АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ізденіс

Читайте также:
  1. ГЛОССАРИЙ 13 страница
  2. ГЛОССАРИЙ 14 страница
  3. ГЛОССАРИЙ 15 страница
  4. ГЛОССАРИЙ 17 страница
  5. ГЛОССАРИЙ 18 страница
  6. ГЛОССАРИЙ 19 страница
  7. ГЛОССАРИЙ 20 страница
  8. ГЛОССАРИЙ 3 страница
  9. ГЛОССАРИЙ 5 страница
  10. ГЛОССАРИЙ 7 страница
  11. ГЛОССАРИЙ 8 страница
  12. Діни мерекелер мен культтер

Ø «Іскерлік журналистика» пәнін оқу жүйесіне тұрақты түрде енгізу.

«Іскерлік журналистиканы» оқып жүрсіз бе деген сұраққа сұралғандардың 38,3%-ы экономикаға қатысты пән оқымағандарын айтады. 48%-ы 2-курста «Экономика» және «Іскерлік журналистика» пәнін оқығандар. Және тек 13,8%-ы ғана «өз бетінше ізденіп жүрмін деп айтқан.

Журналистика факультетінің студенттері 2-курста бір семестр бойы «Экономика» пәнін оқиды. Бұл қаржы әлемінің әліппесімен танысумен бірдей. Ал Қазақстанның нарығын, қаржы секторын, банктердің жағдайы мен жалпы экономикасындағы құбылыстарға сараптама жасай алатын журналист болу үшін бұл тіптен жеткіліксіз. «Экономика» пәні «Іскерлік журналистикамен» жалғасуы керек. 2-курстың 1-семестрінде осы пәнді оқыған студент экономикамен жалпы танысып шығады. Жоғарыда айтқан жеткіліксіздің факторын ескерсек, іскерлік журналистиканы таңдаған студент ары қарай осы салада ізденуге міндетті. Сондықтан дәл «Экономиканы» оқығаннан кейін 2-семестрде «Іскерлік журналистика» пәнін міндетті түрде жалғастыруы керек. Ол теория жүзінде осы кезде толыққаны базалық білім алып шығады. 2-курста оқытуға да себеп бар. 1-курсқа енді келген студент бұл уақытта журналистиканың әліппесімен танысып жатады. 3,4-курста белгілі бір бағытта дендеп жұмыс істеуі үшін, 2-курста танысу өте ыңғайлы. Арасына жыл салып оқыған кезде тым кеш болуы да мүмкін.

«Құқықтық журналистика», «Шетел журналистикасы» немесе «Журналист этикасы» тәрізді бұл да студенттері жиі таңдайтын пәндердің қатарында болуы керек. Айта кетейік респонденттердің 91%-ы сабақ кестелерінде «Іскерлік журналистика» пәнінің болғанын қолдайды. Ал 8%-на бұл пән ұнамайтын көрінеді. Аталған пәннен беретін мұғалім экономика факультетінің оқытушысы ғана емес, тәжірибесі бар, дәл осы салада қалам тербеп жүрген маман болуы да шарт. Себебі, экономиканы оқудан бөлек, белгілі бір тақырыпта оқырмандардың ойында қалатындай сауатты мақала жаза білу де керек. Қаржыгерлерден, банкирлерден сұхбат алудың, дағдарыс жағдайында халық арасында дүрбелең туғызбай материал жазудың да өзіндік шарттары бар. Саясат, әлеуметтік тақырыптарға барған сәтте де, экономикалық білім әрдайым қажет. Осы арада жағымсыз цифрларды келтіре кетейік. Сауалнамаға қатысқан студенттердің 50%-ы экономист-журналистерді атай алмады. Сұрақ тұсына «білмейміз» деген жауап жазған. 6%-ы «есімізге түсіре алмай тұрмыз» деп жауап береді. Ал экономист-журналистердің танымалдылығы жөнінен «Жас қазақ» газетінің журналисі Гүлзат Нұрмолдақызы екендігін айта кету керек. Екінші кезекте Ербол Азанбек тұр. Атап өту керек, Ербол Азанбек- Каспий банктің баспасөз-қызметкері. Студенттеріміз банк мамандарымен жиі-жиі кездесу өткізіп жүргендіктен оны да экономист-журналистердің қатарына жатқызған. «Экономист-журналистердің» қатарында: Нұртөре Жүсіп, Дуанабек Жолдасбай, Артур Платонов та бар.

Аталған жағдайды саралай отырып, аға буын мен жастардың арасында байланыстың мүлдеп нашар екендігін байқадық. Біз келесі ұсынысты алға тартамыз.

 

- Журналистер арасындағы платформа. Мотивация көзі. Қазақ тіліндегі экономикалық басылымдар аз. Демек экономика тақырыбында қалам тербейтін журналистер де саусақпен санарлықтай. Дегенмен, бұл аға буын өкілдері мен осы салада жазғысы келетін жастардың арасындағы байланыс орнауына кедергі болмауы қажет.

·.Шеберлік сыныптар өткізу. «Алаш айнасы», «Жас қазақ», «Экономика» т.б. газеттеріндегі журналистер журфак студенттерімен жиі-жиі кездесу ұйымдастырып тұруы қажет. Қаржыгер мамандармен оның ішінде бизнесте жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу ұйымдастыру.

· Қазір,дереккөздердің айтуынша бұл ұйымның жұмысы нашарлағандықтан, тарап кеткен.

«Bizmedia» кейін құрылған тағы бір ұйымды айта кетсек. Iskerclub немесе «Іскерлік журналистика» клубы. Ербол Азанбектің ұйымдастырылған клубтың құрамында 15 журналист бар. Олар медия құралдармен танысуды бастап, қаржы әлемі туралы банк мамандарынан сабақ алмақ. Бүгінде клубтың құрылғанына 3-ші ай, қарқынды түрде жұмыс істеуде. Мақсаты осы 15 студентті іскерлік журналистер ретінде дайындап, ақпарат айдынына шығару.

Виртуалды байланыс. Әлеуметтік желі беттеріндегі парақшалар.

· Қысқы және жазғы мектептер ұйымдастыру

 

2) Тәжірибе

Тәжірибе алаңына айналатын сайттар ашу, редакциялармен байланыс орнату. Студенттер жазған материалдардың жарық көріп отыруына жағдай жасау. (Мыс. Блогтұғырнамалар, сынақ алаңы болатын сайттар) Олардың үнемі талқыланып отыруы.

· Бәсекелестік тудыру. Экономика тақырыбындағы инновациялық жобаларды дүниеге әкелу, тың тақырыптарға құлаш сермеу. Студенттер үшін бірден-бір мотивация болатын байқаулар мен конкурстар. Әділ түрде, барлық ережеге сай өтетін экономика саласындағы дүниелердің байқауы. Болашақтағы карьералық өсуге кепіл болатын, бағалы сыйлықтар ұсынатын ықпалды демеушінің болуы. (3-4 курстар үшін газет-журналдармен, банктің баспасөз-орталықтарымен келісім-шартқа отыру,батыстық тәжірибе)

· ҚазҰУ-дың ішкі нарығын қалыптастыру. ҚазҰУ-дағы өзге де старт-ап компаниялармен келісімге келу.

- «Universal Start-UP»компаниясы. Басшысы – Қуанышбек Ерниязов. Алғаш рет 300 мың теңгеден бастаған. Жылдық айналымы -15 млн. ҚазҰУ-дағы ең табысты компания

- «Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымы. «Сала көшбасшысы -2014» номинациясының жеңімпазы. Бүгіндегі ең ірі жобасы ретінде жыл сайын өткізілетін «Ең үздік студенттік топ» байқауын айтуға болады. ҚазҰУ-дағы ең ірі инвесторлар(жоабалр қанш ақталды?).

- «Youth Travel». Студенттер арасында танымал турфирма. ҚазҰУ-дағы коммерциялық бағыттағы бірден-бір ұйым.

- Асықтың электронды түрдегі ойын нұсқасы. ҚазҰУ-дағы сәтті шыққан бизенс көзі боларлық инновациялық жобалардың бірі.

- Ұялы телефондарға арналған қосымшалар (приложениелер). Кез-келген ұялы телефоннан аударма-сөздіктер табуға болады. Дәл осы сипаттағы экономикалық терминдерге арналған қосымша. Банкке барғанда, басылым беттерін парақтағанда, жаңалықтар оқығанда қайсымыз болмасын экономикалық терминдерге кезігеміз. Олардың мәнін түсінбесек маманнынң немесе ғаламтордың көмегіне жүгінуге тура келеді. Осы арада смартфондарға қазақша экономикалық терминдердің жиыны (глоссарий) таптырмас құрал бола алады.

- Телевизиялық жоба. Журналистердің шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін бірден –бір процесс.

 

 

Қорытынды

Экономика әр мемлекеттің қалыптасуында негізгі рол атқаратын сектор. Экономикасы мықты дамыған елдің халықаралық аренадағы ролінің жоғары болатыны рас. Экономиканың дамуындағы негізгі атқарушы тетік адами фактор.

Бұл тезисті халық арасында кең насихаттау керек. Қазіргі кезде, халықтың экономикалық сауаттылығының төмен деңгейде екендігі рас. Дәл осы фактор қарапайым жұртшылықтың қаржы жағдайын реттеуде қиындық келтіреді. Сондықтан қаржылық сауаттандыру жүйесін қолға алу керек. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы миссияны орындауда маңызды рол атқарады.

Ал миссияның сәтті орындалуы үшін осы салада қалам тербеп, сараптама жасай алатын журналистердің тобы керек-ақ. Әзірге, мұндай журналистер саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан алдымен «қаламды жауынгерлердің» өзінің экономикалық білім деңгейін көтеру қажет. Ғылыми жоба осы мақсатты орындауды қолға алады.

 


1 | 2 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)