|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе. Тақырыбы: Су нысандарының санитарлық қорғаудың негізгі аспектілері
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Су нысандарының санитарлық қорғаудың негізгі аспектілері.
Орындаған: Тобы: 304-МПД Қабылдаған: Рыстигулова Ж.Б.
Шымкент 2014 ж. Жоспар І Кіріспе Су тұтынуға байланысты аурулардың алдын-алу ІІ Негізгі бөлім А)Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету Б)Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ІІІ Қорытынды бөлім Суды залалсыздандыру IV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Су тұтынуға байланысты аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын талаптар дайындайды. Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, иісі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады: - заңнамалы гигиеналық шараларды орындау; - су көзін таңдау; - су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру; - Суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану; - Су құбыры жүйесін санитарлық қорғау; Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар: 1. Орталықтандырылған жүйесі – бұл, су көздерінен механикаландырылып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады. 2. Орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі – бұл, ауыз суды тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтін, жалпы халық пайдалану үшін ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе. Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп – су кһздерінен механикаландырылып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарасыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған иеженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар: а) су алатын құрылыстан; б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан; в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан; г) су құбырлары жүйесінен тұрады. Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады. Жер асты су көздерінен орталықтандырыған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Су алу үшін, жер астындағы су тұтынатын горызонтқа дейін жететін вертикальды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымалары құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойлады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады. Орталықтандырылмаған ауыз су – шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғандарды және шаруашылық – тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал – жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымалары, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады. Орталықтандырыған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ) орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ болып табылады. СҚЗ үш белдеуден тұрады: - Бірінші белдеу (қатаң тәртәптегі) су алатын орынды және су алу құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді; - Екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық ауыз су мақсатында, сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды. СҚЗ белдеулерінің шекараларын орнату: - Сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық); - Ластану сипатына (химиялық, микробтық); - Жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі үшін); - Гидрогеологгиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты. Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 4.3 – кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады. Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50-аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 – ден кем емес болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.
Орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен).
І ІІ
ІІІ
Су көздерінің суды өңдеуден кезең-кезеңмен өтеді. Өңдеудің негізгі әдістеріне тазарту (суды мөлдірлендіру және түссіздендіру) және зарарсыздандыру жатады, ал қажет болғанда судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту, суды жұмсарту, кейбір химиялық заттардан бөлу үшін қосымша (арнайы) әдістер қолданылады. Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезең болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы оның зарарсыздандыру жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді. Суды залалсыздандыру әдістері. Адам тәулігіне орташамамен 2,5 литр суды қолданады. Идеалды түрде оның құрамында микроорганизмдер мүлдем, әсіресе патогенді түрлері болмауы керек. Бірақ қазіргі жағдайда барлық табиғи сулар, соның ішінде жер асты суларында тәжірибе жүзінде микроорганизмдердің аздаған саны бар, сондықтан сирек жағдайда ауыз суды стандартқа дейін жеткізуге талап қойылады. Сондықтан табиғи суларды тұтынушылдарға жіберер алдында залалсыздандырады. Залаласыздандыру суды дайындау әдісі сияқты гигиенистердін ғана назарын аудармай, сондай-ақ микробиологтардың, химиктердің, физиктердің, гигиенистердің және т. б. да мамандардың қызығушылығын арттырады, яғни ол кешенді мәселе болып табылады. Бірақ бұл процестің кейбір тәсілдері залалсыздандыру агенттерінің өзінің немесе олардың жанама өнімдері негативті әсер етуі нәтижесінде канцерогенді, мутагенді және т. б. қолайсыз әсер етуі мүмкін. Айтылған қорытынды бойынша бірінші орпыдағы жоспарға ауыз суды залаласыздандыруды жетілдірілген әдістерінен гигиеналық бағалауды шығарады. Көптеген зертеушілер залалсыздандыру әдісін шартты түрде реагентті (химиялық), реагентсіз (физикалық) және комбинирленген түрлерін ажыратады. Химиялық әдіске хлорлау, озондау, сутегінің асқын тотығын пайдалану, ауыр металдардың иондарымен өңдеу, әсіресе күміспен және мыспен өңдеу, иодты және тағы басқа препараттарды қолданады. Алғашқы әдіс ірі су құбырларында кең таралған, ал басқа тәсілдер жиі ал көлемді суды немесе дала жағдайында суды залалсыздандыру үшін қолданады. Жалпы күрделікте суды залалсыздандыру үшін жиі химиялық металдар қолданылады. Хлорлау. Алғаш рет бұл әдіс 1853 жылы орыс дәрігері П. Карачаров "Суды тазарту тәсілдері туралы дисссртациясында сипаттаған. Автор "толық шірген суды" 1-2 унций мөлшерінде 30 шелек суды хлоры әкпен өңдеуді ұсынған. 1881 ж. хлорлы әктің антисептикалық қасиетін дәлелдеген, ал 1883 ж. суды хлорлау әдісі Австрияда қолдана бастады, ал 1896 ж Белгияда, ал Ресейде 1908 ж. бірінші рет суды хлорлау жүргізілген, бірақ ол тез арада керекті нәтиже берген жоқ. Сол уақыттағы гигиепистер, әсіресе Г.В.Хлопин суды химиялық өңдеуге күмәнді түрде қарады, себебі судың дәмдік сапасының өзгеруіне байланысты. Олар хлордауда уақытша шара, яғни тұндыруға және сүзуге косымша әдіс ретінде себебі олар - с удың бактериалды тазалығын қамтамлсыз ете алмайды деп қарады. Бірақ кейін қалалардың дамуы нәтижесінде суды тұтыну тезарада ұлғайғанына байланысты суды су құбырында хлорлау қажеттілігі айқындалды. Қазіргі уақытта біздің елімізде және шет елдерде де хлорлау кең таралған тәсілдердің бірі. Ол газ тәрізді хлормен немесе құрамында белсенді хлоры бар препарттармен іске асырылады: хлорлы әк, гипохлоридтер, хлораминдер, хлордың қос тотығы. Ереже бойынша, ірі су құбырларында газ тәрізді хлор қолданылады, ол онда сұйытылған түрде баллондарда жетікізіледі, ал залалсыздандыру алдын-ала газ тәріздіге айналады. Хлорлы кальцийдің хлорсутектік және хлорлы қышқылды қосылысы болып табылады және 35%-ке дейін активті хлорды құрайды. Әкті ұзақ сақтағанда және жарықта оның саны азаяды. Гипохлориттер хлорланған қышқылдың натрий және калий тұздары болып табылады, оларды арнайы қондырғыларда қайнатылған тұздарды электролиздеу арқылы өндіреді. Хлордың қос тотығы газ болып табылады және ерекше күшті бактерицидті әсерге ие болады. 1 ГС-тан төмен температурада жарылуға қауіпті, осыдан оны қолдану шектелген. Активті хлор түсінігі барлық жағдайда хлорлы қышқыл (НОСL) және гипохлорит-ионының (ОСL) хлор және оның қосылыстарының гидролизі кезінде түзілетін хлорлы қышқыл және гипохлорит-ионының болуына байланысты. Активтірек бактерицидті әсерге, әдетте тұрақсыз және ыдыраған кезде активтілігі азырақ гипохлорит-ион түзетін хлорлы қышқыл ие болады. Бірақта, рН көрсеткіші төмендегенде қышқылдың ыдырауы да төмендейді және бұл кезде бактерицидті әсері күштірек болады. Судың хлормен залалсыздандырудың бірінші тәжірибелерінде-ақ, оның белгілі бір бөлігінің тек микроорганизмдермен емес, сонымен қатар судағы басқа да заттармен жұтылатыны байқалды. Бұл құбылыс хлорды жұту немесе хлорға қажеттілік деп аталған. Оптимальді бактерицидтік әсері үшін суға енгізілген хлордың мөлшері сіңірілген нрепараттың мөлшерін тек арттырып қана қоймай, қалдық хлор деп аталатын біраз артық мөлшерін де құрмау керек. Белгілі бір әсер ету уақытынан кейін қалдық хлордың мөлшері бойынша, қажетті бактерицидті әсері туралы айтуға болады. Залалсыздандырылған кезде қалдық хлор суда бос және байланысқан түрде болады. Бос хлордың активтілігі байланысқан түріне қарағанда 2 есеге жоғары.Бұл кезде қалдық хлордың өлшемі мен түрі препараттың енгізілген дозасына байланысты. Хлордың аз мөлшері судағы органикалық заттармен сіңіріледі. Мөлшері жоғарылаған кезде қалдық байланысқан хлор түзіледі (хлораминдер). Мөлшерінің ары қарай көбеюі байланысқан хлордың белгілі бір деңгейге дейін азаюына, ал кейін бос қалдық хлордың артуына әкеледі. Ізінше, залалсыздандыру аяқталғанда суда қалдық хлор бос күйінде де, байланысқан түрде де болады. Оптимальді болып, суда 30 минут әсерлескеннен кейін 0,3-0,5 мг/л мөлшерде немесе 60 минуттан кейін қалдық бос хлордың мөлшері болып табылады. Әсерлесу 0,8-1,2 мг/л концентрациясындағы қалдық байланысқан хлор. Бұл жанама көрсеткіштер СанПиН "Ішер су"-ға енгізілген, және санитарлық бақылау практикасында қолданылады. Микроорганизмдерді хлорлау вегетативті формаларына және олардың әр түрлі құрылымдарына кешенді әсер етуімен сипатталады: цитоплазмалық мембранасына, цитоплазма белоктары және клетканың ядролық аппараты. Хлор бактериялардың тыныстық тізбегінің ферменттерінің активтілігін тежейді - дегидрогеназалардың,сульфгидрильді топтарды тежейді. Клеткалық ферменттердің тежелу дәрежесі хлордың мөлшеріне байланысты. Осылай хлормен залалсыздандыру үнемділігімен сондай-ақ технологияның және әсерін оперативті бақылаудың қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, көптеген ғылыми жұмыстардың мәліметтері бойынша, хлормен залалсыздандырудың бірқатар кемшіліктері бар Оның эффективтілігіне антропогендік тұрғыдан кейбір химиялық заттар теріс әсер етуі мүмкін. Осылай синтетикалық ПАУ (детергенттер) бактерицидті әсерін төмендетіп қана қоймай, микрофлораның көбеюін стимульдейді. Мұнай өнімдері мен фенол қоспалары бар суды хлорлау өткір хлорфенолды иістің пайда болуына әкеледі. Одан арылу үшін хлорлаудан бұрын суға хлораминдер (байланысқан хлор) түзілуіне әкелетін аммиак тұздарын енгізеді. Бұл процесс преаммонизациямен хлорлау деп аталады. Залалсыздандыру эффектілігі туралы қалдық хлордың, басқаша айтқанда жанама, мөлшері бойынша болжайды. Сонымен қатар, қалдық хлор хлорлау процессініц нәтижесі болуы мүмкін, мысалы судың төмен температурасы кезінде. Әдебиетте, хлорланған суда микроорганизмдердің реактивация процессі, сондай-ақ хлорға төзімді штаммдардың пайда болуы туралы хабарлар бар. Сондықтан бактерицидті әсердің кепілдемесі үшін, кейде ішер судың органолептикалық қасиеттерін нашарлататын, бірақ толық залалсыздандыруға кепілдеме беретін хлордың артық мөлшерімен хлорлауды қолданады. Суперхлорлауды әдетте, эпидемия ошағында колданады, осыдан кейін хлордың артық мөлшерін аэрациямен, хлорды гипосульфит натриймен байланыстырумен немесе активтелген көмірмен сорбциямен жоғалтады. Мұның бәрі ішер суды алуға экономикалық төлемді арттырады. Сонымен қатар хлордың спороцидті әсері өте жоғары концентрацияда (200-300 мг/л) және ұзақ экспозицияда (24 сағ. дейін) пайда болады. Хлор препараттарының вирустарға әсері 0,5-тен 100 мг/л-ге дейін концентрация диппозонында байқалады. Қарапайымдылардың цисталары мен гельминттер жұмыртқалары хлорға жоғары төзімділік көрсетеді. Суда хлордың қалдық концентраци я сының қауіпсіздігі көбінде күдік шақырмайды. Толығымен ішер суда қалдық хлордың мөлшерінің улылығы аз. Тәжірибелік хлор шырышты қабаттарды тек 10 мг/л-ден жоғары концентрацияда тітіркендіреді, СанПиН-мен рұқсат етілген шегінен жоғары болады. Бірақ-та, ХХ-ғасырдың аяғында әдебиетте ішер суды хлорлау кезінде онда галогенді қосылыстар түзілетіндігі туралы хабарлар пайда болады. Олар улылыққа ие, сондай-ақ айқын алыстатылған эффект көрсетеді -канцерогенді, мутагенді, эмбриоулылық. Оларға алғаш рет ішер судың стандарттарына нормалау үшін енгізілген хлорформ жатады (жаңа СанПиН " Ішер су"). Бірақ та келтірілген кемшіліктерге қарамастан, хлорлау бүгінде басқа әдістермен салыстырғанда ішер суды залалсыздандырудың арзан, оңай және кеңірек таралған әдісі болып табылады. Әсіресе, сумен берілу жолындағы әртүрлі эпидемиологиялық жағдайлары эффективті болып табылады. Бұл жағдайларда міндетті түрде су құбырыныц дезинфекциясы жүргізіледі. Сонымен қатар, апаттық жұмыстардан кейінгі тораптың кез келген ластануында, сондай-ақ жаңа су құбырларын эксплуатациялауға өткізер алдында көрсетіледі. Дезинфекция халыққа су беруді аяқтаумен байланыста, осыдан оны түнгі уақытта жүргізу, сондай-ақ хлордың жоғарғы концентрациясын қолдану тағайындалады. Іске қосылған су құбырларында активті хлордың концентрациясы, мөлшермен 6 сағаттан кем емес қатынаста 1ООмг/лболу керек. Жаңа су құбырларының профилактикалық дезинфекциясында хлордың 40-50 мг/л концентрациясында қатынас уақыты 24 сағатқа деиін көбеюі мүмкін. Су құбыры торларының ең төменгі және жоғарырақ жерлерін де бақылау пункттерін қояды және оның "хлор астында" болған уақытында халыққа су бөлуге тыйым салынады. Көптеген авторлардың пікірі бойынша, хлорлауға тон озондау көптеген кемшіліктен арылған. Сондықтан, XX ғасырдың ортасында-ақ Париждік су құбырында суды хлорлау озондау мен ауыстырылған. Осы уақытта Чикаго каласында суды озондау бойынша Халықаралық конгресс өтті, ал Москвада 1956 жылы ол сұрақ Бүкілодақтық конференцияда қарастырылды. Суды өңдеуде озонның бактерицидтік әсері XIX ғасырдың 90--жылдарында-ақ анықталған. Озон - өткір синатты иісі бар газ. Практикалық мақсат үшін оны озонаторда жасанды жолмен алады, ол әр кезде тек ауамен араласпа түрінде болады және өте әлсіз қысым түзеді. Сондықтан судағы озонның максимальды концентрациясы шектелген. Озон өте қышқыл тотықтырғыш болып табылады, бірақ өте тұрақсыз және ыдырығанда молекулалық және атомдық оттегі түзеді: ОЗ ~> 02+0, осылай басқа да бос радикалдар күшті тотықтырғыштар. Хлормен салыстырғанда суды озондау кезінде бактерицидті эффект тезірек дамиды. Бірақ-та, күштірек тотықтырғыш потенциалы болғандықтан, судың бактериялар мен органикалық қоспаларының тотығуына хлорға қарағанда озон көбірек жұмсалады. Атомдық оттегі тек бактерияларды ғана емес, сонымен бірге спораларды, вирустарды жойын сонымен қатар судың түстілігін шақырып, оған иіс беретін судағы органикалық заттарды бұзады. Осы озондауды тек қана ішер суды залалсыздандыру үшін ғана емес, сондай-ақ оны дезодорациялау және улы органикалық заттарды аластату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Хлордан айырмашылығы, озонның артық мөлшері оның оттегімен қанығу есебінен, судың органолептикалық қасиеттерін жақсартады. Осы кезде судың минералдық құрамы және реакциясы өзгеріссіз қалады. Хлормен салыстырғанда, озонның залалсыздандыру әсері 15-20 ретке, ал споралық түрлеріне 600-ге дейін күштірек. Ол осылай 0,5-0,8 мг/л мөлшерде, 12 минут экспозиңия жоғары вирулицидті әсері бар. Озонның жоғары әсері патогенді қарапайымдыларға әсер еткенде көрсетілген. Залалсыздандыру эффективтілігіне оперативті бақылау мүмкіндігі де оң әсер болып табылады. Толығымен, озондау залалсыздандыруға, туссіздендіруге және дезодорацияға әкелетіндіктен судың кешенді өңдеуі болып табылады. Озондау эффективтілігінің көрсеткіші - қалдық озон, оның концентрациясы залалсыздандырудан кейін, СанПиН-ге сәйкес. 0,1 -0,3 мг/л деңгейінде болу керек. Күмісті залалсыздандыру және суды консервациялау мақсатында қолдану бір жүз жылдыққа ғана белгілі емес, өйткені күміс иондары, тек қана бактериялардың ғана емес, сондай-ақ вирустардың да активтілігін тежей отырып, кең спектрлі антимикробты әсірге ие болады. Әсерінің механизмі күміс иондарының клеткаға еніп, оның ферметтік жүйесін тежеуде болып табылады. Ең нәтижелі болған ұзақ әсер ететін суды 6 айдан көп мезгілге консервирлеуге мүмкіндік беретін күмістің электролиттік ерітінділерін қолдану болып табылады. Бірақта, күміс спорацидті әсер көрсетпейді, ал оның вирулицидті активтілігі тек жоғары концентрацияда (0.5-10 мг/л) көрінеді. Сонымен қатар, күміс қымбат реагент болып саналады, ал оның ШРЕК-і суда 0,05 мг/л-ді құрайды. Залалсыздандырылған суды стандарт деңгейіне дейін жеткізу үлкен қиыншылықтар туғызады. Сондықтан күмісті залалсыздандыру және суды консервациялау үшін қолдану кіші көлемдегі автономды сумен қамтамасыздау жүйесімен шектеледі. Ішер суды залалсыздандырудың перспективті жолдарының бірі жоғары бактерицидті қасиеті бар, сондай ақ вирулицидті де, сонымен қатар паразитоцидті әсері бар йод препараттары болып табылады. Хлордан айырмашылығы, иод тезірек әсер етеді және судын оргаполеитикалық қасиеттерін нашарлатпайды. Оның антимикробты әсері 0,3-2,0мг/л мөлшерде 20-30 минут бойы көрінеді. Иод препараттары судың аз көлемін залалсыздандыру үшін қолданылады. Иодты мөлшерлеу күрделі аппаратураны талап етпейді және дала жағдайында колданылу мүмкін. Ішер суды залалсыздандырудың физикалық әдістеріне: ультракүлгін сәулесі, иондану сәулесі, ультрадыбыс, электрлік разрядтар, шермиялық өңдеу жатады. Бұл әдістер химиялықпен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтарға ие: залалсыздандырылған судың құрамы мен қасиеттерін өзгертпейді реагенттердің тасымалдануы мен сақталуын талап етпейді; токсикалық әсер қауіптілігін көрсетпейді, тез залалсыздандыруға ие. Ультракулгін сәулелену биологиялық әсерлесудің әртүрлі дәрежесі бар оптикалық спектірдің бөлімдеріне жіктеледі (УКС-А, УКС-В, УКС-С). Бактериядарға күштірек УКС-С-ның (200-280 мкм) қысқа толқынды бөлігі әсер етеді. БДҰ сарапшыларының мәліметтеріне сәйкес, бактерияларға әсерінің шыңын 265 мкм ұзындықтағы толқындар көрсетеді. Мұндай сәулелердің негізгі нысаны ДНҚ болып саналады. Бірінші басында УК сәулелердің көзі ретінде төменгі қысымдағы сынаптың кварц лампалары қолданылған. Олармен негізінде 1911 ж. Нева өзенінде суды стерилизациялау жүргізілді, бірақ та бұл лампалармен белсенді сәулелердің сәулеленуі үлкен емес. Кейін 1947 ж. коммунадық шаруашылық Академия бюазасында ауыз суды залалсыздандыру бойынша тәжірибелік қондырғы жасалды. Елдің алдыңғы қатарлы гигиенистері жоғары баға берді. Қазіргі уакытта бұл мақсат үшін, жоғары қысымды сынап-кварцтық лампалар (ЛРК-3, ГІРК-5, ПРК-7) жиірек қолданылады. Орал өте күшті және ірі су құбырларында қолданылады. Төмен қысымды лампалар кіші су құбырлары үшін ғана жарайды (500-700 м/тәулік). УКС-не сезімталдылығының дәрежесі бойынша микроорганизмдер келесі қатарда бөлінеді: вегетативті бактериялар, вирустар, бактериялық споралар, цисталар, қарапайымдылар. Бұл сезімталдық сәулелену дозасымен анықталады және мДж/см-пен өлшенеді. Суды толық залаласыздандыру үшін, 16 мДж/см-тан аз емес мөлшерімен қамтамасыз ету керек деп саналған. Суды залалсыздандыру нәтижелігі судың рН-ы мен температурасын байланысты емес, мөлшерден асу қауіптілігі жоқ, үнемділігі бойынша әдісті хлорлаумен салыстырайық. Сонымен бірге микробқа қарсы әсері толығымен өңделетін судың тазалық дәрежесіне (лайлылық, түстілік) микроорганизм түріне олардың, олардың мөлшеріне сәулелену дозасына байланысты. Сондықтан суды УК сәулеленумен залалсыздандыруды белгілі-бір жағдайлар болғанда ғана таңдап алады. Олардың ішінде негізгісі - судың төмен лайлылығы және түстілігі. Сонымен қатар, бактериоцитті әсерді 1 л суда 1000 ішек таяқшасы болғанда лауға болады. Бұл шектеулер ауыз суды залалсыздандыру үшін, УК-сәулеленуді кең көлемде қолдануға кедергі келтіреді. УК-сәулеленумен сәуле түсіру су беткейінің үстінде сондай-ақ оның ағын қабағында лампаларды орналастыру жолымен жүргізіледі. Сондықтан сәуле түсіру көздернің жүктелген және жүктелмеген түрлерін ажыратады.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ү.И.Кенесариев, Р.М.Балмахаева «Жалпы гигиена» Алматы 2010 ж. 2. Б.К.Торгаутов, М.Ш.Сералиева «Жалпы гигиена» Шымкент 2011 ж. 3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004ж. 4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. 5. Интернет желісі www.google.kz, www.yandex.kz сайтында.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.) |