АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. Іскерлік журналистика туралы

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. КІРІСПЕ
  11. Кіріспе

Кіріспе

Іскерлік журналистика туралы

2. Негізгі бөлім

Қазақ тілді басылымдардағы экономика тақырыбының қамтылуы

Экономикалық журналистиканы меңгеруді тереңдетуге арналған ұсыныстар

3. Қорытынды

 

Кіріспе

Әлемдегі барлық мәселелердің түйінін екі фактормен байланыстыруға болады: саясат және экономика. Бұл екі фактордың өздері өзара тығыз байланыста. Халықаралық масштабтағы кез-келген мемлекеттің беделі дәл осы критерийлер арқылы. Көп жағдайда соңғысы біріншісіне қарағанда маңызды ролге ие болып кетеді. Сондықтан экономиканы мықты саясат қалыптастырудағы бірден-бір негізгі діңгек деп қарастыру қажет. Қандай да БАҚ құралдарын ашып қарасаң да қаржы тақырыбындағы жаңалықтардың алғашқы орында тұратындығы да осы себепті.

Экономика және БАҚ. Арадағы байланыстыратын негізі ұғым-іскерлік журналистика. Іскерлік журналистика дегеніміз адамдарға ақша туралы, қаржының адам өміріне қаншалықты ықпал ететіндігі туралы айту. Нарықтың барлық құбылыстарын саралап, оқырман үшін ең өзектісін уақытында жедел жеткізе білу.

Неге оқуымыз керек?

- Саясат пен экономика бүгінгі қоғам күнтізбесіндегі ең маңызды салалардың бірі.

- Қазақ журналистикасында енді ғана дамып келе жатқан, көп қалам тербелмеген бірақ талмай зерттеуді қажет ететін тақырып.

- Халықты қаржылық сауаттандыру миссиясының орындалуы үшін журналистердің экономикадағы «бес қаруының» сай болуы қажет.

Журналистиканың бұл саласының пайда болуына көз жүгірте қарайық.

Қалай пайда болды? Іскерлік журналистиканың бастауы нарықтағы айналымы миллиондаған долларды құрайтын, әлемнің қаржылық орталығына айналған «Уолл-стриттің» пайда болған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бүгінде, ол көше негізінің қалану уақытына байланысты даулар көп.XVII ғасырда Нью-Йорктың солтүстік бөлігінде жергілікті тұрғындар жиналып, ағылшын колонистері мен тұрғылықты американдықтардан қорғану мақсатында ағаш дуал орнатады. 1685 жылы жергілікті халық дуал ортасынан, болашақта Уолл-стрит (Wall Street – Уолл көшесі) аталатын, жол салады. Көп ұзамай көшенің бойында саудагерлер мен көпестер жиналып, акциялар мен облигациялардың (құнды қағаз) сатылымына қатысуды әдетке айналдырады. Бірте-бірте, Уолл-стрит тек Нью-Йорк пен АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлемнің қаржылық эпицентріне айналады. Күні бүгінге дейін адамдардың бір-бірінен «Уолл-стриттен хабар бар ма?», я болмаса «Уолл-стрит қалай болып жатыр?» деп сұрауының бастапқы көше атауына қатысы жоқтығын біреу білсе, біреу білмейді, себебі Уолл-стрит, ол ең алдымен – нарық алаңы. ХІХ ғасырда пайда болған бұл сала тек өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ғана ауқымды масштабта дами бастады. Кейінірек, журналистика қарыштап дамысымен, салалық журналистика ішінде іскерлік журналистика сұранысқа ие салаға айналды. Себебі, тақырып қамтылуы үшін жазылатын, зерттейтін алаң керек. Еуропа мен батыста дәл осы нарық алаңыныңы негізі қаланып, экономиканың қарыштап дамығандығын ескерсек, іскерлік журналистиканың еркін қанат жаюы да қалыпты құбылыс.

Ресей үшін іскерлік журналистика толығымен таңсық болмағанымен, іскерлік басылымдар тек 90-шыжылдарда жарық көре бастады. Ал Қазақстанға жоғарыда айтылған даму көрсеткіші тікелей қатысты деп айта алмаймыз. Себебі 90-жылдар Қазақ елінің тәуелсіздік алып, экономикасы әлі қалыптасып үлгермеген уағы. Демек, іскерлік журналистика да әлі біраз ақсап тұрған кез. Тек, іскерлік журналистика ғана емес, соңғы жиырма жылда жалпы салалық журналистика дамуын бірақ кешеуілдетті.

Ал енді бүгінгі қазақ тілді басылымдардағы экономика тақырыбының қаншалықты көрініс табатындыған көз жүгіртейік. Соңғы 3айдағы экономика ғана емес қоғамдағы ең үлкен дүрбелең туғызған жаңалық – теңгенің құнсыздануы. БАҚ біткен жаппай жарыса жазып жатты. Біз дәл осы тақырыптың жоғарыда айтқан қазақ тілді басылымдарда қаншалықты жазылғандығына назар аудару үшін сараптама жүргізді. Алдымен айта кету керек, қазақ тілді басылымдар дегенде апталық «Экономика» газеті, «Жас қазақ» газеті, «Түркістан» газеттері мен күнделікті «Алаш айнасы» (қазір жабылып қалды, бірақ сайт қарқынды түрде жұмыс істеп тұр) басылымдарын ауызға ілінеді. Біз осы басылымдардың девальвация орын алған күннен бастап яғни 11 ақпаннан бастап наурыздың соңына дейінгі аралықта қаншалықты материал жариялағанына, болған оқиға қандай баға бере алғандығына зерттеу жүргіздік. Материалдардың шығу жиілігі, тақырыптың ашылуы және журналистің ізденісі мен оперативтілігі толығымен ескерілді.

«Түркістан» газеті. Бұл басылымдағы экономика саласында қалам тербеп жүрген журналистер ретінде Назия Жоямергенқызы мен Ақниет Оспанбайды атаймыз. Осы екі ай аралығында девальвацияға қатысты 9 мақала жарияланған. Девальция жариялаған күні басылымның сайтындағы алғашқы мақала кешкі 19:59-да жарияланған. Ұлттық банктің кеңесшісі, макроэкономист Олжас Құдайбергеновтің әлеуметтік желілердегі парақшасына және «VISOR Holding» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжановтың пікіріне сілтеме жасап, осы мамандардың көзқарасы арқылы болған оқиғаға баға береді. Бұл мақалада жалпы девальвацияның қоғамда дүрбелең салғандығы жазып, не себепті орын алды деген болжам жасайды.

Келесі күні Динара Дүрмәннің 12 ақпанда «БанкЦЕНТРКРЕДИТ» банкротқа ұшырамайды және Назира Жоямергенқызының «Төл теңгеміз құнсызданып тынды 1 АҚШ доллары 185 теңгеге көтерілді» деген мақалалары жарияланды. Соңғы мақалада девальвацияның болуына Ұлттық Банктің басшысы Қайрат Келімбетовтың атына сілтеме жасап отырып баға береді. Ал Қайрат Келімбетовтың теңгенің құнсыздануына байланысты брифингі 11 ақпанда өткен еді. Сондай-ақ дәл осы мақала мен 11 ақпан күні жарияланған мақалада ұқсас ойлар кездеседі.

«Өйткені, Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде экономикасы шикізатқа байланып қалған мемлекетте қандай отандық өнім болуы мүмкін? Өндірісі дамытылмаған, әлі күнге мұнай мен газдың, көмірсутегілердің, табиғи ресурстарды сатумен шектелетін елде 23 жылда салынбаған өндіріс енді қашан салынады?»

Ал ірі дүкендердің есігі тарс жабық. Өйткені, азық-түлік бағасын бір-ақ демде 30 пайызға сылқ ете қалған құнсыз теңгемен сәйкестендіруі тиіс. Ал кейбір пысықайлары барлық тауардың бағасына 3 мың теңгеден қосып қойған. Әлеуметтік желілерде теңгенің құнсыздануына қатысты ашу-ыза мен наразылыққа толы жазбалар жариялануда. Кейбір отандас тіпті, Үкіметті отставкаға жіберуді талап етті. Өйткені девальвацияның соңы инфляцияға кері әсер етіп, дүкен мен базарлардағы бағаның құтыратыны сөзсіз. Бұл қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіреді. Құнсыздануға қатысты тұщымды пікір айтқандар аз. Көпшілігіне кездейсоқ болғаны белгілі.

Және

«А л ірі дүкендердің есігі тарс жабық. Өйткені азық-түлік бағасын бір-ақ демде 30 пайызға сылқ ете қалған құнсыз теңгемен сәйкестендіруі тиіс. Ал кейбір пысықайлары барлық тауардың бағасына 3 мың теңгеден қосып қойған.

Өйткені Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде экономикасы шикізатқа байланып отырған елімізде қандай отандық өнім болуы мүмкін? Өндірісі дамымаған, әлі күнге мұнай мен газдың, көмірсутегілерді, табиғи ресурстарды сатумен шектеліп келген Қазақстанда өндіріс орындарын салу енді қолға алына бастады.»

Мақалалардағы анықтауыштың тым көп қолданылуы, журналистің өз пікірін жапсарлауы жиі кездеседі. 23 ақпан, «Билік борышкерлерді неге ойламайды?» Нәзира Жоямергенқызы. «Бірақ банктерге қол ұшын созған Ұлттық банк пен билік жекелеген борышкерлер мәселесіне тас керең. Әмірбекова Ұлттық банктен көмек сұрап отыр, доллармен алынған қарызды теңгеге ауыстыру үшін төленетін 450 долларды банктердің өз мойнына алуын немесе мемлекеттің төлеуін сұрап отыр. Біақ қайдам... Ірі кәсіпкерлер мүддесі әрқашан да ұсақ борышкерлер мәселесінен өтімдірек...»

Сондай-ақ смс-хабарламаға байланысты материалдар да кең көлемде қамтылмаған, нақты фактілер жоқ.

«Жұртшылық 20 пайыздық девальвациядан ес жиып үлгермей жатып, тағы да дүрлікті. Әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар мен sms хаттар арқылы белгісіз біреулер kaspi, Альянс, Центр кредит банктерінің көп ұзамай банкротқа ұшырайтынын, бұл ақпарат ҚР Ұлттық банкіндегі сенімді бір қызметкерден алынғанын, сондықтан аталған банктерде депозиттерді алып кетуге кеңес берген.»

Каспий банктің осы аралықта 42 млрд, ал Альянс Банктің 55 млрд депозитінен айырылғаны туралы, смс-хабарламаның әлеуметтік желідегі мазмұны деген тәрізді нақтыланған фактілерді кездестіре алмадық. Смс-хабарламаны таратқан арандатушы туралы мәлімет те «Аталған банк­терге орасан зор көлемде шығын келтіргендерді құзырлы органдар құрықтады.» деген бір-ақ ауыз сөзбен берілген.

«Сіз Қазақстан азаматы емессіз. Ақшаны алып, еліңізге неге тайып тұрмадыңыз? Біз мол қаржыны қойнына қысып алып, шекара сыртына қарай қашатындарға етіміз үйренген...»

Бұл Нәзира Жоямергенқызының 72 сағаттық дағдарыстан кейін Каспий Банктің атқарушы директоры М.Ломтадзеге қойған сұрағы. Кешіріңздер, біздің елімізден «ақша алып, тайып тұрғандар» үшін М.Ломтадзе кінәлі емес қой. Осы арада журналистік этиканың сақталмағандығын айта кету керек.

Келесі басылым «Экономика» газеті. Салалық басылымдардағы қазақ тіліндегі бірден-бір басылым деп айтуға болады. Ақпан мен наурыз айларыда басылымда девальвацияға арналған 8 материал жарық көрген. Теңге құнсыздануының алғашқы күні жарияланған «Теңгенің жаңа бағамы ел экономикасына әсер етпейді» деген мақалада Қайрат Келімбетовтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып баяндайды. Басылымдағы мақалалардың көбі ақпараттық сарында, сараптамалық мақаланы жиі кездестіре алмайсыз. Жалған смс-хабарламаға байланысты Алыпқашпа ақпараттың әлегі. Деген мақала жарияланды 19-Ақпан күні.

«Сейсенбі күні Қазақстан тұрғындарына еліміздегі бірқатар ірі банктердің банкроттығы жақындағаны туралы күдікті sms хабарламалар таратылған көрінеді. Жұртшылықты негізсіз дүрліктірген осы жағдайға байланысты Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, мәлімдеме жасады.» Алғашқы сөйлемдер осындай сарында жазылған. Осыған дейін аталғандай бұл басылымдағы материалдарда нақтыланған фактілер орын алмаған. Айта кету керек, негативті ақпараттардың тасқынында «жалақы, зейнетақы көтеріледі» деген позитивті жаңалықты осы басылымнан оқи алдық.

«Алаш айнасы басылымы». Екі ай аралығында басылымда теңгенің құнсыздануына қатысты 12 мақала жарық көрген.

11 ақпан күні «Теңге девальвациясы: Неден ұтамыз? Неден ұтыламыз?»деген мақала жарық көрді. Айта кету керек, бұл мақалада тек ақпарат берумен ғана шектелмей жан-жақсы сараптама жасауға тырысқан. Мамандардың пікірі толығымен ескерілген. Сондай Қ. Келімбетовтен сұхбат алып, теңгенің құнсыздануын еліміздің бас банкирінен тікелей білуге тырысқандығын да атап өту қажет. «Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банктің төрағасы: Елдегі барлық банктерде ұлттық валюта да, шетел валютасы да жеткілікті»

14 ақпан күні жарияланған «Әкімдерді дүкен аралатуға мәжбүрлеткен 4 күн не берді атты мақалада» тек азық-түлік бағасын қамтып қана қоймай, қаладағы ірі техника дүкендеріндегі сауда бағамында жазған.

Назарларыңызға рахмет!

Орыс тілді басылымдардан күнделікті шығатын «Курсив.кз» басылымын атауға болады. Екі ай аралығында 17 материал шыққан. 11 ақпан күні алғашқы материал 13:15-те Қ.Келімбетовтың баспасөз-мәслихатынан кейін жарияланды. 1күннің өзінде 4 мақала жарияланған. Және көрнекілі құралдарымен қатар жаряланды.

Осы күні тек сарапшылардың сөзіне сүйеніп қана қоймай, қоғамдағы дүрбелеңге нақты баға бере алды. Айырбастау пункттеріндегі курс бағамын да жиі бақылап, жариялап отырды.

12 ақпан күні «Алматинцы устроили митинг у Нацбанка (фото)» деген мақала жарық көрді.

Наразылық білдіріп, көшеге шыққан алматылықтар туралы материалдарды қазақ тілді басылымдарда жиі көрініс таппағандығын айта кету керек.

««Альянс банк» прокомментировал дефолт»

«Акционеры Kaspi bank’a обратились к клиентам и партнерам»

«kaspi bank предложил 100 миллионов тенге за sms-провокатора» деген мақалаларда смс-хабарлама таратушылар кеңінен жазылған. Және оқиға барысын жіті бақылап отырғандығы байқалады. «Жизнь после девальвации: с надеждой на лучшее»

 

Деген мақалада девальвациядан кейінгі қазақстандықтардың жай-күйіне сараптама жасайған материалды ерекше атауға болады.

 

Біз жасаған сараптама көлемі осындай болды. Осыдан-ақ әлі қазақ тілді басылымдарға нақтылық жетіспейтіндігін, экономика саласындағы ізденістерді әлі де тереңінен жалғастыру керектігін аңғарамыз.

 

Негізгі бөлім

1. Іскерлік журналистика: Қалай?

Ізденіс-Тәжірибе-Нәтиже


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)