы бөлігіндегі бөлшектерге сипаттама Астыңғы көрінісі
3-кесте.Проектордың астыңғы бөлігіндегі бөлшектерге сипаттама 2.2.2 Қашықтан басқару пультінің бөлшектері
4-кесте. Қашықтан басқару пультінің бөлшектеріне сипаттама
Қашықтан басқару пультінің жұмыс аумағы Қашықтан басқару пульті проекторды басқару үшін инфрақызыл сигнал беруді пайдаланады.Қашықтан басқару пультін проекторға тура бағыттау қажет емес. Қашықтан басқару пультін проектордың екі жанына немесе артқы жағына перпендикуляр ұстамаған жағдайда, қашықтан басқару пульті проектордың деңгейінен жоғары немесе төмен шамамен 7 метр (23 фут) жəне 15 градус радиуста жұмыс істейді. Егер проектор қашықтан басқару пультіне жауап бермесе, сəл жақындаңыз.
Проектор мен қашықтан басқару пультінің түймешіктері Проекторды қашықтан басқару пультінің немесе проектордың үстіндегі түймешіктердің көмегімен іске пайдалануға болады. Барлық əрекеттерді қашықтан басқару пульті арқылы іске асыруға болады; ал проектордағы түймешіктердің пайдаланылу ауқымы шектеулі.
2.2.3 Кіріс құрылғыларын жалғау Дербес компьютерді не қолкомпьютерді жəне бейне құрылғыларды проекторға бір мезгілде қатар жалғауға болады. Бейне құрылғылардың қатарына DVD, VCD жəне VHS ойнатқыштар, сондай-ақ кинокамералар мен цифрлық фотокамералар жатады. Жалғанатын құрылғының тиісті шығыс ағытпасы бар екенін тексеру үшін оның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
БӨЛШЕК ЗАТБЕЛГІ СИПАТТАМА
5-кесте Проектордың кіріс құрылғыларына сипаттама
2.2.4 Проекторды іске қосу жəне жұмысын аяқтау 1. Қуат сымын проекторға жалғаңыз. Екінші ұшын қабырғалық розеткаға жалғаңыз. Протектордағы POWER жəне READY жарық диодты шамдары жанады.
2. Жалғанған құрылғыларды іске қосыңыз.
3. READY шамының біркелкі қызыл түспен жанып тұрғанын, қызыл түспен жыпылықтап тұрмағанын тексеріңіз. Содан кейін проекторды іске қосу үшін POWER түймешігін басыңыз. Проектордың бастапқы бейнебеті көрініс береді де, жалғанған құрыл ғылар анықталады.Егер қауіпсіздік құлпы іске қосылса,12-беттегі Қатынау құпия сөзін(Қауіпсіздік құлпы) орнату тарауын қараңыз. 4. Егер біреуден артық құрылғы жалғанған болса, құрылғыларды айналдыра қаару үшін Source (сигнал көзі) түймешігін басып, ▲▼ түймешігін пайдаланыңыз. (Құралас құрылғыға Құралас құрылғы адаптеріне қосылған RGB арқылы қолдау көрсетіледі).
VGA 1/VGA 2: Аналогтық RGB құраласы: DVD кіріс YCbCr / YPbPr немесе HDTV кіріс YPbPr - HD15 ағытпасы арқылы Құралас бейне құрылғысы: Əдеттегі құралас бейне құрылғы S-Video: Супер бейне (Y/C бөлінген) HDMI: HDMI, DVI
5. "Қуатты өшіру керек пе?/Power түймешігін қайтадан басыңыз" деген хабаркөрінгенде, POWER түймешігін басыңыз. Проектор өшеді.
2.2.5 Проекторды тазалау Проектордың шаңы мен ысын кетіріп тазалау іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі. Объективті тазалау Оптикалық объектив тазартқыш затты фотоаппарат сататын дүкендердің көпшілігінен сатып алуға болады. Проектордың объктивін тазалау үшін төмендегі бөлімді қараңыз. 1. Таза жұмсақ матаға объектив тазартқыштан шамалы тамызыңыз. (Тазартқышты тікелей объективке тамызбаңыз). 2. Объективті жеңіл қимылмен айналдыра сүртіңіз. Қаптамасын тазалау Проектордың қаптамасын тазалау үшін төмендегі бөлімді қараңыз. 1. Шаңын таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз. 2. Шүберекті жылы суға жəне жұмсақ тазартқыш затқа (ыдыс жууға қолданылатын сияқты) сулап, қаптаманы сүртіңіз. 3. Шүберектен барлық тазартқышты шайыңыз да, проекторды қайтадан сүртіңіз. 2.2.6 Проекторды жөндеуден өткізу Егер ақаулықты шеше алмасаңыз, проекторды техникалық жөндеуден өткізу қажет. Проекторды бастапқы картон қорапқа салыңыз. Ақаулықтың суреттемесін жəне оны түзетуге əрекет жасау барысында жасаған қадамдардың тізімін қоса салыңыз: Бұл ақпарат қызмет көрсететін мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін. Қызмет көрсету үшін проекторды өзіңіз сатып алған жерге қайтарыңыз.
Проектордың өлшемдері
2.3 Телефон аппараты,микрофондар және оның түрлері Телефон аппараты (орыс. Телефонный аппарат) — Телефон аппараты келіп түскен шақыруды қабылдауға және басқа телефон аппаратына қосуға немесе ажыратуға арналған номмутациялық—шақыру, сондай-ақ дыбысты қабылдап, жеткізуді қамтамасыз ететін сөйлеу деп аталатын негізгі екі бөлінген тұрады. Телефон аппаратында шақыру сигналын қабылдайтын электр қоңырауы болады. Одан басқа сигналдық шақыру құрылғысы ретінде қоңырау соғылған кезде жана тын күнделікті электр шамы да пайдаланылуы мүмкін. Жарық сигналы нашар еститін адамдар үшін әрі үйдегі адамдарға дыбыс сигналы тиімсіз болған жағдайда қажет. Сигналдық шамды абоненттік, өтін іші мен телефон торабының технигі орнатады. Абонентті линияға шақыру үшін телефон аппаратынан оның нөмірінің кодталған шақыру сигналы электр импульетері түрінде беріледі. Шақыру дискілі немесе кнопкалы нөмір тергіш арқылы жүзеге асады. Абоненттік телефон нөмірін теруге барынша ыңғайлы әрі жетілдірілген кнопкалы нөмір тергіш (тастату ра) пайдаланылады. Тастатура, әдетте, әрқайсысы бір ондық санмен (О-ден 9-ға дейін) және қосымша әріппен таңбалан-ған негізгі 10 кнопкадан тұрады. Ша қырыл а-тын абоненттің телефон нөмірін автоматтық телефон станциясының линнясына беру үшін бірнеше кнопканы (нөмірдегі цифрлар санына сәйкес) біртіндеп басып, қажетті импульстер сериясын жіберу керек. Таста-туралы телефон аппараттарында нөмір теру жылдамдыгы дискілі нөмір тергішпен салыстырғанда 4—6 есе шапшаң. Соңғы терілген темірді есте сақтайтын электрондық сақтау қабілеті бар тастатуралы телефон аппараты мысалы, «Электроника элетап-микро» (М 3 модель) шығарылады: қайталан шақыру кезінде, нөмірді термей-ақ шақыру кнопкасын басса. қажетті сигналдар лннияға автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ 32 нөм ірге дейін (цифр саны 8-ге жететін) электрондық «еске сақтау қабілетті» бар аппараттар {мысалы, «Электроника элетап-микро» (ЛЬ 4 модель) да болады. Бұларда қажет нөмірді шақыру үшін 2 кнопканы басу жеткілікті. Пайдалану кезінде ыңғайлы болу үшін бір конструкциялық торапқа — микротелефон трубкасына миластырыл ған микрофон мен телефон аппараттық сөйлесу бөлігінің неғұрлым маңызды элементі болып табылады. Микрофон дыбыс сигналын электрлік сигналға айналдырыл, күшейтеді, ал телефон басқа аппараттан келген электрлік сигналдық дыбыс сигналына айналдырады. Адамның дауыс ырғағына сай дыбысың — тембрін сақтай отырып, сөзінің айқын естілуін жеткізуді 300 Гц-тен 3400 Гц-ке дейінгі жиілік диапа-зонында дыбыс сигналын қабылдай алатын телефон аппаратының микрофоны мен телефоны қамтамасыз етеді. Микрофон мен телефон микротелефон трубкасының арнайы қуысына орналасып, алмалы-салмалы қақпақшамен жабылатын, тұтас дөңгелек капсула түрінде болады. Столға қоятын (мысалы, «ТАН-70-Ь, «ТАН-У-74», «Электроника элетап-микро») және қабырға орналастырылатын («ТАСт-70») телефон аппараттары шығарылады. Телефон аппараты линияға жалғастырушы шнурдың және клеммалы арнаулы розетканың көмегімен қосылады. Қажет жағдайда, бір телефон атқаратын пәтердің әрбір бөл-месінде пайдалану үшін бірнеше штепсельді розетка орнат ады. Абоненттің талап етуі бойынша, стандартты жалғастырушы шнурды ұзартып (8—10 м-ге дейін), телефон аппара-тын пәтер ішінде тасымалдауға болады. Телефон желісін пайдалану тәртібі бойынша бір линияға 2 телефон аппаратынан артық қосуға болмайды. Параллель қосылған телефон арқылы сөйле екен кезде оны басқа адамның естімеуі үшін аппараттарды «директор — секретарь» делінетін схема бойынша қосады. Яғни, аппараттық біреуі негізгі («директор»), екіншісі — қосалқы («секретарь») деп саналады. Қосудың мұндай схемасы кез келген аппараттан нөмір теруге мүмкіндік береді, ал негізгі аппараттық микротелефон трубкасын көтергенде, қосалқы аппарат ажыратылады. Шақыру кезінде тек қосалқы аппараттық немесе қос аппараттық қоңырауы жұмыс істей-тіндей етіп қосады. 80 жылдардың басынан сыртқы пішіні 20—30 жылдардың аппаратта-рына ұқсас столға қоятын телефон аппарат-тары (мысалы, «Ретро», «Стелла») шығарыла бастады.
Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радио байланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту ж Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.072 сек.) |